Әдеби эссе


Абай атындағы қазақ ұлттық педогогикалық университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Эссе түрлеріне қатысты пікірлерді талдау
Тапсырған: Бағашар Аружан
Қабылдаған: Балтабаева Жаңалық
Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" - ойлау.
Эссе филасофияның, эстетиканың әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің. тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе - соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.
Эссе түрлері 1. Сипаттамалық 2. Анықтамалық 3. Хабарламалық 4. Салыстырмалы немесе кереғар 5. Дәлелдеме 6. Аргументтік 7. Әдеби
1. Сипаттамалық эссе . Сипаттамалық эссенің мақсаты адамның, жердің, заттың немесе дебаттың бейнесін сипаттау болып табылады. Детальдар арқылы оқырманға сипатталған затты елестеткізеді.
2. Анықтамалық эссе. Анықтамалық эссенің мақсаты дәлелдер, терминдер және (анекдоттар қолдану) арқылы берілген терминнің мағынасын ашу.
3. Хабарлама эссе. Субъективтік көзқараспен оқиғаны сипаттау және бірінші жақта, өткен немесе осы шақта жазылатын эссе түрі хабарламалық эссе. Хроникалық реттілікте жазыла бермесе де, адамның тәжірибесі мен ойына сүйенеді. Әңгімешінің ойын және субъективтіліктің жалпы белгілерін бейнелеу - бұл эссенің басты мақсаты.
4. Салыстырмалы немесе кереғар эссе. Салыстырмалы немесе кереғар эссенің мақсаты екі немесе одан да көп мәселелердің қарым-қатынастарын тарқатып жазу. Жалпы, басты мақсат - жеңіл-желпі айырмашылықтар мен ұқсастықтар табу жеткіліксіз екенін көрсету. Бірден көзге түсе бермейтін болса да, олардың арасындағы маңызды айырмашылықтар мен қатынастарын терең зерттеу нәтижесі көрсетеді.
5. Дәлелдеме эссе. Дәлелдемелік эссенің мақсаты - айтылған оймен оқырманды көндіру. Оқырманның зейінін аудартып, қатаң дәлелдер көрсету арқылы жазылады.
6. Аргументтік эссе. Аргументативтік эссе көбінесе қарама-қайшылық тудыратын тақырыптарда жазылады. Аргументтер қолдайтын себептермен бірге берілуі тиіс. Қарсы ойларды көрсету немесе оларды жоққа шығару - бұл эссе типінің жалпы сипаттамасы.
7. Әдеби эссе. Әдеби эссе басқа эссе түрлеріне ұқсамайды. Біріншіден, ол әдеби шығармаларға негізделген. Екіншіден, автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген, яғни түсіндірмені қажет ететін пікірталас немесе жұмбақты табуды қажет етеді. Ол үшін тәжірибе керек. Таңдаған шығармаңызға басқа көзбен қарасаңыз, ерекше қолданылған әдеби жанрлар, күтпеген сюжеттер мен оқиғаларға, тіл ерекшеліктеріне толы болады.
Әдеби эссе - эссе түрлерінің ішіндегі ең күрделісі. Ол жазылу мақсатына қарай Әдеби-талдау эссе, әдеби-сыни эссе, әдебисинтез эссе, әдеби-дәлелдеме эссе, әдеби-салыстырмалы эссе, Әдеби-шығармашылық эссе болып бөлінеді. Әдеби эссенің әр түрінің жазу әдістері бар. Әдеби-талдау эссені туындыға талдау жасай отырып жазады. Әдеби-сыни эсседе автор көзқарасына, автор бейнесіне, автор үлесіне сыни көзқарасын, пікірін білдіріп жазады. Әдеби-синтез эсседе бір тақырыптың бірнеше туындыдағы көрінісін талдай келе, шешім шығарады. Шешіміне талдау жүргізе отырып, қорытындыға келеді. Әдеби- дәлелдеме эсседе өз ұстанымын көрсете отырып, аргументтер арқылы дәлелдеп жазады. Эссе тақырыбы эссенің мақсатын, эссенің өн бойында не сұралып отырғандығын, қандай мәселені қозғайтындығын көрсетеді.
- Кіріспе - берілген тақырыптың мәнін ашатын бөлім. Бұл бөлімде қандай сұрақтарға жауап іздейтіндігіміз анықталады.
- Неізігі бөлім - негізгі ой мен мәселеге байланысты аргументтер жинақталған бөлім. Негізгі бөлімде дәлелдер, дәйектемелерді, түрлі статистикалық мәліметтер мен схемаларды қолданып тақырыпты ашады, көтерілген мәселені айқындап, оның туу себептерін көрсетеді.
- Қорытынды - тақырып бойынша түйін. Қорытындыда жаңа ой енгізілмей, дәлелдемелер бойынша түйін шығарады, шешу жолдарын көрсетеді.
Эссе жанрына қатысты көптеген көзқарастар берілген. Солардың бірі «Эссе жанры тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше талғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры. Әдебиеттегі эссе - соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап- сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлемнің азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдаумен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеист интеллектуалдық байлығын, өмір саяхатындағы көрген-білгенін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән». Алайда бұл анықтамада эссе жанрының табиғаты толық ашыла қоймаған сияқты. Солардың ішінде Ж. Әбдіжәділқызының эссе тақырыбына арналған зерттеулерінде «эссе журналистің адамгершілік көзқарасын танытатын, авторлық позициясын айқындайтын, кәсіби деңгейін аңғартатын, қалың бұқараның санасына тікелей ықпал етіп, сол арқылы қоғамдық пікір тудыратын жанр» деп, эссені журналистикамен байланыстырады. Ал Д. Ысқақұлы болса, эссені көркем әдебиетпен сын өнеріне қызмет ететін «телқоңыр» жанр ретінде көргісі келеді: « . . . сын жанрларының ішіндегі эссе жанры - әдебиет жайлы не бір құнарлы ойлардың бір бұлағы, әдебиетіміз, қаламгерлеріміз хақында жүректі жарып шыққан ақжолтай пікірлерді оқырмандарға жан жылуымен, әсем әсерімен, бейнелі бояуымен сол күйінде жеткізудің бірден бір арнасы. Көркем әдебиет пен оның сынының арасында жүріп, екеуіне бірдей қызмет ететін өміршең жанр. Қазақ эссеистикасы әлі жас. Оның болашағы алда. Қазақ әдебиеті мен сынында эссенің эссеистика аталатын үлкен өркендi салаға айналатындығына сеніміміз мол». Эссе жанр ретінде қазақ тілі мен әдебиетіне жаңадан еніп жатса да, эссенің өзіне тән табиғатын Абайдың қара сөздері, Шоқан Уәлихановтың жазбалары, Алаш баспасөзіндегі Ахмет Байтұрсынов бастаған ұлт зиялыларының, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов сынды классик жазушылардың, әдебиет зерттеушілері З. Қабдолов, Т. Кәкішев, жазушылар Ә. Кекілбаев, М. Мағауин, Ш. Мұртаза, публицист-ғалым К. Қамзин, Б. Жақып, танымал журналистер Н. Жүсіптің туындыларынан көре аламыз. Сонымен эссе дегеніміз - нақты бір мәселеге байланысты адамның жеке әсерін, түсінігін, субьективті көзқарасын білдіретін, әр пікірі аргументпен дәйектелетін жазба жұмысы. Эссе - бұл еркін композицияға құрылған, көлемі шағын прозалық шығарма.
Эссе - еркін композициялық құрылымға негізделген немесе көркем-публицистикалық жанрдың бір түрі. Эссе қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес. Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді. Эссенің мақсаты - эссе жазушының өзіндік көзқарасын, сыни ойын жетілдіру, ұстанымын дәлелді бекіту үшін жан-жақты білім алып, ақпараттық қарулану, тақырыпты ашуда метатанымдық білігін тиімді Қолдану, шығармашылық қабілетін шыңдау, ой жүйелігін реттеу, жазу түрлеріне қарай жазу тәсілдерін таңдай біліп, эссе түріне қарай жазу стилін сақтау, ой жүйесінің бірізділігін сақтауда сөз оралымдарын тиімді Қолдану, шығармашыл жазбаларда сөздік қорының байлығын дамыту, талдау жұмыстарында қажетті сөздерді қолдану.
Эссе жазу кезінде қысқа фразаларды ұзын сөз тіркестерімен кезектестіріп қолдану керек. Бұл жағдайда мәтін оңай оқылуға жеткілікті серпін болады. Эсседе күрделі және түсініксіз сөздерді қолданбаңыз, әсіресе сөздің мағынасы шала таныс болса, мүмкіндігінше жалпы сөйлемдерді (фраза) аз қолданыңыз. Эссе автордың жеке басын көрсететін бірегей, жекеленген жұмыс болуы керек. Әзілді өте мұқият қолданған жөн. Өйткені, сарказм және дөрекілік оқырманның ашуын келтіруі мүмкін. Жеке тәжірибе, естеліктер мен әсерлерді көрсету - өз көзқарасыңды және оқырманның сенімін растаудың тамаша тәсілі. Тақырыпты және негізгі идеяны ұстаныңыз, және одан ауытқымай, қажетсіз мәліметтерді сипаттаудан аулақ болу қажет. Эссе - ұсынылған тақырып бойынша өздік жазба жұмысы. Эссе мақсаты өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту. Мұғалім өзі істейтін мемлекеттік мекеме мен өз әрекетінің ерекшелігін басшылыққа алып, эссе тақырыбы мен атауын таңдайды. Эссе жазу авторға өз ойын дәл және сауатты жеткізуге үйретеді, ақпаратты жүйелеуге, талдаудың негізгі категорияларын қолдануға, себеп - салдар байланыстарын бөлу, қажетті мысал келтіру, өз қорытындыларын дәлелдеу, сөйлеудің Ғылыми стилін үйрену. Эссе мазмұны қойылған мәселе бойынша нақты баяндалады. Мәселе бойынша авторлық позицияны қорытындылайтын, қорытынды, Концепция және сөздікті қолдануымен өткізген талдау жазылады. Тақырып ерекшелігіне қарай, эссе түрлері қомақты деңгейлік болу мүмкін. Кейбір кездерде оқитын тақырып бойынша мәліметтерді талдау болу мүмкін, бұқаралық ақпарат басылымдардан материалдардың талдауы және толық пікірлермен, мысалдарды іріктеу мен нақты талдау, мәселені суреттейтін және т. б. оқитын Модельдерді қолданумен ұсынылған мәселені нақты талдау болып келеді. Эссе жазу - Дәлелдеудің классикалық жүйеге негізделген түрі, бұл - сұраққа жауап немесе тақырыпты ашу. Ойды ашық және дәл білдіруге тырысыңыз, эссе сөз тіркестері мен фразалар іріктелген және нақты болу қажет. Эсседе барлық жұмыстардағы сияқты ішкі логика болуы тиіс.
Эссе жанры еркін шығармашылықты болжалдайды. Оның жақсы ерекшелігі автор өз ойын өз еркiнше кез келген тақырыпта жаза алады. Эссе - бұл қандай болмасын мәселе бойынша ойланып-толғану, сол себептен эсседе басқа авторлармен (олардың пікірлерімен) пікірталас өрбиді. Басқа авторлардан цитат келтіруге болады, бірақ орынды және сирек қолданған жөн. Эссе - өз тілімен және стилімен жазылған өздік жұмыс, сондықтан дәйексөздер (цитата) аз болған да жақсы.
Эссенің алдында - автор тұлғасы. Оның ойы, сезімі, әлемге деген көзқарасы шығарма негізі болып келеді жазуда қиындық туу мүмкін. Бұл тақырып, жазу стилін таңдау және кез келген мәселеге ерекше ой.
Эссе кез келген тақырыпқа кәсіпорнының қаржылық-шаруашылық әрекетін талдаудан қоғам сатысына дейін бес абзац немесе жиырма бетке созылуы мүмкін. Бастысы, сіз жазып отырғаныңыз - эссеге жарайтын болғаны. Эссе француз тілінде талпыну, тырысу дегенді де білдіреді. Әдетте, эссе - өз көзқарасыңызды түсіндіру талпынысы, ал жақсы жазылған эссе үнемі ашық, түсінікті және ақпаратқа толы болады.
Әдебиеттанушы ғалымдар қазіргі эссенің бірнеше түрін анықтап көрсетеді, оның көп қолданатын басты түрлері:
- Публицистикалық эссе,
- Әдеби-сын эссе;
- Әдеби эссе;
- Философиялық эссе;
- Ғылыми эссе;
- Ғылыми-көпшілік эссе;
- Классикалық эссе,
Тарихи - библиографиялық эссе. Эссенің классификациялары. Мазмұны жағынан эссе келесідей болады:
- философиялық,
- Әдеби- сындық,
- тарихи,
- көркемдік,
- көркемдік-публистикалық
- рухани-имандылық және т. б.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz