Аграрлық сектор саласындағы кәсіпкерлік және оның экономикалық рөлі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1. Аграрлық сектор саласындағы кәсіпкерлік және оның экономикалық рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1. Аграрлық сектор саласындағы кәсіпкерлік негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2. Аграрлық сектор саласындағы экономикалық тұрақтылық және оның мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

2. "Родина" Агрофирма ЖШС.нің экономикалық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.1. "Родина" Агрофирма ЖШС.нің сипаттамасы мен оның құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2. Кәсіпорынның ресурстық потенциалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.3. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелері мен рентабельділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

3. Аграрлық сектор саласындағы кәсіпкерлік қызметті жетілдірудің негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
3.1. Аграрлық сектор саласындағы кәсіпкерлік қызметтегі негізгі мәселелер және оны шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
3.2. "Родина" Агрофирма ЖШС.нің қызметін кластерлік дамыту ... ... ... ... 29

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33

Қолданған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1. Аграрлық сектор саласындағы кәсіпкерлік және оның экономикалық
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.1. Аграрлық сектор саласындағы кәсіпкерлік
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2. Аграрлық сектор саласындағы экономикалық тұрақтылық және оның
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

2. "Родина" Агрофирма ЖШС-нің экономикалық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.1. "Родина" Агрофирма ЖШС-нің сипаттамасы мен оның
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2. Кәсіпорынның ресурстық
потенциалы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелері мен рентабельділігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

3. Аграрлық сектор саласындағы кәсіпкерлік қызметті жетілдірудің негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
3.1. Аграрлық сектор саласындағы кәсіпкерлік қызметтегі негізгі мәселелер
және оны шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .24
3.2. "Родина" Агрофирма ЖШС-нің қызметін кластерлік дамыту
... ... ... ... 29

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Қолданған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 35

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономикаға өту терең
құрылымдық және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен
тікелей байланысты. Реформа тұрғысынан тұрғындарды сапалы тамақ өнімдерімен
және олардың жалпы әлеуметтік жағдайының көтерілуін, елдің азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолға қойылады. Тұрғындарды жоғары дәрежеде
азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізаттармен қамтамасыз ететін агроөнеркәсіп
кешенінің негізгі саласы – ауыл шаруашылық өндірісі әлі де болса
дағдарыстан толық шыға қойған жоқ.
Экономиканың негізгі саласы – ауыл шаруашылығына маманданған Моңғолия
Республикасының бұл саладағы өндіріс көлемі жылдан жылға азайып, оның
себебінен, өңдеу өнеркәсібінде өңделетін ауыл шаруашылығы шикізаттары да
кеміп, бұлардың өндірістік қуаттылығы толық пайдаланылмай тиімділігі
төмендеп отыр. Сондықтан агроөнеркәсіп кешеніндегі келеңсіз мәселелерді
шешудің бірден-бір жолы ауыл шаруашылығын нарық талаптарына сай
қалыптастыру және оны жан-жақты жетілдіру арқылы бар мүмкіндіктерді
пайдаланып тиімділікті жоғарылату.
Тиімділігі жоғары агроөнеркәсіп кешенін құру экономикалық
тұрақтылықты, тұтынушылардың қажеттілігін толыққанды қамтамасыз етіп қана
қоймай, олардың материалдық әл-ауқатын әрі қарай көтерудің негізгі
алғышарты болып табылады.
Аграрлық саладағы кәсіпкерлік қызмет – аграрлы-экономикалы Моңғолия
Республикасы үшін халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайының жақсаруына әрекет
ететін қажетті буын. Республиканың Баян-Өлгий аймағындағы аграрлық салада
жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалардың мәні меншіктің
алуан түріне негізделген шаруашылықтарды нарық жағдайында жүргізудегі жаңа
жолдарын құру болып табылады. Бірақ мемлекет тарапынан бөлінген қаржылық
қолдаудың азаюы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойылған бағаның
теңсіздігі және нарық инфрақұрылымының нашарлауы, өзара төлемдердің
орындалмауы, бағаның өсуі, шетелден сапасыз азық-түлік өнімдерінің ағылып
келуі, жергілікті кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі тағы
басқалар өз кезегінде аграрлық саладағы кәсіпкерлік қызметке теріс ықпалын
тигізіп отыр.
Ауыл шаруашылығындағы экономиканың қалыптасуы, агрокәсіпкерлік
құрылымдарды қалыптастырып дамыту аз уақыт ішінде өзінің нәтижелерін
беретіні, нарықтық жағдайға сай құрылған агроқұрылымдар өндірістік
тиімділікті арттыру барысында құлдырап кеткен ауыл шаруашылығының
экономикасын жақсаруына, аграрлық саладағы кәсіпкерлік жүйесіндегі шағын
және орта бизнестік субъектілердің ұлғая бастағаны мысал бола алады.
Ауылдық жерді дамыту тек қана ауыл шаруашылығын дамытуды емес, одан
әлдеқайда кең ұғымды, яғни ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар
кешенінің дамуын көздейді. Ауылдың тұрмыс жағдайын жақсарту олардың мықты
өндірістік және әлеуметтік сала мен қоршаған ортадағы жетістіктерін
жақсарту арқылы мүмкін болады. Бұл фермерлік және тағы басқа да
агрошаруашылықтардың өнімділігі мен дамуын көтеруді білдіреді. Сондықтан
аграрлық кәсіпкерліктің тиімді дамуы олардың тек ауыл шаруашылық бағытында
ғана болмай, сондай-ақ тұрмыстық қызмет көрсетуді, халықтың кәсіпшілік
бұйымдарын өндіруді, сауықтыру-профильді формасында қызмет көрсетуді,
ұлттық дәстүрлерді насихаттау бағытында қызмет етуді және тағы басқа
түрлерін қалыптастыру – олардың өрістеуіне мүмкіндік береді. Дамушы елдерде
нарыққа негізделген дамуға қарай елеулі өзгеріс орын алып, оған жеке меншік
сектор мен азаматтық қауым барған сайын көп тартыла бастады. Ал ауыл
шаруашылығы саласы біршама технологиялық жетістіктерге қол жеткізіп,
ақпараттың таралуы шапшаңдай түсті. Ауыл шаруашылығы экономикалық дамудың
негізгі катализаторы болып отырған кезде ауылды дамыту мәселесі әлдеқайда
кешенді көзқарасты қажет етеді.
Нарықтық қатынастар жағдайындағы қалыптасқан аграрлық кәсіпкерлік өз
қызметіне кіріскенімен, өзінің өмірлік қажетті деңгейіне жете алмағаны
ақиқат. Елдегі жүргізілген реформалардың алғашқы нәтижесі кәсіпорындарға,
олардың жоғары тиімділікті қызметіне ішкі факторлардың оңайлықпен әсер
етпейтіндігін көрсетті. Аграрлық саладағы кәсіпкерліктің көптеген нысандары
өз мүмкіндіктерін дер кезінде бағалауға дәрменсіз болып шықты.
Аграрлық саладағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, олардың
әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру негізінде ауыл тұрғындарын
жұмыспен қамтамасыз ету, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту, қаржы
тапшылығы, материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігі, аграрлық
өнеркәсіптегі дағдарыстың бетін қайтару, саланы тұрақтандыру мүмкіндіктері
әлі де болса жойылмауы себепті қазіргі кезде күрделі мәселелердің бірі
болып отыр. Бұлар біздің ғылыми-зерттеу жұмысымыздың негізгі бағытын
айқындайды.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың негізгі
мақсаты – аграрлық саладағы кәсіпкерлікті дамытудың негіздерін зерттеу
арқылы теориялық, әдістемелік және жетілдіру бағыттарына ұсыныстар жасауды
көздейді. Аталған мақсат келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:
- нарық жағдайында ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерліктің
теориялық негізін зерттеу;
- агрокәсіпкерлік субъектілерді дамытудың шетел тәжірибелерін
саралау;
- кәсіпкерліктің дамуын бағалау көрсеткіштерін жетілдіруге
ұсыныстар жасау;
- агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпкерлік менеджментін тиімді
пайдалану ерекшеліктерін негіздеу;
- Қазақстан Республикасының тәжірибесін ескере отырып, аймақ
деңгейінде аграрлық өндірісті басқаруды жетілдіруге
ұсыныстар жасау;
- аграрлық өндірісті тиімді дамытудың басымдылық бағыттарын
негіздеу.
Курстық жұмыстың объектісі. "Родина" Агрофирма ЖШС Ақмола облысының
орталық бөлігінде, Целиноград ауданының Солтүстік батыс бөлігінің құрғақ
аймағында орналасқан.
Курстық жұмыстың дерек көздері негізіне. Мемлекеттік және шетелдік
ғалымдардың еңбектері қолданылды. Ғылыми жұмыста ақпараттар есебінде, ауыл
шаруашылығы басқармасының материалдары пайдаланылды. Сонымен қатар
Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдаулары, Қазақстан
Республикасының заңдары, бағдарламалары, Мемлекеттік статистика агентігінің
мәліметтері қолданылды. Монографиялық, математикалық, экономикалық
зерттеулердің және басқа да әдістері мен тәсілдерінің талдау жиынтығына
негізделеді

1. Аграрлық сектор саласындағы кәсіпкерлік және оның экономикалық рөлі

1.1.Аграрлық сектор саласындағы кәсіпкерлік қызмет негіздері

Нарықтық экономиканың дамуының негізі – кәсіпкерлер, меншік иелері,
өндірушілер мен тұтынушылар арасында туындайтын экономикалық еркін қарым-
қатынастың негізінде болады. Қоғамдық еңбек бөлінісі мен оның өнімділігінің
артуы барысында тауарлы өндіріс пен тауар-ақша қатынастарының кеңейіп,
экономикалық қатынас ретінде нарықтың дамуына жол ашты.
Нарық адамдардың айырбас төңірегіндегі және оның негізінде тауар
сатылатын әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын білдіреді. Яғни,
тауар өндірушілер мен сатып алушы тұтынушылар арасындағы қажеттілікті
қамтамасыз ететін тауарлы өндірістің экономикалық және әлеуметтік
қатынастар ұғымы.
Кәсіпкерліктің тарихы орта ғасырлардан бастау алады. Сол уақыттан
бастап-ақ, көпестер, саударгерлер, қолөнершілер өздерін жаңа үйреніп жүрген
кәсіпкерлер ретінде көрсетті. Кәсіпкерлік және кәсіпкер ұғымдарын алғаш
өз заманында мән-мағынасын ашып, оны қолданған ХVІІ ғасырдың аяғы ХVІІІ
ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1680-1734жж.) болды.
Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы төмендегілер
болады:
- ол нарықтық экономикаға икемділік береді;
- халықтың қаржы және өндірістік ресурстарын тартуға әсер
етеді;
- монополияға қарсы әлеуеті бар;
- ғылыми-техникалық прогреске бағытталған алғы шарттарды
жасайды;
- нарықтық шаруашылықтың еңбекпен қамту және басқа
әлеуметтік мәселелерін шешеді.
Кәсіпкерлікті қалыптастырудың әлеуметтік жағдайлары экономикалықпен
тығыз байланысты. Алдымен тұтынушылардың белігілі талғам мен сәнге сәйкес
тауарларды алуға ұмтылуы. Әр түрлі кезеңдерде бұл қажеттіліктер өзгеруі
мүмкін. Әлеуметтік жағдайлар жеке тұлғаның жұмысқа қатынасына әсер етеді.
Ол өз кезегінде оның бизнестің ұсынған еңбекақы шамасына, еңбек жағдайлары
қатынасына ықпал етеді. Әлеуметтік-мәдени ортаға тәуелді адамгершілік және
діни нормалар біршама рөл атқарады. Осы нормалар тұтынушылардың өмір
салтына тікелей әсер етіп қатысты тауарларға сұранысты қалыптастырады.
Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі
болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай кәсіпорын мен фирма
ұғымдарын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы
бар: фирма термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен
өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін
процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында
кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда:
ол барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық
және құқықтық тұрғыдан дараланған
Кәсіпорын санаттарына ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен, сақтаумен
және өңдеумен айналысатын, ауыл шаруашылық саласында қызмет көрсететін
заңды тұлғалар жатады.
Аграрлық саладағы кәсіпкерліктің ауыл шаруашылығына негізделген
экономикалы елдерде маңыздылығы жоғары. Нарықтық экономикаға өту барысында
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорынның экономикалық қатынастарын
түпкілікті қайта құру – қазіргі кезеңдегі аграрлық саясаттың өзекті
мәселелерінің негізіне айналып отыр. Сондықтан да, агрокәсіпкерлік
субъектілерінің экономикадағы рөлі өздерінің іскерлік және озық идеяларын
жүзеге асыра отырып, қоғамда жаңа жұмыс орындарын ашады. Сол арқылы
жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайларының оңалуына ықпал етеді. Кез келген
кәсіпкерлік субъектілері өндіріс шығындарын мейілінше азайтуға, тұтынушы
сұранысын максималды қанағаттандыруға тырысады (Сурет 1).

Сурет 1 - Агрокәсіпкерлік субъектілерінің экономикадағы орны

Ауыл шаруашылығы өндірісі тұтастай және аграрлық кәсіпкерлікте кез-
келген табиғи-климаттық жағдайда қалыпты кәсіпкерлік жұмыс істеуі үшін ішкі
және сыртқы ортаны қалыптастыруы қажет. Әлемдік тәжірибе көрсетіп
отырғандай, ауыл шаруашылығында кәсіпкерліктің тиімді қызмет ету шарты
еркін шаруашылық жүргізуде жер (ішкі орта) және оны мемлекеттік қолдаудың
(сыртқы орта) оптималды үйлесуін көрсетеді.
Ауыл шаруашылық әлеуетін қайта қалпына келтіру және оны әлемдік
қауымдастықтың қазіргі экономикасы мүмкіндік беретін деңгейге дейін жеткізу
үшін мынадай екі шешуші құрамдас бөлігі бар – мемлекеттің аграрлық саясатын
жүргізу мен негізгі ауыл шаруашылық кәсіпорындарында тиімді менеджментті
жүзеге асыруға жүгіну керек. Агроөнеркәсіптік кешенді басқару жүйесін
жетілдіру мәселесі агроөнеркәсіптік өндірістің келешектегі басым бағытты
өзгерістерімен анықталып, нарықтық қатынастардың даму барысын және аграрлық
саланың көпжақтылығы мен әлемдік экономикалық кеңістікке ену тенденцияларын
ескеруі қажет. Нарықтық экономикалық қатынастарды игеру агроөнеркәсіптік
кешеннің басқарылу мәні мен маңызын жоғалтпай, керісінше оның күшеюіне алып
келеді.
Аграрлық кәсіпкерліктің дамуының ішкі жағдайына жекешелендіру, жер
реформасы, материалдық-техникалық база, өндірістің концентрациясы және
мамандану, еңбек потенциалы (еңбекке ынтасы, мамандығы, тәжірибесі, саны)
жатады. Осының барлығы ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі өндірушілері
болып табылатын субъектілердің нарықтық қатынастарға дайын еместігіне
әкеледі.
Меншік нысандарының әртүрлілігіне негізделген ауылдың әлеуметтік-
экономикалық құрылымының пайда болуының басты шарты болып ауыл шаруашылық
кәсіпорындарының жекешелендіруі болады. Жаңа кәсіпкерлік құрылымдарының
пайда болуындағы жекешелендірудің рөлі нақты келесілерде болып табылады:
- нарықтық емес түрдегі бұрынғы шаруашылық субъектілердің, яғни
бірлестіктердің жойылуы;
- мүліктік пайлар түріндегі өндірістің материалдық-заттық
факторларын ауыл тауар өндірушілерінің қолына беру;
- басты фактор жұмысшыларды шаруашылықтың бұрынғы нысанынан босату
және шаруашылықтың жаңа нысанын ерікті түрде таңдау үшін жағдай
жасау.
Кәсіпкерліктің сыртқы жағдайларына қазіргі кәсіпкерліктің қалыптасуы
мен тұрақты дамуы үшін экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, құқықтық
және саяси жүйені қамтамасыз ететін мемлекеттік реттеу жатады.
Ауыл шаруашылығы саласын дамыту мен шешілмеген мәселелерді анықтауда
кәсіпкерлікті тиімді ұйымдастыру маңызды орын алады. Жалпы өндірісті дамыту
мемлекеттік саясатпен және экономиканы дамыту мәселелерін шешумен тікелей
байланысты. Ол халықтың әл-ауқаттылығын көтеруге, еңбек өнімділігін
арттыруға, халықты арзан бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз етуге және елдің
азық-түліктік тәуелсіздігін сақтауға бағытталады. Бұл міндеттерді жүзеге
асыру қоғамдық өндіріс деңгейі мен тұтыну және қорлану қорларының мөлшері
секілді бірқатар негізгі факторлармен анықталады.
Кәсіпкерлік қызметті реттеу және қолдаудың тиімділігі ең алдымен оның
әр өңірлерде даму деңгейін объективті бағалауға байланысты. Осындай
бағалауды пайдалану жергілікті басқарушы органдарға келесі мүмкіндіктерді
айқындауға жол ашады:
- кәсіпкерліктің дамуын бақылау;
- тұтынушы сұранысына байланысты кәсіпкерлік субъектілердің жаңа
өндірістік қуаттарын ашу;
- өңірлерге несиелік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;
- ақпараттық қызметтер көрсету;
- бизнес-жоспарларды дайындау кезінде көмек көрсету.

1.2. Аграрлық сектор саласындағы экономикалық тұрақтылық және оның мәні

Біздің өміріміздің түбегейлі өзгертіп Қазакстан тәуелсіздікке ие
болған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының тарихқа озғанына да көп уақыт
өте қойған жоқ. Сана мен сезімнің шиеленісімен мен ширығуы жағынан бұл
ерекше жылдар болды. Бұл біздің мемлекетіміздің алдағы жүрер жолын
айқындайтын аса маңызды шешімдер қабылданған жылдар болды, сол кезде
қабылданған бір ғана бұрыс шешім еліміздің жүрер жолын бағыт-бағдарын
елеулі өзгеріске ұшыратар еді. Сондықтан мемлекетіміздің алдында нақты
бағдарламалар қабылдап,оны іске асыру мақсаты тұрды.Ел басы өзінің халыққа
жолдауында Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық. Біз жақсы өмір
сүргіміз келеді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен де бұрын балаларымыз
бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қаладық осы мақсатпен
Қазақстанның -2030жылға дейінгі даму стратигиясын құрдық. Осы бағыт іске
асу барысымен елдің экономикасын, әлеуметтік және саяси жедел жаңару
әртүрлі бағытта бағдарламалар құрылды. Соның бір бағыты 2003-2005 жылғы
Ауылды қолдау жылы болып жарияланды. Ауыл тағдыры- ел тағдыры. Тәуелсіздік
тарихының белесіне аяқ басқан шақта Елбасымыз Н.Назарбаев өмірдің қай
заманында да алтын арқауы бола беретін ауылға шындап бет бұру қажеттігін
атап көрсетті. Ұлттың ұйтқысы да, берекесі де, деңгейі де –ауыл.Сондықтан
ауылға бағытталған Елбасының жолдауы елімізде қолдау тапты. Президент
Жолдауындағы ауылды қолдау өзінің тұжырымдылығымен, нақты ұсыныстарымен
құнды. Ауылдық жерде, әсіресе суармалы өңірлермен халықтың кәсіп
ететіндерге қолдау жасай отырып, күш- қуатын бірігіп пайдаланатын
кооперациялау жүйесін енгізу қажет. Аграрлық қатынастар барлық
экономикалық, әлеуметтік қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде
материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, тұтыну, айырбастау процесінде ауыл
шаруашылық сферасында айналысатын адамдар арасындағы өзара қарым-катынастар
жиынтығын білдіреді. Экономикалық өсуге аграрлық сектордың қосар үлесі зор.
Республиканың аграрлық кешенінде экономикалық реформаға дейін 2100 кеңшар,
400 ұжымшар, 20-дан ірі ет комбинаттары, сүт зауыттары, көптеген
элеваторлар мен астық комбинаттары, жүнді бастапқы өңдеуден өткізетін үш
аса ірі фабрика, басқа да көптеген фабрика жұмыс істеді. Тек тамақ
өнеркәсібінде үш мыңнан астам кәсіпорын болды.
Экономикалық реформадан бұрын ауыл шаруашылығында өнім шаруашылықтың
екі санатында ғана өндірілетін. Бұл салада реформа экономиканың басқа
салаларына қарағанда екпіндірек, қарқындырақ, шапшаңырақ жүргізілді. Бірақ
бұл дұрыс жүргізілді деуге болмас. Реформаның мәнісі ондағы өндіріс
құралдарына мемлекеттік және ұжымдық меншікті (ол кездегі ұжымшарлардағы
меншікті мемлекеттік меншік десе де болады) жеке меншікке айналдыру болды.
Кейбір шет елдердегідей, бізді де негізінен шаруа (фермерлер) қожалықтары
осы саладағы меншіктің иесі, негізгі өнім өндірушілер болады деп саналды.
Малды бұрынғы ұжымдар мүшелеріне бөліп беру оңай болғанымен,жерді және ауыл
шаруашылық құралдарын (машина,трактор шеберханаларын, автопарктерді,
тракторларды, комбайндарды т.б.) жеке адамдардың меншігіне бөліп беру іс
жүзінде оңай болмады, олар шартты түрде ғана бөліп берілді. Жер болса
бүгінгі күнге дейін мемлекет меншігінде. Қысқарта айтсақ бұрын кеңшарлар
мен ұжымшарларды шаруашылық жүргізудің тиімсіз пайымы деп санап,
революциялық жолмен түбіріне балта шауып, бірер жыл ішінде күл- талқанын
шығардық. Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің он
жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде айтқанындай :
Нарық өзгерістерін бойына дарытпай келген кеңестік ұжымшарлар- кеңшар
жүйесі келмеске кетті. Сөйтіп 2004 жылдың өзінде бірінші қаңтарында
Республика мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан небары 82-сі ғана
қалды, оның есебіне 105170 шаруа (фермер) қожалығы дүниеге келді, одан
басқа 3342 әртүрлі серіктестіктер, 293 акционерлік қоғам, 1710 өндірістік
кооператив, 1302 басқадай құрылымдар жиыны , 111899 ауыл шаруашылық
кәсіпорын болды.
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агентінің анықтамасы
бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына бұрынғы колхоздар, совхоздар және
басқа мемлекеттік шаруашылықтар (ұжымдық ауыл шаруашылық кәсіпорындар,
акционерлік қоғамдар, серіктестіктер) базасында құрылған өндірістік
құрылымдар, кәсіпорындар мен ұйымдардың қосалқы шаруашылықтары жатады.
Шаруа (фермер) қожалықтары адамдардың отбасылық еңбек бірліктері болып
табылады, олардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру арқылы ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығына арналған жерлерді пайдаланумен,
сондай –ақ осы өнімдерді өңдеу және өткізумен тығыз байланысты.
Ауыл шаруашылығы салалары көп өнім беретін деңгейде жүргізу үшін
қаржыландыру көздері қажет. Дайын өнімді өткізуден түсетін қаржы өндірістің
қарқын алу үші жеткіліксіз болатыны анық. Жалпы ауыл шаруашылығы саласында
азық- түлік тізбегінің тұрақты қызмет атқаруы үшін қандайда бір қаржылық
қолдау болуы тиіс. Ауыл шаруашылығы өндірісшілерінің қаржылық қолдау жұмыс
күшінің құнын көтеріп еңбегінің нәтижесіне қызығушылықты ояту, жоғарғы өнім
техникамен технологияны қолдану үшін қажет, өйткені мардымсыз материалдық
пайда әрқашанда өндіріс саласының елеулі тежегіші болады. Ауыл
өндірушілерін қаржылық қолдаудың әртүрлі жолдары бар. Мысалы, қаржысы мол
инвестордың азық- түлік өндірісіне келуі, ал кез келген кәсіпкердің
көздейтіні барынша жоғары кіріске қол жеткізу болып табылады. Мұндай
жағдайда өнімді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен пайда инвестордың
есеп шотына келіп түседі. Ол қатаң бақылауға ала отырып ағымдағы шығындарды
да, сонымен қатар шаруашылықты дамытуға да тиісті қаржыны өзі бөліп
отырады. Бір жағынан мұндай шаруашылықтар үлкен кәсіпорынның бір салалық
филиялы ретінде құрылып, оның бригадасының немесе бөлімшесінің ғана
құқығына ие болып қалуымен де олардың жағдайлары күрделенеді. Онда ауыл
шаруашылығы өндірушілері ешқашан инвестордың қарызын қайтару үшін жеке
қаражатқа қол жеткізе алмайды. Ендеше ондай шаруашылықтар инвестордың пайда
табу құралы болып қалу қаупінен құтыла алмайды. Инвестор бақылауында мұндай
шаруашылықтардың бір қатары несиелік және қаржылық жүйелермен өзара
байланыста емес, жергілікті және республикалық бюджетке берер үлесі жоқ. Өз
өнімін өткізу арналарын таңдаумен және алынған пайданы бөлу мен, сондай- ақ
материалдық құндылықтарды сатып алумен айналыспайды.
Шаруашылықтың дербестіктен айыру, қатаң бақыланатын смена бойынша
қаржыландыру, қатаң тәртіп – бұл шараларды жалпы экономикалық сауығу
жағдайында жүргізу өзін- өзі ақтайтын себептерге негізделеді. Алайда мұндай
тәжірибенің одан әрі жалғастырылуы күрделі процесстерге ұластырып жіберу
қаупінен ада емес. Инвестор мен ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші арасындағы
қарым- қатынасты мұқият зерделей келіп, нақты ынтымақтастықтың жоқ екенін,
тек холдингтік агрофирмалық құрылымына немесе ірі кәсіпкердің қол астындағы
ірі өндірістік салаға айналуы ғана болатыны анықтау қиын емес. Оның үстіне
егер инвесторда артық қаражат болмай қалған кезде қаржылық дербестікке қол
жеткізе алмаған шаруалар сол баяғы қалпынан да қиын жағдайға ұшырауы
ықтимал.
Әлемдік көптеген елдерінде көтерме сауда базалары бар. Батыс пен
Жапония сияқты елдерде мұндай базалар жұмыс істейді. Германияда азық- түлік
көтерме сауда базалары функцисын сауда үйлері, ірі сауда компаниялары мен
фирмалары атқарады. Мұндағы сауда фирмаларының жартысына жуығы аса ірі
фирмалар мен компаниялар. Азық- түлік рыногындағы бұлардың үлесі 70 пайызға
жуық, олар жылына 40 мыңға жуық мәміле жасайды. Көтерме сауда базалары
тауар қозғалысы жолдарын ұйымдастырудың бастапқы сатысы ғана екенін әлемдік
тәжірибе көрсетіп отыр. Олар одан әрі қарай мамандануларын тереңдету мен
ірілену бағыттарында дамиды. Осымен бір мезгілде көтерме сауда базалары
жүйесін айналып өтіп, азық- түлік бөлшек сауда жүйесіне (супермаркет)
тікелей жеткізу жолдары қалыптаса бастайды. Бұлар АҚШ- та, ФРГ- да және
Батыс Еуропаның басқа да елдерінде толық қалыптасқан. Құрылған көтерме
сауда базалары кеңейтеді және азық- түлікті таратудың орталық жүйесінің
басты буыны - азық- түлік орталықтарына арналып отырады.
Бізде ауыл шаруашылығы өндірісшілерінің еңсесін тіктеудің бірден- бір
басым тетігі мемлекеттік қолдау болып табылады. Қазақстан ауыл шаруашылығы
тап болған күйзелістің бір себебі экономикалық қарым – қатынастарды
либерилизациялау мен агролық секторды мемлекеттік қолдауды жою болады.
әрбір аймақтарда жекелеген мемлекеттік қолдауда мемлекеттік органдарда,
сондай-ақ жергілікті басқару органдарында олардың қаржылық жағдайын
тұрақтандыпу мақсатында түрлі қаржы көздері жүйесі есебіне жүргізулері
тиіс. Бұл қолдау республикалық және аймақтық деңгейде екі тәсілмен
жүргізілуі тиіс.
1. экономикалық тәсілдер - ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу,
республикалық және аймақтық азық- түлік қорын қалыптастыру, ауыл
шаруашылығы өнімдеріне бағаны реттеу: инвестициялық жобаларға
жеңілдетілген және басымдықты несие бөлу, ауыл шаруашылығы
дақылдарының белгілі бір түрлерін, әсіресе еліміздің солтүстік
облыстары жататын тәуекелділігі басым аймақтарда өнім түсімсін
жеңілдіктермен сақтандыру: тұтынушылар шығынын азайту үшін азық- түлік
өнімдерінің жекелеген түрлеріне салықты дифференцияциялау экспорттық
және импорттық тарифтерді белгілеу немесе өнімге субсидия бөлу, ауыл
шаруашылығы өнімдері мен азық- түлікті тасымалдау тарифтерін
дифференцияциялау.
2. әкімшілдік тәсілдер - ауыл шаруашылығы өнімдерін мен азық- түлікке
стандарттардың сақталуын бақылау: отандық тауар өндірісшілер мен азық-
түлік рыногын қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-
түлік импорты мен экспортына кедендік алымдар белгілеу: шекті бағаны
өз уақытында белгілеу мақсатында ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп
өнімдеріне баға тепе- теңдігін қадағалау: дотациялар мен
инвестицияларды бөлетін бағыттарды дер кезінде айқындау.
Шетелдік азық- түлік кешенін мемлекеттік реттеу тәжірибесі де көңіл
аударарлық. Қазіргі кезде рыноктық экономикасы дамыған кез- келген ел
ұлттық және жергілікті басқару органын жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы
өндірісімен азық- түлік кешені реттеуден оқшау қала алмайды. әлеуметтік
экономикадағы реттеу мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
• Нақты бағдарламаларға курстық негізде құжаттар бөлу.
• Маркетингтік қызметтік жандана түсуі үшін қаражат көзін
іздестіру.
• Экологиялық бағдарламаларды қаржыландыру.
• Ауыл шаруашылығы өнімдерін сату мен өңдеуді қаржылық қолдау.
Қаржыландыру бағыттарының бәрі де өзіндік маңыз бен қайтарымға ие
екенін мойындай отырып маркетингтік қызметтің жандануын қолданушының
мәнінде ақшаның қайта инерациялануына жол ашу.
Маркетингтің көмегімен қай өнімді қай жерде және қашан өндіру керек,
қызметтің қандай түрлерін баға мен көрсету қажет, өнімді тұтынушыға қандай
жолдармен жеткізу керек, сатып алушылардың сұранымын қанағаттандыра отырып
барынша ұтымды пайдаға қалай қол жеткізу керектігін шешеді.
Маркетинг дегеніміз- өнімді өндірумен , сатумен немесе делдалдық
қызыметпен айналысатын кез- келген кәсіпкердің , жеке ұжымның жан- жақты
кешенді қызыметі, ол :
-өнім мен қызымет түрін таңдау:
-рынок ауқымын анықтау :
-өнімге немесе қызымет көрсету түріне баға белгілеу:
-өнімді ( қызымет көрсетуді ) рынокта жылжыту :
-өнімді өткізетін немесе қызымет көрсететін орынды белгілеу сияқты
көптеген аспектілерді жинақтайды .
Егер ауыл шаруашылығы өндірушісі үшін ең басты міндет- халықты азық- түлік
өнімдерімен қамтамасыз ету деп білсек , маркетинг қызыметінің басты мақсаты
- өндірісті ұйымдастырудың сатылық – тасқынды жүйесінің түгелдей тізбегі
бойынша азық – түлік рыногінің барлық проблемаларына анализ жүргізу және
оларды айқындау болып табылады .Маркетинг мақсаттарын мынадай бағыттар
бойынша топтастыруға болады :
1. комерциялық
2. жекелеу маркетингтік
3. қызымет көрсету мен өнімді бөлу
4. қызымет көрсетулер мен өнімді сату .
Комерциялық мақсат – белгілі бір кезеңде пайда табумен байланысты .
Жеке маркетингтік қызымет мақсаты – тауар өндіруші мен өндірілген тауардың
базардағы позициясын нығайтуға бағытталады .
Қызымет көрсету мен өнімді бөлу саласындағы мақсаттар олардың кезеңдер
бойынша ұтымды орналастырылуы мен айқындалады .
Бұдан әрі маркетингті жүргізу тактикасы жасалады . Бұл рыноктық ақуалды
ескере отырып , қызымет көрсетулер мен тауарлардың әр түрлері бойынша
мәліметтерді белгілеу мен іске асыру және ондагы каньюктуралық факторлардың
өзгеруіне қарай оларды түзету . Мысалы сүттің бағасының шұғыл төмендеуіне
байланысты мал шаруашылығы фермерлерінің техникалық көмек көрсетуге
тапсырыстар күрт азаяды . Ендеше , бұл жұмыстар көлемін басқа бағыттарға
бөлу , яғни қуаттары аз шығындарға көшіру арқылы шығынның орнын жедел
толтыру керек .
Көріп отырғанымыздай ауыл шаруашылығын қаржыландырудың көптеген , жан
– жақты бағыттарын қолдануға болады .

2."Родина" Агрофирма ЖШС-нің экономикалық жағдайы

2.1 "Родина" Агрофирма ЖШС-нің сипаттамасы мен оның құрылымы

"Родина" Агрофирма ЖШС Ақмола облысының орталық бөлігінде, Целиноград
ауданының Солтүстік батыс бөлігінің құрғақ аймағында орналасқан.
Астананың аудандық және облыстық орталығына дейінгі қашықтық 69 км.
Шаруашылықтың қызмет барысында бірнеше қайта құрылуды басынан кшірді.
1961 жылы ҚазССР Ауыл шаруашылықғы министрлігінің 1961 жылғы 26
ақпандағы № 113 жарлығы бойынша Жаңа тұрмыс ауылы Родина ауылына
қайта құрылып және өзгертілді. 1976 жылы Облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының бұйрығы бойынша Покровка ауылы № 3 бөлімшесі және оған
тиесілі 20343 гектарлы жер көлемі Целиноград ААШБ берілді. 1994 жылы 15
маусымда Қазақстан Президентінің Жарлығына сәйкес Родина ауылы қайта
құрылып және жеке ауыл шаруашылығы кәсіпорнына өзгертілді. 1996 жылы 18
сәуірде Родина жеке ауыл шаруашылығы кәсіпорны, мемлекеттік тіркеу № 636-
1902-ПрК тіркелген өзгертілді. 1998 жылы тамыз айынан бастап, Садовое
ауылы кооперативтің үшінші бөлімшесі боып табылады, халық саны 449 адам,
ауыл шаруашылығы жер көлемі 10344 га, оның ішінен 8336 га егістік.
Родина шаруашылығы 2007 жылдың маусым айында Родина АФ ЖШС қайта
өзгертілді- тұрақты рентабельді шаруашылық, мал шаруашылығы саласын дамыту
үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Шаруашылық соңғы жылдары жеткілікті күшті
әлеуетке ие. Сонымен, шаруашылықтың нақты мүмкіндіктері өндірістің өзге
ұйымдастықтарымен бірлесе экономикалық байланыстарды іске асыруға
мүмкіндік беред
Шаруашыықта басқарудың бөлімнік құрылымы қалыптасқан, бұл ретте
бөлімшені басқарушы бригадир мен кәсіпорын әкімшілігінің аралық тұлға
қызметін атқарады,
Мал шаруашылығында өнім өндіру және тұтынушылық дүкендер арқылы сату
көзделген (сүт, қораптау, нан, ет, сарым ай, ысталған ет). Сатуға өнімдерді
жеткізу өздерінің көліктерімен іске асырылады.

2.2.Кәсіпорынның ресурстық потециалы

Шаруашылық қызметтің нәтижелері, басқа кәсіпорында сияқты, көптеген
жағдайларда экономикалық жағдайларға байланысты. Осындай жағдайларға
кәсіпорынның әр түрлі ресурстармен қамтамасыз етілгендігі, бірінші кезекте
жер ресурстарымен қамтамасыз етілгендігі жатқызуға болады.
Ауыл шаруашылығы өндірісінде жер өндірістің негізгі құралы ретінде
болып және өндірістік қызметтің негізі табылады.
Ауыл шаруашылығында жерді пайдалану сипаты болып пайдаланылатын жердің
қай түріне жататындығына байланысты.
Жалпы алқапта пайдаланылатын жердің бөлек түрлерінің қатынасын жер
алқабының құрылымы деп атау қабылданған, ал жалпы ауыл шаруашлықта
пайдаланылатын жерден пайдаланылатын жердің бөлек түрлерінің пайыздық
қатынасы ауыл шаруашылық пайдаланылатын жердің құрылымын көрсетеді.

Кесте 1 Родина ЖШС-ның жер жайылымдарының құрылымы

Егістіктердің 2008 г. 2009г. 2010 г. 20072008 20102009
түрлері өзгерістерөзгерістер
Жалпы жер көлемі, га42441 42441 42441 - -
Ауыл шаруашылығы 41693 41693 41693 - -
жайылым көлемі, га
Шабындықтар 34772 34772 34772 - -
Шабындықтыр және 38132 38132 38132 - -
тамырлық
жақсартулар үшін, га
Шаруашылық бойынша 25935 28279,5 27968 +2344,5 -311,5
жаздық егіс, га
Дәнді-дақылдарды 24537 22315 23370 -2222 +1055
егу, га
Шаруашылық бойынша 7159 5666 5698 -1493 +32
жыртылмаған жер, га
Көп жылды шөптер, га2726 2453 2453 -273 -

1 кестенің деректері жер көлемінің негізгі бөлігін ауыл шаруашылық
жайылымдар 41693 га (95 % астам) құрайды. Шабындықтардың көлемі 34772 га
(75%) құрайды.

Кесте 2 Жерді пайдаланудың тиімділігі

Көрсеткіштер 2008 жыл 2009 жыл 2010 жыл 20072008 20102009
өзгерістер өзгерістер
Жалпы өнім, мың786479 1511885 1797722 192,2 119
тг
Ауыл шаруашылық41693 41693 41693 100 100
жайылым көлемі,
га
100 га ауыл 1887 3626 4312 192,2 119
шаруашылық
жайылымның
жалпы көлемі

2 кестеден Родина Агрофирмасы 2010 жылы ауыл шаруашылығы жайылымның
92,2 % 2009 жылмен салыстырғанда жалпы өнімннің жалпы көлемінің өбейу
себебінен ұлғайғанын көруге болады. 2010 жылы ауыл шаруашылығы жайылымдарын
пайдалану тиімділігі 19 % көтерілгенін көруге болады, айыл шаруашылығы
егістік жерінің өзгермеген көлімінде жалпы өнімнің өсімінің көбейуіне
байланысты болды.

Кесте 3 –Негізгі қорларды пайдаланудың көрсеткіші

Көрсеткіштер 2008 ж 2009 ж 2010 ж 20092008 20102009
(%) (%)
Жалпы өнім, 786479 1511885 1797722 192,2 119
мың теңге
Негізгі 1231000 1505000 2407000 122 160
қорлардың құны,
мың теңге
Жұмысшылардың 500 455 450 -45 -5
саны, адам

3-кестенің жалғасы

А-ш жайылымның 41679 41679 41679 100 100
көлмі, га
Шабындықтар 34772 34772 34772 100 100
Қормен
қамтамасыз
етілуі, мың
теңге
А) 100 га а-ш 2954 3611 5773 122 160
жайылым
Б) 100 га 3540 4328 6922 122 160
егістікке
Қор 2462 3307 5349 134 162
жарақтылығы,
мың тг
Қор 0,64 1,00 0,75 156 75
қайтарымдылығы,
тенге
Қор 1,57 1,00 1,33 64 133
сыйымдылығы,
тенге

Кестеден ЖШС қор қайтарымдылығы түлі деңгейде болғанын көруге болады,
яғни 2008 жылы 1 тенгеге 0,64 тенге түсім келді, ал 2009 жылы 1 тенгеге
– 1 тенге түсімсай келді, 2008 жылы түсім мен қордың ара қатынасы 0,75
тең болды.
Родина ЖШС-ның айналымдық өндірістік қорлары 4 кетеде көрсетілген.
Кесте 4 – Айналым капиталының мөлшері мен оның айналымының ұзақтығын
талдау

Көрсеткіштер 2008 2009 2010 Өзгерістер, + -
2009ж. 2010
2008 ж 2009 ж
Өнімді 786479 1511885 1797722 725406 285837
сатудантүскен
түсім, мың.тг.
Айналым 587344 968423 1263940 381079 295517
құралдарының орта
жылдық құны,
мың.тг.
Айналымдылық 1,34 1,56 1,42 0,22 -0,14
коэффициенті,
бірлік
Активтер 268,7 230,7 253,5 -38 22,8
айналымының
ұзақтығы, күндер

Кестені талдай келе шаруашылықтың қорлармен, жоғары кірістермен және
қамтамасыз етілгендігін көруге болады.
Негізгі қорлар кәсіпорынның және оның айналымнан тыс мүлкінің маңызды
құрылымдық бөлігі болып табылады. Негізгі қорлар құндық нысанда көрініс
тапқан негізгі қорларды көрсетеді.
Негізгі қорлар - өндірістік үрдісте өзінің заттық нысанын сақтай
отыра, бірнеше мәрте қатысатын, ал оның құны қолдану мүмкіндігіне қарай
өнімнің құнына қосылатын еңбектің құралы болып табылады.
Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін сипаттайтын жинақтаушы
көрсеткіштер жалпы өнімнің (немесе сатылған) салыстырылатын бағада негізгі
өндірістік қорларда орташа жылдық құнның қатыснасы ретінде есептелетін қор
қайтарымдылығы табылады.
Негізгі қорларды пайдаланудың экономикалық тиімділігі өндірістен
алынған нәтижені оның құнымен салыстырумен сипатталады. Оны анықтау үшін
қор қайтарымдылығы және қор сиымдылығы сияқты көрсеткіштер қолданылады.
Кәсіпорынның негізгі қорлармен қамтамасыз етілгендік деңгейін
сипаттайтын негізгі көрсеткіштер болып еңбектің қормен
жарақтандырылғандығы, негізгі өндірістік күштің пайдалану деңгейі табылады.

Еңбектің қормен жарақтандырылғандығы өнеркәсіп-өндірістік қорлардың
орташа жылдық құны мен жұмысшылардың орташа тізімдік санына қатынасы
ретінде есептеледі.
Талданып жатқан шаруашылықта аталған көрсеткіштерді қарастырайық.

Кесте 5 - Шаруашылықтық негізгі қорлар құрамы мен құрылымы
Көрсеткіштер 2007 жыл 2008 жыл 2010 жыл
мың тг % мың тг % мың тг %
Негізгі қорлар құны, 299671 100 410586 100 657548 100
мың тг
- жер - - - - - -
- ғимараттар мен 3379 0,2 3379 0,8 3379 0,5
құрылыстар
- машина және құралдар279506 93,2 386639 94,2 631819 96,1
- транспорттық 15889 5,3 17766 4,3 18946 2,9
құралдар
-басқа да негзігі 897 0,3 2802 0,7 3404 0,5
қорлар

Жоғарыда келтірілген кесте мәліметтері бойынша, негізгі құралдар
жылдан жылға көбейіп отыр. Әсіресе машиналар мен құралдар 2007 жылмен
салыстырғанда 2008 жылы 107133 мың теңгеге немесе 38,3 пайызға өскен. Ал
2010 жылы осы екі жылмен салыстырғанда сәйкесінше 352313 мың теңгеге 245180
мың теңгеге өскен.
2.3. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелері мен рентабельділігін талдау

Кез келген меншік нысанындағы барлық шаруашылықтар үшін қаржылық
нәтижелердің жалпы көрсеткіші пайда немесе зиян болып табылады.
Шаруашылық қызметтің қаржылық нәтижелерін талдау үшін келесі кесте
құрайық.

Кесте 7 – Астық өткізудің пайда мен рентабельділік деңгейін талдау.

Көрсеткіштер Жылдар Тізбекті ауытқу (+;-)
2007 2008 2010 2008 2010
Өткізілгені, ц 106663,9 100919,0 257376,7 -5744,9 +156457,7
1 ц сату бағасы, тг 1126,14 1153,78 2031,16 +27,64 +877,38
1 ц өзіндік құны, тг 1387,8 1886,3 1244,5
+498,5 -641,8
1 ц пайдасы, тг -261,66 -732,52 +786,66 -994,18 +54,14
Өткізуден түсім, мың 120108,48116438,32522773,26-368 0,16 +406334,94
тг
Өткізілген өнімнің 148028,16190363,51320305,30+423 35,35 +129941,79
толық өзіндік құны,
мың тг
Өткізуден пайда -27909,68-73925,19202467,96-460 15,51 +128542,77
(зиян), мың тг
Рентабельділік -18,85 -38,83 63,21 -57,68 +24,38
деңгейі,%

7-кесте мәліметтері бойынша 2008 жылмен салыстырғанда 2007 жылы астық
өткізуден кәсіпорын 46015,51 мың теңгеге зиян шеккен, ал 2010жылы 2008
жылмен салыстырғанда кәсіпорын 128542,77 мың теңгеге артық пайда алған. Бұл
зиянның көбеюіне факторлардың әсер еткен деңгейін анықтайық:
1. 1ц сату бағасының есебінен:
(P1-P0) · q1= (1153,78-1126,14)· 100919,0 = 2789401,16 теңге
2. 1ц өзіндік құнының есебінен:
(Z0-Z1) · q1= (1387,8-1886,3) · 100919,0 = -50308121,5 теңге
3. Сатылған өнім көлемінің әсерінен:
(q1- q0) · П0 = (100919,0-106663,9) · (-261,66)= ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
:Кәсіпкерлік пен бизнестің айырмашылығы
Экономикалық аграрлық секторындағы созылмалы дағдарыс
Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығына инвестиция тарту механизімін жетілдіру жолдары
БСҰ-ға кіру жағдайындағы ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің негізгі проблемалары және оны шешу жолдары
Шағын кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік қолдау қағидаттары
Ауыл шаруашылығының инновациялық әлеуетінің қаржылық тиімділігін талдау
Аграрлық құқықтық қатынастарды мемлекеттік құқықтық реттеу тетігі
Ауыл шаруашылық саласына инвестиция тартудың шетелдік тәжірибесі
Аграрлық саладағы инновациялық қызмет
Пәндер