Қылмыстық процесте азаматтық талаптың мәні
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті комерциялық емес акционерлік қоғамы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік құқығы
Тақырыбы: Қылмыстық процестегі азаматтық талап
Орындаған: ЮП-18-1 тобының студенті
Аманғалиева Алтынай
Рецензент: з.ғ.ғ., доцент Алибеков С.К.
Ақтау,2020
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Қылмыстық процестегі азаматтық талап ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...5
0.1 Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талап түсінігі мен негіздері ... ... ... .5
0.2 Азаматтық талап алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1 Қылмыстық процесте азаматтық талаптың мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
0.1 Азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердің процестік мәртебесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
0.2 Қылмыстық сот өндірісіндегі азаматтық талапты қоюдың, қамтамасыз етудің және шешудің тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.Қылмыстық іс бойынша қойылатын азаматтық талап өзінің мәнісі бойнша азаматтық істер бойынша қойылатын талап ұғымына сәйкес, болып табылады. Ал, азаматтық істер бойынша қойылатын талаптардың мынадай түрлері болады:
-өңдіру туралы талап;
-құқықтық қатынастарды тану (анықтау) туралы талап;
-құқықтық қатынастарды өзгерту немесе жою (тоқтату) туралы талап;
Қылмыстық істер бойынша қойылатын талаптар негізінен өңдіру талабына жатады.Яғни, бұл талаптардың мәні тікелей қылмыспен келтірілген мүліктік зиянды, сондай-ақ қылмыстың салдарынан болған шығыстарды өтеттіру болып табылады. Сонымен қатар, зардап шеккен тұлға қылмыспен келтірілген моральдық зиян үшін де өңдіру талабын қоюға құқылы.
Азаматтық талап қою.
Есі кіресілі-шығасылы адамдардың қылмысы немесе ҚР қылмыстық Кодексте көзделген әрекет нәтижесінде зиян шеккен адамдар не оның өкілі қылмыстық іс қозғалған кезден бастап, бірақ сот тергеуі басталғанға дейін кез-келген уақытта азаматтық талап қоюға құқылы. Азаматтық талап жазбаша нысанда беріледі. Талапты қандай қылмыстық іс бойынша , кім, кімге қандай негіз және қандай мөлшерде азаматтық талап қойылатындығы көрсетіледі, сондай-ақ зиянды өтеу үшін нақтылы ақша соммасын немесе мүлікті өндіру туралы өтініш жазылады. Азаматтық талаптың негізіне талаптың мөлшерін нақтылау қажет болған кезде ол адам қосымша азаматтық талап қоюға құқылы. Айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын адамдардың анықталмауы қылмыстық істе азаматтық талап қоюға бөгет болмайды. Қылмыстық процесте азаматтық талап қоймаған адамның сондай-ақ талабын сот ісін жүргізу тәртібімен қойылуы мүмкін. ҚІЖҚ-нің 62-баптың 2-бөлігінде көзделген жағдайда қылмыстық істе прокурор азаматтық талап қоюға құқылы.
Азаматтық талапкер деп тану.
Егер қылмыстық материалдарынан ақыл есінен айырылған адам қылмысы арқылы немесе ҚР Қылмыстық Кодексінде тыйым салынған әрекеттерімен азаматқы немесе заңды тұлғаға зиян келтірген деп қараса, анықтаушы , тергеуші, прокурор немесе сот оларға немесе олардың өкілдеріне азаматтық талап қою құқығы бар екенің түсіндіреді. Талап қойған жеке немесе заңды тұлға ҚІЖҚ-нің 77-бабының 1-бөлігі белгіленген тәртіппен азаматтық талапкер деп тану құқығы хабарланады және ҚІЖҚ-нің 77-бабының 4-бөлігінде көзделген құқықтары түсіндіріледі. Азаматтық талап қою үшін ҚІЖҚ-ң 154-бабында көзделген негіздер болмаған жағдайда талап қойған азаматқа немесе заңды тұлға азаматтық талапкер деп танудан бас тартуы мүмкін, бұл дәлелді қаулы шығарып, оған шағымдану құқығы түсіндіріледі. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында тұлғаны азаматтық талапкер деп танудан бас тартуы оны сотта сот тергеуі басталға дейін азаматтық талап қою және азаматтық талапкер деп тану туралы өтініш білдіру құқығынан айырмайды.
Қылмыстық іске қойылған азаматтық талапты қарау кезінде зиянды өтеу негіздемелері, шарттары, көлемі және әдісі азамматтық, еңбек және басқа заңдардың нормаларына сәйкес белгіленеді. ҚР бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайда халықаралық құқық нормалар мен шет мемлекеттің заңдары қолданылады.
Азаматтық талапкер өзі қойған азаматтық талптан бас тартуға құқылы. Азаматтық талапкердің қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында талаптан бас тарту туралы өтініші жазбаша туралы беріліп, қылмыстық іске қоса тіркеледі. Егер азаматтық талапкерді талаптан бас тартуы сот отырысында білдірілсе, онда ол сот отырысының хаттамасына еңгізіледі. Талаптан бас тартуды анықтаушы, тергеуші немесе прокурор қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізудің кез келген сәтінде қабылдайды, бұл туралы қаулы шығарылады. Талаптан бас тартуды сот қаулы шығара отырып, сотты іс қараудың кез келген сәтінде, бірақ сот үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кеткене дейін қабылдай алады. Талаптан бас тартуды қабылдағанға дейін қылмыстық процесті жүргізуші орган азаматтық талапкерге ҚІЖҚ-ң 168-бабының 4 - бөлімінде белгіленген бас тартуды салдарын түсіндіруге міндетті.
Курсттық жұмыстың құрылымы. Бұл курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, бес бөлімшеден, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қылмыстық процестегі азаматтық талап
0.1 Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талап түсінігі мен негіздері
Қылмыс арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік құқықтарының бұзылу жағдайлары сирек кездеспейді. Олай болса, қылмыстық-процестік қызмет қылмыстың тек оқиғалық мән-жайлары мен оны жасаған тұлғаны анықтаумен шектеліп қалмауы тиіс, ол сонымен қатар оның шеңберінде қылмыстың салдарын жоюға да бағытталуы тиіс. Қылмыс арқылы келтірілген материалдық шығынды өтеу пайдакүнемдік және лауазымдық қылмыстармен күрес жүргізуде үлкен маңызға ие болады; азаматтарды мүлікке қамқорлық көзқараста болуға тәрбиелейді; азаматтардың, әртүрлі меншік нысандарындағы қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын соның ішінде мүліктік құқықтарын да тергеудің барысында жүзеге асыру қылмыстық іс жүргізушілік құралдардың жиынтығымен қамтамасыз етіледі, олардың қатарында тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар тиісті тұлғалардың немесе органдардың құқықтық қызметтерін де түсінуіміз қажет. Қылмысты тергеу барысында тұлғаның мүліктік құқықтарын қорғаудың қылмыстық іс жүргізушілік құралдары жүйесі өзіне біріншіден, жәбірленушінің, айыпталушының процестің өзге де қатысушыларының заңда бекітілген, оларға өздерінің заңды мүліктік мүдделерін қанағаттандыруға және қорғауға мүмкіндік беретін, сол себепті де оларды қорғауды қамтамсыз ететін субъективтік құқықтарын кірістіреді.
Процестің қатысушыларының құқықтарының заңда бекітілуі оларға заң шеңберінде әрекет етуге және тиісті органдар мен лауазымды тұлғалардан өздерінің құқықтарын жүзеге асыруды, ал олар бұзылған жағдайда оларды қалпына келтіруді талап етуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, заң көрсетілген құқықтарға сәйкес келетін тергеушінің, анықтама органының, прокурордың қылмыстық істерді тергеу барысындағы жеке тұлғалардың мүліктік құқықтарын қорғау бойынша заңда қарастырылған шараларды жасақтау бойынша міндеттерін барынша айқын тұжырымдайды және бекітеді. Бұл міндеттердің заңда бекітілуі олардың орындалуының кепілдігінің қажетті шарты болып табылады.
Қылмысты тергеу барысында пайда болатын мүліктік құқықтық қатынастарды талдаудан байқайтынымыз оларға қатысушы тұлғалар субъективтік мүліктік құқықтардың иесі болып табылады: а) егер оларға жасалған қылмыстың нәтижесінде мүліктік зиян келген болса; б) бұлтартпау шараларын немесе процесуалдық мәжбүрлеу қолданудың салдарынан олардың мүліктік құқықтары қысымға ұшыраса немесе шектелсе; в) немесе олар өзгедей процесуалдық әрекеттердің өндірісінің нәтижесінде мүліктік шығын шегетін болса; г) егер негізсіз қылмыстық жауаптылыққа тартудың салдарынан оларға мүліктік зиян келетін болса (реаблитация).
Мүліктік шығындардың сипаты, олардың көлемі және мүліктік залалдың орынын толтырудың тәсілдері тергеуге қатысушылардың процесуалдық жағдайларымен байланысты. Олардың әрқайсысы мүліктік сипаттағы өздерінің процесуалдық мүдделерін қорғай отырып, жүзеге асырылуы тергеу органдарының қызметі арқылы қамтамасыз етілетін құқықтар мен міндеттердің белгілі бір шеңберіне ие болады.
Жасалған қылмыстың нәтижесінде және қылмыстық істі тергеумен байланысты мүліктік құқықтары қозғалатын алдын ала тергеудің қатысушылары болып жәбірленуші және азаматтық талапкер, сондай-ақ айыпталушы және азаматтық жауапкер табылады.
Қылмыстық процестегі азаматтық талап қою қылмыстың салдарын жою құралдарының бірі болып табылады.
Қылмыстық процестегі азаматтық талап кешенді құқық институты болып табылады және оның шеңберінде азаматтық құқықтың, азаматтық-процестік құқықтың нормалары олардың қылмыстық процестік құқықтың нормаларын толықтыруы және қылмыстық процестің қағидаларына қайшы келмеуі шамасында қолданылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар сот арқылы қорғану құқығына ие болады. Заңда бекітілген тәртіппен аталған құқық отандық заңды тұлғаларға да, сондай-ақ шетелдік ұйымдарға да тиесілі болады. Мүліктік (меншік құқығы) және жеке мүліктік емес (өз атына, авторлыққа және т.б.) құқықтар сот арқылы қорғауға жатқызылады. Осынау қорғау талап қою арқылы жүзеге асырылады.
Мамандар әрбір талап қоюдың екі жағын ажыратып көрсетеді: материалдық-құқықтық және процестік (іс жүргізушілік). Олардың біріншісінде талап қоюдың нәрсесін құрайтын және материалдық құқыққа сүйенетін талапкердің жауапкерге деген талабы көрініс табады. Екіншісі осы талапты жүзеге асырудың нысаны мен процестік тәртібін сипаттайды. Бұл жақтар бірі-бірімен бір құбылыстың мазмұны мен нысаны ретінде өзара қатыстылықта болады.
Құқықтық әдебиеттерде даудың сипатына және талапкер талап етіп отырған сот қорғауының түріне тәуелділікте мынадай талаптарды ажыратып көрсетеді:
а) ие қылу туралы талаптар (атқарушы талаптар);
ә) тану туралы талаптар (орнатушы талаптар);
б) құқықтық қатынастарды өзгерту немесе оларды тоқтату туралы талаптар (өзгертуші, конститутивті талап қоюлар).
Талап қою өндірісі негізінен алғанда азаматтық және арбитраждық сот өндірісіне тән болады. Алайда талапкер оған қылмыс арқылы келтірілген зиянды өтеуді талап еткен жағдайларда талап қоюлар қылмыстық іс бойынша өндірістің шеңберінде қаралады және шешіледі.
ҚР ҚПК-нің 166-бабы осындай талап қоюлардың құқықтық негізі ретінде қарастырылады ол бойынша қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетімен келтірілген мүліктік және моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ жәбірленушіні жерлеуге, емдеуге кеткен шығыстарды, оған сақтандыру өтемі, жәрдемақы немесе зейнетақы ретінде төленген сомаларды, сондай-ақ өкілдік етуге жұмсалған шығыстарға қоса, анықтау, алдын ала тергеу ісін жүргізуге және сотқа қатысуға байланысты шеккен шығыстарды өтеу туралы азаматтық талап қоюлары қаралатындығы бекітілген.
Осындай талап қою қылмыстық процестегі талап қою деп аталады. Қылмыстық істегі азаматтық талап қою да кез келген талап сияқты екі маңызды элементке ие болады талап нәрсесі және талап негізі. Осы көрсетілген элементтер оны тиісті ету туралы талап ретінде бағалап, талап қоюлардың өзге түрлерінен ажыратуға, іс бойынша дәлелденуге жататын фактілер шеңберін айқындауға, тергеу органдары мен соттың қызметін сондай-ақ жауапкер мен талапкердің мүдделерін жемісті түрде қамтамасыз етіп, талапқа қатысты заңды және негізді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Азаматтық іс жүргізуде талап қоюдың нәрсесі ретінде дау туғызып отырған құқықтық қатынастардан туындайтын талапкердің жауапкерге қойылған материалдық-құқықтық талабы танылады.
Азаматтық талаптың нәрсесі ретінде қылмыстың жасалуымен тікелей шартты болатын және ақшалай құны белгілі мүлікті зиянды өтеу туралы сотқа жүгінуді түсінеміз.
Заң олардың орын алуының нәтижесінде азаматтық талапкер мен айыпталушының немесе азаматтық жауапкердің арасындағы құқықтық қатынастардың пайда болуын байланыстыратын заңи фактілер азаматтық талаптың негізі болып табылады.Мына көрсетілгендер осындай фактілер болып табылады:
а) қылмыстық іс-әрекет;
ә) талапкердің материалдық зиян шегуі;
б) қылмыстың және материалдық зиянның арасында себепті байланыстың болуы.
Жоғарыда өзіміз сілтеме жасаған ҚР ҚПК-нің 166-бабы азаматтық талап қоюдың затын айтарлықтай кеңейткендігін анық байқауға болады.
Қылмыстық процестегі азаматтық талап қоюдың затының қатарына моральдық шығындарды өтеу туралы талаптарды да жатқызуға болады.
Азаматқа тумысынан немесе заң арқылы тиесілі болып табылатын материалдық емес игіліктерге (өмір, денсаулық, жеке адамның абыройы, іскерлік репутациясы, жеке басына, жеке, отбасылық құпияларына қол сұғылмаушылығы және т.б.) немесе жеке мүліктік емес құқықтарға (өзінің атын иелену, авторлық құқықтар зияткерлік қызметтің нәтижелеріне құқықты қорғау туралы заңдарға сәйкес өзге де мүліктік емес құқықтар) немесе азаматтың мүліктік құқықтарына нұқсан келтірген әрекеттер (әрекетсіздіктер) нәтижесінде келген өнегелік немесе тәндік жапа шегулерді моральдық зиян ретінде түсіну қажет.
Моральдық зиян, атап айтқанда, мынадай жағдайлардың орын алуына байланысты қайғырып-қамығулардан көрініс табуы мүмкін:
- жақын туыстарының қаза табуы;
- белсенді қоғамдық өмірді жалғастырудың мүмкін болмай қалуы;
- жұмысын жоғалту;
- отбасылық, дәрігерлік құпияның ашылып қалуы;
- азаматтың ар-намысына, абыройына немесе іскерлік репутациясына нұқсан келтіретін шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратуға байланысты;
- қандайда болмасын құқықтарды уақытша шектеу немесе олардан айыруға байланысты;
- келтірілген зақымға байланысты тәннің ауыруы
- денсаулыққа өзгедей зақым келтіру немесе өнегелік түрдегі қамығып-қайғырудың салдарынан ауруға шалдығу және т.б.
Қылмыстық процестегі азаматтық талап өзінің мәнісі бойынша қылмыстық-процестік институт болып табылады. Сондықтан талап қоюдың негіздемесін анықтау, яғни азаматтық құқықтық жауаптылықтың негізі қылмыстық-процестік заңмен бекітілген ережелер бойынша жүзеге асырылады.
Қылмыстық сот өндірісінің шеңберінде азаматтық талапты қараудың мүмкіндігі қылмыстық сот өндірісінің тек кінәліні анықтап және жазалаумен ғана шектелмейтіндігімен түсіндіріледі. Қылмыстық салдарды жоюға, қылмыс арқылы келтірілген зиянның орынын толтыруға, қылмыстан жазықсыз жапа шеккен адамның мүліктік жағдайын қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаралар қылмыстық іс жүргізушілік қызметтің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Азаматтық талап қою қылмыстық салдарды жоюдың құралдарының бірі болып табылады.
Азаматтық талап қою ұғымы азаматтық іс жүргізу, сондай-ақ қылмыстық сот өндірісі үшін де бірегей ұғым болып табылады. Осы айтылғанды ескерер болсақ, азаматтық талап қою туралы ілім азаматтық іс жүргізу ғылымында барынша толық тұжырымдалған, қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талап қою түсінігі онымен ажырамас байланыста екендігін есте ұстаған дұрыс. Азаматтық іс жүргізу құқығының теориясында талап қою ретінде дау туғызып отырған азаматтық субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау мақсатында бірінші сатыдағы сотқа жүгіну деп тұжырымдалады.
Заң әдебиеттерінде азаматтық талап қоюды қылмыстық процестің шеңберінде қарастырылатын жәбірленушінің айыпталушыға немесе оның әрекеттері үшін материалдық жауапты болып табылатын өзге тұлғаларға қылмыс арқылы келтірілген материалдық шығынды өтеу туралы талабы ретінде қарастыратын анықтама барынша кең таралған.
Осындай анықтама заңға негізделген және азаматтық талап қоюды процесуалдық әрекеттер мен заңмен өкілеттік берілген субъектілердің қылмыстан материалдық шығын тартқан тұлғаның және органның оның орынын толтырудағы материалдық-құқықтық талаптарын білдіргендегі, қамтамасыз етудегі және қолдаудағы қатынастарының жиынтығы ретінде түсіндіретін анықтамамен салыстырғанда негіздірек сияқты
Қылмыстық сот өндірісіндегі азаматтық талап - бұл қылмыстық іс бойынша өндірістің барысында жеке немесе заңды тұлғаның, сондай-ақ прокурордың айыпталушыға немесе айыпталушының іс-әрекеттері үшін материалдық жауапты болып табылатын тұлғаларға қылмыспен тікелей келтірілген немесе есі дұрыс емес тұлғаның қоғамға қауіпті әрекеттерімен келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы талабы деп түсінгеніміз дұрыс.
Азаматтық талапты және қылмыстық айыптауды біріктірілген түрде қарау іс жүргізудің уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді және соттардың жұмысындағы қайталанушылықты болдырмайды, мүліктік залал келтірудің оқиғалық мән-жайларын зерттеудің объективтілігіне, жан-жақтылығына және толықтылығына кепілдік береді, қылмыстық сот өндірісінің барлық қатысушыларының қызметі үшін қолайлы жағдай туғызады.
1.2 Азаматтық талап алғышарттары
Адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық ретінде тану мемлекетке оларды қорғау және сақтау міндетін жүктейді. Мұндай құндылықтардың сақталуы мен қорғалуының негізгі және маңызды кепілі ретінде өзінің конституциялық құқықтарын сот арқылы қорғау табылады десек қателеспеппіз.
Бұл тұрғыда ерекше орынға ие болатын мәселе тұлғаға қылмыс арқылы келтірілген зиянның орнын толтыру мәселесі, яғни азаматтық талап қою арқылы тұлғаның өз бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Бұл ғылыми мақалада аталған мәселе төңірегінде ой толғап, азаматтық талап қоюға негіз болатын мән жайларға жіті тоқталып кетеміз.
Қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талап қою азаматтар, заңды тұлғалар мен мемлекеттің қылмыстық іс қозғалған сәттен бастап мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғаудың маңызды процессуалды құралы. Осыған сәйкес, сот, прокурор, тергеуші мен анықтаушы мүдделі тұлғаларға олардың қылмыстық іс жүргізуде өз бастамашылығымен азаматтық талап қоюға құқылы екендіктерін түсіндіріп, азаматтық талапқа қатысты қамсыздандыру шараларын уақытылы жүзеге асыруға міндетті.
Тек сот үкімі ғана қылмыстың орын алғандығы не болмағандығы, осы қылмыс бойынша айыпталушы тұлға кінәлі болып табылады ма, жоқ па, сотталушы келтірілген зиян үшін жауапты ма, жоқ па сияқты сауалдарға жауап беріп, анықтайды. Сот үкімі қылмыс салдарынан келтірілген зиянды шеккен тұлғаны да анықтайды. Аталған мән-жайлардың анықталуы қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талаптарды қанағаттандырудың алғышарттары болып табылады.
Қазіргі кезде процессуалистер арасында азаматтық талапты қанағаттандыру құқығын жүзеге асырудың алғышарттары мен шаралары бойынша ортақ пікір қалыптасқан.
Талаптың құқықтық негізділігі материалды құқық саласына, ал іс жүзіндегі негізділігі процессуалды құқық саласына жатады.
Талапты қанағаттандыру құқығының пайда болуы материалды заң мен тиісті заңды фактілерді орын алуы (талаптың құқықтық және іс жүзіндегі негізділігі) негіз болып табылады.
Көптеген ғалымдардың пікірінше, азаматтық талапты қанағаттандыруға құқықтың пайда болуы бірнеше алғышарттан тұрады: талап қою құқығы;
Талаптың құқықтық негізділігі, яғни талаптың қай заң нормаларына сәйкес қойылғандығын көрсетуі; талаптың іс жүзіндегі негізділігі, яғни талапкердің жауапкерге қойған талабын негіздейтін фактілердің дәлелденуі. Соңғы екі алғышартты қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талаптың материалды және құқықтық негізі ретінде қарастырып, үшінші негіз ретінде процессуалды алғышарттарды көрсетеді.
Қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талаптың пәні азаматтық деликтілік құқықтық қатынастар саласына жатқызылып, азаматтық заңнамамен реттелінеді. Азаматтық заңдармен реттелінетін, зиян келтіру салдарынан туындаған азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшелігі, олардың қылмыстық заңнама нормаларымен реттелінетін жоғары қоғамдық қауіптіліктің пайда болуындағы үйлесімінде.
Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер ҚР АК нормаларымен реттелінеді. Зиянның орнын өтеудің негізі болып келтірілген зиян фактісі болып табылады.
Дәлелдеу пәніне жеке және заңды тұлғалар мен олардың мүлкіне келтірілген зияннан басқа қылмыс пен келтірілген зиян арасындағы айыпталушының әрекеті не әрекетсіздігіндегі себепті байланыстың болуы; келтірілген зиянның көлемі; зиян келтірушінің кінә деңгейі; іс бойынша азаматтық жауапкер ретінде танылуы мүмкін айыпталушының материалды жағдайы.
Азаматтық талаптың қылмыстық-процессуалды доктринасы кінәлі оның негізі ретінде қарастырмайды, себебі кінәсіз қылмыстың жасалуы мүмкін емес. Тұлғаны қылмыс жасады деп тану үшін оның кінәлілігі дәлелдену тиіс.
Қылмыстық іс жүргізудегі кінәсіздік презумпциясына сәйкес, әр адам оның қылмыс жасағандығы үшін кінәлілігі ҚІЖК көзделген тәртіппен дәлелдегенге және соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады.
ҚР АК 917-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына заңсыз іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілген (мүліктік және мүліктік емеес) зиянды, оны келтірген тұлға толық көлемінде өтеуге тиіс.
Заң актілерінде зиянды өтеу міндеті зиян келтіруші болып табылмайтын тұлғаға жүктелуі, сондай-ақ өтеудің неғұрлым жоғары мөлшері белгіленуі мүмкін. Яғни азаматтық заңнама нормалары бойынша, зиян келтіру салдарынан туындаған азаматтық құқықтық қатынастарда зиян келтіруші кінәлі болып табылады және өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті. Зиян қылмыс құрамының саралаушы белгісі болып табылады, сәйкесінше, кінә қылмыс құрамының субьективті жағы ретінде қарастырылады, себебі азаматтық құқықбұзушылық құрамында кәнә дәлелденуге жатпайды.
Азаматтық құқық теориясында азаматтық құқықбұзушылық құрамының құрылымы даулы мәселе болып табылады. Көп жағдайларда азаматтық құқықбұзушылық құрамына құқыққа қайшы әрекет (әрекетсіздік), зиян салдары, әрекет (әрекетсіздік) пен зиян арасындағы себепті байланыс жатады.
Кінә қылмыс құрамының құрылымдық элементі болып, қылмыстық жауаптылыққа тартудың бір негізі болып табылады, бірақ қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талап қоюдың негізі болып табылмайды. Құқыққа қайшы әрекеттер азаматтық және қылмыстық құқықтық қатынастар қатысушыларының субьективті құқықтарын қорғайтын обьективті құқық нормаларын бұзады. Әрекеттің қоғамдық қауіптілігі- бұл қылмыстың арнайы белгісі болып табылады және өзге құқықбұзушылықтарға мұндай белгі тән емес деген пікір де қалыптасқан.
Қылмыстық процессуалдық құқығында азаматтық талапқа қатысты кең тараған пікір бар. Оған сәйкес, талапкердің талабы заңмен белгіленген заңды фактілер нәтижесінен туындайды. Материалды-құқықтық қатынастардың пайда болуын туындататын заңды фактілер болмаған жағдайда қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талап та қойыла алмай , сот қарауына жатпайды.
Азаматтық талаптың негізі талапкердің талаптарын білдіретін заңды фактілерден тұратындығын атап көрсетеді. Бұл заңды фактілер талапкер мен айыпталушы арасындағы келесідей құқықтық қатынастардың пайда болуына әкеледі: қылмыстың жасалғандығы; қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік және моральдық зиянның болуы; қылмыс пен моральды зиян арасындағы себепті байланыстың болуы.
Қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талап қою үшін жоғарыда аталған негіздерден басқа белгілі бір шарттар болуы тиіс. Оларды әдебиеттерде, әдетте, қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талаптың алғышарттары деп атайды. Көптеген ғалымдар алғышарттар қатарына келесідей мән-жайларды жатқызады: талапкердің әрекет және құқыққабілеттілігі, даудың соттылығы, алдын-ала қойылған талаптың пәні мен негіздері бойынша сот шешімінің шығарылмауы.
Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талаптың алғышарттары мәселесі заң әдебиеттерінде маңызды рольге ие. Аталған мәселе бойынша алғаш рет теориялық ұсыныстарды білдірген. Автор негізінен процессуалды алғышарттар туралы ой қозғап, олардың қатарына келесідей мән-жайларды жатқызды: шағымданушының процессуалды құқыққабілеттілігі; даулардың сот органдарына ведомстволылығы; бір пән мен негізде қойылған талап бойынша заңды күшіне енген сот шешімінің , не талапкердің талап арыздан бас тарту туралы, не тараптар арасында татуластырушы шарттарды бекіту туралы сот анықтамасының болмауы; жәбірленушінің шеккен материалдық зияны; айыпталушының зиянның арасындағы себепті байланыстың болуы.
Сот-тергеу тәжірибесін талдау тергеу және сот органдарымен талап қою құқығын жүзеге асыруда екі түрлі қателік жіберетіні анықталды. Көп жағдайларда тергеу органдарымен заңды тұлға болып табылмайтын және соған сәйкес қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талапкердің құқықсубьектілігіне ие бола алмайтын ұйымдардан келтірілген зиянның орнын өтеу туралы өтініштер қабылданады.
Екінші қателік, азаматтық талапкер ретінде заңды тұлғалардың өзін емес, олардың өкілдерін тану болып табылады. ҚР ҚІЖК 162-бабына сәйкес, азаматтық талап қылмыстық іспен бірге қаралады, яғни талап арыздың соттылығы қылмыстық істің соттылығына сәйкес келеді.
Егер қылмыстық іс бойынша азаматтық талап қойылмаса немесе шешімін таппаса, онда талап азаматтық сот өндірісі тәртібімен қойылады. Осылайша, ҚР АІЖК 35-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, қылмыстық істен туындайтын талап, егер ол қылмыстық іс жүргізілген кезде азаматтық талап қою ретінде мәлімделген немесе шешілмеген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz