Бала тілін дамытуға арналған ойындар


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Көкшетау қаласы

№7 «Айша» балабақшасының тәрбиешісі Аскарова Жанар Маратқызы

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

  1. Балабақшада бала тілін ойын технологиясы арқылы дамытудың маңызы . . .
  2. Бала тілін дамытуға арналған ойындар. Дидактикалық ойындар . . .
  3. Кіщі топ балаларына арналған ойындар . . .
  4. Ортаңғы топ балаларына арналған ойындар. .
  5. Саусақ ойындары . . .
  6. Ұлттық ойындар арқылы бала тілін дамыту . . .
  7. Қосымша . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .


Кіріспе

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып оның шығармашылық қабілетін дамытады. Ойынсыз ақыл ойдың қалыптасуы мүмкін емес».
(В. А. Сухамлинский) .

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту тәрбиешілердің басты міндеттерінің бірі. Ал балалардың болашағы тәрбие ісіне тәуелді. Сондықтан да тәрбие ісіне келелі міндеттер жүктелгендігін ескеріп, жаңа қоғам мүддесіне лайық, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иелерін тәрбиелеп өсіру отбасының, мектепке дейінгі мекеменің міндеті. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті - ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ақыны А. Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады (сезіну, қабылдау, зейін қою, ерік арқылы) түрлі психологиялық түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын үстінде бала бейнебір өмірдің өзіндегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады. Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан басталады, оның негізгі болашақ өмірінде жалғасын табады. Ойын арқылы бала жеке адам ретінде дами түседі. Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады. Шимай­ды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі. Бала тәрбиесі сол сияқ­ты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген екен.

  1. Балабақшада бала тілін ойын технологиясы арқылы дамытудың маңызы

Мектеп жасына дейінгі балаларда еліктеу, қиялдау басым болады. Сол себепті айналадағы құбылыс пен ересектердін іс-әрекеті балалардың бақылауынан мүлт кетпейді. Бақылаған заттардың елеусіз ерекшелігіне дейін бірден байқап, тез қабылдайды. Олай болса, әрбір ата-ана баланың осындай даму ерекшелігін ескеруге тиісті. Оның заңды сұрақтарына құлақ асып, үнемі жауап беріп отырулары керек. Сұрақтарға жауапты толық, әрі, қызықты етіп жауап беру баланың қызығушылығын арта түсіретінін естен шығармаған жөн.
Бала тілін дамытуда мынадай жұмыс түрлерін жүргізіп отыруға болады:
1. Айналада бар, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды (киім-кешек, ыдыс-аяқ, тағам, үй мүліктері) көрсету баланың қолына беріп, атын сұрап айтқызу. Осы заттарды қайда, неден (ағаштан, шыныдан, шыттан, жүннен, темірден т. б. ) жасалатынын, кімге, неге, не үшін керек екенін ұғындыру.
2. Баланы белгілі заттардың атына байланысты сөздерден сөйлем құрап айтуға үйрету. Мұндайда «Суретті сөздік» атты кітапшада жеке заттар мен оларға байланысты іс-әрекеттер көрсетілген. Бала суреттен үйдегі затты көрсетіп, бірде атын атаса, екіншіден сол заттардың көмегімен жасалатын іс-әрекет, оның ерекшелігі туралы сипаттама айтуға жаттыға бастайды.
3. Балалар сөзді, сөйлемді дұрыс айтуға үйрене бастаған соң шағын әңгіме құрастыруға дағдыландыру керек.
а) Баланың бақылау кезінде көргендері жайлы жетекші сұрақ беріп әңгімелесу.
ә) Ойыншықтары, жақсы көретін кітабы жайында әңгіме айтқызу.
б) Оқылған ертегі, әңгіме мазмұнын сұрап, әңгіме желісін бұзбай айта білуге үйрету.
в) Сюжетті көркем картиналарды (суреттерді) көрсетіп, оның мазмұнын әңгімелеп беруге баулу
г) Жеке заттық атауларды білдірумен қатар киім, мал, төл, ағаш, тамақ, жеміс, көкөніс т. с. с. жалпы ұғымды білдіретін сөздерді түсіндіру
ғ) Белгілі грамматикалық формаларды дұрыс қолданып, сөйлей білуге үйрету: ішінде, үстінде, астында, қасында, жанында, артында, ортасында, шетінде деген сөздерді сөйлем ішінде қолдана білуін қадағалау.

Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамытудың маңызы:

1. Баланың сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтуға әзірлігін дамыту.

2. Сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында қолдану.

3. Тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.

4. Өз ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білу дағдылырын қалыптастыру.

5. Мектепке дейінгі кіші жастағы баланың қызығушылығын халық ауыз әдебиетіне баулу.

6. Қарым-қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларын дамыту. Байланыстырып сөйлеу Сөзді тыңдап және оны түсіну, әңгімеге араласып, өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзін қызықтырған сұрақтарды сұрауға үйрету.

Балалардың сөздік қорын, тілін дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Ойын кезінде баланың бойында ұйымдастыру қасиеттері қалыптасады: ойлау, сөздік қор, сауаттылық, тапқырлық, шыдамдылық, өжеттілік, байсалдылық, әдептілік. Ойын арқылы қоғамдық тәжірибені меңгереді, психологиялық ерекшеліктері қалыптасады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мысалы кез-келген бала жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз -барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Ойынның түрлері көп. Ойын - сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту ойындары, спорттық, қимыл-қозғалыс ойындары, ұлттық ойындар, аңғаруға байланысты ойындар, шапшандыққа байланысты жүргізіп ойнайтын ерікті ойындар, дидактикалық ойындар, саусақ ойындары, желілі-рөлдік, үстел үсті ойындары және т. б.

Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Педагог бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.

Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы, «Дәл осындай тауып ал», «Салыстыр да атын ата», «Қай ағаштың жапырағы?», «Бірдей ойыншықты тап» және т. с. с.

Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау деген сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.

Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі балалардың белсенділігі және олардың іс - әрекеті болып табылады.

Ойын технологиясының кеңінен қолданылатыны белгілі. Әр педагог технологияның нәтижесінің сапалы болуы үшін мынандай жағдайларды ескеруі қажет:

1. Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын-ала жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау.

2. Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық және гигиеналық талаптарға сай болуы, алдын - ала әзірлеу.

3. Топтағы балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі.

4. Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету.

5. Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің тәрбиеленушілердің ынтасын арттырып, қызығушылығын арттыруға бағытталуы.

Сонымен балалардың тілін, сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма -жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың тілі, сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл - ойы өсіп жетіледі, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.

Ойын баланы іздену жолына бағыттайды, жеңіске деген қызығушылығын оятады, ал осыдан шыға келе олар жылдам, жинақы, шапшаң, тапқыр болуға, ойын шартын сақтап отырып тапсырмаларды нақты орындауға тырысады. Ойындарда, әсіресе топтық ойындарда жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттері, жауапкершілік сезімдері қалыптасады, тәртіп, күш-жігер, мінез - құлық тәрбиеленеді. Көрнекіліктердің әдістері, сұрақтың қызық та, тиімді түрлері, жұмбақтар, әзіл есептер, ахуал жағдайлары, сайыстар балалардың белсенді ойлау әрекетін дамытуға көмектеседі. Ойын барысында бала ойы үнемі дамып, жетіліп отырады, ұшқырлана түседі.

Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Ойын баланың физиологиясын дамытып, сонымен қатар тілін дамытуда үлкен рөл атқарады. Ойынның әрбір түрінің өзіндік мақсат-міндеті, бағыты болады. Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлу ең негізгі өзекті мәселе болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін, сөздік қорларын дамыту ісінде жаңа сөздерді меңгерту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру педагогтің басты міндеті болып саналады.

  1. Бала тілін дамытуға арналған ойындар

Дидактикалық ойындар

Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті болып табылады. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы - дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті - баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады. Дидактикалық ойындар - балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет.

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді :

Заттық дидактикалық ойындар - дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар - «Лото», «Мозайка» т. б.

Сөздік дидактикалық ойындар - жұмбақтар т. б. .

Дидактикалық ойындарға жетекшілік жасау үлкен педагогикалық шеберлікті қажет етеді. Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді.

Тәрбиеші дидактикалық ойындарға жетекшілік ете отырып, ойната отырып оқыту қағидалары айқын көрініс табатын дидактикалық міндеттерді жүзеге асырады және балаға әсерлі ықпал жасайтын ойынға қатысушы болып табылады.

Ойынға жетекшілік жасауда тәрбиеші сөзінің айтарлықтай маңызы бар. Балаларға қарап сөйлеуі, түсіндіруі, қысқа әңгіме желісі ойын мазмұны мен ойын әрекетін аша түседі. Сөздік түсіндіру, нұсқау көмегімен тәрбиеші балалардың зейінін аудара отырып, олардың ұғымдарын бекітіп, тәжірибелерін кеңейтеді. Сонымен қатар балалардың тілін дамытуға, сөздік қорын молайтуға көмектеседі. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болу керек. Тәрбиешінің көптеген бағыттаушы сұрақтары ойынды дамытуға кедергі келтіреді. Сондай-ақ ескертпелер мен қателіктерді түзету, оны баланың санасын жеткізуге және ойынды түзетуге деген тәрбиешінің ұмтылысы ойынның шырқын бұзады.

Тәрбиеші ойындарға жетекшілік ете отырып, балаларға әсер ететін түрлі құралдарды пайдаланады және өзі де түрлі рөлдерді ойнауына тура келеді. Бірде ол тікелей ойынға қатысушы болса, бірде ойынды қолдап сырттай бақылаушы болады. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жете көңіл бөлу керек. Ойынға керекті құралдар әр балаға жеткілікті болу керек, сонда ғана балаларға ойын түсінікті болады.

Дидактикалық ойындардың ерекшелігі және оның соңғы қорытындысы дидактикалық міндеттерде, ойын міндеттерінде анықталатын нәтижесі болып табылады. Тәрбиеші үшін ойын нәтижесі балалардың жетістік деңгейі не білімді меңгеруі, ойынды қолдана отырып балалардың өзара қарым-қатынасын орнату. Балалар үшін ойын нәтижесі нақты жетістік, мысалы ойын барысында жұмбақты шешуі, тапсырманы орындауы болып табылады.

Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру үшін мына үш ережені есте сақтаған жөн.

Бірінші ереже : сәбидің қызығушылығын жоймау үшін дидактикалық ойынға арналған ойыншықтарды үнемі қолдануға бермеңіз.

Екінші ереже : ойын барысында бала басқа, өзге заттарға көңіл аудармауы үшін артық заттарды көз алдынан алып тастаңыз.

Үшінші ереже : ойындардың қарапайым да, қысқа болғаны жөн. Тіпті 5 минут та жеткілікті! Бірақ баланың бастаған істі аяқтауына көңіл бөліңіз. Содан соң ойынды басқа жаңа ойындармен алмастыруға болады - сол сәтте баланың зейіні қайтадан жанданғанын байқайсыз.

Балалардың таным қабілетін, тіл байлығын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Дұрыс ұйымдастырылған ойын-сабақ балалар үшін қашанда қызықты, ал тәрбиеші үшін мақсатқа жетудің бірден-бір кепілі.

  1. Кіші топ балаларына арналған ойындар

Қай ұлттың баласы болмасын ерте сәби шағында дыбыстармен ойын ойнағанды жақсы көретінін байқап жүрміз. Бала әлі сөзді айтып білмесе де, кенеттен дыбыс шығарады да, әрі қарай осы дыбысты гуілдеп қайталайды. Сол сәттегі бала көзіндегі шаттықты айтсаңызшы!

Содан соң бала сөзбен ойын ойнай отырып, ана тілін түсіне бастайды, оның құрылымын меңгереді, сөйлеуге үйренеді. Міне, халықтық жаттамақтардың барлығы диалог түрінде берілуі де осыдан.

Балалар ұйқасты сөздерді, олардың айтылуын ерекше қабылдайды, оларға ұйқасты өлең оқып берсеңіз, серпіліп тыңдайды.

Сәбилерге арналған ойындарды таңдауда халық ауыз әдебиеті үлгілерін ойынның қайнар көзі ретінде қолдануға болады. Өйткені осы ауыз әдебиеті үлгілерінен ең ерте жастағы балаларға арналған шығармалардың мазмұны мен формасына қойылатын талаптарға жауап беретін материалдарды табуға болады.

Ойынды өткізу әдістемесі тұрғысынан мына кеңестерді ескерген жөн:

«Қандай да болмасын тақпақты, жаттамақты оқымас бұрын балаларды осы жаттамақта кездесетін тірі нысандармен немесе олардың бейнеленген суреттерімен: ешкі, торғай және т. б. үлгілермен міндетті түрде таныстыру қажет. Балаға айтылатын жанды сөз оның жеке танымы, жан-күйзелісімен байланысты, таныс болуы тиіс.

Сәбилерге арналған сөздік ойындардың басты мақсаты - сәбилердің сөйлеу белсенділігін дамыту, тақпақтағы, жаттамақтағы сөздерді қимылмен сәйкестендіруге, сөздің мағынасын түсінуге, сөзді дұрыс айтуға үйрету.

Кіші топтардың тәрбиешісі ойын барысында ойынды басқарады, балаларға ойынды үйретеді. Тәрбиешінің сөзі сауатты, эмоционалды және байсалды болғаны жөн. Ым-ишараға көп көңіл бөлу қажет. Тәрбиешінің бет-әлпеті кішкентай балаға қаншалықты әсер етерін көрсеңіз! Міне, тәрбиеші таң қалып ауызын кең ашты делік, балалардың көз шарасы да кеңейе түседі. Тәрбиешінің бет-әлпеті мұңая түссе, балалар да жабырқап қалады. Қасқырды, аюды, ешкін қимылмен бейнелеп көрсеткенде, бетіңізді қорқынышты кейіпке түсіріп, тым дөрекі дауыс шығарудың қажеті жоқ. Өйткені кішкене балалар қорқып қалуы, тіпті ойыннан бас тартып жылауы да мүмкін.

Ойын барысында балалар тәрбиешінің бет-әлпетін, оның аузын, көзін көріп отыратындай арақашықтықта тұрады не отырады. Тәрбиеші тақпақты не жаттамақты оқығанда, бала бір өзіне қарата оқып не айтып отырғандай әсерде қалуы тиіс, яғни, өз көзқарасын әр балаға аударып отырғаны жөн. Осы себепті тәрбиеші тақпақты, жаттамақты жатқа білуі тиіс.

«Алақан мен балақан»

Ойын мақсаты. Балаларды тәрбиешінің сөзін тыңдауға, жаттамақ сөзімен өз қимылын сәйкестендіруге, сұраққа жауап беруге үйрету.

Сөзі: Қимылы:

Бала, бала, балақан, Тәрбиеші мен балалар жаттамақ

Қане, қайсы алақан? сөзіне сәйкес алақандарын көрсетеді.

Саусақтарың әйбат, Алақандарын ашып, саусақтарын

Былай, былай ойнат. қозғалтады.

Тәрбиеші ойынды қайталап, балаларға сұрақ қояды: «Қане, қайсы алақан?», «Саусақтарың қандай?».

Келесіде балалар жаттамақты тәрбиешімен бірге айтады.

«Қарағайлы ормандағы аю»

Ойын мақсаты. Балалардың сөйлеу белсенділігін, өлең сөзімен өз қимылын сәйкестендіре білу икемділігін дамыту, р дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру.

Ойын барысы. Балалар орындықтарына отырады. Тәрбиеші балаларға қарсы отырады да: «Балалар, біз бүгін «Қарағайлы ормандағы аю»» деп аталатын ойын ойнаймыз. Мына суретке қараңдаршы (аю бейнеленген суретті көрсетеді) . Орманда жүрген аю үлкен екен. «Р-р-р» деп гүрілдейді.

Осы аю туралы өлеңді тыңдаңдар:

Аю жүрген орманнан,

Жидек тере мен барғам.

Аю отыр гүрілдеп,

Жарамайды мұның деп.

Аю қалай гүрілдейді? Келіңдер ойнайық. Қазір біз аюды таңдаймыз. (Санамақтың көмегімен аюды таңдайды. Балаларды ұзақ күттірмеу үшін санамақ әрқашанда өте қысқа болуы тиіс. Тәрбиеші аю-балаға бет-перде кигізеді. ) Міне, аю қандай! Ал ол гүрілдеп дыбыс шығара ала ма? Аю-бала: «Р-р-р» деп гүрілдейді.

«Балалар, аю осы жерде, орманда тұрады (аюды бір орынға отырғызады) . Біз орманға барып, жеміс-жидек теріп келейік. Аюдың гүрілдеген дауысы шыққанда, біз барлығымыз мына үйімізге қашамыз», - деп тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді.

Сөзі: Қимылы:

Аю жүрген орманнан, Тәрбиеші және балалар жеміс-жидек теріп

Жидек тере мен барғам. жүргендей қимыл көрсетеді де, аю тұрған

орманға қарай жақындайды.

Аю отыр гүр-р-рілдеп, Тәрбиеші және балалар қашады, аю оларды Жарамайды мұның деп. қуады.

«Р-р-р!»

  1. Ортаңғы топ балаларына арналған ойындар

«Иә немесе жоқ»

Ойын мақсаты. Балаларды тәрбиешінің сөзін тыңдауға, берілген сұраққа жауап беруге үйрету.

Көрнекі құралдар. Ойыншық - қонжық.

Тәрбиеші қонжықты алып, оның негізгі дене бөліктерін: басын, аяғын, құлағын, мұрынын, көзін және т. б. көрсетіп атайды. Содан соң балалардан қонжықтың құлағын, мұрынын, көзін көрсетуін сұрайды. Балалар көрсетеді. Содан соң тәрбиеші балаларға ендігі сұрақтарға «иә» не «жоқ» деп жауап беруді ұсынады.

- Қонжықтың мұрыны бар ма?

- Қонжықтың құлағы бар ма? т. б.

Жауап беру үшін балалар сұрақты мұқият тыңдауы тиіс.

Тәрбиеші белсенділігі төмен, сондай-ақ немқұрайлы немесе жәй сөйлейтін балаларды жиі назарға алады.

Осы тектес ойындарды басқа да ойыншықтарды (мысалы доп) қолданып өткізуге болады.

«Бұл қалай аталады?»

(оқу жылының басында жүргізіледі)

Көрнекі құралдар. Қуыршақ, ойыншық жануарлар: ит, мысық, сиыр, ешкі және т. б.

Балалар ойыншықтар қойылған үстелге қарсы, жарты шеңбермен құрылған орындықтарға отырады. Тәрбиеші кез келген баланың біріне жақындап оның есімі кім екенін сұрайды. Бала өз есімін атайды. Егер бала өз атын атамай үнсіз қалса, онда тәрбиеші «Сенің атың Айгүл ме, Әсет пе?» - деп оны сөйлетуге көмектеседі. Тағы бірнеше баладан өз атын атауын сұрайды, содан соң екі-үш баладан топтағы басқа балалардың (мысалы, қызыл көйлекті қыз баланың, ақ жейделі баланың) есімі кім екенін сұрайды. Содан соң тәрбиеші қуыршақты көрсетіп: «Бұл қуыршақтың есімі Айжан. Оның аты кім?». Балалар жауап береді. «Ал енді мынау мысық. Қайталайық, мысық . Бұл мысықтың есімі Мырр». Балалар мысықтың есімін қайталайды. Содан кейін педагог итті, сиырды, басқа да жануарларды көрсетеді де, оларға ат қоюды ұсынады немесе өзі оларды атайды және үш-төрт баладан қайталап сұрайды. Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

Тәрбиеші балалардың өз есімін, құрбыластарының есімін, қуыршақтардың, жануарлардың атын анық және дауыстап айтуын қадағалайды.

«Тапсырманы орында»

Көрнекі құралдар. Ойыншықтар: қуыршақ, қоян, қонжық, доп, керует, қоянға арналған телпек және жейде, үлкен машина.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда ағылшын тілін оқыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың ағылшын тілі сабағында ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету
Қарым - қатынас арқылы шет тілдерін оқыту
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Баланың психикалық танымдық процесін дамытуға арналған ойындар
ТІЛ ДАМЫТУ САБАҒЫНДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектепке дейінгі қазақ тілін оқыту үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдер арқылы балаларды сөйлеуге үйрету
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуді дамытуда ойындарды қолдану және коммуникативті құзіреттілігін дамыту
Балалардың сөйлеуін дамытуда дидактикалық ойынның рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz