Медициналық мәжбүрлеу шараларының түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

РЕФЕРАТ

Пән: Қылмыстық құқық
Тақырыбы: Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары

Орындаған:Айткенов С.М.
Топ: ЮҚ 19-01
Тексерген: Мусынова Г.Е.

Нұр-Сұлтан 2020
Мазмұны
Кіріспе
3
I. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының даму тарихының ерекшеліктері .
4
1.1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының ұғымы,түсінігі.
5
1.2. Қылмыстық кодекс бойынша Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу.
6
1.3. Медициналық мәжбүрлеу шараларының түрлері.
10
II. Емдеу! Соттамау!
11
Қорытынды
13
Пайдаланылған әдебиеттер
14

Кіріспе

Адам, оның құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасының Конституциясымен қоғамның ең жоғарғы құндылығы деп жарияланады, ал оларды тану, сақтау, қорғау - мемлекеттің міндеті.

Адам құқықтарына баса назар аудару Қазақстанның осы саладағы көптеген халықаралық-құқықтық міндеттемелермен қабылданған құқықтық мемлекет құруға деген ұмтылысы мен елде жүргізіліп жатқан құқықтық реформаға байланысты. Бұл тенденциялар қылмыстық-құқықтық сот саласында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктері жүйесін жетілдіруге бағытталған жүргізіліп жатқан қайта құруларды да тудырды.

Психикалық ауытқулармен ауыратын адамдар елдегі халықтың ең осал санаты болып табылады. Бұл әлеуметтік-экономикалық даму, қоғамды демократияландыру деңгейінің көрсеткіштерінің бірі психикалық денсаулық саласындағы адамның құқықтарын сақтау және қамтамасыз ету болып табылады. Қылмыстық заңнамадағы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қоғамды психикалық аурумен ауыратын адамдардың қол сұғушылықтарынан қорғауға бағытталған. Сонымен қатар, оларға психикалық жағдайды емдеу немесе жақсарту мақсатында медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

I. Медициналық мәжбүрлеу шараларының даму тарихының ерекшеліктері.
Дені сау адамның, сол сияқты ауру адамның да құқықтары - қоғамның ең жоғары құндылығы.Ал осы құқықтарды қорғау - жалпы денсаулықтың және әсіресе психикалық саулықтың (психическое здоровье) әрбір адам үшін жоғары құндылық болып табылатынын мойындайтын мемлекеттің басты міндеті. Психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарға психиатриялық жәрдем көрсетілетініне мемлекет тарапынан кепілдік беріледі және ол заңдылық, ізгілік және адам мен азаматтың құқықтарын сақтау қағидаларының негізінде жүзеге асырылады. Психиканың бұзылуы адамның өзіне және қоғамға деген көзқарасын, сондай-ақ қоғамның адамға деген көзқарасын өзгертуі мүмкін. Психиатриялық жәрдем көрсетудің құқықтық жағынан тиісті түрде реттелмеуі оны медицинадан тыс мақсатта пайдалануға әкелетін себептердің бірі болуы, сондай-ақ бұл денсаулыққа, адамның қадір - қасиетіне және адам құқықтарына нұқсан келтіріп, мемлекеттің халықаралық беделіне зиянын тигізуі мүмкін . Психикасының бұзылуын ғана негізге ала отырып осы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берілмейді. 1997 жылы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1997 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді. Жаңа Қылмыстық кодекстің VII бөлімінде "Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары" жеке институт ретінде қарастырылды. 1997 жылы қабылданған жаңа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің VІІ бөлімінде "медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының" анықтамасы берілмеген. Бұған дейін қабылданған барлық қылмыстық заңдарда да медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының анықтамасы берілмеген. Бірқатар авторлар медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қылмыстық жауаптылықты іс жүзіне асырудың бір нысаны ретінде қарастырады . Мұндай көзқарас қылмыстық кодекстегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсаттары мазмұнынан туындап отыр. Ол бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарға жаза қолданумен ұштасатын мақсаты - олардың қайтадан қылмыстық іс-әрекет жасауының алдын алу болып табылады, демек адамды түзеу мақсаты көзделіп отыр. Құқықтанушылар медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына әртүрлі докториналды анықтамаларды ұсынды.

0.1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының ұғымы,түсінігі.

Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары деп өзiнiң психикалық жағдайы бойынша мəжбүрлеп емдеудi қажет ететiн қоғамға қауiптi қылмыстық iс əрекеттердi жасаған психикасының бұзылуынан зардап шегетiн адамдарға қатысты оларды емдеу - сауықтыру мақсатында соттың шешiмiмен қолданылатын мемлекеттiк мəжбүрлеудiң ерекше қылмыстық құқықтық нысанын түсiну қажет.
Көрсетілген адамдар жөніндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданғанда сот олардың жаңадан қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасаудан сақтандыруы, ондай азаматтардың жеке басын қорғауда және дұрыс емдеуді жүзеге асыру мақсатын көздейді, психикалық ауруға душар болған адамдарға жаза тағайындау ізгілік және әлеуметтік әділеттілік принциптеріне қарама-қайшы келеді. Сондықтан да есі дұрыс емес адамдар қылмыс істесе, олар қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасағаннан кейін есі ауысқан аурумен ауырған адамдарға да жаза тағайындау тиімсіз болады. Өйткені мұндай адамдар өзіне-өзі есеп беру немесе өз әрекетін басқару мүмкіндігінен айыратын есі ауысқан аурумен ауруына байланысты айналада болып жатқан құбылысты қабылдай алмайды, сондықтан да оған тағайындалған жаза өз мақсатына жетпейді. Егер мұндай адамдар дертінен айықса, оларды қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі өтпесе және қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босататын басқа да негіздер болмаса сот оларға жаза тағайындауы мүмкін.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына заңды және медициналық бастама енеді.
Заңды деп табылады, өйткені олардың негіздері, түрлері, қолдану тәртібі және тоқтату Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңымен анықталады; осы шараларды тағайындау рәсімі қылмыстық-атқарушылық заңымен реттеледі; қоғамдық қауіпті әрекет жасаған жекелеген тұлғаларға, сондай-ақ қылмысқа қатысты мәжбүрлеу шаралары сотпен тағайындалады; сотпен мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтатуға байланысты алдағы уақыттағы шешімдер сотпен қабылданады; мәжбүрлеу шараларын қолданудың заңдылығын қадағалау прокуратураға жүктелді.
Медициналық мәжбүрлеу шаралары олар өзінің мазмұны бойынша солай болып табылатындығына байланысты аталады. Оларды қолдану бойынша ұсынысты ауру анықтамасы, алкоголизм немесе наркомания туралы, психикалық ауытқушылықтарды тағайындау мен емдеуді өткізу және алдын-алу, сондай-ақ қажетті әлеуметтік-оңалту іс-шаралары туралы тұжырымдарды енгізе отырып, психиатр дәрігерлер комиссиясы береді. Медициналық өз мазмұны бойынша мәжбүрлеп емдеу жүргізілетін мекемедегі қауіпсіздік шаралары да болып табылады.

1.2. Қылмыстық кодекс бойынша Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу.

7-БӨЛІМ. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары. Өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары

91-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану негiздерi
1. Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын:

1) есi дұрыс емес күйде осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнің баптарында көзделген іс-әрекеттердi жасаған;

2) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн психикасы жаза тағайындау немесе оны орындау мүмкiн болмайтындай бұзылған;

3) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетiн;

4) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емделуге мұқтаж деп танылған;

5) кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған он сегіз жастан асқан адамдарға тағайындауы мүмкiн.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының бұзылуы бұл адамдардың өзге елеулi зиян келтiру мүмкiндiгiне не өзiне немесе басқа адамдарға қауiп төндiруiне байланысты жағдайларда ғана тағайындалады.

3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындау тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалады.

4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнің 1) - 4) тармақтарында көрсетілген және өзiнiң психикалық жай-күйі бойынша қауiп төндірмейтін адамдарға қатысты сот осы адамдарды емдеу немесе оларды психоневрологиялық ұйымдарға жiберу туралы мәселенi Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртiппен шешу үшiн денсаулық сақтау органдарына қажеттi материалдар жiбере алады.

92-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсаттары
Осы Кодекстiң 91-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдарды емдеу немесе олардың психикалық жай-күйін жақсарту, сондай-ақ олардың осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнің баптарында көзделген жаңа іс-әрекеттердi жасауының алдын алу медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың мақсаттары болып табылады.
93-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлерi
94-бап. Амбулаториялық мәжбүрлеп байқау және психиатрда емдеу
Егер адам өзiнiң психикалық жай-күйi бойынша психиатриялық стационарға орналастыруды қажет етпесе, осы Кодекстiң 91-бабында көзделген негiздер болған кезде амбулаториялық мәжбүрлеп байқау және психиатрда емдеу тағайындалуы мүмкiн.

95-бап. Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу
1. Егер адамның психикасының бұзылу сипаты тек психиатриялық стационарда ғана жүзеге асырыла алатын емдеудiң, күтудiң, ұстаудың және байқаудың осындай шарттарын талап ететiн болса, осы Кодекстiң 91-бабында көзделген негiздер болған кезде психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу тағайындалуы мүмкiн.

2. Жалпы үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзiнiң психикалық жай-күйi мен жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекетiнiң сипаты бойынша стационарлық емдеу мен байқауды қажет ететiн, бiрақ интенсивтi байқауды талап етпейтiн адамға тағайындалуы мүмкiн.

3. Мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзiнiң психикалық жай-күйi мен жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекетiнiң сипаты бойынша тұрақты байқауды талап ететiн адамға тағайындалуы мүмкiн.

4. Интенсивтi байқайтын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзiнiң психикалық жай-күйi мен жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекетiнiң сипаты бойынша өзiне немесе басқа да адамдарға айрықша қауiп төндіретін және ұдайы әрі интенсивтi байқауды талап ететiн адамға тағайындалуы мүмкiн.

96-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату
1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзартуды, өзгертудi және тоқтатуды психиатр-дәрiгерлер комиссиясының қорытындысы негiзiнде мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын мекеме әкiмшiлiгiнiң ұсынуы бойынша сот жүзеге асырады.

2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы тағайындалған адам сотқа осындай шараны тоқтату туралы немесе өзгерту туралы ұсыныс енгiзу үшiн негiздердiң бар екенi жөнiндегi мәселенi шешу үшiн кемiнде алты айда бiр рет психиатр-дәрiгерлер комиссиясында куәландырылып отыруға жатады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату немесе өзгерту үшiн негiздер болмаған кезде мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын мекеменiң әкiмшiлiгi мәжбүрлеп емдеудi ұзарту үшiн сотқа қорытынды бередi. Мәжбүрлеп емдеудi бiрiншi ұзарту емдеу басталған кезден бастап алты ай өткеннен кейiн жүргiзiлуi мүмкiн, мәжбүрлеп емдеудi одан кейiн ұзарту жыл сайын жүргiзiледi.

3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын өзгертудi немесе тоқтатуды адамның психикалық жай-күйi өзгерiп, бұрын тағайындалған шараны қолдануда қажеттілік болмай қалған не медициналық сипаттағы өзге мәжбүрлеу шарасын тағайындауда қажеттілік туындаған кезде сот жүзеге асырады.

4. Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеудi қолдану тоқтатылған жағдайда, сот мәжбүрлеп емдеуде болған адамға қатысты қажеттi материалдарды оны емдеу немесе психоневрологиялық ұйымға жiберу туралы мәселенi Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртiппен шешу үшiн денсаулық сақтау органдарына беруi мүмкiн.

97-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылғаннан кейiн жаза тағайындау
1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн немесе жазасын өтеу уақытында өзінің әрекеттерi үшiн өзiне есеп беру немесе оларға ие болу мүмкiндiгiнен айыратын психикалық аурумен ауырған адамға, егер ескіру мерзімі өтіп кетпесе немесе оны қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату үшін негiздер болмаса, ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқықтағы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері бойынша өзекті мәселелер
Қоғамның құқық өмірі саласында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мүмкіндіктеріне кешенді талдау
Медициналық сипаттағы мәжбүолеу шаралары
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары түсінігі
Қылмыстық құқықтағы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
Қылмыстық құқық түсінігі және оның қағидалары
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары туралы
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
Пәндер