Биологиялық сипаттағы қажеттер


Студент: Жақсылықова Ж
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер»
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Тұлға туралы жалпы түсінік«Адам», «жеке адам», «жеке тұлға», « даралық» ұғымдарының арақатынысы. Жеке адамның психологиялық құрылымы.
- Жеке адамның бағыт-бағдарын көрсететін компоненттерБағыт-бағдар туралы түсінік және оның психологиялық ерекшеліктеріЖеке адамның түрткілері мен қажеттіліктері. Жоғары формалы компоненттер.
ІІІ. Тәжірибелік бөлім
- Мектеп оқушыларының тұлғалық бағыт- бағдарының көрінісі
3. 1 Мектеп оқушысының қажеттеліктерін ескере отырып, оқу процесіне қызығушылығын арттыру үшін жүргізілетін жұмыстар
- Қазақ тілі және әдебиет пәндерінен үлгілік сабақ жоспарлары.
- Тұлғалық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстар.
IV. Қорытынды
V. Қосымшалар
VI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- КІРІСПЕ
ҚР-ның «Білім беру» заңында берілген «Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» сәйкес, білім мазмұнына қойылатын талаптарда келтірілген ережелердің бірі - «Негізгі орта білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылым жүйесініңбазалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке тұлға ретінде өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады . . . » делінген. Адам тұлға болып туа қалмайды, әлеуметтену процесінде тұлға болып шығады.
Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен тәрбие тұжырымдамасында да негізгі орын алады. Соған сәйкес, «Тәрбиенің тұжырымдамалық негізінде» - «Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету . . . »; «Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету . . . » деген тәрбиенің негізгі міндеттері көрсетілген.
Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз үрдіс. Білім беру мен тәрбиелеу процесінде педагогтардың мақсатты түрде білім алушыларға келешектегі мақсатына жету үшін ықыласты, ынталы болуына, оған ұмтылуы, іс-әрекет жүзінде орындай алуы үшін бағыт-бағдар көрсетіп отыруы тиіс. Соған сәйкес, білім мен тәрбие беру үдерісінде өздігінен үздіксіз дамуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру кәсіби білімдендіру үдерісінің негізгі басымдығына айналып отыр.
Баланы тұлғалық тұрғыда дамыту мәселесіне тоқталғанда, адамның іс-әрекетін айқындаушы әрі оны нақты жағдайларға икемдестіруші тәуелсіз тұрақты мотивтердің жиынтығын ескеруіміз қажет. Соған байланысты, біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын - «Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер» деп атадық.
Курстық жұмыстың өзектілігі: 1. Жеке тұлға ой-санасының білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы қоғамдағы заңды құбылыс. Әсіресе, қоғам дамуы ең алдымен тұлға дауымен тығыз байланысты. Тұлға дамуын жетілдіру қай қоғамның болмасын өзекті мәселесі болуы анық. 2. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу - өзекті мәселелердің бірі. 3. Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде білім алушылардың тұлғалық қасиеттерін негізге ала отырып, олардың қажеттеліктері мен қызығушылықтарын ескеру, ниет-тілегі мен ынтасын іс-әрекет арқылы жүзеге асыруға бағыттау, теориялық білім беру негізінде дүиетанымын кеңейту және тұлғалық көзқарасы мен мәдениетін дамыту, өмірлік бағыт-бағдарын көрсетіп отыру - педагогтың басты міндеті болып отыр.
Зерттеу нысаны: Адам. Жеке тұлға. Даралық
Зерттеу пәні: Негізгі мектептегі оқу-тәрбие процесі.
Зерттеудің мақсаты: Жеке тұлғаның даралық ерекшеліктері мен өзіне тән қасиеттерін, жеке адамның бағыт-бағдарын көрсететін компоненттері және олардың түрлері мен психологиялық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан сипаттап, диагностикалық зерттеу әдістерін қолдана отырып, ғылыми теориялық және әдістемелік тұрғыдан тұжырымдау.
Зерттеудің міндеттері: 1. Жеке тұлға және оның бағыт-бағдарын теориялық тұрғыдан терең зерттеу; 2. Тәжірибе жинақтау барысында оқушыларға түрлі зерттеу әдістерін жүргізу; 3. Оқыту процесінде тұлғалық нәтижелерге жететіндей тиімді жұмыстың формалары мен әдістерін қолдану.
Зерттеу көздері: Жеке тұлға және оның бағыт-бағдары туралы ғылыми теориялық, ғылыми әдістемелік, диагностикалық әдістемелер, ҰМЖ, ҚМЖ үлгілері, басылым материалдары, интернет ресурстары, ҚР-ның Білім заңы, Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.
Зерттеу әдістері: Негізгі және қосымша әдебиеттермен жұмыс, талдау, жинақтау, диагностикалық әдістермен жұмыс.
Зерттеудің болжамы: Егер, жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттері туралы теориялар толыққанды зерттеліп, оның түрлі диагностикалау әдістері анықталатын болса, онда бұл мәселенің бала өмірінде ерекше орын алатындығын дәлелдеуге болады, себебі қазіргі заман талабы даралық қасиеттері толысқан тұлға қалыптастыру болып табылады.
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Тұлға туралы жалпы түсінік«Адам», «жеке адам», «жеке тұлға», « даралық» ұғымдарының арақатынысы.
Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның алатын орны айрықша және ол - адамтану ғылымдары жүйесіндегі жетекші пән. «Психология» пәні адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат етіп қояды. Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігі бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайды қарайтын кейбір қоғам мүшелері басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті ұстанғанымен, шын мәнінде өмірде олай емес. [1]
Қоғамдық ғылымдарда да, сондай-ақ күнделікті тұрмыста да, «адам», «жеке адам», «даралық», «жеке тұлға» түсініктері кеңінен қолданылады. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты.
Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін - «адам» түсінігі қамтиды. Адам - бұл, ең алдымен, Homo Sapiens түріндегі сүт қоректілер класына жататын биологиялық тіршілік иесі. Адам - өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік-тектік мәнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде - дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді. Басқа жануарлардан айырмашылығы адамда сана бар, яғни ол сыртқы ортаның мәнін де, өз жаратылысын да танып-біледі және осыған орай парасатты түрде, ойланып әрекет жасайды. Адам биологиялық тек ретінде негізгі негізгі ерекшеліктері мыналар болып табылатын айрықша дене бітімімен сипатталады: денесін тік ұстап жүру, тану мен еңбекке бейімделген екі қолының болуы, әлеуметтік жағдайларда өмірді өз танымында бейнелеп және оны өз қажеттілігіне, мүддесі мен мұраттарына қарай қайта құруға бейім жоғары дәрежеде дамыған миының барлығы. [11]
Адам - белгілі бір қоғамның мүшесі. Ол қандай болмасын бір іспен айналысады. Оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғанның жиынтығы оны жеке адам етеді. Мәселен, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады. Бірақ әлі де жеке адам емес. Өйткені онда жоғарыда аталған компоненттер тәжірибе, білім, іс-әрекет, т. б жоқ. «Жеке адам» түсінігі «адам» түсінігіне қарағанда біршама тар мағынаға ие. Жеке адам - қоғамдық-тарихи категория. Ол тек қана қоғамдық ғылымдардың: тарих, философия, сациология, этика, эстетика, педагогика, психология тағы басқалардың зерттеу объектісі. Жеке адам -қоғамда белгілі бір жағдайда ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Биологиялық құрылым иесі - адам, өткен әулеттердің білім, салт, заттай және рухани мәдениеті күйінде топталған өмір тәжірибесін игерумен ғана жеке адам дәрежесіне көтеріледі. [11]
Жеке адам дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қаеттіліктерін арттырып отырумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым-қатынастар аймағымен өлшенеді. Жеке адамның дамуы, яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің қалыптасуы белгілі қоғамдық қолдау мен әлеуметтік қажетсінуіді керек етеді.
Адамның тірщілік ортасы үнемі өзгеріп те, өзгертіліп те отырады. Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктері мен оның психологиялық дара өзгешелігін білдіретін қасиеттер барлық адамда бірдей қайталана бермейді. Бұл орайда «адам», «жеке адам» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген терминмен толықтырылуы қажет. Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болуы мүмкін. Ал олардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемдік, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше дараланған жеке тұлға деп қараймыз. Даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін құрайды. Ол жеке адамнан жоғары немесе төмен әлдене емес. Даралық дегеніміз (лат. individuum- бөлінбейтін ) -жеке адамның өзіне тән, қайталанбайтын ерекшелігі, оған ғана тән жеке-психологиялык ерекшеліктері жиынтығы. Жеке мінездің, темпераменттің, мүдделердің, интелектінің, қабілеттер мен қажеттіліктердің ерекшеліктерінен көрінеді. Адамзаттың жеке калыптасуына, оның тәрбие процесінде толық ашылатын анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері ықпал етеді. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы да ерекшеленеді. Осылайша, мысал етіп педагог қызметкерді алатын болсақ, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т. б. арқылы көрінеді. «Даралық» ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін ерекшеліктерден тұрады. Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. [11]
Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының денгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер) . Нақтылай келгенде: Жеке тұлға -адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.
Тұлғалық қасиеттер үш дәрежеде болады:
1. Әрбір адам ең алдымен адамзат қауымының мүшесі ретінде шыққан нәсілінен, ұлтынан, туысынан, туған жерінен тәуелсіз есті адамның барлық өкілдеріне ортақ жалпы қасиеттерді иелену. Олардың қатарына: қуану, қайыру, болжамдық, елдісүю, арамдық-зұлымдарға, әділетсіздіктерге, әділеттікке және т. б. көптеген рухани психологиялық қасиеттер жатады.
2. Әр адамның физикалық ерекшеліктерінен жоғары жүйке жүйесінің қызметінен туындайтын және тек өз басына тән психологиялық өзгешеліктер. Бұлар, оның мінез-құлықында, сезім көрінісінде, темперментінде, қимыл мен жүріс-тұрысында, сөйлеу ерекшелігінде, сыртқы әсерлерге қайтаратын жауаптарында, басқа адамдармен қарым-қатынсында т. б. тіршілік әрекеттерінде байқалады. Осы қайталанбайтын ерекшеліктерінің арқасында әр адамның басқаларға ұқсамайтын өзіндік қырлары туады. Бұл қырларының негізгі физиологиялық ерекшеліктерінде жатқанмен оған әрине өмір сүру ортасының да қатысы бар.
3. Адам белгілі бір елде, рухани дәстүрде белгілі дәрежеде жеткен материалдық және рухани мәдениет жемістерін сусындап өседі. Сол дәуірдің тарихи ортаның жемісі осының бәрі адамның жан-дүниесінде өзінің ізін қалдырады. [6]
Тұлғаны анықтайтындар қатарына: нені және қалай білетіндігі, нені және оны қалай бағатыны, нені және оны қалай жандандырады, кіммен және қалай қатынас жасайтыны, оның көркемдік қажеттілігі және оны қалай байланысты. Ең негізгісі өзінің әрекетіне, шешіміне, тағдырына деген жауапкершілігіне сай өлшемі тұлғаны толық көрсетеді.
- Жеке адамның психологиялық құрылымы.
Кез-келген құбылыс сияқты жеке тұлғаның психикалық өмірі белгілі құрылымнан тұрады. Адамның дара психологиялық ерекшеліктеріне байланысты және жеке тұлғаның өзіне тән құрылымдарын белгілеуге болады.
Жеке адамның көптеген психикалық ерекшеліктері оның өмір сүретін ортасына, қоғамдық қатынастың тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. Қазіргі кездегі адамның іс-әрекеті көбінесе ұжымда жүргізіледі, алға қойылған мақсат көптің күш жұмсауымен орындалады. Адамның іс-әрекеті қоғам үшін пайдалы немесе зиянды нәтижеде болады.
Жеке адам іс-әрекетінің саналылығы - іс-әрекеттің мақсатын және оған жетудің жолдарын түсіне білуде. Адамның жеке басының қасиеттері іс-әрекеттерінде, қылықтарында көрінеді; ол өзіне пайдалы немесе зиянды сапалар көрсетеді. Н. Г. Чернышевскийдің сөзіне қарағанда, адамның ақылы мен мінез-құлқы туралы ең анық мәліметтерді ол адамныңіс-әрекеттерін зерттеу арқылы ғана білуге болады.
Сонымен қатар, адам өзінің іс-әрекетінде қалыптасады. Бұған мысал ретінде А. С. Макаренко басшылық еткен колонияның еңбек тіршілігін алуға болады. Ақылмен ұйымдастырылған іс-әрекет, бұд колонияда тәрбиеленушілерге ықпал жасау мен оларды тәрбиелеу шараларының тереңнен ойластырылған жүйесі оларда адамның бағалы сапаларын қалыптастырды.
Жеке адамның бағыттылығы дегеніміз - сол адамның талғамы мен белсенділігін көрсететін ниеттер жүйесі. Тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүлделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді. Тұлғаның дамуы - білім беру міндеттері тұрғысынан екі мағынаға ие: 1) тұлғаны қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына жауапкершілікпен қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, зияты, ақыл-ойы, еркі, сезімі мен оңтайлы логикалық-эмоциялық-психологиялық сапалары мен көзқарастары. [11]
Қоғамдық қатынастарға араласып және оларды басшылыққа ала отырып, адам сол қатынастардың ықпалында қалып қоймайлы. Әрқандай дара тұлға өз дербестігі мен ерекшелігіне ие.
Жеке адамның белсенділігі - іс-әрекетпен, оның бағдар-мақсатымен, өмір-тіршілігімен тығыз байланысты. Іс-әрекеттәі белсенді болуы жайында психологияда түрлі көзқарастар бар. Соның бірі - Австрия ғалымы З. Фрейдтің пікірі. Ол адамның белсенділігі инстинктті әрекетіне, соның ішінде жыныстық еліктеу мен өзін-өзі сақтау инстинктіне байланысты деді. Адам мұндай инстинкттерге шек қойып, оларды тежейді, өз бойындағы күш-қуатын сақтап, оны басқа мақсаттарға, мәдени қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды. Сөйтіп, ол өзінің мінез-құлқын саналы түрде басқарады.
Жеке адамның дербестігі - оның ең жоғары психикалық сапасы - рухани дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз адам мәнінің ең биік көрінісі, оның жалпы адамзаттық инабат парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі - бұл жоғары дәрежедегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бірге, жаман ниеттер мен мезеттік шен-шекпеннен, жалған белсенділік пен өтірік-өсектен өзін аулақ ұстай алуы. Дербестігінен айырылып, өз бетінше ой жүгіртпеген адам, өзін тұлғалық дамыту ниетінен ажырап қалады.
Басқа әлеумет мүшелерімен жеке адам өз «Мені» негізінде қатынас түзеді. Ғылымда «жеке адамдық рефлексия» деп аталған бұл «Мен» ұғымы өзі ішінде әр адамның өз жөніндегі танымын, өз мүмкіндіктерін және өз қадірін сезе білу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адамның өзіне өзі берген бағасының астам не төмен болуынан сол адамның ішкі жан арпалыстары келіп шығады.
Сонымен қатар, кейбір көптеген зерттеулер бойынша жеке адамның психологиялық құрылымы мен ерекшеліктері төрт түрлі жағынан қарастырылады, яғни: 1) Жеке адамның әлеуметтік өміріне қатысты ерекшеліктері: қызығу, ұмтылу (ынтасымен талаптануы), мұрат, дүниетанымдық көзқарас, сенім. Бұл - жеке адамның адамгершілік қасиеттерін білдіретін сипаттар. 2) Адамның білімдарлығы, дағдылары, бейімділігі. Мұндай сипаттар адамның даралық қасиетін, өзіндік даму деңгейін, тәлім - тәрбие негізінде қалыптасқан тәжірибесін көрсетеді. 3) Жеке адамның дара психикалық процестерінің тиянақтылығымен өзіндік ерекшеліктері. Ондай қасиеттерге зейін мен ойлау, қабылдау мен ес, сезім күйлері мен ерік, адам психикасындағы басқа да құбылмалы өзгерістер жатады. 4) Жеке адамның биологиялық тума қасиеттері - нышан, жоғары жүйке қызметі. Бұлар адамның темпераменті мен жас ерекшеліктеріне, жыныстық белгісіне сәкес көрініс береді. Мұндай қасиеттер машықтану мен жаттығу арқылы қалыптасып, жетіледі.
2. Жеке адамның бағыт-бағдарын көрсететін компоненттер
2. 1 Бағыт-бағдар туралы түсінік және оның психологиялық ерекшеліктері
Адамды танып білу үшін оның қоғам мүшесі ретінде қандай істерді тындыра алатындығымен танысу керек. Келешектегі мақсатына жету үшін ықыласты, ынталы болу, оған ұмтылу жеке адамның бағыт-бағдарын 6ілдіреді. Адамның бағдары, ынта-жігері, мақсат-мүддесі гуманистік қоғам мүддесімен үндеседі. Адамның кісілік қасиетін түсінуде «ол нені қалайды?» деген мәселені ғана қою жеткіліксіз. Ѳйткені, адамның ниет-тілегі мен ынтасы үнемі ѳзгеріп, дамып, күрделеніп отырады. Сәбет Бап-Баба «Жалпы психология» оқулығында, «өмірлік бағыт-бағдар жеке адамның жүйелестіруші қасиеті ретінде оның психологиялық қалпын айқындайды. Адамның іс-әрекетін бағыттаушы әрі оны нақты жағдайларға икемдестіруші тұрақты мотивтер жиынтығы - жеке адамның бағыт-бағдары деп аталады. Бағыт-бағдар әрдайым әлеуметтік негізге ие болып, тәрбие нәтижесінде қалыптасады» деп жазған болатын. [3]
Тұлға бағыт-бағдары - бұл әрбір тек өкілінің құндылықты бағыт-бағдар жүйесі, өмірлік арқау еткен қажетері, әрекет-қылықтарына ықпал жасаушы құндылықтар мен сеп- түрткілер, тұлғаның өмір жолы жүйесін құрастырушы негізгі сапа-қасиеттері. Тұлғалық бағыт-бағдарлар төмендегідей ерекшеліктерімен ажыралады:
1. Тұлға қарым-қатынастарының әлеуметтік маңыздылығы, олардың қоғамдық мәнділігі - күнделікті әрекет-қылығындағы ізгілік, инабаттылық нышандары, тұлға адамгершілігінің прогресті әлеуметтік идеяларға сәйкестігі, тұлғаның саяси-әлеуметтік саналылығы.
2. Тұлға қажетсінулерінің көп қырлылығы, оның қызығушылық ауқымының кеңдігі мен негізгі қызықсыну бағдарының нақтылығы - тұлғаның ізгілікті мұрат белгілеп, оған табанды ұмтыла білуі.
3. Қарым-қатынастарының тұрақтылық дәрежесі - тұлға әрекеттерінің бірізділігі мен бірегей беріктілігі. Әрқандай тұлғаның әрекет - қылығы мен мінездік ұстанымы оның мұрат еткен өмірлік бағыт-бағдарына сай анықталады. Тұлғалық бағыт-бағдар - бұл нақты адам санасының құндылықты орайласқан категориялық деңгейге көтерілуі. Тұлғаның барша ниеттері мен сенім-дері, жақын да алыс (тактикалық, стратегиялық) мақсаттар жүйесі осы категория негізінде қалыптасып барады. [6]
Жалпы, адамның азаматтық бағыт-бағдарының сапалары мынадай ерекшеліктерімен анықталады:
1) Бағыт деңгейі адамның әлеуметтік ѳмір талабына сәйкестенеді.
2) Бағыт-бағдар деңгейі қоғамдық талаптарға орай адамның биік мұратымен ұштасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz