Бұқар жыраудың әдеби мұралары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Аңдатпа:
Бұқар жыраудың әдеби мұрасы атты жоба кіріспе, үш тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттен тұрады.
Жобаның мақсаты - көмекей жырау Бұқар жырауды зерттеу, туындыларының ұлттық және рухани құндылығын дәріптеу, әдеби мұрасын талдау. Жобада Бұқар жыраудың еңбектері мен өмір жолы баяндалған. Алдына келген дауды әділ шешкен жыраудың қалдырған мұрасы - қазақ халқының құнды жәдігері. Бұқар жыраудың қалдырған туындыларын болашақ жастарға насихаттап, ұлттық құндылығын барша халыққа паш ету жұмысымның өзектілігі болып табылады.

Аннотация:
Проект Бұқар жыраудың әдеби мұрасы состоит из введения, трех глав, заключения и ссылок используемых литературах.
Цель проекта - изучение Бухар жырау, знать национальной и духовной ценности его произведений. В проекте рассказывается о творчестве и жизни жырау Бухар. Наследие Бухара - ценная реликвия казахского народа. Актуальность моей работы - изучение творчества Бухар жырау будущей молодежи и представление национальных ценностей всему народу.

Annotation:
The project "Бұқар жыраудың әдеби мұрасы" consists of an introduction, three chapters, conclusion and references to the literature used7
Ambition of the project is to study the Bukhar zhyrau, to study the national and spiritual value of his works. The project tells creativity and life of Bukhar zhyrau. His heritage is a valuable relic of Kazakh people. The relevance of my work is to show the creativity of Bukzhar to young generations.

Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7-12
1.1.Көмекей әулие атанған жырау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..7
1.2.Бұқар жыраудың әдеби мұралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-9
1.3.Жырау мұрасын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..10-12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .14

Тақырыптың өзектілігі:
Еліміз өз тәуелсіздігін алғалы алға нық қадам басып, жаңа есіктерді ашты. Басымыздан өткен талай қиындықтарға қарамастан Қазақстан бостандыққа ұмтылып, дербес мемлекет атанды. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда, дәм-тұзымыз жарасып, өмір сүріп жатқанымыз - келешек ұрпақ қамын жеген ата-бабаларымыздың арқасы. Сол үшін біз өз тарихымызды жетік білуіміз керек. Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауы мен өткен ғасырларға үңіліп, оны келер ұрпаққа насихаттау, ғибраттау идеясы Рухани жаңғыру, Мәңгілік ел арқылы жалғасып жатыр. Еліміздің сана-сезімін, құндылығын, ұлттық болмысын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, рухани азығын айқындайтын - ел тарихы.
Тарихта ел қорғаған батырлар ерекше көзге түсіп, олар жайлы неше түрлі жыр-дастан, әпсаналар шығарылған. Қаһармандар ел мақтанышына айналып, атақ-даңққа бөленген. Сонымен қатар қара қылды қақ жарып, шындықты бетке айтқан орақ ауызды шешендеріміз көп болған. Солардың бірі - көмекей әулие атанған Бұқар жырау. Қазақ халқын бірлікке шақырып, заман көрінісін бейнелеген Бұқардың тарихта да, әдебиет те де алар орны ерекше. Алдына келген дауды әділ шешкен жыраудың қалдырған мұрасы - қазақ халқының құнды жәдігері. Бұқар жыраудың қалдырған туындыларын болашақ жастарға насихаттап, ұлттық құндылығын барша қазаққа паш ету зерттеу жұмысымның өзектілігі болып отыр.

Жобаның мақсаты:
Жобамның негізгі мақсаты - XVIII ғасырда өмір сүрген Бұқар жырауды зерттеу, жазған шығармаларының ұлттық және рухани құндылығын анықтау, қалдырған әдеби мұрасын жан-жақты талдау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жоба барысында мынадай міндеттер алға қойылды:
Бұқар жыраудың өмірбаянын зерделеп, ұлы тұлға екенін дәріптеу;
Бұқардың қазақ еліне жасаған игі істерін зерттеу;
Бұқардың әдеби мұраларын түпкілікті зерттеу;
Көркем туындыларынан ұлттық және тарихи құндылықтарын анықтау;
Бұқар қалдырған жәдігерінің маңызын дүйім жұртқа түсіндіру;

Жобаның зерттеу нысаны ретінде Бұқар жыраудың толғаулары, өлеңдері зерттеліп алынды. Жобада Бұқар өлеңдерінің тарихи құндылықтары көрсетіліп, қолданылған көркемдегіш құралдар мен жырау айтқысы келген ой ашылады. Бұқар жыраудың мақсат-мұраты айқындалып, жаңаша көзқарас қалыптасады.

Жұмыстың зерттеу пәні XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті, жыраулар поэзиясы.

Жұмыстың әдістемелік негізі: Жұмысты Қазақстанда орта мектептерде қазақ әдебиетін оқытуда қосымша оқулық ретінде пайдалануға, жоғарғы оқу орны студенттері мен магистранттарына арнаулы курс, арнайы семинар материалдары ретінде пайдалануға болады.

Жобаның теориялық негіздері:
Жоба жазу барысында қазақ әдебиеті оқулығы, тарихи жазбалар, қазақ әдебиеті оқу-әдістемелік құрал, Бұқар жыраудың толғаулары мен өлеңдері, қанатты сөздері теориялық негіз қызметін атқарды.
Жобада негізінен, Бұқар өмір сүрген замандағы халық тіршілігі бейнелене отырып, сол заманның тарихы мен Бұқар жыраудың шешендігі басшылыққа алынады. Тарихи жазбаларды келтіре отырып, Абылай хан мен Бұқар жыраудың образы жан-жақты талданады.

Жұмыстың зерттеу әдістері. Жобада баяндау, талдау, салыстырмалы талдау, жинақтау, өңдеу, жүйелеу әдістері басшылыққа алынды.
Жобаның зерттелу деңгейі: Қазақ әдебиеті тарихындағы жыраулық поэзиядағы Бұқар жырау тұлғасының сомдалуы жеке ақын-жыраулар шығармасы ретінде жеке қарастырылған. Осы бағытта жыраулық поэзиядағы елдік мәселесінің тұтас бірлікте көрінуіне, тарих пен әдебиетті байланыстырып, жыраулар мұрасының тарихи қайнар көзін ашқан ғалымдардың сіңірген еңбектерін атап өткен орынды.

Жұмыстың практикалық маңызы: Бұл жобаны қосымша оқулық ретінде немесе оқулықтың парақ беттеріне енгізіп, оқушыларға тереңірек ұғындырып, көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Жоба жұмысының құрылымы. Жоба жұмысы кіріспеден, негізгі бөліммен қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім үш тараудан тұрады. Жоба соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.

Жобаның жаңашылдығы:
Жобада жыраудың өлең-толғаулары, дастандарымен қатар жырдағы Бұқар бейнесі мен жырау өмірінің елеулі кезеңдері деректермен салыстырыла, сабақтастырыла бейнеленеді.
Бұқар жыраудың тарих пен әдебиетте алар орнын салыстыра отырып, талдау жасау жұмысымның жаңашылдығына жатады.
Бұқар жыраудың өлеңдері мен толғауларын мағынасы жағынан талдап, мәнін ашу, қанатты сөздерінің мағынасын толық түсініп, оқырманға жеңіл түрде түсіндіру жобамның жаңашылдығы болып табылады.
Бұқар жыраудың артынан қалған еңбектерінің тарихи және рухани құндылығын анықтап, көркемдегіш құралдарын табу жұмысымның жаңашылдығы болып табылады.

Кіріспе
Жырау заман сыншысы, сөйлесе шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді. Өзі тұрған заманның бейнелеріне қарап, келешек заман не болатынын болжайды. Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі құбажондатқан толғау, салыстырған суреттермен ұқсатқан нобай, жағалатқан белгімен келеді. Не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы: не көпке арналған ақыл, өсиет есебімен айтылады деп білімпаздықпен саралаған Мұхтар Әуезов айтқандай, жырау - ел тағдырына, өз халқына жаны ашыған ұлы тұлға. Жырау өз ақыл-өсиетін жырлап ел бойына ащы шындықпен сіңірткен. Жыраулар халықтың тұрмыс-тіршілігін орақ ауыз, шешен сөздерімен бейнелеген. Жыраулар халықтың атынан сөйлейтін болған.
Жыраулардың қанатты сөздерін халық тыңдап, олар жүргізген төрелікке еш сын айтпаған. Жырауларды қарапайым халық қастерлеген, қадірлеген. Жыраулардың жырына құлақ түріп, оларды тыңдап, дұрыс жолға бағыт алып отырған.
Жыраулар өз жанынан өлең, толғау, жыр шығарып оны домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен жырлаған. Ел жағдайын, заман бейнесін ауызша жырлап, толғанады. Олардың айтқан әр өлеңі ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа тараған.
Өз заманының бейнесін, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін өз толғауларында жырлаған бірегей жырауларымыздың бірі - Бұқар жырау. Ол қазақтардың ашық аспан астында бейбіт өмір сүруін қалады, сондықтан қазақ халқына гүлдей егіле, жырдай төгіле баяндады. Ол өз өмірін халықты татуластыруға арнады. Халықтың қамын жеген Бұқар жырау:
Бұл жалғанда бір жаманы,-
Ағайынның аласы,- деп елдің берекесін қашыратын, ең әуелі отбасындағы жанжалдар екенін пайымдаған.
Бұқар жырау өз толғауларында заман бейнесін сынға алып, жұмбақтай отыра нақыл сөздерді халық санасына ұғындыра білген әулие.
1.1.Көмекей әулие атанған жырау
Бұқар жырау 1668 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Арғын тайпасының Сүйіндік руының қаржас руынан шыққан Бұқар жырауды көмекей әулие деп атап кеткен. Өйткені ол сөйлеген кезінде көмекейі бүлкілдеп кетіп тек өлең сөз түрінде төгіледі екен.
Бұқар жырау жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің басына қара күн туған жылдары өмір сүрген. Сол кезде заманның ащы бейнесін жырлап, күрделі мәселелелерге жауап берген. Ол - Абылай ханның кеңесшісі, ауыр сәттерде ханға кеңес беріп, дұрыс бағыт нұсқап, қол астындағы халықты бір тудың астына кіргізуге тырысқан. Өзінің жырларын табиғат аясында барша халыққа жырлап, оларға үміт отын сыйлап, бастарын бір жерге біріктірген. Халыққа рух берген, алға ұмтылдырған. Сонымен қатар жырау өз толғауларында Абылай хан мен сол заматтағы батырлардың небір ғажайып ерліктерін баяндаған. Олардың өшпес әдеби үлгілерін, образдарын шынайы жеткізген. Абылай ханның қиын сәттерде ел ұйытқысы болып, елін қорғар азамат екенін асқақ жырлады:
Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай,
Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай,
Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай,
Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам,
Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!
Жыраудың Тілек, Айналасын жер тұтқан, Әлемді түгел көрсе де, Биік тауға жарасар, Керей, қайда барасың?, Бұқарекең біз келді, Жал-құйрығы қаба деп, Асқар таудың өлгені, Атам болған жиырма бес, Жиырма деген жасыңыз, Ей, Абылай, Абылай, Ал тілімді алмасаң, Қазақтың ханы Абылай, Батырың өтті Бөгенбай және тағы да басқа толғаулары бар.
Бұқар шығармаларының өзекті тақырыбы - ел бірлігін жырлау, Абылай бейнесін сомдау. Ол XVIII ғасырда өмір сүріп, Тәуке, Абылай хандарға кеңесші болған.

1.2. Бұқар жыраудың әдеби мұралары
Көшпелі өмір сүрген қазақтың кезінде халықтың оральдік мәдениеті, жыр айту дәстүрі, музыка өнері дами бастады. Қазақтардың Жоңғарлардың басқыншылықтарына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқар жыраудың шығармаларын мектепте оқыту
Алаш әдебиеттануын совет кезінде дамытқан ғалым
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Қазақ даласындағы саяси-құқықтық ойлардың даму үрдісі жайлы
Жыраулар поэзиясы - тәуелсіз мемлекеттік деңгейде өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірінің әдеби мұрасы
Жыраулар поэзиясы
Ежелгі жәдігерліктер мен жыраулар поэзиясының поэтикалық үндестіктері
Бұқар жырау жырларының көркемдік қуаты
Бұқар жырау (1668-1781)
Бұқар жырау шығармаларымен таныстырудың әдістемесі
Пәндер