Астық қабылдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1
Әдеби шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.1
Астықотуралыыжалпыымәлімет ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.2
Астық қабылдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

1.3
Астық өсіру ауа райы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

1.4
Дәнкмассасыныңкжинап алганнанккейінгі пісіпжетілуі ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2
Технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1
Астықлқондырғысыныңлматериалдықлжән елжылулықлтепетеңдігі ... ... ... .. 17.
2.2
Негізгі аппаратқа есептеулер жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
24
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Астық тұқымдасы , қоңырбастылар (лат. Poaceae) - дара жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Жер шарында кең тараған. 650-дей туысы, 10 мыңнан аса түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарына тараған 83 туысы, 418 түрі бар. Астық тұқымдасының тамырлары шашақты келеді, ал сабағы жұмыр, іші қуыс, бунақтармен бөлінген. Кейбіреуінің буын аралықтары жұмсақ ұлпалы (мыс., қант қамысы, жүгері, т.б.). Сабақтарының ұзындығы 1 - 2 см-ден 30 - 40 м-ге дейін, ал жуандығы 0,5 мм-ден 20 - 30 см-ге дейін жетеді. Сабаққа екі қатар кезектесіп орналасқан жапырақтары - жіңішке таспа, қандауыр, жұмыртқа тәрізді. Астық тұқымдасының гүлі көбінесе қос жынысты, кейбіреулері ғана дара жынысты (жүгері) болады. Олардың гүл құрылысы басқа өсімдіктерден өзгеше келеді. Көбіне гүлінің сыртын гүл қабыршағы қоршап тұрады. Бір немесе бірнеше гүлдерден топталған масақшадан - шашақбас, айдар, масақ, собық, сыпыртқы бас, яғни күрделі гүлшоғыры құралады. Астық тұқымдасының көбі жел арқылы тозаңданады. Жемісі - бір тұқымды дәнек, кейде жаңғақша. Жеміс қабығы (қауызы) тұқымға жабысып тұтасып біткен. Астық тұқымдасы түптену түрлеріне байланысты тамыр сабақты, селдір түпті және тығыз түпті болып үш топқа бөлінеді. Тамыр сабақты Астық тұқымдасының түп өскіндері түптену буынына тік (перпендикуляр) бағытта шығып, өсімдік сабағына қатарласа өседі (мыс., бидайық, айрауық, қамыс, т.б.). Селдір түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетіне жақын орналасады (мыс., арпабас, сұлыбас). Тығыз түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетінде өседі (мыс., бетеге, қау, селдірек). Астық тұқымдасы шабындық пен жайылымдықтарда өсімдіктердің 13 бөлігін, орманды және далалы аймақтарда мал азығының 12 бөлігін құрайды. Астық тұқымдасының дәнді (мыс.: бидай, күріш, сұлы, арпа, тары, т.б.), мал азықтық түрлері де (мыс., шалғындық қоңырбас, жүгері, селеу, т.б.), арамшөптері де (мыс., қарасұлы, жасыл қонақ, түлкіқұйрық, т.б.) кездеседі. Астық тұқымдасытары сабандарын қағаз, тоқыма, химия өндірістері мен құрылыста қолданады. Сондай-ақ оларды мәдени орындарды көгалдандыру және құм тоқтату үшін де өсіреді

1 Әдеби шолу

1.1 Астық туралы жалпы мәлімет

Астық - азықтық дәнді дақылдар. Оған бидай, арпа, сұлы, тары тәрізді ақ егіс өнімдері мен бақшалық техникалық дақылдардың жекелеген түрлерін құрайтын көк егіс өнімдері кіреді. Азық-түлік дегендегі азық - егістік өнімдерінен, ал түлік - мал өнімдерінен алынатын тағамдық заттар.[[]
Бүкіл ғаламшарға таралған маңызды дақылдар - даражарнақтылар класына жататын астық тұқымдас өсімдіктер (10-сызбанұсқа). Олардың 10 000-ға жуық түрі бар. Қазақстанда астық тұқымдастардың 418 түрі өседі. Астық тұқымдастардың басым бөлігі шөптекті өсімдіктер. Сүректі бамбуктар астық тұқымдастар тобына жатады. Астық тұқымдастардың сабағы бунақталған цилиндр тәрізді. Бунақтар аралығы қуыс (кейбіреуінде қуыс іші өзекке толады). Астық тұқымдас өсімдіктердің сабағын сабансабақ дейді. Жапырақтары қатар жүйкелі, сабаққа кезектесіп орналасады. Жапырақ негізі өсімдік сабағын қармал, қынап түзеді. Жапырақ алақаны мен қынап аралығында тілше пайда болады. Астық тұқымдастардың гүлдері ұсақ. Олар жинақталып, күрделі гүлшоғыр түзеді. Гүлшоғыры - сыпыртқыгүл, күрделі масақ, собық, шашақ және т. б. Гүлдері көбінесе қосжынысты. Дара жынысты гүлдер тек жүгеріде болады. Гүл негізінде 2 (кейде 3) түссіз жұқа қабыршақ және 2 гүл үлпегі орналасады. Оны гүлсерік нышаны десе де болады. Аталығы - 3. Аналығы - 1. Жемісжапырақшасы 3-еу болып келеді. Аналық аузы қауырсын тәрізді - екі телімді. Жатыны жоғары орналасады. Жемісі - дәнек. Тамыр жүйесі - шашақ тамырлы. Гж2А3Ж(3) (Гж - гүлжарғақ). Гүлжарғақ гүл құрылысына жатпайды, ол түрі өзгерген жапырақ. Астық тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер. Бидай, күріш, жүгері, қант қамысы, өзге де өздеріңе таныс өсімдіктерді адам тағамға пайдаланады. Қарабас, бидайық, атқонақ, бетеге, тарбақ, арпабастардың мал- азықтық өсімдіктер екені мәлім. Бамбук, қамыс қағаз өндіруге шикізат ретінде пайдаланылады. Сүректі астық тұқымдастар (бамбук, алып сұрекқамыс) құрылыс материалы ретінде жүмсалады . Қара сұлы, жатаған бидайық, арпабас, қонақ, итқонақтың кейбір түрлері - шектен шыққан арамшөптер.
Сабансабағы сүректеніп кеткен астық тұқым дастар бар. Оңтүстік Америка да өсетін бамбуктың биіктігі 30 м, сабағының жуандығы 20 ем болады. Оңтүстік Азияда өсетін алып сүрекқамыс 40 метрге дейінгі биіктікте есе алады. Бұлардың сапасы ағаштан кем түспейді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнім сапасын бағалауда, стандарт бойынша оны топтастыруда және есеп айырысуда өнімнің сапалық қасиеттеріне ұйымдастырылып жүргізілген зерттеулердің маңызы өте зор. Азық-түлік сапасын анықтайтын барлық тәсілдер екі топқа бөлінеді: сенсорлық немесе сезіммүшелік және аспапты немесе зертханалық тәсілдер.
Тарихи даму сатысында бірінші орынды сенсорлық (сезім мүшелері арқылы) тәсілдер иеленеді. Тұтынушы ретінде адам өзінің сезім мүшелерін пайдалану арқылы көптеген жағдайда тауардың құндылығы жөнінде қажетті ақпарат жинақталады. Оның үстіне, ең алдымен басқа тәсілдермен анықтауға болмайтын сапа көрсеткіштері, атап айтқанда астықтың түсі, иісі, дәмі анықталады. Бұл тәсілдердің өзіндік кемшіліктері де жоқ емес.
Ғылым мен техниканың дамуына қарай тауартану іссанасында азық-түлік сапасын бағалайтын аспаптар, аппараттар мен қондырғылар кеңінен қолданыла бастады. Бұл тәсілдер зертханалық немесе аспаптық, тіпті, объективтік деген атауларға ие болады. Бұл тәсілдерде адам әр түрлі аспаптарды, тіпті автоматты тіркегіштерге дейін пайдаланып, сапалық деректерді жинақтайды.
Зертханалық зерттеу тәсілдерін физикалық, химиялық, физикалық-химиялық, биологиялық және технологиялық деп бөлуге болады.
Физикалық тәсілдерге өнім массасының құрамы мен оған кіретін құрауыштардың ірілігі мен біртектігін (мәселен, картоп түйнектерін ірілігіне қарай фракцияға бөлгенде), крахмал, қант мөлшерін поляриметриялық анықтау, құрғақ заттар мөлшерін (түйнектерде, тамыр жемістерде) рефрактометрлік анықтау, электрлік тәсілмен ылғал мөлшерін (астық өнімдерінде) т.б. анықтауларды жатқызуға болады.
Өндірімнің азық-түліктік және технологиялық құндылығы оның құрамына кіретін органикалық және минералдық заттардың (дәннің шикі ақуызының мөлшері мен сапасы, дәндегі ақсыл мөлшері және т.б.) мөлшері мен құрамына тікелей байланысты, ал бұл көрсеткіштерді химиялық талдау тәсілімен анықтайды, басқаша айтқанда, химиялық зерттеу тәсілдерімен іске асырылады.
Физикалық-химиялық тәсіл де (ұнның суды сіңіру қабілетін анықтау және басқалар) кеңінен қолданылады.
Биологиялық зерттеу тәсілдерінің де қолдану ауқымы кең. Мәселен, микробиологиялық зерттеу тәсілімен азық-түліктегі микрофлораның түр құрамын анықтайды, астық қорының зиянкестермен залалдану дәрежесін белгілейді.
Соңғы жылдары азық-түлікті талдаудың кең тараған технологиялық тәсілдерін атап өтуге болады. Мысалға, арнаулы зертханалық диірменде астық үлгісінің тәжірибелік тартылуы астықтың технологиялық қасиеттерін, оның ішінде ұнның шығымын анықтауға мүмкіндік береді, ал тәжірибелік нан үлгісін пісіру арқылы ұнның нандық қасиеттері туралы түсінік алуға болады.
Огранолептикалық көрсеткіш. Астық сапасын анықтайтын барлық тәсілдер екі топқа бөлінеді: сенсорлық немесе органолептикалық және инструментальді немесе зертханалық тәсілдер.
Астықтың түсі, иісі, дәмі оның жаңа астық екенін білдіреді. Бұл көрсеткіштерді анықтау үшін шөкімді бөлуді мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Түсі. Кез-келген дақылдың қалыпты астығы өзіне тән иіске және жылтырлыққа ие болады. Астық түсінің өзгеруі көбінесе микроағзалардың, жәндіктер әрекетінің, астықты өңдеуді дұрыс атқарудың нәтижесі болып саналады. Астықтың түсін арнаулы стандартпен немесе типтік нұсқаулармен салыстыру арқылы анықтайды. Астықтың түсін және оның реңін анықтаудың ең дұрысы қара түсте күннің әлсіз жарығында анықтау болып табылады.

1.2 Астық қабылдау

Қабылдау мекемелеріне түсетін әр түрлі дақылдардың асытқ массасы құрамы бойынша біркелкі болмайды және түрлі-түрлі құрауыштардың жиынтығын құрайды.
Негізгі құрауыш - астық тобы деп аталған дақылдың (бидай, арпа ж.б.) дәндері немесе тұқымы. Астық массасының әрбір дәнінің өзіне тән морфологиялық және физиологиялық айырмашылықтары болады. Олар аналық өсімдіктер мен масақта әркелкі орналасады, толысу кезені де әр мезгілде жүреді. - Егін жинағанда астық массасында уатылған дәндер, басқа дақылдар мен арамшөптердің тұқымдары, сабақ пен масақ білігінің бөліктері, масқша қауыздары, қылтықтары, құм, шаң т.б. ұщырасады.
Астық массасында әрқашанда микроорганизмдер де болады. Жекелеген дәндер, тұқымдар мен астық массасының қоспалары пішіні мен көлемі бойынша біркелкі болмайды және қоймаға олар тығыз орналаспайды.
Қатты құрауыштардың арасында ауамен толтырылған саңылаулар болады, ал олар сақтаудағы астық массасының барлық құрауыштарына әсер етеді. Залалданған астық массасында зиянкестер (жәндіктер, кенелер) болуы ықтимал.
Барлық астық топтары, дақылына қарамай, мынадай физикалық
касиеттерімен ерекшеленеді:
-сусымалылығымен,
-өздігіненсүрыпталынуы-мен,
-қуыстылығымен,
- газдар мен булардың сорбциясы жөне десорбциясы,
- жылылық-физикалық жене масса алмасу қасиеттерімен.

Астық массасының қасиеттерін ескермей астық сақтау, өндірістік үлкен шығындарға үрындырады.
2 . Физикалық қасиеттері, астық массасын сақтау практикасында және өндеу кезінде олардың маңызы.
Астық және астық массасының горизонталь жазықтыққа бүрьші жасай орналасқан бетте жылжуын олардың сусымалылығы деп атайды.

Астық массасы жақсы сусымалылығымен ерекшеленеді, ал мүны конвейер, нория т.б. қүралдармен орын ауыстырғанда, шанақтар мен силостарға астықты тиегенде және түсіргенде пайдаланады. Астық массасының сусымалылығы элеваторларда, үн, жарма, қүрама жем зауыттарында шанақтар мен силостардың ең теменгі иілу бүрышьш (еңкіштігін) анықтайды, оны астық қоймаларының беріктігін ж.б. есептегенде ескереді.
Әдетте астық массасының сусымалылығын үйкеліс жөне табиғи көлбеу бүрышын өлшеу жолымен анықталатын, сыртқы жөне ішкі үйкеліс коэффициенттерімен сипаттайды.
Үйкеліс бүрышы деп астық массасының белгілі бір жазықтық бетінен жылжи бастайтын ең төменгі бүрышты атайды.
Табиғи көлбеу бүрышы деп астық массасының горизонталь жазықтыққа, мәселен қойма еденіне еркін түсу нөтижесінде пайда болатын конус диаметрі мен табанының арасындағы бүрышты атайды.
Астық массасының сусымалылығына коп факторлар әсер етеді:
түйіршікті қүрамы мен түйіршіктілік сипаттамасы,
Дән бетінің күйі мен сипаттамасы (пішіні, көлемі, ылғалдығы,
қоспалардың молшері және олардың құрамы,
дән ағатын күбырдың материалы, пішіні мен оның бетінің күйі).
Астық массаларының табиғи көлбеу бұрышы

1.3 Астық өсіру ауа райы

Астықты ылғалды атмосферада сақтағанада оның ылғалдылығы артады,
ал қүрғақта кебуі жүреді.
Белгілі бір ылғалдылықтағы дәінді дымқыл ауаға орналастырса, ал ондай ауада әрқашаңда су буының белгілі бір мөлшері болады, әрекеттесудің нәтижесінде төмеңдегідей процестер жүруі мүмкін:
- дәндегі ылғал ауаға ауысады да (булану, десорбция, кебу), дән кебеді: бүл жағдай дән бетіндегі су буының парциалдық қысымы (Рп.д.) атмосфералық ауадағы су буының парциалдық қысымынан (Рп.а.) жоғары болғанда байқалады, басқаша айтқанда Рп.дРп.а.;
- дән бетіндегі су буларының парциялдық қысымдары ауадағы су буларының қысымынан төмен болса, ауадағы ылғал дәнге сініріледі (Рп.д.Рп.д.).
Біраздан кейін ылғалдың қайта бөліну процесі нәтижесіңде ауадағы бу мен дән бетіндегі будың парциалдық қысымдары теңеседі де, динамикалық тепе-теңцік орнайды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астық қызметін құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасында астық қызметін құқықтық реттеу мәселелері: объектісі, субъектілері, мемлекеттік реттеу механизмі, шетел тәжірибесі
Дәнді дақылдарды қабылдау
Қолданыстағы тамақ өнімдерін сақтау объектілерін салу және жаңғырту
Л2х100 типті дайындау элеваторында арпа дәндерін жинағаннан кейінгі өңдеудің технологиялық линиясы
Сыйымдылығы 110 мың тонна дайындаушы элеваторды жобалау
Астық өңдеу машиналары
Астықты қабылдау технологиясы
Астық кептіргіш
Астық-түйірді іріктеу және сақтау ерекшеліктері
Пәндер