Азаматтардың құқықтық қабілеті және азаматтардың құқықтық субъектілігі


«Ш. Есеноватындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» комерциялық емес акционерлік қоғамы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Қазақстан Республикасы Азаматтық-процестік құқығы
Тақырыбы: Азаматтың әрекетке қабілетін шектеу туралы, азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмілетке толмағанды өз табысына өз бетінше билік ету құқығын шектеу туралы немесе одан айыру туралы істер бойынша іс жүргізу
Орындаған:ЮП-18-(5) тобының студенті
Ниязова Д. А.
Рецензент: з. ғ. ғ., доцент Садуакасова Л. О.
Актау, 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІ . . . 5
1. 1 Азаматтардың құқықтық қабілеттері туралы түсінік, мазмұны және оның шамалары . . . 5
1. 2 Азаматтардың құқықтық қабілеті және азаматтардың құқықтық субъектілігі . . . 8
1. 3 Азаматтардың құқықтық қабілеттерінің теңдігі, туындауы мен тоқтауы. 10
2 Азаматтардың іс-әрекет қабілеттілігін шектеу жөніндегі істерді қараудың процессуалдық ерекшеліктері . . . 17
2. 1 Іс-әрекет қабілетінің шектелуі туралы арыздар қабылдау . . . 17
2. 2 Азаматтардың іс-әрекет қабілеттерінің шектелуі жөніндегі істерге қатысушы тұлғалар . . . 22
2. 3 Азаматтардың іс-әрекет қабілеттерінің шектелуі бойынша айғақтау және сот дәлелдерінің мәні . . . 24
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі : Қазақстан азаматтарының негізгі конституциялық құқығының сот тарапынан қорғалуына негіз беретін Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына байланысты құқықты қорғаудың сот жүйесін кеңейту мәселелері ерекше мәнге ие болады. Конституцияда «Әркімге құқығы мен еркіндігін қорғауға кепілдік берілетіні» бекітілген. Кез-келген құқықтық нормаларды қолданудың барлық жағдайларында санкциялар қолдану да туындап, белгілі субъективтік құқықтарды шектеуге әкеліп соғады. Мұны ғалым-заңгерлер әділ соттылық әдістерін колдануда ең тиімді деп есептейді.
Құқықтық қабілет - азамматың субъективтілік құқығына қабілетін аңғартады. Азаматтық заңдылықта құқық нысаны туралы түсінік ең келелі болып табылады. Оның астарында осв құқық саласы мен реттелетін мүліктік және мүліктік емес қатынастарға қатысушы ретінде қатысатын тұлға айтылады. Ең бастысы, оның іс-әрекет қабілеттігі шектеліп, қабілетсіздігі танылған жағдайдағы құқығы мен міндетін осылай анықтауға болады. Себебі, бұл азаматтық құқықтыңбарлық салаларына қатысы бар деп есептеледі. ҚР Азаматтық кодексінің бірінші тарауының екінші тараушасы «Тұлға» деп аталады және оған үш тарау енеді. Олардың біреуі «Азаматтар. Жеке тұлғалар» деген атауға ие. Сөйтіп, ол азаматтық құқықтың жеке нысандарына, ал қалған екеуі заңды тұлғаларға және Қазақстан Республикасындағы азаматтық заңдылықтарды қатысты құрылымдарға арналады.
Осы мақсат үшін «Тұлға» түсінігін қолдану тура емес болар еді, өйткені тұлға психология мен философия ілімдерінде айтылған ұғымдарға белгілі психикалық даму деңгейін иеленетін қоғамдық қатынас нысаны екені ауызға алынады. Белгілі жас деңгейіне жеткен, психикалық салауатты адамға тұлға сапасы оған интеллектуалдық және рухани қырларына, қоғамдық қатынастарға қатысуға, өз бағытын қалыптастыруға, өз іс-әрекеттеріне жауап беруге қабілетін көрсетіп, соған тән екенін байқатады. Сәйкесінше, кез келген адамды тұлға деп есептей алмаймыз. «Тұлға» түсінігі «адам» ұғымымен салыстырғанда өте тар болып табылады.
Заң әдебиеттерінде адам тұлға болып тумайды, өмір сүре келе оған қалыптасады деп аталып көрсетіледі.
Ал біздің басты заңымыз-конституцияда да бұл талаптар баса назарға алынады. Адам және азамат құқығы мен еркіндігі декларациясында "әркімнің Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға және тоқтатуға құқық иеленетіні" қарастырылады. Демек, адам мұндай жағдайларда өзіне тән психикалық даму формасы-сананың биологиялық және әлеуметтік баста упарын біріктіретін жаратылыс екені анық нәрсе. Адам-қоғамдық зат. Адам құқығы декларациясында айтылғандай, "адамзат отбасының" мүшесі. Осылайша адамды қабілетінен айырып, іс-әрекетке қабілетін шектеу өте өзекті мәселе деп түсіну керек. Сондықтан осы процеске қатысушылардан азаматтардың конституциялық құқығының және заңдардың нақтылы, қатаң сақталуын талап етелі.
Міне, бүгінгі курстық жұмысы да алдымен осы мәселелерге назар аударады. Мен де өзімше бұған әрекеттеніп, құқық қабілеті мәселелеріне талдау жасауға тырыстым.
Іс-әрекетке қабілеттілік-азаматтың өзінің іс-әрекеттерін иеленуге және азаматтық құқығын жүзеге асыруға, өз іс-әрекетімен азаматтық міндеттерді жасап, азаматтық қоғамның толыққанды мүшесі болып табылатын қабілеті. Іс-әрекетке қабілеттілік негізінен кәмелет жасқа жеткенде, яғни, 18 жасқа толғанда, сөл шақтан бастап алады. Іс-әрекетке қабілеттіліктің құқықтық қабілеттен айы машылығы адам 18 жасқа толуы бойынша, өз іс-әрекетінің мәнін түсініп, оны басқару мен оның салдарларын көру мумкіндігі болатынынан байқалады. Дәлірек айтсақ, осы жастан бастап, азамат шарттар жасасып, өз меншігін басқарып, өзге де заңдық іс-әрекеттерді жасауға және оған жауап беруге дербес қам жасай алады.
ҚР Азаматтық Кодексінің 14 бабын ауруы немесе кем ақылдылық салдарынан болса, өзіс-әрекеттеріне есеп бере алмаса және оны игере алмаса болатыны танылады. Іс-әректке қабілеттілікті шектеу ішімдік ішіп, есірткі затын тұтыну салдарынан өз отбасын қиын материалдық жағдайда қалдыратын азаматқа қатысты жол беріледі (ҚР Азаматтық Кодексі, 27 бап) .
Курстық жұмыстың мақсаты: Осы зерттелетін жұмыста азаматтық шектелген іс-әрекеті қабілетін тану туралы іс бойынша сот өндірісі тұлғаның өзін игеруі, және еркіндіктерін, ар-ожданын қандай болмасын тартан заңсыз қол сұғушылықтан қорғау мүмкіндігін мемлекеттік жағынан азаматтық- процессуалдық заң құралдарымен белгіленген тәртібі ретінде қарастырылады.
Курстық жұмыстың пәні: Қазақстан Республикасы Азаматтық-процестік құқығы
Курстық жұмыстың құрылымы: бұл тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІ
1. 1 Азаматтардың құқықтық қабілеттері туралы түсінік, мазмұны және оның шамалары
Құқықтық қабілет туралы жалпы түсінік заңда беріледі. Құқықтық қабілет-азаматтық құқықты иелену және міндеттерді атқару қабілеті.
Бұдан, құқықтық қабілет осы құқықтар мен міндеттердің нысаны болу қабілетін, заңда қарастырылған немесе жол берілетін кез келген құқық немесе міндетті иелену мүмкіндігін білдіреді. Аталған жағдайдағы құндылық құқықтық қабілет болған кезде нақтылы субъективті құқықтар мен міндеттер туындау мүмкіндігімен көрініс береді. Ол-оның туындаудың қажетті жалпы алғы шарты, сондай-ақ оны жүзеге асыруқұралы.
Құқықтық қабілет еліміздің барлық азаматтарымен танылады. Ол адам дүниеге келген сәттен туындап, ол қайтыс болғанда аяқталады. Демек, құқықтық қабілет адамнан бөліп алуға болмайтын нәрсе, ол оның өмірі бойында жасы мен денсаулық жағдайына қарамастан құқықтық қабілетті болады. [1, 91б]
Бірақ бұдан құқықтық қабілет адамның табиғи сипаты, көз, құлақ және т. б. деп тұжырым жасау да жөн емес. Дегенмен, құқықтық қабілет адам дүниеге келгенде туындайды, ол табиғаттан өз арнасын алмайды, заң қуатынан табады. Осылай өзін заңдық мүмкіндікті анықтайтын қоғамдық- заңдық сипаты екенін ұсынады. Тарихта адамдардың үлкен топтары сол әрекет еткен заңдармен құқықтық қабілетінен айрылған замандарда болған. Бұған құл иеленушілік қоғамдағы құлдарды қосуға болады.
Заң әдебиеттерінде азаматтың құқықтықабілеті азаматқа тән белгілі мінез-құлық (немесе сипаты) ретінде жиі қарастырылады. Бұл заңнан туындаған штаты, сондықтан құқық пен міндет қабілетіиен көрініс беруі мүмкін.
Қабілет заңдық мүмкіндіктен басқаны аңғартпайды ғой. Мұндай мүмкіндік заңмен қарастырылып, онымен қамтамасыз етіледі. Ол өз алдына белгілі субъективті құқықты әрбір нақтылы тұлғада ұсынылады. \ "Құқықтық қабілет, -деп жазды С. П. Братусь, -ол құқық пен міндет нысаны.
Құқықтық қабілетті белгілі бір субъективті құқық ретінде түсіну біздің заң әдебиеттерімізде сөзсіз негіздемесін алды. Құқықтық қабілет туралы нормалар заңда басқа барлық субъективтік құқықтарға қарағанда ең алдына қойылатынын атап өткен жөн. Сонымен заң шығарушы оны ерекше бағыт екенін баса көрсетіп, субъективтік құқықтардың кез келгені үзіліссіз байланыҫта болады, ал азаматтың құқықтық қабілетсіз ешқандай субъективті азаматтық құқық мімкін емес.
Егер құқықтық қабілет өз алдына субъективтіқұқықты ұсынса, онда оның ерекшеліктерін ашып, басқа субъективтік құқықтарға қарағанда шектеу қажет. Ал басқа субъетивтік құқықтардан құқықтық қабілет ең алдымен осының алдында айтылғандай дербес мазмұнымен өзгешеленеді, заңда қарастырылған азаматтық құқықтар мен міндеттерді иелену қабілетімен көрініс табады.
Бұған қоса, азаматтық құқықтың қабілеті басқа құқықтардан өз бағыты бойынша да ерекшеленеді. Ол әрбір азаматқа заңдық қамтамасыз етіп, нақтылы азаматтық құқықтар міндеттерді иелену мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Үшінші ерекшелігі тұлға мен құқық қабілетінің тығыз байланысымен байқалады. Себебі, заң оны жекелеуге жол бермейді. Азаматтық кодекске сәйкес құқық қабілетін шектеуге бағытталған мәмілелер қағыс қалады.
Сонымен, азаматтық құқықтық қабілеті-әрбір азаматқа тиесілі және одан бөліп алуға болмайтын құқық, оның мазмұны кез келген заңмен азаматтық құқық пен міндетке жол берілетін қабілетпен (мүмкіндікпен) ерекшеленеді.
Заң құқықтық қабілеті барлық азаматтармен тең дәрежеде танылатын азаматтық құқықты иелену мен міндеттер атқарууқабілеті. Сондықтан ол абстрактілікке және жекеленбеушілікке тән болады. Азаматтардың құқықтық қабілеті азаматтық кодекске сәйкес азаматтар иелене алатын құқықтыр мен міндеттер кешені арқылы ашылады. Осыған байланысты азаматтардың құқықтық қабілетіне сипаттама беріп, ол азаматқа психофизикалық ерекшелік ретінде сипатталады. Бұл әлеуметтік-заң-жағынан Сапалық белгілерін көрсетеді.
Құқықтық қабілет субъективті құқық ретінде, оны жүзеге асыру нәтижесінде туындаған нақтылы субъективті құқықтармен араластыруға болмайды. Қүқықтық қабілетті бөлу негізінен заңмен қарастырылып, жол берілетін нақтылы құқықтар мен міндеттерді екенін көрсетпейді. Құқықтық қабілет әдебиеттерде аталып көрсетілгендей, бұл құқықты иелену, оның алғы шарты үшін негіз ғана бола алады. Әрбір азаматпен заң көптеген мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иелену қабілетімен танылады, бірақ нақтылы азамат ешқашан олардың барлық жиынтығын иелене алмайды, ол тек осы құқықтардың бір бөлігін ғана иеленеді. Сонымен, әркім ашқан жаңалыққа авторлық құқық ала алады, бірақ мұны барлығы бірдей иелене алмасы анык.
Нақтылы субъективтік құқықтарды алу және олармен иелену құқықтық қабілеті жүзеге асыруды білдіреді. Бұл ретте субъективті құқықтар көлемі азамат қалай жұмыс істейді, қанша табыс табады, онда қандай қажеттіліктер бар, соған байланысты болады.
Кім көп және жақсы жұмыс істейді, кім табиғи талаптар мен қабілеттерді иеленеді, оларды белсенді жүзеге асырады, кім саналы түрде тапқанын пайдаланады, сол ең жақсы материалдық және өзге де игіліктерге, интелектуалдық шығармашылық нәтижелеріне құқықтарды иеленеді. Бұл кез келген қоғамдағы заңды құбылыс болып табылады. [2, 93б]
Азаматтардың құқықтық қабілетінің негізін азаматтар заңға сәйкес иеленетін сол мүліктік емес құқықтарды қалыптастырады. Былайша айтқанда, азаматтардың құқықтық қабілетінің негізін құқықтың нақ өзі емес оны иелену мүмкіндігі құрайды.
Қазақстан Республикасының азаматтары иеленуі мүмкін мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтардың болжамды тізбесі қарастырылатын азаматтар мүмкін:
- меншік құқына мулікті иелену;
- мүлікті мұраға алуы және қалдыруы кәсіпкерлікпен және заңмен тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуы;
- дербес немесе өзге азаматтармен және заңды тұлғалармен бірге заңды тұлға құруы;
- заңға қайшы келмейтін кез келген мәмілені жасауға және міндеттемелерге қатысуы;
- тұрғылықты орын таңдауы;
- ғылым, әдебиет және өнер еңбектеріне, жаңалықтарына автор және өзге де заңмен қорғалатын интелектуалдық қызмет нәтижелеріне құқық иелену;
- өзге де мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иелену;
Заң азаматтардың құқықтық қабілетінің маңызын анықтап, тек құқықтар жайлы айтады, бірақ міндеттемелер туралы тура еске салмайды. Сонымен бірге Азаматтық кодексте азаматтардың «міндеттер атқару» қабілеті де аталып көрсетіледі. Бұл жағдайда заң шығарушы құқықтық қабілеттігі еңбасты мәселе-құқыққа баса назар аударады.
Дегенмен заңда міндеттемеге жанама назар салу байқалмайды. Мысалы, азаматтардың «міндеттемелерге қатысу» құқығы туралы аталады. Міндеттеме заңмен құқықтық қатынас, бір тұлға басқа тұлға пайдасына бір іс әрекет жасауға не одан қалыс қалуға байланысты жағдайы тілге тиек етіледі. Ал мұндай жағдайда екі тұлғаны, бірін қарызгер, екіншісін несиеші деп қарастырсақ, онда несиеші қарызгерден өз міндеттемесін орындауды талап ете алады. Демек, міндеттемеге қатысу құқығы міндеттемені көрсетіп, оны иеленуді аңғартады. Міндеттемелер атқарумен мүлікті меншікке иелену құқығы байланысты болады.
Азаматтық кодексте меншік иесі міндеттемеде анықталғандай. Осылайша құқықтық қабілеттің мәні сөзсіз міндеттеме атқару қабілетіне кіреді. Азаматық кодексте ең өзекті құқық азаматта болуы тиіс. Бұл заң шығарушының көзқарасы. Мұндай пікір заң шығарушымен осы норманы өте түсінікті және оңайлы ету мақсатында қалыптасқан сияқты. Сондай-ақ Азаматтық кодексте азамат заңмен тыйым салынбаған кез келген азаматтық құқықтар мен міндеттерді және азаматтық заңға жалпы мәні мен маңызы бойынша қайшы келмейтін құқықтар мен міндеттерді иелену мүмкін екенін жазса да жеткілікті еді. Сонымен қатар азаматтардың құқықтық қабілеті шектеусіз деп белгілеу тағы дұрыс емес. Оған басқа субъективті құқық кей жағынан тән болғанымен, оның өз аясы бар ғой.
«Кез келген субъективтік құқық, құқылы тұлғаның мүмкін болатын мінез-құлқы шамасы бойынша, өз маңызы сияқты, оны жүзеге асыру сипаты бойынша да белгілі шекарасы болады». [3, 87б]
Бұл шекаралар ережеде көрініс берген, өйткені азамат кез келген «заңды қызметпен тыйым салынбаған» айналыса алатыны және кейбір құқықтарды иеленуі туралы тыйым салынатыны белгіленеді.
1. 2 Азаматтардың құқықтық қабілеті және азаматтардың құқықтық субъектілігі
Азамат (жеке тұлға) азаматтық құқық қатынасының қатысушысы ретінде, оны жекелейтін және оның құқықтық жағдайына әсерін тигізетін қоғамдық және жасанды белгілері мен қасиеттерін иеленеді. Осылайша бұған оның атын, азаматтығын, жасын, отбасы жағдайын, жынысын енгізу қажет етіледі.
Азаматтың (жеке тұлғаның) аты. Әрбір адам азаматтық құқық қатынастарына белгілі бір атпен қатысады. Тиісінше жамылғы (ойдан шығарылған атпен) немесе жасырын (атаусыз) есіммен өте аракідік қана салыстырылады. Есім-азаматтың азаматтық құқықтық қатынасына қатысушы ретінде жекелену құралының бірі болып табылады.
"Есім" Қазақстан халықтарының көпшілігінде тегін, өзінің аты мен әкесінің атын қамтиды. Бірақ Қазақстанның кейбір халықтарының ұлттық дәстүрлері мұндай түсінікті білмейді, әкесінің аты ретінде және ол ресми жеке құжаттарында көрсетілмейді. 90-шы жылдардың басында еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында батыс елдерінде қабылданған дәстүрге көп көңіл бөлініп, жеке тұлғаның тегі мен атын ғана көрсету өмірге ене бастады. Дегенмен, батыстық мұндай үлгі Қазақстан дәстүрлеріне сәйкес келе бермейді жіне біздің жағдайымызда тек белгілі бір ортада ғана қолданылатын "еркіндік" ретінде қалады .
Ал ресми құжаттарда азаматтық толық аты: тегі, өз аты иен әкесінің аты (қашан ұлттық дәстүрлер "әкесінің аты» түсінігін білмеген жағдайлардан басқасында) көрсетілуі тиіс.
Біздің азаматтық заңдылығымыз ҚР Азаматтық кодексін қабылдағанға дейін азамат атына байланысты қарым-қатынастарды реттейтін нормаларды анықтаған жоқ. Бірқатар нормалар еліміздің Неке және отбасы туралы кодексінде жазылды. Онда ауыспалы аты, әкесінің аты және тегіне қазіргі уақытта заң азаматтық есімі-бұл ең алдымен азаматтық заңдылық дәрежесі екнін таниды. Мұндай шешім азаматтық құқық әрекеті саласын анықгайтын негізгі талаптарға толығымен сәйкес келеді. Заңға сәйкес азамат азаматтық құқық пен міндетті өз есімімен иеленеді және жүзеге асырады. Сондықтан басқа тұлғаның атымен құқықтар міндеттерді иеленуге жол берілмейді.
Өз атына құқық-азаматтық (жеке тұлғаның) тұлғаның мүліктік емес құқғы болып табылады. Орыстың көрнекті ғалымы И. А. Покровский тұлғаның ішкі сыры бай болған сайын, ол өз есімін қастерлеп, сақтауға тырысады, деп атап көрсетеді. "Бәріне белгілі, өз есімін қастерлеп сақтайтын ақсүйектер, ол құндылық деп түсінетін, уақыт өте келе адамды өзінің осы құндылықтары арқылы санасын қалыптастыратынын адамның ортақ қағидаларын орнықтырады". Бұл біздің уақытымызда да толық қолдануға болатын сипат.
Азаматқа тиесілі ардақты есімі Азаматтық кодексте және басқа заңдарда қарастырылған жағдайларда және тәртіпте қолданады. Басқа жолмен жекеленбейтін және берілмеітін жақсылықтар қатарына қосылады. Әсіресе, есіміне байланысты құқықтарды қорғау оның атын бұрмалау, не азаматтың есімін оның ар-ожданына немесе іскерлік қасиетке қатысы болатын жүйелер мен түрлерінде қорғау қарастырылады. [4, 147б]
Азамат 16 жасқа толғанда заңда белгіленген тәртіпте (Азаматтық кодекске сәйкес атын, тегін, әкесінің атын қоса) өз атын өзгертуге хақысы бар. Бұл ретте о өзінің бұрынғы атына ресімделген құжаттарға сәйкес өзгертулерді немесе оларды ауыстыруды (төлқұжат, туу туралы куәлік, неке туралы куәлік, диплом және т. б. ) өз есебінен енгізуді талап етуге құқылы. Азаматпен атын өзгерту бұрынғы есімімен алған оның құқығы мен міндеттерін тоқтату немесе өзгерту үшін негіз болып табылмайды. Бұған қоса, азамат өз атының ауысуы туралы қарызгерлері мен несиешілерін хабардар ету үшін қажетті шара қолдануға міндетті. Атының ауысуы туралы мәліметтердің осы тұлғаларда болмауынан туын аған себеп-салдарларға жауапкершілік атқаруға міндетті. Азаматтардың тегін өзгертудің кейбір жағдайлары отбасы заңында да қарастырылады. Мысалы, некеге отырған кезде және некені бұзған шақта тегін өзгерту тәртібі жүйеленеді. Ата-аналар арасында неке бұзылған кезде баланың тегін өзгерту, сондай-ақ балалрдың тегін, атын, әкесінің атын 18 жасқа толмағанда, оларды асырап алғанда да тиісінше шешімін табады.
Азаматтың туған кезде алған аты (тегі, аты, әкесінің аты) туралы деректер, сондай-ақ атын ауыстыру азаматтық хал актілерін тіркеу үшін белгіленген тәртіпте тіркеуге жатады. Бұл тәртіп отбасы заңдарында да қарастырылады.
1. 3 Азаматтардың құқықтық қабілеттердің тепе-теңдігі, туындауы мен тоқтауы
Азаматтардың құқықтық қабілеттерінің сипаттамасы үшін заңмен бекітілген азаматтардың тепе-теңдігі негізгі мәнге ие.
Конституциялық нормалар мен қарастырылған азаматтардың тепе- теңдігі азаматтардың құқықтық қабілеті не тепе-тең сияқты басқаны аңғартпайды. Бұл ереже Азаматтық кодекстен құқықтық қабілет барлық азаматтарға тең шамада танылатынына байланысты туындайды. Заңға сәйкес барлық азаматтар құқықтық қабілетінін мәніне байланысты тепе-теңдікті иеленеді, ешкімде құқықтарды иелену қабілетінде ешқандай артықшылықтар мен басымдықтарды иелене алмайды. Қазақстан азаматтары толығымен жылы вена, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, туған орнына, дінге, көзқарасына, қоғамдық бірлестіктерге қатысты, сондай- ақ басқа міндеттемелеріне байланыстың құқылы деп танылады.
Осы айтылған азаматтық тепе-теңдікті ситпаттайтын жағдайлары толығымен, барлық көлемде іске асырылуы мүмкін. Мәселен, азаматтық құқықтық қабілетке кіретін «тұрғын орнын таңдау" құқын, кез коген азамат еліміздің кез келген жерінде орналаса алады дегенді білдірмейді. Себебі, ерекше тәртіп әрекет ететін аумақтар да бар (шекара сызығы әскери бөлім орналасқан жар және т. б. ) Екінші мысал, құқықтық қабілеті мәніне азаматық кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы кіреді.
Бірақ заңның тура мағынасында азаматтардың қызметтердің кейбір түрлерімен айналысуына құқығы жоқ та делінеді. Мысалы, азаматтар сақтандыру қызметін жузеге асыруға құқылы емес. [5, 149б]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz