Қаржылық есептілікті талдау әдістемелері


ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
САУДА УНИВЕРСИТЕТІ
«Есеп және аудит» кафедрасы
қаржылық есеп 2
(пән атауы)
IAS 1 - Қаржылық есептілікті ұсыну
Жетекшінің
рұқсат беруі
Нұр-Сұлтан, 2020
Мазмұны
Кipicпe . . . 3
1 Қаржылық есептілікті талдаудың теориялық негіздері . . . 6
1. 1 Қаржылық есептілікті құрудың тұжырымдамалық негіздері және есептілік нысандары . . . 6
1. 2 Қаржылық есептілікті талдау әдістемелері . . . 10
1. 3 Шетел тәжірибесіндегі қаржылық есептілігін талдаудың ерекшеліктері . . . 14
2 IAS 1 - қаржылық сепетілікті ұсыну . . . 19
2. 1 ХҚЕС-ті Қазақстанда қолдану тәжірибесі . . . 19
2. 2 ХҚЕС (IAS) 1 стандарты бойынша жалпы ақпарат . . . 24
2. 3 IAS 1 ХҚЕС есептілікті жасаудың пәндік аспектілері . . . 26
2. 4 «IAS 1 Қаржылық есептілікті ұсыну» стандартына сәйкес қаржылық есептіліктің құрамдас бөліктері . . . 28
Қорытынды . . . 31
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 32
Кipicпe
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында былай деді: «Шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлу қажет. Бұл тамақ және химия өнеркәсібіндегі, машина жасаудағы, сондай-ақ, қызмет көрсетулер саласындағы жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді» [1] .
Жоғарыда елбасы айтып өткендей, кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болғандықтан, осы кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттыру, яғни пайдалылық көрсеткіштерін арттыру бүгінгі күні өзекті мәселе болып табылады.
Нарық тетігінің өміршеңдігі мен тиімділігі, экономиканың көп жылдық тәжірибесінде дәлелденгендей, экономика тепе-тендігінің қамтамасыз етілуіне, қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының тиімді пайдалануына, тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандырып, ғылыми техникалық прогрестің жетістіктеріне жауап бере алатындығына байланысты болып келеді. Бүгінгі таңда кәсіпорын дербес тауар өндіретін, экономикалық кеңістігі шектелмеген, бірақ өзгермелі экономикалық орта жағдайына бейімделе отырып, жұмысын қатесіз жасауға байланыстырылған шаруашылық етудің негізгі объектісі болып табылады.
Қазіргі экономикада кәсіпорындарды сұраныстарды қанағаттандыруға, нақты тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға және де кәсіпорынның дамуына табыс әкелетін және сұранысқа ие өнімдерді шығаруға бағдарлайды. Пайда пен рентабельділік көрсеткіштері кәсіпорынның шаруашылық және қаржылық қызметін бағалауға маңызды болып табылады. Олар іскерлік беделінің және қаржылық тиімділігінің деңгейін сипаттайды. Табысқа байланысты кәсіпорынға салынған активтердің пайдалылығының деңгейі анықталады.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қызметінің тиімділігі болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған барлық жолдауында ел экономикасын көтеру, соның ішінде кәсіпкерліктің белсенділігін арттыру қажеттілігін атап өтіп жүр.
Үкімет ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бәсеке қабілеттілігін қолдауға бағытталған нақты бағдарламалар қабылдауы қажет. Жеке меншік бизнесті қолдаудың және оның тауарлар мен қызметін әлемдік нарықтарға жылжытатын мамандандырылған құрылымдар болуы шарт, мұндай ұйымдардың әлемдік тәжірибесін зерделеп, оны еліміздің жағдайына бейімдеуіміз қажет. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.
Кәсіпорынның табыстылығын басқару, бағалау, объективті, ғылыми негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі экономикалық жағдайға көшу процесі казақстандық кәсіпорындардың шаруашылық ету жағдайына көптеген өзгерістер әкелді. Бұл біздің республикамыздағы болып жатқан белгілі бір процестермен байланысты, яғни кәсіпкерлікті дамыту, жекешелендіру және т. б. процестер. Қазақстанда кәсіпорындар үшін шаруашылық жүргізу жағдайы қазіргі экономикалық жағдайға өткеннен кейін үлкен өзгерістерге әкеле отырып, кәсіпкерлікті қалыптастыру, жекешелендіру, баға өзгерісі және кәсіпорынның сыртқы экономикалық байланыстары және т. б. республикадағы болып жатқан процестерге үйрену барысында кәсіпорындардың алдына белгілі бір талап қойды.
Қазіргі экономика жағдайында табыстың мәні өте кең. Кәсіпкерлік үшін табыс шаруашылық жүргізуші қызметінің маңызды көрсеткіштердің бірі, табыс - қай жерде құнның өскендігін көрсететін сигнал, сонымен қоса табыс осы ортаны инвестициялау үшін ынталандыруды қалыптастырады. Табысты жоспарлау - қаржылық жоспарлаудың бөлігі және кәсіпорындағы қаржылық-экономикалық жұмыстың маңызды бөлігі, сондықтан кәсіпорындағы табысты дұрыс есептеу мен жоспарлауға қаржы шаруашылық қызметтің табысы тәуелді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Зерттеу кезінде В. М. Радионова,
М. А. Федотова, А. И. Ковалев, Э. А. Маркаян, В. А. Андреев, И. М. Лоханина,
З. К. Золкина, О. В. Ефимова, В. Г. Артеменко, М. В. Белладир және тағы басқа Ресей ғалымдарының еңбектері пайдаланылды.
Қазақстанда мұндай тақырып Т. Тасмағанбетов, Б. Ж. Ермекбаева,
М. Ж. Арзаева, Қ. К. Кеулімжаев, З. Н. Әжібаева, Қ. Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев және тағы басқа ғалымдардың еңбегінен көрініс тапқан.
Жұмыстың теориялық базасы болып К. Ш. Дүйсенбаевтің, Э. Т. Төлегеновтың, Ж. Г. Жұмағалиеваның, В. В. Ковалевтің, А. Д. Шереметтің, Г. В. Савицкаяның еңбектері болып табылады.
Кəсіпорындардың тұрақты дамуының теориялық жəне тəжірибелік негіздерін, оның құрылымдық аспектілерін көптеген экономист-ғалымдар зерттеген: Э. Альтман, У. Бивер, Ю. Бригхем, Л. Гапенски, Дж. К. Хорн, Б. Калласс, И. А. Бланк, В. В. Ковалев, Д. С. Моляков, Е. С. Стоянова, А. Д. Шеремет жəне отандық экономист-ғалымдар: К. Ш. Дүйсенбаев, Ө. Қ. Есқараев, Э. Т. Төлегенов, Ж. Г. Жұмағалиева тағы басқалары.
Курстық жұмыстың мақсаты : IAS 1 - қаржылық сепетілікті ұсыну.
Зерттеу жұмысының мақсатына жету үшін келесідей міндеттерді орындау қажет:
Зерттеу пәні - қаржылық жағдайын талдауда қолданбалы бағдарламалар топтамасы.
Зерттеудің әдістемелік негізін танымның қазіргі әдістері, оның ішінде жалпы ғылыми да (диалектикалық, жүйелік-құрылымдық, институционалдық өлшеу, құрылымдық-функционалдық, әлеуметтік және т. б. ), арнайы да (тарихи, формальды) әдістер құрады. Сондай-ақ талдау мен синтездің, индукция мен дедукция, статистикалық және салыстырмалы-құқықтық әдістердің мүмкіндігіне сүйенді.
Зерттеудің нормативтік базасын Халықаралық-құқықтық актілер, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары, бухгалтерлік есептің қортындылары және бухгалтерлік стандарттар құрады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында өздік жүйелі талдау жүргізілді, ол негізгі ақпараттық көрсеткіштерді анықтап, кәсіпорынның табыстылығын жоспарлауын көрсетті. Кәсіпорынның табысын алу жүйелі талдау, оның табыс алуының ең маңызды жақтарын көрсете отырып, табысқа ең көп әсер еткен факторларды білу мүмкіндігі берілді.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қаржылық есептілікті талдаудың теориялық негіздері
1. 1 Қаржылық есептілікті құрудың тұжырымдамалық негіздері және есептілік нысандары
Нарықтық қатынастардың дамуының қиын кезеңінде бәсекелестік күрес, экономикалық ақпараттарды өңдеуді компьютеризациялау, салық жүйесіндегі үздіксіз өзгерістер т. б. факторлардың әсері күннен күнге жоғарылап келеді. Осындай жағдайда кәсіпорын басшылығының алдында кәсіпорынды алдыңғы кезеңде басқару және оның қызметінің тиімділігін арттыруда көптеген сұрақтар туындайды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдан бастап өзінің бухгалтерлік жүйесін әлемнің дамыған мемлекеттері қолданатын ҚЕХС-на сәйкес қалыптастыру жолында!
Қазақстан Республикасында қаржылық есепті ұсыну және дайындауды жақын болашақта шаруашылық етуші субъектілер ҚЕХС-ға сәйкес жүргізеді.
Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары (International Finansial Reporting Standards - IFRS немесе International Accounting Standards - IAS) немесе МСФО, қаржылық есеп берудің халықаралық деңгейде қабылданған формалары болып табылады. Жаңа стандарттар бойынша қаржылық есептілік кәсіпорынның қаржылық жағдайы, қызмет нәтижесі, қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Осы мақсатқа жету үшін қаржылық есептілік ұйымның келесі көрсеткіштері жайында ақпарат беруі тиіс:
− активтер;
− міндеттемелер;
− меншікті капитал;
− негізгі және негізгі емес қызметтен түсетін табыстар мен шығындар туралы есебі;
− ақша қаражаттары қозғалысы;
− меншікті капиталдағы өзгерістер.
Осы көрсетілген есептілікке сәйкес кәсіпорынның қаржылық жағдайына нақты талдау жасауға болады. Себебі Балабановтың пікірінше қаржылық талдау кәсіпорынның қаржылық шаруашылық үрдістері және оның қызметінің соңғы нәтижесі туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. 2 Соңғы үш жыл мерзімінде Қазақстан Республикасы толығымен ХҚЕС-ке көшу шараларын жүргізуде. ҚЕХС анықтайды:
− қаржылық есептің мақсатын;
− қаржылық есепті ұйымдастыру және ұсыну принциптерін;
− қаржылық есептің объектілерін;
− қаржылық есептің формасын және мазмұнын;
Қаржылық есеп беру-бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Кәсіпорынның, мекеменің қаржылық есеп беруі есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі.
Кәсіпорынның қаржылық есептілігі ұйымның қаржылық жағдайы туралы есепті тәуелсіз әрі нақты ұйымдастырылуы тиіс. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы ресурстардың қолда барын, орналастырылуын және пайдаланылуын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік. Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған құралдардың яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс құнын, ұтқыр айналым құралдардың, материалдық айналым құралдарының құнын, кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, қарыз қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қаржы есептiлiгi сондай-ақ ұйым басшылығына сенiп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерiн де көрсетедi. Қаржылық есептілік тұтынушылар үшін тиімді болуы керек және ол компанияның өткен кезеңдегі жеке қаржылық есебінің, сонымен қатар өзге компаниялардың қаржылық есептілігімен сәйкестендіруде қолжетімді болуы керек.
Қаржылық есептіліктің айқындылығы келесі қағидаларды қажет етеді:
− ХҚЕС-ке сәйкес крийтерилер бойынша операциялар мен өзге құбылыстардың нақты мінездемесі болу керек;
− есептік саясатты таңдай және қолдану ХҚЕС 8 «Есептік саясат, есептік бағалаулардағы өзгерістер және қателер» сәйкес жүргізілу керек;
− есептік саясатты қоса алғанда ақпаратпен қамтамасыз ету нақты әрі түсінікті болу керек;
− егер ХҚЕС мағынасын аша алмаған баптар болса, қосымша ақпарат беру.
Ақпарат нақты әрі түсінікті болады, егер есеп беру толығымен халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес келсе.
Бұл есеп формаларымен бірге қаржылық есепке түсіндірме хат тіркеледі. Сонымен бiрге, iшкi қаржылық талдау өндiрiстiң техникалық, технологиялық ақпараттарын; бастапқы және аналитикалық бухгалтерлiк есеп мәлiметтерiн пайдалана алады.
Қаржылық есеп берудiң мақсаты - ақпаратты пайдаланушыларды заңды тұлғаның қаржылық жағдайы, оның қызмет нәтижесi мен есептi кезең аралығында қаржылық жағдайында болған өзгерiстер туралы пайдалы, мәндi, әрi шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қаржылық есеп ақпаратты пайдаланушыларды инвестициялық және несие беру шешiмдерiн қабылдауға қажеттi ақпаратпен қамтамасыз еткенiмен, экономикалық шешiмдер қабылдау үшiн қажеттi барлық ақпаратпен қамтамасыз ете алмайды. Себебi коммерциялық құпиялылықты сақтау туралы заң сыртқы пайдаланушылар алуы тиiс қаржылық ақпарат көлемiн шектейдi.
Кәсіпорынның қаржылық есебін пайдаланушылар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Сыртқы пайдаланушылар:
− акционерлер;
− кредиторлар;
− инвесторлар;
− тұтынушылар;
− өндірушілер;
− серіктестер;
− мемлекеттік салық органы.
Ішкі пайдаланушылар:
− кәсіпорын басшылығы;
− әкімшілік басқару персоналы және ведомстволық бөлімше қызметкерлері.
Осыған орай ақпаратты пайдаланушылар қаржылық есептi негiзгi ақпарат көзi ретiнде қабылдауы тиiс. Ендi осы есеп түрлерiне тоқталсақ:
Бухгалтерлiк баланс кәсiпорынның қаржылық жағдайын жыл басы мен жыл соңына бейнелейдi. Ол субъектiнiң мүлiктiк жағдайын көрсетедi, оның мәлiметтерiн iшкi және сыртқы ақпаратты пайдаланушылар қолданады.
Баланс мәлiметтерi негiзiнде сыртқы пайдаланушылар осы кәсiпорынмен серiктес болу не болмауды негiздейдi, өз салымдарының тәуекелiн анықтайды, субъектiнiң құнды қағаздарын сатып алу не алмау туралы шешiмдер қабылдайды, т. б. Осы себептi кейде қаржылық талдауды балансты талдау деп те атайды.
Баланс міндетті түрде кем дегенде мыналарды көрсететiн жекелеген баптарды қамтуға тиiс:
-жеке меншік, үйлер мен жабдықтар;
-инвестициялық жылжымайтын мүлік;
-материалдық емес активтер;
-қаржы активтері;
-қатысу әдiсi бойынша ескерiлген инвестициялар;
-биологиялық активтер;
-босалқылар;
-сауда және басқа дебиторлық берешек;
-ақша қаражаттар және ақша қаражаттарының эквиваленттері;
- 5 (IFRS) Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет ХҚЕС-ына сәйкес сатуға арналған деп жүйеленген барлық активтер және сатуға арналған деп жүйеленген қолданылмайтын топтағы активтерді қоса;
- сауда және басқа төлемдер;
-азық-түлік тауарлары;
-қаржы міндеттемелері ((j) және (k) тармақтарында көрсетілген сомаларды қоспағанда) ;
- 12 Пайдаға салынатын салықтар (IAS) ХҚЕС-ында белгілендей ағымдағы салық бойынша мiндеттемелер мен активтер;
- 12 (IAS) ХҚЕС-ында белгіленгендей, кейінге қалдырылған салық міндеттемелері мен кейінге қалдырылған салық активтері;
- 5 (IAS) ХҚЕС-ына сәйкес сатуға арналған деп жүйеленген қолданылмайтын топтағы активтерде көрсетілген міндеттемелер;
- үлес ішінде ұсынылған, бақыланбайтын пайыздар, және
- бас ұйымның иелеріне тән шығарылған капитал және резервтер.
Баланстың өзiнде, немесе ескертулерде ұсынылуға тиiстi ақпарат Ұйым баланста немесе оған ескертулерде ұйымның операцияларына сәйкес келетіндей етіп сыныпталып ұсынылған желiлiк баптардың әрқайсысының бұдан кейінгі шағын топтарын ашып көрсетуге міндетті. Ішкi топтарды бөлшектеу деңгейі Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына және тиісті сомалардың мөлшерiне, сипатына және мақсатына байланысты болады. Ішкі топтарға бөлудің тиісті негізі туралы шешім қабылдаған кезде 72-тармақта келтірілген факторлар да ескеріледі. Әрбiр бап үшiн ашып көрсетулер бір-бірінен өзгеше болады, мысалы:
- жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектілері 16 (IAS) ХҚЕС-ына сәйкес топтарға бөлінеді;
- дебиторлық берешек сатып алушылар мен тапсырысшылардың берешегiне, байланысты тараптардың берешегiне, алдын-ала төлемдерге және басқа сомаларға бөлiнедi;
- босалқылар 2 Босалқылар (IAS) ХҚЕС-ына сәйкес тауарлар, өндiрiстiк жеткiзулер, материалдар, аяқталмаған өндiрiс және дайын өнiм сияқты iшкi топтарға бөлiнедi;
- бағалау мiндеттемелерi қызметкерлерге сыйақы төлеуге шығындар бойынша бағалау мiндеттемелерiне бөлiнедi; және
- меншiктi капитал мен резервтер төленген капитал, эмиссиялық кiрiс және резервтер сияқты әртүрлi топтарға бөлiнедi.
Кәсiпорынның қаржылық жағдайына жүргiзiлген талдау - кәсiпорын басшылығы осы уақыт аралығында қаржы ресурстарын қаншалықты ұтымды басқарған деген сұраққа жауап беруi тиiс. Осыған орай КҚЖ талдаудың негiзгi мақсаты (міндеттері) келесiлер:
− кәсiпорынның қаржылық жағдайына уақытында әрi объективтi баға беру, оның әлсiз жақтарын анықтау және оның пайда болу себептерiн оқу;
− активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестілікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
− айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
− қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
− кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
− ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
− баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
− кәсіпорын табыстылығын бағалау;
− кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
− кәсiпорынның қаржылық жағдайын, оның төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығын жоғарылату резервтерiн iздестiру;
− қаржы ресурстарын неғұрлым тиiмдi пайдалану мен кәсiпорынның қаржылық жағдайын нығайтуға бағытталған шаралар жүйесiн дайындау;
− қаржы ресурстарын түрлiше пайдалану нұсқаларындағы қаржылық нәтиже мен қаржылық жағдайдың үлгiлерiн жобалау;
кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Жоғарыдағы мiндеттерге қол жеткiзу үшiн кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау келесiдей кезектiлiкте жүргiзiлуi тиiс:
− кәсiпорынның мүлiктiк жағдайы мен капитал құрылымын талдау;
− капиталды пайдалану тиiмдiлiгi мен интенсивтiлiгiн талдау;
− кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгiн талдау;
− кәсiпорынның несие қабiлеттiлiгi мен банкроттылығының ықтималдылығын талдау;
− кәсiпорынның қаржылық жағдайын сауықтыру бағыттарын жобалау
Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады. Қаржылық талдаудың нәтижелігі негізінен оның ақпараттық базасының жағдайы мен ұйымдастырылуынан тәуелді. Бұл ақпарат, қаржы есептiлiгiне ескертпелерге басқа ақпаратпен қатар, пайдаланушыларға ұйымның ақша қаражаттарының болашақтағы қозғалысын және, атап айтқанда, олардың уақытқа бөлінуі айқындығына болжам жасауға көмектеседi. Ковалевтің пікірінше қаржылық талдау қаржылық сипаттағы ақпараттарды қолдану мен жинақталуы, таралуының әдіс тәсілдері немесе жолы деп түсіндіреді. К. Ш Дюсембаевтың ойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың әдістері деп оның пәні яғни шаруашылық етуші субъектінің шаруашылық қызметін зерттейтін тәсілдер мен жолдардың байланысы деп түсіндіріледі.
1. 2 Қаржылық есептілікті талдау әдістемелері
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: акционерлерді, қалың жұршылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюлетендерге, арнайы анықтамаларды басылып шығарылатын қаржылық есеп беру. Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендтік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.
Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz