Сенат құрамына екі депутат сайланып енді



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

Құқықтану кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
с.ғ.д.
___________ А.А. Бухаева
____________________

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖОҒАРҒЫ ӨКІЛДІ ОРГАННЫҢ МӘРТЕБЕСІ

Мамандығы 5В030100 - ҚҰҚЫҚТАНУ

Орындаған Кенес А.К.
Ғылыми жетекші з.ғ.м. Мусипова Д.М.

Көкшетау 2021

МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ
КІРІСПЕ
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖОҒАРҒЫ ӨКІЛДІ ОРГАННЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІГІ.
1.1 Қaзaқcтaн Pecпубликacындaғы жoғapғы өкілді opгaнның даму тарихы .
1.2 Қaзaқcтaн Рecпубликacы пapлaмeнтінің қалыптасу кезеңдері.
1.3 Қазақстан Республикасы Парламентінің Өкілеттігі.
2 ПАРЛАМЕНТ ҚҰЗІРЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҰЙЫМДАРДЫҢ НЫСАНДАРЫ
2.1 Мәжілістің ұйымдық-құқықтық нысандары мен құрылымдары.
2.2 Сенаттың ұйымдық-құқықтық нысандары мен құрылымдары.
2.3 Қазақстан Республикасында заң жобасын қабылдау.
2.4 Парламентті тарату.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖОҒАРҒЫ ӨКІЛДІ ОРГАННЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕІ

Қaзaқcтaн Pecпубликacындaғы жoғapғы өкілді opгaнның даму тарихы .

Халықтық демократияның көрінісі ретінде өкілді билік ежелден қазақстандық қоғамға тән болды. Ол қолданыстағы саяси жүйеге байланысты өзгеріс тапты. Қазіргі Қазақстан Парламенті өкілді биліктің бір палаталы органы - алғаш рет Қазақ КСР - інің 1937 жылғы Конституциясы, кейінгісі Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы, ал содан кейін Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы негізінде құрылған Жоғарғы Кеңестің орнын ауыстырды.
Жоғарғы Кеңес өзінің өмір сүру кезеңінде он үш рет сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңеснің ең алғашқы сайлауы 1938 жылы 24 маусымда өтті. Бұл сайлау бәріне бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізілді.
Баламасыз түрде депутаттар корпусын құру кезде, Коммунистік партияның қатаң бақылауы мен назарында жүргізілгенін атап өту керек . Депутаттыққа кандидаттар партиялық ұйымдар белгілеген сыныптық, партиялық, ұлттық, жыныстық-жастық және басқа да квоталар бойынша іріктелді. Заң шығару органынын құрамында қанша қызметші, жұмысшы, коммунист, колхозшы, орыс, казак, украин, әйелдер, жастар, комсомол мүшесі және т.б. болатыны сайлау бастамай тұрып белгілі болатын. Мемлекеттік органдардың жоғары шенеуніктері, партия, комсомол және кәсіподақ органдарының басшылары атқарып отырған лауазымына сәйкес депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Жоғарыда аталған рәсімдерге байланысты сайлау көбінесе ресми сипатқа ие болды.
1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясы сайлау жүйесіне аздаған өзгерістер енгізді. Еліміздің осы Негізгі Заңыға сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік биліктің жоғарғы органы болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі КСРО Конституциясымен және Қазақ КСР Конституциясымен Қазақ КСР жүргізуіне жатқызылған барлық мәселелерді шешуге құқылы болды. Жоғарғы Кеңестің жұмыс органы-Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы кезеңде қажет болған жағдайда Қазақ КСР-нің қолданыстағы заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізіп, кейіннен оларды кезекті сессияға бекітуге ұсынуға ие болатын. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі қажет деп есептеген кезде, әр түрлі мәселе бойынша тексеру комиссияларын және де басқада комиссияларды құратын. Барлық қоғамдық және мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар мен ұйымдар тұрақты және өзге де комиссиялардың талаптарын орындауға, оларға қажетті құжаттар мен материалдарды беруге міндетті болды. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесіне Қазақ КСР-інің қарауына жатқызылған кез келген мәселені қарауға қабылдауға және шешуге уәкілеттік берілген.
1990 жылы наурыз айында он екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлау өтті. Бұл әміршілдік-әкімшілік жүйенің ықпалы әлі де болса жеткілікті болған жағдайда мемлекеттің жоғары заң шығарушы органына берілетін алғашқы демократиялық сайлау болатын. Сайлау алдындағы күреске 360 депутаттық мандат үшін екі мыңнан астам үміткер қатысты. Бұл сайлаудың ерекшелігі 90 адамның республикалық қоғамдық ұйымдардан сайланғаны болды. Бұл сайлау толыққанды саяси партиялар болмаған кезде өтсе де, олар тоталитарлық жүйені қайта құру процестеріне қайтымсыздық берді. Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес Қазақстандағы парламентаризмнің қалыптасу тарихында өзгеше орын алды. Бірқатар өте маңызды құқықтық актілердің қабылдануында, 90-шы жылдары мемлекеттің саясатын заңнамалық қамтамасыз етуде көрінді.
1990 жылғы 24 сәуірде "Қазақ КСР Президенті лауазымын тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақ КСР Заңымен Қазақ КСР Президентінің лауазымы бекітілді және елдің бірінші президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі "Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы" Декларацияны қабылдады, онда алғаш рет аумақтың бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмайтындығы бекітіліп, Отанымыз халықаралық құқық субъектісі айналды, азаматтық институты, сондай-ақ меншік нысандарының тең құқығы енген болатын.
1991 жылғы тамыз және желтоқсан оқиғалары - Мәскеуде жүзеге аспай қалған бүлік және Беловежск келісім шарттары КСРО тарихына соңғы нүкте қойып, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.
Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес ымыраға келу жөніндегі екі жылдық ізденістерден кейін ғана, 1993 жылғы 28 қаңтарда еліміздің егемендігінің қалыптасуын заң негізінде аяқтаған, шынайы конституционализмнің орнығуын жалғастырған Қазақстанның кеңестен кейінгі алғашқы Конституциясын қабылдады. Сол арқылы республикада ұлттық тәуелсіздікті, азаматтық бостандықтары мен құқықтардың нақты кепілдіктерін қамтамасыз етудің, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құрудың сапалық жаңа кезеңіне көшудің басталуы белгіленді.
1993 жылғы Конституция бір партиялық саяси басқарудан, монополиялық экономикалық жүйеден, тарихи зорлық-зомбылық идеологиясынан бас тартып, қазақстандық қоғам дамуының оң серпіні үшін кеңістік ашты.
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Атазанында, өткен конституцияларға ұқсас , Жоғарғы Кеңеске өте мол өкілеттіктер берілген, бұл билікті бөлу мәселені жүзеге асыруды және тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін құруды қиындатты. Реформаларды одан әрі жүргізу республикалық билік органдарының, бірінші орында өкілді органдардың пайдасыздығын анықтады, олар тез өзгеретін оқиғаларға жедел ден қоя алмай, күрделі шешімдер қабылдай алмады. Бұл орайда тұрақты негізде істеген жекелеген органдарының жұмыс нәтижелері де кәсіби Парламент құрудың қажеттігін дәлелдеді. Тежемелік әрі тепе-теңдік тетіктерінің жұмыс істемеуі Жоғарғы Кеңеске Үкіметтің қызметіне араласуға немесе оны ауыстыруға уәкілеттілік берді, бұл республиканың өкілді органының қызметін мерзімінен ерте тоқтатуға әкеп соқты.
Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңестің өзін-өзі таратуы биліктің жергілікті өкілді органдары депутаттарының өкілеттіктерін тоқтатудан басталды. Алдымен Алматы қаласының Алатау аудандық Кеңесі, содан кейін республиканың аудандық және облыстық Кеңестері бірінен соң бірі өз сессияларында өкілеттіктерін мерзімінен ерте тоқтату туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, Жоғарғы Кеңестің 43 депутаты өз өкілеттіктерін тоқтатқандықтарын мәлімдеді және әріптестерін осыған шақырды. Он екінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 11-сессиясы жұмысының соңына қарай жергілікті Кеңестердің төрттен бір бөлігінен көбі өз қызметін тоқтатты. Мұндай жағдайда халық сайлаушылары Парламент қабырғасында біраз уақытқа созылған пікірталастардан кейін сайлау туралы Кодекс, Республика Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттік беру туралы заң және Жоғарғы Кеңестің өкілеттігін мерзімінен ерте тоқтату туралы заң қабылдады. Республиканың жоғары өкілді органының соңғы екі заңнамалық актіні қабылдауы іс жүзінде Конституцияға түзетулермен тең болды.
1994 жылы 7-науры айында өткен сайлау республикада көп партиялардың пайда болуына ықпал етті. Осы сайлауға сайлаушылардың 73,84% қатысты. Барлығы 135 бір мандатты округке 910 адам ұсынылып, 692 кандидаттың тіркелу шарттарына лайық болды, орташа есеппен 5 үміткер бір депутаттық мандат үшін күресті.
Уақытша регламентке сәйкес, Жоғарғы Кеңесте партиялар өкілдігінің негізінде мынадай фракциялар құрылды: Қазақстанның Халық Конгресі партиясы (ҚХК - 22 адам), Қазақстан Халық Бірлігі Одағы (ҚХБО - 32 адам), Социалистік партия (12 адам) және Кәсіподақтар федерациясы (12 адам), сондай-ақ 14 депутаттық топ, олар негізінен кәсіби белгісі бойынша қалыптастырылды. Қазақстан тарихында алғаш рет саяси партиялар мен қозғалыстар биліктің нақты орындалуына қол жеткізді, мемлекеттік бағдарламалардың қалыптасуы мен қабылдануына ықпал ету мүмкіндігіне ие болды.
1994-1995 жылдар кезеңі қазақстандық парламентаризмнің қалыптасу тарихында аса маңызды болып табылады. 1994 жылғы сәуір - 1995 жылғы наурыз аралығында жұмыс істеген он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес депутаттары тұрақты түрде жұмыс істеген Қазақстанның алғашқы кәсіби Парламенті болды.
Алайда, он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің тағдыры өте күрделі болды. Ол өз құқығына билік тармақтарын бөлу тетігі қисынды түрде аяқталмаған және жеткізілмеген, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесі нақты мазмұнмен толықтырылмаған, Жоғарғы Кеңестің, Президент пен Үкіметтің мәртебесі соңына дейін айқындалмаған мемлекеттік құрылыстың неғұрлым күрделі кезеңінде қол жеткізді.
Он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің төрағасы Ә.Кекілбаев: "Кәсіби Парламенттің құрылуын, бәлкім, осы жылдың қоғамдық-саяси өміріндегі ең ірі оқиға деп атауға болады. Оның жұмысының басталуы, сөзсіз, Қазақстанның тарихи күнтізбесіне жаңа мемлекеттілік пен демократияның қалыптасуындағы елеулі кезеңдердің бірі ретінде енеді... бізде ешқашан кәсіби Парламент болған емес және Біз сынақтар мен қателіктер әдісімен әрекет етуге мәжбүрміз... біртіндеп жаңа мәртебеге ие Жоғарғы Кеңестің өкілеттіктерінің айқындалуы жүріп жатыр" деп бір сөздерінде айтып кеткен.
Он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес бір жылдан аз уақыт жұмыс істеп, заңсыз деп танылды, себебі Конституциялық сот сайлау заңнамасының кейбір нормалары Конституцияға сәйкес келмейді деп таныды, соған сәйкес депутаттарды сайлау өткізілді.
Ескі және жаңа саяси құрылым арасындағы өзіндік ымыраға келу, ғасырлар бойы қалыптасқан Батыс демократиясының моделін посткеңестік топыраққа енгізу әрекетінің көрінісі бола отырып, 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы бастапқыда қайшылықтарды қамтыды.
1995 жылы 30-тамыз айтында өткізілген референдум нәтижесінде ескі мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерінін көзін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.
Жаңа Конституцияның жобасы қоғамда кеңінен талқыланды. Азаматтар 30 мыңға жуық ұсыныс енгізді, ал Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен арнайы құрылған сараптамалық-консультативтік кеңес оларды талқылап зерделеді. Мәтінді пысықтаған кезінде бір мыңнан астам түзетулер ескерілді, нәтижесінде Конституция жобасының 99 бабының 55-і елеулі өзгертулер енгізілді.
1995 жылғы 30 тамызда референдумға қатысқан халықтың 81,9% жаңа Негізгі заңның қабылдануын жақтады.
Республика Конституциясы заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының тұрақтылығын, ұқыпты жұмыс істеуін және өзара іс - қимылын қамтамасыз ететін билікті бөлу принципін жай ғана ашық түрде жариялап қойған жоқ, онда тепе-теңдік әрі тежемеліктің нақты, ұтымды жүйесі бекітілді. Негізгі Заңда адамның құқықтары, бостандықтары, оның өмірі, жоғары құндылықтары бекітілді.
Қазақстан Республикасын президенттік республика деп жариялаған 1995 жылғы Конституция, ал "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы", "Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заңдар биліктің әрбір тармағының мәртебесі мен функцияларын қамтыды.
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламенттің заң шығару қызметін жүзеге асыратын, Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылатыны бекітілген.

Қaзaқcтaн pecпубликacы пapлaмeнтінің қалыптасу кезеңдері

Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың 7 депутатын, Республика Президенті, Сенаттың өкілеттік мерзіміне тағайындайды.
Мәжіліс 77 депутаттан тұрады, 67 депутат республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. 10 депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады.
Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі 5 жыл, Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі 6 жыл.
"Парламент" ұғымы алғаш рет 1995 жылы 30-тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған еліміздің Конституциясында ресми түрде бекітілгенін атап өткен жөн. Осыдан кейін ғана Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң күші бар Жарлыққа қол қойды, осыған орай қос палаталы Парламентке депутаттарды сайлау процесі 1995 жылдың соңына карай өтті.
БІРІНШІ САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ: 1996 - 1999 ж. а.
Бірінші шақырылған Парламент Сенаты мен Мәжілісіне сайлау 1995 жылғы желтоқсанда өтті.
Сенатқа 40 депутат сайланды - Қазақстан Республикасының астанасынан екі-екі адамнан және 19 облыстан сайланды. Қазақстан Республикасының Президенті Сенаттың 7 депутатын тағайындады.
Депутаттардың көбі сайланғанға дейін басшық қызметтерде еңбек етті, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдарда, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызмет тәжірибесі, өндірістік, кәсіпкерлі және әлеуметтік салаларда жұмыс тәжірибесі көп болды. Сенаттардың арасында 4 әйел, 60 жастан асқан 4 адам болған. Барлық депутаттар жоғары білімді дипломды мамандар болды. Оның оны заңгерлер, оны экономистер, тоғызы инженерлер, сегізі ауыл шаруашылығы маман иелері.
Депутаттық корпустың мүшесінде 4 ғылым докторы, 11 ғылым кандидаты жұмыс атқарды. Көптеген депутаттар бұрын заң шығарушы органдарға сайланған, олардың арасында Қазақ КСР, КСРО Халық депутаттары, кәсіби заң шығару қызметінде тәжірибесі бар, он екінші және он үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаттары бар.
1996 жылы 30 қаңтарда бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірінші шартты отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша ӨМІРБЕК БАЙГЕЛДІ Сенаттың төрағасы болып сайланды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңның 69-бабына сәйкес және екі жылға сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты 1997 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын 4 жылға сайлау өтті. Бес облыстың таратылып жібергеніне байланысты сайлау еліміздің 14 облысы мен Алматы қаласында өтті. Соның нәтижесінде елімізде Парламентінің Сенатына 15 депутат сайланды. Олардың он бірі бұрын Сенат депутаттары болса, төреуі алғашқы рет сайланды.
Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы болып жариялануына байланысты, 1998 жылы 11 ақпанда Ақмола қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтті. Сенат құрамына екі депутат сайланып енді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс сайлауы 1995 жылы 9 желтоқсанда өтті. Мәжілісте сайлау нәтижесі бойынша 67 депутат сайланып, басым бөлігі ерлер - 58 депутат болса, әйелдер - 9 депутат қана болды. Палатаның барлық депутаттары жоғары білімі бар, оның ішінде 7 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты болды.
Сайланған депутаттардың ішінде жергілікті атқарушы органдар мен мәслихаттардың басшылары мен қызметкерлері - 19 адам болды. Әрбір бесінші депутат қауымдастықтың, кәсіпорынның, қордың, фирманың және басқа да құрылымдардың көшбасшысы болып жұмыс атқарды. 9 депутат ғылым, жоғары оқу орындарының қызметкерлері, мұғалімдер болды. Әрбір 10-депутат Президент Әкімшілігінің, министрліктер мен республикалық комитеттердің қызметкерлері болды. Уақытша жұмыс істемеген 4 депутат болды. Аграрлық салада 11 депутат, ал мәдениет саласы бойынша 3 депутат жұмыс істеді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері 2 депутат. Бір депутат әскери қызметші, біреуі заңгер және біреуі зейнеткер болған. Инженер-экономис болып 2 депутат жұмыс атқарған.
1996 жылы 30 қаңтарда бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші отырысында МАРАТ ТҰРДЫБЕКҰЛЫ ОСПАНОВ Мәжіліс Төрағасы болып сайланды.
ЕКІНШІ САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ: 1999 - 2004 ж.а.
Елімізде бес облысты таратыт тастағанына байланысты екінші сайланған Сенат депутаттары 14 облыстан және Астана мен Алматы қалаларынан сайланды. Өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін таратылған облыстардан сайланған депутаттар жұмысын жалғастырды, сондықтан 1999 жылдың желтоқсанына дейін Сенатта 44 депутат жұмыс істеді.
1995 жылы 4 жылға сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік уақытына аяқталуына байланысты 1999 жылы 17 қыркүйекте Сенат депутаттарын 6 жылға сайлау өтті.
1997 жылы конституциялық нормаларға сәйкес сайланған Сенат депутаттарының өкілеттігі екінші сайланымда 2002 жылғы желтоқсанға дейін созылды.
2002 жылы қазан айында 6 жылға Сенат депутаттарын сайлау өтті, оларды 2002 жылғы желтоқсанда ҚР Орталық сайлау коммисиясы тіркеді.
1999 жылы қараша айында Президенттің Жарлығымен Сенаттың 7 депутаты тағайындалды. 2003 жылы Сенат 39 депутатты құрады. Барлық депутаттардың жоғары білімі бар, оның ішінде 11 - инженер, 9 - заңгер, 7 - Ауыл шаруашылығы маманы, 6 - экономист, 6 - педагог, саясаттанушы және журналист.
Сенат депутаттары 6 ғылым докторы, 3 профессор, 4 академик, 3 ғылым кандидаты болды. Палата депутаттарының көпшілігі заң шығару, дипломатиялық қызмет тәжірибелері, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мекемелерінде, өндірістік, кәсіпкерлік және әлеуметтік-мәдени салаларда, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда басшылық қызметінің тәжірибелері тән болған.
Сенаторлардың көбі бұрын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі мен Парламентінің бірінші шақырылымының депутаттары болып сайланған.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының екінші шақырылымының төрағалары болып ОРАЛБАЙ ӘБДІКӘРІМОВ (депутаттық құзыреті 2004 жылғы 10-наурызда тоқтатылғанға дейін жұмыс істеді) және НҰРТАЙ ӘБІҚАЕВ (2004 жылғы 10 наурыздан бастап) сайланды.
1999 жылдың күз кезінде енгізілген конституциялық өзгерістерге сәйкес Орталық Азия өңірінде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне, аралас схема бойынша сайлау өтті, ол саяси партияларға тең өкілдік негізінде партиялық тізімдер бойынша Парламентке сайлануға мүмкіндік берді.
Жаңа енгізілімдердің нәтижесінде сайлау парламенттік үлгідегі саяси партиялар құру үдерісін ынталандыра отырып, жоғары саяси қарқынымен және баламалылығымен ерекшеленді. 10 саяси партия сайлауға қатысты. 547 кандидат Мажоритарлық бір мандатты округтерде тіркелді. Жалпы сайлау негізінде сол уақытта Қазақстанда бұрын-соңды болмаған кандидаттар, бір орынға орта есеппен сегіз адам ұсынылды.
Парламент Мәжілісіне сайлау қорытындылары бойынша бір мандатты аймаққа 67 депутат және біртұтас жалпы ұлттық аймақ бойынша партиялардан 10 депутат сайланды. Олар 7% кедергіні еңсерген төрт партияның - Азаматтық, Отан, Коммунистік және Аграрлық партияның өкілдері болды.
Сайлаудан өткен 77 депутаттың ішіде; 8 әйел, 30-ға жуығы екі жоғары оқу орнын бітірген, 74-і-жоғары білімді азаматтар. Депутаттардың араларында бір академик, жеті доктор және түрлі мамандықтағы жиырма ғылым кандидаты бар.
Депутаттық корпуста; инженерлер - 30, экономистер - 16, педагогикалық білімі барлар - 14, заңгерлер - 22, ауыл шаруашылығы мен ғалымдар мамандары - 8, менеджер, әскери қызметші, дәрігер, тарихшы, халықаралық қатынастар, журналист маманы және т. б.
Екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып ТҰЯҚБАЙ ЖАРМАХАН АЙТБАЙҰЛЫ сайланды.
ҮШІНШІ САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ: 2004 - 2007 ж.а.
2005 жылы желтоқсан айында, 1999 жылғы 17 қыркүйекте сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімінің бітуіне байланысты 2005 жылы 19-тамызда Сенат депутаттарын сайлауы өтті.
2005 жылғы қарашада айында Президенттің Жарлығымен Сенаттың 7 депутаты тағайындалды.
Жаңадан сайланған сенаторларды ескере отырып, 2005 жылы желтоқсанда Парламент Сенатында 39 депутат өз қызметін жүзеге асырды. Парламент депутаттардың орташа жасы - 57, 37 ер адам, 2 әйел адам. Барлық депутаттардың жоғары білімі бар, олардың 19-ы екі жоғарғы оқу орнын бітірген. Депутаттардың қатарында техникалық білімі бар - 13, гуманитарлық білімі бар - 16 адам және заңгерлер - 10 адам болды.
Парламентшілердің көпшілігі сайланғанға дейін мемлекеттік құрамда жұмыс істеді, оның ішінде 28 депутат басшылық лауазымдарда жұмыс атқарды. Палата депутаттарының көпшілігі заң шығару, дипломатиялық қызмет тәжірибелері, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мекемелерінде, ғылыми-педагогикалық қызметтегі, өндірістік, кәсіпкерлік және әлеуметтік-мәдени салаларда тәжірибелері бар.
2002 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттіктері Атазаң нормаларға сәйкес үшінші сайланымда жалғасты.
2005 жылы желтоқсанның 1, үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып НҰРТАЙ ӘБІҚАЕВ тағайындалды.
2007 жылы қаңтардың 11, үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысында, жасырын түрде дауыс беру арқылы, республика президентінің ұсынуы бойынша ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ Сенат Төрағасы болып сайланды.
Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлау 2004 жылы қыркүйек айында өтті. Сайлауға 12 саяси партия қатысып, оның төртеуі - екі сайлау блогының құрамында болды.
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне сайлау нәтижесінде 77 депутат сайланды.
67 депутат еліміздің әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылған, шамамен сайлаушылардың саны бірдей, бір мандатты аумақтық сайлау аймағы бойынша сайланды.
10 депутат бірдей өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланды. Оның ішінде 7 депутат "Отан" республикалық саяси партиясынан, біреу - "Асар" республикалық партиясынан, біреу - "Ақ жол" демократиялық партиясынан, енді біреу Қазақстанның Аграрлық және Азаматтық партияларының "АИСТ" сайлау блогынан (Еңбекшілердің аграрлық-индустриялық одағы) сайланған.
Сайланған парламентшілердің ортақ санынан 59 депутатты саяси партиялар ұсынды: "Отан" республикалық саяси партиясы - 42, "АИСТ" сайлау блогы - 11, "Асар" республикалық партиясы - 4, "Ақ жол" демократиялық партиясы - 1 , Қазақстан демократиялық партиясы - 1. Өзін - өзі ұсынушылар-18 депутат.
Бұл палатаның депутаттық мүшеде 69 ер адам және 8 әйел адам болды. Сол кездегі сайланған Мәжіліс депутаттарының орташа жасы - 53; ең жасы - 28 жас, ең үлкені - 73 жас.
Депутаттардың барлығы жоғары білімді, қырыққа жуығы (37) екі жоғары оқу орнын бітірді.
Ғылыми дәрежелері мен атақтары бар 28 депутат, оның ішінде 13 ғылым кандидаты мен 15 ғылым докторы болды.
Парламентшілер арасында әртүрлі мамандықтағы инженерлердің саны айтарлықтай көп болды - 21, заңгерлер - 14, экономистер - 16.
Осыдан басқа, үшінші сайланған Мәжілісте ауыл шаруашылығы, халықаралық қатынастар мамандары біліктілігі бар, журналистер, менеджерлер, педагогтар, әскери қызметшілер, дәрігерлер, мәдениет қайраткерлері және басқалар жұмыс істеді.
Соңғы жылдар ішінде Палатада парламенттік стажы бар көп депутаттар саны артты. Мәжілістің 29 депутаты алдынғы сайланымдарда жұмыс істеген, 3 депутат бірінші және екінші сайланымда, екеуі - Сенатта, 12 депутат бұрын әртүрлі сайланған Жоғарғы Кеңестің депутаттары болды.
Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы болып МҰХАМЕДЖАНОВ ОРАЛ БАЙҒОНЫСҰЛЫ тағайындалды.
Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі 2007 жылғы 20 маусымда Қазақстан Президентінің "үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы" Жарлығының шығарылуына байланысты өз қызметін аяқтады.
ТӨРТІНШІ САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ: 2007 - 2011 ж.а.
Ата заңға 2007 жылы мамыр айында енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, төртінші сайламындағы Парламент Мәжілісіне сайлау 2007 жылы тамыз айында өткізілді.
Парламент Сенатында Президент тағайындайтын депутаттар санын 15 адамға дейін арттыруды көздейтін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АТҚАРУШЫ БИЛІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ
ПАРЛАМЕНТТІК ДЕПУТАТТЫҚ ӘДЕПТІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ
Парламент палаталары депутаттары
Қазақстан Республикасындағы атқаратын Парламенттің конституциялық құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасы Парламенті
Қазақстанның саяси жүйесі
«Қазақстан Республикасының заң шығару билігі»
Саяси жүйенің құрылымы. Саяси жүйенің басты элементі, өзегі - саяси билік
Зан шығарушы билік
Парламен депутатының мәртебесі
Пәндер