Қазақ халқының тоқыма өнерінің мәдени мұрасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТІРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ

Сценография және сәндік өнер кафедрасы

Ешенқұлова Айчурек Кыдырқызы

Дипломдық жұмыс
Тәулік

Мамандық: 5В041700- Сәндік өнер
Мамандану: көркем тоқыма

Ғылыми жетекші: аға оқытушы Самарканова Ф.С.
Ғылыми кеңесші: Дадырова А.А.

Нұр-Сұлтан 2021

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I-тарау. Қазақ халқының қолөнері.
1.1 Қазақ халқының қолданбалы өнері және оның түрлері
1.2 Қазақстандағы қолөнер шеберлері және олардың шығармалары
1.3 Жүн және одан жасалатын бұйымдар

II-тарау. Тәулік атты дипломдық жұмыстың тұжырымдамасы
2.1 Ши тоқу өнерінің дамуы
2.2 Паннода қолданылған түстер сипаттамасы

III-тарау. Жұмыстың материалда орындалуы
3.1 Қолданылған материалдар мен техникалар (ізденіс және нобайлар)
3.2 Экономикалық шығын бөлімі
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Глоссарий ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Ши тоқу өнері - Орта Азия аумақтарында көшпелі өмір сүрген халықтарына сонау көне замандардан белгілі. Ши тоқу өнерін халық күнделікті тұрмыста және шаруашылықта пайдаланған. Бұл өнер қазіргі кездің өзінде кең түрде пайдаланылады.
Ши тоқу бұл қазақ халқының үй шаруашылығына қажетті негізгі бұйым десек те болады. Әсіресе көшпелі халықтың өмірінде бұл шидің алатын орыны ерекше. Оны қарапайым киіз үйдің керегесінің сыртын тұту үшін, есіктің ішкі жағын тұту үшін, қолдан жайылған құртты жаю үшін , тары сүзу үшін және де киіз басу үшін, жалпы бұдан да басқа тұрмыстық қажеттіліктері үшін пайдаланған.
Жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі күнде Қазақтың бай мәдени мұрасын, рухани құндылығын, салт-дәстүріміз кеңінен зерттеліп, насихатталуына көп көңіл бөлінуде. Қазақ халқының ұлттық салт дәстүрін терең мазмұнымен және ұлттық нақыштармен ерекшелендіріп, дәріптеп, қарапайым ши тоқу өнерін қазіргі заманға сай етіп триптих панносын тоқу.
Жұмыстың мақсаты: Тәулік тақырыбына ши тоқу.
Жұмыстың міндеттері: Дипломдық жобаның мақсатына қарай, келесі міндеттер қойылады:
-жалпы қазақ халқының ши тоқу өнерін зерттеу;
-ши тоқу өнерінің шығу тарихы мен даму тарихын зерттеу;
-тақырыптың өзектілігін кеңейтіп, даму барысын көрсету;
-паннода қолданылған түстерге сипаттама беру.
Жұмыстың нысаны: Қазақ халқының тоқыма өнерінің мәдени мұрасы.
Зерттеудің пәні: Тәулік тақырыбында триптих панно туындысын жасау.
Жұмыстың зерттелу деңгейі: Қазақтың сәндік қолданбалы өнерін, ши тоқу өнерінің жалпы тарихы және Қазақстан суретшілері туралы жазылған келесі авторлардың жұмыстары зерттеледі:
Зерттеудің әдістері: Алдыма қойылған міндеттерді шешу үшін әдістемелік, методикалық бағыттағы әдебиеттерге, деректерге сүйене отырып, талдау жасау.
Зерттеудің негізгі әдістемелігі: Көне тарихи деректер, хазақ халқының тұрмыс тіршілігі, құнды тарихи салт дәстүрімен танысу.
Зерттеудің ғылыми жаңашылығы: Өнердің даму барысында жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрыңғы мен қазіргінің байланысын- жаңашылдық деп білеміз. Ши тоқу өнерінде әрқашанда асқан шеберлік, ынта мен зор талант керек. Осылайша бұл өнерді жылдан жылға жаңашалап, түрлі техникаларда орындауымызға болады. Тек ерекшеліктерін сактай отырып, бұл өнердің қазіргі заманға сай жаңа бағытта жұмыс жасау керек.
Зерттеудің теориялық құндылығы: Жалпы дипломдық жұмысты зерттеу барысында адами сананың құндылығын арттыру. Сәндік қолданбалы өнер саласында тақырыптық картина жанрын дамыту.
Зерттеудің нәтижиелерін енгізу және апробациялау:
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құндылығы: бұл дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, глоссариден, пайдаланылған әдебиеттерден және де қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде ең алдымен

I-тарау. Қазақ халқының қолөнері.
Қазақ халқының қолданбалы өнері және оның түрлері.
Қолөнер- біздің ата-бабамыздың ұшқыр қиялынан шыққан даналық ойдың, қажеттілігінен туындаған өнер туындысы және атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлы тәрбие құралы. Кез келген халықтың көнеден ғасырлар бойы жинақталып, белгілі жүйеге түскен рухани өмірлерінің ұлттық мәдениеті бар. Осы рухани мәдениеттің ең маңызды саласының бірі- ол қолөнер.
Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан кең байтақ өлке ол біздің Қазақстан. Осынау қазақ жерінде көсілген кең далалар мен асқар таулар, толқынды теңіздер мен айдын-шалқар көлдер, өзендер мен орман-тоғайлар өте көптер кездеседі. Қазақтың жерінде алуан түрлі жан-жануарлар, өсімдіктер кездеседі, ал жер қойнауы қазба байлықтарға тұнып тұр.
Осындай керемет табиғат байлықтарын біздің ата-бабаларымыз сонау ерте заманнан бері қолдарынан келгенінше игеріп отырған. Мал өсіріп, аң аулап, құс салып, малдың терісінен, жүнінен киімдер тігіп, тұрмыстарына қажетті заттар жасаған. Жерді жыртып дән еккен, үй тұрғызып, үлкен қалалар соққан.
Қазақ қалқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндірудіөзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Бұдан біз халық творчествасының қандай түрлі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, күн көрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз [1,3б ].
Ғалымдардың айтуы бойынша, қазақ жерінде ең алғаш адамдар бұдан жарты миллион жыл бұрын өмір сүріп бастаған.
Қазақ халқы ежелгі заманнан бері тек еңбек етіп қана қоймай, сонымен қатар уақыт ағымымен бірге өнерлерін де дамытып отырған. Сол өнерлердың бірі- халқымыздың қолөнері.
Қолөнердің тарихы әр түрлі экономикалық, әлеуметтік жағдайларға байланысты әр заманда түрленіп, дамып отырды.
Ғалымда Андронов мәдениеті (б.з.б. ХVIII ғ) деген атпен белгілі болған андроновтық тайпалардың қолөнершілері (шеберлері) сол кездің өзінде-ақ әртүрлі қола қарулар, пышақ, найза, тағы басқа сәндік бұйымдар мен сазбалшықтан әртүрлі ыдыстар жасап, оларды геометриялық өрнектермен безендірген [2,6б].
Сақ, үйсін, қаңлы тайпалары қазіргі қазақтың жерін мекендеген тайпалар екендігі ғылымда дәлелденген.
Қазақ халқының мәдениеті мен өнерінің дамуына Орта Азия, Шығыс Европа скифтері, Сібір және Атай халықтарының ықпалы өте зор болды.
Көршілес жатқан мемлекеттермен мәдени қарым қатынас жақсарып, саяхат, сауда жасау арқылы мемлекеттер бір-бірінен өнер түрлерін үйреніп, оны жетілдіріп отырған. Сол тас дәуірінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан жерінен табылған қолөнер үлгілері, шеберлердің қолынан шыққан өнердің озық үлгілерін бұл күнде музейлерден көруімізге болады.
Жалпы қолөнер дегеніміз не, адам өміріндегі қызметі қандай? Сол қолөнердің қандай салалары бар екендігін айта кетейін. Қол өнер ғасырлар бойы дамып келе жатқан халықтың творчествасының сарқылмас қайнар көзі, халқымыздың мәдениетінің айнасы. Талай ғасырлар бойы түрлі кезеңдерден өтіп, түрленіп, жаңарып келіп, атадан балаға мұра ретінде жеткен дәстүрлі де астерлі өнер. Кез келген елдің, халықтың қолөнері оның тарихымен, әдет-ғұрып, салт-санасымен бірге өркендейді.
Қолөнер адамбаласын әсемдікке, нәзіктікке ұмтылдырып, табиғатты сол бағытта өзінше таңбалап бедерлеуін, сұлулықты сезінуге, сезуге деген құштарлығын арттырады. Ол арқылы біз рухани-эстетикалық тәлім аламыз, өнер деген әлемге қанат қағамыз.
Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді, кйіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тілім, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік, және т.б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштарымен әшекейлейтін болды. Қолөнерінде көңілге қонымды мәнерлер мен ондаған қолданылған әдістер архитектурада кеңінен қолданылып келеді[3].
Тіптен түймеден бастап, үй жиһаздары, қару-жарақ, музыка аспаптары, кілем, ыдыс-аяқтар, сәндік бұйымдардың барлығы да қолөнер туындылары болып табылады. Біздің заманға дейін жеткен мазарлар мен ескерткіштердің қабырғалары мен мұнараларындағы сәнді ою-өрнектер, тастан қашалып жасалған діңгектер де осы халық қолөнерінің тамаша туындылары болып саналады.
Қолөнер бұйымдарын талғаммен, нақышқа келтіріліп өрнектейтін, әшекейлеп жасайтын адамды біз қолөнер шебері деп айтамыз. Әр шебердің тек өзіне тән ерекшелігі болады. Ол шеберлер өздері ұнатқан материалды әшекейлеп-өңдеуде өзі меңгерген тәсілі болады.
Шеберлер көп қолданатын материалдарға ағаш, металл, жүн, тері, киіз, тас, сүйек, былғары, ши, бояу, тарамыс, қайыс, жіп, тағы да басқалары жатады. Осы материалдарды өңдеп, әр түрлі бұйымдарды жасау үшін қолданылатын мынадай тәсілдер бар: ою, құю, өрнектеу,тқашау, шеку, бояу, бұрау, ширату, кесу, тесу, нақыс салу, илеу, тоқу, иіру, өру, бедерлеу, тігу, шабу, ыстау, дәнекерлеу, т.с.с.
Ою ойып, өрнек үлгілерін жасайтын адамды оюшы, ал ағашты көркемдеп өңдейтін, одан неше түрлі бұйымдар жасайтын адамды ағаш шебері не ағаш ұстасы деп айтамыз.
Ағаш- адамдар жер бетінде өмір сүргеннен бастап ең алғаш пайдаланған материал болвп саналады. Қазіргі заманда ғылым мен техниканың дамуына байланысты біздің күнделікті өмірімізде ағаштың алатын орны өте ерекше, ең маңызды материал десек те болады. Тіптен сіріңкенің бір талынан бастап, кеңбайтақ елімізде жүріп жатқан құрылысында ағашсыз елестете алмаймыз. Сонымен қатар елімізде орман-тоғайлар да өте көп.
Баяғы заманнан бері адам баласы ағаштың қасиетін өте жоғары бағалаған. Дүние жүзіндегі кейбір елдерде ағаштарды киелі санаған, табынатын болған. Әр бір халықтың ағашқа байланысты наным-сенімдері болған.
Ағаш шеберлері ағаштың қаттылығына, беріктігіне, жұмсақтығына қарай бұйымдар жасайтын болған. Бұйым жасаудың өзінде түрлі техникалар, тәсілдер қолданған.
Темірден әртүрлі құралдар жасайтын, соғатын адамды темір ұстасы, ал түрлі металлдар мен тасты пайдалана отырып, сәндік бұйымдар жасайтын адамдарды зергер дейміз.
Қазіргі қазақ тілінде ұста сөзінің қалыптасуы жөнінде екі түрлі пікір бар. К.Юдахин ұста шебер мағынасындағы иран сөзі десе, Л.Будаков ұстаның мағынасы парсы тіліндегі остад, устад, ұстаз-бен байланысты деп қарайды[4,25б].
Кейде ұстаны темірші деп те атайды. Ел ішінде ұсталарды ерекше қадірлеген. Көп елдерде ұсталық өнер атадан балаға мұра ретінде қалып отырған. Әр бір шебер өздерінің өнерлерін балаларына, туған-туыстарына не болмаса шәкірттеріне үйрететін болған.
Қазіргі таңда зергерліктің түрлері көбейіп, техникаландырылуда. Престер, өрнек салатын қалыптар, оятын, жонғыш, сызғыш құрал-саймандар, электор арқылы жұмыс жасайтын машиналар көбеюде. Осыған байланысты жұмыстың сапасы жақсаруда.
Тері өңдеу өнері қазақ халқында маңызды рөл алады. Өйткені, халқымыздың тіршілік көзі мал шаруашылығы болған соң, малдың етін, сүтін, жүнін ғана пайдаланып қоймай, терісінен де неше түрлі бұйымдар жасап, киімдер тіккен.
Халық тұрмысында аң терілерін мал терілерін тұтастай, мес қылып сояды. Пышақ тигізілмей, саусақпен немесе жұдырықпен іреп сырып алған жөн. Теріні жылы күйінде тұздаған жөн. Тұзы сіңіп кепкен соң, арнайы кергішке керіп кептіріледі. Кептірілген терілерден неше түрлі бұымдар жасалады: торсық, мес, саба, жанторсық,т.б.
Бүгінгі күнде теріден неше түрлі панно картиналар, қолға тағуға болатын білезік, әмиандар,белдіктер, кілт салғыштар жасалады.
Төрт түлік малдың жүні халқымыздың өмірінде үлкен рөль атқарған. Жүннен бау-ши, жіп, киім, қазақ үйдің киізін, түрлі төсеніштер, шекпен сиақты керекті мүліктер жасалады. Мал жүнінің ең асылы жәнеде түрлі бұйымдар жасауға қолданылатындары түйе және қой жүндері. Түйенің жүнін жабағы деп айтады. Одан неше түрлі өрмек жіптер иіріліп, шекпен, қап, белбеу, кілем, қоржын секілді заттар тоқылады.
Қойдың жүнін жабағы, күзем жүні, қозы жүні, өлі жүн және шет-пұшпақ деп бөліп айтады. Одан шапан, ішпек, бөстек, көпшік, байпақ тігеді.
Жүннің негізгі қолданылуы- киіз басу болып табылады. Киіз басу техникасымен сырмақ, текемет сиақты керемет бұйымдар жасалады.
Қазіргі кезде жүнді жуу, сорттау, иіру жұмыстарының барлығы өндірістік кәсіпорындарда орындалады. Бұндай кәсіпорындар Тараз, Семей және Ақтөбе қалаларында бар.
Гобелен- сәндік қолданбалы өнер түрі, суретті, түкті, түксіз, қабырғаға ілуге болатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі өнер түрлері
Қолөнер бұйымдарын жасауда ағаш өңдеу технологиясын дамыту
Тоқыма өнерінің маңызы
Қазақ гобелен өнерінің қалыптасуы
Решелье техникасында бойжеткен қыздарға арналған камзол үлгілерінің ерекшеліктері
Дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері - киіз басу
Қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатырған ұлттық оюлары
Бүгінгі күннің талабына сай сәндік - қолданбалы өнер түрлері сан алуан
Технология сабағында оқушыларға бұйымдарды көркемдеп өңдеуге үйрету әдісін қалыптастыру
Кілем кестелерімен безендірілген камзол үлгілерінің жинағы
Пәндер