Ежелгі Үнді мәдениеті. Ежелгі Шығыс мәдениеті
Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі
Оқу-әдістемелік кешен
мәдениеттану пәнінен
0103000 Дене тәрбиесі және спорт
мамандығына арналған
Қостанай қ, 2018 ж
Қазақстан тарихы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенді қоғамдқ піндер оқытушысы Абдихамит М.С. даярлады.
Құқық, экономикалық және гуманитарлық пәндер ПЦК отырысында қарастырылды және талқыланды
Хаттама № қыркүйек 2018 ж.
Төрағаның аты - жөні: Маделина Д.Ж.. _______________
(қолы)
Бөлім меңгерушісі: Ахметова Ж.Ж. _______________
(қолы)
Келісілді:
ОЖ жөніндегі директордың орынбасары: ______________ Ахметова Ж.Н.
Оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны
1.Типтік бағдарлама.
2.Оқу жұмыс бағдарламасы.
3.Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.
4.Дәріс кешені.
5.Сабақ жоспарлары.
6.Дидактикалық материал
Оқу жұмыс бағдарламасы
Қостанай әлеуметтік - техникалық колледж мекемесі
Бекітемін
ҚӘТК
Директоры
__________Мягков В.А.
_____________20__ ж.
Оқу жұмыс бағдарламасы
Пән: Мәдениеттану
Мамандық: 0103000 Дене тәрбиесі және спорт.
Оқу түрі: күндізгі
Семестр : 2
Барлық аудиториялық сабақ саны - 39
Теориялық сағат - 39
Сынақ семестрі -2
Қостанай 2018
Мәдениеттану пәні бойынша оқу жұмыс бағдарламасы, № 3 хаттама, 24.08.2015 ж. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің кәсіби және техникалық оқу-әдістемелік кеңесінде қаралған және бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы негізінде қоғамдық пәндер оқытушысы Абдихамит М.С даярлады.
Пәнді оқыту оқу жұмыс бағдарламасы экономикалық, құқық және гуманитарлық пәндер ПЦК отырысында қарастырылды және талқыланды
Хаттама № 1 5 қыркүйек 2016ж.
Төрағаның аты - жөні: Маделина Д.Ж. _______________

Қайта бекіту туралы мағлұмат
№
Оқу жылы
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар туралы мағлұмат
Қайта бекіту хаттамасының №, күні
ПЦК төрағасының қолы
1
2
3
4
5
Түсініктеме хат
Оқу жұмыс бағдарламасы 0301000 Дене тәрбиесі және спорт мамандығы бойынша студенттерді дайындау деңгейіне қойылатын міндетті мемлекеттік талаптарды орындауға арналған.
Антикалық мәдениет туралы түсінік және антикалық мәдениеттің ерекше динамикасы туралы білім беру. Бұл пәнді оқыту антика әлемінің негізгі ережелерін, құндылықтар шкаласын, мәдени жетістіктерін сипаттауды көздейді. Нәтижесінде, антикалық мәдениеттің динамикасын, статикасын түсінуі керек.
Пәннің мақсаты :
-студенттерді адамзаттың мәдени жетістіктері туралы білімдерге, мәдениет дамуының және қалыптасуының негізгі заңдылықтары мен негізгі формаларын түсіну мен игеруді қалыптастыру;
-оларда өзінің кәсіби өсімі мен өз-өзін жетілдіру үшін дүниежүзілік мәдениет құндылықтарын толық түсінуге бағдарлау.
Пәннің міндеті:
- адамзаттың мәдени тәжірибесін игеру, басты құбылыстар мен жетістіктерді талдау, олардың салыстырылуы және құндылық түсіну;
- мәдениеттің негізгі бағыттар мен тенденциялардағы оның қалыптасу және даму заңдылықтарын талдау;
- мәдениеттің тарихи және этноаймақтық ұлттық феномендерін зерттеу, олардың болмысының анықтауының толық ерекшілігін айқындау;
- әртүрлі мәдениеттанулық ілімдердің идеяларын, олардың ерекшеліктерін және түсініктерін талдау;
- қоғам мәдениетінің қазіргі заманғы реалийлері мен даму тенденцияларының сипаттамасы, болашақ контекстіндегі оның бағасы және болжамы;
- отандық мәдениет тарихын, оның қазіргі мәселелерін және даму болашағын зерделеу; Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:
- мәдениеттің негізгі құндылықтарын игеру, сақтау және тарату әдістері туралы;
- әртүрлі мәдениеттердің көптүрлілігі мен құндылығы туралы жөнінде түсініктері болуы;
- мәдениеттің формалары мен типтерін, олардың әрекет ету мен дамуын, негізгі мәдени-тарихи аймақтарды анытауда;
- мәдениет феноменін, адам өміріндегі оның рөлін түсіндіруде икемді болуы;
- қазіргі қоғамның мәдени ортасынан бағдар ала білу;
- ұлттық және әлемдік мәдени мұраның сақталуы және артуы жөнінде қамқор бола білу бойынша практикалық машықтарды иемденуі қажет.
Үлгілік оқу бағдарламасы негізінде жоспарланған құзыреттері:
Базалық:
БҚ 1. Рухани құндылықтарды түсіну және пайдалана білу;
БҚ 2. Білім деңгейін, дағдыларды көтеру, өзін - өзі дамытумен айналысу, ір түрлі мәдениет құндылықтарын түсіну және қабылдау;
БҚ 3. Әлемдік мәдениет құндылықтарын тану ;
БҚ 4. Электронды сауаттылық, ғаламтормен жұмыс жасау және ондағы мәліметтерге талдау жасау қабілетін игеру, сақтап алып ақпаратты қолдануды дамыту;
БҚ 5. Мәдениеттің даму бағыттарын түсініп, қоғамның мәдени құбылыстары мен оқиғаларының мәнін түсіну;
БҚ 6. Мәдени бағыттар мен үдерістердің анализін жасау:
БҚ 7. Мәдени типтер арасында себеп-салдарлық байланысты жүргізе алу;
Пәнді оқу нәтижесінде оқушылар мынаны білуі керек:
- пән бойынша өтілген тақырыптардың мазмұнын толық түсіне білуі, берілген қосымша сұрақтарға дұрыс жауап таба білу;
- өз құқығын толық білуімен қатар, өз пікірін еркін жеткізе білуі, шешен, әдеби тілде сөйлей білуі тиіс;
- қоғам, оның құрылымы, адамның мәртебесі, қоғамдағы орны, сұранымдары туралы түсініктері болуы;
- ұлтаралық қатынастар, дін, отбасы, рухани құндылықтар туралы;
- экономика, саясат, қоғамдық өмірдегі олардың ролі.
Пәнді меңгеру үшін оқушылар:
- оқушылар проблемалық сұрақтарды, мәселелерді ойластырып, өзіндік шешімдер қабылдап үйренулері;
- өз пікірлерін жеткізе білу, дәлелдеу, пікір - талас жүргізе білуге үйренулері тиіс;
- тірек конспект және схема - жоспармен жұмыс істеуді игеруі;
- Әлеуметттік-гуманитарлық ғылымдарының әдістерін өзінің түрлі кәсіптік қызмет саласында пайдалануды үйрену қажет.
Барлық аудиториялық сабақ саны - 39
Теориялық сағат - 39
Сынақ - семестр -2
Семестр бойынша сағаттарды бөлу
Семестр №
Оқу сабақтары
Бақылау жұмысының саны
Бақылау түрі
Аудиториялық
Жалпы сағат саны
Барлығы
Теор
Семинар
Лабор
Тәжірибелік
2
39
39
Сынақ
Барлығы
39
39
Тақырыптық жоспар
Бөлімдер мен тақырыптар
сабақ саны
Барлығы
Теории
практика
І Бөлім . Мәдениет ғылым есебінде: мәні,ерекшеліктері
4
1
Тақырып 1.1. Мәдениеттануғылымретінде. Мәдениеттанудыңмақсат-міндеттері
2
2
2
Тақырып 1.2. Мәдениет түсінігі.
2
2
ІІ Бөлім. Әлемдік мәдениеттер мен өркениеттер.
14
3
Тақырып 2.1.Мәдениеттің қалыптасуы. Архаикалық мәдениет - адамзат мәдениетінің бастамасы
2
2
4
Тақырып 2.2.Ежелгі Шығыс мәдениеті.
2
2
5
Тақырып 2.3. Антикалық мәдениет.
2
2
6
Тақырып 2.4. Араб-парсы мәдениеті.
2
2
7
Тақырып 2.5. Африка мәдениеті.
2
2
8
Тақырып 2.6. Адамзаттың архитектуралық мұрасы мен ескерткіштері.
2
2
9
Тақырып 2.7. Қайта құру уақытындағы еуропа және Жаңа заман мәдениеті.
2
2
ІІІ Бөлім. Қазақстан мәдениеті
14
10
Тақырып 3.1. Көшпенді өркениеттің пайда болуы мен ерекшелігі.
2
2
11
Тақырып 3.2. Ортағасырлық Қазақстан мәдениеті
2
2
12
Тақырып 3.3. Мұсылман ренессансы.
2
2
13
Тақырып 3.4. Қазақтардың дәстүрлі мәдениеті. Ауызша халық шығармашылығы және музыка өнері.
2
2
14
Тақырып 3.5. Кеңес дәуірі кезеңіндегі Қазақтан мәдениеті.
2
2
15
Тақырып 3.6.. ХХІ ғ Қазақстан мәдениеті
2
2
16
Тақырып 3.7. Этнография. Қазақ халқының құндылықтары.
2
ІV Бөлім. Әлемдік діндердің мәдениет дамуыда алатын орны
7
17
Тақырып 4.1.Үнді- будда мәдениеті
2
2
18
Тақырып 4.2. Христиандық мәдениет түрі
2
2
19
Тақырып 4.3. Ислам мәдениеті
2
2
20
Тақырып 4.4.Қазіргі қоғам мәдениетінің басты құндылықтары. Сынақ.
1
1
Барлығы
39
39
Пәннің мазмұны
Бөлім 1. Мәдениет және өркениет. Мәдениет ғылым есебінде: мәні,ерекшеліктері
Оқушылар мынаны білуі қажет:
Мәдениет жайлы түсінік қалыптасуы қажет. Мәдениеттің түрлерін жетік меңгеріп, бөліп қарастыру.
Тақырып 1.1.Мәдениеттану ғылым ретінде. Мәдениеттанудың мақсат-міндеттері
Мәдениеттанудың ғылым ретінде дамуы және де ең бастысы қандай міндеттер мен мақсаттарды көздейтіні.
Тақырып 1.2.Өркениет пен мәдениет,олардың қарым-қатынасы-негізгібелгілері
Өркениет дегеніміз не? Өркениет пен мәдениеттің өзара байланысы мен айырмашылығы.

Ғылымның, өнердің, дін мен моральдің мәдениет саласында алатын орын мен маңыздылығын қарастыру.
Оқушылар мынаны білуі қажет:
Әлемдік мәдениеттер мен өркениеттер сипатын,ерекшеліктерін. Өркениет түсінігі және қоғамдағы алатын орнын
Бөлім ІІІ.Қазақстан мәдениеті

Мәдениет түсінігін және түрлерін,ерекшеліктерін. Мәдениет пен рухани болмыс арасындағы қатынасын
Тақырып 3.1.Көшпенді өркениеттің пайда болуы мен ерекшелігі.
Мәдениеттің шығу тарихы,құрылымы мен функциялары
Мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметі, материалдық және рухани мәдениет
Тақырып 3.2. Ежелгі дәуірдегі Қазақстан мәдениеті
Ежелгі дәуірдегі мәдениет құрылымы мен функциялары
Тақырып 3.3. Ортағасырлық Қазақстан мәдениеті
Ұлы Жібек жолы, музыка , өнер.
Тақырып 3.4. ХХІ ғ Қазақстан мәдениеті
Мәдениет салалары.
Тақырып 3.5. Қазіргі қоғам мәдениетінің басты құндылықтары
Қоғам мәдениетін құрайтын мәселелер жайлы білу

Тақырып 4.1. Мәдениеттің қалыптасуы. Архаикалық мәдениет - адамзат мәдениетінің бастамасы
Архаикалық мәдениеттің Қазақстан жерінде қалыптасуы.
Тақырып 4.2. Конфуцийлік-даосистік мәдениет түрі.
Қазақ және Қытай мәдениетің ерекшелігін қарастыру.
Тақырып 4.3.Үнді- будда мәдениеті
Джайнизм және буддизм діндерінің мәдениетпен сабақтастығы.
Тақырып 4.4. Ислам мәдениеті
Ислам дінің мәденитке тигізге әсері, кезең-кезеңмен бөліп қарастыру.
Тақырып 4.5. Христиандық мәдениет түрі
Ислам және христиан діндеріне байланысты мәдениет ерекшеліктері.
Тақырып 4.6. Қайта жаңғыру дәуірі мәдениеті
Ренесанс дәуірін қарастыру және де мәдениет үлгілері, сурет,архитетктура, музыка салысы.
Тақырып 4.7.Батыс еуропа мәдениеті және оның қазіргі уақытта алатын орны
Сынақ
Реферат және баяндамалардың тақырыптары
1. Қоғам туралы түсінік
2. Қоғам - біртұтас әлеуметтік -мәдени жүйе
3. Қоғам туралы ілімнің дамуы
4. Қоғам туралы Қорқытттың ойлары
5. Қазақ ойшылдары адам және қоғам туралы
6. Әл - Фарабидің қоғам туралы көзқарасы
7. Әл - Фараби еңбектеріндегі мемлекет тақырыбы.
8. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.
9. Әлеуметтану түсінігі
10. Қоғамның әлеуметтік құрылымы
11. Әлеуметтік бірліктің сипаты.
12. Әлеуметтік бірлік мәні
13. Әлеуметтік заңдар.
14. Заңдардың іске асырылу тәсілі.
15. Әлеуметтік байланыстар және іс -әрекеттер
16. Әлеуметтік байланыстардың түрі мен сипаты
17. Әлеуметтік іс- әрекет түрлері
18. Адам және тіршілік аясы
19. Экология, биосфера туралы түсінік.
20. Тіршілік айналасындағы антропогендік айналысқа
21. Планетаның табиғи ресурстары
22. Адам туралы жалпы түсінік.
23. Адамның аңнан ажыратылуы, жетілу деңгейі
24. Индивид- жеке адам ұғымы
25.Адам ақыл-ой иесі
26. Ақыл- ой туралы ойшылдардың көзқарасы
27. Адамгершілік категориялары, негізгі формалары
28.Өркениет дегеніміз не?
29 Өркениет және мәдениет.
30 Құндылықтар мен идеялар жүйесі.
31. Тарихқа өркениет тұрғысынан қарау.
32.Қазіргі заманғы адамзат өркениеті.
33. Өркениет тынысын айқындаушы фактор.
34.Энергияның жаңа көздерінің ашылуы.
8. Ғарыш кеңістігінің игеріле бастауы.
35. Социология пәні және оның міндеттері.
36. Социология әлеуметті зерттейтін ғылым.
37. Социологияның өзге ғылым салаларымен байланысы.
38. Социология ғылымының атқаратын қызметтері.
13. Отбасы туралы түсінік.
39. Неке ұғымы және оның мазмұны.
40. Отбасының мазмұны, қызметі.
16.Этнос және оның негізгі белгілері.
41. Этнос ұғымының мазмұны, басқа этностардан ажырататын белгілері.
42. Білім жүйесінің құрылымы және кәсіби бағдарлама.
43. Білімнің қоғам өміріндегі орны.
44.Діннің мәні.
45. Дүниежүзілік діндер, олардың таралуы.
46. Қазақстанда дінге қалыптасқан көзқарас.
47.Адам өзгермелі қоғамда.
48.Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс.
49. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың шығу себептері.
50. Қазақстанға тиетін әсері. Дағдарыстан шығу жолдары.
Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
1. Қоғам туралы түсінік.
2. Қоғам - біртұтас әлеуметтік -мәдени жүйе. Қоғам сөзінің кең мағынада қолданылуы.
3. Қоғам туралы ілімнің дамуы. Қазақ халқының ерте замандағы ой -пікірлері.
4. Қоғам туралы Қорқытттың, Асан Қайғының, Платонның ой- толғаулары.
5. Қазақ ойшылдары адам және қоғам туралы.
6. Әл - Фарабидің қоғам, адам және адамгершілік туралы көзқарастары.
7. Әл - Фараби еңбектеріндегі қоғам және мемлекет тақырыбы.
8. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.
9. Әлеуметтік құрылым туралы жалпы түсінік.
10. Қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы жаңа көзқарастың қалыптасуы.
11. Әлеуметтік бірліктің сипаты.
12. Әлеуметтік бірлік туралы түсінік, оның негізгі салалары.
13. Әлеуметтік заңдар.
14. Заңдардың іске асырылу тәсілі.
15. Әлеуметтік байланыстар және іс -әрекеттер.
16. Әлеуметтік байланыстардың түрі мен сипаты.
17. Әлеуметтік іс- әрекет түрлері.
18. Адам және тіршілік аясы.
19. Экология, биосфера туралы түсінік.
20. Тіршілік айналасындағы антропогендік айналысқа.
21. Планетаның табиғи ресурстары.
22. Адам туралы жалпы түсінік.
23. Адамның аңнан ажыратылуы, жетілу деңгейі.
24. Индивид- жеке адам ұғымы.
25.Адам ақыл-ой иесі.
26. Ақыл- ой туралы ойшылдардың көзқарасы.
27. Адамгершілік категориялары, негізгі формалары.
28. Өркениет дегеніміз не?
29. Өркениет және мәдениет.
30. Құндылықтар мен идеялар жүйесі.
31. Тарихқа өркениет тұрғысынан қарау.
32. Қазіргі заманғы адамзат өркениеті.
33. Өркениет тынысын айқындаушы фактор.
34. Энергияның жаңа көздерінің ашылуы.
35. Ғарыш кеңістігінің игеріле бастауы.
36. Социология пәні және оның міндеттері.
37. Социология әлеуметті зерттейтін ғылым.
38. Социологияның өзге ғылым салаларымен байланысы.
39. Социология ғылымының атқаратын қызметтері.
40. Отбасы туралы түсінік.
41. Неке ұғымы және оның мазмұны.
42. Отбасының мазмұны, қызметі.
43. Этнос және оның негізгі белгілері.
44. Этнос ұғымының мазмұны, басқа этностардан ажырататын белгілері.
45. Қазан революциясынан кейін ұлт мәселесінің шешілуі.
46. Экономика туралы жалпы түсінік.
47. Экономика және оның қоғам өміріндегі орны.
48. Экономикалық қатынас жүйесіндегі адам.
49. Қазіргі экономика
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1.Ғабитов Т.Х.,Муталипов Ж.М.,Құлсариева А.Т..Мәдениеттану.-Алматы:2005.
2.Алтаев Ж.Философия және мәдениеттану.-А:2000
3.Маданов Х.М.Қазақ мәдениетінің тарихы.-А:1998
Қосымша:
1.Абай.Шығармалар.А,1995
2.Ғабитов Т.Мәдениеттануға кіріспе.-А,1996.
3.Ғабитов Т.Қазақ мәдениетінің сөздігі.-А
Дәріс кешені

Тақырып 1. Мәдениеттану ғылым ретінде. Мәдениеттанудың мақсат-міндеттері
Жоспар:
1Мәдениеттау ғылымы
2Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы
3Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың алатын орны
Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) - табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен мәдениет деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де мәдениет деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет - адам жасаған екінші табиғат.
Мәдениет - жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.
Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.
Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б.
Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланыста. әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.
Адам, оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар. Бірақ материалдық және рухани мәдениетті бір-бірінен ажырата білу қажет.
Мәдениет материалдық және рухани: бірі-материалдық өндірістің, екіншісі-рухани өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері - еңбек құралдары және көркем шиғырмалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Олай болса материалдық және рухани мәдениеттің қызметтік ерекшеліктері бар екен. Сонымен қатар бұл екеуі - материалдық және рухани мәдениет тұтастыққа ие. Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі материалдық нысанда болады, соның нәтижемінде ол объектіге айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық және рухани демей-ақ, тұтас бірлікте алып қарауға да болады. Мәселе бұларды ажыратуда емес, бүкіл қоғамның дамуына сәйкес, органикалық бірлігін мойындауда.
Өміршең мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам - мәдениет субъектісі. Оның адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет-ғұрыпқа ену, осы мәдениетке тән іс-әрекеттің дағдысын бойына сіңіруі. Мәдениет - адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін, икемін, қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды. Материалдық мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайды. Мысалы, радио, теледидар, компьютер, түрлі ғимараттар, мұражайлар сияқты түрлі материалдық игіліктер арқылы рухани мәдениет таралды. Би, ән айту, жыр жырлау құралсыз іске асырылмайды. Ел мәдениеті неге байланысты? Олар театрларға, басқа да мәдени ошақтарға, сән-салтанатты, барлық жағдайы бар демалыс орындарына, т.б. байланысты. Оларды игілікке пайдалана білу де мәдениеттің бір саласы.
Бақылау сұрақтары.
1. Өркениет дегеніміз не?
2. Мәдениет пен Өркениет ұғымдарының айырмашылығы мен жақындығы неде?
3. Орыстың ұлы философы Н.А.Бердяев мәдениетпен өркениет мәселелерінің байланысы туралы қандай пікір айтқан?
2 тақырып
Мәдениет түсінігі.
Жоспар:
1. Мәдениеттану - мәдениет туралы ғылым
2. Мәдениет ұғымы
3. Мәдениет типологиясы
Мәдениеттану ғылым ретінде культорология атауымен Еуропада қалыптасқан. Бұл сөздің өзі екі: латын және грек тілдеріндегі екі сөзден құралған. Культура сөзі латын тілінде жер айдау, топырақ өңдеу дегенді білдіреді. Ал логос сөзі грек тілінен алынған. Ол көп мағыналы: ғылым, ілім, теория деген ұғымдарды береді. Демек, культорология - мәдениет туралы ілім, теория, ғылым. Мәдениеттану ғылымының қалыптасуында мәдениеттің табиғаты мен мәнін түсіне білу маңызды орын алды. Мәдениет ұғымының даму тарихы мәдениет туралы жан - жақты тұжырымдаманы: марксизмнің еңбек құралы тұжырымдамасын; Н.Я.Данилевскийдің мәдени тарихи тип тұжырымдамасын; мәдениеттің ойын ретіндегі теориясы және басқа тұжырымдамаларын өмірге келтірді. XIX - XX ғасырлар бойында мәдениетті зерттеуде антропологиялық бағыт қалыптасты, онда адам мен мәдениеттің қарым қатынасы басты назарға алынды. Мәдениеттанушылар оның дамуындағы жеті кезеңді бөліп көрсетеді:
Этнографиялық кезеңде (1800-1860) жазуға дейінгі кезеңнің этностық қауымдастықтары зерттелді.
Эволюциялық кезеңде (1860-1890 жылдар ортасы) Э.Б.Тайлор еңбектері басшылыққа алынды.
Тарихи кезең (1890-1920) эмпириялық сипаттама енгізген Ф.Боастың қызметіне байланысты.
Психологиялық кезеңде (1920-1950) М.Мид, Р.Бенедикт сияқты ғалымдар мәдени орта жағдайындағы жеке тұлға мінез құлқын зерттеді.
Құрылымдық функционалдық кезеңге (1930-1950) мәдениеттің әр бөлігі өзінше қызмет атқаратын біртұтас нәрсе деп қарауға ұмтылыс тән болды.
Жаңа эволюциялық кезең (1950-1980) классикалық эволюционизмнің негізгі идеяларын өңдеген түрде қайта тудырды.
Постструктурализмнің ерекщелігі (1980 жылдан бері) анықталмаған, тұрақсыз мәдени құбылыстарға көңіл бөлу болды.
Мәдениет - философия, әлеуметтану, антропология, этнография, т.б. ғалымдардың басты назарында тұрады. Ғалымдардың анықтауынша, мәдениеттің анықтамалары көп. Мәдениеттің - екінші табиғат ретіндегі анықтамаларының бірінде мәдениеттің табиғат қойнауынан өсіп шығатыны, бірақ оған қарсы тұратындығы айтылады. Мәдениет - қарсы табиғат, - латынша бұл осылай айтылады. Мәдениет ұғымы көбінесе білімділік, білім тарату ұғымымен салыстырылады. Мәдениеттің екі: материалдық және рухани жағы бар. Мәдениеттің бұл екі көрінісі өзара байланысты.Мәдениеттанушылар мен әлеуметтанушылар мәдениетті типтерге бөледі. Мәдениеттер типологиясын А.И.Кравченко өзінің Культорология оқулығында барынша толық қарастырған. Ол типология құрылымының принциптері мен өлшемдері жайлы айтады. Мәдениетті жіктеу өлшемдері әр түрлі болуы мүмкін. Мәдениеттер типтері - жеке - жеке құрылымдар, тұтастықтың бөлімі емес. Кез келген ұлттық немесе этностық мәдениетті мәдени типіне жатқызуға болады. Мысалы, қазақ, орыс, қытай, неміс, мәдениет типтері. Сондай-ақ шаруашылық жағдайына қарай мәдениет типтеріне бөліп көрсетуге болады: аңшылар мен терімшілер мәдениеті, бақшашылар мен фермерлер мәдениеті; малшылар мәдениеті; егіншілер мәдениеті; өнеркәсіп мәдениеті.
Мәдениеттер тілдесуі - мәдениеттер қақтығысы кезінде ортақ тіл табысу. Мәдениеттерді бір біріне қарсы қоюда ең кеңінен тарағаны Батыс пен Шығыс мәдениеттерін бір- біріне қарсы қою.
Еуропоцентризм теориясына сенсек, мәдениет тек Еуропада бастау алған.
Панафриканизм немесе афроцентризм негрлер мәдениетін асқақтатпақ болады.
Шығысцентризм Шығыс, мысалы, Үндістан, мәдениетін ардақтап, оның діні мен философиясына басқа коңіл бөледі. 2003 жылы қыркүйек айының соңында ҚР Президентінің төрағалық етуімен Астанада Әлемдік және дәстурлі діндер жетекшілерінің бірінші съезі өтті. Н.Ә.Назарбаев өркениеттер, конфессиялар, елдер және халықтар арасында тілдесулер орнатуға шақырды.Өкінішке орай, грек қоғамының даму барысында, әсіресе эллинизм дәуірінде, көне полистердің өз тәуелсіздіктерін жоғалтуына байланысты грек пайдейясының идеалдары бұзыла бастады.
Әлеуметтік тұрақсыздық пен бей-берекет саяси уақиғалардың салдарынан мәдениетке нұқсан келді. Білім берудің және тағы да басқа мәдени құндылықтардың дәрежесі түсіп кетті. Бірақ қоғамдағы мұндай өзгерістерге қиындық пен тоқырауларға қарамастан мәдениет өз дамуын тоқтатқан жоқ. Христиандық сана негізінде дамыған ортағасырлық мәдениет пұтқа табынушылықты жоққа шығара отырып, көне мәдениеттің негізгі табыстарын сол қалпында сақтай білді. Ортағасырлық мәдениет политеизмге монотеимзді, натурализмге -- руханилықты, геодонизмге (сүйсініп -- рақаттану табынушылығы) аскеттік идеалды, дүниені бақылау және логика арқылы тануға Библияға сүйенген және оны шіркеудің белгілі қайраткерлері арқылы түсіндірілетін -- кітаби білімді қарама-қарсы қойды.
Бақылау сұрақтары:
1. Мәдениеттану туралы түсінігіңіз қалай ?
2 Мәдениеттік қатынастардың мағынасына сипаттама беріңіз.
3. Мәдениет типологиялары қандай?
4. Мәдениеттер тілдесуі қала жүргізіледі?
5. Мәдениет тану ғылымы туралы не білесіз?

3 тақырып
Мәдениеттің қалыптасуы. Архаикалық мәдениет - адамзат мәдениетінің бастамасы
Жоспар:
1. Алғашқы қауым мәдениеті және оның сипаттамалары
2. Миф - мәдениеттің бір түрі
3. Алғашқы діндер
Алғашқы қауым мәдениеті және оның сипаттамалары. Алғашқы қауымдық құрылыс жүз мың жылдарға созылды. Ең алғашқы еңбек құралдары бұдан 2,5 млн. Жыл бұрын пайда болды. XIX ғасырда белгілі болғандай, алғашқы қауымдық құрылыс бірнеше кезеңнен: тас, мыс, қола және темір дәуірлерінен тұрған. Адамдар алғаш рет жер өңдеу, аң аулау, мал өсірумен айналысты. Соңғы ғылыми деректерге қарағанда, қазіргі адам кейпі бұдан 140 - 145 мың жылдай бұрын қалыптасқан.Алғашқы адамдардың өмір сүрген мерзімі қазып алынған сүйектерді 1947 америкалық химик Уиллард Либби ойлап тапқан радиокөміртектік әдісті қолдану арқылы зерттеу негізінде анықталады. Радиокөміртектік әдіс неандертальдықтар қазіргі адамдардың ата-бабасы емес екендігін көрсетті. Алғашқы қауымдық мәдениеттің белгілері мынадай болды: дайын өнімдерді дайындау емес, иелену; еңбек құралдарының жетілмегендігі; адамдардың бірігіп еңбектенуі;алғашқы қауымдық комунизм.Алғашқы қауымдықьқұрылыс өте баяу дамыды. Сонда да болса,тапсыз қоғамнан таптық қоғамға,тең құқықтық қоғамнан - байлар мен кедейлерге бөліну, рулық қатынастан құл иеленушілікке өту ақырында жүзеге асып жатты.
Миф - мәдениеттің бір түрі. Грек тіліндегі миф сөзі - аңыз, ертегі мағынасын береді.миф те мәдениеттің бір түрі болып табылады. Мифтен біз халықтардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы,наным-сенімдері жайлы біле аламыз. Миф дінмен тығыз байланысты. Олар ертегі емес, өйткені жұрт оларға дінге сенгендей сенеді. Мифті адамдар өзін қоршаған әлемді түсіну үшін ойлап шығарады. Олар - адамдардың әлемге қызығушылығының көрінісі. Миф адамдардың алғашқы діни және философиялық сұрақтарына жауап ретінде туады. Мифтерде мистика және магия орын алады.Қоғамның алғашқы дамуы кезіңдерінде мифтер жан - жақты сипатта болды. Оларда қоршаған ортаны түсінуге тырысу әрі оған табыну ұғымы болды. Мифтер алғашқы дін түрлерін қамтыды. Алайда дінде дамып, күрделілене түсті де, мифтерден бөлініп шығып, жеке өрістед.Қоғамдық қатынастар жетілген сайын көптеген мифтер ескіре ертегіге айналды. Кейде қазір де ойдан шығарылған, адастыру немо түріндегі мифтер пайда болады. Мысалы, демократия қоғамда адамдарға тең мүмкіндітер беретіні туралы мифті айтуға болады.
Алғашқы діндер. Алғашқы діндерді зерттеуге көптеген ғалымдар: ағылшын этнографы Э.Б.Тайлор (1832-1917), ағылшындық дінтанушы және этнол Джеймс Фрэзер (1854-1941), француздық этнограф және психолог Люсьен Леви-Брюль (1857-1939), т.б. бой ұрды. Кейінгі және дамыған діндерде жан ұғымы өзгеріске ұшырады. Христиандық пен исламда тек адамда ғана жан бар деп есептеледі. Алғашқы адамдарда қоршаған дүниенің бәрінің жаны болады, құпия күштер бар деп білді. Ол бұл күштердің өзіне көмектескенін, жаулардан қорғағанын қалады. Заттарға табыну, өзін қорғайтынына сену пұтқақұлдық деп аталады. Аурудан, сиқыршылықтан амулет қорғайды, талисман бақыт пен табыс акеледі деген сенім болды. Қазіргі заманғы сөзддіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет - адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті,критмикен мәдениеті, қазақ мәдениетіжәне т.б.); б) мәдениет - адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.); в) мәдениет -- агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениеті және т.б.). Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті.
Алғашқы қауымдық мәдениет -- тарихи-мәдени типология бойынша адамзат мәдениетінің алғашқы сатысы. Антропология ілімінде кейінгі палеолит дәуірінде (30 -- 40 мың жыл бұрын) нағыз адам пайда болуымен, кару-жарақтар мен карапайым еңбек күралдарын қолдана бастауымен және экзагамияның нәтижесінде отбасы және рулық қауымның калыптасуымен, діннің, өнердің, рәміздік салт-дәстүрдің алғашқы нышандары өріс алуымен түсіндіріледі. Ауызекі тіл карымқатынастық, сабақтастық функцияларын атқара бастайды.
Осының негізінде мифтік сана пайда болды. Алғашқы қауымдық мәдениет адамдық қарым-қатынастарды реттеудің дәстүрлік жүйесін қалыптастырады. Еңбектің коғамдық жолмен бөлінуі, магиялық, тотемдік, аниматикалық, фетишистік сенім-нанымдардың алдымен политеистік, кейін монотеистік діндерге ауысуы, жазбаша тілдің, қалалардың, колөнердің пайда болуы
Алғашқы қауымдық мәдениеттен ежелгі өркениеттерге өту мүмкіндігін туғызды. Алғашқы қауымдық мәдениет қазіргі өркениетті халықтардың архетиптік жадында сақталып қалған. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғаш еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 млн. Жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті.
Дүние жүзінде жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстардың нәтижесінде алғашқы адамдардың қоныстары ашылып, олардың тастан жасалған құрал-саймандары көптеп табылуда. Олай болса, археология ғылымының ғылыми зерттеулерінің дәл осы тас құралдардан басталуы да тегіннен-тегін емес сияқты. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірінің өзі дүниежүзілік гылымда бірнеше кезеңдерге бөлінеді.
Бақылау сұрақтары:
Архаикалық мәдениет туралы түсінігіңіз қалай?
Алғашқы қауым мәдениеті және оның сипаттамалары туралы не білесіз?
Миф туралы түсінігіңіз?
Алғашқы діндер туралы не білесіз?
Алғашқы діндерді зерттеуші ғылымдарды атаңыз?
4 тақырып
Ежелгі Шығыс мәдениеті.
Жоспар:
Ежелгі Үнді мәдениеті
Ежелгі Қытай және Жапония мәдениеті
Ежелгі Месопотамия және Иран мәдениеті
Ежелгі үнді мәдениеті. Үндістан - адамзат баласының ең көне мәдени ошақтарының бірі. Баға жетпес мәдени қазынаның иесі осы бір дарынды халықтьщ мәдени мұраларын басқа халықтардың мәдени жетістіктерімен ауыстырып алуға болмайтындығын ерекше атап өткіміз келеді. Талай шапқыншылықты басынан өткізсе де өздерінің ешуақытта да басқыншылыққа бармауы, бұл ұлы халықтың ұлттық ерекше қасиеті де болар. Ал осы бір ұлттық ерекшелік -үнді халқының мәдени дамуына өз ықпалын тигізбеуі тіпті мүмкін де емес сияқты. Бірақ, өкінішке орай, ежелгі үнді мәдениеті жайындағы толық мағлұматтарды тек соңғы кездерде ғана ала алдық.
Бірінші мыңжылдықта индуизм дамуының бастауында - брахманизм тұрды. Дін ендігі жерде қоғамдық теңсіздікті ақтау үшін қолданыла бастады, сөйтіп Құдайлар иерархиясы қалыптасты. Олардың ішіндегі ең мәртебелілері - Брахма (әлемді жаратушы), Вишна (оны сақтаушы) және Шиба (оны талқандаушы) құдайлары болды. Бұл діни ілімнің негізінде - адамдардың қайғы-қасіретін елемеу, олардың бақытсыздығына мән бермеу сияқты мағыналар жатыр[ Абыздар (брахмандар) қабырғасы қайысып еңбек етуді, байларды күндемеуді, бағыныштылықты және т.б. уағыздады.
Б.з.6. VI ғ. Буддизм діні - дамыған құлдық қоғамның идеологиясына айнала бастады. Онын Үнді жерінде ең шарықтаған кезеңі - б.з.б. V ғ. мен б. заманымыздың бір мыңыншы жылдығының басы болды. Буддизмведалық дін мен брахманизммен тығыз байланыста дамыды.Дәл осы кезеңце буддизммен қатар діннің екінші саласы - джайнизм қалыптаса бастады. Оның діни - философиялық трактаттары - сутраларда - сансарының ықпалынан босану жайындағы ілім жатыр. Бұл мақсатқа жету үшін джайнизмнің үш қағидасын орындау қажет. Олар: дұрыс білім , дұрыс коре білу және дұрыс мінез-қүлық.
Б.з.б. бір мыңжылдықтың аяғында ведалық діннің, брахманизмнің дамуы нәтижесінде және халықтың нанымсенімдерінің тығыз араласу процесі арқасында - индуизм діні пайда болды Халықтың басым көпшілігінің тарапынан қолдау тапқан бұл діни ағымның негізінде жанның қайта түрленуі жөніндегі ілім жатыр. Бұл процесс адамның ізгілік немесе қатыгездік іс-әрекетіне баға беру заңдылығына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл дін бойынша құдайларға құлшылық ету және тұрмыстық-касталық ережелерді қатаң сақтау қажет. Бұл дінге табынушылар Ганг өзенін, сиырды және т.б. қасиеті деп санады. Демек көне Үндістанның материалдық, рухани және көркемдік мәдениеті - дүниежүзілік өркениетте өзінің лайықты да, қастерлі орнын ала білді.
Көне Қытайдың мәдениеті. Жер бетіндегі алғашқы мемлекеттердің бірі - ежелгі Қытай елінің тұрғындары - ерекше материалдық және рухани мәдениетті жасаушылар болды. Олар өмірді - құдайдың табиғаттан тыс күштерінің сыйы екендігіне кәміл сеніп, дүниедегінің бәрі де ұдайы қозғалыста болады және жарық пен қараңғылық атты бір-біріне қарама-қарсы екі космостық күштердің өзара қақтығысының нәтижесінде әлем ұдайы өзгерістерге ұшырап отырады деп санады. Көне заманда қытайлықтар жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты табиғат күштеріне, яғни жердің, күннің, айдың, таулардың, өзендердің, желдің, жаңбырдың және т.б. рухына табынды және олардың құрметіне құрбандықтар шала отырып, халықтың қажеттілігіне байланысты игі өтініштер жасады. Солардың ішінде барлық рухтар мен о дүниедегі адамдардың жандарын өз ырқында ұстайтын жоғарғы құдай ерек - ше бағаланды. Біз II -- III ғ. Неодаосизм деп аталатын екінші бір ағым қалыптасты. Неодаосизмнің бұған дейінгі діни ілімдерден басты айырмашылығы - бұл ілім әлеуметтік-мемлекеттік өмірдегі қалыптасқан жағдайларға икемделіп жасалды және мемлекеттік істерге қатысудан бас тар - туды талап етпеді. Керісінше, жаңартылған даосизмде Кон - фуций ұлы уағызгер және ұлағатты өмір ұстазы ретіңде аса жоғары бағаланды. Бірақ осы бір өзгешелігіне қарамастан даосизмнің бұрынғы рухы сақталынды және соның негізінде жол мен тасқын деп аталатын көркемдік стиль туындады. Жоғарыда көрсеткеніміздей, діни даосизм осы уақытқа дейін сақталып қалса, ал неодасизм қойнауында туындаған жол мен тасқын стилі қытай мәдениетінің ажырамас бөлігіне арналған.
Б.з. дейінгі IV-III мыңжылдықта Қос өзен территориясы - Тигр және Ефрат өзендерінің аңғарында Египтеттегі мәдениеттегідей жоғары мәдениет пайда болып, орнықты. Алайда мыңжылдықтар бойы бір ғана мемлекет - Ежелгі Египет қана болған Ніл аңғарынан ерекшелігі Қос өзенде (Месопотамияда) бір-бірін әр түрлі мемлекеттер ауыстырып отырды, оның ішінде Шумер, Аккад, Вавилония, Ассирия, Иран. Қос өзен тарихы мен мәдениеті Египеттегіге қарағанда динамикалы болды.
Қос өзеннің ежелгі мәдениеті - шумер-аккадтық. Шумерлер вавилон мәдениетінің рубасылары болды. Олар тарихта бірінші рет Алтын ғасыр туралы поэма шығарды, бірінші элегиялар жазды, бірінші кітапханалық каталог құрастырды, олар бірінші медициналық кітаптардың авторлары болды, егіншінің бірінші күнтізбесін жазды және т.б.
Бұл халыққа дүниедегі алғашқы жазу - шумер сына жазуы жатады, бұл белгілері сына тәрізді сызықшалар топтарынан тұратын белгілер жазуы, олар ылғалды сазға басылып жазылды.
Шумер-аккад өркениетінің мұрагері Вавилония болды. Б.з. дейінгі ІІ мыңжылдық ортасында Хаммурапи патша кезінде (б.з. дейінгі 1792-1750 ж.ж. ережелері) Вавилон қаласы өз маңында Шумер мен Аккадтың барлық облыстарын біріктірді. Хаммурапи кезінде екі метрлік тас бағанаға сына жазумен жазылған белгілі заңдар жиынтығы пайда болды. Бұл заңдарда Қос өзеннің ежелгі тұрғындарының шаруашылық өмірі, тұрмысы, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымы бейнеленді, олардың мүдделері нақты шындыққа көңіл аударып, маңындағы тайпалармен үнемі күресу қажеттігімен анықталды.Ежелгі қытайлықтардың техникалық жаңалықтар ашуға қосқан үлестері де бір төбе. Мысалы, олар б.з.б. үшінші ғасырда компастың алғашқы түрі -магниттік аспапты тұңғыш рет ойлап тапса, ал біздің заманымыздың алғашқы кезендерінде - су диірменін, суды жердің бетіне ағызатын машина сорғышты, дүние жүзіндегі алғаш сейсмографты ойлап тапқан. Қорыта келгенде айтарымыз, ұлы Қытай халқы-мәдениет пен өнердің қай саласында болса да қомақты табыстарға жетіп, дүние жүзілік өркениетке өзіндік үлестерін қоса білген дарынды да, еңбекқор халық болды.
XIX ғ. соңғы ширегінде Тигр және Ефрат (Қос өзен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба жүмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардың орны ашылып, әлемге Шумер өркениеті деген жаңа мәдениет белгілі болды. Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени мұраларына қомақты үлес қосқан, дүниежүзілік өркениеттің тағы бір бастауына айналған бұл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының фәлсафалық мәйегі, ілгерілеу мен дамудың қайнар бұлағы деп дәріптелді.
Жер бетінде алғаш өркениетті қауым, іргелі мемлекет құрған шумерлердің мәдениеті дүниежүзілік мөдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіңдей өте жоғары болды. Бірақ Ніл аңғарында үш мың жыл бойы бір-ақ халық қоныстанып, бір-ақ қана мем - лекет Ежелгі Египет қоныстанса, ал Қос езен бойында Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия, Иран сияқты түрлі мемлекеттік қүрылымдар тарих сахнасында бірінен кейін бірі алмасып тұрды, түрлі халықтар өзара сауда-саттық жасаумен қатар, озара әскери қақтығыстарға да жиі барып тұрды, соның салдарынан қалалар мен әсем ғимараттар күл-талқан болып қирады да.Оған дәлел, Қос өзеннің ең көне мәдениеті Шумер-аккад мәдениеті. В.В. Струве, В.И. Авуев, В.А. Тураев, Б.И. Грозный сияқты аса көрнекті шығыстанушы ғалымдардың пікірінше, шумерлер бүкіл Вавилон медениетінің негізін қалаушылар болып саналады. Ал шумерліктердің өздері, олардың ата-бабаларын Қос өзен өңіріне сонау таудың ар жағынан, солтүстіктен, яғни солтүстік-шыгыстан келген.
Ғалымдардың айтуынша, бұл келгендер тау тұрғындары, малшы көшпелілер болып есептелсе керек. Шумердің 3100 -- 2800 жылдардагы халқы туралы белгілі ғалым Л. Вулли: Дәл осы кезеңде бұлардың халқының басым көпшілігі келімсектерден құрылғаны анық. Әр түрлі себептермен келген олар бұл елдегі халықтардың игере алмай отырған биік мәдениетін өркендетуге белгілі дәрежеде әсер еткен болса ке - рек, -- деп жазады.
Дүние жүзіндегі алғашқы жазуды ойлап табу да осы дарын - ды халықтың үлесіне тиген. Шумерлер сына жазуын ойлап табумен қатар, оның жетілген оқулықтарын, грамматикасын жасады. Шумер елінде мектептер мәдениет пен білім ошағына ай - налды. Бір таңқаларлық жағдай дінтану оқу бағдарламаларына енгізілмеген. Шумер мифтері сына жазумен жазылған.Олардың оқылуы жолында көп жұмыс атқарған адам америкалық ғалым С.Н.Крамер болды.
Бақылау сұрақтары:
1. Ежелгі Үнді мәдениеті туралы не білеміз?
2. Ежелгі Қытай және Жапония мәдениеті мәдениеттері туралы не білеміз?
3. Көне Қытайдың мәдениеті қандай?
4. Ежелгі Месопотамия және Иран мәдениеті туралы не білеміз?
5. Ежелгі Египет мәдениеті қалай дамыған?
5 тақырып
Антикалық мәдениет.
Жоспар:
Антикалық мәдениеттің тұтас жүйесі
Батыс Рим империясының құлауы
Ежелгі Грек өнерінің тарихы
Антикалық мәдениет (лат. antiquus ежелгі) Ежелгі Грек және Рим мәдениеттерінің б.з.д. XII - I ғғ. қамтитын дәстүрлерінің, құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі. Антикалық мәдениет адамзат өркениетгілігінің ең басты ошақтарының бірі деп есептелінеді. Ол еуропалық мәдениеттің архетипіне жатады. Зерттеушілер Антикалық мәдениеттің архаикалық, классикалық, эллинистік және римдік кезеңдерін атап өтеді. Антикалық мәдениеттің ақыры - 476 жыл. Батыс Рим империясының құлауы. Антикалық мәдениетте казіргі білімнің, философияның, әдебиеттің, құқықтың, жалпы кітап мәдениетінің іргетасы қаланады. Антикалық мәдениет архаикалық 1 рекиядан бастау алады. Бұл кезеңді кейде гомерлік мәдениет деп те атайды. Осы кезеңде өзінің рәміздік, тылсымдық мәңгілігімен әлі күнге дейін адамзаттың рухани азығы болып келген танғажайып грек мифологиясы қалыптасты. Антиктік дүниетанымға Ғарышпен үйлесімдік тән. Кіші Ғарыш ретіндегі адам үлкен Ғарыштың нұсқасы болып табылады. Антикалық мәдениет өрістеген уақыт -- классикалық грек мәдениеті. Әлеуметтік орта -- полисті жеке азат тұлғамен үйлесімді байланыстыра білген антикалық адам өз болмысына мәдениеттілік өлшемдерін енгізе бастады. Мәдениетті адам, ежелгі грек түсінігі бойынша, өз бойына білімділікті, әсем ізгілікті, тән сұлулығын және жоғары сұхбаттық қасиеттерді қондыра білген. Грек философиясында кейінгі барлық басты философиялық мәселелер талқыланған. Егер Сократқа дейінгі философияда натурфилософиялық сарындар басым болса, Сократ, Платон, Аристотель адамға қарай бетбұрыс жасады. Антика ұғымы Қайта өрлеу заманында пайда болды, бұл терминді итальяндықтар греко-рим мәдениетін анықтау үшін енгізді (латынның ежелгі деген сөзінен). Антика мәдениеті Европа мәдениетінің дамуында шығар нүкте болды. Ежелгі Греция адамды табиғаттың көркем де жетіліп жаратылған жаны, барлық заттар өлшемі ретінде ашты. Антика мәдениеті үшін дүниені тануда ұтымды (теориялық) тәсіл, эмоционалдық-эстетикалық қабылдау, әлеуметтік-практикалық және теориялық проблемаларды шешуде үйлесімді логика мен өзіндік дербестігі тән. Ежелгі грек мәдениетіне тән келесі белгілерді атап көрсетуге болады: ол ең алдымен космологиялы. Космос оның абсолюті болады. Космос грекше бұл ғалам әлемі ғана емес, бей-берекеттікке қарсы тұратын әлемдік тұтастық, әдемілік. Сұлулық, өлшем, үйлесім. Антика адамы барлық осы қасиеттермен адам арасындағы ара қатынасты белгілейді және грек мәдениетінің космологизмі антропоцентризмді болжайды. Ежелгі гректердің құдайлары антропоморфты, ал адамның денесі грек мәдениетінің барлық пішіндерінің өлшемі болады. Гректер риторикада шешендердің ең тамаша сөздерін атлеттердің әсем денелерімен салыстырған, ал сәулет өнеріндегі математикалық есептеулер адам денесінің пропорцияларымен ара қатынаста болған. Антика мәдениетінің маңызды белгісі - оның бәсекелестігі, ол өмірдің барлық салаларын сипаттайды. Грек егесі (күрес, жарыс) еркін гректің келесі қасиеттерін бейнелейді: ол өзін полис азаматы, оның өкілі ретінде ғана көрсете білді. Грек егесінде диалектика бастау алған, бұл өзінің дәлелдерін дәлелдей отырып, әңгімелесе білу, әр түрлі философиялық бағыттардың болу құқығын негіздеу. Ежелгі Грек мәдениетінің тағы бір белгісі - оның мерекелігі, оның сыртқы әдемілігі, ойын-сауықтылығы. Әдетте ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz