ҚАЗАҚ ЛИРИКАСЫ ЖӘНЕ ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Дипломдық жұмыс
Ұлықбек Есдәулет лирикасындағы көркемдік ізденістер
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I Тарау. ҚАЗАҚ ЛИРИКАСЫ ЖӘНЕ ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ
XX ғасырдың лирикасы және жазушы Ұлықбек Есдәулет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Дәстүр сабақтастығындағы Ұлықбек Есдәулет поэзиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II Тарау. ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕР
2.1. Жазушының азаматтық лирикасының көркемдігі ... ... ... ... ... ...
2.2. Ақынның лирикаларының құрылысы мен өлшем өрнектері ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .

КІРІСПЕ
Қазақ әдебиетіміздің XX ғасырда дамуы еліміздің тарихи-әлеуметтік жағдайына тікелей байланысты болды. XX ғасырда қазақ халқы ескі дәуірлермен салыстырғанда біршама өзгерістерді өткізіп, бір қадам алға аяқ басқан болатын. Халқымызға Еуропалық өнердің иісі аңқып, өнер-білім иісі бүкіл қазақ даласына тарады.
Қазақ майталмандарының жазу, сөйлеу, айту шеберлігі бұл ғасырда еселене түсті. Олар әдебиетіміздің дәстүрлі жүлделерін игеріп қана қоймай, одан да тереңірек ізденісте болды. Батыс пен Шығыс поэзиясына қолы жетіп, өрісін кеңейтті. Қазақ поэзиясы көнеден келе жатқан толғау, өсиет, жыр, арнау, өлең секілді басым болып келген көне жанр түрлеріне жаңалықтар қосты. Қазақ лирикасының өзі көптеген жаңа жүйелерге қол жеткізді. Бұрындары лириканың дидактикалық сарыны көп болса, ендігі оның пейзажистік, суретті, образдылық тұстары көріне бастады. Адам баласының қарым-қатынасы, ішкі сезімдері, махаббат сезімдері, психологиялық жан дүниесі, нәзік лиризммен әсерлі көрініп, адамның іші мен сырты бірегей әсем, жоғары адамгершілікпен бағаланды. Адам өмірі ерекше жырланып, дәуір жаңалықтары болып жырға қосылған.
Хакім Абай қазақ поэзиясында жаңалық сыйы болып, оның реалистік бет-бейнесін айқындаса, ән өнерінің қазақ жеріндегі жаңа бастамасын Біржан мен Ақан бастап берген болатын. Бұл асылдың сынықтары өнеріміздің дамытудағы әсерлері, олардың өніп-өскен орталары, сіңірген өнегелері, еңбектерінің барлығы сабақтас болып келеді. Қазақ жерінің сал-серілері атанған Біржан мен Ақан шығармалары біз басты назарға ұстап отырған азаматтық лириканың бас нысаны десек те болады. Олар өздерінің сол шағындағы таланттарын барлығын өскелен жас ұрпаққа арнап, солардың жүрек түкіпіріндегі сезімді толғандырар керемет еңбектер жасап қалдырған. Шың жетпес адамгершілікке толы өмірлік поэзия, асқақ әдемі әуендерін қалдырған болатын.
Поэзия-әдебиетіміздің көне бір саласы. Базарбаев Мүсілімнің сөзімен айтқанда ...жасаған сайын жасаратын жанды сала [1.3-б]. 20 ғасыр қазақ әдебиетін биік шыңға көтерген ғасыр болды. Лирика жанры да біраз шыңға көтерілді. Ақындар, жазушылар лирика жанры арқасында қоғамымыздың ең деген өзекті мәселелерін көтеріп, тақырыбы жағынан көркейіп, сұлу сөзбен суреттеліп, көркемдік жағынан ерекшелене түсті.
Поэзия туралы Ұлы Абай атамыз: Туған жер есігін ашады өлең... немесе Өлең-сөздің патшасы, сөз-сарасы, -деп жоғары бағаласа, Мұқағали Мақатаев атамыз Поэзия-менімен егіз бе едің? Сен мені сезесің бе, неге іздедім... -деп, ақындықтың табиғаттан берілген сый екенін дәлелдеп тұрғандай. Ал Төлеген Айбергенов ағамыз Ақын болып өмір сүру-оңай деймісің қарағым... -деп ақындықтың артында ерен еңбектің, үлкен жауапкершілік тұрғандығын жеткізгісі келді. Ал лирика туралы Зейнолла Қабдоловтың сөзінен дәлел келтірсек грек. Lyra-лира аспабымен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі. Ой мен сезімді бір-біріне астастыра суреттейтін терең психологиялық еңбек. Лирикалық өлеңдер көбіне ауыз әдебиетінен бастау алады [2.56б]
ЗЕРТТЕУ КЕЗІНДЕГІ ӨЗЕКТІЛІКТЕР
Қазіргі кезде қазақ әдебиеттану ғылымында лирика жанрына көптеген өзгерістер енуде. Адам баласы еңбектеніп, жасаған сайын, әдебиет те қалыспай жасай бермек, әдебиет зерттелгенде, лирика да өз зерттелуін тоқтатпауда. Лириканың тарихына, даму процестеріне, поэтикасына байланысты әр түрлі ғылыми еңбектері жарық көру үстінде. Ол еңбектін ішінде жеке ақындардың шығармашылығына қатысты да еңбектер көп. Дегенмен бас қала Нұр-Сұлтаннан шалғай орналасқан облыс орталығын мекен етіп, қоғамның өзекті мәселелерін көтеріп, шындық пен шынайылықты ту етіп желбіретіп жүрген ақындардың бірі-Ұлықбек Есдәулет шығармашылығына, азаматтық лирикасына қатысты ғылыми еңбектері жоқ деп айта аламыз. Ақындығына батырлығын, батылдығын жолдас еткен жазушы еңбектеріндегі азаматтық лириканы негізге ала отырып, қоғамдағы саяси өзгерістер мен азаматтық бастаудан біраз ақпараттар аламыз. Бұл дипломдық жұмысымның басты тақырыбы әдебиеттану ғылымы үшін, қоғамымызда болып жатқан өзекті мәселесімен және де мәдени-рухани дамуымен ерекшеленеді.
ҚР Мемлекеттік Алаш сыйлығының лауреаты, талантты ақын Ұлықбек Есдәулет шығармашылығы туралы біраз мақалалардан басқа зерттеу еңбектері жоқ. Мақалалардың басым бөлігі ақын шығармашылығына жалпылама сипаттаулар жасаудан басқалары берілмеген. Ақынның азаматтық үні, ұлттық болмысы және де өз заманының біршама басты мәселелерін көтерген еңбектері арнайы зерттеуді талап етеді.
Диплом жұмысым осы бір тың дүниелерді саралап, тақырып мазмұнын ашуға бағытталады.
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Диплом жұмысымның негізгі мақсаты Ұлықбек Есдәулет шығармашылығындағы азаматтық лириканың тақырып және идеялық мақсатын айқындауға бағытталған. Содан кейін, жұмыстың негізгі міндеттері айқындалады:
Ұлықбек Есдәулет өлеңдерінде азаматтық лириканың, поэзиялық шығармаларының бейнесі арқылы танылатынына дәлел келтіру;
Қазіргі таңдағы поэзиядағы азаматтық жолдың ашылуына жанрлардың ықпалын көрсету;
Ұлықбек Есдәулет шығармашылығы арқылы ұлттық болмыс пен азаматтық әсем әуеннің ұқсастық қатынастарын дәлелдеу;
Азаматтық лириканың сұлбасын көрсету аясында бүгінгі таңдағы қазақ поэзиясының алғашқы жеңістерін, көркемдік ізденістеріне бір шолу жасау;
20 ғасырдағы қазақ поэзиясына тоқтала отырып, Ұлықбек Есдәулет өлеңдеріндегі дәстүр мен өзіндік жазбаларын айқындау;
Ұлықбек Есдәулеттің негізгі бейнелеу әдісінің сырын толықтай ашу мақсатында және де ақынның поэзиясындағы басқа да тіл құдіретінің көзі антоним, синонимдердің қолданылуын көрсету.
ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ
Зерттеу кезінде Ұлықбек Есдәулеттің Жұлдыз жарығы Ғұмыр жас Жүректегі жарылыстар Әбілхаят Ұлыстың ұлы күні Ұлықбек Есдәулеттің 3-томдық жинағы Заман-ай Киіз кітап атты жыр жинақтарын жиыстырдым.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Диплом жұмысым кіріспеден, екі тараудан, бір тарау екі тармақша, екі тарау екі тармақша, қорытынды және де пайдаланылған әдебиеттер тізім жолдарынан тұрады.

I Тарау. ҚАЗАҚ ЛИРИКАСЫ ЖӘНЕ ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ
XX ғасырдың лирикасы және жазушы Ұлықбек Есдәулет
Дәстүр сабақтастығындағы Ұлықбек Есдәулет поэзиясы
XX ғасырдың 60-жылдарының соңын ала қазақ поэзиясына сырнайдай сыңғырлаған жаңа бір үн араласты. Мектеп оқушысының өзіне-өзі сенімді, құлын мүшесі шиыршық атқан жырлары талай кәнігі қаламгерлерді таң қалдырмай қоймады. Лениншіл жас газеті, Жалын аламанына Ұлықбек Есдәулет өлеңдері ақша бұлт боп ұшып келді.
1954 жылы 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылында дүние есігін ашқан.
Әдеби ортаға бірден танылу-кез келген ақынның үлесі емес. Ұлықбек ақынның жұлдызы сол кезден-ақ жарқырап жанды.
1972 жылы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетіне келіп түскенге дейін ол облыстық Коммунизм туы газетінде қызмет істеп, шыңдалады. Жоғары білім алған соң, республикалық басылымдарда, ҚР Сыртқы істер министрлігінде, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде жауапты жұмыстар атқарған ол поэзия кемесіндегі ғимараттың биік қабатынан төмен түспеді. Қазір Қазақстан Жазушыларының әдеби-әлеуметтік Жұлдыз журналын басқарады. Қазақстан Жастар Одағының, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Құрмет орденімен, Ресейдің Есенин алтын медалімен марапатталуында заңдылық бар. Әр уақытта жарық көрген жыр жинақтарына Қадыр Мырза Әли (Көздеріңе ғашықпын.-1974 жыл), Қ.Шаңғытбаев (Жұлдыз жарығы.-1977жыл), Әбіш Кекілбайұлы (Киіз кітап.-2001жыл) алғысөз жазып, батасын берген. Жекелеген кітаптарын атамағанның өзінде Ұлықбек Есдәулет таңдамалы шығармаларының 2 томдығын (2006), шығармалар жинағының 6 томдығын (2006-2009) жариялады. Орыс тілінде Перевалы Алтая (1988), Ахиллесова пята (2003) атты жинақтарымен танымал. Әлем халықтарының классик ақындарын[1т.376б] қазақша сайрату-Ұлықбек Есдәулет үшін қызықты шаруа. Қара пима, Көздің құны, Сарыарқа пирамидалары, Натюрморт поэмалары арқылы эпикалық жанр мүмкіндіктерін соны стильдік өрнектермен толықтырды. Естелік-эсселер кітабын (Әбілхаят.-2010жыл) шығарды. Әріптес досы Жүрсін Ерман туралы Егемен Қазақстанда (11.02.2011) Ұлытауға іні тау атты мақала жариялады. Сонымен, әдеби сынды тұтас қаламгер қауым ортақтасып өріске қондыратынын дәлелдеді. Бұл оның Ынтық зар (2009) кітабымен бірге XXI ғасыр әдебиетінің ұлы шеруіне мерзім жағынан басы ашық түрде қосқан үлес-қадамын саралауға негіз береді. Қара өлеңнен сараңдық көрмесе де, Ұлықбек Есдәулет асықпай жазады, талғаммен тыныстайды, саннан гөрі сапаны бағалайды. Ақынның Намаздыгерде қолатта, Іздер, Жаңбырлы таң, Альбомға, Фатализм, Мен сені ғұмыр бойы іздегенмін тәрізді т.б. аймаңдай өлеңдерінде өмірдің терең, қайшылықты табиғаты, ақын жанының күрделі, күрескер болмысы іргелі сөздің поэтикалық құдіретімен сомдалады.
Әбіш Кекілбайұлы Ұлықбек Есдәулеттің Қазақия өлеңі туралы мынадай алыстан қозғайтын ойын талқыға салады: Дәл бүгін ешқайсымыздың кешегінің тұтқынында қалуға құқымыз жоқ. Еліміз үшін, жеріміз үшін шыңдап күйзелетініміз рас болса, алдымен өзімізді-өзіміз қолға алып, ақыл мен сезімді өкпе мен бопсаға қор қылмай, үміт пен тәуекелге билетпегіміз абзал. Тәуелсіздік қазақ халқы үшін сын мен сынаққа толы дәуірге аяқ басқанымызға айғақ. Осы шығармасында шайыр туған ұлтының бар байлығын, бай қуатты болашағын ең бастысы азаттықпен байланыстырады.
Ал Ынтық зар кітабындағы Бостандық жырында ол:
Азаттықты ар-намысқа сыңар қып,
Сұлап едік самырсындай құлар тік.
Қаншама ақын атыңды атап көз жұмған,
Жүректер мен жүйкелерге жүк артып.

Сыңғырлаған бұлақтарды суалтып,
Сыбдырлаған құрақтарды қуартып,
Үміт нұры үзілерде үздігіп,
Келген едің жыл құсындай қуантып.
Енді бүгін қадіріңді қашырдық,
Сенген қойым, сен болсаң... деп кінә артып...
О,Бостандық!-[1т.377б]
дейді. Осындай атпен Мағжаннан бастап талай сүлей жыр пернесін күйлеген. Мағжан Жұмабаевтың Бостандықты ұшып кетуі мүмкін құсқа теңеуі сол заманда қате болмағаны аян. Шын азаттықты аңсаушылар 21ғасырға да жетті. Ақынға межелеп айтылатын толғам жалпы халықтың саны жоқ шексіз ғасырларға созылған еңсегей мұраты мен мұңы екені түсінікті. Метафора, теңеу, метонимияға құрылған алғашқы шумақта осы қастерлі жолда құрбан болған арыстар мен боздақтар бейнесі айшықталған. Жүректер мен жүйкелер концептісі тек сандық ұғымдармен шектелмейді. Олар тұтас ұлттың саналы бөлігіне тән асқақ әрекеттерді символикалық аяда тұспалдамақ. Нәтижесі белгісіз ұзақ күрестің ауыр салмақ-салдары таңбаланады.
Екінші шумақта метафора, теңеуге қосымша эпитет пен кері үдету амалдарының үлесі артады. Аллитерация, арнау үлгісі фразеологизм, пармеологиялық тәсілдер атқаратын логикалық, стилистикалық қызмет негізінен бұрынғы мәтіндерді қайталамау ниетімен ерекшеленеді. Концептуадық тұрғыда да соңылық бар. Ұлықбек Есдәулет тәуелсіздікті ес-түссіз лепіріп дәріптеуден аулақ. Оның бір шеті жасандылыққа соғар еді. Сыншыл көзқарас үстемдік алады. Елдің азаттығын жалпылама даңғаза ұранға айналдырудың зардабы жоқ емес. Әдеттегі қарапайым мәтел ирониялық әсер тудырады әрі юмордан да алыс қонбаған. Уақыттың біржақты жақсылығы ғана емес, қарама-қарсылыққа толы заңдылықтары топшыланады. Постмодерннің бері мысқылын (самопародия) қолтығына қыстырған мейлінше реалистік мақамның тұғыры биік.
Өлең Бостандыққа әртүрлі биіктен қарауымен ойлау демократизміне жол ашады. Азаттықты сүймеу мүмкін емес. Ал халықтың көпшілігі одан тек қана игілік, молшылық, шексіз еркіндікті күтері хақ. Қоғам тынысы мұндай жұмақты ұнатқанмен, шындық әлде қайда күрделі. Бостандықты қолға алу аз, оны қорғау, жетілдіру, тұрақтандыру неғұрлым қиын. Ақын өткен, бүгінгі және болашақ уақыт пен кеңістік аяларын табыстыру арқылы мәселенің шешімін ұстата салуға ұмтылмайды, тәуелсіздікке қатысты мейлінше терең, диалектикалық көзқарастың қажеттігіне меңзейді.
Ұлықбек Есдәулеттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлықбек Есдәулет поэзиясының поэтикасы
Ұлықбек Есдәулеттің поэзиясындағы табиғат тақырыбына шолу
Ұлықбек Есдәулетұлының ақындық мұрасы
ХХ басында қазақ жазба әдебиеті
Ұ. Есдәулетов поэзиясындағы азаматтық үн
Тәуелсіздік жылдарындағы поэзияның егемендік келбеті
Табиғат лирикасының қазақ әдебиетіндегі көріністері
Қазіргі қазақ өлеңінің құрылысы: дәстүр және даму үрдістері
Қазақ поэзиясының ұлттық сипаты
Характер мен жағдайдың байланысы
Пәндер