Қазақстан Республикасының тарихи - мәдени мұра объектілерін қорғау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ

"Арнайы және әлеуметтік педагогика" кафедрасы

БӨЖ 3

Тақырыбы: «Мәдени мұра» бағдарламасы және оның маңызы. Қорытындыларды таныстыру, олардың мәні және қорғау.

Орындаған: Жарылқасым Жалғас ДФ-20К

Қабылдаған: Аубакирова Г. Р

ПЕТРОПАВЛ 2020Ж

Кіріспе

2000 жыл Қазақстанда Мәдениет жылы болып жарияланды. Қазақстан Республикасының ПрезидентіН. Ә. Назарбаевтың бастамасымен мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асырылып, халқымыздың тарихы мен мәдениеті жайлы іргелі еңбектер жарық көрді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2004 жылғы 13 каңтарда «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққақол қойды. Бағдарлама қабылданғаннан бергі төрт жылда тарих пен мәдениеттің 51 ескерткіші қайта жаңғыртылып, Қазақстан аумағындағы 39 қалашық, қоныс, тұрақ, обалармен қорғандарда маусымдық археологиялық зерттеулер жүргізілді. Қытайға, Түркияға, Монғолияға, Ресейге, Жапонияға, Египетке, Өзбекстанға, Арменияға, АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріне 15 ғылыми экспедиция ұйымдастырылып, Қазақстан тарихы, этнографиясы, өнері жөнінде бұрын белгісіз болып келген 5000-ға жуық қолжазбалар мен басылымдар табылды. Тек Қытайға жасалған экспедицияның барысында Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қатысты бұрын зерттелмеген маньчжур тіліндегі 3 мың, қытай тіліндегі 300, шағатай тіліндегі 60, ойрат тіліндегі 70 дерек табылды. Ұлттық және әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиет, өнертану, философия, тарих ғылымы, саясаттану, тіл білімі сияқты 16 бағыт бойынша бірнеше жүз томды құрайтын кітаптар шығарылды. 100 томдық «Бабалар сөзінің» 50 томы, «Қазақ философиясының» 16 томдығы, «Әлемдік философиялық мұраның» 18 томдығы, «Баласағұн» қалашығы, Отырар, Орхон ескерткіштерінің толық атласы жарық көрді. «Қазақстанның электрондық кітапханасы» және «Мәдени мұра» интернет-порталдары жасалды. Қазір «Мәдени мұра» бағдарламасының 2007-2009 жылдарға арналған екінші кезеңі игерілуде. Елімізде театрлар саны өсті: 2 опера және балет, 33 драма, 4 музыкалық комедия, 4 жасөспірімдер, 5 қуыршақ театры, 73 тұрақты кинотеатр және 266 жылжымалы киноқондырғылар халыққа қызмет етті.

Негізгі бөлім

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы - мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді.

Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 6 жыл бұрын, яғни2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.

Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 6 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.

Сонымен бірге, әлемге ұлттық рухани ескерткіштер байлығын паш етеді. Бағдарламаны қабылдағаннан кейін 2004 жылы 51 тарихи және мәдени ескерткіштің реставрациялық жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. 218 нысанды қамтыған Қазақстанның тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі дайындалды. Ұлттық мәдениет үшін аса маңызды 30 сәулеттік және археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер жүргізілді.

Ұлттық мәдени мұраны толық зерттеу жүйесінің құрылуы бағдарламаны құруда аса маңызды болмақ. Республика тәуелсіздік алғаннан кейін толық гуманитарлық білім беру қорын құру мақсатында мемлекеттік тілде алғашқы қадамдар жасалды. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан, Армения, Құрама Штаттар және Батыс Еуропа елдеріне ғылыми зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша ғылыми топтарда бұдан бұрын белгілі Қазақстанның сәулеті, этнографиясы, тарихы бойынша шамамен бес мың жазба және баспалар алынды. 350-ден астам кітап, олардың ішінде этнография, археология, тарих бойынша сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды.

Бағдарламаның жүзеге асуын мәдениет, әдебиет, философия, тарих, этнография, және тіл білімі т. б. бойынша академиялық институттар құрылуынан, бағдарламаның тиімді жоспарларының орындалуынан көреміз. Ұлттық кітапхана елдің жоғары оқу орындарының бірі. Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасын мемлекеттің мәдениетіне қолдау көрсететін стратегиялық ұлттық жоба деп атаған. Бағдарлама халықтың гуманистикалық курсы және потенциалын көрсетіп, оның тарихи тәжірибесін байытып, болашақтың сенімді тірегі болмақ. ХХI ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық өркендеу қарқыны мәдени процестердің дамуына оң әсерін тигізуде. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев пен Қазақстан Үкіметінің егеменді мемлекеттегі нық және тұрақты қоғамды құруға бағытталған көптеген бастамалары мен іс-шаралары бұған алғышарт болды.

Қазіргі кезеңде Қазақстандағы мемлекет пен қоғам арасындағы жемісті келіссөз бен ынтымақтастықты шын мәнінде қамтамасыз етуші - 2004-2008 жж. «Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы», ал 2009 жылдан бастап «Ұлттық стратегиялық жоба» деп аталатын мәдени-рухани саладағы мемлекет пен қоғам арасындағы диалог көпіріне айналған қазақстандық брендті есептеуге болады. Бұл Ұлттық стратегиялық жоба өзінің көлемі, мазмұндылығы жөнінен тек қазақстандық қана емес, жалпы бүкіл адамзаттық мәдениет пен рухани дамуға қосқан үлесімен айрықша. Оны жүзеге асыруға отандық және шетелдік ғылымның, білім мен мәдениеттің өкілдері жұмылдырылған.

Қазақстандағы «Мәдени мұра» Ұлттық стратегиялық жоба нәтижелерінің қайталанбас тарихи маңызы бар. Этникалық өзіндік сипат пен ерекшелікті жойып жіберу қаупімен және біртұтастану үрдістерімен сипатталатын ХХІ ғасырда олар ұлттық мәдениет пен руханилылықты сақтап қалуға тиіс. Сонымен бірге қазақстандық қоғам мен мемлекеттің мәдени құндылықтарды сақтап, көбейту жолындағы қамқорлығы ғаламдану жағдайына бейімделу моделінің өзіндік үлгісі болып табылады.

Елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырудың алдыңғы кезеңі (2004-2007 жж. ) бұрынғы дәуірлердегі аға ұрпақтың материалдық және интеллектуалдық құндылықтарын сақтау мен оны одан әрі дамытуға мемлекеттің үлкен қамқорлығының қажеттілігін көрсетті. Ұлттық деңгейден биік тұрған іскерлік кәсіпкерлік пен этникалық шекаралардың жойылуы барысында өзінің тарихи мұрасын сақтауға барынша ұқыптылықпен қарау қазақ қоғамындағы моральдық-этникалық құндылықтардың басымдыққа ие екеніне және бұл бағытта мемлекеттің айқын саясат ұстап отырғанын, халықаралық аренада өзінің ұлттық беделін нығайтуды көздейтінін аңғартады. Қазақстанның мәдени мұрасының байлығы оның әлемдік тарихтың қазынасына қосқан үлесі бойынша ғана өлшенбейді, ол сонымен қатар болашаққа деген ұмтылысының қуатты серпінін айқындайды. Бұл жөнінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев тарих «ұлттық руханияттың дамуына өзінің игі ықпалын тигізеді» деп атап көрсеткен еді.

«Мәдени мұра» бағдарламасының келесі кезеңі материалдық артефакттарды қалпына келтіру, тарихи материалдарды іздестіру, жинастыру және ғылыми шығармаларды қайта жаңғыртуда жаңа тәсілдерді енгізумен қатар халықтың шынайы мәдени құндылықтарын насихаттауды қажет етеді. Эвристикалық және эмпирикалық іс-әрекет ғылымның методологиялық және методикалық тұрғыдағы жаңалықтарымен толыға түсіп, қазақ халқының мәдени мұрасы бұрынғы идеологиялық бұрмалаушылықтан арылып, жалпы адамзаттық құндылық сапасында көрініс табуға тиіс.

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Бағдарламаның мақсаты елдің рухани және білім беру саласын дамыту, мәдени мұрасының сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыэ ету.

Алға қойған мақсатқа қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:

- елдің маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту;

- мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі таңдағы ұлттың мәдениетті, ауыз эдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің тұтастай жүйесін жасау;

- ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту, көркем және ғылыми толық дестелерді шығару;

- әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің таңдаулы жетістіктерінің негізінде гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау.

Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау

Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Осы Заңның мақсаты:

1) тарихи-мәдени мұра объектілерін, оларды қорғауды және пайдалануды айқындау;

2) тарихи-мәдени мұра объектілеріне тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін бекіту;

3) жеке және заңды тұлғалардың тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттерін регламенттеу;

4) мемлекеттік органдардың тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау саласындағы құзыретінің аражігін ажырату;

5) тарихи-мәдени мұра объектілеріне залал келтіргені үшін жауапкершілік шараларын белгілеу болып табылады.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи-мәдени мұра
ДІНИ ТУРИЗМ ДАМЫУЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Қазақстанда әлеуметтік-мәдени туризмді ұйымдастыру
Экотуризмды дамыту жолдары
Мәдени мұра бағдарламасы және ұлттық мұрағат қорын толықтыру мәселелері
Қазақстан Республикасының мұрағат ісінің даму тарихын талдау
Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАРИХИ - МӘДЕНИ МҰРАСЫН ЖІКТЕУ
Экологиялық туризм саласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz