Халықаралық қатынастардың басты формалары
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Экономика және аудит жоғары мектебі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Әлемдік шаруашылық жүйесіндегі Қазақстан
Орындаған: Мукас Ердәулет БАН-11 тобының студенті
Тексерген: Кенжин. Ж. Б аға оқытушы, магистр
Орал-2020
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Әлемдік шаруашылықтың дамуы және оның Қазақстан үшін рөлі ... ... ... ...4
1.1.Әлемдік шаруашылық жүйесінің маңызы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2.Әлемдік шаруашылықтың даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 7 1.3.Қазақстанның әлемдік шаруашылықтағы бәсекеге қабілеттілігі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2. Қазақстан Республикасындағы қазіргі шаруашылық салаларын талдау және оны дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.1. Қазақстанның металлургия және агроөнеркәсіп кешенінің жағдайдарын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2. Қазақстанның әлемдік шаруашылық аренасындағы орнын анықтау және оны дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Кіріспе
Әлемдік шаруашылық - әлемнің барлық елдерінің ұлттық шаруашылықтарының және халықаралық экономикалық қатынастарының өзара байланысқан жиынтығы. Оның тұтастығы мен қызмет ету сипаты қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарымен, ұлттық экономиканың өзара тәуелділігімен сипатталады. Оның экономикалық негізін халықаралық еңбек бөлінісі құрайды. Халықаралық еңбек бөлінісі деп отырғанымыз - жеке бір елдің белгілі бір өндірістік қызметте немесе салаларда, өнім өндіру мен қызмет көрсетуде арнайы кәсіпке бейімделуі, мамандануы.
Бүгінгі әлемдік шаруашылық біркелкі емес. Оған әлеуметтік және саяси құрылымдары, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары әрқилы дамыған, сонымен қатар халықаралық экономикалық қатынаста сипаты, көлемі әр түрлі елдер жатады. Оларды өнеркәсібі дамыған, жаңа индустриялды елдер деп шартты түрде бөлуге болады.
Әлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігіне айналу жолында Қазақстан Республикасы біршама табысқа жетті. Ол қазіргі кезде 60-тан астам әр түрлі халықаралық ұйымдарға мүше. Солардың арасында Дүние жүзі сауда ұйымы. Дүние жүзі сауда ұйымы әр түрлі инфрақұрылымының өркендеп дамуымен тығыз байланысты.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде әлем қарқынды дамып келе жатыр. Әрбір мемлекеттің өзінің маманданған шаруашылық салалары бар. Олар экономикасы жағынан бәсекеге түседі. Біздің еліміздің де маманданған шаруашылық салалары бар. Алдағы уақытта дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде тұру үшін еліміздің шаруашылығын дамыту керек.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстанның әлемдік шаруашылық аренасындағы орнын анықтау және оны дамыту жолдарын зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері: Әлемдік шаруашылық ұғымының мағынасын ашу. Қазақстан Республикасындағы қазіргі шаруашылық салаларына талдау жасау.
Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыста 5 кесте, 9 сурет келтірілген.
1. Әлемдік шаруашылықтың дамуы және оның Қазақстан үшін рөлі
1.1. Әлемдік шаруашылық жүйесінің маңызы мен мәні
Әлемдік шаруашылық - бір-бірімен тауарларды - ақша қатынастарымен байланысқан егеменді ұлттық мемлекеттердің жиынтығы. Дүниежүзілік шаруашылық нарықтық экономиканың заңдарына негізделген, өзара байланысты және бір біріне тәуелді ұлттық экономикалардың жиынтық әрекеттерін көрсететін экономикалық организм. Яғни бұл ұлттық шаруашылықтар бір бірімен халықаралық еңбек бөлінісі, өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар арқылы әр түрлі деңгейде және әр түрлі сипатта көрінетін өндірістік, ғылыми-техникалық, ғылымдық, т.б. байланыстар арқылы біріккен ғаламдық экономика.
Әлемдік шаруашылықтың даму ерекшеліктерінің бірі тұйықталған ұлттық шаруашылықтың жүргізу тәжірибесінің бірте-бірте сыртқы нарыққа бағытталып, ашық экономикаға көшу. Көптеген саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер нәтижесінде дүниежүзілік шаруашылықта өзгерістер боды. Соған байланысты бүкіл дүниежүзілік шаруашылық бір тұтас жүйе ретінде қалыптаса бастады. Бірақ елдердің даму деңгейлері бірдей емес.
1-сурет.Әлемдік шаруашылықтың болашағына және оның дамуына әсер ететін себептер
Интернационалдану дегеніміз халықаралық еңбек бөлінісі негізінде жекелеген елдер арасындағы тұрақты өндірістік экономикалық байланыстардың қалыптастыру. Кез келген елдің әлемдік қауымдастыққа кіруі бірнеше белгілермен ерекшеленуі қажет: дамыған ғылыми-техникалық негізі болуы; шикізатпен энергия қорлармен қамтамасыз етілуі, оның салыстырмалы арзан болуы; білікті маманның болуы. Экономикалық өзара бағыныштылық дүниежүзі елдері арасындағы құқық нормасын, мәдени, байлық, өмір сүру қағидасын ұстау, басқа елдердің топтарының позициясымен сәйкес келуін талап етеді.
2-сурет. Халықаралық қатынастардың басты формалары
Халықаралық сауда - әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылық-тарының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі - халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады нәтижесінде өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер тауарлармен айырбастау жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі.
Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің тауар өндіруге қалыптасқан дұрыс жағдайларымен түсіндіріледі. Халықаралық еңбек бөлінісімен тауар айырбасын ынталандыратын төрт негізгі факторларды атап өтуге болады.
1. Әлеуметтік жағрапиялық факторлар - жағрапиялық орналасу, халықтың құрылымы саны, және де олардың шаруашылық тәжірибесі, білімі, әдет-ғұрпы бойынша жеке елдердің арасындағы айырмашылық.
2. Табиғи экономикалық факторлар - табиғи климаттық жағдайлар, жер шаруашылығы құралдары, табиғи кен байлықтары, су және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілу жағынан жеке елдердің арасындағы айырмашылық.
3. Техникалық экономикалық факторлар - жеке елдердің экономикалық және ғылыми техникалық даму деңгейі әр түрлі болуымен анықталады.
4. Ғылыми техникалық процесс. Халықаралық еңбек бөлінісі өнімдердің тұрақты түрде жаңаруына, тауарлар ассортиментінің және олардың техникалық күрделілігінің шапшаң өсуіне әкеледі.
Халықаралық еңбек бөлінісі мен өнеркәсібі дамыған елдерді нығайту өнеркәсіп өнімдерін айырбастаудың өсуіне алып келеді. Халықаралық саудада шикізат тауарларының үлес салмағының кемуі қазіргі өндірісте шикізат ролі кемуінің тенденциясын байқатады. ҒТР-ның дамуы жаңа технологияны қолдануға әкеліп шикізатқа шығындарды және дайын өнімнің мөлшеріне энергияны қысқарта ҒТР сауданың қалыптасқан түрлерінен басқа түрлерін де тудырады. Оларға: техникалық білім, техникалық іс-тәжірибе, техникалық процесс пен лицензия патенттер жатады.
Сыртқы сауда - тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы сауда нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса - онда оны сауда балансы деп атайды. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын құрайды.
Халықаралық сауданың тиімділігін бағалау мынадай теориялар арқылы жүргізіледі:
1. Абсолюттік артықшылық теориясы - басқа мемлекетпен салыстырғанда климаттық, жағрапиялық, техникалық жоғары деңгейде болуымен өндіріс шығындары кем болады.
2. Салыстыру артықшылық теориясы (Д. Рикардо ХІХ ғ.)- мамандандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекетпен салыстырғанда альтернативтік шығындар аз болуы қажет сонда жалпы өнім көлемі де жоғары деңгейде болады.
Әлемдік шаруашылық дегеніміз - ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір - біріне қарама - қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.
Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы ұзаққа cозылатын процесс. Ал өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы транспорттық және экономикалық байланыстардың қалыптасуының толық нәтижесі. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі болса, дүниежүзілік сауда - экономикалық, қаржылық және ғылыми - техникалық байланыстарды біртұтас мақсатқа біріктіреді. Дүниежүзілік шаруашылықты оқыту мен зерттеудің үлкен теориялық-әдістемелік және тәжірибелік маңызы бар. Әрі қазіргі кезеңнің проблемаларын ғана түсініп қоймай, оның әр аймағында болып жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып , жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барысын ойластыруды терең түсінуге ықпал етеді.
Қазіргі жағдайда кез-келген мемлекеттің экономикасының дамуы әлемдік шаруашылықпен байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан - жақты дами алады.
1.2. Әлемдік шаруашылықтың даму кезеңдері.
Дүниежүзілік шаруашылық - халықаралық экономикалық қатынастардың обьективті негізі және маңызды бөлігі. Халықаралық экономикалық қатынастар (ең алдымен сауда - саттық қатынастары) дүниежүзілік шаруашылық қалыптасқанға дейін де бар болған. Мысалы, Ұлы Жібек жолын, Еуропа мен Солтүстік Африка, Еуропа мен Таяу Шығыс елдері арасындағы сауда қатынастарын атасақ та жеткілікті. Бұл қатынастар мемлекетаралық, аймақаралық сипатта болды. Ал, дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуына байланысты халықаралық экономикалық қатынастардың да қызмет ауқымы кеңейіп, тереңдеп әлемдік сипатқа ие бола бастады. Халықаралық экономикалық қатынастар өзінің дамуы үшін дүниежүзілік шаруашылыққа "қарыздар" деп те айтуға болады.
Халықаралық экономикалық қатынастардың қалыптасып, орнығуы оны өз заңдары, қызмет ету нысандары, ішкі механизмдері бар дербес құбылысқа айналдырды.
Қазіргі дүниежүзілік шаруашылық рыноктың экономикалық обьективті заңдарына негізделген, өзара байланысты және бір - біріне тәуелді ұлттық экономикалардың жиынтық әрекеттерін көрсететін экономикалық организм.
Өзінің қалыптасу және даму жолдарында дүниежүзілік шаруашылық ұзақ " тар жол, тайғақ кешулерден" өтті. Мысалы, Рим империясының өзі сол кездегі дүниежүзілік шаруашылықтың сипатында болды, - деп есептейтін зерттеушілер бар.
1-кесте. Әлемдік шаруашылықтың даму кезеңдері
Ғасырлар
Өзгерістер
XV-XVI ғасырлардағы ұлы географиялық жаңалықтарды ашу кезеңі
Асыл тастардың, хош иісті дәмдердің, бағалы металдардың, құлдардың халықаралық саудасын жандандырып, дамытты. Бірақ, ол замандардағы дүниежүзілік шаруашылық алыпсатарлар капиталы шеңберімен шектелген болатын.
ХХ ғасырдың бас кезі
Дүниежүзілік шаруашылық экономикалық емес әдістерге: мәжбүр ету, ықтиярсыз бағындыру, күштеу саясатына негізделді. Әрине, мұндай " саясат " қатаң " текетірестіктерді" туғызып, дүниежүзілік шаруашылықты тұрақсыздандырды. Бұл қайшылықтар, тарихтан белгілі, екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына себепші болды.
ХХ ғасырдың ортасына қарай
Дүниежүзілік шаруашылық капиталистік және социалистік болып қақ жарылды. Әлемдік экономикалық жүйеде капиталистік шаруашылық басым позицияларды иемденді. Мысалы, 90- жылдардың басында халықаралық саудадағы олардың үлесі 910 болды. 80 - жылдары халықаралық экономикалық айырбаста капиталистік елдердің жиынтық жалпы өнімінің 15 өз тұтынушыларын тапты. Ал, бұрынғы социалистік елдерде дүниежүзілік ұлттық табыстың 13 өндірілді, соның ішінде өзара экономикалық көмек кеңесі елдерінде (14) өндірілген болатын.
ХХ ғасырдың 60 - жылдарында
Дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне дамушы елдер келіп қосылды.
ХХ ғасырдың 70 - жылдардың ортасына қарай
" Жаңа индустриалды елдер" - "төрт жолбарыс" - Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг және Сингапур суырылып алға шығып, дүниежүзілік қауымдастыққа дамудың ерен қарқынын паш етті.
Латын Америкасы елдерінің ішінде өнеркәсібі жедел дамып келе жатқан мемлекеттерге Бразилия, Аргентина және Мексика жатады. КСРО ыдырап, Шығыс Еуропа елдерінде болып өткен " барқыт революциялардан" кейін дүниежүзілік шаруашылық біртұтас мәнге ие бола бастады.
Құрылу мен қалыптасу үстіндегі бүкіл дүниежүзілік шаруашылық өз құрамына экономикалық өсу деңгейлері бірдей емес- өнеркәсібі дамыған, дамушы және экономикалық жүйесі өтпелі кезеңді басынан кешіріп отырған елдерді біріктіріп отыр. Қаншалықты қайшылықты және әрқилы болса да ХХ ғасырға қарағанда ХХI ғасырдың табалдырығында дүниежүзілік шаруашылық мейлінше біртұтас, үйлестірілген, динамикалық қозғалыстағы шаруашылық болып көрінеді.
Қазіргі дүниежүзілік шаруашылық рыноктың және халықаралық еңбек бөлінісінің принциптеріне негізделген, интернационалдық бағыттағы шаруашылық бейнесіне ие болып отыр.
1.3. Қазақстанның әлемдік шаруашылықтағы бәсекеге қабілеттілігі.
Әлемдік экономиканың қазіргі дамуы және әлемдік шаруашылықтың жаһандану үдерістері, экономикалардың өзара тәуелділіктерінің өсуі, жаһандық тауарлар мен қаржылық нарықтардың қалыптасуы осы үдерістерге түскен елдердің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін көтеру проблемасына қызығушылықтың артуына әкелді. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау және оны көтеру шараларын дайындау проблемасы әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыс әлемдік экономиканың дамуына және әлемдік экономиканың дамуына әсер ететін ірі елдердің экономикалық дамуына түбегейлі өзгерістер енгізгеннен кейін күшейе түсті
Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету әлемдік нарықта елдің жағдайын анықтайтын және жеткілікті деңгейде оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды проблема болып табылады.
3-сурет. Елдің бәсекеге қабілеттілігі
Көп жылдар барысында әлемнің түрлі елдерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалаумен Дүниежүзілік экономикалық форум (WIFДЭФ), Менеджментті дамытудың халықаралық институты (IMD), Дүниежүзілік банк айналыса- ды. Әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің жетекші әлемдік рейтинг іболып ДЭФ-тің жылсайынғы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (GCIЖБҚИ) баяндамасысаналады. 1979 ж. Бастап бәсекеге қабілеттіліктің жыл сайынғы жаһанды баяндамаларында ұлттық экономикаларға тұрақты экономикалық өсуге және ұзақмерзімді ауқаттылыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретін факторлар зерттеледі.
2014 ж. Қыркүйекте шыққан, ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есеп нәтижесі бойынша Қазақстан, 2012 жылмен салыстырғанда 1 тармаққа (51 орын) жақсартып, орташа 4,42 балмен 50-ші орындыиеленген. Бұл ретте, Қазақстан даму деңгейі едәуір жоғары елдер қатарына өтті, бұл елдердің дамуында тиімділік пен инновациялық даму факторлары маңызды рөл атқарады.
Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша Doing Business (бизнесті жүргізу жеңілділігі) көрсеткіштері бойынша Қазақстан 2013 ж. Ең дамыған 50 ел деңгейінен өтті.2013 ж. Есептеу әдістемесіне сәйкес Қазақстан 2012 ж. 53-шы орында болған.
Қазақстан бірқатар тауарларды өндіру, ең алдымен, шикізаттар мен жартылай фабрикаттарды, қуат көздерін өндіру бойынша әлемде алдыңғы қатарлы орындарды иеленеді. Бұл бір жағынан, Қазақстанның табиғи ресурстарға бай екендігін, ал екінші жағынан, еңбек пен капиталдың экспортқа бағытталған және пайдасы мол салаларда шоғырлануының өте үлкен дәрежесі бар екендігін көрсетеді. Қазақстанның әлемдік экономикадағы бет-бейнесін:
-Мұнай, көгілдір отын, электроэнергия;
-Қара металлургия, минералды тыңайтқыштар, мақта-мата кездемесі, ағаш өнімдері;
-Астық өнімдері, сүт, әртүрлі жемістер анықтайды.
Көптеген өнімдер бойынша, соның ішінде жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жеңіл автокөліктер өнімдері бойынша Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны әлі де болса төмен. Өкінішке орай, Қазақстанның машина жасау кешеніндегі орны өзінің тиісті деңгейінен қалып қойып отыр. Оған бірқатар факторлар жауап береді: инвестициялық сұраныс төмен, бәсекелік қабілеттілігі мардымсыз, көптеген машина жасау фирмаларының экспорттық белсенділігі төмен, т.б.
Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны мен рөлін сипаттайтын көрсеткіштердің қарқынын ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді үдерістер, жалпы әлемдік экономикамен салыстырғанда елдің экономикалық даму қарқынын арттыратын және оны тежейтін факторлар анықтайды. Кеңес Одағы ыдырап, егеменді ел болғаннан кейін Қазақстан 90-жылдардағы өндірістің терең құлдырауын бастан кешіріп, әлемдік экономиканың даму көшінен тым артта қалды.
Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан өзінің жағдайын әлі де болса жақсарта алмаса да, республикада соңғы жылдары тұрақты экономикалық өсу байқалып отыр (бұл әрине, 2008 жылы орын алған әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстан кейін). Қазақстан ЖІӨ үлесі мен экономикалық даму бойынша 90-жылдары жоғалтып алған деңгейін қайта қалпына келтіре алды. Жыл сайын ЖІӨ өндірісі орта есеппен 7-7,5%-ға өсіп келеді.
Осы уақытқа дейін, Қазақстанның экономикалық өсу қарқынының жылдамдауына салыстырмалы түрде қысқа және ұзақ мерзімді факторлар әсер етті.
2-кесте. Қазақстанның экономикалық өсу қарқынының жылдамдауына салыстырмалы түрде әсер ететін факторлар
Қысқа мерзімді факторлар
Ұзақ мерзімді факторлар
1) 1998 жылы болған Азиялық дағдарыс нәтежиесінде теңгенің құбылмалы бағамын енгізу, бұл экспорттық өндірістің барлық түрлерін ынталандырды;
2) мұнай мен газға, көптеген шикізат түрлеріне және жартылай фабрикатарға әлемдік бағалардың көтерілуі;
3) жақын шет мемлекеттерден еңбек ресурстарының ағылуы.
1) біліктілігі жоғары жұмыс күші әлеуетінің бар болуы:
2) алдыңғы қатарлы озық технологияларды қолданудың кең мүмкіндіктері;
3) Қазақстан территориясында Еуропа мен Азияны байланыстыратын трансұлттық көлік жолдарының дамуы;
4) жеке және мемлекеттік секторларда жинақталған ірі қаржы ресурстарының болуы.
Қуат көздерін, шикізат пен жартылай фабрикаттарды экспорттауды әріқарай дамыту ұзақ мерзімді жоспарда Қазақстанның экономикалық өсу қарқынының факторы ретінде қарастырыла алмайтындығын атап өткен жөн. Өйткені ЖІӨ-ді арттыруда энергия мен материалды көп қажетсіну ұзақ мерзімде төмендейтін үрдіс болып табылады, олай болса, шикізат көздеріне әлемдік сұраныстың өсу қарқыны келешекте әлемдік ЖІӨ-нің өсу қарқынынан қалып отырады.
Ұзақ мерзімді басымдықтарда Қазақстанның үдемелі экономикалық өсуі тиімділігі жоғары ғылымды көп қажет ететін өндірістерді және қызметтер көрсету салаларын дамыту негізінде ғана мүмкін болады. Осындай негізде ғана әлемдік технологияларды игеру, экономиканың тиімділігі мен халықтың табыстарын тұрақты түрде көтере алу мүмкін болады.
Сыртқы сауданың қазіргі тауарлық құрылымы Қазақстанның ЖІӨ-ін өсірудің факторы бола алмайды. Енді өндірістің барлық секторларын жаңғыртуда инвестицияларды маңызды түрде арттыру және жалпы алғанда, ұлттық экономиканың бәсекелік қабілеттілігін көтеру қажет.
Ұлттық бәсекеге қабілеттілік ұғымы кең мағынада халықтың денсаулығы, білім беру мен ғылым, инфрақұрылым жүйелерінің дамуы, қаржы-несие саласының жағдайы, қоғамдық тәртіп және басқалары сияқты жиынтық факторлардан құралады.
Ұлттық бәсекеге қабілеттілік ашық экономика мен жаһандану жағдайында ұлттық шаруашылықтың әлемдік нарықта бәсекелік күрестің негізгі субъектісі ретінде сапалы тауарлар мен қызметтерді өндіруін және оларды әлемдік бағамен сатуын, шетел капиталы мен еңбек ресурстарын тарта алуын, өзгеретін сұранысқа тез бейімделе алуын білдіреді.
Қазіргі уақытта, әлемнің барлық елдері дамудың әртүрлі деңгейінде тұрса да және табиғи ресурстармен әртүрлі қамтамасыз етілгеніне қарамастан, ең алдымен, өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің экспортын дамытуға тырысады. Мәселен, Қазақстанның қазіргі экспорттық құрылымының 75%ын минералды-шикізаттық өнімдер алып отыр,ал қалған үлеске металлдар, химиялық тауарлар, азық-түлік өнімдері,машина жасау өнімдері ие. Қазақстан импортының құрылымында машиналар мен құрал-жабдықтардың үлесі 45%, минералдық өнімдер 14%, химиялық тауарлар 11% және тамақ өнімдері 7% болып табылады. Қазақстан тауарларын басты импорттаушылар болып Батыс Еуропа елдері, соның ішінде, Италия, Швейцария, Франция, Германия, Англия, сондай-ақ, Ресей, Қытай, АҚШ және Украина табылады. Осыған байланысты, мүмкіндігінше, машиналар, құрал-жабдықтар, дайын тауарлар экспортына өтіп, Қазақстанның сыртқы сауда құрылымын өзгерту қажет.
Жоғары білікті мамандар Қазақстанның отын-энергетикалық және шикізаттық өнімдерді өндіретін салаларында салыстырмалы артықшылықтар тудыратын аса маңызды факторларға:
- бірқатар түрлері бойынша әлемдік маңызы бар ірі және кешенді минералды-шикізат қорларының болуын;
- отын-энергетика кешенінде әлемдік деңгейдегі өнеркәсіп қуаттарының болуын;
- сәйкес көліктік және энергетикалық инфрақұрылымның бар болуы;
- біліктілігі жоғары маман кадрлардың және ғылыми-техникалық жетістіктердің бар болуын жатқызады. Жалпы өңдеуші өнеркәсіп және машина жасау экспортында әлсіз жақтарды тудыратын факторларға:
- өндірісті ұйымдастырудың тиімсіз технологияларына және әдістеріне ие болуы, оның ресурсты көп қажет ететіндігі, ал бұл өнеркәсіп өнімін әлемдік нарықтарда бәсекеге қабілетсіз етеді;
- негізгі қорлардың өте жоғары дәрежеде тозуы және оларды жаңартудың шектеулі мүмкіндіктері;
- алдыңғы қатарлы озық индустрияны дамыту бойынша нақты мемлекеттік бағдарламалардың болмауы;
- өндірісті орналастырудың тиімсіздігі және жоғары көліктік шығындар;
- бизнес пен маркетингте тәжірибенің жетіспеушілігі, бірегей инфрақұрылымның болмауы жатқызылады.
Әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілік деңгейі бойынша Қазақстан экономикасының негізгі салаларын келесідей 4 категорияға ажыратуға болады:
::Өте мықты бәсекелестік позиция - түсті металлургия, байланыс және телекоммуникация, атом өнеркәсібі.
::Мықты бәсекелестік позиция - қара металлургия.
::Орташа бәсекелестік позиция - химия, қорғаныс.
::Әлсіз бәсекелестік позиция - авиациялық (азаматтық), электрондық, тоқыма, аграрлық.
Бәсекеге қабілетті өнімді жасау немесе елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру - тек қиын ғана емес, ұзақ мерзімді міндет болып табылады. Дегенмен, олардын арықтық экономика жағдайында шешуге әбден болады. Бұл үшін өндіріс шығындарын қысқартып, өнімділікті, еңбек өнімділігін және материалды өндіріс тиімділігін арттыру қажет. Елдің экономикалық қуаты әлемдік экономикаға интеграцияланусыз, елдің ғылыми-техникалық әл-ауқатын сақтамай және дамытпай пайда бола алмайды.
Зерттеулер көрсеткендей, қазір әлемде білімді, адам капиталын және инновацияларды маңызды ресурстар ретінде қолдану негізінде құрылатын экономикалық өсудің жаңа түрі қалыптасты. Дамыған елдердің ұлттық байлығының 5% ғана табиғи ресурстар, 18% өндірістік капитал, ал көп бөлікті 77% білім алып отыр. Дамыған елдер экономикасының негізінде зияткерлік потенциал жатыр . Сондықтан, Қазақстан осыған ұмтылуы қажет.
Қазіргі кезде Қазақстан нарықтық экономикалық ел ретінде танылған мемлекет, ол жаңа экономикалық даму кезеңіне жол ашты. Осы уақытқа дейінгі сыртқы сауданың статистикасына жүгінетін болсақ, экспорт пен импорттың, жалпы тауар айналымының бірте-бірте ақырындап өсіп отырғандығын байқаймыз. Осы жағдайда негізгі экспортталатын тауарлар болып мұнай, газ конденсаты, қара және түсті металл, ауылшаруашылығы өнімдері алып отыр. Яғни еліміздің экспорты шикізаттық бағытта болып отыр. Жалпы шикізат пен алғашқы өңдеуден өткен өнімдердің үлесіне тұтас экспорттың 80%-ы тиеді . Мұндай жағдайды тек қана отандық өнімдердің бәсеке қабілеттілігінің төмендігімен ғана емес, сонымен қатар экспортты тиімді ынталандыру саясатының қолға алынбауы арқылы түсіндіруге де болады.
Отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру өте маңызды және уақытында ел назарына ұсынылып отырған асқақ мақсат. Әлемдік экономикада алатын орнымыз, экономиканың даму қарқынын үдетіп, оны ұзақ уақыт ұстап тұру мүмкіндігі де осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Халықтың тұрмысын үзбей жақсарта отырып, әлемдегі ең жоғарғы әлеуметтік стандарттарға жеткізу мүмкіндігі де осыған байланысты. Қорыта келгенде, ұлттық дамудың келешектегі басты мақсаты да, міндеті де бәсекеге қабілеттілік болып табылады.
2. Қазақстан Республикасындағы қазіргі шаруашылық салаларын талдау және дамыту.
2.1. Қазақстанның металлургия және агроөнеркәсіп кешенінің жағдайларын талдау.
Металлургия (грек. metallurgeo - руда өндіремін, металл өңдеймін, metallon - рудник, металл және ergon - жұмыс) -- ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы. Металлургия салалары
Қара металлургия
Қара металлургия -- металлургияның ғылымы мен техникасының қара металдар өндіруде кен шикізатын қазып алудан бастап, оны өңдеп шойын, ферроқорытпа, болат, илек, құбыр, рельс, т.б. өнімдерді алуға дейін қамтитын саласы.
Дүние жүзінде өндірілетін барлық металдардың 95% ға жуық үлесі қара металдардың еншісіне тиеді.
Қазақстан қара металлургиясының байлығы мен болашағы - темір кентастары. Оның негізгі қорлары Қостанай, Қарағанды және Жезқазған облыстарында шоғырланған. Қара металл шикізатының базасы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі мен Лисаков комбинатында өндіріледі (жылына 36 миллион тонна).
Қара металлургия ең жаппай қолданылатын конструкциялық материал -- болат шығарады. Оны негізінде шойыннан алады.
Болат пен шойын темірдің көміртектік қорытпасы. Көміртегінің жоғары мөлшеріне байланысты шойын морт, осал болып келеді. Ал өндіріске соғуға, июге және тегістеуге жарамды пластикалық (иілгііп) материал қажет. Сондықтан, шойынның көп бөлігін болатқа айналдырады.
Болат қорыту үшін шикізат пен отын қажет. Отынды (коксті) кокстелетін тас көмірден алады. Ал негізгі шикізат темір кені болып табылады.
Біздің еліміздегі кокстелетін көмір қоры әлі де 600 жылға, ал темір кені (әлемде 8-орында) - 800 жылға жетеді. Темір кені шикізатының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz