Баланстың активі мен пассиві



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
НАРХОЗ УНИВЕРСИТИТЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Курстық жұмыс тақырыбы
Қаржылық есептің бухгалтерлік балансы, құрамы, бөлімдері, жолдары, толтырылу тәртібі.

Тұрлығазиева Қарақат Мұхитқызы
3 курс студенті
Мамандығы 0518000 - ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ (салалар бойынша)

Жетекшісі:
Сарсенова А.М.

АЛМАТЫ, 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС. ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1. Қаржылық есептіліктің бухгалтерлік балансы және оның мәні ... ... ... ... ..4
1.2. Баланстың бөлімі мен баптары. Баланстың активі мен пассиві ... ... ... ... ..6
1.3. Шаруашылық операция ықпалдарынан баланстың өзгерісі ... ... ... ... ... ..12

2. ЖШС КАЗАХЦЕМЕНТ-ДЕ БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСЫН ТАЛДАУ ТӘСІЛДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1. Казахцемент ЖШС-нің техника-экономикалық сипаттамасы ... ... ... ...15
2.2. Казахцемент ЖШС-нің бухгалтерлік балансын талдау және есеп беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

3. БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ ТОЛТЫРЫЛУ ШАРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
3.1. Бухгалтерлік баланс есеп беру түсінігі және толтырылуы ... ... ... ... ... ..20
3.2. Бухгалтерлік баланс қорытынды есебін құру үшін, қажетті шараларды жүзеге асыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 3

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 24

ҚОСЫМШАЛАР.

КІРІСПЕ
Мен, Тұрлығазиева Қарақат, Нархоз Университетінің Экономикалық колледжінің, Е-332 тобының студенті, оқу бағдарламасына сәйкес Қаржылық есеп пәні бойынша курстық жұмыс жасап өттім. Курстық жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес 0518000 - Есеп және Аудит (салалары бойынша) мамандығы бойынша дайындалды.
Бухгалтерлік есеп - бұдан туындайтын қаржылық қорытынды есеп нарықтық қатынастардың негізін қалай тиымдылығына кәсіпкерлер, бизнесмендер, меншік иелері және кәсіпорындарды басқарушылардың көзі жетті. Сонымен қатар бухгалтерлік есепті жетілдіру, қаржы мен банк істері өрісінде іске асырылатын шаралар жиі - жиі өзгеріске түсетін болады. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теория және қолданбалы негізін білу құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, тиімді шешім қабылдау, бухгалтерлік есепті жетілдіру ерекше орын алады.
Қазақстан-2030 стратегиясында анықталған мақсаттарға жету үшін экономиканың тұрақты және қарқынды өсуі қажет. Отандық экономистердің есебі бойынша Қазақстан 2030 жылы индустриалды дамыған елдердің қатарына қосылу үшін экономикалық дамудың жоғарғы деңгейін ұстап отыруымыз керек. Сондықтан Қазақстан экономикасының дамуы экономикалық реформаларды тездетудің жаңа жолдарын іздеуді талап етеді.
Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікті дамытуға экономикалық қарысы мол басым салаларды таңдап алдық, сол арқылы экономикалық жүйені дамытуға жол аштық. ҚР-ның тұңғыш Елбасшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғарғы стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуы керек. Біз бұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз. деген еді. Осы жайттардың барлығын ескере отырып мен өзімнің курсттық жұмысымды бухгалтерлік есебімізді яғни бухгалтерлік теңдіктің дұрыс орындалуына барынша үлесімді қосып, сол тақырыпты кең көлемде ашып бергім келіп тұр.
Кәсіпорынды басқару шаруашылық құралдарының тиімділігін және сақтығын бақылау мақсатында бөлігі бір мерзімге құрамы және шамасы жөнінде ақпараттар қажет. Мұндай ақпаратты бухгалтерлік баланс көмегімен алады.
Ұсынылып отырған курстық жұмысымның мақсаты - бухгалтерлік баланс жайында жалпы түсінік беру, кәсіпорынның бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілігі туралы мағұлмат беру, оны ұғыну, талдау жүргізу және талдау зерттеуіндегі дағдыларды меңгеруге көмектесу болып табылады. Бұл болашақ жас мамандарға талдау жұмысын біліктілікпен жургізуге, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қорытынды беруге көмектеседі.
1. БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС. ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ.
1.1. Қаржылық есептіліктің бухгалтерлік балансы және оның мәні.
Бухгалтерлік баланс шаруашылық құралдары мен олардың көздерін белгілі бір мерзімге ақшалай өлшемде топтастыруды білдіреді.
Баланс термині латын сөздерінен bis - екі рет және lans - таразы табағы дегенді білдіреді, яғни теге-теңдік мағынасын (ұғымын) білдіреді.
Кәсіпорынның шаруашылық құралдары мен олардың көздерін жалпылау кесте көмегімен жүзеге асырылады, ол да баланс деп аталады. Сонымен қатар бұл әдіс бухгалтерлік қорытынды есеп жүйесіндегі негізгі форма. Шаруашылық операцияларын толық жүзеге асыру үшін әрбір кәсіпорындар белгілі бір көлем мен дәрежеде қорлар етеді. Құралдар мен құралдардың қорлану көздерінің жалпы көлемі ақшалай өлшеммен жинақталып, белгілі бір мерзімі қарай топтастырылып қорытындыланады.
Бухгалтерлік баланс -- кәсіпорынның жылдық есеп беруінің негізгі үлгісі. Баланс жасалғанға дейін есепке алу тізімдеріндегі барлық синтетикалық шоттары бойынша толтырылған айналымдар мен қалдықтарды талдау есебінің деректерімен салыстыру қажет. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы баланс үшін бекітілген номенклатурамен және бөлімдер мен баптардың топтамаларымен (егер баланс баптарының номенклатурасында өзгерістер болса) сәйкестендірілуге тиіс.
Баланс Бас кітапта не Бас кітап машина жазбасында көрсетілген шоттар бойынша толтырылған қалдықтар негізінде жасалады.
Баланс екі бөлімнен тұрады: актив және пассив. Активте айналым қаражатының және айналымнан тыс активтердің синтетикалық шоттары бойынша толтырылған қалдықтарды; пассивте міндеттемелер мен меншікті капиталды көрсетеді.
Сонымен қатар, баланста баланстан тыс шоттарда есепке алынатын қолда бар құндылықтар туралы анықтама келтіріледі. Анықтама баланстан тыс шоттар бойынша жүргізілетін есеп жүйесінің деректері бойынша жасалады.[4]
Есепті жылдың аяғында баланс баптарының деректері белгіленген тәртіп бойынша жүргізілген түгендеу арқылы расталуға тиіс.
Баланс жүргізу жалпы бухгалтерлік есеп жүйесінің теориялық негізін қалайтын әдіснамалардан түрады. Баланс жүргізу теориясы балансқа тән принциптерді, баланстың экономикалық қүрылымын, баланстағы тараулар мен баптардың экономикалық мәнін бағалау, осылардың негізінде экономикалық жағынан тиімді шешімдер қабылдау болып табылады. Баланс жүргізу теориясы экономикалық қатынастарды тиімді жүргізу бағытында капитал қалыптастыру, мүның функционалды аспектілерін зерттеу үрдісіндегі маңызы өте зор. Екі жақтылық төория бухгалтерлік баланспен тікелей байланыста болады. Баланс жүргізу теориясының негізінде бухгалтерлік есеп жүйесінің әдіснамалык ережелері қалыптасады. Бухгалтерлік есеп счеттарын жүргізу арқылы бухгалтерлік есеп жүйесінің техникалық жақтары іске асырылады.
Бухгалтерлік есепті арнайы жүйеге келтіру үш аспектіден және қүрамдас сабақтастықтан түрады:
- Екі жақтылық.
- Бухгалтерлік есеп счеттары.
- Бухгалтерлік баланс.
Баланс жүргізу теориясы екі жақтылық принциптен (тұрақты түрде екі жақтылықтың сақталуынан), сондай-ақ шаруашылык операцияларын счеттарға жазудан қалыптасады. Есеп объектілері деп - әрбір үйымдардағы орын алған фактілер мен операцияларды және атқарылған қызметтерді айтуға болады.[9]
Он тоғызыншы ғасырдың басында Италияның ғалымы Эмануэл Пизани баланстық теорияның негізін салды. Ол статмография ұғымын енгізген. Грек тілінде статмо - баланс, графия - жазып талдау деген ұғым береді.
Ертеректе бухгалтерлік есеп счеттары экономикалық және бюджеттік болып екі топқа бөлінген. Мүмкін осылайша бөлуге қарай қаржылық және басқарушылық есеп пайда болған болар.[12]
Бухгалтерлік баланс - үйымдардың экономикалық өміріндегі капиталдың шеңберлі айналысы процесін зерттеуші әдіс. Өзінің пәндік қасиеті түрғысынан капитал әрқашан да нактылык мақсатта, қүндык маңызда болады. Капталдың негізгі орындаушылық қасиеті бухгалтерлік баланстың активінде экономикалық ресурстар түрінде сипатталады.
Бухгалтерлік балансты экономикалық, қаржылық, қүқықтық заңдылығын және капиталдың пайда болуы мен қозғалысын, мүның бір түрден екінші түрге ауысуын, капиталдың өсу қарқынын, капиталдың сандық мағанасының сапалық және қаржылық мағанаға айналу аспектілерін сипаттайтын, оны ары қарай зерттеу моделі түрінде тану қажет. Сондықтан қандай да болмасын үйымдарда жасалатын балансты капитал рыногын, мүның айналымы мен шеңберлі айналысын, таза пайданың өсу қарқынын, инвестицияның тиімділігін белгілі бір кезеңдерге сай зерттеу жүмыстарының әдіснамасы деп қараған да жөн.
Бухгалтерлік есеп - бұдан туындайтын қаржылық қорытынды есеп нарықтық қатынастардың негізін қалай тиымдылығына кәсіпкерлер, бизнесменден, меншік иелері және кәсіпорындарды басқарушылардың көзі жетті. Сонымен қатар бухгалтерлік есепті жетілдіру, қаржы мен банк істері өрісінде іске асырылатын шаралар жиі - жиі өзгеріске түсетін болады.
Кәсіпорынның қаржылық есептілігін талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс - есепті жылдыңбасындағы және соңындағыкәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді.
Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады.
Үшіншіден, баланстың мазмұны оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.[5]
Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдайды; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды.
Бухгалтерлік баланс - қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрлымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрлымын,сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.[7]

1.2. Баланстың бөлімі мен баптары. Баланстың активі мен пассиві.
Баланс есі бөліктен тұрады: активтен және пассивтен. Сол жағы актив деп, оң жағы пассив деп аталады. Активте шаруашылық құралдарының құрамы және орналасуы көрсетіледі, ал пассивте бұл құралдардың пайда болу көздері көрсетіледі. Актив пен пассив өзара тең болады, өйткені кәсіпорын құралдарының жалпы мөлшері әрқашанда олардың көздерінің жалпы мөлшеріне тең
құралдар = капитал + міндеттемелер.

Мұндай теңдісті баластық теңдеу деп атпйды. Бұл теңдік кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпаратты көрсетпейді, бірақ та балансты құруда қателіктер жіберілмесе әрқашанда, сақталады.
Актив пен пассив жекелеген баптардан құралады. Баланс бабы дегеніміз шаруашылық құралдары немесе олардың көздерінің жекелеген аттары. Баланс активінде орналасқан баптар активті, он пассивінде орналасқандары, пассивті деп аталады.
Баланс активті мен пассивінің жиыны баланс валютасы деп аталады. Төменде бухгалтерлік баланстық шартты формасы көрсетілген.[8]
Баланс бабы бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады. Баланстың біртектес баптары топтарға біріктіріледі, он топтар - бөлімдерге. Баланс баптарын топтау негізінеү Бухгалтерлік есеп 2 (Стандартына) "Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептерді негізгі ашулары" 13 қараша 1996 ж. №3 ҚР-сы бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссияның қаулысымен бекітілген стандартқа сәйкес келесіндей принциптер енгізілген.[3]
1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келеді. Активтер, баланс кәсіпорынның есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлкі құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элементтер мен қортындыланған көрсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.
Баланстың актив бөлімінің құрлымына сай ерекшелік - бұл яғни баланс бөлімдері мен баптрының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы - яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына принцип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) болып табылады, олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражаттары.
Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімнің жеделдік дәрежесіне байланысты мына принципке сай құрылады: төлем мерзімінің жеделділігі аз бағыттарынан жеделділігі көп бағыттаға дейін.
Жоғары оқу орындарына экономикалық мамандық алатын студенттерге, бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының Бугалтерлік талдау оқулығында келесідей анықтама берілген: Баланс - бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып табылады. Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді (немесе активтер - бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиісті мүлкі) пассивтер - бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс [13].
Ағылшын ғалымдары шығарған Бухгалтерлік іске кіріспе деген оқу құралында былай жазылған: Баланс - бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие болады және де активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс (14).
Әрі қарай олар баланстың негізгі элементтерін келесідей сипаттайды:
Активтер - бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.
Пассив - бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы міндеттемесі. Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорынресурстарының шығынына (сыртқа кетуіне) әкеліп соқтырады.
Капитал - бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты.
Баланс бухгалтерлік есептің Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік №30 стандартымен анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтайды, сондай-ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады. Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауға және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдаудға қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.[15]
Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:
oo қысқа мерзімді активтер;
oo ұзақ мерзімді активтер;
oo қысқа мерзімді міндеттемелер;
oo ұзақ мерзімді міндеттемелер;
oo меншікті капитал.
Бухгалтерлік Есептің Халықаралық Стандартына (БЕХС) көшуіне байлнысты Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы №427 бұйрығымен бекіткен. Мұндағы жылдық баланс өзгеріске ұшыраған.
Баланс активтің өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі жоғары активтерден өтімділігі төмен активтере қарай, пассивтер принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімнің жеделділігі тез арада құтылуынан басталады.[2]
Баланс баптарының топтар мен бөлімдерге біріктірілуі олардың экономикалық мазмұнынан туындайды. Бухгалтерлік баланстарға шараушылық құралдары мен олардың құрылу көздерін көрсететін баптардан басқа осы шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздерінің бағалау құнын реттейтін баптар да кіреді. Оларды реттеуші баптар деп атайды. Олар баланста тұратын баланс баптарының санын кеңейтеді,ақпараттардың көлемін арттырады. Баланстың реттеуші баптары екі түрде болады: тура реттейтін және контрарлық. Тура реттелетін баптар баланстың негізгі бабына қосымша болып табылады, ал контрарлық баптар негізгі баптардың шамасын азайтуды көрсетеді және баланста минус таңбасымен көрсетіледі. Реттеуші баптардан тұратын бухгалтерлік баланс (итал.brutto -таза емес) брутто, реттеуші баптарсыз баланс нетто (итал.Netto- таза) деп аталады.
Баланс активі мынадай бөлімдерден тұрады:
І бөлім. Қысқа мерзімді активтер мынадай баптардан тұрады:
- ақша қаражаты және олардың эквиваленттері;
- қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар;
- қысқа мерзімді дебиторлық берешек;
- материалдық қорлар;
- ағымдардағы салықтық активтер;
- өзге де қысқа мерзімді активтер.
ІІ бөлім . Ұзақ мерзімді активтер мынадай баптардан тұрады:
- ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар;
- ұзақ мерзімді дебиторлық берешек;
- үлес қосу әдісімен есептелінетін инвестициялар;
- инвестициялық жылжымайтын мүлік;
- негізгі құралдар;
- биологиялық активтер;
- барлау және бағалау активтері;
- материалдық емес активтер;
- кейінге қалдырылған салықтық активтер;
- өзге де ұзақ мерзімді активтер.
Түсініктеме хатында олардың ішінен ұзақ мерзімге жалға берілген және жалға алынған негізгі құралдар жекен жеке ашылып көрсетілуі керек.
Баланс пассиві мынадай бөлімдерден тұрады:
ІІІ бөлім. Қысқа мерзмді міндеттемелер мынадай баптардан тұрады:
- қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер;
- салықтар бойынша міндеттемелер;
- басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер;
- қысқа мерзімді кредиторлық берешек;
- қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері;
- өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер.
Егер заңды тұлға келісім шарттарға сәйкес ұзақ мерзімді негізде міндеттемелерді қайта қаржыландыратын болса, онда ұзақ мерзімді міндеттемелердің ағымдағы бөлігі ағымдағы міндеттемелерден алынып тасталады.Осы жағдайда міндеттемелердің сомасы мен қайта қаржыландыру мерзімдері нақты қарастырылуы керек.
IV бөлім . Ұзақ мерзімді міндеттемелер басқа кәсіпорындар мен ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді қарыз және банк несиелері бойынша есепті кезеңге қарыздарды көрсету үшін арналған.
- ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер;
- ұзақ мерзімді кредиторлық берешек;
- ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері;
- кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер;
- өзге де ұзақ мезімді міндеттемелер.
Түсініктеме хатта заем беру шарттары мен несиелік келісім шарттардың басқа да ерекшеліктері және төлеу кезектілігі, несиелерді өтеу мерзімдері, пайыздық мөлшерлемелері (ставкалары) нақты көрсетілуі керек.
V бөлім. Капитал мынадай баптардан тұрады:
- шығарылған капитал;
- эмиссиялық кіріс;
- сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар;
- резервтер;
- бөлінбеген пайда;
- аздық үлес.
Түсініктеме хатта заңды тұлғаның есепті кезеңіне жарғылық капиталындағы өзгерістер туралы ақпараттарды міндетті түрде ашып көрсету керек.
Акционерлік қоғамдарда акциялардың әрбір түрі бойынша мынадай мәліметтер ашылып көрсетілуі керек:
oo жарияланған, шығарылған және айналымдағы ( жарияланған, жазылған және төленген капитал) акциялардың сомалары мен саны;
oo төленбеген капитал;
oo акциялардың номиналдық және ағымдағы құны;
oo оларды иеленушілердің құқықтары, дивидендтерді тарату және мүліктердің бір бөлігін төлеу шарттары;
oo артықшылығы бар акциялар бойынша төленбеген дивидендтер;
oo заңды тұлғаның сатып алған меншік акциялары(қайтарып алынған капитал эмиссиялық кіріс) ;
oo опциондар бойынша болашақта шығарылуға жарияланған акциялар және олардың шығарылу шарты мен сомасы көрсетілген есепті кезеңге опциондар бойынша шығарылған акциялар.
Бухгалтерлік баланс қаржылық есеп берудің ең басты нысандарының бірі болып табылады. Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасының валютасымен құрылуы керек және өлшем бірлігі мың теңгемен бекітіледі.[10]
Қаржылық есеп беруге, оны уақытында тапсыруға жауапкершілік атқаратын субъектінің басшысы мен бас бухгалтері қол қояды. Еншілес кәсорындары бар ұйымдар негізгі ұйымының қызметі бойынша қаржылық есеп берулерден басқа Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңдылығымен, сонымен қатар бухгалтерлік есеп стандарттарының талаптарына сәйкес консолидирленген қаржылық есеп беруді құруға және оны тапсыруға міндетті. Заңды тұлғалардың есеп берулері қызығушылық білдіруші тұлғалар үшін баспада жария етуге ашық болып табылады. Жылдық қаржылық есеп берудің растылығы мен ақиқаттылығы аудиторлық ұйымдардың ұсынылатын тәуелсіз аудиторлық қорытындымен расталынады.
Бухгалтерлік баланстың бірнеше түрлері көрсетуге болады.
Баланс - брутто - реттеуші баптарджы қамтитын баланс, сомалары құралдардың іс жүзіндегі өзіндік құнын анықтауда б. ж-қ байланысы бар басқа баптар сомаларынан алынып тастады шегеріледі. реттеуші баптарға негізгі қаржылардың тозуы, материалдық емес активтердің амортизация сын т.б. жатқызуға болады.
Баланс - нетто - (немесе тазартылған баланс) бұл реттеуші баптар жоқ баланс. Бұл балансты пайдалану ко-ң қардылық жасдайын талдауда тиімді. Мұндай баланстың мәліметтеріко иелігіндегі шаруашылық қаржылардың нақты сомасын сипаттайды.
Бастапқы баланс - есепті кезеңнің 1-күніне жасалатын баланс.
Қорытынды баланс - есепті кезеңнің соңғы күніне жасалатын баланс.
Болуші баланс - бір-бірінен тәуелді бірнеше кәсіпорындардың жеке корға құрылымдық бөлімдерге немесе бір кәсіпорынға бөлінуі кезінде жасалатын баланс.
Жою баланс - шаруашылық субъектінің жойылуы кезінде жасалатын баланс.
Қазіргі уақытта ішкі, сыртқы және мамандандырылған баланстар құру тәжірибесі жүзеге асырылады.
Ішкі балансты ко-ң оның филиалдың, құрылдық бөлім қызметін қарык-қ талдау, жоспарау, басқару және бақылау үшін қолданады.
Сыртқа баланс сыртқы пайдаланушылар үшін жасалады. Ол сыртқы пайдаланушылар үшін ең басты толық нақты ақпарат қайнар көзібт. Мұндай баланстың мазмұны, құрылымы, көқрсету тәртібі сыртқы пайдаланушыға сол елдің заңдылығымен, шаруашылық субъекттинің есеп саясатмен және пайдаланушының талаптарымен анықталады. Балансты мемлекеттік және салық органдарына, банктерге, қол биржаларына көрсетеді, бұқаралық ақпарат құралдарына, арнауы анықтамаларға жариялайды.
Мамандандырылған баланс нақты пайдаланушылар тобы үшін жасайды, м-ы. инвесторлар үшін. Оны құрудың мақсаты баланстың қандай да бір бөлігін жан-жақты ашып көрсету. Мұндай баланс ішкі, сондай-ақ сыртқы болуы мүмкін.[8]
Бухгалтерлік баланс өзінің экономикалық мазмұны бойынша кәсіпорынның шаруашылық құралдарының және олардың қалыптасу қайнар көздерінің жағдайы туралы белгілі бір күнге есеп берушілік міндетті формаларының бірі болып табылады. Ол бір айдың, бір кварталдың, жартыжылдың, бір жылдың жиындық мәліметтерін бейнелейді.

1.3. Шаруашылық операция ықпалдарынан баланстың өзгерісі.
Кәсіпорын қызметінің процесінде туындайтын көптеген шараушылық әрекеттері актив жіне пассив жиынтықтарының теңдіктерін бұзбайды, сонымен бірге жеке баптардың сомалары мен баланс нәтижелері өзгеріске ұшырайды.
Бұл әрбір әрекеттің баланстың екі бабына әсер етуімен түсіндіріледі: шаруашылық құралдарының құрамы мен олардың құрылу көздерінің мөлшері. Сонымен, шараушылық әрекеттердің нәтижесінде баланс баптарындағы өзгерістердің сипатына байланысты шаруашылық әрекеттерін төрт топқа бөлуге болады.[16]
Кесте-1. Шаруашылық әрекеттерінің баланс баптарына сәйкес өзгеруі
Актив
Пассив
Көбеюі
Азаюы
Көбеюі
Азаюы
1.

2.

3.

4.

Шаруашылық әрекеттерінің бірінші типінде активтегі бір бап көбейеді, ал екіншісі осы сомаға азаяды. Баланс валютасы өзгермейді .
А+Х- Х= П
Мысалы: Кәсіпорын қызметшілеріне төлемақы беру үшін есеп айырысу шотынан кассаға 178000 теңге сомасында ақша қаражаты алынды. Осы әрекетке сәйкес баланс активінің екі бабы өзгеріске ұшырайды: Есеп айырысу шоты және Касса. Касса шоты бойынша сома артады, ал Есеп айырысу шоты бойынша сома тең сомаға кемиді.
Шаруашылық әрекеттерінің екінші типі бойынша пассивтің бір бабы көбейеді, екіншісі сол сомаға азаяды. Баланс валютасы өзгермейді.
П +Х- Х=А
Мысалы: Құрылтайшылар жиналысы хаттамасының негізінде кәсіпорын қарамағында қалған таза табыстың 54000 теңге сомасындағы бөлігі резервтік капиталды арттыруға бағытталған.Осы әрекетке сәйкес баланстың пассивінде екі бабы: Таратылмаған табыс азаю жағына және Резервтік капитал көбею жағына өзгеріске ұшырайды.
Шаруашылық әрекеттерінің үшінші типі бойынша активтегі де, пассивтегі де баптар бірдей сомаға көбейеді.
А +Х= П +Х

Кесте-2. Шаруашылық субъектісінің балансы.
Р c
Аталуы
Сома , теңге
2412
Ғимараттар мен үйлер
676600
1310
Шикізат пен материалдар
171000
1312
Отын
40000
5030
Салымдар мен пайлар
960000
4010
Ұзақ мерзімді банктік қарыздар
80000
1340
Аяқталмаған өндіріс
60000
1320
Дайын өнім
55000
3450
Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек
21000
3310
Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек
19700
3190
Өзге салықтар
3000
3390
Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек
4000
1030
Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты
77000
1010
Кассадағы ақша қаражаты
200
1252
Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі (есеп берілетін сома)
118
1430
Өзге салық және бюджетке төлентін басқа да міндетті төлемдер
7782

Мысалы: Кәсіпорын қызметшілеріне 137000 теңге сомасында төлемақы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік баланс туралы
Бухгалтерлік баланстың құрылымы
Бухгалтерлік баланс есебі
Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы, түрлері, өзгерісі
Есеп циклі және қаржылық есепті дайындау
Бухгалтерлік есеп және аудит туралы ақпарат
Бухгалтерлік баланс туралы мағлұмат
Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны
Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы
Бухгалтерлік есептің міндеті
Пәндер