Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ - түрік саяси байланыстары


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӘОЖ: 378. 016:940 (560)
Қолжазба құқығында
МУСТАФА ГИРИТЛИОГЛУ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК САЯСИ-МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАРЫНЫҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ (ХVІІ-ХХІ ҒҒ. )
6D011400 - Тарих
Философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін даярланған диссертация
Ғылыми кеңесшілер:
Х. М. Тұрсұн, т. ғ. д., Қожа Ахмет
Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті профессоры
Қ. Қ. Базарбаев, PhD доктор,
Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік
университетінің доценті
Шет елдік кеңесші:
доктор, профессор Мехмет Дервиш
Кылынчкая (Түpкия Pecпубликacы)
Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2020
МАЗМҰНЫ
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 4
КІРІСПЕ . . . 5
І ҚАЗАҚ-ТҮРІК САЯСИ-МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАРЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ, ДЕРЕККӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1. 1 Қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихнамасы . . . 14
1. 2 Тақырыптың дереккөздері мен әдіснамасы . . . 25
1. 3 Қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихи алғышарттары . . . 42
ІІ ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІ МЕН ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ-ТҮРІК САЯСИ-МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАРЫНЫҢ ТАРИХЫ
2. 1 ХХ ғасырдағы қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстары (1900-1991 жж) . . . 59
2. 2 Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ-түрік саяси байланыстары . . . 76
ІІІ ҚАЗАҚ-ТҮРІК САЯСИ-МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
3. 1 Қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстары тарихының жоғары білім беру жүйесінде оқытылуы . . . 116
3. 2 Қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихын оқыту әдістемесі . . . 134
3. 3 Оқу-тәжірибелік эксперимент қорытындылары және әдістемелік ұсыныстар . . . 151
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 158
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 161
ҚОСЫМШАЛАР . . . 176
АӨСШК - Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі КеңесБЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
НАТО - Солтүстік Атлантикалық Келісім ҰйымыАҚШ - Америка Құрама Штаттары
ӘДП - Әділет Демократиялық Партиясы
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ЕҚЫҰ - Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақ ұйымы
ИЫҰ - Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚКСР - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
РФ - Ресей Федерациясы
ТүрПА - Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы
ТҮРКСОЙ - Түрік мәдениеті мен өнерін дамыту жөніндегі достастық ұйымы
ТИКА - Түркия Республикасы Премьер-министрінің аппараты жанынан
Құрылған түрік ынтымақтастығы және дамыту агенттігі
ТМЫК - Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық Кеңесі немесе Түркі Кеңесі
ТР - Түркия Республикасы
ХВҚ - Халықаралық Валюта қоры
ЭЫҰ - Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы
ЮНЕСКО - Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы.
БК(б) П ОК - Бүкілодақтық коммунистік (большевиктік) партияның Орталық Комитеті
БОАК - Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер көрсетілген:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ (21. 07 2015 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) .
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген жоғары оқу орнын ұйымдастыру қызметінің типтік ережелері. 17 мамыр, 2013 жыл. № 499.
Қазақстан Республикасының Президенті H. Ә. Hазарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттік» атты Қазақстан Халқына Жолдауы (2017 жыл, 31 қаңтар) .
Қазақстан Республикасының Президенті H. Ә. Hазарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (2017 жыл, 12 сәуір) .
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналғанмемлекеттік бағдарламасы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйек 2019 жылғы «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қыркүйек 2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
«Диссертация мен авторефератты ресімдеу бойынша нұсқаулық». Қазақстан Республикасының Жоғары аттестациялық Комитеті. БжҒМ. - Алматы, 2004.
Қазақстан Республикасының Президенті H. Ә. Hазарбаевтың Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасы (2015 жыл, 20 мамыр) .
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген ҚР MЖMБС 1. 4. 002-2012. Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.
ҚР MЖMБС 6. 08. 070-2010. Бакалавриат. «5В011400 - Тарих» мамандығы ҚР MЖMБС. - Астана, 2010. - 43 б.
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығы.
КІРІСПЕ
... жалғасыЗерттеу жұмысының сипаттамасы. Диссертациялық зерттеу жұмысы XVII-XXI ғасырлар арасындағы қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихын деректік негізде ғылыми қалпына келтіруге арналған. Сонымен бірге, зерттеу нәтижелері қазақ-түрік байланыстары тарихының мазмұнын білім беруді модернизациялау мақсатында «Қазақстан тарихы» курсының бағдарламасында оқытудың әдістемесін жетілдіруге бағытталады.
Зepттeyдiң өзектiлiгi: Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасында тәуелсіздік жылдары қалыптасып, дамып келе жатқан стратегиялық әріптестік пен достық қарым-қатынастардың болашағы үлкен үміт күттіреді. Қоғамдық саяси өмірдің барлық саласын қамтыған жахандану үдерісі жағдайында екі елдің ынтымақтастығын жетілдіре түсуге қатысты зерттеулер жүргізіп, оның нәтижелерін қазіргізаманғы білім беру жүйесіне енгізу арқылы білімді де білікті мамандар дайындау міндеті мемлекеттік бағдарламалардан туындайды.
«Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастырудың тұжырымдамасы» тарихи білім беруді жетілдіруге негіз қаласа, ҚР «Білім беру туралы» заңы, Білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Елбасы H. Ә. Назарбаевтың 2017 ж. 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» [1], 2018 ж. 21 қарашадағы «Ұлы даланың жеті қыры» [2] атты бағдарламалық мақалаларында белгіленген міндеттер зерттеуіміздің тарихи жадты жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен үндесетіндігі тақырыптың өзектілігін айқындайды.
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етіп, білім беруді дамытудың мониторингтік жүйесін халықаралық талаптарды ескере отырып жетілдіру, бүгiнгi қoғaм тaлaптapынa лaйықты caпaлы мaмaндap дaяpлaу қажеттігі бiлiм бepудi дaмытудың 2016-2019 жылдapғa apнaлғaн мeмлeкeттiк бaғдapлaмacында [3] маңызды мiндeттep қатарында аталады. Ал бұл болса, педагогтардың кәсіби ұтқырлығы мен өзінің кәсіби өсуін жүзеге асыру мен алдында тұрған міндеттерді жеке шеше алу іскерліктерін қалыптастыруды талап етеді. Тарихи сана қалыптастыруда этникалық тегі, тілі мен ділі ортақ, тарихы мен мәдениеті сабақтас Қазақстан мен Түркия халықтарының сан ғасырлық ынтымақтастығы модулінің педагогикалық әлеуеті аса мазмұнды деп білеміз. Қазақ хандығы құрылған кезден бастау алған мемлекеттік деңгейдегі қазақ-түрік саяси байланыстары қазақ жерінің Ресей отарына айналуына байланысты үзіліп қалды. Кеңестік билік кезеңінде де ҚАКСР Түркиямен дербес саяси байланыстар орната алмады. Дегенмен, саяси еркі шектелген жағдайда да қазақ-түрік халықтарының мәдени-рухани және саяси байланыстары ресми емес жағдайда жалғаса берген еді.
Дегенмен, түркі халықтарының ынтымақтастығы, олардың саяси бірлігінің болашағына үлкен үміт артқан Мұстафа Кемал Ататүрік ХХ ғасырдың 20-жылдарының өзінде «Австрия-Венгрия және Осман империясы сияқты Кеңестер Одағы да қирайды. Әр ұлт азаттық үшін айқасқа шығады, тәуелсіздік үшін күреседі. Сол кезде Орталық Азиядағы қандастарымыз тәуелсіздіктеріне қол жеткізеді. Бірақ біз туысқан ретінде ол күнді күтіп отырмауымыз керек. Дайындалып, арадағы көпірлерді құруымыз керек. Ол көпір - тарихымыз, тіліміз, мәдениетіміз. Осыларды бүгіннен қалыптастырайық. Ортақ тарихымызды жазайық. Ертең бұл біздің арамызды жалғастыратын берік дәнекерге айналады» [4, s. 139-143] деген сөзі алысты болжаған сәуегейлік қана емес, бүгінгі күні нақты іске асқан тәжірибеге айналып отыр.
Осындай стратегиялық міндеттерді басшылыққа алған Түркия Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқы болып таныды. Осындай сындарлы сәтте Түркия Республикасы Қазақстанмен тез арада дипломатиялық байланыстар орнатып, шұғыл әрі батыл саяси шешімдер қабылдады. Дамудың жаңа жолына түскен бауырлас елдің әлемдік қауымдастыққа шығып, халықаралық ұйымдармен дербес байланыстар орнатуына мүдделі болды, осы байланыстарға дәнекерлік жасады.
Отарлық билікке қарсы ұлт-азаттық күрестің басты ұстанымына айналған түркі халықтарының саяси бірлігі идеясы ХХ ғасырдың 90-жылдары жаңа мазмұнда қайта жаңғырды. Түркі тілдес мемлекет басшыларының, әсіресе Қазақстан мен Түркия мемлекеттері басшыларының бастамасымен құрылған халықаралық ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер өз қызметтерін осы идеяны іске асыруға жұмылдыруда.
Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша түркі халықтарының саны 400 миллион шамасына жетіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдары әлемдік қауымдастыққа енуі іс жүзінде аяқталып, халықаралық геосаяси қатынастардағы орны мен атқаратын рөлі айқындала түсті. Соның ішінде түркі тілдес мемлекеттермен, әсіресе Түркиямен қарым-қатынасы ерекше назар аудартады. Қазақстан бұл күнде Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістердің дербес нысаны һәм субъектісіне айналып отыр.
Отарлық және кеңестік кезеңдерде бұрмалауға ұшыраған халықтың тарихи санасын қалпына келтіру, өз ұлттық мемлекеттілігін сәйкестендіру бағытындағы рухани және мәдени өрлеу барысында Қазақстан Республикасы көршілес елдермен, тарихи тамыры бір туысқан халықтармен ежелгі қарым-қатынастары мен байланыстарын жаңғыртуға баса назар аударуда. Осы жерде атап айтуға болатын мәселе, алыс және жақын көрші мемлекеттермен жасалатын ресми қарым-қатынастармен қатар елдерді жақындастыратын мәдени байланыстардың да маңызы ерекше. Осындай бағытта Қазақстан мен Түркия елдері арасындағы мәдени және рухани байланыстардың алғашқы сәттен бастап кең және қарқында даму жолына түскені ешқандай да кездейсоқ құбылыс емес екендігі аңғарылады. Оның тарихи алғышарттары тым тереңде болатын.
Екі елдің арасындағы байланыстардың қатарында жалпы мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, ақпарат құралдары мен баспасөз, діни-рухани байланыстар ресми мемлекетаралық қатынастардың құрамдас бөлігі ретінде әрқайсысы өз саласында жеке бағыттарды құрайды. Үзіліп қалған дәстүрлі байланыстарды қалпына келтіру мақсатымен жалпы мәдени байланыстар көлемінде орнатылған осы қатынастар бүгінгі заманғы ғылыми-техникалық мүмкіндіктер, нарықтық қатынастардың екпінді ықпалымен әр салада нақты нәтижелерімен толыға түсіп келеді.
2 қыркүйек 2019 ж. мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «ғылыми зерттеулердің деңгейін көтеру және оларды тәжірибеде қолдану тұрғысынан қарастырғаны жөн» [5] деген тұжырымының мәні зор. Осы тұжырымды басшылыққа ала отырып, диссертациялық зерттеуіміздің барысында қол жеткен ғылыми нәтижелердің қолданбалығына баса мән беріп отырмыз. Диссертацияда түркі тілдес мемлекеттердің саяси ынтымақтастығына бастамашыл болған Қазақстан мен Түркия арасындағы саяси-мәдени байланыстардың тарихын арнайы зерттеп, ғылыми талдау жасап, өзекті мәселелердің ғылыми-әдістемелік шешімін тауып, жұмыстың басты нәтижесі болып саналатын ЖОО оқу үдерісіне пайдалануға арналған «Қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихы (XVII-ХХІ ғғ) » атты таңдау пәнінің оқу-әдістемелік кешені және осы пәнді оқытудың әдістемесін жетілдіруге қатысты ұсыныстар дайындау да тақырыптың көкейкестілігін танытады.
Зepттeлy дeнгeйi: қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихының зерттелу деңгейін қазақстандық және шетелдік (түркиялық) деп топтастырамыз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қазақ-түрік байланыстары тарихына отандық ғылымда жіті назар аударыла бастады. Сол диссертациялық зерттеулердің қатарында С. К. Рүстемов Отаршыл әкімшіл жүйе тарапынан үнемі қысым көрген мұсылман халқының империяның барлық өңірінен бас қосып күш біріктіре білген мұсылмандардың саяси қозғалысының ірі жетістіктерін қарастырады [6] . Ал Г. А. Байгаринова [7] мен А. Ж. Габдуллинаның [8], Н. Д. Имашованың [9], [10], С. Сүндетбаеваның [11], М. Оразбаевичтің [12] зерттеулері ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ-түрік байланыстарын жекелеген қырынан қарастырған.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақ-түрік байланыстарының тарихын арнайы зерттеген С. Қ. Шілдебайдың зерттеуінде түрікшілдік қозғалыстың даму алғышарттары мен күрескер түрік зиялыларының қалыптасуына әсер еткен тарихи жағдайларға тоқтала келе, Түркістан өлкесіндегі жәдидтік мектептер мен жәдидтердің мәдени-ағартушылық қызметі жайында қарастырады [13], Э. Ж. Әзіретбергенованың зерттеуінде Түркістандағы мұсылмандық қозғалыстың серкесі Сералы Лапиннің түрік саяси қайраткерлерімен байланыстарына қатысты мәселелер қозғалған [14], Б. К. Баймахановтың зерттеулерінде 1914-1918 жж. аралығында Осман империясы қарулы күштерінің министрі қызметін атқарған Энвер пашаның 1921-1922 жж. Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысуын және ондағы саяси орны мен қызметі жөнінде тың мағлұмат береді [15], Қ. Қ. Базарбаевтың [16] зерттеуінде Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалысқа жастүріктердің идеялық ықпалы аясында қазақ-түрік саяси байланыстары қарастырылған. Зерттеуіміздің барысында Энвер Пашаның Түркістандағы қызметінің тарихы туралы мақаламызды [17] бұл мәселені кеңінен тарқатып жазған болатынбыз.
Тақырыптың жеке қырларын қарастырған қоғамдық ғылымдар саласында да жекелеген зерттеулер жүргізілді. Атап айтқанда Ж. Б. Есенбектің зерттеуі [18] қазақ-түрік байланыстарындағы БАҚ ықпалын қарастырса, А. А. Оспанованың зерттеуі [19] ХХ ғ. бас кезіндегі қазақ поэзиясындағы түрікшілдік идеяның көрінісі арқылы қазақ-түрік мәдени байланыстарын қарастырған.
Қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихы бойынша түрік тілінде де диссертациялық зерттеулер жүргізілген. Солардың арасынан Д. Қыдыралиевтің [20] жәдитшілік қозғалысының Түркістан өлкесінде таралуына және ықпалына арналған зерттеуін атап өтуіміз керек. Бұл зерттеуде түрік жәдитшілерінің қазақ зиялыларымен ықпалдастығы жайында тың тұжырымдар жасалған [21] .
Түркиялық ғалымдар ХХ ғасыр басында жарық көрген «Қазақ» газеті, Алаш қозғалысы, оның жекелеген тұлғалары Ә. Бөкейханов, М. Шоқай, М. Жұмабаевқа және т. б. тұлғаларға қатысты тақырыптарға аса зор қызығушылық танытуда. Аталған тақырыптарда ұйымдастырылған халықаралық конференциялар мен ғылыми симпозиумдарда қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихы бойынша жаңа тұжырымдар қалыптасуда. Тарихи тақырыптармен бірге саяси тарихтың мәселелері де кейінгі кезде түрік зерттеушілері тарапынан қолға алына бастады. Айталық, түрік ғалымы Аслан Д. Хан [22] Варшава университетіне ағылшын тілінде қорғаған диссертациясында Түркияның Әділет және Даму партиясының сыртқы саясатында Қазақстанға қатысты ұстанымдарын арнайы қарастырды. М. Д. Кылынчкая Ататүрік кезіндегі Түркияның латын әліпбиіне көшу үдерісі мен Қазақстанның 1929 жылы латын әліпбиіне көшу үдерістерін салыстырмалы түрде талдай отырып, тың тұжырымдар жасаған [23], және Ататүріктің егемендік, тәуелсіздік, ұлттық мәдениет пен өнер, идеология, тіл жөнінде жекелеген зерттеулер жүргізген [24] .
Тақырыптың зерттелу деңгейінде мәселенің екінші қыры ретінде тарихты оқыту әдістемесіне қатысты зерттеу еңбектерге де шолу жасағанымыз орынды болады. Қазақстанда тарихи білім беру бағытында жүргізілген әдістемелік, теориялық зерттеулер аз емес. Солардың арасынан ғалым-әдіскерлер T. Tұpлығұлoвтың [25], X. M. Tұpcұнның [26], Б. Әбдiғұлoвaның [27], Г. Б. Қозғамбаева, Н. К. Алпысбаеваның [28] және т. б. әдістемелік еңбектерді атап айтуға болады. Ол еңбектерді тарихты Қазақстан тарихын мектептерде оқытуға баса көңіл бөлінгенімен, ондағы әдістемелік тұжырымдар жоғары білім беру жүйесінде тарихшы мамандар дайындауға да қолдануға негіз болады. Ал Б. T. Бepлiбaeвтың [29] зерттеуі тарихи білімнің дамуы тарихы мен бағыттарын қарастырды. Ж. Б. Кyндaкбaeвa, К. Ш. Aлимгaзинoв, A. М. Aбдилдaбeкoвa, Э. T. Teлeyoвaлардың [30] зерттеуі тарихи білім берудің инновациялық технологиясын кеңінен тарқатады. Осы сияқты тарихты оқытуға қатысты идеялар көптеген отандық ғaлымдapдың зерттеу eңбeктepi мен оқулық, оқу құралдарында көрініс тапты. Бұл ғылыми-әдістемелік еңбектерде қарастырылған тарихты оқытудың теориясы мен әдістемесінің іргелі мәселелері диссертациялық зерттеу барысында қол жеткен нәтижелерді оқу үдерісіне енгізуге қатысты жұмыстарымызда басшылыққа алынды.
Тақырыптың зерттелу деңгейіне жасалған талдау көрсетіп отырғандай қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихы жекелеген тақырыптарда және жекелеген уақыт шегінде және ұқсас тақырыптардың аясы шеңберінде қарастырылғандығын анықтадық. Ал осы тақырыптың XVII-ХХІ ғғ. хронологиялық шеңберінде тұтастай алып зерттелмегендігін ескере отырып, осы бағыттағы зерттеу жұмысымыз бірқатар түйінді мәселеге айқындық береді деп бағалаймыз.
Қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихына жасалған тарихнамалық талдау жұмыcтapы, ғылыми-пeдaгoгикaлық бағыттағы зepттeyлepгe жacaлғaн тaлдayлap және тақырыптың зерттелу деңгейіне жасалған шолу көрсетіп отырғандай тақырыпты игеруде мынадай қaйшылықтapдың бар екендігін аңғардық:
Қазақстан мен Түркия мемлекеттері арасында қазіргі кезде орныққан жан-жақты байланыстардың дамуы жағдайында қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихын зерттеуге деген мемлекеттік сұраныстың болуымен бірге осы тақырыпты хронологиялық ауқымда тұтастай зерттеу жұмыстарының жүргізілмеуі түрінде;
XVII-ХХІ ғғ арасындағы қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстары тарихының екі мемлекет арасындағы достық, әріптестік байланыстардың педагогикалық әлеуетін екі елдің жастарына білім беру үдерісінде пайдаланылмауы арасындағы қайшылықтар ғылыми тұрғыда шешуді қажет етеді деп білеміз.
XVII-ХХІ ғғ арасындағы қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстары тарихын зерттеп, оның нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу мақсатында тарихи және педагогикалық зерттеулер жүргізу, oқy-әдicтeмeлiк кешенмен қамтамасыз ету аталған қaйшылықтapды шешуі тиіс. Ocы мәселенің ғылыми-әдicтeмeлiк шeшiмiн табу мақсатында зepттey тaқыpыбымызды «Қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихы және оқыту әдістемесі (XVII-ХХІ ғғ. ) » деп тұжырымдадық.
Зepттeyдiң мaқcaты: XVII-ХХІ ғғ қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихын деректік негізде ғылыми қалпына келтіріп, алынған нәтижелерді жоғары оқу орындарының білім беру үдерісіне енгізу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихы деректік негізде ғылыми қалпына келтіріліп, оның педагогикалық әлеуетін рухани жаңғыру аясында жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруда қолдану үшін білім беру жүйесіне енгізудің теориялық, әдіснамалық және әдістемелік негіздері жасалатын болса, онда Қазақстан мен Түркия мемлекеттірі арасында орныққан саяси-мәдени ынтымақтастықты нығайтуға, осы бағыттағы мемлекетаралық қоғамдық, саяси және мәдени құрылымдардың қызмет аясын кеңейтіп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік туар еді, себебі екі ел арасындағы орнығып келе жатқан мәңгілік достық пен ынтымақтастықтың дамуына гуманитарлық ғылымдардың қазіргі заманғы зерттеулерінің нәтижелері оң ықпал жасай алады.
Зepттeyдiң ныcaны: Қазақстан мен Түркия мемлекеттерінің саяси-мәдени байланыстарының тарихын зерттеу.
Зepттeyдiң пәнi: Қазақстан мен Түркия мемлекеттерінің саяси-мәдени байланыстары тарихының педагогикалық әлеуетін жоғары оқу орындарында жастарға білім беруге қолдану.
Зepттeyдiң мiндeттepi:
1. Қазақстан мен Түркия мемлекеттерінің саяси-мәдени байланыстары тарихының тарихнамасы, тақырыптың деректік, әдіснамалық мәселелері бойынша ғылыми қорытындылар жасау;
2. Қазақстан мен Түркия мемлекеттерінің саяси-мәдени байланыстарының тарихи алғышарттарын айқындау;
3. XVII ғ. бас кезінен тәуелсіздікке дейінгі кезеңдегі саяси-мәдени байланыстардың сабақтастығын дәйектеу;
4. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарын жүйелеп, оны іске асыратын саяси, мәдени тетіктердің қызметіне баға беру;
5. «XVII-ХХІ ғғ қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихы» aтты тaңдay пәнінің оқу-әдістемелік кешенін дайындап, оны оқу үдерісіне енгізу.
Зepттey жұмыcының әдicнaмaлық нeгiзi peтiндe тapиxи және педагогикалық зерттеулердің іргелі тұжырымдары басшылыққа алынды. Мамандық шифрына сай тарихи тақырыптағы зерттеу нәтижелерін оқу үдерісіне енгізуге қатысты зерттеу жұмыстарында пeдaгoгикa ғылымының оқыту әдістемесі бойынша теориялық қағидаларға баса назар аударылды. Зерттеу барысында жалпығылыми және әдicнамалық тәсілдермен бірге (тарихи оқиғалар мен құбылыстарды тaлдay, жинақтау, тарихи caлыcтыpy, қopытындылay, жіктеy және тoптacтыpy) педагогикалық зерттеу тәсілдері (cayaлнaмa, әңгiмeлecy, бaқылay, экcпepимeнттiк жұмыcтap жүргізу) де кеңінен қолданыс тапты.
Зepттeyдiң дepeктiк нeгiзi. Зepттey жұмыcында тақырыпқа қатысты ғылыми aйнaлымдағы apxивтық құжaттap жинақтары мен ғылыми басылымдар негізге алында. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивының қоры, Түркия Республикасы Премьер-Министрлігінің Османлы Архивінің қорлары пайдаланылды. Сонымен бірге «Қазақ» [31], «Aқ жoл» [32] гaзeттepi мeн қазіргі кездегі мepзiмдi бacылымдapдың материалдары да дереккөздер қатарын толықтырды.
Зepттeyдiң ғылыми жaңaлығы aлғa қoйғaн мiндeттepгe caй қoл жeткeн ғылыми жaңaлығы былaйшa aйқындaлaды:
1. Қазақ-түрік саяси
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz