ГЕОДЕЗИЯ БОЙЫНША ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс №1. ГЕОДЕЗИЯ БОЙЫНША ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

№1 апта. 2-сағат.

Жоспары: Геодезия - жайлы түсінік. Геодезия қандай ғылыми пәндермен тығыз байланысты. Елiмiздегi геодезиялық қызметтер. Инженерлiк геодезия, оның мәселелерi және маңызы

Геодезия - жер туралы ғылымның ежелгi бiр саласы. Геодезия грек тiлiнен аударғанда "жердi бөлемiн" деген мағананы бередi, ғылым" ретiнде жердiң бетiн өлшеу және бөлуге байланысты адамзаттың практикалық қажетiнен пайда болған. Казiргi геодезия көп қырлы ғылым: күрделi ғылыми, ғылыми-техникалық және инженерлiк есептердi геодезиялық және басқа арнаулы аспаптар арқылы өлшеп, нәтижелерiн математикалық және графикалық өңдеу арқалы шешедi. Оның шешетiн басты мәселелерi:

  1. Жердiң фигурасын, пiшiнi мен көлемiн және сыртқы гравитациялық тартылысын, яғни тартылыс күшiн аныктайды.
  2. Берiлген координаталар жүйесiнде жер бетiндегi нүктелердiң орнын анықтайды.
  3. Жер бетiнiң картасы мен планын жасайды.
  4. Жер бетiнде құрылыстарды жобалау, салу және пайдалану үшiн өлшеу жұмыстарын орындайды.

Жалпы айтқанда, геодезия пәнi дегенiмiз бұл жердiң пiшiнiн зерттейтiн, жердiн бетiн өлшеп, оны план және карта арқылы бейнелетiп көрсететiн ғылым болып табылады.

Геодезия пәнi өзiнiң даму процессiне және жоғарғы шешiлетiн мәселелерге байланысты бiрнеше өзiндiк ғылыми және ғылыми-техникалық салаларға бөлiнедi.

Жоғарғы геодезия Жердiң және басқа планеталардың пiшiнi мен көлемiн зерттеу кезiнде, сонымен қатар, геодезиялық тiрек пункттерiн құруда кездесетiн есептердi шешедi.

Топография кiшiгiрiм жер бетiн түсiру және оның бейнесiн планда толықтырып көрсету әдiстерiн зерттейдi.

Картография жер бетiнiң анағұрлым территориясының бейнесiн картаға түсiру әдiстерi мен оларды құру процесстерiн және картаны түрiне қарай бөлiп, оны жасау мен көбейту технологиясын зерттейтiн геодезияның ғылыми саласы.

Инженерлiк геодезия инженерлiк құрылыстың iзденiс, жоба, салу және пайдалану кезеңдерiндегi геодезиялық жұмыстардың әдiстерiн зерттеумен шұғылданады.

Геодезия әртүрлi ғылыми пәндермен тығыз байланысты, соның iшiнде: математика, астрономия, физика, механика, автоматика, электроника, география, фотография және сызу.

Математика геодезиядағы өлшеу нәтижелерiн өңдеу әдiстерiмен және талдау амалдарымен қамтамасыз етедi.

Астрономия геодезияға жер бетiндегi нүктелердiң координаталары және астрономиялық азимуттары жайында алғашқы мәлiметтер бередi.

Физика мен механиканы пайдаланып, геодезиялық аспаптардың тетiктерiн есептейдi және құрастырады. Аспап шығаруда автоматика және электроника көп қолданылады.

Географияны бiлу жер бетiнiң рельефiн және жер бетiндегi табиғи жамылғыларды дұрыс бағалауға көмектеседi.

Геодезияда қолданылатын фотография әдiсi фотографияны бiлудi қажет етедi, ал план мен картаны графикалық түрге келтiру үшiн топографиялық сызудың әдiстерiн меңгеру керек.

Осы айтылған ғылым салаларының дамуына байланысты, геодезия ғылыми мазмұны жаңартылып, ең жаңа аспаптармен өлшеу және есептеу әдiстерiмен байытылып отырылды. Казiргi кезде көп инженерлiк ғылымдар геодезияның көмегiнсiз дами алмайды.

Елiмiздегi геодезиялық қызметтер.

Геодезиялық жұмыстардың орындалуына байланысты геодезия келесi түрлерге бөлiнедi.

Жер үстi геодезиясы - геодезиялық жұмыстар тiкелей жердiң үстiнде жүргiзiледi. Өлшеу кезiнде жұмыстың мақсатына байланысты әртүрлi аспаптар қолданылады, өңдеу нәтижесiнде жер бетiнiң планын және картасын алады. Бұл қызмет елiмiздiң территориясының барлық жерiнде жүргiзiледi.

Аэрогеодезия - аспаннан (әуеден) ұшақ арқылы жердiң бетiн суретке (фотоға) түсiредi де, арнаулы аспаптар мен қондырғылар арқылы түсiрген фотографияны өңдеу және талдау әдiстерiмен халық шаруашылығының маңызды мәселелерiн шешедi. Мысалы, адам аяғы баспайтын жерлерде: тайгада, шөлде, таулы жерлерде және т. б., сонымен қатар, жол құрылыстарын жобалағанда, орман шаруашылығында қолданатын тиiмдi түсiру әдiсi.

Ғарыштық геодезия - ғарышта жер серiгi арқылы жердiң бейнесi мен оның бөлiктерiн фотоға түсiрiп, оны арнаулы әдiстер мен аспаптар арқылы зерттейтiн жұмыстың түрi.

Жер асты геодезиясы (маркшейдерия) - жер астында және жердiң жоғарғы қабаттарында жүргiзiлетiн арнаулы геодезиялық жұмыстар. Мысалы, шахтада, карьерде, метро және т. б.

Су асты геодезиясы - кейiнгi кезде геодезиялық жұмыстар су астында жүргiзiле бастады, олар теңiздiң, көлдердiң, өзендердiң түбiн, оның рельефiн зерттейдi.

Инженерлiк геодезия, оның мәселелерi және маңызы

Кез келген инженерлiк құрылысты жобалау және салу үшiн инженерлiк геодезия жұмыстары қажет. Мысалы, автомобиль және темiр жол, канал, гидротехникалық құрылыстар, көпiрлер, аэродромдар, кұбыр жүргiзгенде, электр "және байланыс сымдарын тартқанда; әртүрлi өнеркәсiп және азаматтық ғи-"мараттар мен құрылыстарды жобалау мен салғанда; пайдалы қазбаларды iз-"деу, барлау және өндiру жұмыстарында, әртүрлi құрылыстарды, оның элементтерiн салу және пайдалану кезiнде пайда болатын қисаю, созылу, бұзылу деформацияларын анықтағанда инженерлiк геодезия жұмыстар қолданылады.

Жалпы айтқанда, инженерлiк геодезия құрылысты iзденiс, жобалау, салу және пайдалану да орындалатын геодезиялық жұмыстардың әдiстерiн қарастырады.

Жол құрылысына байланысты әр кезеңiндегi геодезиялық жұмыстарды қарастырайық.

Iзденiс кезеңiнде: iрi масштабты топографиялық материалдарды жасау, геодезиялық тiрек торларын дамыту және құрылыстың басты өстерiн жерге шығару үшiн арнайы жұмысты орындау.

Жобалау кезеңiнде: жер бетi (құрылыс салатын жерде) туралы және топографиялық, геологиялық, гидрогеологиялық объектердiң орналасу жайында деректер жинау, жол және оның құрылысының жобасын техника-экономикалық және пайдалану шартына сәйкес келтерiп жасау.

Салу кезеңiнде: құрылыстың басты өстерiн және шекарасын жобаға сәйкестiрiп жер бетiнде анықтау, жер бетiндегi салынатын жолдың геометриялық пiшiнi мен көлемiн қамтамасыз ету, салынып бiткен құрылыстың жобадан тыс кетуiн анықтау (атқару түсiрiс жұмысы) .

Пайдалану кезеңiнде: жол обьектерi мен құрылыстың берiктiгiн тексеру, құрылыстың әртүрлi бөлiктерi мен элементтерiнiң иiлу, сығылу, тартылу деформациясын анықтау, құрылыстың бөлек элементтерiнiң тербелу және шөгуiн тексерiп қарау.

Инженерлiк геодезия жұмыстары құрылыстың барлық кезеңiн қамтиды, яғни айтқанда iзденiс жұмыстарында құрылысты жобалау кезiнде, жобаға байланысты құрылысты жерге шығару кезiнде, құрылысты пайдалануға бергенде және пайдалану кезiнде геодезиялық жұмыстарды қажет етедi. Сондықтан қазiргi жағдайда құрылыс инженерлерiнен жан-жақты геодезиялық дайындықты талап етедi:

1. Карта және планмен жақсы жұмыс iстеу және картаны оқуды бiлу керек.

2. Жер бетiндегi түсiру жұмыстарының әдiстерiн қолдана бiлу.

3. Аэрофототопография әдiстерiн меңгеру.

4. Инженерлiк кұрылысты жобадан жер бетiне шығару жұмыстарын атқара бiлу.

Жердiң пiшiнi және көлемi

Жердiң пiшiнi мен көлемiн дәл бiлу ғылым мен техниканың көп саласына керек (жер серiгi және ғарышқа ракета ұшырғанда, авиацияда, теңiзде жүзуде, радиобайланыста және т. б. ), соның iшiнде ең алдымен жер бетiн картада дұрыс бейнелеу үшiн геодезия саласына өте қажет.

Жалпы ауданы 510 млн. кв. кмге тең Жердiң бетi мұхит элемiнен (71%) және құрылықтан немесе материктен (29%) турады. Мұхит элемiнiң орта тереңдiгi - 3800 м болса, құрлықтың мұхит суларының орташа деңгейiнен орта биiктiгi - 875 м жуық. Жоғарыда көрсетiлген шамалар кұрлық бетiнiң аумағы жалпы Жер бетiнiң аумағынан, ал оның биiктiгi мұхиттың тереңдiгiнен бiршама аз екенiн көрсетедi. Сондықтан Жердiң пiшiнi ретiнде материктiң астынан ойша жүргiзiлген мұхит суларының тыныш күйiндегi беттiң тұйық сызығын алады. Бұндай тұйық бет өзiнiң әр нүктесiндегi тiктеуiш сызыққа, яғни айтқанда ауырлық күшiнiң бағытына перпендикуляр болады. Оны деңгейлiк бет деп атайды. Жердi айнала орайтын осындай деңгейлiк беттердiң саны көп болуы мүмкiн. Соның iшiнде мұхиттың тыныш күйiндегi орта деңгеймен бiрдей келетiн деңгейлiк бетпен құрайтын пiшiндi геодезияда Жердiң жалпы пiшiнi немесе геоид деп атайды. Жердiң қабаттарында салмақтың бiркелкi таралмағына байланысты геоидтың пiшiнi дұрыс геометриямен сызылмайды, оның бетi сол себептен математикалық жүйеге келмейдi. Сондықтан да жердiң геоид пiшiндi бетiн математикалық бiр жүйеге келетiн немесе соған жуықтайтын басқа беттермен ауыстырады. Ондай беттердi екi түрге бөлуге болады.

Жердiң деңгейлiк бетiн жуықтап белгiлi радиусы бар сфера деп алуға болады. Бұған мысал кәдiмгi глобус жатады.

Геодезиялық, астрономиялық, гравиметрлiк дәл өлшемдер арқылы геоид бетiнiң пiшiнiн эллипсоид айналуынан пайда болған математикалық беттiң пiшiнiне жақын екенi анықталды.

Осыған байланысты Р 1 ЕРЕ 1 эллипстiң РР 1 кiшi өсiнiң төңiрегiнде айналуынан пайда болған беттi жер эллипсоидының бетi немесе сфероид деп атайды (2. 1-сурет) . Жер эллипсоидының көлемi оның жарты өстерiнiң ұзындықтары a ( үлкен жарты өсi), b (кiшi жарты өсi) және Жердiң полярлық cығылу арқылы сипатталады.

\[(x-x)\]
= (a - b) /a .

PP 1 айналу осi мен жазықтықтың сфероид бетiмен құрайтын қима сызығын меридиан деп атайды, оның пiшiнi эллипс болады. Ал айналу осiне перпендикуляр жазықтықтың сфероид бетiмен құрайтын қима сызығын параллель деп атайды, қиманың пiшiнi шеңбер түрiнде болады. Егер параллель сфероидтың центрiндегi жазықтықтың бетiмен өтсе, оны экватор сызығы деп атайды.

Жердiң фигурасын зерттеу үшiн геоидқа шамалас келетiн, жерге дұрыс бағытталған эллипсоидтың жарты өстерiнiң және оның полярлық сығылу шамаларын анықтау

Ондай эллипсоидты референц - эллипсоид деп атайды. Оның a, b ыңшамаларын меридианның 1

\[\operatorname{O}\]
тағы доғасын ұзындығын есептеу арқылы табады. Әр жердегi меридиандардың доғаларының ұзындықтарын бiлу арқылы Жердiң пiшiнi мен көлемiн анықтауға болады.

1940 жылы проф. Ф. А. Красовский мен А. А. Изотовтың басқарумен ғалымдар бiздiң территорияда қолдануға жарайтын эллипсоидтың көлемiн есептеп тапты ( a = 6378245 м, b = 6356863 м,

\[(x-x)\]
= 1:298, 3), оны Ф. Н. Красовскийдiң құрметiне Красовский эллипсоиды деп атады. Ғарыштық геодезия әдiстерiмен алынған нәтижелерi Красовскийдiң есептеулерiнiң дұрыс екенiн, әсiресе жердiң полярлық сығылу коэффициентi мәнiнiң дұрыстығын дәлелдедi. Жердiң пiшiнi туралы қазiргi теориялар ҒА корр. -мүшесi М. С. Молоденскийдiң жұмыстарында дамуда.

Жердiң сығылу коэффициентi аз болғандықтан (

\[(x-x)\]
= 1:300), көп есептердi шешкенде Жердiң пiшiнi ретiнде практикалық мақсаттағы дәлдiкпен шамасы жер эллипсоидының көлемiне тең сфераны алуға болады. Бұндай сфераның Красовский эллипсоидындағы радиусы R = 6371, 11 км болады.

Геодезиядағы проекция әдiсi

Жердiң физикалық бетi әртүрлi кеңiстiктiк пiшiндердiң жиынтығынан тұрады (тау, ой, сай, жота және т. б. ) .

Жер бетiндегi нүктелердiң жазықтықтағы жәйiн анықтау үшiн геодезияда проекция әдiсi қолданады. Жердiң кеңiстiк пiшiндерiн қағазға бейнелеу геодезияда ортогональдық (тiкбұрышты) проекциямен көрсетiледi.

Жер бетiнiң едәуiр территориясын бейнелеу.

Жер бетiнiң үлкен территориясынын бейнелегенде Жердiң деңгейлi бетiне оның проекциясын тiктеуiш сызық арқылы түсiредi.

Мейлi P бетi (2. 2-сурет) Жердiң деңгейлi бетiнiң бiр бөлiгi болсын. Физикалық жер бетiндегi бiр-бiрiнен алыс жатқан A, B, C, D нүктелерi

тiктеуiш сызығы арқылы P деңгейлi бетке проекцияланады. A, B, C, D нүктелерiнен түсiрген тiктеуiш сызықтарының деңгей бетiмен қиылысқан жерi осы нүктелердiң a, b, c, d проекциясын бередi. Сонда физикалық жердiң бетiн зерттеу келесi мәселерге бөлiнедi:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инженерлік геодезия
Геодезия картография
Топография мен геодезияның даму тарихы
Геодезия және оның міндеттері
Қазақстандағы геодезия жүйесінің жұмыс реті
Геодезия туралы жалпы мағлүматтар
Триангуляция жүйесінің қабырға ұзындықтарының қателігін алдын ала есептеу
Топография және геодезия ғылымы
Тақырыптық карталардың мазмұнының элементтері
Картографиялық жұмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz