Тараптардың түсінігі, құқықтары мен міндеттері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ТИТУЛКАҒА

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ... ... ... .
1.1.Азаматтық прцесс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынаста қатысушылар және олардың құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ НЕГІЗГІ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ СУБЬЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1.Тараптардың түсінігі, құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .
2.2 Тиісті емес жауапкерді ауыстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Туған еліміз Қазақстанның тәуелсіздік алып, әлемде тәуелсіздіктің дәлелі ретінде алтын бедері бар көк байрақтың желпілдегеніне де міне 15 жыл толайын деп қалды.Осы уақыт ішінде мемлекетіміздің өсіп, дамуына аз шаралар жасалған жоқ. Заң мәселесі де бұдан шет қалмақ емес. Жаңа саяси-құқықтық жағдайға байланысты көптеген заңдар, кодекстер қабылданды. Бұл жерде ерекше атап өтетін жағдай -- 1995 жылы 30-тамызда еліміздің Ата заңымыз конституцияның қабылдануы.Осы конституция негіз болып, еліміздің заң ғылымдары мен заңдамасында көптеген ірі-ірі бастамашылық идеялар жүзеге асырылды. Азаматтық істер жүргізу қүқығы да осы тізімнен белді орын алғандай. 1999 жылы 13-шілде күні Қазақстан Респуликасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексі қабылданды. Бұл кодексте азаматтық істер жүргізу мәселесіне қатысты барлық жағдайлар көрініс таптық десек, артық айтпағанымыз болар.Бұл бітіру жұмысында қарастырылып отырған мәселе -- тараптар. Азаматтық процессте іске қатысушы түлғалардың ішінде тараптардың ерекше орынға ие екені даусыз жайт. Тараптарсыз талап өндірісінің болуы, жүзеге асырылуы мүмкін емес.Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, мемлекетімізде экономикамыз жетіле түскендей. Оған бір демеу, себеп ретінде шетел инвестицияларының ел экономикасына құйылуын атауға болар. Ал экономикада мұндай ірі-ірі құбылыстар болып жатқанда, оларға қатысты даулардың туындамауы мүмкін емес. Ал азаматтық іс жүргізу өндірісінде барлық қаржылық, шаруашылық т.б. істер қаралады.
Сотта істерді қарау дегеніміз адам азамат құқықтарының, мемлекет, қоғам мүдделерінің қорғалуы.қазақстан Респуликасы Конституциясының 13-бабына сәйкес, әркімнің құқық субьектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің қққықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы.Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Міне, осы құқықтар талап өндірісіндегі тараптардың мәртебесін анықтайтыны сөзсіз.Бітіру жұмысының тақырыбын тараптармен байланыстыра отырып алудағы мақсатта -- тараптарға қатысты мәселені жан-жақта талқылау болса керек. Себебі, азаматтық іс жүргізудегі тараптар -- бір қарағанда қарапайым тұлғалар болып көрінуі мүмкін. Ал шын мәнінде тараптарға қатысты зерттелмеген мәселелер қаншама? Тараптапдың іске тең қатысуы, құқық мирасқорлығы, тиісті емес жауапкерді ауыстырудың өзі негетұрады ?
Әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциядық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінүге құқылы.Міне, осы Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 8-бабында көзделген ережені негізге ала отырып кез-келген тұлға сотқа шағымдана алады.Қазіргі заманда заң түсіндіруіндегі әр алуандылыққа байланысты көп жағдайда тараптар жөнінде әртүрлі пікірлер пайда болады. Сондықтан да, азаматтық іс жүргізудегі тарап дегеніміз кім, соның мәнің ашып, талқылау да дұрысырақ болар.Тараптар мәселесін қозғамастан бұрын азаматтық іс жүргізу қатынастарының субъекттілеріне тоқталған дұрысырақ болар. Солай, көптеген ғалымдардың пікірінше азаматтық іс жүргізу қатынастарының субъектілері үш негізгі топқа бөлінеді. Олар:
Соттар.
Іске қатысушы тұлғалар.
Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал етуші түлғалар.
Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 44-бабында, іске қатысушы тұлғалардың құрамы берілген. Олардың ішінде ең негізгілері болып тараптар табылады.Тараптарды азаматтық іс жүргізудегі негізгі субъекттілер ретінде көрсететін дәлелдер көп-ақ. Олардың барлығын осы бітіру жұмысының әрбір бөлімінен айқын көруге болады.Жалпы, осы бітіру жұмысын жазған кездегі бастамашылық идея -- тараптарды азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылары ретінде көрсету. Негізгі деген сөздің өз дәлелі бар. Ол бірінші, басыңқы деген түсінікті береді. Тараптардың өздеріне тән белгілері бір жеке бөлімде қарастырылып өткен. Міне, осы белгілері арқылы тараптар ерекшеленіп, азаматтық іс жүргізуде оқшау орынды иеленеді.
Тараптар ауысса процестегі даудың пәні де, негізі де, нысанасы да ауысады.Сондықтан, азаматтық іс жүргізудегі тараптарды процестің қазығы деп қарастыруға әбден болад.

1.АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
1.1.Азаматтық прцесс

Азаматтық процесс -- бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы құқықтық қатынастардың күрделі жүйесі, әрқайсысы азаматтық іс жүргізу құқығының белгілі бір нормаларының негізінде пайда болады. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының міндетті субъектілері: бір тараптан -- сот, екінші тараптан процеске қатысушылар болып есептеледі. Сонымен бірге азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы іске қатысушы тұлғаның ерік білдіруіне байланысты. Құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін осы қатынастарға қатысушылардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін айқындайтын құқық субъектілігі болуы керек.
Азаматтық іс жүргізудің құқық қабілеттілігі -- бұл іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттеріне ие болу қабілеттілігі.-- Ол азаматтар мен ұйымдардың бәрі үшін бір деңгейде танылады және азаматтардың туған сәтінен басталып, қайтыс болған сәтінде бітеді. Ұйымдар да тіркелген сәтінен басталып, таралған сәтінде тоқтатылады.Азаматтық іс жүргізудің әрекетқабілеттілігі -- бұл өз әрекеттері арқылы өз құқықтарын жүзеге асыру және сотта міндеттерін орындау, істі жүргізуді өкіліне тапсыру, жауапкершілікті дербес алып жүру қабілеті.
Іс жүргізу әрекетқабілеттілігіне толық көлемде 18 жасқа толған азаматтар, сондай-ақ егер неке жасы белгіленген тәртіпте төмендетілсе, 18 жасқа толмай неке құрған адамдар ие болады. Сотта 14 және 18 жас аралығындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың, сондай-ақ әрекетқабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделері олардың заңды өкілдері, яғни ата-аналары, асырап алушулары немесе қорғаушылары арқылы қорғалады.
Құқықтық қатынас - құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасылып отыратын құқықтар және міндеттермен айшықталған құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар. Азаматтық іс жүргізу қатынасы құқық қорғау қатынастарына жатады. Олардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы заңдық жағдаяттармен, заңдық маңызы бар нақтылы мән-жайлармен байланысты, олармен құқық нормасы азаматтық іс жүргізу құқық субъектілерінің іс жүргізу құқықтары
мен іс жүргізу міндеттерінің пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуын байланыстырады.Бұл қатынастардың ерекшеліктері мыналар:
- олар азаматтық іс жүргізу құқықтық нормаларымен тікелей белгіленген;
- ерекше субъективтік құрамы, яғни іске қатысушылардың құрамы;
-бірлігі мен біріктік;
- арақатынасында.
Азаматтық іс жүргізу қатынастары сотқа талап арыз, арыз және шағым берген кезде пайда боладьі. Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен азаматтық іс жүргізу міндеттері азаматтық іс жүргізу қатынастарының мазмұнын құрайды. Азаматтық істерді қарап шешуде азаматтың іс жүргізу құқық қатынастарының мынандай түрлерін байқауға болады: негізгі, қосымша жэне қызметтік-көмек көр-сетушілік.Негізгі іс жүргізу құқық қатынастары талап қоюмен іс жүргізу, ерекше талап қоюмен іс жүргізуде сот пен тараптар (талап қоюшы және жауапкер) арасында және ерекше іс жүргізуде сот пен арыз беруші арасында болады.Қосымша іс жүргізу құқық қатынастары- іс бойынша қорытынды беру үшін прокурордың, мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органның қатысуымен өткенде (АІЖК-тің 55, 57-баптары), сондай-ақ үшінші тұлғалардың қатысуымен өткенде (АІЖК-тің 52, 53-баптары) туындайды.Қызметтік-көмек көрсетушілік іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша өз қызмет бабы бойынша көмек көрсету үшін аудармашының, сарапшының, куәлардың, қоғамдың өкілдердің қатысуымен өткенде туындайды.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының ерекшелігі оның биліктік сипатында,яғни биліктік қатынастылығында. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері - сот және өзге сот ісін жүргізуге қатысушысы билік және бағынушылық қатынаста болады. Оған дәлел ҚР Конституциясының сот билігін бекітуі.
Жоғарыда айтылғанның бәрі азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының түсінігіне анықтама беруге болатынын білдіре. Сонымен азаматтық іс жүргізу құқық қатынасы - бұл субъективтік құқықтармен заңмен қорғалатын мүддені қорғау үшін сот пен өзге азаматтық процестің қатысушылары арасындағы азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.

1.2. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынаста қатысушылар және олардың құқықтары мен міндеттері
Субъектілер, яғни азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарына қатысатын немесе қатыса алатын адамдар үш топқа бөлінеді.
* Сот төрелігін жүзеге асыратын адамдар.Сот процестің ерекше қатысушысы болып табылады, себебі арнайы құрылған мемлекеттік билік органы ретінде сот төрелігін жүзеге асырады. Сотқа азаматтық процестің анық сатыларында басшылық рөл берілген. Іске қатысушы тұлғалар судьяға қарсыльқ білдірулері мүмкін, мұндай жағдайда судья ауыстырылып, істі басқа судья қарайды.Сот отырысының хатшысы азаматтық істерді қарау барысында сот отырысының хаттамасын жасайды және сот отырысына төрағалық етушінің басқа да тапсырмаларын орындайды. Сот отырысының хатшысы сотқа іс бойынша шақырылған адамдардың қайсысының келгенін, келмей қалған адамдарға хабарланғандығы туралы және олардың келмей қалуының қандай себептері бар екендігін хабарлайды.Сот приставы -- төмендегідей міндеттерді атқаратын адам: сот отырысы кезінде залдағы қоғамдық тәртіпті қадағалайды, сотқа іс жүргізу әрекеттерін орындауды жәрдемдеседі, сот ғимаратын, судьяларды және процестің басқа қатысушыларын қорғауды қамтамасыз етеді, соттың және басқа органдардың атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындалатын сот орындаушыларына көмек көрсетеді.Сот орындаушысы -- бұл мемлекеттік қызметтегі және заңмен жүктелген соттың және басқа органдардың актілерін орындау жөніндегі міндеттерді атқаратын лауазымды тұлға.
* Іске қатысушы адамдар -- тараптар; даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар; прокурор; мемлекеттік органдар; процеске қатысатын жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жеке азаматтар; ерекше өндіріс тәртібінде сотта қаралатын істер бойынша өтініш берушілер және басқа да мүдделі адамдар.Іске қатушы адамдар өздеріне тиесілі барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануы тиіс. Осы тұлғалар іс жүргізу құқықтарын орындамаған жағдайда заңдарда азаматтық сот ісін жүргізу туралы қарастырылған салдарлар туындайды.Іске қатысушы барлық адамдар екі шағын топқа бөлінед:1) өз құқықтары мен мүдделерін қорғайтын адамдар. Оларға; үшінші тұлғалар, яғни, ерекше өндіріс істері бойынша өтініш берушілер мен мүдделі тұлғалар кіреді,2) мемлекеттік, қоғамдық мүдделерді не жеке адамдар мүдделері мен құқықтарын қорғайтын адамдар. Олар прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жеке азаматтар.

* Сот төрелігін жүзеге асыруға жәрдемдесетін адамдарБұл топқа куәгерлер, сарапшылар, аудармашылар, мамандар, мүлікті сақтаушылар және басқалары кіреді. Мұндай адамдарда азаматтық іске заңды мүдделілік болмайды. Олардың азаматтық процестегі рөлі қосалқы-қызметтік болып табылады, олар сотқа істің нақтылы мән-жайларын анықтауға, оны дұрыс шешуге жәрдемдеседі және нақты әрекеттерді жүзеге асыруға көмектеседі, тап осындай көмекті олар іске қатысушы басқа да адамдарға көрсетеді.

2.АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ НЕГІЗГІ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ СУБЬЕКТІЛЕРІ
2.1.Тараптардың түсінігі, құқықтары мен міндеттері

Азаматтық іс жүргізудегі тараптар -- олардың атынан процесс жүзеге асырылатын және олардың материалдық -- құқықтық дауын реттеу сотқа жүктелген тұлғалар.Азаматтық іс жүргізу заңдамасы іске қатысушы тұлғалардың құрамын нақты атап көрсетеді. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 44-бабына сәйкес, тараптар; дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін 3-тұлғалар; прокурор; мемлекеттік органдар; жергілікті өзін-өзі басқару органдары; ұйымдар немесе Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 56 және 57 баптарында көзделген негіздер бойынша процеске қатысатын жекелеген азаматтар, сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен мүдделі адамдар іске қатысушы тұлғалар болып табылады.Процессте қатысушылар болып табылатын жоғарыдағы тұлғалардың арасында тараптардың орны ерекше. Себебі, тараптарсыз талап өндірісінің қозғалуы мүмкін емес. Ал талап өндірісі тәртібінде азаматтық істердің басым көпшілігі қаралатыны даусыз жайт.Кез-келген азаматтық-құқықтіық дауда кем дегенде екі тарап болады, олар даудың пәніне қатысты қарама-қайшы бағытқа ие болады.
Тараптардың бірі болып талапкер табылады, ол -- сотқа өзінің субъективтік құқығы немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін жалданған тұлға. Бүл жерде басты көңіл бөлетін жайт -талапкердің субъективтік құқығы немесе заңды мүддесінің бұзылғандығы іс жүзінде болуы да, болмауы да мүмкін, ол тек талапкердің көзқарасы бойынша ғана бұзылған деп саналады. Талапкердің сотқа жолдануына негіз болып, оның көзқарасы бойынша, оның құқықтарын басқа біреудің бұзуы немесе оның құқықтары мен заңды мүдделерін біреудің заңсыз даулауы болып табыладыЕкінші жақ болып жауапкер табылады, ол болжамды түрде сотқа жолданған тұлғаның құқықтары мен заңды мүддесін бұзған тұлға ретінде көрсетіледі.
Талапкер де, жауапкер де даулы материалдық -- құқықтық қатынастың субъектілері болып табылады. Бірақ, жауапкерде даулы құқықтың бар-жоқтығы және ол құқықтың жауапкермен бұзылғандығы жөніндегі қорытынды жауапты тек сот қана бере алады. Талап -- арыз берілген, азаматтық іс қозғалған кезде талапкердің заңмен қозғалатын мүдденің немесе даулы құқықтың субъектісі екендігі және жауапкердің даулы міндеттеменің субъектісі екендігі -- тек мүмкін нәрсе ғана, болжам.Яғни, талапкер де, жауапкер де -- даулы материалдық-құқықтың қатынастың мүмкін субъектілері болып табылады.
ТАЛАПКЕР -- бұл даулы құқық немесе заңды мүдденің иесі және өз құқығын жауапкер негізсіз бұзды немесе даулады деп есептеп сотқа қорғану үшін жүгінетін мүмкін тұлға.
ЖАУАПКЕР- талап қоюшының арызы бойынша оның құқықтары мен міндеттерін бұзушы немесе негізсіз оның құқығын даулайтын және соның салдарынан талап қоюшыға жауапқа тартылған және оған қарсы азаматтық іс қозғалған тұлға.Азаматтық іс жүргізудің теориясындағы тараптардың даулы материалдық-қүқықтық қатынастың мүмкін субъектісі жөніндегі көзқарасты Н.А.Чечина, Д.М.Чечот, М.Н.Треушников сияқты, процессуалист -- ғалымдар жақтайды. Бірақ, осы жайтқа байланысты басқа да көзқарас бар, Оны жекелеп атағанда А.А,Мельников жақтайды. Оның айтуынша, басында тараптарды даулы құқықтық қатынастың субъектісі деп санауға болмайды. А.А.Мельников бойынша, тараптар құқық туралы даудың субъектісі. Яғни, ол мына жайтқа сүйенеді-азаматтық істе тараптар болып әрқашанда құқықтық қатынастағы тұлғалардың бола бермеуі.Ал шын мәнінде шындыққа сәйкесірек болып, бірінші көзқарас табылады. Себебі, құқық туралы дау болатын болса, дауласушы субъектілердің арасында қатынастар болады. Бұл қатынастар апелляция, заңға сүйену, құқыққа негізделу жолдарымен реттелуі мүмкін, яғни, қатынастар осылай құқықтық қатынасқа айналады.Жоғарыда айтылғандай, талап өндірісінің әрқашанда екі тарабы болады. Талапкер қорғауды талап ету түсінігінен шыққан.Жауапкер үшін де, талапкерге де тең болып сот шешуге бағытталған құқық туралы дау табылады.
Тараптардың негізгі ерекше белгісі болып олардың істің ақырына мүдделілігі. Бұл мүдделілік міндетті түрде құқықтық сипатқа ие болуы керек. Тараптардың ерекшелігі -- олардың іске мүдделілігі материалдардық -- құқықтық, әрі процессуалдың құқықтық сипатқа ие.Тараптар процерске өз құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін қатысады. Процесс, тәртіп бойынша, өз құқығы бұзылды деп есептеп сотқа жүгінген тұлғаның арызы негізінде басталады. Сондықтан, осы бұзылған немесе дауланған құқықты қорғау қажеттілігінен сол тұлғаның мүдделілігі пайда болады. Бұл жерде атап өтетін бір мәселе -- бұзылған немесе дауланған құқық туралы талап-арызды құқық туралы даудың субъектісі болып табылатын субъект қана бермейді. Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 8-бабына сәйкес, сот істі тек мүдделі тұлғаның арызы бойынша ғана емес, прокурор, мемлекеттік билік органдарының талап-арыздары бойынша да қозғай алады, егер олар сотқа басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөнінде жүгінсе.Алайда, кімнің талап-арызды беріп, істі қозғанына қарамастан, талапкердің мәртебесін тек даулы құқықтың мүмкін субъектісі болып табылатын тұлға ғана иеленеді.Заңға сәйкес, оның мүддесіне қатысты прокурор немесе басқа тұлғалардың арызы бойынша іс қозғалған тұлға процесстің басталғандығы туралы хабарландырылады және іске талапкер ретінде қатысады.
Даулы материалдардық-құқықтық қатынас -- нақты іс бойынша процесс объектісі, ал тараптар оның субъектілері болып табылады[5,127]Ал осы құқықтық қатынастың шын мәнінде бұзылған -бұзылмағандығы және оның дәрежесі және ол үшін жауапкер жауап беруі тиіс пе, бұл жағдайлар тек соттың істі мәні бойынша қарауының нәтижесінде ғана, сот өзі шешеді. Іс қозғалған сәтте тараптардың мынандай елеулі белгілері болады:
Іс тараптардың атынан жүргізеді, олар азаматтық істің негізгі субъектілері. Бұл ереженің практикалық мәні зор, себебіҚазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 153-бабының 1-тармағына сәйкес дәл сол тараптарарасында, сол пән және сол негіз бойынша шешілген талаптыалудан және қараудан бас тартылады.Тараптар арасындағы қатынас талап-арызды беру нәтежесінде ресми даулы сипатқа ие болады. Ал соттың мақсаты -- мұндай қатынастарды реттеу.Тараптар -- даулы материалдық-құқықтық қатынастыңсубъектілері, сондықтан олар істің ақырына материалдық -- құқықтық мүддеге ие болады. Сот шешімі олардыңматериалдық құқығына әсерін тигізеді, сондықтан олар сол шешімнің нәтижесінде белгіл бір материалдық игіліктерді иеленеді немесе олардын айырылады.Сотпен процессуалдық -- құқықтық қатынасқа түсе отырып,тараптар іске процессуалдық түрде де мүдделі болады. Ол дегеніміз өз құқықтарын қорғау мүмкіндігін иелену, өздерінеқатысты ыңғайлы, тиімді шешім шығаруға бар күшін, ынтасын салу.
Процестің- басты қатысушылары бола тұрып, тараптар сот шығындарын өтейді.Жалпылай қосып алғанда жоғарыдағы белгілер тек тараптарға тән және нақты осы белгілердің жиынтығының болуы тараптарды іске қатысушы басқа да тұлғалардан ажырату мүмкіндігін береді.Бұл жерде ескеріп өтетін бір мәселе -- тараптар түсінігі тек талап өндірісіне тән. Ал ерекше талап өндірісі мен ерекше өндірісте өтініш беруші, арыз беруші және мүдделі тұлғалар болады. Міне, осы тұлғалар, заңға сәйкес, кейбір шектеулерімен тараптардың құқықтарын иеленеді.Азаматтық сот ісін жүргізудегі тараптардың процессуалдық жағдайы әрқашанда тең болады. Бұл жай ғана ереже емес, азаматтық іс жүргізудегі бастамашылық қағидалардың бірі.
Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 13-бабына сәйкес, азаматтық істер бойынша сот төрелігі заң мен сот алдындағы теңдік негізінде жүздеге асырылады.Азаматтық сот ісін жүргізу барысында азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы шыққан тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімдері, тұрғылықты жері жөніндегі себептермен немесе өзге де кез-келген мән-жайлар бойынша кемсітілмеуге тиіс.Тараптардың да құқықтары мен міндеттеріне тоқтамастан бұрын, тараптардың тең құқықтылығы азаматтық іс жүргізудің бастамашылық ережелерінің бірі екенін айтып өткен жөн болар.Азаматтық істер жүргізуде тең құқылықты екі мағынада түсінуге болады:Сотқа талапкер немесе жауапкер ретінде қатысушы тұлғалар бірдей құқықтарға иеленуі тиіс, олардың қандайда болмасын жағдайына қарамастан, жеңілдіктерге немесе кемсітуге жол берілмейді.Талапкердің де, жауапкердің де мүдделері теңестірілуі тиіс.Сонымен, тараптар бірдей іс жіргізу құқықтарын пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндеттерін көтереді.Тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз айқындамасын таңдап алады, оны қорғау әдісі мен амалдарын дербес және соттан, басқа органдар мен адамдардан тәуелсіз түрде таңдап алады. Сот істің нақты мән-жайын анықтау мақсатында өз бастамасымен айғақтар жинаудан босатылған, алайда тараптың дәлелді өтініші бойынша оған қажетті материалдарды алуға жәрдемдеседі.Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтай отырып, істің мән-жайын толық және объективті зерттеуге тараптардың құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды. Сот іс жүргізу шешімін тараптардың әрқайсына бірдей негізде қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді.
Сот тараптарға бірдей және құрметпең қарайды. Жалпы айтқанда, тараптардың барлығының процессуалдық құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабында көзделген сотта қорғану құқығынан пайда болады.Тараптардың құқықтарын шартты түрде жалпы және арнайы деп бөлуге болады. Жалпы құқықтарды іске қатысушы басқа түлғалар да иеленеді, ал арнайы құқықтар тек тараптарға ғана тән.Жалпы құқықтар Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 47- бабында атап көрсетілген :Іске қатысушы тұлғалардың іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге және оларды зерттеуге қатысуға;Іске қатысушы басқа адамдарға, куәларға, сарапшыларға және мамандарға қосымша дәлелдеме талап ету туралы өтініш жасауға, сотқа ауызша мен жазбаша түсініктемелер беруге;Сот процессі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша бойынша өз дәлелдерін келтіруге;Іске қатысушы басқа тұлғалардың өтінімдері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге;Соттың шешімімен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге;Соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға;Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы бар.
Олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға тиіс. Тарптардың арнайы құқықтары Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 49- бабында көзделген. Олар:
Талапкердің талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгертуі;
Жауапкердің талап қоюды тануы;
Тараптардың өзара бітімгершілік келісім келуі, яғни, талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайтуға, талаптан бас тартуға құқылы. Талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту, талаптан бас тарту жазбаша өтініш беру жолымен жүргізіледі және оларға бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін жол беріледі. Жауапкер талап қоюды тануға құқылы, бұл жөнінде одан қолхат алынады. Тараптар істі бітімгершілік келісіммен аяқтай алады, оған тараптар қол қояды және сотпен бекітіледі.Соттың өз бастамасы бойынша талап қою нысанасын немесе негіздемесін өзгертуге құқығы жоқ. Егер бұл іс-әрекет заңға қайшы келсе немесе басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды және тараптардың бітімгершілік келісімін бекітпейді.Міне, жоғарыда аталған құқықтарды пайдалана отырып, тараптар азаматтық сот ісін жүргізудегі өз процессуалдық жағдайының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.Ал осы құқықтардың мәнін ашпастан бұрын оларды топтастырған дұрысырақ болар.Тараптардың субъективтік процессуалдық құқықтары біртектес емес. Бұл жағдай оларды мазмүнына сәйкес бөліп талдауды қажет етеді.
Мазмұнының ерекшеліктеріне сәйкес, құқықтарды мынадай топтарға бөлуге болады:
* Іс бойынша процессті қозғаумен, және оның әрі қарай қозғалуымен байланысты құқықтар, яғни, азаматтық процесстегі диспозитивтік қағиданы білідіретін құқықтар.
* Істі сотта қарауға қатысумен, сот шешімін орындаумен байланысты құқықтар, яғни, жарыспалылық қағидасын білдіретін құқықтар.
* Сотқа қажетті техникалық әрекеттерді істеу туралы нұсқау мүмкіндігімен байланысты құқықтар.
* Бірінші топқа жататын кейбір құқықтарды қарастыратын болсақ, Істі қозғауға құқық.
Бұл құқық тараптардың процессуалдық құқықтарының ішіндегі мейлінше мәні бар құқықтарының бірі. Бұл құқықты бірдей екі тарап та иеленеді, себебі, жалпы ереже бойынша сотқа талаптарды талапкер берсе, жауапкер Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз Қазақстанның Жаңарған қоғамдық-экономикалық құрылысы
Азаматтық іс жүргізудегі тараптар, олардың құқықтары мен міндеттері
Азаматтық іс-жүргізу
Азаматтық процесстің қатысушылары (жалпы сипаттама)
Тасымалдау шарттың түсінігі мен жүйесі
Азаматтық процестегі тараптар түсінігі
АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССТЕГІ ТАРАПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Азаматтық іс жүргізу тараптары
Азаматтық процесстегі бірігіп қатысушылық және процесстегі тиісті және тиісті емес тараптар түсінігі
Іске қатысушы тұлғалар
Пәндер