Шағын бизнес – кәсіпкерліктің ерекше формасы


Мазмұны
беті
Кіріспе
- Шағын бизнес - кәсіпкерліктің ерекше формасы
1. 1 Кәсіпкерлік мәні мен субъектілері
1. 2 Шағын бизнес классификациялау критерилері
- ҚазақстандаҒЫ шағын бизнестің дамуына талдау: дамуы мен негізгі шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуыҚазақстанда шағын бизнесті дамытудың негізгі проблемалары
- Қазақстанда шағын бинесті мемлекеттік қолдаудың әрекет етуші жүйесі және оны жетілдіру жолдарыҚазақстанда шағын бизнесті қолдау жүйесі және оның құрылымыҚазақстанда шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
«Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау» дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі барлық дамыған елдердің экономикасындағы шағын бизнестің атқаратын рөліне негізделеді.
Шағын бизнесті дамытудың мәселелері нарықтық экономикада ерекше маңыздылықты иеленеді. Бұл жағдай Қазақстан Республикасына да қатысты, себебі шағын бизнесті дамыту елдің қазіргі уақыттағы әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты кейбір мәселелерді шешуі мүмкін.
Осы мәселеге мемлекеттің ерекше көңіл аудару қоғам үшін экономикалық, саяси және әлеуметтік оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылуымен түсіндіріледі.
Саяси нәтижелер шағын бизнестің қоғам тұрақтылығының негізі - орта класты қалыптастырушы көз болып табылуынан көрінеді.
Әлеуметтік - шағын бизнес халықтық жұмыспен қамтылуы және кедейшілік мәселелерін шешуге ықпал етеді.
Экономикалық нәтижелер келесі жағдайлардан көрініс табады; Шағын бизнес:
- бәсекелес ортаны қалыптастырады;
- нарықты отандық тауарлар және қызмет көрсетулермен толтыруға ықпал етеді;
- орта және ірі бизнес үшін «қоректену ортасы» болып табылады;
- республиканың шағын қалаларының сақталуы мен дамуына әсер етеді.
Сондықтан мемлекеттік басқару органдарына экономиканың осы секторын реттеу қызметімен байланысты барлық сұрақтарды өз қолдарына алуы қажет. Бұған жаңа шағын бизнесті құруда қолдау және көмектесумен оның дамуын ынталандыру жатқызылады.
Қоғам мен экономикадағы белсенді трансформациялану процесі жағдайында, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау тәжірибесі, оның құқықтық және институционалдық-құралдық жүйесі ілгерілеушілік сипатты иеленеді.
Бұл жүйе шағын және орта кәсіпорындардың өзінің даму қажеттіліктері мен жаңа тенденцияларын, сондай-ақ әлдеқайда кемелденген, шаруашылық етудің нарықтық жүйенің қалыптасқан сипаты мен оған енгізілген мемлекеттік реттеу тетіктерін бейнелей отырып, үнемі дамып және жетілдіріліп отыруы қажет. Бұл толығымен саясаттың, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік, республикалық және аймақтық бағдарламалар жүйесі тәрізді маңызды тетіктерге қатысты.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі:
- шаруашылық етудің шағын және орта формаларын критерилерін және қазіргі нарықтық экономикадағы олардың даму бағыттарын анықтау;
- Қазақстандық экономиканың нарықтық трансформациялану процесіндегі және елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтандыру процестеріндегі және елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтандыру процестеріндегі шағын және орта кәсіпкерліктің алатын орнын ашу;
- шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың мақсатты бағдарламасын жүзеге асырудағы республикалық, аймақтық және жергілікті деңгейлердің өзара әрекеттестігі.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - экономикалық әдебиеттердегі теориялық тәсілдер мен шағын бизнестің анықтамасын, олардың қызмет ету және шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау тәжірибелерін қарастыру.
Қойылған мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыста келесі міндеттер қойылған:
- шағын бизнестің мәнін көрсету;
- дамыған елдердің экономикасындағы шағын бизнесті дамыту мен қолдаудың әлемдік тәжірибесін, олардың механизмдерін біздің елдің жағдайында қолдану мүмкіндіктері;
- Қазақстан аймақтары бойынша шағын бизнестің дамуының негізгі бағыттары мен көрсеткіштері;
- Ірі кәсіпорындардың шағын бизнесті қолдауы;
- Шағын бизнесті мемлекеттің қолдау саясаты.
Зерттелетін тақырыптың шетелде өңделу дәрежесі өте жоғары, себебі кәсіпкерлік ұзақ жылдар бойы мемлекеттік және қоғамдық белсенді қолдауды иеленді. Бұл жағдай ТМД елдерінде, оның ішінде 90-жылдардың басында қайта құрумен басталды. Он жылдан астам уақыт - оқымыстылардың кәсіпкерлікке, елдің өркендеуіне қадам ретінде көңіл аударуы үшін жеткілікті мерзім.
Қазақстанда кәсіпкерліктің даму мәселелеріне А. Е. Есентүгелов, Р. С. Каренов, Ж. С. Кәріпжанов, О. С. Сәбден, А. Б. Көшербаев, А. Н. Тоқсанова және тағы да басқа ғалымдардың еңбектері арналды.
Дипломдық жұмыстың теориялық негізі отандық және шетелдік авторлардың оқулықтары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі материалдар болып табылды.
Ақпараттық база болып шағын бизнес саласындағы заңдар мен жарлықтар, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері, шағын бизнестің дамуы мен мемлекеттік қолдау бағдарламалары табылды.
Жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, отандық және шетелдік қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 14 парақтан тұратын қосымшалары да бар.
- Шағын бизнес - кәсіпкерліктің ерекше формасыКәсіпкерліктің мәні мен субъектілері
Кәсіпкерліктің мәнін зерттеу, сөздің өзін және оның даму эволюциясын, этимологияны зерттеумен мақсатқа сай келеді.
XII-XV ғасыр аралығында француздың «Enternendre» сөзі «не істеу керек» деген мағынаны білдірген.
Ең алғаш кәсіпкерліктің теориялық негізін 1725-1730 жылдары Ричард Контилионның еңбектерінде жазылды.
Бастапқыда «кәсіпкерлік» термині тәуекелмен, ал кәсіпкер өзіне белгілі бір тәуелді және тауарларды өндіру мен өткізуде өзіне жауапкершілікті алатын адаммен байланыстырылды. Контилион осылай, кәсіпкерлікті тәуекелді өзіне қабылдаумен байланыстыра отырып, ол капиталды салушы және өзінің еңбегі мен ресурстарын қолданушы кәсіпкерлерді ажыратты. Ол кәсіпкерді өз-өзіне жұмыс орнын қалыптастырушы адам деп анықтады. Кәсіпкердің жалдамалы жұмыскерден басты ерекшелігі, Контилионның пікірі бойынша, кәсіпкер анықталмаған, белгісіздік жағдайында жұмыс жасайды.
Кейінірек XVІІІ ғасырда физиократ Квисней осы концепцияға өндіріс процесін қосты.
1776 жылы Адам Смит өзінің «Халықтың байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу» еңбегін жазғанда өндірістің негізгі факторларын: еңбек, жер, капиталды бөліп қарастырғаны мен кәсіпкерліктің рөлі туралы ештеңе айтылмады. Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғаш рет кәсіпкерліктің рөлі мен мәнін өндірістің бір факторы деңгейіне дейін көтерді.
Менеджменттің ортағасырлық тарихын зерттеу жөніндегі маман Джозеф Шумпетерді (1910) осы заманғы кәсіпкерліктің әкесі деп атайды. Шумпетердің ойынша, кәсіпкерліктің мәні қозғалысы өз кезегінде жалпы экономикалық өсу немесе өндірістің бар циклдарын жеделдетуге әкелетін өндірістік күштерді үйлестіріп жаңадан ұйымдастырудан көрініс табады. Шумпетер кәсіпкерлерді еңбегі әр түрлі материалдарды, өндіріс құралдарын қарапайым шоғырландыруды ғана емес, оларды жаңа өндіріс әдістері, тауарлар мен қызметтерді, өткізу нарықтарын, жабдықтау және ұйымдастырудың жаңа нысандарын іздеу мен енгізу жолымен әлдеқайда оларды тиімді қолданудан тұратын әлеуметтік-экономикалық жаңашылдар деп атайды. Олар сондай-ақ осы уақытқа дейін баламасын иеленбеген, өз еңбектері мен кәсіпкерлік пайдасы деп аталатын пайданы қалыптастырды.
Дэвид Макклеланд (1961) кәсіпкерлерге келесідей сипаттамалар береді:
- ақталатын тәуекелдікке баруы;
- қуаттылығы мен белсенділігі;
- жеке және дербес жауапкершілігі;
- қабылдаған шешімнің салдарын білуі;
- пайда шешім нәтижесі ретінде;
- қоршаған ортадағы өзгерістерді алдын-ала білуі;
- ұйымдастырудағы шеберлік.
Питер Друкер (1964) алғашқылардың бірі болып, кәсіпорынды ұйымдастыру үшін мүмкіндік түсінігін енгізді. Кәсіпкерлердің жұмысы - нәтижесінде тиімділігі төмен сферадан, жоғары нәтижелер беретін жоғары тиімді салаларға ресурстарды орналастыруға ықпал ететін бизнес үшін жағымды мүмкіндіктерді іздестіру болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметтің ерекшелігі жоғары тиімді кәсіпорындарды құру қабілетінен көрінеді, сондай-ақ кәсіпкер бизнестің кез келген саласында жұмыс істеуге дайын болуы керек.
Харви Либенстейн (1978) кәсіпкерлік белсенділіктің келесі екі түрін бөліп қарастырады:
- менеджерге тән күнделікті жұмыстарды орындау;
- инновациялық.
Қызметтің бірінші түрі жақсы зерттелген нарықтық ортада қызмет ететін кәсіпорынды басқаруды білдіреді, ал инновациялық қызмет жаңа нарықта жаңа тауарлар, қызметтер өндірісі жағдайында жұмыс жасауды білдіреді.
Сонымен, кәсіпкерлік функция теориясының дамуын, кәсіпкерлік тәжірибесін ғылыми түсіну процесінің дамуын сипаттауда «үш толқынды» бөліп қарастыруға болады.
Бірінші толқын XVІІІ ғасырда туындап, кәсіпкерлік тәуекелділікке көңіл аударумен байланысты. Кәсіпкерлікті ғылыми түсінудің «Екінші толқыны», оның негізгі айрықша белгісі ретінде инновациялы бөлумен байланысты. «Үшінші толқын» кәсіпкердің жеке айрықша қасиеттеріне (экономикалық және қоғамдық жағдайлардың өзгеруін сезіне білі қабілеті, шешімді таңдау мен қабылдауда дербестілік, басқарушылық қабілеттің болуы) және қалыпты экономикалық жүйеде реттеуші бастама ретінде кәсіпкерліктің рөліне көңіл аударумен ерекшеленеді.
Кәсіпкерлік функция теориясының осы заманғы даму кезеңін кәсіпкердің әрекетін талдауда басқарушылық аспектіге, ерекше мән аударумен, сәйкесінше кәсіпкерліктің мәселелерін талдауды пән аралық деңгейін өткізумен байланысты «төртінші толқынға» жатқызуға болады.
Қазіргі уақытта әлемде жалпыға ортақ кәсіпкерліктің анықтамасы жоқ. Американдық оқымысты, профессор Роберт Хизрич «кәсіпкерлік» - құнды иеленетін қандай да бір жаңалықты жасау процесі, ал кәсіпкер - бұл осының барлығына қажетті уақыт пен күшті жұмсай отырып, қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді өзіне қабылдай отырып, марапатына ақша мен жетістігінен қанағаттанатын адам деп анықтайды [1] . Американдық оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлік пен кәсіпкерді экономикалық, саяси-экономикалық, психологиялық, басқарушылық және басқа да көзқарастар тұрғысынан сипаттайтын көптеген анықтамалар берілген.
Ағылшындық профессор Алан Хоскинг: «жеке кәсіпкер болып, өз есебінен іс жүргізетін, бизнесті өзі басқарумен айналысатын және қажетті қаражатпен қамтамасыз ету жауапкершілігін өзіне қабылдайтын, шешімді дербес қабылдайтын тұлға табылады». Оның сыйақысы кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде алынатын пайда және еркін кәсіпкерлікпен айналысудан келетін қанағаттану сезімі болып табылады. Осылармен қатар, ол кәсіпорыны күйреуге ұшыраған жағдайдағы барлық жоғалтулар тәуекелін өзіне қабылдауы керек [2] .
Қазіргі уақытта, теориялық зерттеулерде кәсіпкерлікке тәуелсізб дербес негізде істі жүргізу тәсілі ғана емес, сондай-ақ фирма ішілік кәсіпкерлік немесе интрапренерлік ретінде де ерекше көңіл аударады. «Интрапренер» терминін американдық Г. Пиншо қолданысқа енгізді. Ол сондай-ақ басқа да терминдерді, алғашқылардың бірі - «интракапитал» терминін енгізген.
Интрапренерлік көптеген ірі өндірістік құрылымдардың өндірісті ұйымдастырудың кәсіпкерлік нысанға өтуі факторымен байланысты пайда болады.
Кәсіпкерлік еркін шығармашылықтың міндетті түрде бар болуын ұсынатындықтан, біртұтас өндірістік құрылымның бөлімшесі, интракапитал - фирма ішілік кәсіпкерліктің негізінде жатқан идеяларды жүргізу үшін қажетті капитал және оның бар болуын білдіретін еркін әрекет етуге құқықты иеленеді [3] .
Кәсіпкерлік - кәсіпкерлік идеялардың инновациялық және өзіндік инициатива мен жауапкершілікке негізделген экономикалық белсенділіктің айрықша түрі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде кәсіпкерлік келесідей сипатталады: «Кәсіпкерлік - бұл меншік нысанына тәуелсіз түрде, жеке меншікке немесе мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығындағы товарларға (жұмыс, қызметке) сұранысты қанағаттандыру жолымен таза табыс алуға бағытталған азаматтар мен заңды тұлғалардың инициативалық қызметі» [4] .
Кәсіпкерлік экономиканың айрықша секторы ретінде бөліп қарастыратын бірқатар ерекшемелік артықшылықтарды иеленеді.
Осы белгілердің ішіндегі ең бастысы - шаруашылық қызметі ретіндегі кәсіпкерліктің мақсаты - пайда алуға бағытталу. Осы басты мақсат кәсіпкерлік қызметті, материалдық игіліктерді өндіру мен өткізу бойынша қызмет ретінде әлдеқайда кең ұғым шаруашылық қызметінен ажыратады.
Бірақ та, пайда алу тек кәсіпкерлікке ғана емес, сондай-ақ іскерлік белсенділіктің барлық нысандарына тән. Осыған байланысты кәсіпкерлік пайда немесе кәсіпкерлік табыс тәрізді экономикалық категорияларға көңіл аудару қажет. Инновациялық қызметтен, яғни өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістері мен тәсілдерін енгізуден алатын табыс кәсіпкерлік табысты құрайды.
Кәсіпкерлік табыс деп кәсіпкердің табиғи қасиеттерінің арқасында немесе сыртқы жағдайларға байланысты өндіріс факторларын жаңадан үйлестіруге және талдай білуден, артықшылықтардан, басқарудан алатын табыстары түсіндіріледі.
Басқаша айтқанда, кәсіпкердің пайдасы (шын мәеніндегі кәсіпкер туралы айтылған жағдайда) келесі екі элементтерден тұрады:
- іскер адамның әдеттегі пайдасы;
- іскер адамның әдеттегі пайдасынан артықшылық.
Екінші элемент кәсіпкерлік табысы ретінде қатысады, яғни өндірістегі жаңашылық инновациялық тәсілді көрсеткені үшін қоғамдық сыйақы нысаны.
Сонымен, кез келген кәсіпкер іскер адам ретінде қатысқанымен кез келген іскер адам кәсіпкер категориясына жатқызылмайды, егерде әңгіме кәсіпкерліктің шынайы феномені ретінде болса.
Кәсіпкерлік қызметтің басқа да белгілеріне кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы субъектілер жатқызылады:
а) өз атынан;
ә) өз тәуекеліне;
б) өзінің мүліктік жауапкершілігіне.
Осы белгілер өз атынан әрекет ететін шаруашылық қызметті жүргізетін құқық субъектілері, заңды немесе жеке тұлғалар ғана кәсіпкер деп танылатынын куәландырады. Пайда алуға бағытталған, бірақ шаруашылық қызмет түріне жатпайтын қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.
Кәсіпкерліктің тағы да бір маңызды белгісі - тұрақты (кәсіби) негізде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру. Товарларды (қызмет көрсетулер мен жұмысты орындауды) бір реттік немесе эпизодтық дайындау кезінде кәсіпкерлік туралы айту мүмкін емес.
Сондай-ақ кәсіпкерлік өзін-өзі басу, тоқырау, өзіне-өзі қанағаттану, шашып-төгуді жоққа шығаратын шаруашылық іскерлігі ретінде қарастырылады. Кәсіпкер өндірісті дамыту мен тиімділігін арттыру, жұмыстың сапасын жақсарту, сондай-ақ, оның кәсіпорын иесі немесе жалдамалы қызметкер болуына қарамастан кәсіпорынның пайдалылығын арттыру жолдарын іздейді және оны табады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес, кәсіпкер -заңдық негізде, өз иелігіндегі мүліктерін қолдана отырып, кез келген әрекеттерді жүргізетін, егер ол әрекет етуші заңдылықтарға қарсы келмесе және ол белгіленген мүліктік және басқа да жауапкершіліктерді қамтамасыз етсе, өз инициативасы бойынша барлық шешімдерді қабылдауға құқығы бар заңды немесе азаматтық тұлға.
Кәсіпкерлікті менеджменттен, ал кәсіпкерді менеджерден ажырата білу қажет. Кәсіпкер өз қаупі мен тәуекеліне және өзінің жауапкершілігінде дербес әрекет етеді. Менеджер кәсіпкердің қойған міндеттерді жүзеге асыруды ұйымдастырушы, жалдамалы жұмыскер болуы мүмкін. Осы жағдайда ол кәсіпорынның иесіне қарағанда өзінің әрекеттері үшін әлдеқайда аз мүліктік жауапкершілікті сезінеді.
Шетел тәжірибесі, кәсіпкерлер мен менеджерлердің шешуші моделін қалыптастыру үшін әр түрлі параметрлер қолданылатынын көрсетіп отыр.
Осы параметрлерге мыналар жатқызылады: стратегиялық бағытталу типі, ойлаған ойларды жүзеге асырудағы тәсілдер, ресурстарды қолдану әдістері, ресурстарды тарту нысандары, кәсіпорынды ұйымдық құрылымының алуан түрлілігі. Енді оларға жеке тоқталайық. Кәсіпкер стратегиялық бағдарын жаңа ашылатын мүмкіндліктерді іздеуге бағыттаса, менеджер қолда бар ресурстарды әлеуметтік міндеттемелерге, кәсіпорын қызметінің критериіне, айналыс капиталын жоспарлау мен бақылау жүйесін қолдануға бағыттайды.
Ойлаған ойларды жүзеге асыруда кәсіпкер мен менеджер қатты ерекшеленеді: біріншісі жылдам әрекет ете алады, жедел шешім қабылдайды, өзінің идеяларының өміршеңдігін дәлелдеу үшін тәуелділікке барады. Ал менеджер егер шешім қабылданса ғана жаңа іске кіріседі, кейде кәсіпорынға қосымша шығыстар мен жоғалтуларды әкеледі.
Кәсіпкер кезекті жұмыс немесе белгілі бір мақсатқа жету кезеңіне байланысты жаңа ресурстарды іске қосып отырады. Ресурстарды осындай кезеңдік іске қосу жаңа фирманың дамуының барлық кезеңдерінде тәуекелдік дәрежесін азайтуға мүмкіндік береді. Қордан кезекті ақша бөлініп отырғанымен, ол қандай да міндеттерді шешу үшін қолданылады. Жалақыға қосылатын ынталандырушы үстемемен менеджер нақты кезеңдегі өз иелігіндегі құралдарды қолданудың тиімділігін арттыру мақсатымен инвестордың айтқан шарттарын жүзеге асыруды жөн көреді.
Осыған ұқсас айырмашылық ресурстарды тартудың (иеленудің) нысаны ретіндегі қатынасынан байқалады. Себебі менеджердің жалақысы, оның өз иелігіндегі құралдарға иелік етуіне, жинақтар мен қорлардың артуына қызығушылығына тікелей байланысты. Биліктің ойлағандары, ішкі коррупциялық мәртебе мен сыйақылар менеджерлерді аренда мен ресурстарды уақытша тартудың басқа да нысандарынан бас тартуға мәжбүр етеді. Ал кәсіпкер үшін бұл жағдай тіпті басқаша: үнемі ақшаның жетіспеушілігі, идеялардан асып түсетін құрал-жабдықтармен байланыс орнатуды керек санамау, өміршеңдік танытып, тәекелге бару оны көбінесе аренданы және қажеттілікке сәйкес ресурстарды уақытша тартудың басқа да нысандарын қолдануға итермелейді.
Ұйымдастырушылық құрылымдардың түрлілігіне сәйкес менеджер иерархиялық сипатты иеленетін құрылыммен әрекет етеді, себебі басқару теориясы мен сыйақы есептелуінің тетігі уәкілеттік пен жауапкершілікті тура бөлу мен қатаң сақтауды талап етеді. Өз кезегінде, кәсіпкер формальды емес байланыстарды иеленетін көлденең ұйымдастырушылық құрылымды қалыптастырады.
Кәсіпкерлік қызметтің негізгі субъектісі ретінде кәсіпкер танылады. Дегенмен кәсіпкер - тек жалғыз субъектісі емес, кез келген жағдайда ол негізгі контрагенті ретінде тұтынушылармен, сонымен қатар түрлі жағдайларда көмекші немесе қарсыласы бола алатын мемлекетпен де өзара әрекет етуі тиіс. Тұтынушы да, мемлекет те жалдамалы жұмыскер (егер кәсіпкер өз алдына жеке жұмыс істесе) және бизнестегі әріптестер (егер өндіріс қоғамдық байланыстан сырт қалмайтын сипатты иеленсе) сияқты кәсіпкерлік белсенділіктің субъектілер санатына жатады. (1 суретті қараңыз) .
Сурет 1 Кәсіпкерлік қарекеттің субъектілері
Кәсіпкер мен тұтынушы арасындағы өзара қарым қатынаста кәсіпкер белсенді субъекті санатына жатса, ал тұтынушы белсенді емес (пассивті) рөлді иеленеді. Осы тараптардың өзара қарым қатынасын талдау кезінде, тұтынушы кәсіпкерлік үрдісте индикатор ролін атқаратыны анықталады. Бұл түсінікті жағдай, сондықтан кәсіпкерлік қарекеттің пәнін құрайтындардың барлығында тұтынушының сараптамалық бағасы оң болған жағдайда ғана жүзеге асыруға құқығы бар. Мұндай бағаны тұтынушы береді және соңғысының белгілі бір тауарды тұтынуға дайындығын білдіреді. Кәсіпкер өз қарекетін жоспарлау немесе ұйымдастыру кезінде тұтынушының мүддесіне, ниетіне, талғамы мен көңіл-күйіне, бағаларына қатысты теріс іс-әрекеттер жасамауы керек.
Кәсіпкерлік үрдістің субъектісі ретіндегі мемлекеттің ролі әр түрлі қоғамдық шарттарға, іскерлік белсенділік аясында орнайтын жағдайларға және мемлекеттің өз алдына қоятын мақсаттарына байланысты анықталады.
Нақты жағдайларға байланысты мемлекет төмендегідей болуы мүмкін:
- Кәсіпкерліктің дамуына қажетті жағдайлар жасамаған немесе оған тыйым салған жағдайларда кәсіпкерліктің дамуының тежеушісі ретінде;
- Кәсіпкерліктің дамуына тікелей қарсылық білдірмейтін және оның дамуын қолдамайтын жағдайда бақылаушы ретінде;
- Мемлекет кәсіпкерлік үрдіске жаңа экономикалық агенттерді тартудың тәсілдерін үнемі және белсенді түрде ізденіс жүргізетін жағдайда кәсіпкерлік үрдістің жылдамдатушысы ретінде (мемлекеттің мұндай мақсатты қарекеті кейде кәсіпкерлік белсенділіктің шарықтау шегіне әкеліп, кәсіпкерліктің өркендеуіне әкеліп соғады) .
Кісіпкердің идеяларын жүзеге асырушы ретіндегі жалдамалы жұмыскер кәсіпкерлік үрдістің субъектілер тобына жатады. Кәсіпкерлік идеяларды жүзеге асырудың тиімділігі мен сапасы дәл соларға байланысты.
Нарықтық жағдайларда кәсіпкердің басқа кәсіпкерлермен одақта болып, бірлікте әрекет ете алуы және кәсіпкер өз қарекетінің бағыт-бағдарын анықтайтын неғұрлым тиімді әріптестік байланыстарды үнемі іздеуі керек.
Әріптестік байланыстар нақты және потенциалды кәсіпкерлікте маңызды рольді атқарады. Өз қарекетін жоспарлау және бизнес-жобаны әзірлеу кезінде әрбір кәсіпкер қажетті әріптестік байланыстың құрылу мүмкіндігін ескереді. Мысалы, егер сіз ас үй жиһазын дайындаймын десеңіз, онда сіз міндетті түрде кімнен және шамамен қандай шарттармен (мұндай мүмкіндік болса) өндірісті ұйымдастыруға қажетті барлық заттарды (ағашты, басқа да құрамдас бөліктерін, фурнитураны, құралдар мен машиналарды, және тағы басқалар) алуға болатынын анықтауға тырысасыз. Мұндай әрекеттерсіз кәсіпкерлік қарекетті жоспарлауға мүмкіндік болмайды.
Әріптестік байланыстарды таңдау түрлі факторларға байланысты. Әріптестік байланыстарды келесідей сыныптауға болады:
- ұзақ мерзімді (немесе үнемі)
- қысқа мерзімді (немесе белгілі бір мерзімге)
- кездейсоқ
Осылайша, өз қарекетін жоспарлау кезінде кәсіпкер әріптесін (әріптестерін) кәсіпкерлік үрдістің субъектісі ретінде қабылдайды. Олардың араларындағы өзара қарым қатынас нысанынан қарекеттің тиімділік деңгейі байланысты болады.
Кәсіпкерліктің дамуы осы қарекеттің қажетті субъектілерін қамтамасыз еткен жағдайда мүмкін болады. Осы субъектілер нарықтық қатынастардың дамуына /Қазақстанда кейбіреулерге байқалатын кері жағдайларға емес/ әкеледі. Кәсіпкерлік субъектілерінің пайда болуы әлеуметтік-экономикалық, саяси және идеологиялық жағдайлар «кәсіпкерлік толқуларға» әкелгенде, белгілі бір қоғамдық жағдайлардың қалыптасуын білдіреді.
Осылайша кәсіпкерлік қарекетті тиімді деңгейде жүзеге асыру тек белгілі бір қоғамдық жағдайларды - рынок түсінілетін кәсіпкерлік орта, қатынастың нарықтық жүйесі, сонымен қатар неғұрлым тиімді, әрекет етуші және жоғары табыстарға әкелетін кәсіби шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін жеке тәуелсіздік, яғни кәсіпкердің еркіндігі қамтамасыз етілген кезде ғана мүмкін болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz