Диуани Хикмет еңбегі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
Қазақ және орыс тілі кафедрасы

Реферат
Қожа Ахмет Иассауйдің Диуани Хикмет еңбегі.

Орындаған:
1 курс студенті
Ақашев Алишер
Тексерген:
Бакиева А.К.

Өскемен 2020
Мазмұны:
1. Кіріспе
2. Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен шығармашылығы.
3. "Диуани Хикмет" еңбегі.
4. "Диуани Хикметтің" теһеранда шыққан аудармалары.
5. Қорытынды

Кіріспе
Бүкіл түркі халқы қасиет тұтқан Қожа Ахмет Иасауи бар өмірін Алланың ақ жолында арнаған ғұлама. Ол - Құдай сөзі Құран кәримнің мағынасын Диуани хикмет атты баға жетпес туындысында жырлап шыққан білімдар жан. Жеті жасынан бастап ғылымның соңына түскен зерек жас талаптануын, оқуын, ізденуін бір сәтте толастатпапты. Біз ақынның егіліп - төгіліп айтқан жан сырынан оның өнер - білімге жастай біржолата бой ұрғанын байқаймыз:

Құл Қожа Ахмет, жеті жаста алдым сабақ,
Сегізімде дүние қызығын қойдым талақ,

-- десе Қожа Ахметтің тіпті ерте есейгенін, балалықтың бал дәуренінен гөрі, жұмбақ дүниенің құпия сырына алаңдауының мол болғанын аңғарғандай боламыз. Ақын жатпай-тұрмай, бір ғана ғылымды іздеп, соның ғана соңына шырақ алып түскендіктен өз заманының асқан оқымысты ғұламасы, әулиесі, данышпаны дәрежесіне көтеріледі. Елі-жұрты алақанына салып аялап, өзі түгіл, басқан ізін де қадір-қасиет тұтады. Қожа Ахметтің үлкен қасиетін шынайы сезінген Әмір Темір Көреген ол кісіге арнап алтынмен аптап, күміспен күптелген ескерткіш соғыпты. Ақынның күн нұрымен шағылысқан зәулім күмбезі оның атақ-абыройын дүниенің төрт бұрышына тұтас жайғаны белгілі. Асқан тақуа Қожа Ахмет Иасауи жайлы көптеген ғалымдар аса құнды пікірлер, ғылыми қорытылған ойлар айтқан, солардың ішінде шығыстың ұлы ақындарының бірі - Ә. Науаидың орны бөлек. Ол кісі Насиймбул махаббат атты кітабында: Қожа Ахмет Иасауи Түркістан жұртының шайхы-машайығы-дүр. Атақ-даңқы кеңінен мәшһүр, кереметі шексіз де шетсіз екен. Имам Жүсіп Хамаданидің сырласы', - депті. Біз де аса білгір Ә. Науаидың бүкіл түркі елдерінің ішіне өзінің оқымысты шәкірттерін жіберіп, ислам дінін жан-жақты кеңейткенін де айтып өткенді жән көрдік. Ақынның осындай кереметін көп зерттеп, көп қарастырып, ұып байқаған И. Хаққүлов: Ахмет Иасауи түркі сопылық поэзиясының атақты өкілі - депті. Иә, ғалым айтса айтқандай Қожа Ахмет Иасауи сопылық әдебиеттің бастаушысы. Ертеде ел аузында хикметі түспей күн сайын айтылып отырған, әсіресе діншіл қауым алқа-қотан отырып өзіндік мақам, өзіндік сазымен жатпай-тұрмай толғап отырғаны көне құжаттардан белгілі. Қожа Ахмет Иасауи халықты адал еңбекке де үндеген, ол үшін ерте түру керектігін, таң намазының кезінде Алланың ырызғысының жауатынын бар жанымен тебірене толғапты. Артына осыншама өшпес мәңгілік мұра қалдырған Қожа Ахмет Иасауи айтылмай, зерттелмей, жабық, құпия күйінде келгені көпке белгілі. Қазіргі жасырын дүниенің беті ашылып, көпшілікке жарқырап жетіп жатқан мамыражай заманда ғұлама жанды тексеріп қарап хикметтерін аударушылар да шыға бастады, солардың ішінде Сәрсенбі Дәуітовтың де Диуани хикмет атты зерттеу еңбегі бар. Бұл жұмысты төрт аяғынан тең басқан мүлтіксіз, мінсіз деп айта алмаймыз, Дегенмен ғалымның ізденгені, Қожа Ахмет Иасауиге байланысты біраз дүниені қарағаны, зерттегені көрініп тұр.

1. Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен шығармашылығы
Ахмет Яссауи Оңтүстік Қазақстанның Сайрам қаласында 1103 жылы дүниеге келген. Әкесі ИбраҺим сөз қадірін түсінетін білікті адам болған. Шешесінің аты - Қарашаш. Жастайынан жетім қалып, жоқшылық тақсіретін шеккен Ахмет Яссауи туыстарының қолында тәрбиеленеді, бала кезінен Яссы шаһарын мекен етеді. Кейіннен осы қаланың атымен Яссауи атанады. Ол білімді кезінде ғылым мен мәдениет орталығы ретінде даңқы шыққан Түркістаннан 50 шақырым қашықтықтағы Отырар қаласында жергілікті дінбасы Арыстанбабтан алады. Өзінің ана тілінен басқа арабша және парсыша сөйлей білген. Арыстанбаб қайтыс болғаннан кейін ол Бұхараға барып Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп дәруіштік мектептен өтеді. Юсуп Хамадани қайтыс болғаннан кейін, 1140 жылы оның екі мүриті дүние салған соң, қауымды Қ.А.Яссауи басқарады. Алайда, ол көп ұзамай-ақ "құзырлы" тұғырды тастап, өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралып, Түркістанға тоқтайды. Сопылықтың идеяларын уағыздап, өзі жоқшылықта өмір сүреді. Сырдарияның орта және төменгі жағалауын мекендеген қаңлы, қыпшақ, қоңырат және көне түркі тайпалары арасында ислам діні енді ғана тарай бастаған болатын. Ал бұл дінді уағыздаушы Ахмет Яссауиді рухани басшы санаған халық оны "әулие ата" атап кетті. Дін уағыздаушы әрі ақын ретінде аты шыққан Ахмет Яссауидің басқа Шығыс авторларынан айырмашылығы - ол шығармаларын өз тілінде - көне түркі тілінде жазды. Қыпшақ мақалдары мен мәтелдерін көп қолданды. Ахмет Яссауидің бүгінгі ұрпаққа жеткен " Диуани Хикмат" өлеңдер жинағы өте жоғары бағаланды.
Әлі күнге дейін түркі тілдес халықтар ғана емес, көпшілік сүйсініп оқиды.
Ол Стамбул, Қазан, Ташкент қалаларында 19 ғасырда бірнеше рет кітап болып басылып шыққан, қазақтарға арнап оны 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлы жариялатады. Төрт тармақты өлеңнен жазылған осы шығармасында Ахмет Яссауи бала күнінен бастап 63 жасқа дейінгі өмірін баян етеді. Тірлікте көрген азабын, шеккен қайғысын тізеді, бұқара халыққа үстемдік жүргізуші хандарды, бектерді, қазыларды сынайды, фәнидің жалғандығын айтады. Бұл дүниенің өкініштілігін көрсетіп, аскетизмге, тағдырға сенуге уағыздайды, тәрки дүниеге салынады. О дүниенің мәңгілігін жырлайды. Сүлейман Бақырғани, Софы Аллаяр, Ахсани т.б. Ахмет Яссауидің жолын қуып, софизмнің жаршысы болады. Ел аузында Ахмет Яссауи туралы көптеген аңыз-әңгімелер бар. "Диуани Хикматтан" қазақ халқының ежелгі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, әтнографиясына қатысты бағалы фактілер табуға болады. Оның сүйегі жатқан мазары, Шығыстың орта ғасырлық архитектурасының маржандай үлгілері болды. Ахмет Яссауи бейітінің
үстіне салынған мазар ол қайтыс болғаннан 200 жылдан кейін, XIV ғасырда
тұрғызылды. Ахмет Яссауи зираты бұрыннан қажылық ету орнына айналды, оған үш мәрте тағзым етіп бару Меккеге қажылыққа барумен бірдей болды. Ахмет Яссауи мазары қазақ мемлекеттігінің нысанына айналып, кейінгі уақытта жалпы ұлттық зиарат-қорым қызметін атқарады. Қазақ халқының ұлы перзенттері - Есім ханнан бастап, Жәңгірхан, Тәуке хан, Абылай ханның, көрнекті билердің мүрделері осы жерде сақтаулы. Бүгінгі танда ортағасырлық Шығыс сәулет өнерінің інжу-маржаны болған бұл кесене бүкіл түркі, қалаберді, мұсылман дүниесінің тендесі жоқ алтын мұраларының бірі болып саналады.
Қ.А.Яссауидің өміріне байланысты көптеген аңыздар бар. Өйткені халық
жақсы көрген адамдары туралы кей нәрселерді тым асырып айтады. Бүл барлық қоғамда кездесетін жағдай. Біз тарихи жағдайларға сүйене отырып, Әзіреттің өмірін қысқаша баяндаймыз. Қ.А.Яссауи Сайрамда дүниеге келді. Туылған жылы нақты белгілі емес. Бірақ көптеген тарихшылар 1093 жылы деп белгілейді. Әкесі Ибраһим ата ғалым, анасы Қарашаш деп аталып кеткен. Айша-Бибі: Айша-үлгілі отбасының қызы болған. Екеуінің мазары Сайрамда. Сайрамның ескі аты - Испиджап болған. Қ.А.Яссауи кішкене жасынан әкесінен ілім ала бастаған. әкесі қайтыс болған соң әпкесі-Гауһар шахназбен Яссыға кетеді. Яссы-Түркістанның ескі аты. Яссыда Арыстанмен кездесіп біршама уақыт соның тәрбиесінде болған. Арыстанбап оның екінші әкесіндей болған кісі. Арыстанбаптың мазары Отырар ауданының орталығы Шәуілдірде орналасқан. Қ.А.Яссауидің өмірінің көбісі Яссыда өткені үшін Яссылық мағынасын беретін Яссауи деп аталып кеткен. Яссауи сол дәуірдің ілімі мен рухани орталығы болған Бұхарға барады. Ол кезде жасы 20-ның үстінде болған. Бұхар медреселерінде заманның ең мәшһүр ғалымдарынан ілім алады. Араб, парсы тілдерімен қатар діни ілімдерді де жоғары дәрежеде оқып үйренеді. Бұхарада оның негізгі ұстазы Юсуф Хамадани. Бұл ұстазы заманының ең мәшһүр, ғалымы және әулиесі еді. Юсуф сонымен бірге пір болған. Яғни сопылық ілімін жақсы білген сол жолмен тәрбиелеген адам болған. Қ.А.Яссауи одан әрі шариғат ілімдерін үйреніп, әрі рухани тәрбие алып пір дәрежесіне жетеді. Оның ең таңдаулы үш шәкіртінің бірі болды. Біраз
уақыт Бұхарада шаихтық жасап, кейін Яссыға қайтады. Қ.А.Яссауи күнделікті қажетін өз еңбегімен тапқан. Ол ағаштан түрлі ыдыстар жасаған. Үстаздығы үшін халықтан ештеңе алмаған. Ол өзін көрсетіп, ерекшеленгенді сүймейтін, халықпен бірдей қарапайым өмір кешкен. Әр ісінде Мұхаммед пайғамбарды үлгі түтқан. Әр уақыт халыққа насихат жасаған. Ең маңыздысы халыққа түсінікті тілмен сөйлеген. Заманының ғалымдары парсыша немесе арабша қалағанда, ол түрік тілін қолданған. Яссауидің есімі - Түркістанда аз уақытта белгілі болып, үйі жан-жақтан келген кісілермен үнемі толып отырған. Орта Азияда исламды қабылдаған түрік тайпалары одан нағыз мүсылмандықты үйренген. Қ.А.Яссауидің насихаты халыққа түсінікті өлең түрінде болған. Оның бұл өлеңдеріне хикметтенеді. Хикметтері түрік тайпалар арасында ауызша тарап көпшілігі жатқа білетін болған. Қ.А.Яссауи 63 жасында
мен пайғамбар жасынан ұзап дүние нығметтерін пайдалануға ұяламын деп, жер астындағы кішкене бөлмеде өмірінің соңына дейін жасаған. Қайтыс болған уақыты да нақты белгілі емес, шамамен 1166 жылы делінеді. Бірақ Әзіреттің Хикметі бойынша жер астындағы бөлмеде тағы да 63 жас өмір сүргені айтылады. Олай болса, 126 жасында қайтыс болған. Мазары - Түркістан қаласында. Ол қазіргі күннің өзінде ең мәшһүр зиярат орындарының бірі болып табылады. Қ.А.Яссауидің шығармалары Қ.А.Яссауидің шығармаларының қазірден түп нұсқасы жоқ. Қолда бар нүсқалар болса, XVII ғасырдан кейінгі кезеңдерге тиісті екендігі нақтыланған.Тек стилді формасы мен мазмүны жағынан Яссауиге тиісті деген болжам жасалынады. Қ.А.Яссауидің Диуани Хикмет, Фақырнама, Миратул клуб атты шығармалар бар.
2. "Диуани Хикмет" еңбегі.
Диуани Хикмет еңбегі Қ.А.Яссауидің діни сопылық және моралдық ойларын қамтитын шығарма аты болып табылады. Әдебиетте ақынның таңдамалы жинағы беріледі. Диуани аты беріледі. Бірақ басқалардан өзгеше Яссауидің шығармасына Диуани Хикмет делінуі назар аударарлық жайт. Хикмет сөзі құран кәрімнің түскен аяттарында, пайғамбардың уағыздарымен қатар, кітап, шариғат деген мағыналарда қолданылған. Сөздікте төмендегідей мағыналарды білдіреді: Тәңірлік ақиқаттарды кұранның мағынасын терең түсіну ислам дінінің жалпы қағидаларына сай әрекет ету ислам философиясында болмыстың негіздің қүран өкімдеріне сай білу, әлемге байланысты шындықты, адам мен әлем тәңірі мен әлем арасындағы байланыстарды терең түсіну жолы болып табылады. Діни сопылық термин ретінде алынған білім негізінде қолынан келегенше амал жасау, рухтың кемелденуі барлық нәрсенің ақиқат жөнін білу, әлемнің сырлары сияқты ойлануды білдіреді.
Флат Қапрұлы мәшһүр шығармасы алғашқы мүтамалыфтар кітабында X ғ.
бері мүндай діни сопылық мәндегі шумақтарға Хикмет делінгендігін айтады.
Қазіргі түрлі Диуани нұсқалардың тілдік айырмашылығы да бұл
нұсқалардың түрлі адамдар тарапынан әртүрлі жерлерде және әрқилы уақытқа
тілге тиек етілгендігін айтады. Диуани хикмет нүсқалардың шумақтардың
тілі Яссауидің туып өскен және тәрбие алған жерін географиялық мөдени
шарттарымен өлкенің әкімшілік басқару жағынан қарастырғанымызда
М.Қашқаридің түрік тілінің ең жоғары түрі ретінде қабылданған қоғм
диалектісі яғни Қарахан түрік иесі болу керек. Бірақ қолымыздағы нүсқалар
кейінгі уақытта көбейтілгені үшін жергілікті тіл ерекшеліктері көптеп
көрінеді. Диуани хикмет жинағында орын алған хикметтің сандары да өзгеше.
Бір хикметте Яссауидің 4400 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам дінінен хабары бар жанға Хикмет тілі өте жеңіл
Қожа Ахмет Йассауи ислам дінін дәріптеуші
Диуани хикметтің тілі қай түрік тілінде
Қожа Ахмет Яссауидің өмірі
Қожа Ахмет Яссауидің шығармалары туралы жалпы түсінік
Ахмет Яссауй – түркі тектес халықтарының көрнекті ақыны, ойшыл қайраткер
Яссауи мұрасы
Қожа Ахмет Иассауйдің Диуани Хикмет еңбегі
Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті
Қожа Ахмед Яссауий кесенесі
Пәндер