Тұтас Түркістан идеясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Яссауи атындағы Қазақ - Түрік университеті

Реферат
Тақырыбы: Тұтас Түркістан идеясы.

Орындаған: ЖМ 007 Искенова Ақерке
Қабылдаған:

Түркістан 2020ж
Жалпы түбі бір, тілі мен діні, мәдениеті мен тарихы бір түркі халықтарының өзара ынтымақтасып, бір - бірімен тығыз мәдени - экономикалық, саяси байланысқа түсе отырып, халықаралық аренада үлкен бірлескен күш ретінде тізе қоса іс - қимыл жасауға ұмтылысы - түрікшілдіктің басты мұраты болып табылады.
Түркі тілдес халықтардың басын біріктіруге бағытталған бұл идеялар жиынтығы Ресей және Қытай империялары тарапынан сынға ұшырап, пантюркизм аталып, саяси сөздіктерде біржақты талқыламалар жасалды және халық санасына Түріктің реакцияшыл буржуазиялық - помещиктік ортасының өз мақсаты ретінде барлық түркі тілдес халықтарды Түркия билігіне бағындыруды көздейтін шовинистік тұжырымдамасы ретінде сіңірілді
Осынау ұлы империялардың қас жауына айналып, қаншалықты жақтаушылары қуғынға ұшырап, насихатталуына қатаң тыйым салынса да қайта - қайта бас көтеріп, өшпей келе жатқан бұл идея шынында да кеңестер жексұрын етіп көрсеткендей сипатта ма, әлде оның біздер үшін құндылығы бар ма деген оймен мәселенің мәніне үңілу үшін Түрікшілдік жаршыларының бірі Х. Атсыздың кейбір тұжырымдамаларына тоқтала кетуді жөн көрдік, ...Түрікшілдік - түркі ұлтшылдығының атауы.
Сөздің соңындағы қосымша жұрнақ ( - шілдік) сүйіспеншілікті, жақтастықты білдіреді. Түрікшілдік - бүкіл түркілердің бір мемлекетке бірігіп, барлық жақтан өзге ұлттардан озық және мәртебелі болу мұраты. Мұның өзгермейтін екі алғышарты: нәсіл тазалығы және тұраншылдық. Нәсіл тазалығы - ең алдымен, ұлттық қорғаныс құралы... Нәсіл тазалығы - сондай - ақ денсаулықты қорғау мәселесі.
Біздің тұраншылдығымыз - түркінің тарихи отаны болып табылатын және басым бөлігі қазір де түркілерге толы өлкелерді толық тәуелсіздікке жеткізу, Түркиямен біріктіру
Біздер осы қысқа ғана үзіндіден ұлы мұраттар мен ізгі ниеттерден өзге басып алып, бағындыру сипатындағы арам ойларды аңғара алмаймыз, жалпы түркілерді өз ұлттарын ерекше құрмет тұтып, өзгелерден артық көруге шақырудан біз өзге ұлттарды жек көруге немесе оларды менсінбеуге шақыруды көре алмаймыз, ал бодан болған түркілердің бодандықтан құтылып, Түркиямен бірігуі олардың өздерінің Түркияға қатысты ұстанатын саясатына тәуелді болмақ, сондықтан Түркиямен бірігу идеясын нақты бекітілген құжаттарда көрсетілетін жайлардың негіздемесінсіз олардың қайтадан бодандық қамытын киюге ұмтылысы деп қарау жаңсақ пікір болар еді. Жалпы ұлтшылдықты оңбағандық деп таныған кеңестік жүйенің түрікшілдікті тек жағымсыз жағынан сипаттауы орынды да.
19 ғасыр соңына таман дүниеге келген түрікшілдік идеясы Ресейдегі Қазан төңкерісінен кейін империя құрамында болған түркі тілдес халықтар тарапынан кең қолдауға ие болғаны тарихтан мәлім. Ал Орталық Азияда, түркі дүниесінің орталығы саналатын Түркістан жерінде біртұтас мемлекет құру идеясы алдыңғы қатарға шыққан еді. Түркістан идеясының негізін қалаушылар Орталық Азияда біртұтас күшті мемлекет құру арқылы түркі дүниесінің нығаюына үлес қосуды мақсат етті.
Әрине, Түркістан жайлы сөз болғанда оның рухани көсемі М. Шоқайұлының идеяларына тоқталмау мүмкін емес, Орталық Азияны мекендеген халықтың тек бірлесе отырып қана өзін екі жақтан қысымға алған алып империялар құрсауынан босана алатынына сенген ол өз ойларын жан - жақты дәлелдеп, орнықты пікірлер қалыптастыра білді. Осознавая полинациональность народов Средней Азии и Казахстана, М. Чокай видел реальные перспективы консолидации этих народов в рамках единого политического образования.
Доказательством этому являлись прочные историко - этнографические, экономические и культурные тенденции к объединению, проявляющиеся в менталитете Востока. Именно на ранних этапах становления личности в представлении М.Чокая сформировался политический идеал государственного устройства Туркестана как федерации тюркских народов
Ол өз жазбаларында Түркістан - түркілер елі деген сөз. Түркістан ұзақ кезеңдік терең дағдарыс пен құлдырау сатысын бастан кешті. Түркілердің бір бөлігі Кіші Азияға көшті де, Византия империясы құрандылары үстіне, өз туының астына мұсылман әлемінің көп бөлігін біріктірген Осман империясын құрды.
Өз атамекенінде қалған түркілердің бір бөлігі Темір дәуірінен кейін өздерінің дербес өмір сүруін тек қана жеке кеудемсоқтыққа негіздеген бірнеше хандықтарға ұсақталып кетті, дей келе Түркістанның этнографиялық көлемі бойынша үш бірдей мемлекеттің құрамына кіретіндігін, атап айтқанда а) Қытайлар Синь - цзян деп өзгерткен Шығыс (қытайлық) Түркістан; ә) Батыс (орыс, кеңестік) Түркістан; б) Чахар виалет (яғни 4 уәлаят) деп аталып, Бадахшан, Үлкен және Кіші Маймен мен Андхой деген уәлаяттарға бөлінетін Ауған Түркістаны екендігін атап көрсетеді.
Ал халқы жөнінде Түркістанның тұрғылықты халқы саны жағынан тең емес екі жұрттан - түркілер мен тәжіктерден тұрады. Алғашқыларын Европада қазақ, қарақалпақ, қырғыз, түрікмен, өзбек атымен біледі. Олардың бәрі де Мұзды мұхиттан Адриат теңізіне дейінгі барлық түркілерге ортақ түркі тілінде сөйлейді.
Түркілердің шамамен 115 бөлігін құрайтын тәжіктерге келсек, бұл халық тілі мен қаны жағынан ирантекті болып саналады. Бірақ та олардың бәрі де өздерін, расында да бір халықпыз деп есептейді - мұны Түркістан мен түркілер тарихын біршама білем дейтіндердің ешқайсысы да жоққа шығара алмайды деп өз пікірін өзге ғалымдар еңбектеріне сілтеме жасай отырып дәлелдейді Кеңестер билік басына келіп, әр халықтың өз тағдырын өзі шешетіні жөнінде насихат жұмыстарын жүргізген кездерінде М. Шоқай бастамасымен 28 қараша 1917 жылы Түркістан автономиясы құрылып, Түркістан автономиясының уақытша үкіметі жасақталған болатын және Бас министр болып М. Тынышбаев бекітіліп, ол отставкаға кеткен соң М. Шоқай осы орынға келген еді.
Алайда 1918 жылдың қаңтарында Ташкендегі жұмысшы - солдат депутаттарының үкіметі автономияны құлатып, М. Шоқай шет елге эмиграцияға кетті және өз өмірінің соңына дейін Түркістанның кеңестік кезеңдегі ауыр халін батыс жұртына әшкерелеп, түптің - түбінде кеңестік жүйе жасанды жолмен бөлшектеген Түркістан халқы бірігіп, бір үлкен ту астына жиналатынына сеніп өтті. Бұл турасында М. Шоқай Орталық Азия кеңістігінде ұлттық - территориялық межелеу негізінде бірнеше кеңестік республикалардың өмірге келгендігін құптаған жоқ.

Ол большевиктер бұл өлкеде бөліп тастап, билей бер! саясатын ұстанып отыр деп түсінді. Ал пайда болған республикаларды ұлттық емес, ұлыстық республикалар ретінде қабылдады деген пікірді алдыға тартуға болады. Бұл пікірдің ақиқаттылығын нақтылай түсу үшін оның Большевиктер атамекеніміз Түркістан есімін де өзгертпек болады. Халқымыздың өзінің тарихи аты түрік деген атпен аталуына тыйым салып, ұлыстар мен руларға бөлшектеп тастауды көздейді деген пікірін де келтіре кету артық болмас
Кеңестік идеология түрікшілдікке де, Түркістан идеясына да қырын қарап, ортақ интернационалдық бағытты алғашқы кезден бастап - ақ насихаттауға тырысты. Алайда коммунистердің ішінде де түрікшілдікті жақтаушылар болды. Тұтас Түркістан мемлекетін құру жолында күрес жүргізген коммунистік тұғырнамадағы коммунистердің ішінен Т. Рысқұлов пен М.Х. Сұлтан - Ғалиевті бөліп көрсетуге болады.
Мысалы, жергілікті халықтардың құқын қорғау жолында Түркістан Коммунистік партиясы Орталық комитеті жанынан Мұсылман Бюросын құрған Т. Рысқұлов тобы алғашында РКП(б) ОК - нің ұлт саясатына зор сенім білдірген болатын. Олар жергілікті орыс коммунистерінің шовинистік пиғылына қарсы күресе отырып, РКП(б) ОК - нен қолдау табуға тырысты.
Мұсбюро 1919 жылдың күзінде Түркістанда саяси жеңіске жетіп, барлық билік салаларын түрік өкілдері қолға ала бастады. Мұнан қауіптенген РКП(б) ОК 1919 жылы 8 - қазанда В.И. Ленин қол қойған қаулыға сәйкес Түріккомиссияны жасақтап, оны Мұсбюроға қарсы аттандырды. Т. Рысқұлов пен Мұсбюроның басқа да жетекшілері алғашында Түріккомиссияға зор сенім білдіре, үміт арта қарады.
Бірақ, көп ұзамай, Түріккомиссияның пиғылын анық сезінген Т. Рысқұлов басқарған Мұсбюро өзінің әрекетін тактикалық жағынан өзгерте бастады. РКП(б) ОК һәм Түріккомиссияның шовинистік пиғылы мен отарлық саясатына қарсы қорғаныстық идеология ретінде түрікшілдік бағыт, яғни тұтас Түркістан идеясы таңдап алынды.
Оны жүзеге асырудың жолы ретінде төмендегідей екі бағыт белгіленді:
1. Түркістанда өмір сүріп жатқан халықтарды түрік идеясына біріктіру арқылы республиканы құқықтық жағынан түрік халықтарының республикасына айналдыру;
2. Республиканы мекендеуші түрік тілдес халықтардың жеке - жеке ұлттық республикаларын құра отырып, оларды түрік конфедерациясына біріктіру [Шілдебай С.Қ. 20 ғасырдың 1 - ші жартысындағы Қазақстанның ұлт - азаттық қозғалысындағы түрікшілдіктің орны мен маңызы (тарихи талдау): тарих ғыл. канд. ... автореф. - Алматы, 2001. - 21 б.].
Кейіннен негізін қалаушылары Сталиндік қуғын - сүргінге ұшырап, халық жадынан өшірілген түрікшілдік және Түркістан идеялары коммунистердің тырысуы арқасында тарих сахнасынан өшірілді.
Әйтсе де Кеңес өкіметінің күні таяп, әлсіреген кезеңдерде түрік идеясы, Түркістан жайлы ой - пікірлер қайта бой көтере бастады. Оның ең алғаш жарыққа шығып, жария түрде насихатталуы ССРО - да мекен ететін шығыс халықтарының құрылтайында орын алған еді. 1990 жылдың 27 - 30 қыркүйегінде Мәскеу қаласында өткен бұл құрылтайға Хакасияның, Якутияның, Әзірбайжанның, Татарстанның, Қазақстанның, Тәжікстанның, Өзбекстанның, Башқұртстан, Гагауз республикасының, Чечен - Ингушетия, Қырғызстан, Қырым татарларының, ноғайлардың, РСФСР - дың Орынбор, Омбы, Пенза, Горький облыстарының қоғамдық ұйымдары мен саяси партияларының өкілдері қатысты.
Аталмыш басқосуда Шығыс халықтарының Ассамблеясы құрылып оған қосалқы сегіз төраға сайланды және оның бірі ССРО халық депутаты, ақын О. Сүлейменов болды. Ал үйлестіру кеңесіне Азат ұйымының қосалқы төрағасы С. Ақатаев сайланды. Ал Азат қозғалысы осы Ассамблеяға мүше болып кірді
Бұл басқосуда алғаш рет түркі тілдес халықтар өздеріне жасалған зорлық зомбылықтар жайлы ашық айтып, сол кездегі мемлекет басындағы отырған тұлғаларға шешілуі тиіс мәселелер жөнінде Үндеулер жолдап, өз талаптарын қойған еді. Осылайша кеңестік режимнен ауыр соққы алған түркі жұртшылығы өз жоғын жоқтай бастаған шақта Түркістан идеясының да қайтадан көтерілуі заңды құбылыс болатын.
Түркістан ұлттық мүдденің бір бөлігі болғандықтан, Азат белсенділері өздері құрылған кезден - ақ Түркістан мәселесін алға қоя білді. Дегенмен, нақ сол кезеңдегі қоғамдық пікірдің ұлтшылдарға қарсы бағытталуы, қозғалыс мұраттарына әсіре ұлтшыл деп айып тағылуы Түркістан идеясын ашық түрде батыл алға тартуға кедергі болғаны түсінікті де.
Тіпті алғашқы 1990 жылдың 31 маусым - 1шілде аралығында өткен құрылтайда Азаттың экологиялық апат аймағында қалған қарақалпақ бауырларды Қазақстан жеріне уақытша қоныстандыру жайында мәселе көтеруі [Қазақстанның азаматтық Азат қозғалысының низамы. Жоба Ақатай С. жеке мұрағаты. - Алматы, 1990. - 2 б.] сол кездегі Компартия тарапынан үлкен сынға ұшырағаны мәлім. Тіпті Азаттың бұл идеясы сталиндік халықтарды қоныстандыруымен салыстырылған болатын Десек те қазақтың дербес мемлекетінің тәуелсіздігінің баянды болуын Түркістан Одағынан көрген Азаттықтар өздерінің бағдарламасында Орта Азия республикалары, сондай - ақ Россия ортақ нарыққа біріктірілсін, басқа мемлекеттермен өзара тиімді байланыс шарттары жасалсын деген талапты енгізген болатын Бұл жерде мән беретін мәселе Азаттың Қазақ мемлекеті үшін ең басты әріптес Орта Азия республикалары содан кейін ғана Ресей бола алатындығын нақтылауы. Бұл өз кезегінде Қазақ мемлекетінің бауырлас Қырғыз, Өзбек, Түрікмен және Тәжік мемлекеттерімен тығыз интерграцияға түсе отырып Ресеймен және өзге мемлекеттермен достық қарым - қатынас орнатуы қажеттігін алға тарту еді.
Осы мақсатта Азат аталған Орта Азиялық республикалардың демократиялық күштерімен тізе қосып біршама жұмыстар атқарған да болатын. 1991 жылдың наурызында Орта Азиядағы демократиялық бағыттағы саяси қозғалыстар мен партиялар бірігіп Орта Азия демократиялық Конгресін құрды. Оның құрамына Азат, Желтоқсан, Алашпен бірге Өзбекстандық Бірлік қозғалысы, Тәжікстанның Демократиялық партиясы, қырғыздың Асаба партиясы мен Демократиялық қимыл қозғалысы, түрікменнің Ауызбірлік қозғалысы кірді

1991 жылдың 25 - 26 мамыр күндері Бішкекте өткен Демократиялық Конгресс Құрылтайының екінші мәжілісінде оның құрамына Орта Азия мен Қазақстаннан 13 саяси партия, қозғалыстар мен ұйымдар құрылтайшы болып енді. Осы жолы Конгресс арнайы мәлімдеме қабылдап, Орта Азия мен Қазақстан Республикалары Демократиялық Конгресінің жалпы ережелерін бекітті.
Мәлімдемеде конфедерация негізінде егеменді мемлекеттердің ерікті ынтымақтастығын құру. Мемлекеттердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біртұтас Түркістан идеясы: теориялық негіздері және іске асырылу жағдайлары
Әдебиет - тарихтың айнасы
1921-1922 жылдардағы ашаршылық туралы
Мұстафа Шоқай өмірі туралы
Мұстафа Шоқай еңбектеріндегі тәуелсіздік идеясы
Түркістан және Алаш автономияларының мақсаты, мәні, күйреуі
Түркістан және Алаш автономияларының әлсіреуі
Мұстафа Шоқайұлы-тарихи тұлғалығын зерттеу
Басмашылар қозғалысы
Мәңгілік ел идеясы
Пәндер