КӨШБАСШЫҒА ТӘН ҚАСИЕТТЕР
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ НЕГІЗІ
Орындаған: Нуракаева Шырын Куатовна
Тобы: 402
Мамандығы: 0111000 Негізгі орта білім
Біліктілігі: 0111083 Шетел тілі мұғалімі
Ғылыми жетекшісі: Педагогика пәнінің оқытушысы п.ғ.м.
Кабимолдина Айгуль Кайрбековна
Семей қаласы, 2020-2021 оқу жылы
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
I. КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
1.1. КӨШБАСШЫ ҰҒЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. КӨШБАСШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 7
II. КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ -ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ НЕГІЗІ
2.1. КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАҢАШАЛАНҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНДАҒЫ МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2. КӨШБАСШЫҒА ТӘН ҚАСИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 15
2.3.МҰҒАЛІМНІҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҚУШЫЛАРҒА ӘСЕРІ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
III. ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
3.1
3.2
3.3
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.1 Көшбасшылық- заман талабы
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... . 21
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт- дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық. Елбасы Н.Ә.Назарбаев
Заман талабына сәйкес, кез-келген салада жаңару, ілгерілеу болуы заңды. Және қазіргі кезеңде қазақстандық қоғамның дамуында көшбасшылық пен мектепті басқару сұрақтары өзекті. Қоғамға білімді жастар, шәкірттердің тиімді топтары мен аралас мектептердегі тәрбиеленетін көшбасшылар қажет. Қазіргі таңдағы мектепте шәкірт табысты болуы үшін біліммен қатар, өзіндік сана, өзін бақылау, әлеуметтік қайырымдылық және қарым-қатынастарды басқару сияқты тұлғалық және әлеуметтік қасиеттерге ие болуы қажет, яғни бүгінде көшбасшы тұлғалар талап етілуде. Бүгінгі күні білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.
Олардан жай индивидуалды даму, ұйымдастыру деңгейінің жоғарылығы ғана емес, жаңа идеялар, тәсілдер тудыратын, жаңа технологиялар жасайтын, ізбасарларын дайындайтын және оны дамытатын қабілеттер талап етілуде. Жалпы білім беру мазмұнын, нақты мектептердегі шәкірттердің желілік қоғамдастығын жаңартуға және дамытуға көшбасшылық ықпал етеді. Сондықтан білім берудегі көшбасшылықты теориялық және практикалық жағынан зерттеу ерекше қызығушылықты тудырады.
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады, -деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы шәкірттер тәрбиелеп оқыту әр ұстаздың міндеті деп санаймын. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жеті модульді ықпалдастыру арқылы өткізілетін сабақтың басты мақсаттарының бірі - баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру,қорыта айтқанда көшбасшылық қабілеттерін дамыту.
Мен тарихқа үңілсем - алғашқы қазақ халқынан шыққан ұстаздарымыз- Ыбырай Алтынсарин немесе Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінің біздің халыққа қаншалықты қымбат екенін байқаймын. Және ол ғұлама ұстаздарға қаншалықты ауыр болғандығын байқауға болады.
Ал қазіргі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушыларды сындарлы оқыту, көшбасшылық қасиеттерді сіңіру арқылы тәрбиелеу, заман ағымынан қалмай , ғылым-білімді жетілдіруіміз керек. Ол үшін әлемдік деңгейде, өзге мемлекеттердің ғылым-білім тәжірибесіне жиі көңіл бөлуіміз қажет. Халқымыз айтқандай, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, жақсы жағын оқушылардың бойына сіңіруде еш қорықпауымыз қажет деп ойлаймын.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі таңда білім беру жүйесінде көшбасшылық қасиеттерді оқушы бойына сіңіру тұлғаны дамыту мен әлеуметтендірудің үдерісінің маңызды кезеңі және оларды дамытуға ықпал ету тұлғаны тәрбиелеудің негізгі міндеті
Зерттеу жұмысының болжамы: Егер, оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып көшбасшылық қасиеттерді дамытса, онда, біз өз ұлтына жанашыр мамандарды даярлап шығар едік.
Зерттеудің мақсаты: Әлеуметтік-белсенді тұлға қалыптастыруға ықпал ететін көшбасшылық қасиеттерді білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында және тәрбиелеу ортасын құруда әлемдік мәдениетпен жалпыадамзаттық құндылықтарды, халықтың мәдени дәстүрін білу және өзіндік тәжірибесінде қолдануды теориялық негіздеу, оның әдістемелік жүйесін даярлау.
Зерттеу мақсатына орай мынадай негізгі міндеттер қойылды:
- Әлеуметтік-белсенді тұлға қалыптастыруға ықпал ететін көшбасшылық қасиеттерді білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында және тәрбиелеу ортасын құруда өзіндік тәжірибесінде қолданудың теориялық негіздерін анықтау.
- Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында көшбасшылық қасиеттерді оқушылардың бойына сіңірудің әдістемелік жүйесін даярлау.
- Әлеуметтік белсенділік біліктілігіне үйрету;
- Топты басқару біліктілігін құру;
- Топта жұмыс істей білуге машықтандыру;
- Шешім қабылдай алуға үйрету және мақсаттылықты, өзіне және қоршаған ортасына деген жауапкершілікті дамыту.
Зерттеу обьектісі: сынып оқушылары
Зерттеу пәні: Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің негізі
Зерттеу жұмысының негізгі идеясы: Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру - оқушылардың жеке тұлға ретінде дамуын және саналы азамат болып қалыптасуын негіздейді.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Педагогтардың әдіснама және теория ойлары; тұлға дамуының жалпы диалектикалық теориясы
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Сындарлы оқытудағы мұғалім мен жеке тұлғаның көшбасшылық қасиеттерінің дамуы
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері:
1. Ғылыми педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге шолу.
2. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін қолдану.
Зерттеу жұмысының базасы:
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, 1-ші және 2-ші бөлімдерден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
1.1 Көшбасшы ұғымы
Көшбасшылар адамзат тарихының барысында барлық мәдениетте орын алған. Египет иероглифінің арқасында көшбасшыны білдіретін символдың бес мың жыл бұрын болғанын біле аламыз.
Көшбасшы (leader) сөзі ағылшын тілінен аударғанда жетекші, бірінші, алда жүруші деген мағынаны білдіреді. Бұл мойындалған үлкен беделге ие және ықпал ете алатын әрекеті басқаруда көрінетін қандай-да бір топтың (ұйымның) бет бейнесі (субъектісі) [1].
Бұл маңызды жағдаяттарда жауапты шешім қабылдауға құқығы бар топ мүшесі. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам. Басшы, жетекші. Топта, ұжымда әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады. Әлеуметтік психологиада мұндай адамды көшбасшы" деп атайды.
Көшбасшысы қалғандарын артынан ертіп отырып, өзі мүдделі болған іске белсенді кіріседі және достарының арасында қызығушылық оятуға қабілетті. Адамдар дәл онымен қиын сәттерде кеңескісі келеді, қуанышымен бөлісуге асығады , көшбасшы әрқашан да көмек көрсетуге дайын. Көшбасшы өзінің жаңа идеясымен, алға қойған мақсат мүддесімен ерекшеленеді. Көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттердің бірі. Бірақ адам көшбасшы болып тумайды, оған айналады.Тұлға өмір бойы тәрбиеленіп қалыптасады, ал мектептің уақыты тұлға қалыптасуының маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.Екі адамнан артық адам жиналып қалса, көшбасшылықты қалыптастыру проблемасы туындайды. Топ құру процесінде оның кейбір қатысушылары неғұрлым белсенді рөл атқара бастайды, қалғандары олардың сөзіне үлкен құрметпен құлақ асады.
Көшбасшылыққа мыңдаған жылдар бойы тарихшылар мен философтар тарапынан үлкен қызығушылық танытылды. Дегенмен көшбасшылықты терең зерттеу жиырмасыншы ғасырдың басында басталды. Ол әрбір адамның өмірінде маңызды рөлге ие. Адамзат тарихы көрсеткеніндей, дәл осы көшбасшылар адамның әрекеті мен оқиғаларға шешуші ықпал етуге қабілетті, сонымен бірге дәл осы көшбасшылар әлемге түбегейлі ықпал етеді.
Соңғы жүз жылда ғалымдар мен ақындар көшбасшылыққа жүздеген анықтама ұсынды. Бір америкалық ғалым көшбасшылықтың үш жүз елуден артық анықтамасын шығарды [2].
Яғни, бүгінгі күні көшбасшылықтың бірыңғай ғылыми түсінігі жоқ. Р.Л.Кричевский аталған жағдайға екіұшті қарайды [3 б.б.].
Ол бір жағынан сыни қарап, көшбасшылық туралы түсінікте қарама-қайшылықтың болуын, теориялық және эмпирикалық жасақтамалардың жеткіліксіздігін аталған феноменнің анық және айқын еместігін түсіндіреді. Р.Л.Кричевский басқа қырынан қарап, талқыланып отырған құбылыстың қиындығын, оның аспектілерін зерттеудің және шынайы қызмет ету формаларының көп жоспарлы екенін түсіну негізінде жатқанын белгіледі. Сонымен қатар барлық көшбасшылықтың анықтамасы оның маңызды белгілерін көрсететінін атап өту қажет. Оның тарапынан көшбасшылықтың тұлғаның тиімділігін тудыратын сипат, бағындыруға жеткізетін өнер, сендіру формасы, билікке қатынас, рольдік дифференциация, құрылымды тудыратын процес, әрекет немесе мінез-құлық, топтық өзара әрекет нәтижесі, ықпалды жүзеге асыру, әлеуметтік перцепция процесі ретіндегі анықтамалар берілген [3 б. 10-14].
1.2. Көшбасшылықтың теориялары
Жиырмасыншы ғасырдың басында адамдар көшбасшылыққа байланысты барлық оқуға, ізденіске қызыға бастады. Ғалымдар қандай дағдыларды дамыту керектігін, көптеген адамдарға ықпал етуді және оған қажетті дағдыларды игеруді айқындауға тырысты. Сондықтан да көшбасшылықтың қандай сипаттары неліктен тиімдірек ықпал ететінін айқындауға және оны болжауға көмектесетін көшбасшылықтың теориялары жасалды.
Көшбасшы болуға оқушыларды ұмтылдыру үшін мұғалімдерге көшбасшылықтың теориясын білу қажет. Бұл оларға көшбасшылықтың не екенін толық және терең түсінуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде көшбасшы қандай болуы және не істей алуы қажеттігі туралы дұрыс пікір қалыптастырады. Мысалға, мұғалім көшбасшылық теориясын жақсы білсе, онда ол оқып жатқан білімгерлердің пайымдарын көшбасшылықты толық түсінетіндей етіп бағыттай алады. Сонымен бірге көшбасшылыққа тән басқа маңызды белгілер назардан тыс қалмайды, яғни көшбасшылықтың басқа да көріністері бақыланбай қалмайды.
Көшбасшылықтың негізін терең түсіну білім алушының өз бойындағы көшбасшылық қасиеттерінің мықты және әлсіз жақтарын анықтауына және оны өзі дамытуына мүмкіндік береді. Бұл оқушылармен топтық немесе жекелей жұмыстар жүргізу кезінде айқындалады. Мұғалімдер көшбасшылық теориясын меңгергеннен кейін, өзінің мұғалім-көшбасшы ретіндегі әрекетін дұрыс ұйымдастыра алады.
Көшбасшылық туралы түсініктердің дамуы, осы бағыттағы эксперименттік еңбектер көшбасшылық түсінігінің төрт негізгі тәсілінің туындауына, қалыптасуына ықпалын тигізеді. Алдыңғы тұжырымға сүйеніп жасалған еңбектер, алғашқысына қарағанда жетілдіре түсті. Олар келесі тәсілдер:
1) тұлғалық қасиеттері тарапынан;
2) мінез-құлықтық;
3) жағдаяттық;
4) эмоциялық зият негізіндегі көшбасшылық [4].
Тұлғалық қасиеттері позициясының тәсілі (1930 жж.) барлық көшбасшының жеке тұлғалық қасиеттері арналған белгілі бір жинағы бар көшбасшылықты түсіндіреді: атаққұмар, энергиялы, адал және тік, өзіне сенімді, бейімделгіш, қабілеттілік және білім. Әсіресе, бұл қасиеттер атақты көшбасшыларда байқалады (атақты адамдар теориясы). Дегенмен, жеке қасиеттер жетістікке кепілдік бермейді, олардың маңыздылығы көбінесе басқа факторларға байланысты. Осы тәсілдің аясында алғашқы қадам жасалды және қызметкерлерді жеке қасиеті бойынша іріктеудің ғылыми базасы жасалды. Жеке мінездемелердің 9 концепциясы қызметкерлердің іскерлік қасиеттерін бағалау мен дамытудың түрлі бағдарламасында көрініс табады.
Мінез-құлықтық тәсілі (1940-1950 жж.) көшбасшылықты басшының қарамағындағыларға деген қатынасы бойынша мінез-құлық үлгілерінің жинағы ретінде, яғни басшының басқару процесінде қолданатын тәсіл мен әдістерінің жинағы ретінде қарастырады. Көшбасшылықтың стилі өз қарамағындағыларға деген басшының бөлінген көшбасшылық деңгейін, қолданатын билік типін, сыртқы ортамен жұмыс әдісін, қызметкерге ықпал тәсілін, қарамағындағыларға деген басшының әдеттегі әрекетін көрсетеді. Көшбасшылықтың ең танымал теорияларының бірі К. Левиннің (1938 ж.) көшбасшылық теориясы болып табылады. Ол көшбасшылықтың үш стилін бөлді:
:: көшбасшылықтың авторитарлық стилі - қатаңдығымен, талапшылдығымен, бір өзі басқаруымен, қатаң бақылауы және тәртібімен, нәтижеге бағытталғандығымен, әлеуметтік-психологиялық факторларды ескермейтіндігімен сипатталады;
:: көшбасшылықтың демократиялық стилі - алқалық сенімге, бағынушылардың хабардарлығына, бастамашылдығына, шығармашылығына, өзіндік тәртіпке, саналылыққа, жауапкершілікке, мадақтауға, жариялылыққа, нәтижеге ғана емес, оған жетудің тәсілдеріне бағдарлануына сүйенеді;
:: көшбасшылықтың либералдық стилі - төмен талапшылдығымен, салғырттығымен, тәртіп пен талаптың жоқтығымен, басшының қарамағындағыларға еркіндік беруімен айрықшаланады.
:: К. Левиннің зерттеуі еңбектің жоғары өнімділігі жеткізетін басқару стилін іздеуге негіз болды.
:: Р. Лайкерттің еңбектерінде 1961 ж. басқару стилінің континумын ұсынған басқарудың стилін зерттеуге көп назар аударды. Оның позициялары басқару, жұмысқа жұмылу, адамға бағытталу, басқа көшбасшылық мінез-құлық типтері болып табылады.
:: Лайкерттің теориясына сәйкес, басқарудың төрт стилін бөледі:
:: эксплуататорлық - авторитарлық - анық автократтық сипатқа ие басшы, қол астындағыларға сенбейді, оларды шешім қабылдауға кейде тартады, міндеттерді өзі құрады. Негізгі стимул - жазалаудың қорқынышы және қаупі, кездейсоқ сыйақы, өзара әрекет сенімсіздікке құрылады. Формальды және формальды емес ұйымдар тайталаста. :: патерналистік-авторитарлық - басшы қарамағындағыларға шешім қабылдауға шектеулі түрде қатысуға мүмкіндік береді. Қызметкерлерді ынталандыруда сыйақы беру де, жазалау да қолданылады. Формальды емес ұйым формальды құрылымға қарсы тұрады.
:: консультативті - басшы стратегиялық шешімдер қабылдайды және сенім білдіріп, тактикалық шешімдерді қарамағындағылармен бөлінген көшбасшылық арқылы бөліседі. Қызметкерлерді шешім қабылдау процесіне шектеулі түрде кіріктіру ынталандыру үшін қолданылады. Формальды емес ұйым формальды құрылымға кейбір жерінде ғана сәйкес келмейді.
:: басшылықтың демократиялық стилі - толық сенім білдірумен сипатталады, ұйымды басқаруға көптеген қызметкерлерді тартуға негізделген. Шешім қабылдау процесі барлық деңгейде орын алған, кіріктірілген. Қарым-қатынас жасау ағыны вертикальды бағытта ғана емес, горизонтальды бағытта да жүргізіледі. Формальды және формальды емес ұйымдар конструктивті өзара әрекет етеді.
Р.Лайкерт бірінші модельдегі басқару жүйесін қатаң құрылымдалған міндетке бағдарланған деп атады. Ал төртінші модельді өзара қатынасқа бағдарланған деп, оның негізіне еңбекті топтық түрде ұйымдастыру, алқалық басқару, тапсырмаларды бөліп беру және жалпы бақылау жататынын атап көрсетті. Р.Лайкерттің пікірінше, соңғы тәсіл ең тиімді болып табылады. Көшбасшының екі мүмкін болатын мінез-құлқы айрықшаланған: 1. Адами қатынасқа бағдарланған мінез-құлық (қызметкерлердің қажеттіліктерін құрметтеу, қызметкерлерді дамытуға қамқорлық таныту);
2. Қандай бағамен болса да, өндірістік міндетті орындауға бағдарланған мінезқұлық (қарамағындағылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескермеу, қызметкерлерді дамытудың қажеттілігіне назар аудармау).
Жалпы айтқанда, көшбасшылықтың мінез-құлықтық теориясы тиімді мінезқұлық формаларын үйрену сұрақтарына назар аударуды күшейтуге септігін тигізді.
Ұйымның міндеті тек қызметкерлерді іріктеуде тиімді көшбасшыны тану ғана емес, сонымен бірге адамдарды табысты басқарудың дағдыларына үйрету екені анықталды. Мінез-құлықтық тәсіл басшылықтың стилін классификациялауға арналған негізді қалады, дегенмен 1960-шы жж. басында бұл шектеулі деп қарастырылды. Өйткені қандай да бір жағдаятта, басқару іс-әрекетінің тиімділігін анықтайтын бірнеше басқа маңызды факторлар ескерілмеді.
Жағдаяттық тәсілде (1960-шы жж. басы) көшбасшылық тиімді болу үшін, шешуші рольді жағдаяттық факторлар алатынын белгіледі, сонымен бірге тұлғалық және мінез-құлықтық сипаттардың маңызы да терістелмеді. Жағдаяттық модельдердің көпшілігінің негізіне басқару жағдаятының табиғатын және оның негізгі факторларын анықтап талдау нәтижесінде анықталатын басқару стилін таңдау жатады. Жағдаяттық тәсілдің алғашқы теорияларының бірі Ф. Фидлердің басшылық моделі болды, онда жағдайға назар шоғырландырылды және басшының мінез-құлқына ықпал ететін үш фактор бөлінді:
:: басшы мен қарамағындағылардың өзара қатынасы (сенім мен құрметтің деңгейі);
:: міндеттер құрылымы (еңбек регламенті); :: басшының билігі (қызметтік тапсырманың көлемі).
:: Фидлердің теориясы тиімді басшылықты қамтамасыз етуге байланысты екі маңызды фактіні жасады:
:: жағымды және жағымсыз жағдайда топтың жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін міндеттерді орындауға бағдарланған басшы. Аралық жағдайда топтың жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін қатынасқа бағдарланған басшы;
:: басшының жұмыс тиімділігі жағдайдың жағымдылық деңгейіне, көшбасшылықтың стиліне байланысты.
Басқару стилі мен жағдаятқа жұмыс жасап отырған ұжымның сәйкестігі шешуші фактор болып табылады.
П.Герси мен К.Бланшардың өмірлік цикльдің жағдаяттық теориясы үлкен маңызға ие. Оның негізіне көшбасшылықтың тиімді стилі орындаушылардың есейгендігіне байланыстылық жатады. Есею қызметкерлердің біліктілігімен, қабілетімен, тәжірибесімен, жауапкершілікті алуға дайындығымен, мақсатқа жетуге ұмтылысымен және т.б. нақты жағдаят сипаты арқылы анықталады. П.Герси мен К.Бланшар келесі басшылық стильдерін бөлді: бұйрықты, жаттықтыратын, басқаруға қатысу (қолдайтын), қызметкерлердің даму деңгейіне қарай бөлінген көшбасшылық. Аталған теория қызметкердің есею деңгейіне байланысты көшбасшылықтың төрт стилін жасады: 1) адамдарға төмен бағдарлану, ал міндетке жоғары бағдарлану (бұйрық беру); 2) адамдар мен міндетке бірдей жоғары бағдарлану (сату); 3) міндетке төмен бағдарлану және адамдарға жоғары бағдарлану (қатысу); 4) адамдар мен міндетке бірдей төмен бағдарлану (бөлу). П.Герси мен К.Бланшардың теориясына сәйкес орындаушылардың есеюіне және басқару жағдаятының сипатына байланысты басқарудың тиімді стилі әртүрлі болуы тиіс.
Жағдаяттық теорияның негізгілерінің біріне Митчел мен Хаустың жолмақсат тәсілі кіреді, бұл тәсілде басшы қарамағындағылардың мақсатқа жету жолына ықпал етеді. Жағдаятқа және қарамағындағылардың қажеттіліктеріне байланысты мақсатқа жету жолының әртүрлі кезеңдерінде көшбасшы басшылықтың төрт стилінің бірін қолданады: 1) инструментальды стиль, 2) қолдау стилі, 3) қатысуды ынталандырушы стиль, 3) жетістікке бағдарланған стиль.
1. Инструментальды стиль (жұмысқа немесе міндетке бағдарланған стиль) қарамағындағылардан не қалайтындықтары, нақты бұйрықтар, нені және қалай істеу қажеттігі хабарланады, сонымен бірге топ басшысының ролін бәрі түсінетіндей етіп жасайды. Басшы жұмыс кестесін құрады, белгілі бір орындау стандарты ұстанылады, қарамағындағылардың тәртіпті ұстануын сұрайды. Бұл стиль қарамағындағылар міндетті орындауға дайын және тек бастаңдар деген бұйрық күткенде, сонымен бірге міндеттің сипаты толық бір қатарлы болмағанда қолданылады.
2. Қолдау стилі (адамға немесе адами қатынасқа бағдарланған стиль) басшының қарамағындағылардың қажеттілігі мен амандығына қамқорлығымен сипатталады. Басшы жағымды ахуалды ұстанады, еңбек жағдайын жақсартады, ол демократиялы және ашық. Тіпті ұсақ мәселенің өзінде басшы қызметкерлердің еңбегін жағымды етуге тырысады, қарым-қатынас тең дәрежеде жүреді. Бұл стиль қарамағындағылар өзін құрметтеуді қажетсінгенде және компанияның, ұйымның қызығушылығына тартылғанда тиімді.
3. Қатысуды ынталандырушы стильде басшы қарамағындағылармен өзінде бар ақпаратпен бөліседі және шешім қабылдауда олардың идеялары мен ұсыныстарын қолданады. Кеңес беруге көп басымдық беріледі. Бұл стиль қарамағындағыларға компанияның, ұйымның мақсаты маңызды болғанда және олар басқару процесіне қатысуға ұмтылғанда тиімді.
Шешім қабылдаудың топтық стилі (толық қатысу стилі): G2 - шешімді топ қабылдайды, менеджер мұнда төраға немесе төрайым ролін атқарады. Осы стильдердің қолданылуы жағдаятқа (мәселеге) байланысты болады. Көшбасшылықтың жағдаяттық теориясы басқарудың бір әмбебап стилінің жоқтығын көрсетеді, ал тиімді басшылық жағдаяттық факторларға байланысты.
Бүгінгі таңда тиімді көшбасшылық жағдаяттық сипатқа ие деген нақты пікір қалыптасты және ол қарамағындағы адамдардың қажеттілігіне, тұлғалық қасиеттеріне, өз күшіне деген сенімділік деңгейіне және жағдаятқа ықпал ету мүмкіндігіне байланысты. Көшбасшылықта басшының өз тұлғалық қасиеттері, яғни оның зияткерлік, тұлғалық, іскерлік және кәсіби қасиеттері себепші болады. Олар мысалы, шешім қабылдау әдістемесіне қарағанда, түзетуге қиынырақ болады.
Әрбір нақты жағдайда басшының әрекеті нақты жағдаятпен анықталуы тиіс. Туындаған жағдаятты қолдана алатын көшбасшы тиімді болып табылады. Ол үшін қарамағындағылардың қабілетін, олардың қойылған міндетті орындаудағы мүмкіндігін, өзінің орындаушыларға ықпал ету шегін жақсы білген абзал.
Міндетті орындау процесте жағдай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz