Инновацияның арттыру жолдары



МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ КАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы ... ... ... ... ..5
1.2.Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қалыптастыру мен дамытудың ілімдік және ғылыми негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1. Инновациялық кәсіпкерлік түрлерінің ұйымдастыру.экономикалық жағдайын алдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2. Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік қызметті дамыту ... ... .17
2.3.«. «Кентау трансформатор зауыты» АҚ.ның экономикалық жағдайы ... ... 21

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КƏСІПОРЫНДАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамыту және жетілдірудің негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
3.2 Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары ... ... ... ... ...30

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ КАЛЫПТАСУЫ МЕН
ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы
... ... ... ... ..5
1.2.Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қалыптастыру мен дамытудың
ілімдік және ғылыми
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..8

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ТАЛДАУ
2.1. Инновациялық кәсіпкерлік түрлерінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайын
алдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2. Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік қызметті дамыту ... ... .17
2.3.. Кентау трансформатор зауыты АҚ-ның экономикалық жағдайы ... ... 21

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КƏСІПОРЫНДАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН
АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамыту және жетілдірудің негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
3.2 Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру
жолдары ... ... ... ... ...30

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

КІРІСПЕ

Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы
кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-
әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар,
кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары
технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.
Дағдарыстан кейінгі кезде нарықтық реформалардың нәтижелері
инновациялық дамуға жаңа көзқарас қалыптастырумен анықталуда. Қазіргі
қалыптасқан жағдайда ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде ерекше өнімнің
ғылыми-техникалық жобалары, озық технологияларды басқарудыњ қазіргі заманғы
жүйесін жасаумен шұғылданатын ғылыми-зерттеу, конструкторлық және жобалық
ұйымдар ерекше рол атқарады. Қазақстан тек табиғи ресурстарды ғана
пайдалана отырып дамитын емес, сондай-ақ өзінің интеллектуалды капиталын да
пайдаланып дамитын елге айналғаны белгілі. Мұның өзі дүниежүзілік бәсеке
ғылыми-техникалық жобалардың өте жедел (2-3 жыл аралығында) жүзеге асуын
талап етеді. Сыртқы єлемдік ортада үздіксіз жүріп жатқан өзгерістер
дүниежүзілік экономикадағы біздің еліміздің де орнын белгілейді, сондықтан
инновациялық кәсіпкерлік өмір сүрудің және дамудыњ маңызды факторына
айналуда. Осыған байланысты туындайтын аса маңызды жайт – инновациялық
кәсіпкерлік елдің экономикасының өсуін және экономиканың құрылымдық қайта
құрылуын қамтамасыз ететін қуатты тұтқаға айналуы болып саналады.
Инновациялыќ кәсіпкерлікті басқару мақсаты – жаңа идеяларды қолдау, бастама
көтеру, оларды бақылау, инновациялық өнімді нарыққа шығаруға жағдай жасау
болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстанда ескі және жаңа инновациялық жүйелердің
элементтері ұштасқан ауыспалы типтегі ұлттық инновациялық жүйеде (ҰИЖ)
венчурлік қорлар қалыптастыру арқылы ќызмет атқаруда. Жаңа ҰИЖ-ге индустрия
мен қызмет көрсету саласындақы шағын сектордың ғылыми-техникалық ұйымдарың,
шағын инновациялық кәсіпорындарды, көптеген мемлекеттік емес, коммерциялық
емес, ғылыми, талдау жасаушы, консалтингтік, т.б. орталықтарды жатқызуға
болады.
Инновациялық кәсіпкерлік ғылымның және оның тәжірибеде жүзеге асуы
арасындағы байланыстырушы буын болып табылатындықтан, ол ҰИЖ-нің маңызды
бөлігі саналады. Инновациялыќ кәсіпкерлік, негізінен, жаңа өнімдер мен
технологияларды құрастыру бойынша, білімдерді тауарға айналдыру бойынша
тәуекелге барады. Сол себепті инновациялық кәсіпкерлік шағын фирмалар
құрамы жоғары тәуекелдік нәтижесінде үнемі өзгеріп отырады, көптеген
фирмалар құлдырап, оныњ орнына жаңалары пайда болады.Жоғарыда аталғандардың
барлығы инновациялық кәсіпкерліктің қалыптасу және даму мәселелерінің
ілімдік және тәжірбиелік мәнін анықтайды.
.

1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1.1.Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы

Инновация ұғымын экономикалық теорияға өткен ғасырдың 30-жылдарында
И. Шумпетер енгізді. Қазіргі кезде көптеген əдебиеттерде инновацияға
əртүрлі анықтамалар берілген:
- инновация дегеніміз- жаңаға идеяларды түрлендіруге байланысты қызмет түрі
немесе рынокқа енгізілген жетілдірілген өнім;
- инновация- практикалық қызметте пайдаланылған жаңа немесе жетілдірілген
технологиялық процесс;
- инновация-əлеуметтік қызметтерге жаңа тəсіл.
Жалпы алғанда инновация дегеніміз-əкелетін ғылыми-
техникалық,ұйымдастырушылық, қаржылық жəне коммерциялық іс-шаралар кешенін
болжайды.
Шет елдік зерттеушілер Э.Дж.Долан, Я.Корани, П.Хейне,
П.Ф.Друкер,Н.Г.Менкью,Г.Хоскинг, Й.Шумпетер, В.Леонтьев жəне т.б.
өндірістік сферадағы кəсіпкерліктің инновациялық сипатын бейнелейтін
экономикалық қатынастардың қазіргі заманғы теориясын дамытты. Алайда бұл
ғалымдардың еңбектерінің басым бөлігі жалпы ғылымдық сипатта жазылған
немесе мəселенің жеке тұстарын ғана шешуге арналған.Қазіргі уақытта
инновациялық өнім ді тиімді жасап, ұтымды пайдалану қатынастарын сапалы
түрде қарастырылмайынша елдегі аса маңызды əлеуметтік-экономикалық
міндеттерді шешу мүмкін еместігін түсіну енді жеткілікті емес. Ал бұл өзіне
тəн арнайы мамандырылған қызмет субъектілері, инфрақұрылым институтттары,
өзіндік нарықтық қатынастары бар елдің барлық инновациялық потенциалының
дамуын талап етеді. Индустриалды-инновациялық қызметтердің өндірістің
тиімділігі мен өнімнің бəсеке қабілеттілігін арттырудың пəрменді тəсіліне
айналуы инновация сферасындағы меншік қатынастарын жүзеге асыру,
инновациялық үрдістерді
мемлекеттік реттеуде жетілдіру мəселелеріне дұрыс қарауды талап етеді.
Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық потенциалының
орнын, рөлін, қызметін ғылыми-тəжірибелік тұрғыдан талдау инновациялық
қызметттің сан қырлы мəселелерін зерттеудің танымдық маңызын арттырып қана
қоймайды, сондай-ақ дəстүрлі салалық талдауды жалпыұлттық жəне аймақтық
тұрғыдан толықтыра түседі.
Шағын инновациялық бизнес мəселелері жақсы зерттелген шет елдерде оны
қолдаудың бірқатар тиімді бағдарламалары бар. Алайда шетелдік
тəжірибені қазақстандық болмысқа дəлме-дəл тікелей көшіру мүмкін емес жəне
ол шет елдегідей тез жəне оң нəтиже бере алмайды. Осы мақсатта экономикалық
құралдарды отандық жағдайға бейімдеу үшін өтпелі ғылыми-зерттеу жүйесінің
қалыптасу кезеңінде шағын инновациялық кəсіпкерліктің айрықша секторын жан-
жақты зерттеу қажет.Экономикалық əдебиеттерде инновацияның көптеген
түрлерінен технологиялық жəне технологиялық емес инновацияларға айрықша
көңіл бөлінеді. Əлеуметтік жаңалықтар, басқару формалары мен əдістерінде
болатын өзгерістер мен тағы басқаларды техникалық емес инновацияға
жатқызамыз. Ал технологиялық инновация- жаңа немесе жақсартылған тауарлар
мен техникалық процестерді əзірлеу мен енгізу болып табылады.
Инновацияны жаңалықтардан айыра білу тиіс, өйткені бұл екеуі мүлдем
əртүрлі ұғым. Жаңалық- бұл тек идея немесе жаңа технологиялық процесс пен
жаңа өнімнің жобасы. Алайда ол нарыққа жетпегенше инновация
болмайды.Нарықтық экономикада ғылыми зерттеулердің тек 6-8%-ы жаңа тауарға
немесе процеске айналады.
Ч.Фрименнің жіктеуінше, технологиялық инновациялар өнімдік жəне
процестік инновацияларға айналуы мүмкін. Өнімдік инновация дегеніміз- жаңа
материалдар мен жартылай фабрикаттарды пайдалана отырып, жаңа өнім алу
немесе технологиялық жаңа жəне технологиялық жетілдірілген өнімдерді
əзірлеу жəне енгізу болып табылады.Ал процестік инновацияға технологиялық
жаңа немесе өнімдерді табыстау əдістерін қоса технологиялық едəуір
жетілдірілген өндірістік əдістерді əзірлеу жəне енгізу кіреді. Мұндай
инновациялар жаңа өндірістік жабдықты, өндірістік процесті ұйымдастырудың
жаңа əдістерін немесе олардың жиынтықтарын пайдалануда, сондай-ақ
зерттеулер мен əзірлемелер нəтижелерін пайдалануда негізделуі мүмкін.
Əдетте мұндай инновациялар өндірістің тиімділігін арттыруға немесе
кəсіпорындарда бар өнімдерді табыстауға бағытталған, бірақ сондай-ақ
кəдімгі өндірістік тəсілдерді пайдалана отырып өндіруге немесе жеткізуге
келмейтін технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді өндіруге немесе
жеткізуге арналуы мүмкін. Өнеркəсіпте технологиялық инновацияға мынадай
өзгерістер жатпайды: өнімдердегі (түсінде, сəнінде жəне т.б.) эстетикалық
өзгерістер; оның конструкциялық орындалуын өзгеріссіз қалдыратын, осы
немесе басқа өнімнің параметріне,құрамына, құнына жеткілікті елеулі əсер
етпейтін елеусіз техникалық немесе өнімнің сыртқы өзгерісі, сондай-ақ оған
енетін материалдар мен компоненттер.
Сонымен қатар, инновациялық өнімді нарықтық жағдайда өткізу
көлемін арттыру, оған деген сұранысты жоғарылату мақсатында тауарлардың
бағасын төмендету, тұтынушыларға қосымша сыйлықтар ұсыну сияқты жанама
тəсілдерді қолданылады. Белгілі бір мерзімді аяқтап, өзін-өзі өтеген
инновациялық өнім ескіріп кетпеу үшін оны келесі нарыққа немесе аймаққа
ауыстыру қажеттілігі туындайды.
Инновацияның құрылымы келесідей: технопарктер, технологиялық
инкубаторлар жəне инновациялық орталықтар.
Технопарктер дегеніміз – ғылымды, білімді жəне өндірісті территориялық
жағынан біріктірудің капиталистік елдердегі жаңа, бірақ қазірдің өзінде
кеңінен таралған тиімді нысаны, ол ғылыми-техникалық талдамалардың жəне
жаңа технологияның өндірісіне жедел енгізілуіне септігін тигізеді.Жақсы
жарақтандырылған ақпараттық- экспериментттік базасы құрылған жəне білікті
кадрлар жоғары дəрежеде шоғырланған жағдайда жұмыс істейтін ғылыми,
конструкторлық жəне өндірістік бөлімшелердің бірлестігі болып табылады.
Технологиялық инкубатор- ғылыми ұйымдардың, инновациялық
кəсіпорындардың, жоғары оқу орындары жəне шағын кəсіпкерлік субъектілерінің
əлеуетін бір ортаға біріктіруге мүмкіндік береді.
Инновациялық орталық-конструкторлық – технологиялық жаңалықтарды
жетілдіру мен өндірістерді дайындауға , бəсекеге қабілетті ғылымды
қажетсінетін өнімдерді жəне жоғары технологияларды əзірлеу кезінде
инновациялық кəсіпорындарды өндірістік- технологиялық қолдауға жəне бұл
құрылымдардың ғылыми- техникалық əзірленімдерді жəне маркетингті,
жарнамалық жəне көрме қызметін, патенттік- лицензиялық жұмысты жəне
интеллектуалдық меншікті қорғауды қоса алғанда, жергілікті жəне шетелдік
нарықтарға ғылымды қажетсінетін өнімдерді жылжыту үшін құрылған
инфрақұрылымдар .
Жалпы инновация – инновациялық үрдістерді ғана емес, тауарларды
өткізу нарықтарын маркетингтік зерттеу, сонымен қатар
ақпараттық,консалтингтік, əлеуметтік жəне басқа қызметтерге деген жаңа
зерттеудің нəтижелерін енгізетін техникалық, технологиялық жəне ұйымдық
жаңалықтарды құрастыру мен тəжірибелік меңгеру сферасы.
Сонымен инновация дегеніміз- өндірісті жəне қоғамды басқарудың түрлі
салаларына енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді жəне
əлеуметтік,экологиялық жағынан маңызды болып табылатын, сондай-ақ
зияткерлік меншік объектісі ретінде танылған ғылыми жəне ғылыми-техникалық
қызметтің нəтижесі.

1.2.Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қалыптастыру мен дамытудың
ілімдік және ғылыми негіздері.

XXI ғасыр жүзжылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын
қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр.Қазіргі кезеңде
кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық
механизмдерінің инновациялық түрлерінің одан ары жақсартуды қажет етіп
отыр.
Дамыған елдерде инновациялық (ноу-хау) өнімдер мен технологиялар ЖІӨ
өсімінің 70-85% беріп отыр. Инновациялық сфераның белгілі дәрежеде
ұйымдастырылмауы Қазақстанның 50 дамыған елдер қатарына қосылуға кедергі
болуы мүмкін. Өйткені соңғы жылдары осы сферада Қазақстанның рейтингі 65
орыннан 75 орынға төмендеп кетті. Мұндай жағдайдан шығудың бірден бір жолы
кәсіпкерліктің түрлі инновациялық нарықтық құралдарын одан ары дамыту болып
табылады.
Теориялық талдау негізінде инновацияны түсіндіруде екі көзқарастың
қалыптасқаны анықталды:
-біріншісі, инновация жаңа идеялар мен үрдістер ретінде қарап, оны
қолдану арқылы ең сапалы өнімдер мен технологияны жасауға әкелетін қоғамдық-
техникалық-экономикалық үрдіс ретінде қарастырған (Б.Твисс, Ф.Никсон,
Б.Сантон, т.б.);
-екіншісі, инновацияны тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа
өндірістік және тасымал құралдарын, нарықтар мен өнеркәсіптегі ұйымдастыру
формаларын енгізу және қолдану мақсатындағы өзгерістер ретінде түсіндіреді
(И.Шумпетер). Инновация – бұл тек жаңа енгізулер емес, бұл өндірістің жаңа
қызметі. Оның негізі - өнім өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі,
ұйымдастырушылық, қаржылық, ғылыми-зерттеу және басқа салаларда жаңалықтар
енгізу болып табылады.
Әр түрлі сипаттамаларды қорыта келе, инновация - өтімділігі жоғары
жаңа өнімді ойлап табу деген ұғым туады. Бұл тұрғыдан алғанда ашылған
жаңалықтың барлығы инновацияға жатпайтынын айтқан жөн. Өйткені, іргелі
міндеттерді атқаруға негізделген, яғни осыған дейін белгісіз болып келген
табиғат құбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық игіліктерді
тарту етпейтіндіктен де, ол ғылыми ізденістердің жемісі ретінде ғана
есептелінеді.
Экономикалық қатынастар жүйесінен инновацияның алатын орны орасан зор.
Себебі инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті
өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы
салаға жұмсап келеді. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі
бәсекелестік күресте инновация өнімінің өзіндік құнын азайту, инвестициялар
ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа нарықтарды,
оның ішінде сыртқы нарықтарды бағындырудағы аса тиімді таптырмас құралға
айналуда деп зерттеулер негізінде тұжырымдауға болады.
Инновацияның дамуына қозғаушы тетік - бірінші кезекте нарықтық
бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер немесе
қызмет көрсетушілер әрдайым өндірістік дағдарысты болдырмаудың жолдары мен
тауарын өткізетін жаңа нарықтарды іздестірумен болады. Сондықтан,
инновацияны бірінші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестіктері
алдында басымдылыққа иеленеді. Қазіргі кезеңде жаңа тауарлар түрлері өсіп,
тұтынушы талғамы артып отырған уақытта, әсіресе шағын кәсіпорындардың
икемділік қабілеттерін күшейту аса тиімді саналады. Әлемдік тәжірибе
бойынша мұндай шағын шабақтар қайрандап қалып қоймаулары үшін түрлі
салалардағы жаңа өнімдер мен жаңа технологияларды шығару басымдық негіздегі
сұрақтардың деңгейінде жүреді.
Қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге
негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың
индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту басты стратегиялық
міндеттердің бірі болып отыр. Соған сәйкес 2003 жылы республикамыздың
индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы
қабылданды. Стратегияның мақсаты - шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін
экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол
жеткізу. Мұнда ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға
өту үшін жағдай жасау қарастырылған.
ҚР инновациялық қызметті қаржыландырудың көздері ретінде
кәсіпорындардың өз қаржысы, республикалық және жергілікті бюджет
қаражаттары, инновациялық қорлар қаражаты, мемлекеттік гранттар және заңға
қайшы емес қаржыландырудың басқа да түрлері жатады. Қаржыландыру
инфрақұрылымы ретінде даму инситуттары, венчурлік қорлар, кәсіпорындар мен
жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер және т.б. жатады.
Қазақстан тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көбінесе қарапайым
қаржыландыру көздері, яғни банктер немесе басқа да қорлар инновациялық
ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландырудан бас тартады. Өйткені онда
тәуекелділік жоғары болады. Сондықтан бұл жағдайда арнайы осындай көп
тәуекелі бар жобаларды қаржыландыру үшін әлемдік тәжірибеде венчурлік
қорлар құрылады.
Венчурлік қорлар венчурлік инвестициялаудың негізгі механизмі болып
табылады. Венчурлік инвестициялаудың бастапқы кезеңінде қызметті инновация
жасауға және коммерциялауға бағытталған компанияларға жеке, отандық және
шетелдік капиталды тарту мемлекеттің тікелей үлестік қатысуымен венчурлік
қорларды құрғанда мүмкін болады. Венчурлік қорға инвестицияланатын
мемлекеттік қаржылар осы қорға кіретін жеке инвестициялардың тәуекелдерін
төмендетеді. Венчурлік индустрияның қалыптасуының бастапқы кезеңінде
мемлекеттің араласуының осындай үлгісі барлық елдерде өзінің тиімділігін
көрсетті.
Венчурлік қорларды құрғанда мемлекеттің қатысуы (Ұлттық инновациялық
қор) ҰИҚ–ң инвестициялық саясатының басты бағыттарының бірі – отандық және
шетелдік инвестициялармен бірлесе отырып құрылған венчурлік қорлардың
капиталындағы үлестік қатысуы (49%) арқылы венчурлік қорларды құру.
Қазіргі таңда Қазақстан венчурлік капиталы және тікелей инвестициялау
ассоциациясы құрылып, оған 9 венчурлік қор кіреді, оның біреуі ҰИҚ. Қазіргі
таңда 5 венчурлік қор 5,6 млрд теңге құрайтын 13 жобаны қолдап отыр.
Жобалар негізінен биотехнология, фармацевтика және ақпараттық технологиялар
салалары бойынша. Бірақ инновациялық белсенділік өте төмен, венчурлік
қорларға ұсыныс берушілердің тек 20% ғалымдар, қалғандары бұрын ғылымға
қатысы болған бизнесмендер және ірі холдингтер.
Венчурлік инвестордың көзқарасы бойынша компания объектісі бірнеше
даму деңгейінен өтеді (Кесте-1).
Венчурлік қаржыландыру алдыңғы үш деңгейде қаржыландыра алады. Ал көп
қолданылатын міндеттемелік қаржыландыру тек үшінші деңгейден ғана
басталады.
Әлемдік экономикада концессияның рөлі ұлғаю үрдісінде. Егер де ХХ
ғасырда концессияны тек жер қойнауын пайдалануда қолданса, 1990 жылдан
бастап концессияға мемлекеттік меншіктің көптеген басқа да объектілері
беріле бастады.
Кәсіпкерлікті дамытудың негізгі жолдарының бірі - концессиялық
келісім.Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, концессия мемлекеттің
жекеменшік инвестицияға қызығушылығынан қолданылады. Қазақстанда
концессияға қызығушылық артуда. Әсіресе ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске
асыруда: көлік және телекоммуникация салаларында, жол салуда, т.б. Қазіргі
таңда 212 млрд. теңге көлемінде 7 концессиялық жоба іске асуда.
Қазақстан Республикасында концессиялық қатынастарды заңды реттеу
белгілі бір деңгейде қалыптасқан. Қазақстан Республикасы мен шетелдік
инвесторлар арасындағы қатынастарды реттейтін 2006 жылы Қазақстан
Республикасындағы концессия туралы ҚР-ның Заңы қабылданды.
Осы Заң концессияға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді,
концессия шарттарын жасаудың, оны орындаудың және тоқтатудың талаптары мен
тәртібін айқындайды, концессионерлерді мемлекеттік қолдау кепілдіктері мен
шараларын айқындайды. 
Алайда, концессиялық жобаларды іске асырудың негізгі проблемалары бұл
жобалардың капитал сыйымдылығының өте жоғары болуы ұзын ақшаларды қажет
етеді. Біздің ойымызша, зейнетақы мен сақтандыру қорларының қаражаттарын
пайдалану қажет. Келесі проблема концессиялық жобаларды өтеу мерзімінің
ұзақтығында. Өйткені бюджет 3 жылға жоспарланады, сондықтан бюджеттік жүйе
3 жыл өткен соң қаржыландыруға кепілдік бере алмайды және салық кодексіне
енгізілетін өзгерістерде кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан заң потенциалды
концессионерлердің құқықтарын толық қолдай алмай отыр.
Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамытуда лизингтің маңызы зор.
Өйткені кез келген инновациялық кәсіпорын ашу үшін алдымен кәсіпорынға
толық технологиялық циклді қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар қажет. Ал жаңа
технологиялар қымбат тұрады және оны кез келген кәсіпкер сатып ала алмайды.
Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы қажетті құрал-жабдықтарды лизингке алу
болып табылады.
Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясының
негізгі бағыты, біздің ойымызша, жоғары технологиялық, ғылыми сыйымды және
экспортқа бағытталған өнім мен өндірістердің дамуы болып табылады.
Соңғы он жылда Қазақстанда, басқа да ТМД елдеріндегідей технологиялық
деградация тенденциясы орын алды. Өндірістің техникалық деңгейі төмендеді,
жаңа технологиялар әлсіз меңгерілді, прогрессивті өнім өндірісі төмендеді,
ғылыми-техникалық потенциал қысқарды.
Еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетінің қазіргі жағдайы абсолютті
сандық қысқаруы мен оның барлық құрамдастары бойынша сапасының нашарлауы
тенденциясына ие болып отыр. Республикадағы инновациялық іс-әрекеттер
ғылымның ары қарай дамуы оның заңдылық және нормативтік базаларын
жетілдіруге байланысты.
Дамығын елдер тәжірбиесі көрсеткеніндей, экономикалық дамудың негізгі
гранты – ғылыми-техникалық салада лидерлік позицияны ұстау. Сондықтан да 80-
жылдардан бастап барлық алдыңғы қатардағы елдер белсенді ғылыми-техникалық
саясат жүргізе бастады. Бір ғана мысал, ол елдердің ғылымға жұмсаған
шығындарынан да көруге болады. Атап айтсақ, 2008 жылы ғылыми зерттеулерге
жұмсалған мемлекеттік шығындар келесідей көрсеткіштерге ие: АҚШ – 246 млрд.
долл. (ЖІӨ-нің 2,9℅), Жапонияда – 94,2 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 3,0℅),
Германияда 45,8 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,35℅), Францияда – 28,0 млрд. долл.
(ЖІӨ-нің 2,25℅), ал Швецияда 7,6 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 4,0℅) болып отыр.
Бұл кестеде Қазақстан Республикасы ең төменгі орын болып отырғанын көреміз.
Басқа мемлекетке қарағанда бізде ғылымға арналған шығын көлемі аз болып
отыр
Нәтижесінде, бүгінгі дүниежүзілік технологиялық даму үрдісі жаңа саты –
адамзат игілігі үшін, оның өмірін жақсартуға, оны көркемдеуге бағытталған
электронды, биоинженерлік және басқа да ғылым дәрежелерін пайдалануға
негізделген деңгейге көшуде. Сондықтан барлық дамыған, дамушы елдерде
мемлекеттік инновациялық салаға қаржылай түрде ұйымдастыру үрдісіне көмек
көрсету арқылы қолдап отырады. Көптеген елдер тәжірбиесі көрсеткендей,
экономиканың күрт құлдырауы, қаржы дағдарысы кезінде мемлекет инновациялық
қызмет саласын қолдап, дамытып отыруы қажет.
Қазіргі күні барлық елдерде ірі көлемде ғылыми-техникалық саясаттар
жүргізілуде. Батыс Еуропа елдерінде бұл - өнеркәсіпте жаңалықтар мен
инновацияларды енгізу процесін қолдау. АҚШ-та ғылыми-техникалық дамудың ірі
және жеке бөлімдерін қолдау болып табылады. Барлық елдерде ғылыми-
техникалық саланы қаржыландыру басты тапсырмаларға айналған. Бұл саланы
қолдау заңды түрде: мемлекеттік акт, үкімдер бойынша жүзеге асырылады.

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
КІСІПКЕРЛІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

2.1.Инновациялық кәсіпкерлік түрлерінің ұйымдастыру-экономикалық
жағдайын талдау.

Қазақстанның ғылыми-техникалық саясаты инновациялық үрдістерді
белсендіруге, жаңа технологиялық құрылыстар енгізуге, өндіріс өнеркәсібінде
жаңа шеңберлерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуметтің дамуына,
ғылым және өндіріс арасындағы алшақтықты еңсеруге, инновациялық қызметті
ынталандыруға, технологиялардың нақты трансфертін қамтамасыз етуге және
халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған. Қазақстан кәсіпорындарының
инновациялық белсенділігін дамыту негізі республиканың ғылыми-техникалық
әлеуеті болып табылады.
Ірі корпорациялардың ғылыми орталықтарында, институттар
зертханаларында шоғырланған, жоғары технологиялармен жұмыс істейтін
кәсіпкерлік сегмент - бұл қазіргі экономиканың қарқынды дамып келе жатқан
құрылымы. Қазақстанда бұл сектор енді ғана дамып келе жатыр, әзірге кейбір
институттардың нәтижелері нарықта талап етілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізуге, коммерциялық табысты өнім мен технологиялар құруға қабілеті бар.

Кесте 4 ­ Ғылымның жағдайы мен дамуының негізгі көрсеткіштері және оларды
салыстыру
2010 ж.
2007
Көрсеткіштер   2007ж. 2008ж. 2009ж. 2010ж. жылға
өсукем
у
қарқыны
(%)
Жалпы ішкі өнім, млрд. 7 590,60 10 213,7012 849,8015907,0209,6
Теңге
Зерттеулер мен 21 24 799,9026 835,5034 161,5
әзірлемелерге жұмсалған 527,40 761,6
ішкі шығындар
қолданыстағы бағада, млн.
Теңге
жалпы ішкі өнімге 0,28 0,24 0,21 0,22 -
пайызбен
Зерттеулер мен 390 437 438 421,0 107,9
әзірлемелерді орындаған
ұйымдар саны
Зерттеулермен және 18 912 19 563 17 774 16 86,2
әзірлемелермен 304,0
айналысатын персонал саны
(жыл соңына), Адам
соның ішінде:
Зерттеушілер 11 910 12 404 11 524 10 90,5
780,0
одан:
Ғылым докторлары 1 106 1 157 1 166 1 191,0107,7
Ғылым кандидаттары 3 018 3 147 3 058 2 861,094,8
Зерттеулер және 14 584,2019 247,7018 782 19 131,5
әзірлемелермен 176,7
айналысатын ұйымдардың
негізгі қаражаттары,
млн. теңге
Зерттеулер мен 41 512 51 400 64 108 - -
әзірлемелер
Жоғары білім 30 312 36 007 45 557 - -

ҚР-да зерттеулер мен әзірлемелерді орындаумен айналысатын ұйымдар саны
2007 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 31 бірлікке (107,9%-ға) артқан. Осы
жылдардағы зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар
қолданыстағы бағада 13,2 млрд. теңгеге (161,5%-ға) өскен. Зерттеулер мен
әзірлемелерді орындайтын ұйымдардағы персоналдың орташа тізімдік саны осы
жылдарда 9,76 адамға кеміген (2005 жылы 48,49 адам, 2008 жылы 38,73)
(кесте-4).
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының құрылымындағы ғылыми-техникалық қызметтің
басты бағыты 46,4% құрайтын қолданбалы зерттеулер болып табылады. Ғылыми-
техникалық әзірлемелердің 2010 жылғы үлес салмағы 2000 жылмен салыстырғанда
6 еседен артық мөлшерге өсіп, 34,7% құрады. Іргелі зерттеулер ғылыми-
техникалық жұмыстар көлемінің 11,7%-ын құрайды. Көбінесе коммерциялық
негізде көрсетілген ғылыми-техникалық қызметтердің үлесі 7,2%-ға жетті
(сурет 2).

Сурет 1 – Ғылыми-техникалық жұмыстарды үйлестіру құрылымы
Ескерту - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері

Қазіргі уақытта шамамен 3 жыл бойы Қазақстандағы кәсіпорындардың
инновациялық белсенділік деңгейі 3%-дан сәл астам, бұл ЕО елдерінен
анағұрлым төмен, немесе бұл көрсеткіш тіптен өтпелі экономикасы бар
Эстонияда – 36%-ды, Венгрияда 47%-ды құрайды. Қазақстанның инновациялық
өнімі құрылымында елеулі үлесті (64-%-дан астам) жетілдіруге ұшырайтын өнім
иеленеді. Жаңадан енгізілген немесе айтарлықтай технологиялық өзгерістерге
ұшырайтын өнім үлесіне инновациялық өнімнің жалпы көлемінің 28,6%-ы
тиесілі.
Көптеген отандық зерттеулер мен әзірлемелердің нақты нарықтық
талаптар мен шарттарға бағдарлануы әлсіз және ғылымды қажетсінетін импортты
өнімдермен және қызметтермен бәсекелесе алмайды.
Дайын ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу тәртібі жоқ. Қазіргі
уақытта ғылыми әзірлемелердің тек аз ғана үлесі коммерциялық қолданыс тауып
отыр. Көптеген қазақстандық әзірлеушілер мен компаниялар тәжірибелік-
құрастыру жұмыстары кезеңінде арнайы қызметтердің жоқтығы және өндірісті
игеру проблемасына кезігіп отыр, бұл технологияларды енгізу процесін
тежейді. Қазақстанда инновациялық өнімді нарыққа жылжыту жөніндегі сервис
әлсіз дамыған. Осы орайда инфрақұрылымдық және инжинирингтік жағдайлар
жасау (тәжірибелік-құрастыру бюросы мен инжинирингтік ұйымдар,
коммерцияландыру офистері) өте қажет.
2010 жылы 2000 жылмен салыстырғанда орындалған ғылыми-техникалық
жұмыстардың көлемі 23490,8-ге (485,1%-ға) артқан. Орындалған ғылыми-
техникалық жұмыстардың құрылымында жобалық-құрастыру және техникалық
жұмыстардың (709,5%), құрылысқа арналған жобалық жұмыстардың (534,2%) осы
жылдардағы өсу қарқыны басқалармен салыстырғанда жоғары (кесте-5).
Кесте 5 ­ 1992- 2010 жылдарда ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі
(млн.теңге)
Көрсеткіштер 1992ж.1995ж. 2000ж. 2009ж. 2010 ж
2000
жылға
өсукему
қарқыны
(%)
Орындалған 395,4 2983,1 6100,5 29591,3485,1
ғылыми-техникалық
жұмыстар көлемі,
барлығы
Соның ішінде:
ғылыми-зерттеу 214,2 1739,7 3764,5 17174,4456,2
жұмыстары
Соның ішінде
Іргелісі 40,2 396,1 809,6 3461,1 427,5
қолданбалы зерттеулер 174 1343,6 2954,9 13713,3464,1
Жобалық-құрастыру және 99,7 496,6 1205,9 8555,8 709,5
техникалық жұмыстар
Бұйымдардың 21,1 117,1 198,9 482,8 242,7
(өнімдердің) тәжірибелі
үлгілерін (жиындарын)
жасау
құрылысқа арналған 40,8 536,0 231,7 1237,9 534,2
жобалық жұмыстар
ғылыми-техникалық 19,6 92,5 699,4 2140,1 306
қызмет көрсетулер
Ескерту-статистикалық мәліметтер негізінде құрастырылған

Инновациялық қызметті жандандыру үшін бірінші кезекте қолданбалы
ғылыми зерттемелерді қаржыландыру әдісін және қолданбалы ҒЗТКӘ-ні
қаржыландыру жүйесін өзгерту қажет.

2.1. Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік қызметті дамыту

Жалпы инновациялық кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан Республикасы
Президентінің 2010 жылдың 19 наурыздағы Жарлығымен Қазақстан
Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Стратегияның алдына
қойған мақсаттары өндірістің әр түрлі бағытта экономикалық өсуге жету.
Солардың бірі 2020 жылға қарай шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесін 40
пайызға жеткізу. Қазірдің өзінде Елбасының Болашақтың іргесін бірге
қалаймыз атты халыққа жолдауында айтылғандай ел экономикасы ЖІӨ-нің үштен
бірі шағын және орта бизнеске тиесілі.
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі ( 6 кесте)
Кесте бойынша еліміздегі кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 4%
тиесілі. Бұл барлық 10 096 кәспорындарынның 399 кәсіпорыны болып табылады.
Тағы айта кететін жайт инновациялық өнімдердің ЖІӨ-дегі үлесі бар жоғы
0,51% ғана.

Ал, елімізде 2009 жылғы статистика бойынша облыстар бойынша
кәсіпорындардың белсенділік деңгейі төмендегідей (2 сурет).

График көрсеткендей еліміздегі кәсіпорындардың белсенділік деңгейі
бойынша Алматы қаласы ең жоғарғы көрсеткішке ие 6,7%, ал төменгі
көрсеткішке Ақмола облысы 1,2% . ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі
Қазақстан республикасындағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру
Инновация Қазақстан Республикасының экономикалық өсімінің қайнар көзі
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі
Озат педагогикалық тәжірибе және инновация
ҚР өнеркәсібінде инновациялық процестерді дамыту
Инновациялық гранттардың қаражаттары
Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістер
«Уркер косметикс» пкф-ның инновациялық қызметін талдау
Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметін экономикалық талдау
Пәндер