Ойыншықтардың химиялық құрамы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
КеАҚ Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Химия және химиялық технология кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Химия және химиялық технология кафедрасының меңгерушісі х.ғ.к.
_________ Сатенов К.Г.
____ ___________2020 ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ойыншықтардың химиялық құрамы және олардың
балалар денсаулығына әсері

5В011200 - Химия мамандығы бойынша

Орындаған: Салық А.Б.

Ғылыми жетекші: б.ғ.к., аға оқытушы Калиманова Д.Ж.

Атырау 2020

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
1 . Негізгі бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-7
1.1 Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдар;
1.2 Ойыншықтардың шығу тарихы;
1.3 Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдарды өндіру мен сатылымға шығаруға қойылатын талаптар.
2. Зерттеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-18
2.1 Ойыншықтардың сапасы және олардың балалар ағзасына келтіретін әсері және оның алдын алу жолдары;
2.2 Отандық ойыншық индустриясы;
2.3 Ойыншықтардың химиялық құрамы.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Кіріспе

Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын бала үшін нағыз өмір. Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ал ойыншықтар баланы жан-жақты тәрбиелеу құралы. Бала ойыншықпен ойнай отырып, дүниетанымы қалыптасады. Қимылы дамиды. Қолдарымен, саусақтарымен жұмыс істеу барысында баланың миы да дамиды. Ойыншық баланың ойлау қабілетін дамытып, оның шеберлігін, дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.
Ертеректе, заманның қысылтаяң кезеңінде аталарымыз ағаштан жасалған әр түрлі жануарлармен, ал әжелеріміз сабаннан жасалған ойыншықтармен ойнаған. Қазірде тәуелсіздігін алған Қазақстан ұрпақтары үшін ойыншық қол жетімді дүние. Қазіргі таңда, базарлар мен дүкендерде бала көңілін аулайтын сан алуан ойыншықтар бар. Әдемі қуыршақтары түрлі-түсті жұмсақ материалдан тігілген, қабырғасын бассаңыз, әндететін қуыршақтар мен үлкен машиналар, тіпті, атыс-шабыс қаруларынан тұратын ойыншықтар жиынтығын да кездестіруге болады. Дегенмен бүгінде сауда айналымында ойыншықтардың саны көп болғанымен, сапасы сын көтермейді. Қыруар қаржыға сатып алынған ойыншық бала ойынына шыдас бермей, әп-сәтте істен шығады. Сондай-ақ Қытайдан жеткізілген қауіпті ойыншықтардың қауіп-қатерге толы, құрамында адам ағзасына зиянды улы химиялық заттардың бар екенін айтып, бүкіл әлем дабыл қағуда. Дабыл қағып қана қойған жоқ, оған қарсы шаралар қолданылып жатыр. Мәселен, бүгінде аспан асты елінде шығарылған ойыншықтардың Солтүстік Америка мен Австралияның дүкендерінде сатылуына тыйым салынған. Сол сияқты, Ресей Қытай ойыншықтарын зерттеу нәтижесінде оның құрамында улы химиялық заттардың көптігін анықтаған соң, дайын өнімдерді кері қайтарып, тіпті осыған байланысты арнайы заң қабылдаған. Өкінішке қарай, басқаларға керексіз болып қалған осы ойыншықтар біздің елімізге еш кедергісіз, тексерусіз ағылып жатыр. Қолда бар деректерге сүйенсек, сауда нүктелеріне шығатын ойыншықтардың 80-90 пайызы қытайдікі көрінеді.

Зерттеудің мақсаты: Қазіргі таңда шет елден әкелініп жатқан ойыншықтардың жас ұрпақтың ағзасына тигізетін зиянын түсіндіру.

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі таңда әрбір ата-ана өз баласына қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аянбайды. Ал баланың серігі де, ермегі де ойыншық болғандықтан, баласына оның түр-түрін әперуден ата-ана жалықпайды. Өкінішке қарай, көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы да көршілес жатқан Қытайдан әкелінеді. Алайда кейбір ата-ана осы ойыншықтардың қаншалықты бала ағзасына қауіпті екенінен хабарсыз болғандықтан, осы жансыз заттың балаға қаншалықты қатерлі екендігін біле бермейді немесе білсе де немқұрайлық танытады. Соның салдарынан бала азап шегеді.
Сондықтан мен өз құрбыларымды, ата-аналарды ойыншық таңдауда абай болуға шақыра отырып, қазақ елінің болашағы балалардың денсаулықтарын қорғауда аз да болса өз үлесімді қосқым келеді.

Зерттеудің міндеттері:
1. Ойыншықтың бала өміріндегі алатын орны туралы мағлұмат беру; 2. Қазақстанда ойыншық индустриясын дамытудың қажеттілігін айқындау; 3. Қытай ойыншықтарының құрамындағы улы химиялық заттардың бала ағзасына зиянды жақтарын көрсету; 4. Германия, АҚШ, Қазақстан, Қытай ойыншықтарын салыстыру;
Зерттеудің жаңалығы:
1. Ойыншық қорабының сыртында көрсетілген әрбір жазуға мән бердім. Сертификат берілмеген өнімнің қорабында ойыншықты өндіруші компанияның атауы, тауардың құрамы, "ЕАС" (Еуразиялық Одақ) деген жазу болмайды. 2. Дыбыстың да шегі бар екенін анықтадым. Денсаулық сақтау министрлігі таза ауада ойнайтын музыкалы ойыншықтардағы әуен дыбысының қаттылығы 85 dB-ден (децибел) аспауы қажет екенін де ескертеді. Сондай-ақ: 3 жасқа дейін 70 dB - ден; 3 жас пен 6 жас аралығы 75 dB - ден; 6 жастан жоғары 80 dB - ден асып кеткен жағдайда баланың есту қабілетіне қатері мол. Тіпті саңырау болу қаупін тудырады. Тағы бір қатаң ескеретін нәрсе, музыкалық ойыншықтармен баланы бір сағаттан артық ойнатуға болмайды. 3. Құрамында фенол мен формальдегиді бар ойыншықтың бәрі бірдей улы емес екенін білдім. Көбінесе ойыншық полипропилен мен полиэтиленнен жасалады. Олар - мұнайдан, газдан өндірілетін өнім. Дайындау кезінде белгілі мөлшерде фенол мен формальдегид қосылады. Шекті нормадан артып кетсе ғана, балалар организмі үшін қауіпті. Осыны есте сақтаған дұрыс.

Негізгі бөлім
Ойыншық - баланы жан-жақты тәрбиелеу мақсатына пайдаланылады. Баланың дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі, белгілі бір мақсаттағы, ойластырылған әрекетке үйретеді, қиялын дамытып, еңбекке сүйіспеншілігін, техникаға қызығушылығын, білуге құмарлығын, аңғарғыштығын қалыптастырады, талғампаздыққа тәрбиелейді, өнерге ынталандырады. Ойыншықпен ойнауға белгілі жағдайда педагогикалық, эстетикалық, гигиеналық, техникалық талап қойылады, сондай-ақ ол баланың жас ерекшілігіне қарай өзгеріп отырады. Баланың ойлау қабілетін, дұрыс сөйлеу мәнерін дамытуға, оның білімі, шеберлігін және дағдысын қалыптастыруға көмектеcеді. Ойнай жүріп бала затты танып біледі, оның түрін, көлемін, түсін ажыратады, есептік арақатынасымен, санымен, кеңістік жайлы түсінікпен т.б.танысады. Ойыншықтарды түрлі топқа жіктесек болады. Мысалы: дидактикалық ойыншықтарға жататындар: біртүсті және түрлі түсті сақиналардан жасалған конусты күмбездер, бірінің ішіне бірі салынатын әртүрлі тостағандар, бөшкелер, шарлар, матрёшкалар, әртүрлі серіппелі, бұрандалы ойыншықтар т.б. Бейнелік, ишара ойыншықтардың тәрбиелік маңызы зор. Оған қуыршақтар (киім-кешек, үй жиһазы, ыдыс-аяқ); адамдар мен жануарларды, табиғат элементтерін бейнелейтін фигуралар жатады. Бұл қуыршақтармен ойнаған балалардың қоршаған орта жайлы түсінігі айқындалып, ұғымы кеңейе түседі, ой-өрісі мен қияли дамып, сөздік қоры артады. Техникалық ойыншықтарға жататындар көліктік, құрылыстық т.б бұйымдар. Балалардың ойын барасында көп күш жұмсамай-ақ еңбек процесін бейнелеуіне мүмкіндік береді. Конструкторлық ойыншықтар (құрастырмалы, құрастырмалы алмалы-салмалы) тақырыптық, сұлбалық, немесе әмбебап конструкторлар болып бөлінеді. Құрастырмалы алмалы-салмалы ойыншықтар мектеп жасына дейінгі балаларға арналады. Олар арнаулы бекіткіштер арқылы құрастылатын аздаған бөлшектерден тұрады.

1.1.Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдар

XXI - ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой - өрісі жоғары, жан - жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.
1 - суретте көрсетілгендей балаларға арналған ойыншықтар сан алуан. Мысалы: ойындар мен ойыншықтар, төсек әбзелдері, киім, аяқ киім, жиһаз, арба, сөмкелер (арқаға асатын сөмке, рюкзактар, портфельдер және), күнделіктер мен соған ұқсас бұйымдар, дәптерлер, басқа да қағаздан және картоннан жасалған кеңсе тауарлары, кеңсе құралдары немесе балалар ассортименті тауарларын дайындауға арналған жасанды полимер және синтетикалық мектеп материалдары.

Сурет 1 - Балаларға арналған ойыншықтар түрлілігі

1.2 Ойыншықтардың шығу тарихы

Баланың ең алғашқы ойыншығы - сылдырмақ. Ежелгі Грецияда және Римде сылдырмақты жаңа туған балаға сыйлаған. Осындай сылдырмақпен анасы және күтушісі бесік жырын айтқан. Сонымен бірге ежелгі наным сенімдер бойынша сылдырмақты сылдырлату арқылы жын - шайтандарды үркітеді деп сенген. Бізге белгілі ең ежелгі ойыншық біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда пайда болған. Өкінішке орай, көптеген ежелгі ойыншықтар біздің заманымызға дейін жетпеді. Ежелгі ойыншықтарды ағаштан, саздан, сүйектен және металдардан жасаған. Ежелгі славян халқында көптеген жылдар бойы табиғат анаға құрбандық шалу рәсімі болған. Құрбандыққа тек әйелдерді шалған. Осындай азаптан әйелдерді құтқару үшін бір шебер адам құрбандыққа тірі әйелдің орнына қуыршақ шалуды ұсынады. Сөйтіп ең алғашы славян халқының қуыршағы осылай пайда болған. Ойыншықтар қашан пайда болды? Болжамдар бойынша ойыншықтар алғашы адамдар дәуірінде пайда болды деуге де болады. Археологтар қазба жұмыстары кезінде көне молалардан адамдармен бірге әр түрлі ойыншықтардың да жерленгені анықталды. Ежелгі грек балаларының сүйікті ойыншықтары ат бейнесі ағаштан, саз балшықтан жасалынған. Ең алғашқы адамға ұқсайтын фигуралар адамдардың құдайларға сенуімен басталды. Киелі заттар баланың қолына түскесін, әрине олар ойыншықтарға айналды. Ең алғашқы қуыршақтар әр түрлі заттардан жасалды. Біздің заманымызға дейінгі 4-5 ғасырларда ежелгі гректер саз балшықтарды күйдіріп жасаған. Сол заманда Сордис қаласы Персияға баратын скуда жолында орналасып, ойыншықтар орталығы атымен танымал болған қала. Ежелгі грек қыздары тұрмысқа шыққанша қуыршақтарымен ойнап, тұрмысқа шығу салтанатында Гера, Артемида және Афродита құдайларына қуыршақтарын сыйға тартқан. [1]

1.3 Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдарды өндіру мен сатылымға шығаруға қойылатын талаптар
:: Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдарды жобалау кезінде өнім мен бұйым жобасының осы техникалық регламент талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету қажет. Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдарды жобалау кезінде өмірлік циклінің барлық кезеңінде механикалық, химиялық, радиациялық, биологиялық, электрлік, өрт қауіпсіздігімен және балалардың адамгершілік - эмоционалдық салауаттылығымен байланысты барлық қауіптерді сәйкестендіруге тиіс.
:: Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың қауіптеріне жүргізілген бағалауды ескере отырып, өмірлік циклдің барлық кезеңінде балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың қауіпін жоюға немесе оны рұқсат етілген деңгейге дейін азайтуға (төмендетуге) арналған барлық шаралар кешені анықталуы тиіс.
:: Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдарды жобалау кезінде жобалау құжаттамасы әзірленуге тиіс. Жобалау құжаттамасы жобаның техникалық сипаттамасын, балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың егжей-тегжейлі сызбаларын, пайдалану сипаттамаларын, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және өзге де қажетті құжаттарды қамтиды.
:: Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдар егер мақсаты бойынша пайдалану кезінде олар: адамның өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп төндірмесе; баланың адамгершілік-эмоционалдық салауаттылығын сақтаса; тұтынушыларды адастырмаса, Қазақстан Республикасының нарықта орналастырылуы мүмкін.
:: Шыққан жері белгісіз және адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін балаларға арналған өнімдер мен бұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сараптама жүргізілмей алып қоюға және жоюға жатады.
:: Аса қауіпті, өте қауіпті зиянды заттар балаларға арналған өнімдер мен бұйымдарды дайындау үшін қолданылмауы тиіс. Ауыр металдардың концентрациясы (қорғасын, мырыш, күшән, сынап, хром, кобальт, никель), зиянды химиялық заттарды бөліп шығарулары (формальдегид, фенол, бензол, стирол, винилхлорид және т.б.) осы техникалық регламенттің 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларда белгіленген нормалардан аспауы тиіс.

Зерттеу бөлімі

Қазіргі заманда балалардың ойнайтын ойыншықтары сын көтермейді. Көптеген фирмалар ақша табу мақсатында ойыншықтардың сапасына мән бермейді. Техниканың дамыған заманында ойыншықтардың сапасы мен бет-бейнесі өзгерді. Педагог және психологтардың зерттеу нәтижелері бойынша қазіргі ойыншықтар тек баланың денсаулығына зиян келтіріп қоймай, оның жүйкесіне де әсер етеді. Мысалы: Дүкен сөрелеріндегі толып тұрған неше түрлі құбыжық ойыншықтарды көресің. Бала емес, үлкен адам да ойыншықтарды қолға алуға қорқады. Осындай ойыншықтар дамып келе жатқан баланың санасын уламай ма, ойлау қабілетін тежемей ме? Соңғы кездері әдемі қуыршақтардың бет-бейнесі де өзгерді. Оларды қазіргі замандағы мультфильм кейіпкерлері алмастырды. Бұрынғы Чебурашка, Буратина, Карлсон ойыншықтарының орнына Бетмен, Өрмекші адам, Шректер келді. Бұл ойыншықтар балалардың сүйіп көретін мультсериалдардың кейіпкерлері. Сонымен бірге қорқынышты гномдар, трольдар, мутанттар, пакемондар баланың санасын уламай ма? Біздің елімізде ойыншық сатуда Қытай елінің ойыншықтары жаулап алды десек де болады. Өйткені олар арзан болғандықтан, барлық адамдар осындай ойыншықтар алады. Ал екіншіден ата-аналар балаларына алатын ойыншықтың сапасына көп көңіл аудармайды. Сапалы ойыншықтар әрине, қымбат тұрады. Қазақстанға ойыншықтар 30 жуық елдерден әкелінеді. Соның ішіндегі бірінші орында Қытай ойыншықтары. Өткен жылдың қорытындысы бойынша біздің елімізге шет елдерден келген 180 мың ойыншықтардың гигиеналық талаптарға сай жасалмағаны анықталды. Соның ішінде 93 мыңның 242 ойыншықтың түрі сауда айналымынан алынып тастады. Бояуы тым қанық, алыстан мен мұндалап тұрған ойыншықтардан сақтанған жөн. Себебі, бояудың құрамында фенол, формальдегид, қорғасын элементтері бар. Бұл заттар адамның жүйке жүйесіне, көз бен тыныс алу мүшелеріне кері әсер етеді. Бала кез келген нәрсені алдымен аузына салады, сондықтан ойыншық сатып аларда аса ұқыптылықпен қарағаныңыз абзал. [2]

2.1 Ойыншықтардың сапасы және олардың балалар ағзасына келтіретін әсері және оның алдын алу жолдары

Бүгінде сауда айналымында ойыншықтардың саны көп болғанымен, сапасы сын көтермейді. 2 - суреттегідей қыруар қаржыға сатып алынған ойыншық бала ойынына шыдас бермей, әп-сәтте істен шығады. Әрі дені қытайлық ойыншықтардан бөлінетін иіске бала түгілі, ересек адамның төзуі мүмкін емес. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті мамандарының мәліметіне жүгінсек, өткен жылы сауда орындарында токсикологиялық зерттеуге алынған ойыншықтардың көпшілігі талапқа сай келмей, сауда айналымынан шығарылды. Ойыншықтардың құрамындағы формальдегид қосындысы мен толуол сұйықтығы мөлшерден артық. Өткір иіс пен шамадан тыс бояу бала ағзасын улайды. Тынысты тарылтып, лоқсытады. Түрлі тері ауруын тудырады. Бұл - стирол мен фенол қоспасының көптігі,- дейді аймақтық санитарлық-гигеналық қадағалау бөлімінің мамандары. Мәселен мынадай Скейттегі кісі (басқатырғыш ойыншығы), Кертіктері бар доп, Drawing&writingBoard тақтасы, Басқатырғыш- машина, №8024 скейтборд - басқатырғыш, Фотоаппарат, Суда жүзгіш үйрек, Кубиктер, Музыкалық дабыл, QY-148А ұялы телефоны, Қамыр сияқты ойыншықтарда стирол концентратының шамадан көп екені анықталды. Стиролмен улану кезінде бас ауыру, бас айналу, ұйқы басу, жүректің шаншуы, терінің қышуы, мұрын мен ауыз қуысы құрғауы, иіс сезу қабілетінің жоғалуы сияқты симптомдары байқалады. Сылдырмақтар және қатты дыбыс шығаратын ойыншықтардың кейбір түрлері тексерістен өтпеді. Дисней, Kaili жәнеНеваляшка өте қатты дыбыс шығарады. Дыбыстың деңгейден жоғары болуы есту аппаратының зақымдануына және жүйке ауруларына әкеп соғады. Базарлар мен дүкендерде бала көңілін аулайтын саналуан ойыншықтар бар. Әдемі қуыршақтары түрлі-түсті жұмсақ материалдан тігілген, қабырғасын бассаңыз, әндететін қуыршақтар мен үлкен машиналар, тіпті, атыс-шабыс қаруларынан тұратын ойыншықтар жиынтығы ересектердің де жанарын өзіне еріксіз аудартады. Бірақ бүгінгі тауар сатылымындағы ойыншықтар тек батыстық үлгіде шығарылған. Бүлдіршіндеріміздің ойыншықтары - шетелдің мултьфильмдері мен киноларының кейіпкерлері. Неге қазақ ертегілерінің Алдар көсе, Тазша бала кейіпкерлерін өзіміздің болмысымызға сай етіп шығармасқа? Егер қазақ ертегі-аңыздарындағы ұлттық кейіпкерлер бейнесінде ойыншықтар жасалса, бұл бала үшін баға жетпес сый болар еді. Айтпақшы, елімізге белгілі әнші, продюсер Қыдырәлі Болмановтың Бал Бала жобасымен бүлдіршіндер үшін ұсынылған қазақша ән айтып, би билейтін ойыншықтар шығарып жүргеніне көп уақыт болды. Бұл - ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын жақсы бастама. Алайда, ол ойыншықтардың бағасының қымбаттығы көп ата-ананың қалтасына салмақ түсіретінін де жасыра алмаймыз. Ересектер балаларға жылтыраған қытай ойыншықтарын әперуге құштар. Бірақ та оның негізі химиялық өндірістің қалдықтарынан жасалынатындықтан баланың миын зақымдап, көру қабілетін төмендетіп, кемтарлыққа ұшырататынынан көп жағдайда хабарсыз.

Сурет 2 - Ойыншықтардың бала ағзасына әсері [3]
Сапасыз ойншықтардың балалар денсаулығына кері әсер беретіндігін білдік, енді балаларға дұрыс ойыншық таңдауда және онымен балаларды ойнатуда көңіл бөлетін бірнеше жағдайлар туралы ақыл-кеңестер айтайық. 1. Дұрыс ойыншық таңдау. 2. Ойыншықтың түсінің тым жарқын және химиялық иісінің өте өткір болмауына көңіл бөлу керек, сапасы төмен бояу мен материал балаға аллергия әкелуі мүмкін. 3. Жұмсақ ойншықтарды қақпағы бар қорапшаларды сақтаған абзал. 4. Ойыншықтарды жиі және мұқият тазалау. [4]

2.2 Отандық ойыншық индустриясы
Бүгінгі күні бала тәрбиесіндегі бірден-бір құрал - ойыншықтар. Бір өкініштісі, қазақ балаларына ермек болар ұлттық ойыншықтарымыз көп емес. Бүлдіршіндеріміз түр-сипаты түсініксіз Шрек, Бэтмен, Спанч Боб, Өрмекші-адам, вампир-қанішерлер, түрлі роботтарды жандарына серік етуде. Мұндай шетелдік мультфильмдердің кейіпкерлері ұрпақ санасын улап қана қоймай, баланың ұлтжанды, адамгершілігі мол азамат болып ер жетуіне кедергі болады. Ал бұған тосқауыл қоятын ата-аналар да тым бейқам. Ойыншық тәрбиенің бастауы болса да, үлкендер оны баланы жұбату мен алдап, көңілін аулаудың құралы ретінде пайдаланып, ойыншық қой деп немқұрайлы қарауын жалғастырып келеді. Қазақ баласына қазақы ойыншықтың қажеті екендігін түсінетін уақыт әлдеқашан жеткен. Бірақ бұған үкімет те, ата-ана да, кәсіпкерлер де назар аударар емес. Әрине, отандық ойыншықтарды өндіретіндер мүлдем жоқ деп аузымызды құр шөппен сүрте алмаспыз. Алайда олардың арасынан Қыдырәлі Болмановтың Бал-бала ойыншықтарынан өзгесінің атын ести бермейміз. Мәселен, 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында тұңғыш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай ойыншықтарының құрамындағы зиянды химиялық заттар
Ойыншықтар әлеміндегі ең танымал брендтің пайда болуы
Ойыншықтар технологиясы
«Алматы экстертиза» ЖШС жағдайында өнім сапасын талдау
Ойыншықтардың бала дамуына септігі
Мектепке дейінгі балалар және бастауыш сынып оқушыларына арналған ой -өрісін дамытатын ойыншықтар өндіретін шеберхана ашу
Бала өмірінде ойыншықтардың атқаратын рөлі
Қазақстан-Қытай мемлекеттері арасындағы байланыс
Ағаштан бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы ойыншықтар жасау
Микроклимат. Ластану
Пәндер