Әдеби теориялық ұғымдарды меңгерту
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
ТУРИЗМ ЖӘНЕ ТІЛДЕР ФАКУЛЬТЕТІ
___Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі_____ пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАПСЫРМА
Студент: Тасмухан Ақмарал
Мамандық: 5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті
Тақырыбы: Әдеби теориялық ұғымдарды меңгерту
Қорғауға тапсырылатын мерзімі __________________20___ж.
Студент тапсырманы орындауға қабылдады __________
қолтаңба
Тапсырманың берілген уақыты ______________ 20____ ж.
Ақтау 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ӘДЕБИ ТЕОРИЯЛЫҚ ҰҒЫМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... .5
1.1 Әдеби-теориялық ұғымды оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Әдеби-теориялық ұғымды қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2 ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН САБАҚТАРЫНДАҒЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІГІ ... ... ... ... ... .17
2.1 Әдебиет сабақтарында әдіс-тәсілдердің жіктелу формалары ... ... ... ... ... .17
2.2 Әдебиет сабақтарында әдіс-тәсілдерді таңдап алу жолдары ... ... ... ... ... ..20
ҚОРТЫНЫДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 29
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: XXI ғасыр - толассыз ақпараттар ғасыры Өткен дәуірлердегі ғылым мен техниканың қалыптасып, даму кезеңдері айқындалып, аяқталып, шарықтау шегіне жеткен заман. Бүгінгі таңда кез келген ғылым саласы өзіне сай біліммен қаруланып, жаңа ақпараттар мен жаңа технологиялармен толығу үстінде. Сондықтан да XXI ғасыр адамының алдындағы басты мақсат - сапалы да саналы, бәсекеге қабілетті, жан-жақты білімді ұрпақ тәрбиелеп өсіру болмақ.
Бүгінгі ғаламтор ғасырында, оқушылар бұрынғыдай кітапхана жағаламайтын заманда көркем шығарманы оқушы санасына сіңіру - осы пәннің әр ұстазының бас қатыратын мәселесі болса керек.
Әдебиет пәні адамның ақылшы серігіндей, сырлас досындай, асқақ армандар мен құзар шыңдарға жетелейтін, таза да пәк болуға ұмтылдыратын қоғамтану мен өміртанудың басты құралдарының бірі. Әдебиетті ғалымдар "сөз өнері, ал, әдебиет пәнін адамтану, адамды тәрбиелеудің құралы деп түсіндіреді. Яғни, адам бойындағы асқақ арман, ізгі қасиет, берік сенім, сұлуль қ пен әсемдікке, өмірге құштарлық пен таза шынайы сезім т.б. қасиеттер қалыптасуына әдебиет пәні ерекше әсер етеді. Көркем әдебиетті оқытуда оның мазмұнын меңгертіп қана қоймай әдеби- теориялық тұрғыдан талдай білуге үйретудің маңызы зор. Бүгінгі таңда оқушыларға әдеби-теориялық түсініктерді төменгі сыныптардан бастап меңгерту, әрбір теориялық мәліметтерді оқушылардың терең түсінуі үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білу, жоғары сыныптарға көшкен сайын түрлі әдеби шығармаларды талдау барысында бағдарламаға сәйкес білімдерді жаңа қырынан таныта білу қажет. Әр сыныпта әдебиет теориясына байланысты ұғымдар әр түрлі деңгейде оқытылады. Оҡушының ортаңғы сыныптарда алған әдеби ұғымдары жоғарғы сыныптарда жеке ақын, жазушы шығармаларының әр түрлі көркемдік қырларымен танысуы арқылы терендей түседі. Көркем шығарманы оқып, мазмұнын біліп қана қою оқушы үшін аздық етеді. Әдебиет әлемінің тұңғиығына бойлап, оның өнер ретіндегі сипатын зерделеп, көркем туындының мазмұны мен пішініне теориялық талдау жасай білу оқушы үшін өте қажет білім. Олай болатын болса, оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін шығарманы оқыту барысында қалыптастыру - оны оқытудың басты міндеттерінің бірі.
Шығарманы талдау барысында онда кездесетін түрлі көркемдік элементтерді табу, тану оңай емес. Ол үшін шығарманы оқып қана қоймай, тереңіне бойлай білген жөн.
Бұл жайында белгілі ғалым Т.Ақшолақов былай дейді: Әдебиеттен білім беретін мұғалім жер астынан асыл кен іздеген инженер-геологқа пара- пар, немесе адам ағзасынан кінәрат іздеген дәрігерге ұқсас. Міне, мұғалім де солар сияқты шығарманың ән бойынан өзіне қажет інжулерді, шәкірт жанына нұр себеп, жақсылық нышандарға жетелер, жан әлеміне ыстық леп берер, алаулаған арпалыс, ашу-кек туғызар штрих-детальдарды іздеуге тиіс. Ал, оны А. Пушкин айтқандай рухани көзбен оқыса ғана мұғалім таба алмақ.
Әдеби-теориялық ұғымдарды түсініп, білу, көркем шығарманы талдау, олардың көркемдігін бағалау, туындының тілін талдау барысында қажеттілігі айқындала түседі. Шығармада суреттелген өмір шындығы оның мазмұны, қандай көркемдік тәсіл (бейнелі образ т.б.) арқылы берілгенін, оны ажырату арқылы оқушы шығарманың түрін, мазмұнын анықтай алады.
Ақын-жазушылардың туындысының мазмұнын ашуда образдар жүйесі ерекше қызмет атқару сәтінде оқушылардың түсінуіне бағыт, бағдар беруде мұғалім шеберлігі қажет.
Әрбір бейнелеу құралдары жазушы идеясын танытатынын, әршығарманың белгілі бір тақырыпты ашып көрсетуі, сюжеті, композициясы т.б. жайында оқушылар дәлелді мәліметтер алуы арқасында шығармадағы оқиғалардың әр штрих, әр деталь, әр оқиға жігін тауып қиюласа орналасатынын ұғынуы қажет.
Зерттеу пәні: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Курстық жұмыстың құрылымы: Бұл курстық жұмыстың құрылымы екі бөлімнен, кіріспеден , қорытындыдан жіне пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ӘДЕБИ ТЕОРИЯЛЫҚ ҰҒЫМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Әдеби-теориялық ұғымды оқыту
Әдебиет теориясы әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарын зерттейтін саласы. Әдебиет теориясы осы бағыттағы заңдылықтар мен қағидаларды жүйелеп, поэтикалық, прозалық және драмалық көркем шығармалардың табиғатын тануға қызмет етеді. Әдебиет теориясы ұғымдар мен терминдердің, ғылыми қағидалар мен ережелердің құрғақ жиынтығы емес, ол - сол арқылы көркем әдебиетті (өз пәнін) барлық қырынан жан-жақты ашып көрсетудің құралы болып табылады Әлемдік әдебиеттану ғылымында қалыптасқан дәстүр бойынша, Әдебиет теориясы - зерттеу объектісіне байланысты төрт топқа бөлінеді. Бірінші топтың зерттеу объектілеріне әдебиеттің адамзат қоғамы өміріндегі рөлі, жалпы өнер, мәдениет жүйесіндегі орны, әдеби шығармашылықтың тұтас болмысы, суреткер дүниетанымының эстетик. қуаты, оның даралық талғамының шығармашылық ортақ заңдылықтармен үндесуі, әдеби шығармашылыққа бүтіндей баға беру принциптері жатса, скіншісі әдебиеттің тарихи дамуы, жанрларының, тек пен түрінің ортақ заңдылықтарының қалыптасуы және әдеби процес (ағым, бағыт, кезең, дәуір, әдеби байланыс), көркем шығарманы талдау, қабылдау заңдылықтарын қамтиды. Әдебиет теориясы көрсетілген осы мәселелерді зерттеу барысында әдебиет тарихымен қиылысады да, ортақ методол. принциптерді қалыптастырады. Келесі топ әдеби шығармалардың көркемдік- эстетик. сапасын, яғни стиль мен әдеби тіл, сюжет пен композиция, жанрлар үндестігі, типологиясы, тарихилығы мәселелерімен айналысады. Бұл бағытта Әдебиет теориясы поэтикамен үндеседі. Соңғы топта, әдебиет рухани-эстетик. құндылық тұрғысынан қарастырылады және ондағы мәңгілік құндылықтар мен өтпелі дүние лерге шынайы баға берілуі, әдеби процестің өз кезеңіндегі үрдістер сараланады. Әдебиет теориясы бұл жолы эстетикамен тұтасып, өнердің ортақ теориясымен және әдеби сынмен қиылысады. Жалпы, Әдебиет теориясы өз пәнінің даму сапасына (көркемдік, эстетик. , стильдік т.б.) қарай үнемі өзгеріп отырады; көркем әдебиеттің жетістіктері негізінде таптауырын болған ғыл. тұжырымдардан ажырап, онда жаңа бағыттар қалыптасады. Әдебиет теориясы-ның тарихы ежелгі дәуірдегі (Үндістан, Қытай, Ежелгі Грек, Ежелгі Түркі елдеріндегі т.б.) сөз өнеріне қойылған талаптардан басталады. Әлемдік Әдебиет теориясы-ның бастауында Аристотель мен Әбу Наср әл-Фараби еңбектері тұр. Аристотельдің "Поэзия өнері туралы" грактатының басқа да ежелгі дәуір эстетикасы туралы жазған еңбектерінің танымдық қуаты мол болып табылады. Әбу Наср әл-Фарабидің "Өлең өнерінің қағидалары туралы трактатының" да Әдебиет теориясы тарихында алар орны ерекше. Ал қазіргі заманғы әлемдік әдебиеттану ғылымына зер салсақ, сөз өнерінің теориялық деңгейін жоғары биікке көтерген американдық ғалымдар Р. Уэллек пен О. Уорреннің "Әдебиг теориясы" (1949) зерттеуі болып табылады. Ол түрік (1960 ж.), орыс (1978 ж.) т.б. тілдерге аударылған. Орыс әдебиеттану ғылымында Әдебиет теориясы бойынша орыс ғалымдары Б. В. Томашевский, Л. И. Тимофеев т.б-дың еңбектерін айтуға болады. Теор. болжам және филос, таным тұрғысынан М.М. Бахтиннің еңбектері (1895 1975) ерекшеленеді. Онда көркем сөздің көп мағыналығы, үндестігі, көп дауыстылығы т.б. мәселелер терең талданған. Қазақ ғалымдарынан Әдебиет теориясы жөнінде ең алғаш құнды пікірлер айтқан Ш. Уәлиханов болды. Ол қазақ халық поэзиясының жанрлық түрлерін (жыр, жоқтау өлеңі, қайым өлең, қара өлең, өлең т.б.) жүйелеп берді.
А. Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқышы" (1926, 1989, 1991) осы саладағы іргелі ғыл. еңбек Алайда бұл құнды мұра алпыс жылдан астам ғыл. айналымнан тыс қалып келді. "Әдебиет танытқыш" - қазақ ұлттық әдебиеттануының негізі, Әдебиет теориясы мен әдебиеттану методол., ұғым-терминдер мен эстетик. категориялар, жанрлар жүйесі түзілген аса маңызды еңбек. Онда сөз өнері ғылымына тән барлық факторлар қамтылып, ана тілінің қорынан ұғым-терминдер, жанрлар атаулары жасалып, жүйеленіп берілген. Түрлі идеологиялық тосқауылдарға қарамастан 20 ғ-дың 30- жылдары қазақ ғаламдарының бұл салада жаңа туындылары жарық көрді. Қ. Жұмалиевтің "Әдебиет теориясы" (1938, 1964, 1969) атты еңбегі негізінен орта мектептер мен жоғары оқу орнына арналды. Сондай-ақ, Ешқандай Ысмайыловтың "Әдебиет тееориясының мәселелері" (1940) атты орта мектепке арналған оқулығы жазылды. 1970 ж. 3. Қабдоловтың "Әдебиет теориясының негіздері" атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбек толықтырылып "Сөз өнері" деген атпен 2 рег (1976, 1982) қайта басылды. Ол еліміздегі жоғары оқу орындарында 30 жылға жуық Әдебиет теориясы-ның бірден-бір оқулығы ретінде қызмет етіп келеді. З. Ахметовтың "Қазақ өлеңінің құрылысы" (1970), "Өлең сөздің теориясы" (1973) атты еңбектері - осы салада соны пайымдауларымен көрінген құнды ғыл. зерттеулер. Әдебиет теориясы-ның басты ғылыми ұғымдары мен терминдері жүйеленіп берілген "Әдебиеттану. Терминдер сөздігі" (1997, 1998) жарық көрді. Гипербола(әсірелеу)- өмірде кездесетін әртүрлі құбылыстарды не белгілі бір нәрсені шамадан тыс асырып айт тәсілі. Әсірелеу батырлар жырында, ертегілерде, мақал-мәтелдерде көп қолданылады. Мыс, "Көп түкірсе- көл"(мақал).
...Астындағы бурылдың
Жоғарғы ерні көк тіреп,
Төменгі ерні жер тіреп...
("Қобыланды батыр)
Баллада-орта ғасырларда француз, испан, итальян поэзиясында туып, қалыптасқан лириканың ерекше түрі.
Градация(дамыту)- алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу(түйдектеу, баяулату болу бөлінуі).
Импровизация әлең- жырды тұтқиылдан суырыпсалып айту өнері. Ауыз әдебиетінде өлеңді табан астында суырыпсалып айтуға қабілеті жоқ адамды нағыз ақын деп санамаған.
Инсценировка-прозалық не поэзиялық туындыларды сахна, теледидар, радио қойылымдарына лайықтап, шығарма мазмұнын, идеялық мәнін, көркемдік ерекшеліктерін сақтай отырып, драмалық формада жазып шығу түрі.
Көркемдік қиял- көркемдік ойлау ерекшелігі, суреткердің дүниеде, өмірде болатын, болуы мүмкін нәрселерді, жай-жағдайларды қиял арқылы елестету қабілеті, бейнелеп көрсету әдісі, тәсілі.
Көркемдік қиял шындық пен шарттылықтың бірлестік тұтастығына негізделеді.
Көркемөнерде тақырып таңдау, оның тереңіне бойлау, өмір құбылыстарының ішкі қабаттарына барлау жасау, солардың әлеуметтік- эстетикалық мәнін ұғыну, сан алуан кейіпкерлердің бейнесін, жан дүниесін, жүріс- тұрысын суреттеу көркемдік қиялға байланысты. Сайып келгенде, "Неғұрлым жазушы қиялға бай болса, пікірге шебер болса, соғұрлым шығарма сөзі пікірлі, әсерлі болып шықпақ" деп көрсетеді А. Байтұрсынов. Бұл жерде ескертетін жайт- көркем әдебиеттегі шындыққа сай келетін өмір көріністері де, сондай-ақ армандау, қиялға берілу арқылы жасалатын болжам, әдемі елес түріндегі, мыс, қиял ғажайып ертегілерде кездесетін бейнелерді ойдан шығару, көркемдік қиял негізінде туады.
Метафора ауыстыру-екі нәрсені, құбылысты, салыстыру мен жанастырып жақындату негізінде жасалған, астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз не сөз тіркесі. Мыс, Абай өлеңдерінде кездесетін жастық оты, жүрек көзі, дүние есігі, өмірдің өрі. Сондай- ақ:
Көздің жасы жүректің қаныменен
Ерітуге болмайды іштің мұзын.
(Абай)
Мотив- тақырыптық сарын, қалыптасқан дәстүрлі тақырыптық әуен, оқиға желісіндегі кезең. Бірнеше жазушының шығармасында, әртүрлі әдеби нұсқаларда әр дәуірдің әдебиетінде белгілі бір сарындар қайталанып келеді. Әдеби термин ретінде ХХғ-дың 20-жылдарынан бері А. Веселовский, B.Я. Проп еңбектерінде зерттеле бастады. Бұл зерттеушілер әр халық әдебиетінде бұрыннан келе жатқан, бір әдебиеттен екінші, дәуірден дәуірге көшіп жүрген сюжеттік сарындар бар деп қарайды. Алайда ұқсас сюжеттік сарындарды өз дәуірінен, нақтылы шығармалардағы көркемдік шешімнен ұлттық әдеби үдерістің бөліп алып, жеке қарастыру ұтымды бола бермейді. Ұқсас сарындар көп жағдайда өмірдің өзінен туады, оларды халықтардын өмір тұрмысындағы ұқсас жағдайлардың әдебиеттегі көрінісі деуге лайық. Кейде олар сараланып, іріктеліп, қалыптасқан дәстүрлі сарындар болады не шығарманың құрамындағы бір жеке бөлігі сияқты болып келеді. Мысалы, ауыз әдебиетіндегі сиқырлы айна, ақымақ қатын бейнесі, әкесі мен баласының жекпе-жегі, абжыланның ханшаны ұрлап әкетуі, т.б. Кейбір жанрда тұрақты сарындар, мотивтер ұшырасады Көптеген әдеби мотивтер мифологиясымен бірге адамзат мәдениетінің рухани қазынасына келіп қосылады.
Мысал-өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма. Мысал тақырыбы сан алуан, кейіпкерлері ан құс, балық, өсімдік дүниесі, кейде оқиғаға адам да қатыстырылады. Негізгі сюжетке қоса, нақыл түрінде келетін түйіндемесіде болады.
Нақыл өлең- ғибратты, тағылым берерлік мәні бар, ойды ықшамды, ұтымды түрде жеткізетін, өткір нақышты сөздерге негізделетін терме жырлар, өлеңдер.
Новелла (итал. novella)- көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма кейде өлеңмен жазылады. Новелланың әңгімеден айырмасы- онда әдеттен тыс, өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалады. Оқиға желісі таңғаларлықтай қызықты етіп өріледі же тосын, күтүеген жерден аяқталады.
Өмір шындығы же көркем шындық- көркемөнерде, оның ішінде әдебиетте шығарма өмір шындығына сүйеніп жазылады. Нақтылы өмір құбылыстарын, оның сырын, қайшылықтарын терең түсінбей, тебіреніп- толғанбай, сезінбей көркем шығарма тумайды. Тарихи же қоғамдық шындық әдеби туындының бастау көздері болып табылады. Әлеуметтік өмір, саясат, халық тұрмысы- бәрі де өмір шындығын танытатын жағдайлар. Ешбір жазушы өмір шындығынан, оның нақты болмысынан алшақ кетпейді.[1,108б]
Көркем шындық- өмірді образды түрде бейнелеп, оны озық көзқараспен, жоғары эстетикалық мақсат тұрғысынан терең ашу. Адам үшін маңызды деген жайларды типтік дәрежеге көтеріп бейнелеу. Жинақтау- тұжырымдау, ay, типтендіру тәсілін ұтымды қолданып, өмірлік- коғамдық құбылыстардың ақиқатын суреттеу. Өмірді көркемдік шындықпен суреттеу үшін жазушы ойдан шығару, фантазиялық қиялдау тәсілдерін қолданады. Бұл қасиеттер өмір шындығымен үйпесін жатуы тиіс. Ол үшін творчестволық тәжірибе, ерекше қабілет керек.
Параллелизм- екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алып бейнелеу тәсілі. Мыс, Ер тарғынның қиналған тұстағы монологі психологиялық параллелизм арқылы былай беріледі:
Асыл туған Ақжүніс,
Күнді байқап қарасам
Күнді бұлт қоршайды
Күн жауарға ұқсайды
Айда бұлт қоршайды,
Айды байқап қарасам-
Түн жауарға ұқсайды,
Бойды байқап қарасам
Қол - аяғым көсіліп,
Аузы - мұрным ісініп,
Алланың хақ бұйрығы
Маған таяғанға ұқсайды.
Осы жерде Ер Тарғынның мертігіп жатқандағы көңіл- күйі табиғат көрінісімен қатар алынып суреттелген. Ай мен күнді бұлт қоршап, жауын жауатындығына ұқсауы батырға қауіп төнгенін меңзейді.
Пейзаж- әдеби шығармадағы жаратылыстың яқи табиғаттың әсем көрінісі, көркем бейнесі. Ж. Аймауытовтың "Қартқожа" романында мынадай табиғат суреттері бар:
1."Аспанда ақ сабынның көбігіндей, ақ мақтадай ақ бұлттар".
2."Жаздың бір түні. Көреген аспандағы көп жұлдыз бен көк торғынға шашылған бриллиант тасындай жылт-жылты етеді. Айдын көлге шомылған аққудай көк торғындай көкте сұлу ай жүзеді.
Пьеса- драматургиялық шығармалардың жазылу түрі. Трагедия да, драма да, комедия да пьеса түрінде жазылады. Пьесада прозадағы, поэзиядағы сияқты авторлық суреттеулер, мінездеулер, баяндаулар болмайды.
Шығарманың барлық оқиғасы, ойы, кейіпкерлер бейнесі- бәрі кейіпкерлердің өз сөздері аркылы жасалынады.
Сұхбат(интервью)- пікірлесу, сұрақ- жауапқа өте ұқсас болғанымен, өзінің жеке ерекшілігі бар. Сұхбат, негізінен, еркін түрден гөрі ресми жағдайға байланысты жүргізіледі. Радио, теледидар, газет- журнал, т.б тілшілері кез- келген тақырыпта сұхбат ала береді. Бұл бір же бірнеше адамдар арасында бір мезгілде кезекпен, тез ауысып сөйлесу арқылы жүзеге асады.
Сұхбат кезінде әңгіме тақырыбы жағдайға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін, сұхбатқа қатысушылардың тез сөйлеуіне, бірдей жауап беруіне байланысты ойдың қысқа айтылып жеткізілуі қажет.
Сценарий(итал. scenario, лат. scena, scena- "сахна" дегенді білдіреді)- кинофильмнің, теледидар қойылымының композициялық түрі, негізі. Сценарийдің әдеби- драматургиялық шығарма ретіндегі ерекшеліктері кино мен теледидардың синтетикалық сипатынан туындайды. Сценарий- драматургияның да, прозаның да тәсілдерін бойына сіңірген, сондай-ақ болашақ кино не телешығарманың дыбыстық, музыкалық әліптелуін де қамтитын өзгеше драматургиялық түр. Сценарийдің өзіндік бітімі бар әдеби, публицистикалық туынды екенін мойындай отырып, оның ең әдемі экрандық қойылым үшін жазылатындығын ескерген жөн. Сценарий образдық жүйе экранда бейнеленгенде ғана тәмамдалған , толыққанды сипатты иеленеді.
Драматургиялық түр санатындағы киносценарий же теледидар сценарийі болып бөлінеді.
Мектептегі әдебиет теориясынан берілетін білім көркем шығарма табиғатын танудың құралы, кілті болып есептеледі. Одан білім беру жеке қарастырылмайды, ол көркем шығарма мен тығыз байланыста, оны оқып үйрену кезінде қалыптасады.
Оқу бағдарламасында оқушылардың жас рекшеліктеріне, сыныптарында, одан оқылатын көркем шығармалардың сипатына қарай берілетін білім мөлшері белгіленген. Окушыларда оқылатын материалдар ерекшелігіне байланысты әдебиет теориясы ұғымдарына түсінік беріліп отырады. Мысалы, мысал жанрына берілеген шығармадан кейін "мысал" деген не, оның негізгі сипаттамалыр туралы анықтама беріледі. Сонымен, мектепте оқушыларға берілетін әдеби-теориялық үғымдар жүйелі түрде көркем шығармамен байланыста. Оның негізгі ерекшеліктерін танытатын құралдар ретінде әдебиет танудың маңызды бір саласы дәрежесінде оқытылады. Оқу бағдарламасы, сол бойынша жасалған оқулықтарды парақтай отырып, әрі осы сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне, оқылатын көркем туындылардың құрамына қарай отырып әр сынып бойынша төмендегі жүйеде әдебиет теориялық ұғым беруге болады деп есептейміз:
5- сынып:
1. Халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша түсінік. Әдебиет туралы кіріспе әңгіме
2. Ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары: мақал, мәтел, жұмбақ, батырлар жыры, қиял-ғажайып ертегілер, әдеби ертегілер туралы алғашқы ұғымдар
3. Мысал жанры Әдебиеттегі дәстүр туралы, аударма туралы алғашқы түсінік.
4. Өлең, оның өзіндік ерекшелігі құрылысы жайында кіріспе әңгіме
5. Әңгіме жанры. Сюжет, эпизод туралы түсінік
6. Әдеби кейіпкерлер олардың портреті
7. Лирика. Табиғат лирикасы туралы алғашқы ұғым
8. Гипербола. Эпитет. Теңеу
9. Көркем шығарманың тақырыбы туралы алғашқы әңгіме
10. Монолог, повесть, баллада туралы алғашұы үғым
6-сынып:
1. Шыншыл ертегілер, аңыз әңгімелер, жаңылтпаштар туралы ұғым.
2. Өлең құрылысы, ұйқас түрлерінен хабар беру.
3. Суреттеу, баяндау, әңгімелеу, композиция туралы түсініктерін кеңейту.
4. Өмірбаяндық әңгіме жанры туралы алғашқы ұғым
5. Сюжетті өлеңдер туралы түсінік. Лирака туралы алғашқы ұғым
6. Теңеу, эпиттет, метафора туралы төменгі сыныпта алған білімдерін толықтыру.
7- сынып
1. Батырлар жыры туралы ұғымдарын тереңдету.
2. Оптимизм, романтика, риторикалық сұрақтар, аллитерация, ассонанс туралы түсінік
3. Табиғат лирикасы туралы білімдерін тереңдету
4. Ирония, сатира, эпитеттің ұлғайған түрі, антитеза жайында хабар беру
5. Әдеби бағыттар. Реализм туралы алғашқы ұғым.
6. Публицистика жанры, көркем шығарма түрі, поэтикалық туралы ұғым
7. Суреттеу, баяндау, әңгімелеу жайындағы білімдерді жетілдіру.
8. Суреткер ақын, Лирика ақын" ұғымына түсінік беру
8-сынып
1. Поэма туралы ұғымдарын тереңдету.
2. Сюжет, компазиция, көркем шығарма, тақырыбыбыидеясы, кейіпкерлері туралы тусініктерін кеңейту
3. Тип, прототип туралы алғашқы ойлар,
4. Ұйқас түрлері туралы түсініктерін кеңейту
5. Шешендік сұрау, шешендік лептеулер, анафора мен эпифора туралы ұғым
6. Драмалық шығариалар туралы алғашқы түсінік
9-сынып
1. Гиперболла, тұрақты эпитет, әдебиеттегі тектілік жайындағы білімдерін тереңдету
2. Айтыс, инфровизация туралы түсінік
3. Жыршы, жырау, ақын, толғау офаризм туралы ұғым
4. Дәстүр мен жаңашылдық реализм, романтизм әдеби бағыттар жайындп хабар беру
5. Трапа, фигуралардан бұрынғы сыныптардан алған білімдерін тереңдету
6. Поэзиядағы оптимистік элегиялық сарын, әдеби характер, әдеби тип, лирикалық шегіністер туралы ұғым.
7. Сын зерттеу еңбектері, сценарий, либретт туралы алғашқы ұғымдар беру
Мектеп бағдарламасында әртүрлі әдеби-теориялық ұғымдар, әдеби жанрлар, тілдің көркемдегіш тәсілдері, ажарлау және троптың түрлері және өлең өлшемдері жайлы ұғымдар кездеседі. [2,59б]
Бұл әдеби-теориялық ұғымдар барлық сыныптарды, яғни, 11-сыныпқа дейінгі бағдарламаны қамтиды. Мұның барлығы бір мақаланың көлеміне тарлық ететіндіктен, 5-сыныпқа ғана тоқталғанымыз жөн. 5-сыныпта әдебиеттен мынадай теориялық ұғымдар қарастырылған: әдеби қаһарман, әңгіме, әсірелеу, буын, бунақ, тармақ, жанр, ұйқас түрлері, портрет, мінездеме, лирика, эпитет, пейзаж, метафора, метонимия, өлең, теңеу, т.б.
Бұл сыныпта әдебиеттен халық ауыз әдебиеті және оның негізгі жанрлары, туралы алғашқы ұғымдар және мысал, өлеңдер, жазба әдебиеттің басталуы, өлең, әдеби кейіпкерлер туралы түсінік беріледі. Сонымен қатар, өлеңнің құрылысы, портрет, пейзаж, мінездеме, лирика, повесть, кейіптеу, поэма ма әңгіме т.б. әдеби-теориялық ұғымдардан алғашқы мәлімет беріледі. Осы кезден бастап, бұл ұғымдармен танысып, талдап өскен бала жоғары сыныптарға барғанда қиналмайды, шығарманы оп-оңай талдап алып кете алады. Сол үшін оқушылардың тілін дамыту және талдап үйрету мақсатында ерте бастан шығарманы талдау жолдарын меңгерткен жөн.
Әдеби-теориялық білім берудің маңызды бір саласы - әдебиеттің көркемдігі, троп пен фигуралар туралы білім беру. Бұл жұмыс көбіне көркем шығарма тіліне поэзиялық шығармаларға поэтикалық талдаулар жасау арқылы, яғни, практикалық жұмыстар арқылы жүзеге асады. Мәселен, осы 5-сыныпта Абайдың Қыс өлеңі беріледі. Өлеңді талдау барысында оның айтпақ ойы мен көркемдік ерекшеліктеріне баса назар аударамыз. Қыс өлеңінде ақын кейіптеу тәсілін қолданады. Яғни, кейіптеу дегеніміз -ақынның жансыз табиғат құбылыстарын кейде кәдімгі тірі адамға, жан иесіне ұқсатып, жандандыра, құлпырта суреттеуі. Бұл ретте оқушылар қысты көздеріне елестетеді, жансыз қыстың кәдімгідей ақ сақалды атаға айналып кеткендігіне таңырқайды. [3,152б]
Поэзиялық шығармаларды талдағанда, меңгертетін маңызды мәлімет, буын, бунақ, гармақтар және ұйқастың түрлері. Оқушыларға кез келген поэзиялық шығармаларды оқыту барысында өлеңді талдап, ұйқасын және буын түрлерін ажыратып берген жөн. Келесі сабақтарда оқушы өз бетімен талдай алатын болады. Және келесі сабақта басқа өлеңді талдау арқылы оқушыларға өлеңнің құрылысы мен ұйқастары әртүрлі болатынына көздерін жеткізу көзделеді. Бұл жерде менің қолданатын әдісімнің бірі - оқушыларға кейбір әдебиет сабақтарында өлең құратып, сосын өздері құраған өлеңдерін ұйқас түріне талдату. Бұл оқушылардың есіне жақсы сақталуына көмектеседі. Прозалық шығармаларды оқыту барысында меңгертетін әдеби-теориялық ұғымдардың бірі - портрет. Оқушы мұны жай ғана есінде сақтай алмайды, сондықтан, мен оларға достарына портрет жазып келуді тапсырамын. Сондағы 5 ә сынып оқушысы Сейітхан Балаусаның құрбысы Онласын Сымбатқа жазған портреті мынадай: Сары қыз, қысық көз, пұшық мұрын, пысық қыз, сүйкімді, озат оқушы, жұқа қас, қоңыр шаш, қоңыр қарашық. Ал, пейзаж ұғымын түсіндірген соң, өз туған жерлерінің табиғатын суреттеу тапсырмасы берілсе, мінездеме ұғымынан соң, досына, таныстарына, кейіпкерлерге мінездеме беру тапсырылады. Мұның барлығы оқушыларды практикалық жұмыстарға тарту, яғни, алған білімдерін іс жүзін де қолдану білуге үйрету мақсатын көздейді. [4,92б]
Прозалық шығармаларды меңгертудің тағы бір тәсілі - шығармаларға сахналық көрініс қою. Мәселен, осы сыныптағы оқушылар Ғабит Мүсіреповтың Жаңа достар әңгімесін оқуға берсек, құр оқи салып келесіде бірнеше оқушы ғана айтып, қалғаны ұмытып қалар еді А. сахналық көрініс қою арқылы оқушы санасына әңгіменің мазмұны мықтап орнықты. Және барлық оқушы сахнадағы рөлдерге қарай отырып, пәнге деген қызығушылығы арта түсті. Соның нәтижесінде оқушылар шығарманың тақырыбы мен идеясын жақсылап меңгерді, зытып келем, зытып келем" деп басталатын сез барлығының санасына сіңіп қалды. Мұның өзі әдеби- теориялық ұғымдарды меңгертудің қиын да қызықты жолдарының бірі деп білем.
Әдебиетті жете түсінудің негізі - шығарманың көркемдік әсерін оқушының сезіне білуінде. Мұғалімнің оқыту тәжірибесіндегі әртүрлі әдістерді қолданудың бәрі де көркем шығарманы, әдеби-теориялық ұғымдарды жете меңгертуді көздейді.
Әрбір көркем шығарманы түсініп оқып, оған қызығып, одан нәр, ләззат ала білгенде ғана оқушының рухани жан дүниесі байып, ойдағыдай өсіп жетіледі.
1.2 Әдеби- теориялық ұғымдарды қалыптастыру жолдары
Қай сыныпта болмасын, әдеби-теориялық ұғымдар көркем шығарма негізінде, онымен тығыз байланыста түсіндіріледі. Мысылы, 5- сыныпта ауыз әдебиеті үлгілерінен Керқұла атты Кендебай ертегісі беріледі. Мұғалім ертегісін оқыту үшін, сабақ дайындығы кезінде осы шығармаға байланысты қандай әдеби теориялық ұғым беру керек, оны қандай әдіс тәсілдермен оқушы санасына жеткізеді- соны ойластырады. [5,85б]
1. Керқұла атты Кендебай ертегісін оқыта отырып, мынадай әдеби \ теориялық ұғым беріледі:
A) Фольклор, ауыз әдебиеті туралы алғашқы қарапайым түсінік.
Б) Ертегілер, оның ішінде қиял-ғажайып ертегілер жайында әңгіме.
B) Ертегі оқиғалары, сюжет, эпизод, кейіпкерлері туралы алғашқы ұғым.
Г) Әсірлеу туралы тусінік
Енді осы әдеби- теориялық ұғымдарды сабақтың қай кезеңінде беру тиімді- соған тоқтайық. Фольклор, ауыз әдебиет, ертегі туралы жалпы ұғымды ертегіні бастайтын алғашқы сабақта, кіріспеде берген жөн. Ертегіні талдау барысында мұғалім басты-басты оқиғаларға тоқталады, балалармен біріге отырып, жопар жасайды, оқиғаларға ат қояды. Мысалы, ол тапсырма былай орындалады:
Керқұла атты Кендебай ертегісіндегі басты оқиғалар:
1-оқиға. Кендебайдың тууы, алып болып, тез өсуі.
2-оқиға. Кендебайдың Көкжалды өлтіруі.
3-оқиға. Еркек құлынды үйге әкеп асырауы. Одан Керқұла аттың өсіп.
4-оқиға. Керқұламен аң аулауы. Халықты асырауы, атының әлемге таралуы.
5-оқиға. Жетім балаға кездесуі. Жетімнің басынан өткендері.
6-оқиға. Керқұла атқа тіл бітуі, ақыл беруі.
7-оқиға. Кендебайдың сапарға аттануы.
8-оқиға. Кендебайдың аралға тап болуы.
9-оқиға. Хан жарлығы. Екі баласына берген тапсырмасы.
10-оқиға. Күзеттегі оқиға. Хан тапсырмасының орындалмауы.
11-оқиға. Кендебайдың алтын құйрықты қолға түсіруі.
12-оқиға. Кендебайдың дәулермен соғысы. Арыстанмен соғысы.
13- оқиға. Құлынды тауып, ханға оралуы, өтініші.
14-оқиға. Ханның жаңа шарты.
15-оқиға. Хан шартын орындап, жетімді де, халқын да бақытқа бөлену.[6,83б]
Осы мәселелерді кесте-плакатқа жазып, ертегіні талдаудауда оны көмекші, әрі көрнекілік ретінде пайдалану да тиімді. Мұғалім осыған қарай отырып, оқушыларға оқиға деген не екенің түсіндіреді, ертегілердің оқиғалардан тұратынын әнгімелейді. Енді ертегі деген не, оның қиял-ғажаып түрі қандай болады, содан хабар беру үшін, жоғарыдығы кесте-плакатты назарға ала отырып, оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды, тапсырма орындатады:
1. Балалар, бірінші оқиғаға қараңдар, әр кітаптан оқиғаны еске түсіріңдер. Кендебай туа салысымен, қалай әседі?
2. Кендебайдың алты жасында алып болып өсуі шындыққа сәйкес пе?
3. Керқұла аттың тіл бітіп, сөйлеуі қай оқиғада еді?
4. Биенің алтын құйрықты құлын табуына сенуге бола ма?
5. Жеті басты дәулер, алып арыстандар қиялдан туған ба, әлде ондайлар бар деп есептейтіндер ме?
Міне, осы сұрақтар талқыланғаннан кейін, мұғалім ертегі жайыңда, оның қиял-ғажайып, түрі туралы қорытынды пікір айтады. Яғни ертегінің халық арманы , қиялынан туатыны, халықтың Кендебай деген алып қамқоршымыз болса, ол халық ұлы боп, халыққа еңбек етсе, жетім- жесірлерге пана болса деп, армандауы, сол арманның қиялға жол ашуы туралы әңгімелейді. Ертегідегі ғажайып, қиялға байланысты оқиғаларды бөліп ала отырып, қиял-ғажаып ертегілер туралы алғашқы түсінік береді. Ертегілердін көпшілігі Ерте, ерте, ерте екен" деп басталатынына, оның қарасөзбен айтылатыныңа назар аудартады. Әдеби-теориялық ұғым мұнда оқушылардың өзін қатыстыра, ертегіні талдаумен бірлікте беріліп отыр. Әдеби-теориялық ұғымды берудің ең тиімді әдісі оны көркем туындыдан бөліп алып қарастырмай, бірге беруіне болып табылады.
Әдеби-теориялық ұғымдарды берудің келесі бір жолы- салыстырмады жұмыстар, салыстыру әдістері. Мысалы: осы 5 сыныпта ертегілерден кейін әдеби ертегілер беріледі. [7,83б]
Әдеби ертегінің авторы болатыны;
Оның қара сөзбен де, өлен, поэма түрінде де жазылатыны, халық арасындағы аңыздарды негізге алатыны, соған құрылуы.
Әдеби ертегінің ауыз әдебиетіндегі ертегімен үндестігі
A) Оқиғаларының қиял-ғажайыпқа құрылуы.
Б) Ертегідегі халық арманы, қиялы.
B) Әдеби ертегілерде жан-жануарлардың қатысуы. Әділдіктің, халықтың жеңуі.
Ал осы үндестік пен айырмашылықты, әдеби ертегінің өзіне тән қасиеттері туралы ұғымды оларды оқыту процесінде, салыстыру арқылы беру керек. Мысалы, ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫәжібаевтың Толағай туралы аңыз-ертегісін оқып, талдап болған соң, әдеби-теориялық ұғым беру мақсатында төмендегідей жұмыстар жүргізіледі:
1. Балалар, Керқұла атты Кендебайдың авторы бар ма?
2. Авторы неге жоқ?
3. Ал, Толағайды кім жазды? Ол туралы біз не деп едік?
4. Енді осы ертегіні салыстырып көрейік:
A)Вкеуінде қандай қиял-ғажайып оқиғалар бар?Қысқаша айтып беріндер.
Ә) Кендебай мен Толағайдың мінездерінде, іс- әрекеттерінде қандай ұқсастық бар?
Б) Екеуіндегі әсірелеуді кітаптан тауып, оқып беріңдер.
5. Ал енді, балалар, сонымен әдеби ертегілер деп біз қандай ертегілерді айтады екенбіз? Оның халық ертегілернен басты басты айырмашылықтары мен ұқсастығы туралы ұққандарыңды айтып беріңдер. Ары қарай балалармен біріге отырып, әдеби ертегі туралы әдеби теориялық ұғым жинақталады.
Әдеби-теориялық ұғымдар берудің маңызды бір саласы- әдебиеттің көркемдігі, тропа, фигуралар туралы білім беру. Бұл жұмыс көбінде көркем шығарма тіліне, поэзиялық шығармаларға поэтикалық талдау жасау арқылы, яғни практикалық жұмыстар арқылы жүзеге асады. Мысалы 5- сыныпта Абайдың Қыс, Күз атты пейзаждық лирикалары беріледі. Тадау барысында оқушыларға әдеби-теориялық ұғымдарды да қалыптастыру көзделеді. Ол, біріншіден, лирика туралы қарапайым түсінік, екіншіден, өлең құбылысы, тармағы, ұйқасы туралы алғашқы ұғым беру. Бұны сұрақ-жауап, поэтикалық талдау, кітаппен жұмыс арқылы жүргізуге болады.
1. Балалар, Күз , ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz