Химиядан топсеруен өткізу


ХИМИЯДАН ТОПСЕРУЕН ӨТКІЗУ
Химиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың маңызды түрлерінің бірі - топсеруен. Химиялық топсеруендер оқытудың өмірмен, өндіріспен және қоғамдық құрылыстың сарамандығымен байланысын жүзеге асырады. Оқушыларға политехникалық білім, еңбек тәрбиесін және кәсіптік бағдар беруге жәрдемдеседі.
Топсеруен өткізетін объектілер химия бағдарламасының талабына сай, жергілікті ерекшеліктерге лайықты іріктеп алынады. Химия өндірістері кездеспейтін жерлерде топсеруен негізіне химиялық бағдарда немесе химия өнімдері кеңінен қолданылатын өнеркәсіп мекемелеріне ұйымдастырылады, Оларды мөлшермен алынған тізбесі мынадай болуы мүмкін.
VIII класс . Оттегі алатын қондырғы. Тұз қышқылының өндірісі. Су тазалайтын станциялар. Дәріхана. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылық мекемелерінің химия зертханалары. Минералдар және өлкетану музейлері. Қазба байлықтар алатын жерлер. Жылу электростанциялары.
IX класс . Күкірт қышқылының өндірісі. Минералды тынайтқыштар өндіретін заводтар. Минералды тыңайтқыштардың қоймасы. Шегендеме, кірпіш және шыны өндіретін заводтар. Әк өндіретін завод. Суыту мекемелері. Шойын, болат және алюминий өндіретін заводтар. Электрохимия өндірістері. Өрт депосы. Аналитикалық химия зертханасы.
X класс . Мұнай және табиғи газ өңдейтін мекемелер. Кокс химия өндірісі. Синтетикалық және гидролиздік спирт өндірісі. Сірке қышқылын өндіретін цех. Май комбинаты. Сабын қайнататын завод. Қант заводы. Целлюлоза өндірісі.
XI класс . Пластмасса, синтездік және жасанды талшықтар өндіретін заводтар. Тоқыма фабрикасының бояу цехы. Мал фермалары.
Мектептің мүмкіндігіне қарай осы объектілердің қайсысына топсеруен ұйымдастырылатыны тақырыптық жоспарда көрсетіледі, бір топсеруеннің мерзімі екі сағаттан аспауы керек. Топсеруеннің жоспарында даярлау, өткізу және қорытындысын шығару барысында жүзеге асырылатын ұйымдастыру және танымдық жұмыстардың барлық түрлері, орындалу мерзімі, тапсырылатын адамдары нақтылы көрсетіледі. Ол үшін мұғалім топсеруен объектісімен жан-жақты танысып, оқу-тәрбиелік маңызы бар заттар мен құбылыстарды, технологиялық әрекеттерді, қондырғыларды дәл анықтап, олармен таныстырудың методикасын анықтайды. Оқушыларға берілетін тапсырмалардың мазмұнын сұрыптайды.
Топсеруен тақырып бойынша немесе кешенді түрде өткізіледі. Кешенді топсеруен бірнеше пәннен - химия, физика, география, биология, тарих, т, б. ұйымдастырылады. Мұнда бір объект әр жағынан қарастырылып, окушылар өндіріс туралы жан-жақты мағлұмат алады және уакыт үнемделеді.
Тақырыптық топсеруендер оқу материалын өтпестен бұрын өту кезінде немесе өткеннен кейін ұйымдастырылады. Топсеруенге байланысты оқу материалы алдымен арнайы сабақта қарастырылады. Мәселен, оттегін ендіретін цехқа топсеруен жасау үшін алдымен, арнайы са-бақта оттегін зертханаларда және өнеркәсіпте алу тәсілдері талқыланады. Оттегі көп мөлшерде ауадан алынатыны, ол үшін ауанын құрамына кіретін газдардың физикалық қасиеттеріндегі айырмашылықтарды пайдалану қажеттігі айтылады.
Дайындау сабағынан кейін жоспарға сәйкес топсеруен өткізіледі: 1) оттегін алатын шикізат (ауа) және оны дайындау (тазарту) ; 2) оттегін алудың өндірістік барысы; 3) оттегінің қолданылуы; 4) өндірістік бақылау (цехтың химия зертханалық жұмысымен танысу) .
Оттегін өндіретін цех машина залынан, газгольдер және газ толтыратын бөлмелерден, слесарьлық шеберханадан тұрады. Бұлардың құрылысы және жұмыс істеу негіздерімен таныстырғанда топсеруен жүргізуші оқушылардың білімін, жас ерекшеліктерін ескереді. Ол үшін мұғалім топсеруеннің жетекшісімен алдын-ала кездесіп, түсіндіру деңгейін нақтылы келісіп алуы қажет, бұл - аса маңызды шарттардың бірі. Әдетте, өндірістің маманы техникалық ұсақ мәселелеріне мұкият тоқталып айтады да, оқушылар жалығып, топсеруен мақсатына жетпей қалады. Сондықтан топсеруеннің объектісін мұғалімнің өзі (жақсы білетін жағдайда) түсіндіргені жөн.
... жалғасыТопсеруеннің алғашқы нәтижесі келесі сабақта шығарылады. Мұғалім топсеруен объектісі бойынша окушылардың көрген білгендерін нактылайтын сұрақтар әзірлеп келеді. Оқушылар өздерінің жазып алғандары бойынша жауап қайтарады. Мүғалім окушылардың жауабын толықтырады, қосьшша мағлұматтар береді. Бұдан соң мұғалім топсеруен бойынша қорытынды сабақ, конференция сабақ немесе сабақтан тыс конференция өткізуге даярлық жұмыстарын жүргізеді, Оқушылар жазбаша рефераттар, баяндамалар, өндіріс сызбанұсқасын, макеттер, модельдер, жинақтамалар және басқа безендіру материалдарын әзірлейді, қабырға газетін шығарып, көрме ұйымдастырады. Заводтағы негізгі мамандықтар жөнінде мәліметтер жинайды, айтулы мамандарды конференцияға шақырады. Топсеруеннің материалдары сабақта және кластан тыс жұмыстар жүргізгенде пайдаланылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz