Кенесары Қасым ұлы бастаған Орта жүз қазақтарының көтерлісінің барысын талдау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

1 ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстандағы

саяси-экономикалық ахуал . . . 11

1. 1 Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы . . . 11

1. 2 Орта жүздегі патшалық реформаларға қарсылық . . . 16

2 Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс . . . 25

2. 1 Көтерілістің бастапқы кезеңдері . . . 25

2. 2 Көтерілісітің екінші кезеңі . . . 46

2. 3 Көтерілістің шарықтау шегі, жеңіліс табу себептері . . . 55

Қорытынды . . . 63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 65

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Адамдарда болашағы үшін өткенін танып-білу ұмтылысы ерекше қалыптасқан. Оларды өз елінің, өз халқының тағдыры және өзінің болашағы әрқашанда толғандырады. Әсіресе мұндай қызығушылық мемлекет пен халықтың, жекелеген адамдардың болмысына тікелей әсер ететін ірі тарихи оқиғалар тұсында: әлеуметтік өзгерістер, революциялар, төңкерістер немесе түбегейлі өзгерістер сияқты құбылыстар кезінде арта түседі. Өзінің сан ғасырлық қайғы - қасіретке толы тарихында қазақ халқы тағдырдың талай тәлкегіне түсіп, көптеген оқиғаларды басынан кешірді. Сол тар жол тайғақ кешулерден арып - шаршасада, қажып - қансырасада әрқашан қадір - қасиетін жоғалтпай, ар намысын, абыройын төкпей шығып отырды. Соның бәрінде оған жігер қосқан, рухын көтеріп, арманын асқақтатақан халықтың еркіндікті, тәуелсіздікті аңсауы, соған деген ұмтылысы, құштарлығы еді. Осы өшпес рухани қасиет әкеден балаға мирас болып әрдайым алға жетеледі.

Бірақ кешегі тоталитаризм заманында еркіндікті, азаттықты аңсаған, сол үшін жан аямай күрескен ата - бабаларымыздың тарихын оқып білуге, ардақ тұьуға мұрша бермеді. Халқымыздың тарихы Ресей тарихнамасының ықпалында, комунистік - отаршыл идеологияның темір құрсауында аяусыз бұрмаланып жазылды. Еліміздегі ұлт - азаттық қозғалысты «шаруалар көтерілісіне», «феодалдық - монархиялық қозғалысқа», «жұмысшылар көтерілісіне бөліп, оларды біріне - бірін қарсы қойып, оның тұиас толық бейнесін көрсетпеді. Шын мәнінде, Саржанның, Жоламан Тіленшіұлының, Исатай мен Махамбеттің, Кенесарының және басқаларының басқаруымен болған көтерілістер бір жерде басылса, екінші жерде бұрқ етіп тұтанып, бүкіл қазақ елін тұтасымен қамтып, біріне - бірі жалғасып, ұласып жатқан өзінің негізгі мақсат - мүддесі, логикасымен заңдылығы бар үлкен тасқын, тарихи құбылыс болды».

ХІХ ғасырдың бірінші ширегі Ресей империясының Европаның жандармы ретінде ұлт - азаттық қозғалыстарды аяусыз жаншып, саяси қысым жасаумен, күш қолданудың нәтижесінде ірі отарлық мемлекетке айналған кезі. Кіші және Орта жүздердің басты аймақтарын отарлап алғаннан кейін патша үкіметі Ұлы жүзді басып алуды, Оңтүстік Қазақстан аймағы арқылы әлі де дербестіктерін сақтаған.

Орта Азия шығуға, сөйтіп осы стратегиялық аймақта үстемдігін орнатуды ойластырды. Осы мақсатқа жетуге кедергі Орта жүздің басты өңірінің әлі де болса тәуелсіздіктерін сақтағаны еді. Шын мәнінде ХҮІІІ ғасырдың соңғы ширегі ХІХ ғасырдың басында Ресейдің саяси билігі тек қана Жайық, Есіл, Ертіс өзендері бойында салынған отарлаудың тірегі - бекіністердің төңірегіне 100-150 шақырым қашықтықта ғана жүретін. Елдің түкпірінде көшіп-қонған ауылдар ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-дәстүрін сақтап, ру-руға жіктелген иеліктерін көшпенді мал шаруашылық мүддесіне пайдаланды. Американ тарихшысы Марк Раевтың «Қазақ даласы сол кезеңде Ресейдің мемлекеттік шекарасы болмаған» деп қорытындылауында жөн бар [1] .

Ресей мемлекетінің кең байтақ қазақ жеріне көз тігуінің тағы да бір себебі осы елдің экономикалық мүддесінің шет аймақты отарлаумен байланыстылығы. Өсіп келе жатқан Ресейдің өнеркәсіп тауарларын сіңдіретін жаңа да, арзан да, кең де рынок қажет болды.

ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде отарлаудың тірегіне айнала бастаған бекіністер, олардың төңірегіне Сібірден, Алтайдан, алыстағы Орал өңіріне келген орыс - казак шаруалары қазақ ақсүйектерінің қарсылығына пысқырып та қарамады, олар бірітіндеп рулардың қауымдық меншігі - жайылымдық жердің табиғи түрде пайдалануына қысым жасады. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша көшпенді ауылдар арасындағы жерге байланысты дау-ру ақсақалдарының көпшілігінде билердің араласуымен шешілетін уақыт өте жер тарылып, орыс шаруалары жапа-таршағай қоныстана бастайды.

Патша үкіметінің қазақ жерінің стратегиялық қолайлы өңірде орналасуына мән беруі болашақта Орта Азия хандықтарын жаулап алуда оны бір саяси, әскери тірегіне айналдыруды ойластыруы, сауда керуендерінің дәнекерлік торабы ретінде пайдалануға тырысуы, 1822, 1824 жылдардағы Сібір және Орынбор қазақтарының уставтарына арқа сүйеп, отарлауды тездетуге бағытталуы, өлкенің шұрайлы өңірлеріне орыс казак шаруаларын қоныстандыру, Қоқан, Хиуа, Бұхара иеліктерімен шектесіп жатқан Оңтүстік Қазақстанды, Қырғыз жерін жаулап алу мақсаттарын іске асыру жолындағы Ресей империясының саясатына қарсылық алғашында Саржан Қасымұлының, бірте - бірте Исатай - Махамбет көтерілісіне, кейіннен хан Кенесарының туының астында он жылға созылған, үш жүзді де толық қамтыған қазақ елінің Абылайхан заманындағы иелігінің тұтастығымен, ел тәуелсіздігін қалпына келтіруді мақсат етіп қойған азаттық күреске де түбегейлі себептер болғандығы айғақ.

Патшаның Қазақстанды кеулеп отарлап келе жатқандығын терең сезінген ұлы тұлғалар, батырлар қарсылық білдіріп, сол арқылы үрдісті тоқтатуға тырысты.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт - азаттық көтерілістің батырлары елі, жері үшін отаршылдарға қарсы шығып, қол бастап, тәуелсіздігін сақтап қалуға ұмтылды. Ашынған халқын көрген ұлдары елдегі әл - ахуалдың шиеленісіп бара жатқандығын көріп, мәселенні шешуді көздеген еді. Олардың азаттық күресі кезең - кезеңмен толқып, бір - бірін жалғастырды. Азаттық көтерілістердегі батырлардың тұлғасы, олардың ойы мен арманы, отанға сүйіспеншілігі күрделі мәселе. Дегенмен халқының тәуелсіздігін аңсаған батырлар әрқашанда ел жадында сақталған.

Тарихнамасы және дерек көздері. Бұл мәселеге қатысты зерттеулерді шартты түрде үш топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топқа революцияға дейінгі авторларды, екінші топқа кеңестік дәуірдегі зерттеулерді, үшінші топқа қазіргі кездегі тарихшыларды еңбектерін жатқызуға болады.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт - азаттық көтеріліс тақырыбымен көптеген ғалымдар айналысты.

Көтерлісі туралы мәліметтерді тек ұлт-азаттық көтерілістеріне арналған зерттеулерден немесе Қазақстан тарихына арналған еңбектерден таба аламыз.

Айталық, Е. Бекмаханов, О. Жанайдаров, В. А. Терещук, Ж. Қасымбаев, Е. Т. Смирнов, М. Ж. Абдиров, М. Қозыбаев, Д. А. Жамбылов, Ә. Сарай, Э. Валиханов, А. Ф. Вяткин және тағы басқаларының еңбектерінде мәселе жан - жақты қарастырылады. Әсіресе, Е. Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20 -40 жылдарында», «Собрание сочинений в 7 томах», «Кенесары Қасымов бастаған Қазақ халқының ұлт - азаттық күресі» секілді бірқатар еңбектерінде Д. А Жамбыловтың «Қазақстандағы ұлт - азаттық қозғалыс», Ә. Сарайдың «Екі тарлан» атты еңбектерінде қазақ халқының батырлары бастаған ұлт - азаттық көтерілісі жайында барынша мәлімденеді [2] .

Бірінші кезекте, әрине, Кенесары көтерлесін арналған Е. Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» еңбегін айтып өтуіміз керек. Еңбекте, отаршылдық саясаттың халықтың қаншалықты наразылығын туғызғандығы және Саржан көтерлісі барысында халық өкілдерінің имперлік әкімшіліктен өз құқықтарын талап етілгені мұрағаттық деректердің негізінде көрсетілген.

Е. Бекмаханов аталған тақырыпта жазған шыншыл еңбегі үшін қудаланғаны анық. Мұрағат деректері және әр түрлі сипаттағы құжаттар негізінде жазылған бұл еңбек ғылыми қауымды бір сілкіндіріп тастағаны мәлім. Алайда, еңбек баспадан шығып үлгермей жатып-ақ ғалымдардың бір бөлігі осы еңбекті табалап, ата жауын көргендей өршелене қарсы шықты. Сөйтіп Е. Бекмахановты 25 жылға бас бостандығынан айырды. Қалыптасқан ауыр саяси ахуал жағдайында партияның қысымын елемей, өмірлеріне қауіп төнсе де ССРО Ғылым Академиясының аса көрнекті бір топ әлемге аты әйгілі ғалымдары С. В. Бахрумин, Б. Д. Греков, Н. И. Дружинин, А. П. Кучкин, М. К. Рожкова т. б. осы кітаптың талқылауына белсене қатысып, Е. Бекмахановтың көзқарасының дұрыстығын мейлінше құптады [3] .

Өкінішке орай, Кенесары көтерілісі академиялық деңгейде шығарылған «Қазақстан тарихынан» аз орын алған.

Кенесары көтерлісі туралы және көтерлістің барысы туралы мәліметтер М. Абдировтың «Казачья колонизация Сибири и Казахстана» еңбегінің Кенесары көтерлісіне арналған бөлімінде берілген [4] .

Ұлт - азаттық көтеріліс төңірегінде терең мән беріп, дөңгелек стол ұйымдастыруда алғаш рет қолына алған көрнекті жазушы Мұхтар Мағауин «Жұлдыз» журналында тарихшы, әдебиетшілерімізді жинап бас қосып, ұлт азаттық көтеріліске әділ баға беруді қолға алды. Академик М. Қозыбаевтың бастамасымен жарық көрген Қазақстан тарихына арналған ғалымдардың ғылыми жинағында үш мақала осы мәселенің төңірегіндегі оқиғаларға арналғаны, әрине кездейсоқтық емес. Демек, ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт - азаттық көтеріліс батырлары хақындағы тарихтың жазылуының өзі үлкен тарих екені анық.

Дипломдық жұмыста дерек көзі ретінде Кенесары көтерлісі туралы фольклорда, әсіресе, Сарыарқа өңірінің ақын - жырауларының шығармашылығында жақсы көрініс тапқан айта өтуіміз керек [5] . Әсіресе, Доскей ақынның «Кенесары» дастанында көтерлісі туралы құнды мәліметтер келтірілген, сол себепті де осы шығармадағы мәліметтерді Кенесары көтерлісін қарастыруда кеңінен қолдануымызға болады .

Арқа халқының ауызекі тарихи білімі - шежіреде көтерлісі туралы аңыздар циклы сақталған. Көбінесе, олар түрлі батырларға қатысты, батырлардың ерліктерін баяндау сипатында [6] .

Дипломда мұрағат деректері біршама пайдаланылды. Осы тақырыпты қарастырудағы келесі бір арқа сүйер дерек көзі - мұрағат құжаттары. Патша әкімшілігінің Кенесары Қасымұлы бастаған көтерліске байланысты түрлі құжаттары - «донесениелері» және «рапорттары» мұрағат қорларында сақтаулы. Осындай құжаттардың біраз бөлігі Кенесары көтерілісне арналған мұрағаттық құжаттар жинағына енгізілген [7], сонымен қатар, осы тақырыпқа байланысты қызғылықты мұрағат құжаттарын Қазақстан тарихын оқытуға арналған оқу құралдарынан да таба аламыз [8] .

Мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтерілісті, оның ұлт - азаттық қозғалыстағы орны мен рөлі, сипаты, басты ерекшеліктері, әлі де болса қайшылығы күрделі тарихи оқиғалардың сипатын толық ашу. Азаттық күрестен елім - жерім деп ашуланған батырларының анық кейпін бүкіл зерттеулерді талдай отырып, нақтылау.

Дипломдық жұмыстың міндеттері келесідей:

  • қазақ халқының азаттық күресін толық сипаттау үшін мәліметтерді зерттеп, зерделеу, сабақтастығы мен жүйеліктің сақталуын қадағалау;
  • Ресей империясының Қазақстанды отарлаудағы жүргізген саясатын ашып көрсету;
  • Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының наразылығының туындауының себептерін анықтау;
  • Отаршылдық саясатқа қарсы Орта жүздегі қарулы қарсылықтың ұйымдастырылу үрдісін сипаттау;
  • Кенесары Қасым ұлы бастаған Орта жүз қазақтарының көтерлісінің барысын талдау;
  • Көтерілістің нәтижелерін көрсету.

Дипломдық жұмыс екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы саяси хал ахуалы мен өзгерістер сипатталады. Хандық биліктің жойылуы және оның жүзеге асырлу мехнизмдері қарастыралады. Сонымен қатар, Орта жүздегі патшалық үкіметтің отаршылдық сипаттағы саяси-әкімшілік өзгерістеріне қарсы наразылықтың туындауы, оның көсемдері Ғұбайдолла, Қасым сұлтандардың іс-әрекеттері баяндалады. Бұл наразылықтар, халық арасындағы толқулар іле Саржан бастаған Орта жүз қазақтарының көтерлісіне ұласады.

Екінші тарау - Кенесары Қасымұлы көтерілісінің отаршылдарға қарсы көтерілген халық, батырлар жайында мәлімденеді. Сонымен қатар, Саржан Қасымұлының азаттық үшін шайқасына, оның ерлігіне, қатысқан батырларына және осы күрестің маңызына арналады.

Дипломдық жұмыстың хронологиясы, ХІХ ғасырдың бірінші жартысын қамтиды. Себебі, Кенесары көтерілісі 1837 жылдан басталса да, бұл көтерлістің шығу себептерін түсіну үшін ХІХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Ресей империясының Қазақстандағы отаршылдық саясатын қоса қарастыру қажет болды.

1 ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстандағы саяси-экономикалық ахуал

1. 1 Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы

XIX ғасырдың бірінші ширегі Ресей империясының Европаның жаңдармы ретінде ұлт-азаттық қозғалыстарды аяусыз жаншып, саяси қысым жасаумен, күш қолданудың нәтижесінде ірі отарлық мемлекетке айналған кезі. Кіші және Орта жүздердің басты аймақтарын отарлап алғаннан кейін патша үкіметі Ұлы жүзді басып алуды, оңтүстік Қазақстан аймағы арқылы әліде дербестіктерін сақтаған Орта Азияға шығуға, сөйтіп осы стратегиялық аймақта үстемдігін орнатуды ойластырды. Осы мақсатқа жетуге кедергі Орта жүздің басты өңірінің әлі де болса тәуелсіздіктерін сақтағаны еді. Шын мәнінде XVIII ғасырдың соңғы ширегі, XIX ғасырдың басында Ресейдің саяси билігі тек қана Жайық, Есіл, Ертіс өзендері бойында салынған отарлаудың тірегі - бекіністердің төңірегіңде 100-150 шақырым қашықтықта ғана жүретін. Елдің түкпірінде көшіп-қонған ауылдар ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-дәстүрін сақтап, ру-руға жіктелген иеліктерін көшпенді мал шаруашылық мүддесіне пайдаланды. Американ тарихшысы Марк Раевтың "Қазақ даласы сол кезеңде Ресейдің мемлекеттік шекарасы болмаған" деп қорытыңдылауында жөн бар [9, б. 152] .

Ресей мемлекетінің кең байтақ қазақ жеріне көз тігуінің тағы да бір себебі осы елдің экономикалық мүддесінің шет аймақты отарлаумен байланыстылығы. Өсіп келе жатқан Ресейдің өнеркәсіп тауарларын сіңдіретін жаңа да, арзан да, кең де рынок қажет болды. Завод, фабрикалық бүйымдар мен күнделікті өмірге, шаруашылық мұқтажына қажетті өнімдер қазақ аулының өзінде жасалынбауы бірте-бірте қазақ руларын шекаралас өңірдегі Ресей жәрмеңкелеріне, Хиуа, Бұхара, әсіресе, Қоқан хандықтарына тәуелділігін күшейтті. Патша үкіметінің Қазақстанды жаулап алу жоспарының іске асуын әсіресе мүдделендірген саудадан түсетін, мемлекеттік қазынаның үнемді кезі - баж салығы еді. XIX ғасырдың басыңда Ресейден Орта Азияға, Шыңжанға тағы да басқа Орталық Азия елдеріне баратын дәнекерлік керуен жолдары қазақ даласын басып өтетін. Тіпті алыста жатқан Константинопольден (Стамбулдан) Орталық Азияға бет алған керуендер де осы аймақпен жылжитын баж салығын төлеуден қашқақтаған көптеген керуендер талауға да түсетін. Орыс үкіметі осы керуендерден жиналатын баж салығын өз қазынасына ғана жинаттыру үшін Ресейдін билігін әлі де мойындамаған сұлтан, билердің ауылдарына қарулы қол жіберіп, қыр көрсетіп отыратын. 1800 жылы патша үкіметі осындай керуендерді мазалаған қазақтарды жауапқа тарту үшін шекаралық сот ұйымдастырды. 1803 жылы наурыз айының 31-де Сібір шекаралық басқармасына Мемлекеттік Сенаттан түскен нұсқауда қазақ даласынан Семей және Петропавл қалаларына бағыт алған керуендерді қазақтардан қорғау үшін казактардан қарулы күзет қою тапсырылды. Иркутск генерал-губернаторы И. Селифонтовтың коммерция (сауда) министріне жолдаған хатында көпестердің керуендерінің Қазақ даласыңда жиі талауға түсетініне байланысты шекаралық бекініс комеңданттарына күзетке берілетін казактар санын 20 адамға дейін жеткізу көзделген [9, б. 155] .

Керуендердің жанында тұрақты қарулы казак отрядтарын ұстау өкімет үшін қымбатқа түсті және барлық керуеңдерді шығатын қонысынан баратын жеріне дейін апарып салу көп қаражат қажет етті. Мәселені шешудің бір жолы - осындай стратегиялық маңызды өлкені Ресей империясының құрамына қосу еді.

XIX ғасырдың бірінші ширегінде отарлаудың тірегіне айнала бастаған бекіністер, олардың төңірегіне Сібірден, Алтайдан, алыстағы Орал өңірінен келген орыс-казак шаруалары қазақ ақсүйектерінің қарсылығына пысқырып та қарамады, олар біртіндеп рулардың қауымдық меншігі - жайылымдық жердің табиғи түрде пайдаланылуына қысым жасады. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша көшпенді ауылдар арасындағы жерге байланысты дау - ру ақсақалдарының, көпшілігінде билердің араласуымен шешілетін. Қайшылық шиеленіскен жағдайда барымта, рулық тартыс, феодалдардың ішкі жанталасы жиілеп, кикілжіңге соқтыратын. Өмірі малмен, көшпенді шаруашылықпен байланысты болғандықтан әрқашан ауыл ақсақалдары осындай болмашы алауыздықтарды да шешіп отыратын . Әсіресе Солтүстік, Шығыс Қазақстанда суы мен жайылымы мол Ертіс, Есіл өзендерінің бойында, немесе оған жақын аймақта қоныстаушы орыс шаруаларының санының ұлғаюы, жайылымдық жерлердің тарылуы қазақтардың наразылығының ашық көрінісіне әсерін тигізбей қоймады. "Олар (казактар) үкіметтен ешқандай көмек алмай, бұрын қырғыздардың қолында болған жерлерге жапа-тармағай қоныстана бастады" [10, б. 87] .

Жазғы көш кезінде жүздеген шақырым тіпті онан да аумақты жерді малымен, семьяларымен көшіп өтетін ауылдардың жағдайы тіпті ауырлады. Енді қайда барса да орыс бекіністері алдан шығып отырды, бұрынғы емін-еркін жайлайтын жерлер тарылып, патшаның отаршылдық шеңгелі барған сайын алқымнан сығымдап бара жатты. Малға ете керекті қоректің - бетегенің далалық жазықтарда қаптай өсетінін ескерсек, мал шаруашылығы үшін далалық өңірдің қаншалықты маңызды болғаны да есімізге түсер еді. Далалық алқапта қазақтардың ауыл-ауыл болып жіктеліп көшіп-қонған өмірін патша губернаторлары, осы аймақты отарлауға қарулы қолмен келген әскери шеңді офицерлері, чиновниктері түсінді ме екен? Көпшілігі Омбыда, Орынборда отырып казақ даласын қалай игерудің жоспарларымен бастары қатқан автохтонды түрғындарды бірден отырықшылыққа көшіруді үсынған жергілікті әкімдер мал шаруашылығына күн керістің көзі деп қараған қазақтардың өмір ерекшелігін өзінше пайымдаған. А. Янушкевич жазғандай " . . . егер европалық адамды осы далаға жіберсе, бұл қандай қаңсыған тақыр еді, менің жылқыларым аштан қатар деп", - аттан салар [11, б. 56] .

Қазақтардың өмірімен көп жылдар бойы жақын таныскан, кейіннен шаруаларды осы өңірге қоныстандыруға қарсылық білдірген, А. Гейнс сол Орынбор губернаторының кеңсесіндегі номадтардың тағдырын өзінше кесіп-пішіп отырған чиновниктердің мал шаруашылығының өзіндік ерекшелігінен еш хабары болмағандығын былай деп сипаттайды: " . . . Орынборда көшпенді өмірге жасанды іс, қаңғыбастық деп қарайтын көрінеді. Бұған қарағанда жөнсіз сапырылған қырғыздарды жерге отырықшылдандырғанды мәңді іс деп қараған бұл адамдар осыңдай жағдайда ғана көшпенділердің ауқатты өмірге қолы жетіп, қазіргі мәдениеттің нәтижелерін қабылдай алады. Осындай көзқарастың сыңаржақтылығы қазақтардың өміріне немқұрайлы қараудың салдары екендігін түйіндей келе, бір жағынан жазушы А. Гейнс, қазақтардың тұрмысы "біздің өмір сүру жөнімізге тіпті ұқсамайтындығын", европалықтарға әртүрлі ой салатындығын ашып жазады [12, б. 452] . Сол кездің өзінде Тынық мұхитқа дейін алып жатқан Сібірдің үшінші бөлігін қамтыған, қазақ жеріне үкіметтің соншама көңілін аударғандағы мәні, әрине, бір жағынан отарлық империяның онтүстік өңірінде Британия империясымен бақталастығы еді . Орта Азия бағытында қазақ даласы Ресей үшін тіпті Амур және Уссури өлкесінен де маңызды деп жазады И. Завалишин, "Қырғыз даласын мылтық найзасымен қысымға алмай, Хиуа және Қоқан өңірінде мемлекеттік шекараны кеңейтпей тіпті Тобыл және Томск губернияларында да тыныштық болмайды", - мемлекеттің жаулаушылық сая-сатын осылай ақтаған И. Завалишин [13] . Батысында Каспий теңізінен Телеут көліне дейін, Оңтүстігінде Қоқаннан Омбы шебіне дейін, солтүстігінде Орынборға, оңтүстік-шығысында Қытай жоңғариясымен шектелетін қазақ елінің кеңдігіне таң қалған И. Завалишин, - Англия мен Францияда осындай отарлық аймақтар бар ма екен деп сауал қояды [13, б. 112] .

Отарлық империяның экономикалық мүдделері, царизмнің Орта және Орталық Азиядағы стратегиялық саясаты, қазақ даласының Ресейге іргелес орналасқандығы - өлкені жаулап алуды біршама тездетті. Бұған қолайлы саяси алғышарт та қалыптасты.

1817 жылы Бөкей ханның, 1819 жылы Уәли ханның өлімі Орта жүзде жалпы хандық билеуді жоюға жол ашты. "Бөліп алда билей бер" дегенді негізге ұстаған царизм Ұлы жүзде ханды сайлаған да жоқ, тағайындаған да жоқ. Үкімет Солтүстік Шығыс және Орталық Қазақстанда Ресей өкіметінің басқару жүйесіне жақындаған жаңа әкімшілік билеу жүйесін іске асыруға бет алды. Александр 1-ге жақын болған, либералдық көзқарастары мен ұсыныстарын ұнатпаған патша орталықтан аластатып, Пензаға жер аударған, 1819 жылдан Сібір губернаторлығына тағайындалған граф М. М. Сперанскийге осы істі жүзеге асыру жүктелді. "Сібір қырғыздарының уставын" дайындауда осы өңірдегі буряттар сияқты көшпенді халықтардың өмірін зерттеп, мәлімет жинауда Сперанскийге септік жасаған болашақ декабрист, Омбы облыстық басқармасының қызметкері Г. С. Батеньков еді. "Буратаналар", сібір қазақтары, өлкедегі жол тораптары, сауда, басқа да осы уставқа кірген бірнеше құжаттарды дайындауды Г. С. Батеньков басқарған [14] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кенесары басқарған ұлт-азаттық көтерілістің басталу себептері мен барысы
Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс және Сырым Датов
Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датов басшылығымен жасаған көтерілісі (1783 - 1797 жж)
Е.БЕКМАХАНОВ ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ XIX ҒАСЫРДАҒЫ САЯСИ ТАРИХЫ
Қазақ халқының 1837-1847 жылдардағы азаттық қозғалыстың жақтаушылары және қарсыластары
Қазақ батырлары: Исатай, Махамбет
ҒҰБАЙДОЛЛА УӘЛИХАНОВ ӨМІРІ ЖӘНЕ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
Әскери бекіністер мен шептердің салынуы
1836-1838 ЖЫЛДАРДАҒЫ ХАЛЫҚ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Көтерілістің қозғаушы күштері - қазақ шаруалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz