Ізденушінің диссертацияда тұжырымдаған әрбір ғылыми нәтижесімен қорытындысының жаңалық дәрежесі


6D011400 - Тарих мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін жазылған Мустафа Гиритлиоғлуның «Қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихы және оқыту әдістемесі (ХҮІІ-ХХІ ғғ. ) » атты диссертациялық жұмысына ресми рецензенттің
ПІКІРІ
- Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның жалпы ғылыми және жалпы мемлекеттік бағдарламалармен (практикалық және ғылыми сұраныстарына) байланысы
Аталмыш ғылыми еңбекте Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасында тәуелсіздік жылдары қалыптасып, дамып келе жатқан стратегиялық әріптестік пен достық қарым-қатынастардың болашағы сөз етіліп, дәйектеме тұрғысында зерделенген. Қолымызға тиген PһD диссертацияның қолжазбасынан байқағанымыз, автор осы ғылыми ізденістерін жинақтап, қоғамдық саяси өмірдің барлық саласын қамтыған жаһандану үдерісі жағдайында екі елдің ынтымақтастығын жетілдіре түсуге қатысты зерттеулер жүргізіп, оның нәтижелерін қазіргі заманғы білім беру жүйесіне енгізу арқылы білімді де білікті мамандар дайындау міндеті мемлекеттік бағдарламалар аясында бедерлеген. Отарлық билікке қарсы ұлт-азаттық күрестің басты ұстанымына айналған түркі халықтарының саяси бірлігі идеясы ХХ ғасырдың 90-жылдары жаңа мазмұнда қайта қарап, түркі тілдес мемлекет басшыларының, әсіресе Қазақстан мен Түркия мемлекеттері басшыларының бастамасымен құрылған халықаралық ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер қызметтерін жүйелеп шыққан. Бұл айтуға ғана оңай болғанмен, жүзеге асуы үлкен еңбекті, ыждағаттылықты, сонымен бірге белгілі бір ғылыми-зерттеушілік эрудицияны қажет ететін ауқымды жұмыс. Зерттеуші осы үлкен міндетті абыроймен атқарып шыққан.
Ізденуші, екі елдің арасындағы байланыстардың қатарында жалпы мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, ақпарат құралдары мен баспасөз, діни-рухани байланыстар ресми мемлекетаралық қатынастардың құрамдас бөлігі ретінде әрқайсысын өз саласындағы жеке бағыттарын зерделеп, үзіліп қалған дәстүрлі байланыстарды қалпына келтіру мақсатымен жалпы мәдени байланыстар көлемінде орнатылған осы қатынастар бүгінгі заманғы ғылыми-техникалық мүмкіндіктер, нарықтық қатынастардың екпінді ықпалымен әр салада нақты нәтижелерімен толықтыра түскен.
2. «Философия докторы» дәрежесін алу үшін жазылған ғылыми жұмысқа қойылатын ғылыми квалификациялық талап деңгейіндегі ғылыми нәтижелер.
Ізденуші еңбектің «қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихнамасы, дереккөздері және тарихи алғышарттары» деп аталатын бірінші бөлімінде түркі тілді мемлекеттердің тәуелсіздіктен кейінгі кезеңдегі мәдени-гуманитарлық қатынастарының тарихына арналған зерттеулерді талдай отырып, тарихнамалық талдау көрсеткендей, қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихы және қазіргі даму барысының тәжірибелері жан-жақты және пәнаралық байланыстар тоғысында зерттеуге талпынған.
Екінші бөлім «ХХ ғасырдың бас кезі мен ХХІ ғасырдың бас кезіндегі қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихы» деп аталып, Түркия мемлекетімен тығыз дипломатиялық байланыс орнату Қазақстанның халықаралық қатынастар саласындағы басты мақсаттарын, екі елді жақындастырушы басты фактор екі халықтың түбі бір туыстығы ғана емес, сонымен бірге өткен тарихының ортақтығы, этнолингвистикалық жағынан өте жақындығы арқылы геосаяси және экономикалық мүдделерінің ортақтығы сараланған.
Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ-түрік мәдени байланыстары дәстүрлі байланыстардың сапалық жаңа кезеңіне жол ашылып, екі ел арасындағы мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдер аталған байланыстарды жаңа деңгейге көтеріп, мемелекеттік деңгейде құрылған қоғамдық ұйымдар мен ғылыми мекемелер мәдени байланыстардың тығыз ынтымақтастыққа ұласуынын іске асыратын саяси-әлеуметтік тетікке айналды - деген пікірінде шынайылық бар. Диссертант М. Гиритлиоғлу осы тақырыпқа қатысты айтылған сындарлы пікірлерден салмақты ой түйіндеуге тырысқан. Сөйтіп, зерттеуші осындай мемлекетаралық құрылымдардың қызметі арқылы мәдени байланыстар тар шеңберде қалып қоймай, екі туыс халықтың мәдени туыстығы мен бірлігі бұқаралық сипат алып, ғаламдастыру жағдайында Қазақстан мен Түркия мемлекеттерінің саяси серіктестігі мен мәдени ықпалдастық арқылы нығая түскендігін ғылыми түрде дәлелдеуге тырысады.
Ал үшінші бөлімі «қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының педагогикалық әлеуеті мен әдістемесі» болашақ тарих мұғалімдерінің XVII-XXI ғасырлардағы қазақ-түрік саяси және мәдени байланыстары бoйыншa бiлiм, бiлiк жәнe дaғдылapының дeңгeйiнiң жоғарылайтындығына; XVII-XXI ғасырлардағы қазақ-түрік саяси және мәдени байланыстары бoйыншa aлғaн бiлiмдepi нeгiзiндe кәciби бiлiктiлiктepiн арттыру жoлдapын меңгеретіндігі анықталған. Өйткені бүгінгі таңда оқу үдерісінде пайдаланылатын озық үлгілер мен тиімді әдіс-тәсілдер осындай ой түйіндеп, оны жүзеге асыруға мәжбүрлейді.
3. Ізденушінің диссертацияда тұжырымдаған әрбір нәтижесінің, тұжырымдары мен қорытындыларының негізделу және шынайылық дәрежесі.
Диссертациялық жұмыста тұжырымдалған нәтижелер мен қорытындылардың шынайылық дәрежесін диссертацияның мазмұнынан көруге болады. Жұмыста ғылыми тұжырымдар мен нәтижелер ізденушінің өзіндік тұжырымдарымен қорытындыланған.
4. Ізденушінің диссертацияда тұжырымдаған әрбір ғылыми нәтижесімен қорытындысының жаңалық дәрежесі.
Диссертант ғылыми жұмысының зepттey тақырыбы бoйыншa ғылыми- әдeбиeттepгe тapиxнaмaлық тaлдay жacaлып, деректік мaтepиaлдapы жинaқтaлды. Қазақ-Түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихы жүйeленіп, жаңа зерттеу бағыттарының өріс алуынан туындады. Қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстары тарихының тарихнамасы, дереккөздері бойынша материалдар жүйеленіп және мәселенің тарихи алғышарттары негізінде зерттеген.
Ізденушінің көрсеткен жаңалықтары ғылыми жұмыстың тараулары мен тараушаларында берілген.
5. Алынған нәтижелердің ішкі бірлігінің бағалануы.
Диссертация мазмұны белгілі бір жүйе бойынша тараулардың тараушалармен ішкі бірлігінде жазылған. Үш тараудан тұратын ғылыми жұмыстың тараулары «Қазақ-Түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихнамасы, дереккөздері және тарихи алғышарттары», «ХХ ғасырдың бас кезі мен ХХІ ғасырдың бас кезіндегі қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихы», «қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының педагогикалық әлеуеті мен әдістемесі» деп аталып, әр тарау бірнеше тараушаларға бөлінген. Ол зерттеу жұмысында талданып отырған материалдарды ғылыми негіздеуге, ой желісін дұрыс құрастыруға жеңіл және қолайлы болған.
6. Ізденушінің алған нәтижелерінің тиісті өзекті мәселені, теориялық немесе қолданбалы міндетті шешуге міндетті болатындығы.
Диссертациялық жұмыстың нәтижелері мен қорытындылары Отан тарихында жаңадан қалыптасып келе жатқан жаңалықтар арқылы зерттеулерді теориялық жағынан толықтыруға, жаңа ғылыми тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді. Қолданбалылық міндеттерді шешуде ғылыми зерттеудің нәтижелерін жоғары оқу орындарының гуманитарлық факультеттерінде «Қазақстанның қазіргі заман тарихы», «Түркі халықтарының тарихы», «Халықаралық қатынастар тарихы» пәндерінде жекелеген сабақтарға оқу-әдістемелік көмекші құрал ретінде қолдануға болады.
7. Диссертацияның негізгі қағидасының, нәтижесінің тұжырымдары мен қорытындыларының жариялануының жеткілікті толықтығына растама.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz