АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ТҮСІНІГІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг
Университеті комерциялық емес акционерлік қоғамы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Қазақстан Республикасы Азаматтық -процестік құқығы
Тақырыбы:Азаматтық сот ісін жүргізу(процестегі) түсінігі

Орындаған:ЮП-18-(1 ) тобының студенті
Аманова Айнұр Сагынбаевна

Рецензент: з.ғ.ғ., доцент Омарова Л.С

Актау, 2020

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні мен әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .5
1.2 Азаматтық іс жүргізу құқығының жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Азаматтық іс жүргізудің құқықтық қатынастарына қатысушы тараптар...7

2.АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ПРИНЦИПТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.1Азаматтық сот ісін жүргізу міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 0
2.2 Азаматтық сот ісін жүргізу принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..21

КІРІСПЕ

Тәуелсіз мемлекет құрудың ең басты шарттарының бірі заңдылықты сақтау болып табылады деп ойлаймын. Заң нормаларын сақтау - әрбір азаматтың міндеті деп есептеймін. Осыған орай мемлекет мүддесін және жеке азаматтың құқығын қорғау, тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықпен күресу, халықты заң ережелерін сақтауға үйрету еліміздің көптеген құқық қорғау органдарымен қатар сот органдарына да жүктелген. Соңғы жылдарда азаматтық және қылмыстық істер қараудың сапасы мен жеделдігінің тұрақты арту үрдісі қамтамасыз етілуде. Мұндай оңды нәтижелер 2001 жылғы маусымда іс жүргізу заңнамасьна жаңа ережелер енгізіп, соның арқасында істерді қайта қарауға қайтармай, облыстық соттарды апелляциялық және қадағалау инстанцияларында түпкілікті шешудің оңтайлы жолын таңдауға мүмкін болғанына да байланысты болып отыр. Дегенмен еліміздің сот әділдігі жүйесін жетілдірудің барлық мәселелері толық шешілді деп айтуға болмайды. Біз демократиялық қоғам орнатып жатырмыз. Ал демократия - адам адамдардың Конституциялық құқықтарының, бостандықтарының қатаң сақталуы. Олай болса, азаматтардың құқықтары бұзылмауының немесе бұзылған құқықтарының уақтылы,кезінде қалпына келтірілуі мемлекетімізде сот органдары арқылы жүзеге асырылады. Жекелеген соттардың және сот әкімшілігі органдарындағы кемшіліктер, заңды және сот этикасын бұзу немесе заңсыз, негізсіз шешімдері шығару сияқты келеңсіз жағдайлар әлі де көптеп кездесетіні белгілі. Соттардың жіберген қателіктерінің көпшілігі сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары заңды күшіне енбей тұрып, яғни, апелляциялық сатыларда істерде қайта қарау арқылы түзетіледі. Дегенмен заңсыз немесе негізсіз шешімдердің де заңды күшіне еніп кететін жағдайлары аз кездеспейді. Демократиялық заңдылықты нығайту жолында мұндай сот актілері өзгертілуге немесе күшін жоюға тиіс. Заңды күшіне енген заңсыз және негізсіз сот актілерін түзету - сот жүйесінде азаматтық істерді қадағалау тәртібімен қайта қарау арқылы жүзеге асырылады.
Қадағалау тәртібімен істерді қайта қарау өндірісінің мақсаты - төменгі инстанциялардағы соттардың шығарғактілерінің заңдылығын тексеру болып табылады. Бұл институт азаматтардың, ұйымдардың, мемлекеттің бұзылған құқықтарын, бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталады. Себебі қадағалау сатысындағы соттарға апелляциялық инстанциясының соттарына қарағанда заңмен бекітілген коп мүмкіндіктер берілген.
Азаматтық іс жүргізу сатысының жеке дербес сатысы ретінде сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау - түпкілікті мақсатқа жету үшін бағытталған іс жүргізу әрекеттерінің жиынтығы деп қарастыратын болсақ, түпкілікті бір мақсатқа жету үшін оны реттейтін заң нормалары жекелеген азаматтар мен ұйымдардың және мемлекеттің мүддесін қорғау үшін жауап бере алуы тиіс. Заңды күшіне енген сот актілеріне қадағалау шағым беру құқығы Қазақстан - Конституциясында бекітілген сотқа жолдану құқығының кепілдігінің бірі болады.

1.АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗІУ ТҮСІНІГІ
1.1 Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні мен әдісі

Азаматтық іс жүргізу құқығы -- азаматтық істерді сотта қараудың және шешудің тәртібін, сондай-ақ соттардың және басқа да кейбір органдардың қаулыларын орындау тәртібін реттейтін құқық саласы. Оның нормалары соттың және процестің барлық қатысушысының қызметін реттейді; сондай-ақ, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып, сот мәжілісін жүргізудің тәртібін белгілейді. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен бірге, бұл ұғым өзімен аттас ғылымды, әрі оқу пәнін де қамтиды.
Кез-келген құқық саласы үшін басқа құқық салаларымен салыстырғанда өзіндік айрықшалау белгілерімен сипатталатын барынша маңызды ерекшелігі оның пәні болып табылады.Пән - саланы салалс және өзге де құқық реттеу пәнінің ерекшеліктеріне орай,тек қана осы құқық саласына тән және бірнеше құқық салалары үшін ортақ маңызды сипаттамалар анықталады.Реттелуі нормалары арқылы көзделген нақты қоғамдық қатынастар кез-келген құқық саласының пәні болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу ережелері әсер ететін салаға қатысты айтатын болсақ,ол сала құқықтық жағынан тұрақтанған ережелермен барынша нақты реттелуі тиіс олай болмаған жағдайда нормативтік актілер мен әлеметтік түрдегі келенсіздіктер орын алынуы мүмкін.
Азаматтық іс жүргізу құқығы - соттардың азаматтық істерді қарастыру және шешу тәртібін белгілейтін жеке құқық саласы.Ол өз реттеу аясы бойынша жекелік сипатқа ие.Ол қатынастардың реттелуіне сала нормалары әсер етеді.
Реттелетін қоғамдық қатынастардың ерешеліктеріне олардың субьектілік құрамы мен нақты құқықтық мүмкіндіктер кешеніне,тұлғалардың құқықтық салалрына сәйкес,саланың әдісі айқындалады.
Іс жүргізу құқығының өзі -- бұл азаматтық істер мен дауларды қарау, қылмыстарды тергеу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау кезінде пайда болатын қатынастарды реттейтін құқық жүйесіндегі нормалардың бір бөлігі. Іс жүргізу құқығы материалдық құқықпен тығыз байланысты, өйткені оны жүзеге асыру мен қорғау қажетті іс жүргізу нысандарын бекітеді.
Іс жүргізу құқығы екі түрлі болады -- азаматтық іс жургізу құқығы және қылмыстық іс жүргізу құқығы. Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекшеліктерін қарастырайык.
Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың тәртібін реттейтін құқық нормаларын мәжбүрлеп орындату тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығы деп аталады.Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық істерді қарау және шешу барысында, сондай-ақ сот шешімдерін орындауға байланысты сот пен процеске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды құрайды. Мұндай қатынастарды реттеу тәсілі императивті диспозитивтік деп аталады.
Императивтік (императив -- өкімет, үзілді-кесілді талап заң -- таңдауға жол бермейтін) деген соттың мемлекеттік билік органы екендігін және биліктік өкілеттіктер берілгенін білдіреді.
Соттың және судьяның талаптары, тапсырмалары, шақырулары және басқа да өтініштері, сот отырысының төрағалық етушінің өкімдері процеске қатысушылар үшін міндетті болып табылады. Сот төрелік етуді жүзеге асыру мақсатында процеске қатысушыларға мәжбүрлеу шараларымен (мысалы, сот отырысынан тәртіп бұзушыларды шығарып жіберу, мәжбүрлеп алып келуді жүзеге асыру), айыппұл салуға құқылы. Сондықтан азаматтық іс жүргізу қатынастарын билік және бағыныштылық қатынастары ретінде сипаттайды.
Диспозитивтік азаматтық құқық субъектілерінің осындай құқық объектілеріне билік етуге бағытталған әрекеттерді жасауға толықтай ие екендіктерін білдіреді.
Өйткені, әдетте, азаматтық құқық мүдделі адамдардың талап-арызбен (өтінішпен) жолдануларына байланысты пайда болады. Соттың азаматтық істерді өз бетінше қозғауына құқығы жоқ, азаматтық процестің дамуы құқық туралы даудың субъектілерінің ерік білдірулеріне тәуелді болады.

1.2 Азаматтық іс жүргізу құқығының жүйесі мен әдісі

Құқық саласының жүйелілік белгісі - ішкі өзара байданыстар мен өзара шарттылықтардың болуымен түсіндіріледі,осындай байланыстары негізінде сала өз ерекшеліктері,салалық институтардың даму динамикасы бар кешенді құқықтық феномен ретінде анықталады.
Жекелеген саланы Жалпы бөлім және ерекше бөлім деп екіге бөлу дәстүрлі және нормативтік тұрғыдан айқындалған жүйелі болу тәсілі болып табылады.
Көптеген құқық саласы сияқты азаматтық іс жүргізу құқығының Жалпы бөлімінің құрамына базалық(негізгі) ережелер кіреді.Олар сот өндірісінің жалпы сұрақтарын реттеуге бағытталған сот ісін жүргізу барысында қалыптасатын қатынастарды ретке келтіреді.
Жалпы бөлім ережелернінің құрлымына келесі мәселелерді реттейтін нормалар кіреді: іске қатысушы тұлғалардың құқықтық жағдайы, соттағы өкілдік, азаматтық істердің ведомствалыұ бағыныштылығы мен соттылығы,соттық дәлелдеу тәртібі және т.б.
Азаматтық іс жүргізу құқығының Ерекше бөлімі сот ісін жүргізу сатылары бойынша істерді қарастыру тәртібін реттейтін институттар мен нормаларды қамтиды.
Әдісі ретінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодекс пен Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларының арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады.Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодекстің нормалары мен Қазақстан Республикасы конституциялық заңының арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелері қолданылады. Осы Кодекс нормалары мен өзге заңдардың арасында қайшылық болған жағдайда осы Кодекстің ережелері қолданылады. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодекстен басым болады және халықаралық шартта оның қолданылуы үшін заң шығарылуы талап етіледі деп көрсетілген жағдайларды қоспағанда, олар тікелей қолданылады.

1.3 Азаматтық іс жүргізудің құқықтық қатынастарына қатысушы тараптар

Азаматтық процесс - бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы құқықтық қатынастардың күрделі жүйесі, әрқайсысы азаматтық іс жүргізу құқығының белгілі бір нормаларының негізінде пайда болады. Азаматтық іс жүгізу құқықтық қатынастарының міндетті субъектілері: бір тараптан - сот, екінші тараптан процеске қатысушылар борлып есептеледі. Сонымен қатар, азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы іске қатысушы тұлғаның ерік білдіруіне байланысты. Құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін осы қатынастарға қатысушылардың құқық қабілеттіліг мен әрекет қабілеттілігін айқындайтын құқық субъектілігі болуы керек.
Азаматтық іс жүргізудің құқық қабілеттілігі - бұл іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттеріне ие болу қабілеттілігі. Ол азаматтар мен ұйымдардың бәрі үшін бір деңгейде танылады және азаматтардың туған сәтінен басталып, қайтыс болған сәтінде бітеді. Ұйымдар да тіркелген сәтінен басталып, таралған сәтінде тоқтатылады.
Субъектілер, яғни азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарына қатысатын немесе қатыса алатын адамдар үш топқа бөлінеді.
1. Сот төрелігін жүзеге асыратын адамдар.
Сот процестің ерекше қатысушысы болып табылады, себебі арнайы құрылған мемлекеттік билік органы ретінде сот төрелігін жүзеге асырады. Сотқа азаматтық процестің анық сатыларында басшылық рөл берілген. Іске қатысушы тұлғалар судьяға қарсылық білдірулері мүмкін, мұндай жағдайда судья ауыстырылып, істі басқа судья қарайды.
Сот отырысының хатшысы азаматтық істерді қарау барысында сот отырысының хаттамасын жасайды және сот отырысына төрағалық етушінің басқа да тапсырмаларын орындайды. Сот отырысының хатшысы сотқа іс бойынша шақырылған адамдардың қайсысының келгенін, келмей қалған адамдарға хабарланғандығы туралы және олардың келмей қалуының қандай себептері бар екендгін хабарлайды.
Сот приставы - төмендегідей мндеттерді атқаратын адам: сот отырысы кезінде залдағы қоғамдық тәртіпті қадағалайды, сотқа іс жүргізу әрекеттерін орындауды жәрдемдеседі, сот ғимаратын, судьяларды жне процестің басқа қатысушыларын қорғауды қамтамасыз етеді, соттың және басқа органдардың атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындалатын сот орындаушыларына көмек көрсетеді.
Сот орындаушысы - бұл мемлекеттік қызметтегі және заңмен жүктелген соттың және басқа органдардың актілерін орындау жөніндегі міндеттерді атқаратын лауазымды тұлға.
2. Іске қатысушы адамдар - тараптар; даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар; прокурор; мемлекеттік органдар; процеске қатысатын жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жеке азаматтар; ерекше өндіріс тәртібінде сотта қаралатын істер бойынша өтініш берушілер және басқа да мүдделі тұлғалар.
Іске қатысушы адамдар өздеріне тиесілі барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануы тиіс. Осы тұлғалар іс жүргізу құқықтарын орындамаған жағдайда заңдарда азаматтық сот ісін жүргізу туралы қарастырылған салдарлар туындайды.
Іске қатысушы барлық адамдар екі шағын топқа бөлінеді:
- өз құқықтары мен мүдделерін қорғайтын адамдар. Оларға үшінші тұлғалар, яғни ерекше өндіріс істері бойынша өтініш берушілер мен мүдделі тұлғалар кіреді;
- мемлекеттік, қоғамдық мүдделерді не жеке адамдар мүдделері мен құқықтарын қорғайтын адамдар. Олар прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жеке азаматтар.
3. Сот төрелігін жүзеге асыруға жәрдемесетін адамдар.
Бұл топқа куәгерлер, сарапшылар, аудармашылар, мамандар, мүлікті сақтаушылар және басқалары кіреді.Мұндай адамдарда азаматтық іске заңды мүдделілік болмайды.
Олардың азаматтық процестегі рөлі қосалқы-қызметтік болып табылады, олар сотқа істің нақтылы мән-жайларын анықтауға, оны дұрыс шешуге жәрдемдеседі және нақты әрекетерді жүзеге асыруға көмектеседі, тап осындай көмекті олар іске қатысушы басқа да адамдарға көмектеседі.
Талапкер мен жауапкер процестің тараптары болып табылады, олар құқық туралы дауларын сотта шешетін адамдар. Талапкер - өз мүддесін немесе мүддесі көзделіп талап қойылған азамат немесе заңды тұлға. Талапкердіңм құқықтары мензаңды мүдделері бойынша сот дауы пайда болып, ол сотпен шешіледі.
Сотқа талап-арыз қоюшы адам әрқашан талапкер бола бермейді. Азаматтық істер мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, азаматтар не прокурор басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап арыздарының негізінде қозғалуы мүмкін.
Жауапкер - өздеріне қуыным талабы қойылған азаматтар немесе заңды тұлғалар. Жауапкер бұл құқық жөніндегі даудың екінші тарабы, ол талап қоюшының көзқарасы бойынша оның құқығын бұзған немесе дау бойынша құқығы мен заңды мүдделеріне дауласады.
Процесте тек Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары ғана емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасының соотарында құқық туралы даулар қаралуға тиіс болса шетелдік құқық субъектілері де (шетелдіктер азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдік заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар) тараптар болуы мүмкін.
Азаматтық процеске бірнеше тараптар мен бірнеше қатысушылар қатыса алады. Сонымен, азаматтық процесс - бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы құқықтық қатынастардың күрделі жүйесі, оның әрқайсысы азаматтық іс жүргізу құқығының белгілі бір нормаларының негізінде пайда болады. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар - бұл азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелетін азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысында сот пен процесс қатысушыларының бірінің арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.
2.АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ПРИНЦИПТЕРІ
2.1 Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері
Қазақстан Республикасы АІЖК - ші бабына сәйкес,азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, істің толық және уақтылы қаралуын қамтамасыз ету, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру.
Кез келген саланың ережелері өзінің реттеу бағытына ие және соған орай заңмен белгіленген міндеттердің орындалуы үшін адамдардың тәртібіне құқықтық ықпал етудің әмбебап және арнайы тәсілдері қолданылады.Бұл ықпал етудің шектері құқықтық реттеу аясымен қоғамдық қатынастар пайда болатын және тоқталатын нақты сала ережелерімен анықталады.
Нақты құқық салалсының міндеттері ондағы нормалардың бағытына сай қалыптасады, олар заң шығарушымен анықталуы негзінде азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыратын мемелекеттік органдарыдың сот органдары жүйесінің міндеттерін айқындайды.
Азаматтық іс жүргізу саласын құрайтын кешенді нормалардың түпкі мақсаты соттардың азаматтық істерді қарастыру және талдау барысында іс жүргізудің құқықтық тәртібін тиісті деңгеймен қамтамасыз ету болып табылады.
Азамттық іс жүргізу құқығы теориясында сала нормалары түрлі крийтерийлер бойынша жіктеледі,жиі жағдайда олар өздерінің реттеу бағыты мен іске қатысушы тұлғалардың тәртібіне ықпал ету тәсілдеріне қарай бөләнеді.Мысал, монографиялық еңбектер мен оқу әдебиеттерінде азаматтық іс жүргізу нормалары, императивтік, диспозитвтік, жалпы және арнайы, рұқсат етуші және тыйым салушы және т.б. нормаларға жіктеледі.Олардың барлығының көздеген өз бағыттары бар және олар щаң шығарушының еркін орындауға және реттелетін салада тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.
Императивтік Норамалар іс жүргізу әрекеттірінің баламасыз орындалуын талап етеді, ал диспозитивтік нормалар іс жүргізу шегінде мүмкіндік берілген тәртіп нұсқаларын қолдануға жол береді.Жалпы нормалар сот өндірісінің барлық түрлеріне қатысты талаптарды белгілейді, ал арнайы нормалар іс жүргізу заңнамасымен көзделген жағдайлардан іске қатысушы тұлғалар мен соттың сақтауы тиіс талаптарды белгілейді.

2.2 Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері

Кез келген құқық саласында салалық бағыттағы барлық нормалар кешені дайндалатын негізделетін базалық, негіз қалаушы ережелер бар.Осы негіз қалаушы нормалар сала шеңберінде ірекет етеді.Құқытық принциптерінің мәні әлеуметтік-құқықтық шыңдық тұрғысынан обьективті зерттелгенде ғана айқындалады.
Құқық принцип дегеніміз - белгілі бір қоғамдық мемлекеттің әлеуметтік экономикалық және саяси даму заңдылықтарының ерекше құқықтық көрінісі.Құқық принциптері заң шығарушылар мен ғалымдардың субьективтік тұжырымдары емес, олар құқыққа тән органикалық қасиеттер.Ал ғылым оларды анықтайды, негіздейді, зерттейді және жүйеге түсіреді.Құқық принциптері заңдарда бекітілгендіктен ған құқықтық болып табылады.
Құқықтық әдебиеттерде құқықтық принципі ұғымына қатысты бірқатар анықтамалар қалыптасқан.Ол анықтамаларды шартты түрде 3 топқа бөліп қарастыруға болады.
Бірінші топ өкілдері құық принциптерін қоғам дамуының әлеметтік экономикалық және саяси заңдылықтарын обьективті түрде сипаттайтын арнайы заң ұғым есебінде қарастырады.
Екінші топ өкілдері құқық принциптерінің негізін қалаушы идея, бастаулар, құқық мәнін білдіруші идея ретінде қарастырады.
Үшінші топ өкілдері құқық принциптерін құқық мазмұнын сипаттайтын обьективті қоғам заңдылықтарымен шартталатын ережелер деп түсіндіреді.
Азаматтык сот ісін жүргізудің негізгі принциптері:
- Заңдылық
- Сот төрелігін тек соттың жүзеге асыруы
- Тұлғаның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау
- Іске қатысатын адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, іскерлік беделін құрметтеу
-Жеке өмірге қол сұғылмаушылық. Хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, пошта, телеграф және өзге де хабарлар құпиясы
-Меншікке қол сұғылмаушылық
-Судьялардың тәуелсіздігі
-Жұрттың бәрінің заң мен сот алдындағы теңдігі
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық іс-жүргізу
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Тәуелсіз Қазақстанның Жаңарған қоғамдық-экономикалық құрылысы
Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу
Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптері
Азаматтық іс жүргізу құқығы түсінігі
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының пәні мен жүйесі
Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының түсінігі
Азаматтық іс жүргізу құқығы туралы
Пәндер