Дебиторлық қарыздың жағдайын талдау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Дебиторлық қарыздарды талдау және басқару
Мазмұны

Кіріспе ... ... ..
1 Дебиторлық қарызды басқарудың теориялық негіздері
1.1. Дебиторлық қарыз туралы түсінік және оның түрлері
1.2. Кәсіпорын қызметіндегі дебиторлық қарыздың рөлі мен мәні
1.3. Дебиторлық қарыздарды талдау әдістері
2 Дебиторлық қарызды талдау
2.1 Дебиторлық қарыздың құрылымы мен кұрамын талдау
2.2. Дебиторлық қарыздың жағдайын талдау
2.3. Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың ара қатынасын талдау
Қорытынды ... ... ..
Қолданылатын әдебиеттер ... ... ..

Кіріспе

Дебиторлық қарыз - кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) шаруашылық қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде басқа бір заңды немесе жеке тұлғаның берешек болған борышы. Бұл бір кәсіпорынның айналымдағы қаржысын екінші бір ұйым немесе жеке адамның пайдаланғандығын көрсетеді. Дебиторлық қарыз - кейде қаржы тәртібін бұзудан, қаржыны талан-таражға түсіруден, күрделі құрылысқа байланысты қарыздардан т.б. құралады. Дебиторлық қарыздардың өсуі кәсіпорынның қаржы жағдайын ауырлатады. Осыған байланысты экономикада қоданылып жүрген есеп айырысу - несие қатынастарының тәртібі. Дебиторлық қарыздың өсіп кетпеуін қадағалап отырады. Дебиторлық қарыз дер кезінде өндіріліп алынуға тиіс. Егер өндіру мерзімі өтіп кетіп, дебиторлық қарыз шығыстан шығарылған жағдайда, бұл мерзімді өткізіп алған адамдар тиісінше жауапқа тартылады.
Дебиторлық қарызды талдау қарыздарды басқару әдісінің бірі ретінде төлем қабілеттілік пен ұйымның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. Бұл көрсеткіштер баланс өтімділігі көрсеткіштерімен тығыз байланысты.
Көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар тауарлар мен қызметтерді сатып алу, пайдалану барысында сол мезетте қолма-қол ақшамен есептеспейді. Яғни тауарлар мен қызметтерді қарызға алады. Сол кезде тауарлар мен қызметтерді сатқан кәсіпорындар мен ұйымдар алынуға тиісті шарттар, яғни дебиторлық борыштар шотын ашады. Бұл өте қызықты бөлім. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға қарыз борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Жалпы дебиторлық қарыз - дегеніміз, бұл иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Кәсіпкерлік қызметті іске асыра отырып, мүліктік айналымға қатысушылар шаруашылық операциялар көмегімен салған қаржыларын қайтарып алумен қатар, пайда түсіреміз деп үміттенеді. Бірақ шынайы өмір тәжірибесі, әсіресе нарықтық қатынастар жағдайында әрдайым кәсіпорын өзінің контрагенттерінен қарызын қайтарып алуга әрекет жасауы қажет. Дебиторлық қарыз айлап, жылдап шешілмей қалуы мүмкін мәселе. Дебиторлық қарыздың өсуі кәсіпорынның қаржы жағдайын нашарлатады, ал кейбір жағдайда банкроттыққа әкеледі. Бұл жағдай дебиторлық немесе кредиторлық қарызды басқару жүйесінің болмауы нәтижесінен туындайды.
Айналым құралдарының бір бөлігі бола отырып, дәлірек айтқанда айналым қорларының бөлігі ретінде дебиторлық қарыз, әсіресе белгісіз болып тұрып қалған қарыздар айналымды қысқартып, кәсіпорын пайдасын төмендетеді.
Сондықтан бүгінгі күндері шаруашылық субъектілердің қаржы жағдайын жақсартуға ықпал ететін жағдайлар мыналар болып табылады :
1. Бухгалтерлік есептің халықаралық стандартқа өтуіне байланысты дебиторлық қарызды есептеуді дұрыс ұйымдастыру.
2. Дебиторлық қарыздардың өсуі және аяқталмайтын "тәуелді" қарыздардың резервтері анықтауға бағытталған және оның өсуін төмендету факторларының шығуына бағытталған дебиторлық қарыздың сараптамасы.
Ал жалпы дебиторлық қарыздың өзіне тоқталып кететін болсақ:
жеке немесе заңды тұлғалармен өзара шаруашылық қатынастардың нәтижесінде олардан кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) тиесілі борыштардың сомасы. Дебиторлық қарызда тұрған қаражат кәсіпорынның шаруашылық айналымына қатыспайды‚ сондықтан айтарлықтай сомада қарыздың болуы оның қаржы жағдайына салқынын тигізеді‚ оны өндіріп алу мерзімін қысқарту шараларын қолдану қажет. Дебиторлық қарыздың уақтылы өндіріп алынуы кәсіпорынның қаржы жағдайын жақсартудың аса маңызды құралдарының бірі. Түрлері: қалыпты (заңды) дебиторлық қарыз - шартта белгіленген мерзімде кредитордың (сатып алушының) айналымынан қаражат алу; мерзімі өткен дебиторлық берешек - шартта белгіленген мерзімнен тыс төлем тәртібін бұзу жолымен айналым қаражатын алу; үмітсіз (неғайбыл) дебиторлық қарыз - соттың өндіріп алудан бас тартуы немесе борышқордың төлем төлеуге қабілетсіздігі мүмкін емес деп танылған борыш. Үмітсіз дебиторлық қарыз жағдайында қарыз сомасы мен құжаттар бақылау үшін теңгерімде 3 жыл бойына (қуыну талабының ескіруі) және теңгерімнен тысқары шотта 5 жыл бойына есепке алынуға тиіс. Қуыну мерзімі өткеннен кейін дебиторлық қарыз залалға жатқызылады;
2) несиеге тауар, материал жеткізуге, қызметтер көрсетуге немесе бөліп-бөліп төлеуге байланысты алынуға тиесілі шоттар. Кең таралған түрлері: сатып алушылар мен тапсырыскерлердің өздеріне босатылған тауарлар, материалдар, көрсетілген қызметтер үшін қарызы; орындалған, бірақ ақысы уақытылы төленбеген жұмыстар үшін берешек; ұйым өз қызметкерлеріне берген несиенің осы мақсаттар үшін алынған несиеден асып түсуі. Дебиторлық қарыз ұйымның айналысынан қаражатты алаңдатады, оның қаржы жағдайын нашарлатады. Оны уақтылы өндіріп алу - ұйым бухгалтериясының аса маңызды міндеті. Талап ету мерзімі өткеннен кейін дебиторлық қарыз залалға жатқызылып, есептен шығарылуға тиіс.
Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша қарыздар (дебиторлық қарыздар) иелік ету хұқығымен қоса, заңды хұқығымен байланысты актив болып саналады.
Ұйымның қаржы жағдайын сыйпаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық қарыздардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық қарыздардың есептелген уақыты мен өтелу уақытынның арасындағы мерзім кұндерінің саны. Ұйымның дебиторлық қарызы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық қарыздар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнына баға жеңілдіктерін (скидки) және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір жылдам астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық қарыздар Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар болып есептеледі. Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытаның арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдырдың бұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін (скидки)

пайдалану ұйымның күмәнді борыштарының сомасын қысқартуға үлкен әсер
етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері (скидки) терминімен (сөзімен) бірге сауда жеңілдігі термині (сөзі) қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін тауарларды сатудағы жарнама ретінде пайдаланады. Ұйымдардың сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдікьерін (скидки) пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.

Курстық жұмыстың мақсаты -дебиторлық қарызды басқару қажеттілігін анықтау.
Қойылған мақсатқа сәйкес курстық жұмысқа мына міндеттері қойылды:
- дебиторлық қарыздың кәсіпорын қызметіндегі рөлі;
- дебиторлық қарыздың жіктелуін, түрлерін анықтау;
-·дебиторлық қарызының талдау әдістерін зерттеу;

Қурстық жұмыс жалпы екі бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімінде: дебиторлық берешекті басқарудың теориялық негіздері қарастырылған, жалпы түсінігі мен түрлері, кәсіпорын қызметіндегі дебиторлық қарыздың рөлі мен мәні және де басқару әдістері қарастырылған.
Екінші бөлімде: дебиторлық қарыздың құрылымы мен құрамын талдау, жалпы жағдайын талдау, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың ара қатынасын талдау негідері қарастырылған.

Дебиторлық қарызды басқарудың теориялық негіздері

1.1 Дебиторлық берешек туралы түсінік және оның түрлері

Дебиторлық берешек - сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің шаруашылық жүргізуші субъект алдындағы өткізілген тауар (жұмыс, көрсетілген қызмет) үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері.
Дебиторлық берешек - жеке немесе заңды тұлғалармен өзара шаруашылық қатынастардың нәтижесінде олардан кәсіпорынға (ұйымға‚ мекемеге) тиесілі борыштардың сомасы. Дебиторлық берешекте тұрған қаражат кәсіпорынның шаруашылық айналымына қатыспайды‚ сондықтан айтарлықтай сомада берешектің болуы оның қаржы жағдайына салқынын тигізеді‚ оны өндіріп алу мерзімін қысқарту шараларын қолдану қажет. Дебиторлық берешектің уақтылы өндіріп алынуы кәсіпорынның қаржы жағдайын жақсартудың аса маңызды құралдарының бірі. Түрлері: қалыпты (заңды) дебиторлық берешек - шартта белгіленген мерзімде кредитордың (сатып алушының) айналымынан қаражат алу; мерзімі өткен дебиторлық берешек - шартта белгіленген мерзімнен тыс төлем тәртібін бұзу жолымен айналым қаражатын алу; үмітсіз (неғайбыл) дебиторлық берешек - соттың өндіріп алудан бас тартуы немесе борышқордың төлем төлеуге қабілетсіздігі мүмкін емес деп танылған борыш. Үмітсіз дебиторлық берешек жағдайында берешек сомасы мен құжаттар бақылау үшін теңгерімде 3 жыл бойына (қуыну талабының ескіруі) және теңгерімнен тысқары шотта 5 жыл бойына есепке алынуға тиіс. Қуыну мерзімі өткеннен кейін дебиторлық берешек залалға жатқызылады; несиеге тауар, материал жеткізуге, қызметтер көрсетуге немесе бөліп-бөліп төлеуге байланысты алынуға тиесілі шоттар. Кең таралған түрлері: сатып алушылар мен тапсырыскерлердің өздеріне босатылған тауарлар, материалдар, көрсетілген қызметтер үшін берешегі; орындалған, бірақ ақысы уақытылы төленбеген жұмыстар үшін берешек; ұйым өз қызметкерлеріне берген несиенің осы мақсаттар үшін алынған несиеден асып түсуі. Дебиторлық берешек ұйымның айналысынан қаражатты алаңдатады, оның қаржы жағдайын нашарлатады. Оны уақтылы өндіріп алу - ұйым бухгалтериясының аса маңызды міндеті. Талап ету мерзімі өткеннен кейін дебиторлық берешек залалға жатқызылып, есептен шығарылуға тиіс.
Дебиторлық берешек - сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Саудалық дебиторлық берешек - негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.
Саудалық емес дебиторлық берешек - іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (мыс: қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер мен % - р және т.б) пайда болады. Дебиторлық берешек 3 топқа бөлінеді:
1) алынуға тиісті шоттар;
2) алынған вексельдер;
3) басқалар.
Алынуға тиісті шоттарға : ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке, субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек - талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек болып бөленеді. Дебиторлық берешек саудалық шот фактурамен расталады. Алынған вексельдер бабы ресми борыштық міндеттемелермен расталады. Дебиторлық берешек пайда болатын сипатына қарай қалыпты және аяқталмайтын болып бөлінеді. Субъектінің өндірістік шаруашылық іс-әрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айрысудың қолданыста жүрген нысандары мен пайда болатыны қалыптыға жатады. Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек аяқталмайтын болып саналады. Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшілктер, тауарлық-материадық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.
Дебиторлық берешек - кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) шаруашылық қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде басқа бір заңды немесе жеке тұлғаның берешек болған борышы. Бұл бір кәсіпорынның айналымдағы қаржысын екінші бір ұйым немесе жеке адамның пайдаланғандығын көрсетеді. Дебиторлық берешек - кейде қаржы тәртібін бұзудан, қаржыны талан-таражға түсіруден, күрделі құрылысқа байланысты қарыздардан т.б. құралады. Дебиторлық берешектердің өсуі кәсіпорынның қаржы жағдайын ауырлатады. Осыған байланысты экономикада қоданылып жүрген есеп айырысу - несие қатынастарының тәртібі. Дебиторлық берешектің өсіп кетпеуін қадағалап отырады. Дебиторлық берешек дер кезінде өндіріліп алынуға тиіс. Егер өндіру мерзімі өтіп кетіп, дебиторлық берешек шығыстан шығарылған жағдайда, бұл мерзімді өткізіп алған адамдар тиісінше жауапқа тартылады.
Дебиторлық борыштар қаржылық активтер түсінігінің ішіне кіреді және жекелеген мәселелері №39 Қаржылық құралдар: тану мен бағалау ҚЕХС регламенттеледі, бұл жерде дебиторлық борышты тану мен бағалау критерилері құрылады. Осы стандарт бойынша қаржылық актив бастапқыда нақты шығындар бойынша анықталады, яғни берілген құралдың тең әділ құнымен бағаланады (66 тармақ). Дебиторлық борыш өнім өткізуде, қызмет көрсеткенде немесе жұмыс орындағанда пайда болады және сатып алушылардан алынатын ақшалай қаражат өлшемінде көрсетіледі. Дебиторлық борыш баланста күмәнді талаптар бойынша құрылған резервтерді шегеру арқылы көрсетіледі.
Ақша құралдары және оның эквиваленттерінен басқа қысқы мерзімді өтімді активтерінің маңызды түрлерінің бірі дебиторлық борыш (алынуға тиісті шоттар) және алынған вексельдер болып табылады. Олар тауарды несиеге сатқанда пайда болады. Алынуға тиісті шоттар осы кәсіпорынның басқа компанияның ақша құралдарына, тауарлары мен қызметтеріне және өзге де ақшалай емес активтеріне қойылатын талабы болып табылады. Басқа заңды және жеке тұлғалардың кәсіпорынға қарызы дебиторлық борыш болып табылады. Дебиторлық борыш шот-фактурамен немесе ресми қарыздық міндеттемемен расталады (вексельдер).
Дебиторлық борыштар төлеу мерзіміне сәйкес немесе борышты өтеу мерзіміне қарай келесі түрлерге бөлінеді:
ұзақ мерзімді;
қысқа мерзімді (ағымдағы);
Қысқа мерзімді қарыздар- ұйымның бір жылға дейінгі қарызы, ал бір жылдан жоғары- ұзақ мерзімді қарыздар болып саналады.
Дебиторлық борышты қалыпты өтеу мерзімі 5-90 күн болып табылады, бұл мерзімнен асып кесте дебиторлық борыштың өтелу мерзімі өтіп кеткен болып саналады.
Қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес, дебиторлық борыш тек өзімен байланысты кіріспен бірге танылады. Бұл кезде дебиторлық борыш бастапқы құны бойынша бағаланады, дебиторлық борыш сомасы күмәнді талаптар сомасына, ақша женілдіктеріне, сату женілдіктерінің сомасына және қайтарылған тауарлар сомасына шегеріледі. Нәтижесінде дебиторлық борыштың таза құны анықталады.

Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек ақталмайтын болып саналады. Ол есеп жэне қаржы тәртібін бұрмалаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшіліктер, тауарлық-материалдық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.
Қазақстан Республикасындағы барлық шаруашылық субъектілеріндегі табысты есептеу тәсілімен айқындайтышдықтан, күдікті борыштар бойынша резерв құру қажеттілігі туады. Олар тәуекел қоры болып табылады, сол немесе басқа борыштың өтелмей қалуынан сақтандырады. Бухгалтерлік баланста дебиторлық берешек күмәнді борыштар бойынша резервті есептеп шығару үшін көрсетіледі.

1.2. Кәсіпорын қызметіндегі дебиторлық қарыздың рөлі мен мәні

Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің Қазақстан 2030 даму Стратегиясында көрсетілгендей, дамудың соңғы мақсаты біздің еліміз үшін экономикалық өсу болып табылады, себебі экономикалық өсудің шарты бүгінгі мен ертеңгі кунде және соңғы отыз жылдың ішіндегі ең маңыздысы.
Нарықтық қатыныстарды қалыптастыру кезінде экономикалық ақпаратты дер кезінде бермесе шаруашылық субъектілердің экономикалық механизмін басқару мүмкін емес, оның негізгі бөлігін нақты қарастырылған бухгалтерлік есеп пен қаржылық шаруашылық әрекеттің талдауы береді. Бухгалтерлік есеп және қаржылық шаруашылық әрекеттің талдау мәліметтері шаруашылық субъектінің жұмысын жедел жүргізу үшін және олардың бөлімдеріне ағымдық жоспар мен экономикалық болжамдар жасау үшін, сонымен қатар, елдің экономикалық дамуының заңдылықтарын зерттеу мен оқу үшін қолданылады.
Қазақстан Республикасында соңғы 5-6 жылдар аралығында бухгалтерлік есепке алудың жетілдіруі мен болашақ дамуы, нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау мен өңдеу, нарықтық экономикаға лайықты болатыыыыын жаңа жүйеге алмасуын тездету бойынша улкен жұмыс жүргізіліп жатыр, 2001 жылдың 1 қаңтарында іске асырылған салық алудың жаңа заңы өңделген болатын. Ауыспалы кезеңде өндірістің апаттық төмендеуі, Қазақстан халық шаруашылығының кейбір салаларының тоқталуы - жұмыссыздық пен ақшаның құнсыздануының өсуін, сонымен қатар, ең бастысы, ол шаруашылық субъектілері арасындығы нарықтық қатынастардың тұрақсыздығын, олардың қаржылық күйлерінің нашарлауына әкеледі.
Қазіргі уақытта, шаруа адамдардың арасындағы өзекті мәселенің бірі жалпы шаруашылық субъектінің жұмысын үйлестіру рөлін атқаратын, есептеу-төлемдік операциялармен тікелей байланысты болатын сұрақ - бұл дебиторлық қарыз.
Дебиторлық қарыз шаруашылық субъектілер қорларының маңызды бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, кез келген кәсіпорын балансының қазіргі қазақстандық құрылымы бойынша ол бірінші және екінші бөлімдерінде бола алады.
Кәсіпкерлік қызметті атқара отырып, мүліктік айналымның қатысушылары келесі болжам жасайды, олар шаруашылық операцияларды іске асыру кезінде шығындарын қайтарып алғанымен бірге, табысқа ие бола алатындарын болжамдайды. Бірақ тәжірибе жүзінде, әсіресе нарықтық қатынастарға ауысумен бірге өндірістің төмендеуінен тұрақты турде келесі жағдайлар туындай береді: онда белгілі бір себептерге байланысты кәсіпорын контагенттерден қарыздарын ала алмайды. Дебиторлық қарыз көптеген айларға, кейбір жағдайларда жылдарға да созылады. Дебиторлық қарыздың өсуі кәсіпорындардың қаржылық жағдайын нашарлатып, кейде банкроттыққа ұшыратады. Айналым құралдарының бір бөлігі болып, нақты айтқанда қатынастық қорлардың бөлігі бола отырып, дебиторлық қарыз, әсіресе ақталмаған түрі, төленбей тұрып қалған түрі, айналым құралдарының айналымдығын қысқартады, яғни кәсіпорынның табысын азайтады.
Сондықтан қазіргі таңда, шаруашылық субъектілердің қаржылық күйін жақсарту мақсатындағы маңызды мәселелерді шешу басты мәселе болып табылады, оларға біз төменде көрсетілген мәселерді жатқызамыз:
Бухгалтерлік есепке алудың жаңа жүйесінде және есептеулердің жаңа жоспарына алмасуға, сонымен қатар шаруашылықтың әкімшілік-басқарушылық жүйесінің құлдырауынан кейін барлық шаруашылық қатынастардың жойылуына байланысты дебиторлық қарыздың дұрыс есептерін ұйымдастыру.
Дебиторлық қарыздың талдануы, ол тұрып қалған , ақталмаған қарызды жоюға және оның өсуін азайтуға бағытталған қорларды анықтауға және дебиторлық қарыздың өсуіне әсер ететін факторларды табуға бағытталған болу қажет.

1.3. Дебиторлық қарызды талдау әдістері

Барлық фирмалар тауарды қолма-қол төлем қабылдау арқылы сатуға ұмтылады, алайда бәсекелестік талаптары төлемдердің мерзімін ұзартуға келісім беруге мәжбүрлейді, осының нәтижәсінде дебиторлық қарыз пайда болады. Дебиторлық қарыз - бұл фирмадан қандай да бір өнімдерді немесе қызметтерді несиеге алатын сатып алушылардың фирмаға қарыз ақша сомасы. Дебиторлық қарыз - бұл айналым активтерінің манызды бөлігі, оны дебиторлардың шоты деп те атайды, және ол қолма-қол ақша қаражаттары мен төлемдерге тікелей ықпал етеді.
Фирманың дебиторлық қарызын басқару жуйесінің маңызды құрамдас бөлігі әдістер болып табылады. Тек қаржылық әдістерге мыналар жатады: Э. Альтманның әдісі, пайда болған мерзімдері бойынша дебиторлық қарызды реттеу, дебиторлардың шоттарының ескіру реестрін құру, күдер узген дебиторлық қарыздың мумкіндікті сомасын болжау, дебиторлардың шоттарының ойластырылған ескіруін анықтау, қаржылық коэффициенттерді есептеу және бағалау.
Басқарушылық әдістерге: шешімдер ағашы, 3С несиеге қабілеттілікті талдау әдістері, фирманың несиелік саясаты стратегиясының матрицасы, ақпараттық базаны қалыптастыру, сыйақы жүйесін пайдалану, несиелік қарызды төлеу мерзімін созу жатады.
Айналым активтерінің циклі. Дебиторлық қарызды жою мәселес (активтің бағасында аса маңызды шығынсыз ақшалай қаражатқа айналу қабілеті) - әрбір дерлік ұйымның негізгі мәселесіне айналды. Ол өз кезегінде, бірнеше мәселелерге бөлінеді: ұтымды көлем, айналымдылық, дебиторлық қарыздың сапасы.
Бұл мәселердің шешімі дебиторлық қарызды білікті басқаруды талап етеді, бұл фирманың қаржылық жағдайын нығайтудың бір түрі болып табылады. Кәсіпорынды реформалау тәжірибесі дебиторлық қарызды қайтару жөніндегі шаралар кәсіпорынның іщкі қоры есебінен тиімділікті арттырудың анағұрлым әсерлі шаралары тобына енетіндігін және жедел түрде оң нәтиже әкеле алатындығын көрсетті. Қысқа мерзімде қарызды қайтару - тапшы айналым қаражатын толықтырудың шынайы мүмкіндігі. Дебиторлық қарызды басқару ерекше басқарушылық қызметтерді жүзеге асыру үдеріс ретінде жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау сияқты кез келген басқа басқару түрімен теңестіріле алады.
Жоспарлау - бұл алдын ала қаржылық шешімдер. Ол тиімді болуы үшін ұйымның ұзақ мерзімді ммақсатын анықтау, ұйымның стратегиясын құру, қызмет ету саясатын анықтау, қызметтің тиімді рәсімдерін таңдау қажет.
Басқаруды ұйымдастыру мынадай кезекпен әрекеттеді уйлестіруді білдіреді: барлық әрекет ету саласы таңдалған қызметтері бойынша топтастырылуы қажет; өз қызметіне жауапты тұлғаларға бірдей құқықтар берілуі тиіс.
Ынталандыру дегеніміз - жалпы адамның мінез-құлқы анықталатын психологиялық сәттердің жиынтығы.
Бақылау жөніндегі әрекеттер - бұл:. Әрекеттер стандарттарын әзірлеу, фактілік нәтижелерді стандарттық нәтижелермен салыстыру.
Осылайша, дебиторлық қарызды басқару кәсіпорынның айналым активтерін және өнімді сату көлемін ұлғайтуға бағытталған, осы қарыздың жалпы мөлшерін оңтайландыруды, оны уақытында инкассациялауды қамтамасыз етуді қамтитын маркетингтік саясатын жалпы басқарудың бір бөлігі болып табылады. Фирманың дебиторлық қарызын білікті басқару негізінде келесі іргелі мәселелер бойынша қаржыылық шешімдер қабылдау жатыр:
әрбір есеп беру күніне дебиторлық қарызды есептеу;
фирмада дебиторлық қарызды жоюға байланысты жағымсыз жағдай қалыптасқан жағдайлар мен себептерді диагностикалық талдау;
барабар саясатты әзірлеу және фирманың тәжірибесіне дебиторлық қарызды басқарудың қазіргі әдістерін енгізу;
дебиторлық қарыздың ағымдағы жағдайын бақылау.

2 Дебиторлық қарызды талдау

2.1 Дебиторлық қарыздың құрылымы мен кұрамын талдау

Дебиторлық қарыз құрылысында елеулі өзгерістер болды. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге тауар, жұмыс және құрмет үшін есептесудің үлес салмағы 60,2% - дан 46,7%-ға қысқарды. Басқа дебиторлық қарыздың үлес салмағы керісінше есеп кезеңінің соңында 30,17% - дан 50,8% - ға дейін өсті. Бұл Жұмысшылардың (қарызы) және басқа тұлғалардың қарыздары деген мақала бойынша соманың өсуіне байланысты, яғни АҚ Шардара СЭС (су электр станциясы) қарастырылып жатқан кезеңде есеп беруші тұлғаларға ТМҚ (тапсырыс та) әкелгені үшін үлкен сома берген. Мұны жағымсыз фактор деп атауға болмайды, өйткені бұл қарыздардың сомасы кейін өнім шығаруға жұмсалады, ол кәсшорынға өнімді өткізуден табыс алуына мүмкіндік береді.
Дебиторлық қарыздың құрамы мен құрылысына вексельдер, аванстық төлемдер аз да болса өз ықпалын жасады.
Егер жыл басында векселдермен есептесу болмаса, онда жыл соңында алынған векселдерден түскен сома 40 мың теңгені құрады, яғни осы соманың үлес салмагы жалпы қарыз сомасында 2,5% - ті құрады.
Аванстық төлем бабы бойынша керісінше, жыл басында қарыздар сомасы 125 мың теңге немесе (9, 7% - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дебиторлық қарызды талдау
Дебиторлық қарыздар есебін ұйымдастыру
АҚ «Шардара СЭС» (су электр станциясы) мәліметтерінің негізінде дебиторлық қарыздардың есебі мен аудитінің мәселелерін зерттеу
Дебиторлық берешекті басқарудың теориялық негіздері. Қазақстан - Каспийшельф ЖШС-ң дебиторлық қарыздар есебін талдау
Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз
АҚ «Шардара СЭС» (су электр станциясы) мәліметтерінің негізінде дебиторлық қарыздардың есебі мен аудитінің мәселелерін зерттеу және оларды жетілдіру
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың аудиті
Қаржылық есеп берудің қағидалары мен талдаудың бағыттары
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
Ағымдағы дебиторлық борыштың түрлері
Пәндер