Сызуды оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы
Қазақстан Республика Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісұлы атындығы Батыс Қазақстан университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы:Мектептегі сызу пәнінің басқа пәндермен байланысы, пәндер арасындағы байланыстың дидактикалық негіздері.
Орындаған : Бейнелеу өнері және сызу мамандығының ИИЧ-31 тобының студенті Хайршакова А.Ж
Тексерген: Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Молдашева Б.А
Орал 2020
Жоспар
I. Кіріспе.
II. "Сызу техника тілі" . Сызуды оқыту әдістемесі.
2.1 Сызу пәнінің маңызы , міндеті, мақсаты .
III. Сызу сабағындағы көрнекіліктер
IV. Сызу пәнінің басқа пәндермен байланысы
4.1 Пәнаралық байланыс әдістемелік нұсқаулығы.
4.2 Пәнаралық байланыстың маңыздылығы.
Қорытынды.
Пайданылған әдебиеттер.
Кіріспе
"Мәңгі ойлап табыңыз, көріңіз,
жетілдіріңіз және жетілдіріңіз
- міне, мұғалімдер өмірінің жалғыз курсы
К. Д. Ушинский.
Қазіргі ғылымның барлық салалары бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан мектептегі оқу пәндерін бір-бірінен оқшаулау мүмкін емес. Пәнаралық байланыстар дидактикалық шарт және мектептегі ғылым негіздерін терең және жан-жақты игерудің құралы болып табылады. Сонымен қатар, олар оқушылардың ғылыми білім деңгейін арттыруға, логикалық ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
Сызу, технология, геометрия, бейнелеу өнері, физика және химия сабақтарында осы пәндердің бірінен алған біліктер мен дағдылар тікелей сабақтарда басқаша қолданылады. Бұл сабақтарда қолданылатын карталар, диаграммалар, диаграммалар, өрнектер және т.б. бірыңғай графикалық режимді қажет етеді. Сызу сабағында пәнаралық байланыстарды өзектендіру оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Сабақтарда алынған білім мен дағдыларды адам өмірінің әртүрлі салаларында қолданудың көпжақты мүмкіндіктерін ашады; оқушыларға пәндік жетістіктерін жоғары деңгейге көтеруге көмектеседі. Пәнаралық байланыстар тұлғалық (оқу іс-әрекетінің барабар уәждемесі), реттеуші (өз іс-әрекеттерін бақылау және бағалау), танымдық (логикалық іс-әрекеттер мен операциялар спектрін кеңейту) және коммуникативтік (ақпаратты барабар қабылдау және беру, теория мен практикадағы қызметтің пәндік мазмұны мен жағдайларын көрсету) әмбебап оқу іс-әрекеттерін дамытады.
Сабақты пәнаралық байланыстармен Мұқият дамыту қажет. Мұндай сабақты әзірлеудегі ең бастысы-пәнаралық байланыстарды ескере отырып, сабақтың мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау; сабақта қолданылатын мектеп циклінің пәндері бойынша білімді жаңғыртуды және қолдануды талап ететін оқушыларға нақты сұрақтарды тұжырымдау. Пәнаралық байланыстар сабаққа фрагмент немесе сабақтың жеке кезеңі түрінде енгізілуі мүмкін.
"Сызу" негізгі жалпы білім берудің үлгілі бағдарламасында сызбалар инженерлер, дизайнерлер мен жұмысшылар арасындағы қарым - қатынас құралы ғана емес, қазіргі техногендік әлемде өмір сүретін адамның графикалық мәдениетінің негізі болып табылады.
Сызу мен геометрияны оқытудағы ортақ нәрсе осы екі пәнді оқыту процесінде тарихи қалыптасқан дәстүрлерге негізделген. Математика бағдарламасының түсіндірме жазбасында геометрияны Зерттеудің мақсаты жазықтықтағы фигуралардың қасиеттерімен танысу, кеңістіктік көріністер мен кеңістіктік қиялды дамыту деп айтылады. Сонымен қатар, практикалық дағдылар мен дағдылар алынуы керек, оған өлшеулерді орындау және практикалық сипаттағы әртүрлі геометриялық есептерді шешу мүмкіндігі кіреді. Дәл осындай міндеттер басқалармен қатар сызу курсында да шешіледі; бұл пәндерді оқытуда байланыстың қажеттілігі оқушылардың геометрияда да, сызбада да сызбаларды орындауға үйретілетіндігімен байланысты, бұл студенттерді практикалық іс-әрекетке дайындау міндеті болып табылады.
Сызу сабақтарында пәнаралық байланыстарды пайдалану оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдыларын бір пәннен екінші пәнге ауыстыру құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
II .Әлем елдері қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білімнің қажеттілігін алғашқы орынға қоя бастады. Еліміздің тұрақты экономикалық өсуі еңбек нарығының құрылымына елеулі өзгерістер әкеліп білімді де білікті, белсенді азаматтық ұстанымы бар азаматтар, бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарға деген сұраныс күн санап арта түсуде. Сол себепті ұлттық деңгейдегі білім берудің мақсаты-еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне қатысуға дайын құзіретті, интеллектуалды және рухани жағынан дамыған тұлғаның қалыптасуына ықпал ету.
Еліміздегі техникалық даму әрбір адамның жоғарғы деңгейде графикалық сауаттылығымен, мәдениеттілігімен тығыз байланысты. Өндірісті механикаландыру, автоматтандыру және олармен жұмыс істеу үшін адамдардың техникалық сауаттылығын керек етеді. Ал техникалық сауаттылық сол адамдардың сызбаларды еркін оқи да,оларды орындай да білуі екенін ескеру керек. Заман талабына сәйкес бұрынғы сызу пәнін оқыту бағдарламасына кейбір өзгерістер енгізіліп, негізінен техникалық сызбаларға көбірек көңіл бөлінген (бұл жерде айта кету керек,осыған дейінгі бағдарламаларда негізінен геометриялық құрылымдарға сәйкестендіріліп жасалған болатын. Сабаққа берілген уақыттың біразы сол геометриялық денелер және олардың комбинациялары тақырыптарына бөлінетін).
Ғылым мен техниканың дамуына сәйкес колледж студенттерінің графикалық дайындығын жақсартуды керектігі, бұл - өмір талабы. Осыған байланысты оқу пәндерінің системасында сызу пәнінің алатын орны анықталып, ол өз орнын табу керек. Неғұрлым осы пәнді оқыту әдістемелерін жетілдіріп, оны өмірге дұрыс пайдалана білсек, соғұрлым адамзат тіршілігінін барлық саласында қолданылатын сызбаларды оқушыларымыз оқи да, орындай да алар еді.
Сызба деп нәрсенің кескіні және оны түсіндіруге қажет басқа да мәліметтер келтірілген құжатты атайды. Сондықтан сызба -- ұшақтар, кемелер, зымырандар, тракторлар, экскаваторлар және т.б. жасау үшін, кез келген ғимараттар, көпірлер, жолдар, соңдай-ақ су, газ, мұнай, электр энергиясын т.б. жеткізуге арналған әртүрлі желілер тұрғызу үшін қолданылатын негізгі құжат болып табылады. XIX ғасырдың басында-ақ француз ғалымы Гаспар Монждың Сызба -техника тілі деуі тегін емес.
Сызу - техника тілі болғандықтан, казіргі заманғы өндірістің негізгі, заңдылықтарын түсінуде аткаратын кызметі орасан зор. Күн сайын заводтарда әр түрлі бұйымдар, ұшақтар, тұрмыстық бұйымдар, т.б. нәрселер жасалып жатыр. Бұлардың бәрін сызбасыз жасап шығару мүмкін емес. Сызбалар бойынша машиналардың тетік бөлшектерін дайындап, дайын бөлшектерден күрделі машина механизмдерін құрастырады. Сызу техникада ғана керек емес. Біздің заманымызға сай кез келген мамандық иелерінің үнемі серігі болып табылады. Біз бұл құбылысқа көңіл бөле бермейміз. Тек қана, неге мұндай?, неге сондай?, неге қисық?, неге түзу? т.б. осындай сұрақтар туындағанда ғана, сол сұраққа жауап іздеп шытырман сызықтар, өлшемдерді қағаз бетіне қалай түсіргенімізді білмей қаламыз. Бұл - сызу. Демек, техниканың дамуының тілі.
Сызуды оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы. Ол сызуды оқыту мақсаттарына сай сызуды оқытудың дидактикалық мәселелерін зерттейді. Әдістеме терминінің төркіні методика, метод, әдіс, жол деген грек сөзінен шыққан. Сызуды оқыту әдістемесін басқаша сызу педагогикасы, сызу дидактикасы деп те атайды. Бұлардың мағынасы бір біріне өте жақын, сондықтанда оларды біз бір мағынада қолданамыз. Сызуды оқыту әдістемесі ең алдымен мектептегі сызу пәнімен тікелей байланысты дамиды. Сызуды оқыту әдістемесі бір қырынан алып қарағанда педагогика ғылымының бір саласы болса, екінші бір қырынан қарағанда болашақ сызу пәнінің мұғалімдерін педагогикалық қызметке әдістемелік тұрғыдан дайындайтын оқу пәні ретінде танылады.
Мектептегі сызу пәнінің білімдері мен дағдылары молайып, мазмұны тереңдеп, ауқымы кеңейген сайын, оны үйретудің мәселелері де өзгеріп, күрделене береді, осыған сай жаңа тәсілдер пайда болып отырады. Жаңадан қосылған тәсілдер жинақтала келе жаңа әдістеме құралады. Сызуды оқыту әдістемесі сызуды оқытудың бірнеше әдістерінен құралады. Сызуды оқыту әдістері сызуды оқытудың бірнеше тәсілдерін біріктіреді. Сызуды оқыту әдістемесі сызуды оқытудың дәстүрлі әдістемесі және сызудың жаңа оқыту әдістемесі болып бөлінеді. Сызуды оқытудың дәстүрлі әдістемесі бұрыннан қолданыста келе жатқан сызуды оқыту әдістерінен құралатын болса, сызудың оқытудың жаңа әдістемесі оқыту проблемаларын шешудің жаңадан ендірілген әдіс тәсілдерінен құралады.
Сызуды оқыту әдістемесі өзара тығыз байланысты үш сауалға жауап беруге тиіс: Бірінші: сызуды не үшін оқыту қажет? Екінші: нені оқыту керек? және қандай тәртіппен, ретпен оқыту керек ? Үшіншіден: сызуды қалай оқыту керек?
Сызу пәні бойынша мектепте қандай материал қандай ретпен өтілуі тиіс екендігі мектеп сызу пәні бойынша бағдарламалар мен оқулақтарда көрсетілген. Сызуды қалай оқыту керек? деген мәселе сызуды оқыту әдістемесі пәнінің еншісіне тиеді.
Сызуды мектепте оқыту әдістемесі пәнінің алғашқы дәрісбаяны мектептегі сызу пәнін оқытудың мақсат міндеттері, тақырыптары, әдістері мен әдістемесі туралы студенттерге түсініктер беруден басталады.
Мектептегі сызу пәнін оқытудың мазмұны сызуды мектепте оқытудың мақсат міндеттеріне байланысты анықталады. Сызуды мектепте оқытудың мақсаты оқушыларға машина құрылысы сызбаларын, машина құрылысы бөлшектерін, сәулет құрылыс сызбаларын таныстырып, мектептерде сызуға арналған оқулықтар мен бағдарламалар туралы түсініктер беріп, сызбалар туралы оқушыларға қарапайым түсініктерді меңгертіп, оқушыларға сызудың ептейліктері мен дағдыларын қалыптастыру міндеттері қойылады.
Сызуды мектепте оқытудың негізгі тақырыптары сызбаны безендіру мен сызу құрал жабдықтарымен жұмыс істеу, проекциялау, проекция түрлері, кескінді екі немесе үш жазықтыққа проекциялау әдістері, белгісіз проекцияны табу, аксонаметриялық проекциялар, техникалық сурет және эскиздер сызбалары, қима мен тілік сызбалары, аксонометриялық қиылысу сызбалары, стандарттармен танысу, сызбаны безендіру мен сызу құрал жабдықтарымен жұмыс істеу бағыттарын қарастырылады. Сонымен қатар оқушылар аксонаметриялық проекциялар, техникалық сурет және эскиздер, сызбаны оқу, қима мен тілік, аксонометриялық қиылысу, шрифт тақырыптары бойынша практикалық сабақтарда түрлі сызба жаттығуларын орындайды.
Сызуды мектепте оқытудың негізгі тақырыптарына байланысты сызуды оқыту әдістері таңдап алынады. Олар сызбаны безендіру мен сызу құрал жабдықтарымен жұмыс істеуді үйрету әдістері, проекциялау, проекция түрлері, екі үш жазықтыққа проекциялау түрлерін оқыту әдістері, проекцияны шешу жолдарын оқытып үйрету әдістері болып бөлінеді. Сонымен қатар болашақ мұғалімер жоғары оқу орынында сызуды оқыту әдістемесі пәнінің дәрісбаян сабақтарында аксонаметриялық проекциялар тақырыбын оқыту әдістері, техникалық сурет және эскиздер тақырыбын оқыту әдістері, сызбаны оқыту сабағы және оның әдістері, қима мен тілік сабағын жүргізу әдістері, аксонометриялық қиылысуды оқыту әдістері стандарттармен таныстыру әдістері, жалпы орта білім беру мектептерінде сызуға арналған оқулықтар мен бағдарламаларды талдау әдістері, сызбаны безендіру мен сызу құрал жабдықтарымен жұмыс істеу әдістері, проекция түрлері, екі үш жазықтықтағы проекциялау түрлері, проекцияны шешу жолдары тақырыптарын оқытып үйрету әдістерімен таныстырылады.
Сонымен қатар студенттер сызуды оқыту әдістемесі пәнінің практикалық сабақтарында аксонаметриялық проекциялар тақырыбын оқыту әдістері, техникалық сурет және эскиздер тақырыбын оқыту әдістері, сызбаны оқыту сабағы және оның әдістері, қима мен тілік сабағын ұйымдастыру әдістері, аксонометриялық қиылысуды оқыту әдістері тақырыптары бойынша мұғалімнің практикалық жұмысына қажетті педагогикалық іс әрекеттерге бағытталған жаттығуларды орындайды.
Сызуды оқытудағы маңызды оқу мәселесінің бірі оқушыларды сызбаны безендірудің негізгі ережелерімен таныстыру. Мектептегі сызу сабағын оқыту ең басты екі бағытты қамтиды. Оның біріншісі оқушыларға сызудың негізін құрайтын ұғымдарды, теориялық қағидаларды, терминдер мен анықтамаларды меңгерту болса, оның екіншісі, проекциялау әдісін оқушыларға үйрету және қарапайым сызудың ептейліктері мен дағдыларын меңгерту болып табылады.
2.1 Мектептегі сызу курсының негізгі мақсаты-оқушылардың сызбаларды оқу және орындау дағдыларын қалыптастыру, олардың өзіндік іс-әрекетінің ұтымды әдістерін қалыптастыру, басқаша айтқанда, оқушының ойлау, қиял, есте сақтау және сезім мүшелерін белсенді жұмысқа тарту. Оқушылардың сызу курсы аналитикалық және шығармашылық (комбинаторлық) ойлау компоненттерін құрайды және оқушылардың статикалық және динамикалық кеңістіктік көріністерін дамытудың негізгі көзі болып табылады. Жасыратыны жоқ, көптеген студенттер жеткілікті дамыған кеңістіктік қиялға ие емес. Кеңістіктік қиял өмір бойы бізбен бірге жүреді. Біз үш өлшемді кеңістікте өмір сүріп, қозғаламыз, күнделікті өмірдегі заттар кеңістікті алады. Кеңістіктік қиял әртүрлі мақсаттарға қызмет ете алады. Бұл ақпаратты алу және өңдеу, тапсырмаларды тұжырымдау, белгілі бір мәселені шешуде пайдалы көмекші немесе құрал.
Графикалық білім беруді жетілдіру қажеттілігі өндірістің заманауи талаптарына ғана емес, сонымен қатар оқушылардың техникалық ойлауы мен танымдық қабілеттерін дамытудағы графика рөліне байланысты. Дамыған қиял бизнесменге қауіпті қаржылық шешімдер қабылдау кезінде қажет; өз сөздерінің қоғамдық резонансын болжайтын саясат, ғалым, инженер, кез-келген адам, өз қызметінде өз әрекеттерінің салдары мен оқиғалардың ықтимал нұсқаларын ақылмен ұсынуы керек. Бір сөзбен айтқанда, қиял-адамның өмірлік маңызды қасиеттерінің бірі. Бұл қабілеттің даму деңгейін тексеру көбінесе жұмысқа орналасу кезінде кәсіби іріктеу рәсімдеріне енгізіледі. Жеке тұлға үшін қиял маңызды.
Графикалық тілдің ұлтаралық және халықаралық шекаралары жоқ. Бұл адамдар қай тілде сөйлейтініне қарамастан бірдей түсінікті. Компьютерде өңдеуге графикалық тілді бейімдеу әлдеқайда оңай. Ауызша кез-келген графикалық ақпарат нақтырақ, экспрессивті және қысқа.
Мектепте игерілетін Техникалық сызу стандарттары "Сызба геометриясы және инженерлік графика" пәнінің теориялық және практикалық негізі болып табылады, ол бірқатар мамандықтар бойынша мамандарды жалпы инженерлік даярлау пәндеріне жатады.
Сызба геометриясының барлық мәселелерін шешу аксиомаларға, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін ережелерге негізделген. Олардың қарапайымдылығы мен даусыздығына қарамастан, кеңістіктік қиял жеткіліксіз дамыған және курстың басында ассимиляция жиі қиын. Графикалық мәдениеттің негізі ретінде кеңістіктік қиял адамға өз әрекеттерін болжауға, жоспарлауға және реттеуге мүмкіндік береді. Шындық объектілерінің суреттерін қиялда жасау және олармен жұмыс істеу қабілеті адамның ақыл-ойының тән ерекшелігі болып табылады, ал кеңістіктік қиялдың дамуы белгілі бір дәрежеде оның интеллектуалды дамуына ықпал ете алады.
Кеңістіктік қиялдың даму процесінің өзі сәтті оқу үшін міндетті болып табылатын есте сақтау, ойлау, қабылдау, зейін сияқты психикалық функциялардың оңтайлы және қарқынды дамуына ықпал етеді. Кеңістіктік қиял болашақ инженер үшін сызбалар мен схемалық белгілерді оқу құралы ретінде ерекше маңызды.
Барлық психикалық процестер, соның ішінде мектеп оқушыларының кеңістіктік қиялы іс-әрекеттің нәтижесінде жақсарады. Бұл әрекетті бір нәрсе ынталандыруы және бағыттауы керек, яғни жаттығу жүйесі қажет. Геометриялық шамаларды салыстыру және өлшеу, әртүрлі сурет құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын игеру, ойлау әрекетінің тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған арнайы таңдалған жаттығулар мен міндеттерді шешу.
Сызу пәнінің маңызы. Сызу - графикалық кескіндерді рәсімдеу, орындау және айырып тану теориясының негізгі қағидалары және практикалық амалдары оқылатын оқу пәні. Сондықтан сызуды техника тілі ретінде ғана анықтау жеткіліксіз. Сыза білу -- жаза және оқи білуден кейінгі екінші сауаттылыққа айналды. Олай дейтініміз, сызуды меңгерудің нәтижесінде ғана адам қағазда немесе дисплей экранында өз ойын (ойлап тапқанын) дұрыс кескіндей алады және басқалар орыңдаған немесе әртүрлі техникалық қондырғылар экрандарында пайда болған кескіндерді түсіне алады.
Сызу пәнінің міндеті. Құрама сызбаларды оқи білуге студенттерді оқытып-үйретуде бұйымдардың геометриялық формалары жайлы және бөлшектердің өзара орналасу жайын, олардың құрамды бөліктерін, бұйымның жұмыс жасауын, сондай-ақ өзге техникалық және оның технологиялық сипаттамасын қажетті мәліметтерді мақсатты бағытта алуға көмектесетін бұйымдар жайлы ақпараттарды оқудың белгілі бір жүйелілігін жасап шығу ұсынылады.
Сызу сабағы студенттердің логикалық ойлану қабілетін арттыру, көру, қадағалау, оларды салыстыру, талдау, синтездеу қабілетін қалыптастыруға бағытталу керек. Бағдарлама әрбір сабаққа оқу материалдарын тиянақты дайындап, олардың студенттерге көп салмақ түсірмейтін жағы да қарастырылуы керек. Берілетін тапсырмалардың көп уақытты алмайтындан, бірақ терең түсінетіндей жаттығылардың үлгісі дайындалады. Қоғамның даму жолындағы өндіргіш күштер мен ғылыми техникалық прогрестің өсуі техникалық мамандарды дайындауға жоғары талаптар қояды. Техникалық білімдерін жан-жақты терең игерудің мақсаты, сызба түрлерін практика жүзінде орындай алуы мен қатар ауызша оқи алуы жетістіктері, графикалық сауаттылық екендігін түсіну керек.
Сызу пәнін оқытудың басты мақсаты, студенттердің кеңістіктегі көріністері көз алдына елестетуді дамыту арқылы оқушыларға сызбаларды еркін оқи білуін және олардың техникалық суретін орындау, сұлбасын сызу білуін дамытутехникалық сызбаларды оқи да, орындай да білуіне жол ашу, механизмдегі бөлшектердің өзара байланысын сызбалар арқылы оқи білуі, олардың кеңістіктегі заттардың орналасуын көз алдына елестете білуін үйрету болып табылады. Бұл келешекте әртүрлі кәсіптегі, әртүрлі мамандықта жұмыс істейтін адамдардың түрлі операцияларды орындауда өз ойларын толық жеткізуіне мүмкіндік жасайды. Оқытушы сызу пәнінің бағдарламасы бойынша керекті көрнекі құралдармен дидактикалық үлестірме материалдарын іздене отырып, шаршамай, уақтылы дайындап отырса, осы пәнді оқыту барысы жандана түсіп, студенттердің бұл пәнге деген қызығушылығы артар еді және алған тиянақты білімін келешекте еркін қолдана алуына мүмкіндік болар еді.Әрбір оқытушының алдында үш сұрақ тұрады: неге оқыту, не үшін оқыту және қалайша оқыту.
Оқыту әдістемелеріне ғылыми тұрғыдан анықтама беретін болсақ: Сызба әдістері - бұл жалпы білім берудің, тәрбиелеудің мақсаты мен талабына сәйкеес графикалық сауаттылықтың мазмұны мен әдістерін анықтайтын педагогика ғылымдарының бір саласы. Сонымен бірге сызу әдістері графикалық жұмыстар орындаудағы формаларды талдауда және оқу процесін тиімді ұйымдастыруда үнемді тәсілдерді қолдану әдістерін зерттейді.
Сонымен қатар сызу пәнін оқыту процесінде оқушының өзіндік еркін шығармашылығын дамытуды кеңінен қамту керек. Бірақ әрбір оқытушы өзінің педагогикалық қолтаңбасына, темпераментіне, эрудициясына, шеберлігіне және өзіндік мінез-құлқына сәйкес өз тәжрибесінде басқа да әртүрлі әдістермен бірге өзге тәсілдерді қолдануы да мүмкін.Әрбір тәжірибелі оқытушы әрдайым оқулықтан оқып білгенін сын көзбен қарап, өзінің кәсіби тәжірибесімен салыстыра отырып, нақты жағдайына бейімдегеннен кейін ғана ол кітапты қалай қолдануға болатынын ойлана отырып, шешім қабылдайды.
Аталған мақсатты орындаудағы негізделген талаптар төмендегідей:
- сызу пәнін оқытудағы тәжрибелі мұғалімдердің қолданып жүрген тиімді әдістері;
- оқушылардың ойлану қабілетін және кеңістіктегі нәрсені көз алдына елестете білуіне талаптандыратын әдістер мен құралдар;
- аксонометриялық проекция негіздеріне сәйкес орындалған эскиздер мен көрнекі кескіндерін бейнелеу әдістері мен құралдары;
- практика жүзінде сызбаларды оқи да, орындай да білуіне мүмкіндік жасауды қамтитын әдістер мен құралдар;
Жазықтық бетіне кеңістіктегі формаларды кескіндеу арқылы оның мазмұнын түсіну, басқа пәндерді оқуда да үлкен көмегін тигізетінін ескерген жөн. Сондықтан әрбір сабақта оқушы өз логикасымен ойланып, практикалық, болмаса графикалық жұмыс істегені дұрыс. Бұл жерде айта кету керек, бірыңғай графикалық, болмаса практикалық жұмыс пен шектелуге болмайды. Терең теориялық біліммен қаруланған оқушы, практикалық білімді тығыз ұштастыру арқылы ғана өз дәрежесіндегі графикалық сауатты оқушы бола алады. Әртүрлі тәсілдермен орындалған түрлі сызбаларды, графикалық кескіндерді, схемаларды еркін оқи да,орындай да білген оқушы осы пәнді толық игереді деп есептеуге болады.
Кез келген практикалық тапсырмаларда оқушылардың кеңістіктегі затты көз алдына елестетуін дамытуға, танымдылығын арттыруға, олардың білім өрісін кеңейтуге ықпал жасау керек. Осындай әдістер оқушылардың өтілген материалдарды есте сақтай отырып, олардың ойлану қабілетін, айналаны қоршаған әртүрлі формадағы көріністерге басқаша қарай білуіне, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасайды. Оқытушының сызбалардың дамуы, олардың қандай себептермен өзгеріске ұшырағаны, сызбаларды көрмеудегі өзгерістер туралы қызықты тарихи әнгімелері, оқушылардың білімін жан-жақты арттыру ғана емес, оларға тәрбиелік мән береді. Ондай әнгімелер барысында, міндетті түрде, әртүрлі қызықты суреттер мен көрнекіліктердің, заман талабына сай оқытудың қазіргі технологияларында қолданылатын құралдың көмегімен кодоскоп, оқулық теледидары, компьютерлік жүйелердің мүмкіндіктері, т.с.с. әртүрлі мамандықтар, машиналар, технологиялар, құрылыстарда қолданылатын сызбалардың атқаратын қызметі туралы әнгімелердің беретін әсері мол.
Адамның графикалық ақпаратты өңдеу қабілеті оның ақыл-ой дамуының көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Адам кеңістіктік мәселелерді графикалық әдістермен шешуге қаншалықты дайын болғандықтан, оның жалпы және политехникалық білім дәрежесін анықтауға болады. Сондықтан, менің ойымша, графикалық дайындық жалпы білім берудің ажырамас элементі болуы керек. Мүмкін, бұл сурет курсын оқу бағдарламасына енгізу керек пе, жоқ па, мектеп басшысының даналығына байланысты.
III. Жалпы білім беретін мектептерде оқу - тәрбие жұмысының табысты өтуі, материалдық-техникалық базасына тығыз байланысты. Олардың қатарына оқу кабинеттерін, лабораторияларды және полигондарды жатқызады. Сондықтан да олардың құрамындағы жабдықтарды оқу жабдықтары деп атаймыз. Дегенмен, осы кезге дейін бұл трминнің пайдаланылуы туралы әр түрлі көзқарастар бар. Кейбір кезде оқу жабдықтарына мебельдерді, көрнекі оқу құралдарын, лаборатория жабдықтарын жатқызса, ал кейбір жағдайда оқу жабдықтары деген терминмен оқу құралдары терминнің синоним ретінде қарастырылады.
Көпшілік зерттеушілер кейінгі кезде оқу жабдықтарына оқыту құралдарынан бөлек, техникалық оқыту құралдарын, мебельді және ұрылғыларды жазып жүр. Сондықтан да оқу жабдықтары - оқушылардың оқу процесіндегі іс-әрекетіне көмектесетін, мұғалімнің кейбір жұмыстарын жеңілдететін материялдық құралдар десек те болады.
Оқу жабдықтарына жататындар: 1.оқыту құралдары, 2. Техникалық құралдар; 3. Құрылғылар; 4. Мебельдер. Бұлардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz