Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Білім және Ғылым министрлігі
Еуразия Гуманитарлық Институты

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары

Орындаған: Шахан Гурвет
ЮҚ19-01
Жоспар

1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасының түрлері
3. Қорытынды

Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын есi дұрыс емес күйде ҚР ҚК-ның 91-баптарында көзделген іс-әрекеттердi жасаған; қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн психикасы жаза тағайындау немесе оны орындау мүмкiн болмайтындай бұзылған; қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетiн; қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емделуге мұқтаж деп танылған; кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған он сегіз жастан асқан адамдарға тағайындауы мүмкiн.
ҚР ҚК 92-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының бұзылуы бұл адамдардың өзге елеулi зиян келтiру мүмкiндiгiне не өзiне немесе басқа адамдарға қауiп төндiруiне байланысты жағдайларда ғана тағайындалады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындау тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалады.
ҚР ҚК 92-бабының бiрiншi бөлiгiнің 1) - 4) тармақтарында көрсетілген және өзiнiң психикалық жай-күйі бойынша қауiп төндірмейтін адамдарға қатысты сот осы адамдарды емдеу немесе оларды психоневрологиялық ұйымдарға жiберу туралы мәселенi Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртiппен шешу үшiн денсаулық сақтау органдарына қажеттi материалдар жiбере алады.

ҚР ҚК 91-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдарды емдеу немесе олардың психикалық жай-күйін жақсарту, сондай-ақ олардың жаңа іс-әрекеттердi жасауының алдын алу медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың мақсаттары болып табылады.

Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мынадай түрлерiн:
1. амбулаториялық мәжбүрлеп байқауды және психиатрда емдеуді;
2. жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді;
3. мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді;
4. интенсивтi байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді;
5. химиялық кастрациялау түрінде мәжбүрлеп емдеуді тағайындауы мүмкiн.
Есi дұрыс күйiнде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшiн сотталған, бiрақ есiнің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емдеудi қажет ететiн адамдарға сот жазамен бiрге амбулаториялық мәжбүрлеп байқау және психиатрда емдеу түрiнде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн.
Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасаған адамдарға сот жаза мерзімін өтегеніне қарай бостандығынан айыру орындарынан босату кезінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау, ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы мәселені шешеді.
Егер адам өзiнiң психикалық жай-күйi бойынша психиатриялық стационарға орналастыруды қажет етпесе,ҚР ҚК 91-бабында көзделген негiздер болған кезде амбулаториялық мәжбүрлеп байқау және психиатрда емдеу тағайындалуы мүмкiн.
Егер адамның психикасының бұзылу сипаты тек психиатриялық стационарда ғана жүзеге асырыла алатын емдеудiң, күтудiң, ұстаудың және байқаудың осындай шарттарын талап ететiн болса, ҚР ҚК 91-бабында көзделген негiздер болған кезде психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу тағайындалуы мүмкiн.
Жалпы үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзiнiң психикалық жай-күйi мен жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекетiнiң сипаты бойынша стационарлық емдеу мен байқауды қажет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамның құқық өмірі саласында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мүмкіндіктеріне кешенді талдау
Медициналық мәжбүрлеу шараларының түрлері
Қылмыстық құқықтағы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері бойынша өзекті мәселелер
Жаза қылмыстық құқықта қылмыс сияқты әлеуметтік - құқықтық құбылыс
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары түсінігі
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары туралы
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
Есі дұрыс, психикасы бұзылғын тұлғаның қылмыс жасауын
Есі дұрыс тұлғаның психикасының бұзылу жағдайы
Пәндер