Ақсақалдар соты
Академик Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды университеті
Курстык Жумыс
Тақырыбы: Төле би және билер институты
Орындаған: Тажитов А.Ж.
Тексерген: Бодеев К.Т.
Қарағанды, 2020
Жоспар
Кіріспе
1 бөлім. Төле би және ХV ғасырдың екінші жартысынан XVІІІ ғасырдың ортасына дейінгі аралықтағы Қазақ хандығындағы билер институты.
1 тарау. Төле би
2 тарау. ХV ғасырдың екінші жартысынан XVІІІ ғасырдың ортасына дейінгі аралықтағы Қазақ хандығындағы билер институты.
2 бөлім. Билер институтының жүйесі
1 тарау. Билер кеңесі
2 тарау. Билер соты
3 тарау. Ақсақалдар кеңесі
Қорытынды
Кіріспе
Еліміз бүгінгі күні құқықтық, демократиялы ел болуға бет бұруда. Бұл асқақ мақсатқа еліміздің өткен тарих қатпарларындағы дала демократиясының көрінісі болып табылатын құбылыстарды танып, бүгінгі елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың арқауы ете білген де ғана жетеміз. Сонымен қатар бұл еліміздің жалпы адамзат қауымдастығындағы өзіндік бет-бейнесі бар ел екендігін танытуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңдағы жергілікті жерлерде көрініс беріп жатқан ұлттық-құқықтық қайта жаңғырығулардың табиғатын тануға жол ашады. Билер институтының Кеңес дәуірінде таптық көзқарастың тезіне түсіп, сұрықсыз түспен боялып, кертартпа, үстем таптың қол шоқпары ретінде бағаланғаны бізге аян. Ал бүгін бұл мәселені жалпы өркениеттілік құндылықтар тұрғысымен қарау кезек күттірмей жүзеге асыруды қажет ететін шаруа. Міне осы және жоғарыда айтылғандар тақырыптың қаншалықты өзекті екендігін аңғартады. Билер институтының бірнеше ғасырларға созылатын зерттелу тарихы бар. Бұл қазақ әдет-ғұрып құқығының дәстүрлі институты туралы деректің бастауы қытай елінің қорларында жатыр. Ал билер институтына қатысты деректердің жүйелі жиналуы Ресей патшалығының қазақ елін отарлауымен байланысты. Осы тұстарда бұл институттың әр қырын терең тануға мүмкіндік беретін материалдар кең көлемде жинастырылды. Біз жұмыс барысында алдымызға тұтастай би институтының сұлбасын жасауды мақсат етіп қойдық. Оған жету үшін біз өзіміздің алдымызға мынандай міндеттерді шешуді жүктедік:
- билер институтының хандық дәуірлердегі қаймағы бұзылмай дамыған кезеңіне;
- Ресей патшалығы тұсындағы би институтының құйтырқы саясаттың қолшоқпарына айналып, өзінің демократиялың бет-бейнесін жоғалтқанын сипаттау;
- Кеңес дәуіріндегі бұл жүйеге қатысты мемлекеттік саясатты және онымен күрес жолдарын көрсету;
- Билер институтының жүйесі мен негізгі сатыларына сипаттама беру;
1 тарау. Төле би
Төле би (1663 - 1756) - қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Қазіргі Жамбыл облысының Шу өңіріндегі Жайсаң жайлауында туған. Ұлы жүздегі Дулат тайпасының жаныс руынан шыққан. Әкесі Әлібек момындығы үшін ағайындары арасында қарашоғыр атанғанымен, өзіндік беделі бар би болған. Бала күннен жас Төле әкесіне ере жүріп ел көріп, жұрт танған, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алған. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түскен. Төле би Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп сайлауға, үш жүздің ұлыстарын бір ортаққа бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатынасқан. Тәуке хан Төле биді ұлы жүздің бас биі еткен. Төле би Қазыбек бимен және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын Жеті жарғының қабылдануына атсалысқан. Ордабасы жиыны кезінде жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруге ұйтқы болған. Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, Ресей мен Қытай секілді екі алпауыт мемлекет арасында оңтайлы саясатты жүргізген Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан. 1742 жылы Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда оны тұтқыннан босатуда Төле би белсенділік танытқан. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Әбілқайыр хан мен Төле бидің Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатуға өтініш жасағандығы айтылады. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 жылы Абылайды тұтқыннан шығарып алған. өле би Әбілқайырдың өлімі үшін айыпкерлердің Жеті жарғы аясына сәйкес жеті құн төлеуі туралы шешім шығарады. Ералы айыпкерлерден екі құн алып, төрт құнды кешіреді де, әкесін өлтіруге қатысушылардың бірі Сырымбет батырды жетінші құн орнына өз қолымен өлтіреді. Әбілқайырдың балалары бұған да тоқтамай, Барақ сұлтанның жауапқа тартылуын Төле биден сұрайды. Бас сауғалап қашып жүрген Барақ сұлтан Төле биге өзі келіп, жасаған ісі үшін сотқа тартуды сұрайды. Төле би билер сотына қазақ билерінің ішінен, Барақ сұлтанның ұсынуы бойынша төрт белгілі биді (Жалған би, Сырлыбай би, Даба би, Қабек мырза) қатыстырып, өз тарапынан бірнеше биді шақырады. Билер алқасында Төле би Барақ сұлтанды ақтап алады. Төле би Әбілқайыр ханның өлімі үшін жеті адамның құнын кескенде де, Барақ сұлтанды ақтап алғанда да, туысы Қойгелді батырға тоналған орыс сауда керуенінің өтеуіне екі мың жылқы төлеуге билік шығарғанда да елдің елдігін бұзбауды, әлі келгенше халықтың тыныш жағдайын, тұтастығын сақтауды көздеген. Төле бидің бұл секілді еларалық сипаттағы билігімен қатар ұлыс ішіндегі дауларды шешкен билігінен де оның мемлекеттік деңгейдегі парасаттылығы, ойының саралығы мен ниет-тілегінің тазалығы танылады. Төле би хан, сұлтандардың, бектер мен билердің өзара қырқысының ұлт тәуелсіздігі мен бостандығына ешнәрсе бермейтіндігін сезініп, татулықты жақтаған. Оның елге танымал Елге бай құт емес, би құт дейтін қанатты сөзі айқын аңғартады. Бізге келіп жеткен аңыз-әңгімелерде Төле бидің ұлт бірлігін нығайтуды барынша жақтағандығы айтылады. Сондай аңыз-әңгімелердің бірінде Төле би өз көңілін сұрай келген Қазыбек, Көкі, Мәлік, Ержан билердің еліңізге қандай өсиет қалдырасыз деген сұрағына Жүзге бөлінгендердің жүзі қара. Руға бөлінгендердің құруға асыққаны. Атаға бөлінгендер адыра қалады. Көпті қорлаған көмусіз қалады. Хан азса халқын сатады. Халық азса хандыққа таласады деп жауап берген екен. Төле бидің артында кейінгі ұрпаққа жарық жұлдыздай жол көрсетіп, жөн-жоба сілтейтін көптеген өсиет сөздері қалған. Оның шешендік сөздері айтпақ ойының ұшқыр да тапқырлығымен, тап басатын көркем теңеулерінің дәлдігімен, тілінің өткір де айқындылығымен ерекшеленеді. Бидің Данагүл есімді келінінің де есімі көпке танымал. Төле би Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында көпшілік пайдаланатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан. Төле би халық арасында Қарлығаш әулие, Қарлығаш би деген атпен де танымал. Оның бұлай аталуы жайлы да аңыз сақталған. Төле би Ташкенттегі Шайқантәуір зиратына жерленген. Қабірі Бабырдың нағашы атасы Жүніс хан мазарының қасында. Төле би қабіріне кесене салынған. Ғибратты ғұмыр кешкен бидің жарқын бейнесіне көптеген ақын мен жыраулар оралып, оның даналығын шығармаларына арқау етіп отырған. Өткен дәуірлерде А. Левшин, П. Маковецкий, Л. Баллюзек секілді, т. б. орыс зерттеушілері өз еңбектерінде Төле би есіміне ілтипат білдіріп, құрмет тұта атап өткен. Әр кезде Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шәкерім Құдайбердіұлы, С. Сейфуллин, М. Әуезов, Б. Адамбаев, Н. Төреқұлов, т. б. Төле биге байланысты әр тараптағы зерттеулері мен ой-қорытындыларын жариялаған. Жамбыл облысында Төле би есімімен аталатын елді мекен бар. Оңтүстік Қазақстан облысында бір ауданға Төле би есімі берілген. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысында және Астана қасалында Төле биге ескерткіш қойылған. Алматыда, Шыментте және бірқатар елді мекендерде Төле би есімімен аталатын көшелер бар.
2 тарау. ХV ғасырдың екінші жартысынан XVІІІ ғасырдың ортасына дейінгі аралықтағы Қазақ хандығындағы билер институты
Бұл кезеңдегі билер институтына қатысты мәселені қазақтың белгілі хандарының бірі Қасым дәуірінен бастаймыз. Қасым елі үшін үлкен қызметтер жасаған тұлған. Оның басты еңбегі сол уақытқа дейінгі "жол жоралғыларды" жүйелеп бір ізге салуында.
Бұл заңда ғұлама ғалым Ә.Марғұланның айтуы бойынша құқық нормасының бес саласы қамтылған. Олар:
1. Мүлік заңы мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері.
2. Қылмыс заңы кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза.
3. Әскери заң қосын құру, аламан еліндегі, қара қазақ, ердің құны, тұлпар ат.
4. Елшілік жоралары майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайлық, әдпепиілік.
5. Жұртшылық заңы шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бөксеуіл, тұтқауылдардың міндеті. Сонымен қатар Қазақ ордасының мемлекеттік негіздерін, адамдардың арасындағы, рулар арасындағы қатынастарды белгіледі деген де пікір бар. Қасым хан өзінің сот шешімдеріне бұрынғы ата-баба ғұрыптарына сүйенудің қажеттілігін атап көрсетеді. Бұл ханның жолды жасаудағы ролін көрсетеді. Сол кезге дейінгі қазақ даласындағы қалыптасқан "жол "қасқа жолдың" халық арасына кең таралуының сыры оның хан тұсындағы билердің көкейінен шығуында еді. Өйткені, би ханның пәрменін халық арасында дұрыс түсіндірушісі, қамқоршысы болған. Сондықтанда бұл заң билердің, батырлардың тағы басқа игі жақсылардың бас қосқан жиынында мақұлданған. Билер бұл заманда негізінен ру басының қызметін атқарды. Билердің беделі руларында зор болған. Сондықтанда қазақ хандығын нығайтуды ойлаған Қасым хан билердің ақыл-кеңестеріне сүйеніп, ел билеуге ұмтылған. Ал билердің беделінің неліктен артқандығына келетін болсақ, онда ол сол кездегі қалыптасқан шаруашылық жүргізуде еді. Сондықтан да халық ханнан гөрі, билерді көп сыйлаған. Қасым хан тұсында билер жеке дара болмаса, тегеурінді әлеуметтік күшке айналмаған еді. Билердің бұл кездегі тағы бір ерекшелігі олар әліде болса, ру басы, сол рудың дау-жанжалын шешуші тұлға болғандығы. "Ел ауында сақталған деректерге қарағанда, Қасым хан тұсында "қасқа жолға" қосылған жаңалық: "Хан болсын, ханға лайық заң болсын: батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын: абыз болсын, абыз сыйлау парыз болсын, би болсын, би түсетін үй болсын" деген ережелер екен. Бұл қазақ хандығы құрылысының саяси-әкімшілік, әскери және сот істері жөніндегі негізгі заң сипатындағы төрт тұғыр екені байқалады". Сонымен қатар "қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланады". Оның ескі жол аталуы туралы пікірлердің барлығы, оның бұрын қалыптасқан "жол-жоралғыларды" өзгертпей дамытты деген пікірге келуге болады. Енді Есім хан тұсында билердің ролі қандай болды? Соған тоқталайық. Би әр уақытта елдің қамқоршысы, дала демократиясының жаршысы, сондықтан да билердің ролін арттыруға Есім хан да көңіл бөлген. Бізге жеткен ел аңызындағы деректерде Есім хан билер туралы арнайы бабты заңдастырған көрінеді: Ол мынадай: "би болсын, би түсетін үй болсын". Бұл заңда адамның табиғат берген ерекше қасиеттері де ескерусіз қалмаған. Онда үстеме құн ретінде: "өнер, құны, сүйек құны" белгіленген. Егер өлген адам батыр не ақын-жырау немесе би болса, сол өнері үшін үстеме құн алынған". Ол тұста сонымен қатар билер кеңес құрып тұрған. Бұл әрине билердің сол кездің өзінде беделді күшке айналғанын куәләндіреді. Бұл уақыт аралығы туралы жазылған нақты фактілі еңбектердің аздығы, әлі де болса қолға түспеуі бізді халықтың зердесінде сақталған аңыз әңгімелердің желісімен сол кезеңнің бейнесін сомдауға итермелейді. Сондай аңыздың желісі бізді Есімхан тұсында да билердің ролі қомақты болған деген ойға жетелейді. И.Байзақов шығармаларында мынадай аңыз әңгіме ұшырасады: "Қазақтың Есім ханы болған кезде, жау жорық жапан түзге толған кезде. Болыпты Монтай атты бір әділ би, руы ойбас қыпшақ орта жүзде". Есімнің жоғын жоқтайтын, оның беделін дәріптен асыратын, елін билеуде тіреніші болған, билері де бар. Сондай биінің бірі кіші жүздегі ел басқарушысы Жиембет жырау еді. Хан қорланғанда оның ашуын басуға, сабасына түсіруге жарарлық күш билер болған. Олар өзінің тоқтау сөзін ханға көркем тілімен әшекейлеп, жүрекке жетерліктей етіп айта білген. Билер халық сүйеніші, кеңесшісі болған. Хан саясатын ру ішінде жүргізуші. Есім хан өзінің әкесі Тәуекел хан дербес би ретінде белгілеген Досмұхамедті қатты құрметтеп сыйлаған. Оның билік шешімдерін үнемі мақұлдап отырған. Досмұхамедтің ісіне сүйіспеншілігінің белгісі ретінде халық оны "Дос би" деп атаған. Есім хан халықтар арасындағы ынтымақты да нығайтуға күш салған. Және ол елдердің де билеріне құрмет көрсетіп отырған көрінеді. Ш.Уәлихановтың айтуынша осы ынтымақтың белгісі ретінде "Ташкентте қырғыздың көркем биіне арнап күмбез салдырған. Ол осы күнге дейін бар, "Көкемнің көк күмбезі" деп аталады. Көріп отырғанымыздай Есімхан тұсында билердің қоғамдағы атқарған ролі жоғары болған. Бұл кезде билер өзінің руының білектей піріне айналған. Бірақ та әліде болса билер жалпы ханға тегеурін боларлық айбынды күшке айналмаған еді. Сонымен қатар бұл кездің ерекшелігі билердің өздеріне тән шешендік, ділмарлық, тапқырлық деген қасиеттерінің кең құлаш жая бастауында еді. "Көріп отырғанымыздай Есім мен Қасымның жинақтарында қомақты" орын әскери және елшілік нормаларға берілген. Бұл түсінікті де. Себебі, жас мемлекеттің ең басты мақсаты - күн астындағы өз орнын табу және соны нығайту еді. "Тәуке ханның "Жеті Жарғысы" қазақ халқы үшін тарихи маңызы зор конституциялық ескерткіш болып табылады. Өйткені XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың басы Қазақстан үшін қилы да қиын дәуір болды. Ру-ру, ұлыс-жүз болып бөлініп, алауыздықпен өзара дау-жанжал, қақтығысқа белшесінен батқан қазақтарды Ресей патшалығының арамза саясаты, Шығыстан, арқадан тынымсыз шабуылдаған жоңғар қалмақтарының басқыншылығына ұшыратты. Осындай қиын кезеңде билік құрған Жәңгір ханның баласы Тәуке ыдырап, берекесі кеткен қазақ халқының басын қосып, ішкі дау-жанжалды, барымтаны, тежемелі ұсақ хандықтардың уақытша болса да ынтымаған көздемей, сыртқы жаулармен батыл күресуге болмайтынын түсінді. Осы мақсатпен Тәуке қазақ қоғамына ірі-ірі реформаларды енгізді. Сондай сүбелі реформаторлық қадамы, ол қазақ әдет-ғұрып құқығын сол қоғамның талап тілектеріне сәйкес қайта жаңғыртуы еді. Әрине бұл заңның негізін бұрынғы ата-бабаларымыздан келе жатқан жол-жорағылар құрады. Тәуке ханның еңбегі сонда, ол бұл заңдарға жаңа серпін, жаңа мазмұн бере алды. Енді осы Тәуке ханның "Жеті Жарғысы" тұсындағы билердің роліне тоқталайық. Бұл мәселеге арнайы көңіл бөлген ғалымдарда бар. Билер Тәуке хан тұсында үлкен әлеуметтік күшке айналды. Сондықтан да "билер кеңесі" деген тұрақты органының өмірге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz