Кәсіпкерлік қызметтері және мазмұндары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті.
Экономика және құқық факультеті.
Менеджмент кафедрасы.
Кәсіпкерлік қызымет негіздері және ментор стартаптары пәні бойынша.
ЖОБА.
Тақырыбы: Кәсіпкерлік қызметті дамыту стартегиясы:Қазақстан және шетелдік тәжіриебе.
Дайындаған: 6В04103 Экономика және мемлекеттік басқару мамандығының студенттері: Марат Есмұрат, Назымбеков Асухан, Рахымов Ғазиз.
Ғылыми жетекші: э.ғ.м Мукашева Акмарал Джумаевна.
Атырау - 2020
Кіріспе.
Жобаның мақсаты: Еліміздегі кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, жан-жақты зерттеу
Жобаның міндеті: Зерттелген жобадан нәтиже шығару
Жобаның өзектілігі: Қазақстан неліктен дамудан озық елдер қатарынан табылмайды? Неліктен Қазақстандағы әрбір 10 бизнестің 8-і ағымдық уақыт шегінде жойылып кетеді? Бұл қорқынышты жайтқа себепші кәсіпкерлер ме немесе мемлекет пе?Осы тектес өзекті сұрақтардың жауабы жобада келтіріледі.
Жобаның жаңашылдығы: Кәсіпкерлік қызмет сізге таңсық ұғым. Бірақ , сіге шетелдік тәжірбие арқылы кәсіпкерлік қызметке ден қою ықтималдығы төмен жағдай ретінде көрінуі мүмкін.Алайда, кәсіпкерлік пен бизнес салалары жаңашылдыққа толы ғалам.Осы орайда сізге, инновация арқылы зор мүмкіндікке жету жолдарын көрсетеміз.
Жобаның проблемасы: Жоба барысында Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуын тежеп отырған факторларды қозғаймыз.
Жобаның шешімі: Тежеуші факторлардың алдын алу үшін, шетелдік тәжірибеге сүйенеміз, және оны еліміздегі бағдарламаларға сай жүзеге асырамыз, осылайша даму қарқынымз жоғарылай түседі.
Жобаның практикалық маңызы:Әр маман өз саласынан қызметі арқылы ерекшеленеді, әр фирма өнімі арқылы ерекшеленді, ал мемлекет даму стратегиясы арқылы ерекшеленеді. Бұл тақырыптың практикадағы маңызының қандай деңгейде екендігін, бізге жүргзіліп жатқан пән арқылы байқаймыз.
Жобаның болжамы: Қазақстандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілетті бола түсіп, шетелдік тәжірбие арқылы еліміздегі кәсіпкерлік қызметтің дамуы күтіледі.
Жоспар.
Кіріспе
I.Тарау.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік
1.1. ҚР.ғы кәсіпкерліктің дамуының жолдары (бағыттары)
1.2. Кәсіпкерліктің мәні және маңызы
1.3.Кәсіпкерліктің экономикалық мәні және мазмұны.
1.4. Кәсіпкерліктің ұйымдық -- құқықтық түрлері.
II.Тарау. Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибелері
2.1 АҚШ.та кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері.
Кіріспе.
Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде алатын орны зор. Қазіргі экономикалық өркениетті дүниенің қрылымдық даму жүйесіндегі болашағы келтірмейтін салалардың бірі - кәсіпкерлік болып табылады.
Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. Оның негізгі маңыздылығын ҚР-ы Президентінің Қазақстан-2030 Қазақстан халқына жолдауында: еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басым бағыты кәсіпкерлік деп аталынған. Сондықтан кәсіпкерлікті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Оның стратегиялық маңыздылығын бағалау үшін Қазақстан экономикасының мынадай ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет:-айқын көрініс алған шикізаттық бағыт; -қайта өңдеу өнеркәсібінің нашар дамуы; -импортқа тәуелділігі; -инфрақұрылымның нашар дамуы; -аймақтар бойынша өндіргіш күштердің біркелкі орналаспауы. Бұл аталған біздің экономикамыздың мұндай зардаптарын шағын және орта бизнестің даму жолдарымен ғана жеңуге болады. Себебі, кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығы мемлекеттің экономикалық жетілуіне ықпал етуі және өндіріс, халықтың жұмыспен қамтылуына жеткілікті түрде қамтамасыз ете алуы жатады. Сол үшін кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет. Осыған байланысты мемлекетте кәсіпкерліктің жан-жақты қолдау мен қорғау табуын тек кәсіпкерлікті дамытумен бірге оның нарықтық экономиканы дамытуда қосар үлесі де аз болмайды. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай шағын дамып отырған нарықтық шаруашылықтың бөлінбес, ажырамас бір элементі болып табылады. Кәсіпкерлік экономикалық өсу деңгейінің, ұлттық табыс көлемінің деңгейін де анықтайды. Әлеуметтік жағынан да функциясы - жаңа қосымша жұмыс орындарын құру сияқты дәйекті мәселелер оның актуалдылығын көрсетеді. Сондықтан, кәсіпкерліктің мемлекеттегі нарықтық экономикалық қатынастарды құруда алатын манызды роліне байланысты бұл жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытуды басқару мен оны қолдау мәселелерін зерттеу болып табылады, яғни қолдау оның даму үрдістерін айқындаумен оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін негіздеуді талдау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселелер анықталды:
:: Кәсіпкерліктің теориялық негіздері мен оның даму эволюциясы сипатталынды;
:: Әлемдік тәжірибелер негізінде кәсіпкерліктің экономикадағы ролі мен орны анықталды;
:: Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру тенденциялары мен жағдайы зерттелінді;
:: ҚР-ғы кәсіпкерліктің даму үрдістері айқындалған;
I.Тарау.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік.
1.1 ҚР.ғы кәсіпкерліктің дамуының жолдары (бағыттары)
Негізінен, қазір Қазақстанда кәсіпкерлік ісі үлкен жетістіктерге жетіп жатқан жоқ. Сөз жоқ, көптеген тиімді, дұрыс заңдар қабылданып жатыр, бірақ олардың бірі іске асса, екіншілері іске толығымен асып жатқан жоқ. Бір жағынан, осы кәсіпкерліктің дамуына көптеген кедергілер болғалы тұр, солардың бірқатарын қарастырған болсақ, ол біріншіден бақылаушы органдар мен жергілікті әкімдер жанынан құрылған комиссиялардың үсті-үстіне тексерулер жүргізіп кәсіпкер қызыметіне заңсыз санкциялар қолданатындығы екен.Тпті олар соттың шешімінсіз кәсіпкердің жұмысн тоқтатып тастайтын көрінеді.
Екіншіден, жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданатын қосымша шешімдер мен қойылатын талаптар;
Үшіншіден, түрлі ведомствалар мен құрылымдар тарапынан тексерулердің сансыз көптігі;
Төртіншіден, кейбір мәселелерде кәсіпкердің құқықтық сауатының төмендігі;
Бесіншіден өзекті осы салаға біріңғай мемлекет бақылау жасау саясатының жетіспей жатқандығы эәне осы сияқты көптеген кедергілер бар.
Қазақстан нарықтық экономиканың даму өзгешелігіне көңіл аударған кезде республикадағы кәсіпкерліктің елеулі түрде қайшылықты қалыптасуын көруге болады. Мысалы, Трансұлттық корпорация, Қаржы-өндірістік топтар сияқты ірі корпорациялар түріндегі кәсіпкерліктің тиімділігіне қарамастан оларды қысқа мерзім ішінде құру,жүзеге асыру өте қиын мәселе.Сонымен бірге, кәсіпкерліктің шағын нысандарын дамытуға кейбір ұйымдық және құрылымдық факторлар кедергі жасайды.
Кәсіпкерлікті дамытпайынша, қазіргі кездегі экономиканы қалпына келтіру мен дамыту мүмкін емес, өйткені қазірде бизнес нарықтық қатынастарда үнемі қайта өндіріп отыратын орта болып табылады. Қазіргі жағдайда тек бизнес қана республика мен обылыс экономикасын жандандыруға қабілетті. Сондықтан да кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау жасау мен ынталандыру жалпыұлттық басымдыққа айналды. Қазақстанда іс жүзінде кәсіпкерлікті қолдау және қорғау жөнінде заңдар қалыптасты, олар үнемі жетілдірілуде .
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы Үкімет қаулысымен Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қоғамдастық-сараптамалық комиссиялар деген түсінік енгізілді және осы аталған комиссияның қызыметі мен құрамы заңды түрде бекітілді. Бұл үкіметтік емес ұйымдардың ролін күшейтуге, атқарушы өкіметтің шешімдерін дайныдауға кәсіпкерді кеңінен қатыстыруға , бизнес саласында бастамашылдықты дамытуға жәрдем көрсетуге және оларды аймақтағы көкейкесті проблемаларды шешуге бағыд бағдар жасауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кәсіпкерлік саласындағы қолданылып жүрген заңдар нарықтық экономиканың түбегейлі талаптарына толығынан жауап беріп жүр. Осының өзі алға ілгерілушіліктің негізі бола алады. Кәсіпкерлікті қолдау әрі дамыту мәселелері жөнінде сарапшылық кеңестерінің негізгі міндеттері:
Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыруда консультатциялық көмек;
Кәсіпкерлікті қорғау мен дамытудың құқықтық нормаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кәсіпкерлік субьектілерімен өзара іс-қимылы әрі ынтымақтастығы мәселелері жөніндегі құжаттарды дайындауға жәрдемдесу болып табылады.
Тағыда Қазақстанда қабылданған заңдарға мән беретін болсақ, 1993 жылы 10-шы наурызда ҚР Министірлер кабинеті № 207 - де Жастар кәсіпкерліктерінің республикалық фонды , ал 1993 жылдың қыркүйек айының 15- нде де кәсіпкерлік орталығының құрылу тәртібі жайлы заңдар қабылданған. Содан кейін біраз жылдар өтіп, көптеген экономикалық және заңдық өзгерістер болды. Көптеген бизнестің кәсіпкерлері пайда болды.
Қазақстан кәсіпкерлерінің 10- форумында берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақстында Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы бойынша Орталық және жергілікті атқарушы органдар 2003 жылғы 1 қаңтар - 1 қазан аралығында салық төлеушінің өтініші оларды жүзеге асыру үшін негіз болатын салық тексерістерін. ыңғайласпа салық тексерістері мен хронометраждық зерттеулерді, қылмыстық әрекеттер мен әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу мақсатында заңнамаға сәйкес жүргізілетін тексерістерді, сондай-ақ конститутциялық құрылысты, қоғамдық тәртіпті, адамдардың құқықтарымен бостандықтарын. ҚР халқының санитарлық - эпидемиологиялық әл ауқаты туралы заңнамасын нормаларын бұзуға бағытталған іс - әрекеттерді болдырмау үшін жүргізілетін тексерістерді қоспағанда, кәсіпкерлік с убьектілерін тексеруді тоқтатсын деген қаулы қабылданған. Және осында айта кететін басты мәселе - осы тоғыз ай ішінде кәсіпкерлік қызыметтен Республикалық бюджетке 29953 млн, тенге табыс түскен. Бұл әрине ел үшін өте жақсы көрсеткіш, бірақ осы маратроиядан кейін мемлекеттегі кәсіпкерлік жағдай бұрнғы қалпына келді. Яғни ол міндетті түрде салық төлеу, мемлекет тарапынан қысым көру және тағыда басқа жағдайлар. Осыған байланысты мысал келтіретін болсақ, кәсіпкерлердің көпшілігі қосылған құнға деген салық мөлшерлемесі шамадан тыс жоғары деп санайды. Соның нәтижесінде кәсіпорындар өздерінің өнімдеріне деген бағаны төмендету мүмкіндіктерінен айырылып, өндіріс көлемін қысқартуға мәжбүр болғандықтан, ондағы жұмыс орындарыда азайып, жұмысыздық өседі. Қосылған құнға деген салықтың салмағы тұтынушыларға өседі, олардың қабілеттілігін төмендетіп қана қоймай, бағаны өсіруге итермелеу арқылы инфляцияны күшейтеді.
Шет елдік тәжірибе.
Дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші бір факторы бизнесті жан-жақты дамыту болып табылады. Олардағы кәсіпорындардың жалпы саны ішінде фирмалардың үлесі 80 - нен 99 пайызға жуығын өндіруді қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізіге икемділігі - ғылыми - техникалық прогрестің негізгі бір қозғаушы күшіне айналған.
Мысалға, Жапонияда концерндер мен басқа да ірі кәсіпорындар Жапония экономикасы айсберігінің шыңы ғана деп айтуға болады. Бұл жерде бизнес өзара бәсекеге түсіп қана қоймай, сонымен қатар қызымет ету саласын бөлісу негізіндегі бірін - бірі толықтырып отырады. Жапонияда бірқатар салаларда, атап айтқанда, аяқ киәм, тігін және глантерея өндірісінде, дәрі-дәрмек құрастырушы бұйымдармен конструкциялар өндіруде, бөлшек саудада қызымет көрсету саласында өндірістік және тұрмыстық техникаларды жөндеп, қалпына келтіруде бизнес басым орын алады.
Әсіресе соңғы кездерде АҚШ-та бизнес кеңінен дамып отыр. Ол жұмыскерлер саны 50 адамға дейінгі фирмалардың жиынтығы болып табылады. Бұл фирмалар американдық барлық фирмалардың 99 пайызын құрайды. Бұлардың негізгі бөлігі ұсақ, көбінесе жанұялық немесе жеке кәсіпорындар Мұндай фирмалардың 87 пайызында саны 20- дан аспайтын, ал 80 пайызында 10-нан аспайтын адам жұмыс істейді. АҚШ - та фирмалар жалпы ұлттық өнімнің 40 пайызын өндіреді, оның ішінде өғдеуші өнеркәсіпте - 21 пайыз, құрылыста 80 пайыз, ал көтерме саудада - 86 ,қызымет көрсету саласында - 81 пайыз.
АҚШ экономикасында олар ғылыми - техникалық прогресс саласына жататын барлық жаңалықтарды жасаудың, игерудің және өндіріске енгізудің тең жартысына жуығын қамтамасыз етед.
Германияда кәсіпкерліктің басты сипаттамасы - ең алдымен,
Біріншіден меншік құқы мен кәсіпорында тікелей басқарудың бірлігі болып табылады.
Екінші сипаттама - кәсіпорын қызыметінің айшыұтылығы, оның көлемінің шектеулілігі, қожайын мен жұмыске р арасындағы өзіндік ерекше қатынас сипатын білдіріп, өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделілігін,ынталылығын тудырады.
Үшіншіден, кәсіпорын өмірінде басқарушы ролінің ерекше маңыздылығы: ол шаруашылықтың нәтижелігіне тек қана мүлік иесі болғандықтан ғана емес, сонымен бірге оның өзінің де өндіріспен де тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді.
Төртіншіден - істі жанұялық негізде жүргізу, яғни кәсіпорын қызыметін нәтижелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан балаға мұра ретінде машықтану.
Бесіншіден - кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін айтуға болады. Егер алыптар қажетті ресурстарды негізнен капитал нарығы арқылы алатын болса, ал кәсіпорындар банктердің аздаған несиелеріне арқа сүйейді, сондықтанда олар үшін қаржыландыру мәселесі бастапқы мәселе болып табылады.
1.2 Кәсіпкерліктің мәні және маңызы.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға кенеттен өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер тобы өмірге келе бастады. Елдің тауары осы күштің іске қосылып, табысты еңбек етуіне байланысты. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге коммерциялық, финанс, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш. Кәсіпкерлік іс экономиканың қай саласында болмасын пайда табу үшін қызмет етеді.
Кәсіпкерлік дегеніміз -- белгілі бір істі істей білу. Іс істеу- адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік- адамның еркін өмір сүру түрі.
Кәсіпкерлік деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.
Кәсіпкерлік -- ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр I патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылдағы реформадан кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.
Кәсіпкерліктің субъектісі жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер, арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әр түрлі бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:
Дербестік және тәуелсіздік;
Экономикалық ынталылық;
Шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
Жаңашылдық.
Кәсіпкерліктік істің қозғаушы күші- мол пайда табу.
Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші, білім керек, екінші өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет. Елдің тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер азаматар болуы керек. Аш жалаңаш елде кәсіпкер де, халық та байымайды.
Курстық жұмыстың мақсаты- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуына талдау жасау.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай төмендегі курстық жұмыстың міндеттері қарастырылады:
жалпы кәсіпкерлік ұғымының мәнін толық ашу, яғни тарихи даму сатылары, қызметтері және мазмұндары.
кәсіпкерліктің түрлерін көрсету; Берілген бөлімде ұжымдық- құықтық түрлерінің мағынасын аша отырып, қазіргі Қазақстандағы кәсіпкерлік істің түрлерін көрсету.
Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының нәтижелері, яғни экономикалық тұрақтандырылуы, табысты орнықтырылуы және экономикалық жағдайларының жасалуы.
Курстық жұмыс жазу барысында мынадай шетелдік А. Бодо, Ф.Уокер, А.Шапиро, Д.Маккеланд, Р. Хизрич, П. Другер және т.с.с. отандық ғалымдардың еңбектері қолданылды.
1.3.Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, мәні және түрлері.
Кәсіпкерлік феномені байырғы кезден бастап, әлеуметтік- экономикалық ғылымдарының назарында болды.
Кәсіпкерлікті негізінен XVIII- XIX ғ.ғ. Ф. Кенэ, Ж.Б. Сэй, кейін И.Шумпетер, Ф. Хайек, А. Чаянов және т.б. салған болатын. Кәсіпкерді өзіндік статусы, қызметтін мақсаты және өнерлік, ресурстық, ұйымдық функциялары сипаттайды.
Кәсіпкер және антрепкер терминінің аударғанда, делдал деген ұғымға тең болады.
Негізінен, сол уақытқа сай толық кәсіпкерлік концепциясын өндеген авторлардың бірі болып француз экономисті Р. Кантильон болған. Сауда табиғатының очеркі (1755ж) атты жұмысында ол кәсіпкерлерді Қымбат сатып, арзанға ал деген формуланы ұстанатын адамдар деп атаған.
Кәсіпкерлердің рөлі туралы А. Смит былай деп жазған : ... ол тек өзінің қызушылығын ғана ескереді, өзіндік табыс іздейтін және көрінбейтін қолмен мақсатына бағытталады. Өзінің қызушылықтарын аңдый отырып, қоғамның қызушылығына жиі қызмет етеді. Кәсіпкерлік қызметтің активке бейімделген адамдар қызметтің түрі. Алайда кез- келген бизнесмен кәсіпкер деп атала бермейді. Мысалға, жылдан жылға бір тауар өнімін және бір ұсыныс көрсететін кәсіпорын иесі деп аталмайды. Ол кәсіпкерлік емес, репродуктивтік функцияларды іске асырады.
Тұрғылықты өмірде, кәсіпкерге барлық бизнеспен айналасатындарды жатқызылады. Алайда осы сөздің мәнінің ең қатал түрінде, бұл нарықта іздеушілік мақсатпен ерекшеленетін адамдарды атайды. Кәсіпкердің өзі жаңа нарықты зерттеп, қабылдауы қажет емес.
Сонымен, кәсіпкерлікті шаруашылық тәртіптің типі деп түсінуге болады. Оған сәйкес келетін:
Үлкен табысқа ұмтылу.
Тәуекелге бару.
Жаңашылдыққа ұмтылу.
Кәсіпкерлік- табыстың алуы мен жеке табысқа бағытталған азаматтардың жеке ықыласы.
Кәсіпкер әр түрлі шаруашылық қызметтерін заңмен тыйым салынбаған тауарды сатып алушылық, консультанттық және басқа қызметтерді орындай алады.
Кәсіпорын -- бұл мүліктік негізді шаруашылық бірлік, бұл өндіру- шаруашылық мәселелерді шешуге бейімделген және өздігінен өндіруге негізделген.
Кәсіпкерліктің мәнін және мазмұның ұзақ эволюция жолдарын өткен мемлекеттерде қолданған практикаларды талдаусыз ашуға болмайды. Осыған байланысты, кәсіпкер терминінің эволюциясын қарастырайық.
1725 жыл. Р.Кантильон. Кәсіпкер- тәуекел шарттарында қызмет ететін адам.
1797 жыл. А. Бодо. Кәсіпкер- іске асыратын қызметін жауапты болатын тұлға; жоспарлайтын, басқаратын және кәсіпорынды құрып, оны басқарады.
1876 жыл. Ф.Уокер. Капиталды ұсынып, сол үшін белгілі пайыз алатындардан ұйымшылдық қабілеттің арқасында табыс алатындарды айыра білу қажет.
1934 жыл. И. Шумпетер. Кәсіпкер- ол жаңа технологияларды өндейтін, жаңашыл адам.
1961 жыл. Д. Маклелланд. Кәсіпкер- біркелкі тәуекел шарттарында жұмыс істейтін жігерлі адам.
1964 жыл. П. Друкер. Кәсіпкер- кез- келген мүмкіндікті максималдық табыспен қолданылатын адам.
1975 жыл. А. Шапиро. Кәсіпкер- ынтасын көрсететін адам. Тәуекелділік шарттарында жұмыс істеп, пайда болған сәтсіздік үшін толық жауапты болады.
1985 жыл. Р. Хизрич. Кәсіпкерлік- жаңа құны бар нәрсенің құруының процесі, ал кәсіпкер- осыған қажетті уақыт пен күшті жұмсайтын, өзіне толық финанстық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді алуға және де осы үшін белгілі бір дәрежесін алуымен қанағаттануы.
Нарықтық экономикада кәсіпкерлік келесі қызметтерді орындайды. (1- кесте)
1- кесте. Кәсіпкерлік қызметтері және мазмұндары.
Жалпы экономикалық Нарық субъекті ретінде кәсіпкерлік ұйымдардың және дара кәсіпкерлердің әділдікпен келіскен рөлі. Кәсіпкерлік тауар өндеуі мен оларды нақты тұтынушыларға жеткізуге бағытталған. Кәсіпкерліктің үдемелі дамуы экономикалық өсудің анықтайтын щарттарының бірі.
Ресурстық Кәсіпкерліктің дамуы өндірілетін және шектеулі ресурстарды қолданумен болжамдалады. Және де ресурсы деп, барлық материалдық, материалдық емес шарттары мен өндіріс факторлары. Кәсіпкер ресурстардың иесі болғандықтан, олардың рационалдық қолданылуында құштар болады. Алайда максималдық табыс қуалаушылық кері процеске әкелуі мүмкін: еңбектік, табиғи және қоғамдық ресурстар уақытымен тозады.
Өнерлі- іздеушілік
Кәсіпкерлік қызметінің процесінде жаңа идеялардың қолдануы және қойылған мақсатқа жету үшін жаңа құралдар мен факторларды өңдіру.
Әлеуметтік
Әр әрекетті тұлғаларда істің биленушісі болатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. Сонымен қатар, тапқыр, барлық қиыншылықтарды өтіп, өзіне табыс әкелетін істі ашатын адамдардың жаңа қабатын құрастырады. Кәсіпкерліктің дамып, өсуі, жұмыс орындарын көбейтіп, жұмыссыздық деңгейін қысқартады және жалданушы жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайын көтереді.
Ұйымдық (ұйымшылдық) Өзінің ісінің ұйымдастыруын шешуімен, оның диверсификациясымен кәсіпкерлік басқарудың ұйымдастыруында, күрделі кәсіпкерлік құрылыста, кәсіпкерлік фирманың қызметінде стратегиясының өзгеруінде көрінеді. Бұл функция серіктік жүйелік кәсіпкерлікте және халықтық кәсіпкерліктің құрылуында айқын көрінеді.
Сонымен, кәсіпкерлік қоғамдық табыспен өзінің жеке табысымен байланыстыру негізінде табыс алу мақсатына қаржының салуымен байланысты қызмет болып табылады.
Кәсіпкерлік субъектері жеке тұлғалар және серіктердің қосылулары болып табылады.
Кәсіпкерлік мақсат- белгілі бір уақыт мезетінде қажетті жағдайына жету. Мақсаттты құрастыру кезінде келесі үш элементтерді нақты анықтау керек:
Мақсат мазмұны. Қай жағдайға жетуге және мақсатқа жету дәрежесін құрау керек.
Мақсаттың қажетті көлемі. Мақсаттың шектеулі ме, әлде шектеусіз екенін анықтау керек.
Мақсаттың уақытша факторы. Мақсатқа қай кезге дейін және қандай уақыт мерзімінде жетуге болатын сұрақтарды анықтау керек.
Кәсіпкеліктің маңызды белгілері:
Шаруашылық субъектілерінің тәуелсіздігі және дербестігі. Әр кәсіпкер заң шегінде, сұрақтарды шешуге құқылы.
Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкерліктің басты мақсаты- мүмкін болатын табыстың максимумын алу.
Шаруашылық тәуекел және жауапкершілік. Әр келкі ең бұрамалы есептеулерде тәуекелділік анықталмайды.
Көрсетілген кәсіпкерлердің белгілері бір- бірімен байланысқан және бір уақыт мезетінде іске асырылады. Кәсіпкерлік әрқашан жаңашылдықпен байланысты. Осындай экономикалық іске И. Шумпетер мен А. Маршал назарларын аударған. Егер де, И. Шумпетер кәсіпкерлік пен жаңашылдықтың тепе- теңдігін көрсетсе, А. Маршал кәсіпкерлердің қоғамдық өмірдегі нақты рөлі қоғамдағы жетілген процестерін тездетеді деп бекіткен. Кәсіпкерге дұрыс баға И. Шумпетермен берілген, кәсіпкер үнемі күйзелісті жасаушы және қоғамның экономикалық дамуындағы басты кейіпкер деген.
Сонымен, мынадай шешімге келуге болады, кәсіпкерлік пен жаңашылдық қоғамда бір бүтінді анықтайды.
Кәсіпкерліктің қалыптасуы үшін нақты шарттар қажет: экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және т.б.
Экономикалық шарттар- бұл тауарлардың ұсынуы мен оларға деген сұраным, тұтынушылар ие бола алатын тауар түрлері, ақша қаржысының көлемі, жұмыс орындарының жетіспеушілігі немесе көп болуы;
Кез- келген кәсіпкерлік іс тиісті құқықтық орта шегінде іске асырылады. Сондықтан, қажетті құқықтық шарттардың құрылуы үлкен мағына береді.
1.4.Кәсіпкерліктің ұйымдық -- құқықтық түрлері.
Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай- ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.
Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.
Кәсіпкерлікті тұлға (субъект) және нысанын бөліп қарайды.
Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері және мемлекет бола алады.
Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату- сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.
Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді.
Өндірістік кәсіпкерлік- тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерік тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді.
Қаржылық кәсіпкерлік- коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату- сатып алудың объектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады.
Делдалдық кәсіпкерлік бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі- кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.
Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануға үйрену керек.
Ресурстардың әр түрлі комбинацияларын жасау- кәсіпкер қызметінің қажетті буыны. Олар Шумпетер көзқарасы бойынша бес бағытты қамтиды.
Жаңа игілікті жасау немесе ескі игіліктің жаңа сапасын жасау;
Өндірістің жаңа әдісін енгізу;
Жаңа өткізу рыногына шығу;
Шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу;
Өндірісті қайта ұйымдастыруды жүргізу.
Әрбір мерзім аралығында жаңа комбинациялар көрінуі мұмкін. Кәсіпкерліктің бұл қасиетіне кәсіпкерлікті өндіріс факторын комбинация жасайтын экономикалық агент ретінде анықтай отырып А. Смиттің тұжырымын толықтырған Ж. Б. Сей назар аударды.
Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен (жеке, ұжымдық, қоғамдық) байланысты емес. Оның әр түрлі варианттары мен үйлесімдері болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылған капиталдың толық меншік болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын қолдануға болады, алайда қарыз капиталы пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады. Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел дәрежесі өседі.
Тәуекел, айтып өткендей, кәсіпкерліктің негізгі белгілерінің бірі.
Тәуекел- жоспар немесе болжауды қарастырылған вариантпен салыстырғанда табыс алмаудың немесе зиян шегудін ықтималдығы. Тәуекелдің бірнеше түрлері бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, несиелік, проценттік.
Тәуекелдің мүмкін деңгейі осы қызметке қатысатын адамдардың санына кері тәуелді деген көзқарас бар. Көбінесе тәуекел сақтандыру кәсіпкерлігімен шұғылданатын мекемелерде сақтандырылады.
Тәуекелді әр түрлі әдістермен өлшеуге болады:
статистикалық, мұнда бұрынғы шығындар статистикасына қарап болашаққа болжау жасайды.
эксперттік, мұнда мамандар мен тәжірбиелі бизнесмендер көзқарастары зерттеледі.
есептік талдау математикалық тәсілдерге негізделеді.
Кәсіпкерліктің жаңашылдықсыз болуы мүмкін емес. Осыған байланысты кәсіпкерліктің екі моделін қарастырады: классикалық және инновациялық.
Біріншісінің мәні мынада, бизнесмен өз қызметін қарамағындағы бар ресурстардан максималды қайтарым алу есебімен ұйымдастыруға ұмтылады.
Екінші модель өзінде бар ресурсын ғана емес, сондай- ақ сыртқы ресурстарды тарту және пайдалану мүмкіндігіне бағытталады. Өзінің және сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер өз бизнесіні дамуының тиімді варианттарымен шұғылданады.
Кәсіпкерлік әр түрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі белгі жатыр: меншік формасы және фирма көлемі.
Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді. Бұл екі сектордың ұлттық экономикадағы үлес салмағы тұрақсыз: ұлттандыру кезінде мемлекеттік кәсіпкерлік шекаралары кеңейеді, ал жекешелендіру оларды тарылтады.
Мемлекеттік кәсіпкерлік әдетте тұрақты және капитал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz