Саяси ғылымның зерттеу объектілері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педогогикалық Университеті

Тақырыбы: Саясаттанудың пәні мен объектісі

Қабылдаған:Қуандық Назгүл Жәлиқызы
Орындаған:Әмір Сымбат Нұрланқызы

Шымкент 2020ж

Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Саясаттанудың пәні, әдіс.тәсілдері мен міндеттері
2. Саясаттың түсінігі мен табиғаты.
3. Саяси өмірді бейнелеуді
ІІІ. Қорытынды

Саясаттану - [грек, politike - мемлекетті басқару өнері, logos - сөз, түсінік, ілім] - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. XX г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды. Саяси ғылымның зерттеу объектілері:
1. саяси теория;
2. саяси институттар;
3. саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;
4. халықаралық қатынастар.
Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.
Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді. Саясаттану пән ретінде посткеңестік кеңістікте XX ғ. 90 ж. бастап оқу бағдарламаларына енгізілді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында саясаттану міндетті пән ретінде оқытылады.
Адамзат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами коймайды. Олардың шарықтап шалқитын, құлдырап түсетін де кезендері болады. Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктің ошағы болып, құлпырып гүлдену Ежелгі Шығыс -- Мысыр (Египет), Вавилон (Ирак), Үндістан, Қытай, Парсы (Иран) елдеріне келеді. XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоқтығы көш жоғары болып, өркениетгіліктің үлгісін көрсетті. Мұнда ең алдымен математика, геометрия, астрономия, медицина сияқты нақты ғылымдар басым дамыды. Шығыс елдерінде жоғарғы билік шектелместен монархтың (халиф, хан, патша, сұлтан, король, император және т. т.) қолында болды. Жерге мемлекет иелік етеді, ал мемлекет бүкіл халықтың игілігі үшін қызмет етеді деген көзқарас қалыптасты. Патша әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарға әкелік қамқорлық көрсетеді, ал оның қол астыңдағылардың оған ешқандай талап қоюға қақылары жоқ. Себебі, билеуші халық алдында емес, тек құдай алдында ғана есеп береді. Бұл елдердің тәртібі, саяси ойы өткен ұрпақтың дәстүр-салтына берік берілгендікті білдіретін. Қоғамда орнатылған тәртіп өмір бақи өзгерместей көрінді.

Саяси билік пен қоғамның саяси жүйесі - саясаттанудың негізгі зерттеу объектісі мен пәніне жатады. Осылар арқылы қоғамның саяси өмірін анықтауға болады. Сондықтан саясаттану қоғам өмірінің өте қажетті қызмет саласы туралы білімді, түсінікті қалыптастырады.. Оған жүктелген міндет әрі күрделі, әрі маңызды,.
Дегенмен, ғылыми әдебиеттерде ортақ қорытындыға келіп, оны пән ретінде мойындаған пікір әлі толық тиянақталған жоқ. Сондықтан бұл пән туралы түсініктер алуан түрлі бір біріне сай келмейтін зерттеулер, бағыттар, саяси мектептер баршылық.
1-ден . Саясаттануды пән ретінде анықтағанда оның тікелей мемлекетпен немесе саяси билікпен, қоғамдық немесе саяси партиялар мен ұйымдар проблемаларымен байланыстыра қарайтын шектеулі шеңбердегі көзқарастарды атау қажет.
2-ден. Бұл пәнге саяси мәселелер мен саясат туралы білімді ғана жатқызып қоймай, онымен мәндес келетін табиғаты жақын кейбір қоғамдық ғылымдардың мәселелерін де жатқызуға болады.
Осыдан саясаттану пәні нені зерттейді деген заңды сұрақ өзінен-өзі туындайды. Оған жауап қайтару ұшін ең алдымен саясаттану деген сөздің түпкі мағынасын ашу қажет.
Саясат яғни Политика деген сөз - гректің Politike деген сөзінен аударғанда мемлекетті басқару өнері деген мағынаны білдіреді. Ал Logos деген сөз - ғылым, ілім деген мағынада қолданылады. Сондықтан саясаттану - саяси ғылым, немесе саясат туралы ілім деген түсінік дейміз.

Саясаттану өз ерекшеліктерімен сипатталатын дербес бір пән. Оны басқалармен араластырмай-ақ жеке дара оқып үйренуге болады. Мысалы, бұл ғылымда саяси билік пен оның мәні, саяси жүйе, жекелей және топтық түрде билік жүргізу, көсемдік пен демократия, биліктің шексіз феномені сияқты, күштеу мен зорлық, авторитарлық модель түріндегі билік пен құқықтық құндылықтар және т.б. осындай мәселелер қарастырылады.
Қарапайым демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылы жасалады. Себебі, әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар қаншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан, олардың іс-әрекетінен тұрады.Сондықтан, саясаттың бас сүбъектісі адам деп аламыз.Адамдарды саяси жұмысқа итермелейтін негізгі себеп - мұқтаждық пен мүдде. Мұқтаждыққа өмірде керек, бірақ қолда жоқ зәрулік жатады.Ол табмғм және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи зәрулікке тамақ ішу, киім кию, баспана және т.с.с мұқтаждықтар жатады. Әлеуметтік мұқтаждық қоғамда пайда болады. Оған еңбек ету, басқа адамдармен қатынаста болу, қоғамдық өмірге араласу және т.б. қажеттіліктер кіреді.Мұқтаждықты адам сезініп, оны өтеуге тырысса, ол - мүддеге айналады.
Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуының жан-жақты маңызы бар. Мұндай қатынас арқылы адамның барлық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалады. Азаматтық қоғам мен саяси институттар арасында тығыз байланыс орнайды.
Саясатпен кәсіби айналыспайтын орташа адам саясаттың толық субъектісі болуы үшін ол әлеуметтік мұқтаждықтар мен мүддені , ондағы қайшылықтардың неден туғанын және оларды жою жолдарынөз басының пайдасы әлеуметтік мүдденің мүмкіншілігімен қаншалықты сәйкес келетінін білу керек.Сонымен қатар ол саяси ойындардың ережелері мен тетіктерінен хабары болуы керек.
Саясаттану әдістері - саясаттану ғылым ретінде жалпы ғылыми әдістердің белгілі бір қорын пайдаланады. Ғылыми зерттеудің қандай да бір әдістері мен құралдарының басымдылығы саясаттанудың ғылым ретіндегі пәнінің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Саясаттану әдістері: әлеуметтанулық, тарихи, салыстырмалы талдау, құрылымдық-функционалдық, бихевиористік, жүйелік.
Әлеуметтанулық әдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды.
Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.
Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.
Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысын зерттейді.
Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді.
Құрылымдық-функционалдық әдіс - саяси институттардың, саяси қатынас-тар субъектілерінің қызметін сараптау жолымен саяси процестерді зерттеу әдісі. Функция арқылы құрылымдардың әлеуметтік мәні, қоғамдық-саяси процестегі орны мен рөлі лайықты түрде анықталады.

Саясаттанудың қызметі - қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады. Оған ең алдымен танымдық қызметі жатады. Саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.
Келесі қызметі - бағалау. Ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Cаясат тарихы
Саяси психологияның зерттеу обьектілері, әдістемелік базасы
Теориялық және қолданбалы әлеуметтану.
Орта деңгей теориясы
Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы: проблемалары мен міндеттері
Саяси психология
Әлеуметтанудың объектісі мен пәні
Әлеуметтану ғылымының құрылымы мен қызметтері
Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары
ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ТУРАЛЫ
Пәндер