Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Х.ДосмҰхамедов аТЫНДАҒЫ Атырау университетІ КеАҚ
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Физика және техникалық пәндер кафедрасы

Педагогикалық технологияларды жобалау пәнінен

ЖОБА

Тақырыбы: Оқу процесінің инновациялық технологиялары
Дайындаған: 5В010900 Математика - 401топ студенттері
Қуанышев Д.Қ., Аралбаева Ж.А., Қоштанов Ғ.С.
Ғылыми жетекші: п.ғ.к, қауымдастырылған профессор Қуанбаева Б.У

Атырау, 2020

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Білім беру жүйесіндегі инновацияның мәні
1.1 Инновация туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Инновацияның негізгі қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Білім берудің инновациялық əдістері мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2. Жаңа білім беру технологияларының жіктелуі
2.1 Жаңа білім беру технологияларының пайдалану қызметі бойынша топтастырылуы: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 2
2.2 Білім беру жүйесінде қолданылатын жаңа білім беру технологияларның негізгі ұстанымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
3. Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар әдістері негізіндегі сабақ жоспары
3.1 6-сынып Пропорцияның негізгі қасиетін білу және қолдану тақырыбына алынған қысқа мерзімді жоспар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

КІРІСПЕ
Жобаның өзектілігі: Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың Қазақстан-2030 Республика халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың өзіндік жаңа жолын, қазіргі заманғы педагогикалық технологиясын қалыптастыру - өмірдің талабы болып отыр. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тəрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-əрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мəселелердің бірі.
Жобаның мақсаты: Білім беру жүйесіндегі педагогикалық технологиялардың маңыздылығын анықтау.
Жобаның міндеттері:
1. Инновацияның негізгі қағидаларын анықтау.
2. Жалпы білім беру технологияларының әдістері мен түрлерін жіктеу
3. Жаңа білім беру технологиялары пайдалануы қызметі бойынша жіктелуін талдау.
4. Инновациялық технологиялардың әдістерін пайдаланып, тәжірибе жүзінде мектеп курсында қолдану.
Зерттеу объектісі: Жобаның зерттеу объектісі болып жалпы білім беретін мектеп, мұғалім мен оқушылар, студенттер болып табылады.
Жобаның болжамы: Инновациялық технологияларды оқу жүйесінде тиімді пайдаланатын болсақ, математика пәнінен оқушылардың жоғарғы білім сапасына қол жеткізуге болар еді.
Жобаның практикалық маңыздылығы: Оқу үрдісінде инновациялық технологиялардың әдістерін пайдалана отырып,сабақ жоспарлары жасақталды.

1. Білім беру жүйесіндегі инновацияның рөлі
1.1. Инновация туралы жалпы шолу
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі - оқытудың əдіс-тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жəне қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық жəне интерактивтік əдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы əрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Инновация ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған əртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея. Майлс: Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз - дейді. Ендеше инновация ұғымы - педагогикалық сөздік қорында ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде жаңа, жаңалық енгізу, деп көрсетілсе, кейбіреулер оны өзгеріс деген терминмен анықтайды.
Инновация деген сөз - латынның novis жаңалық жəне іп енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді.
Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тəжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны Білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік. Инновация ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мəдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни бір мəдениет түрлерін екінші ел мəдениетіне енгізу дегенді білдіреді жəне бұл ұғым этнографияда əлі күнге дейін сақталған. Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді дедік. Яғни, С. Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. Инновация ұғымын əр елде əртүрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған. Ал, Арабия, Жапония тəріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан əр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси əдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шетелдерде, ТМД елдерінде, Қазақстанда инновация ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз.
Қазақстанда ең алғаш Инновация ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану жəне таратуға байланысты бір бөлек қызметі деген анықтаманы ұсынады. Н. Нұрахметов инновация білімнің мазмұнында, əдістемеде, технологияда, оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке-дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жекедара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
Инновация сөзі - қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. Қазір бұл сөз жаңа, өзгеру, жаңаша деген мағынаны білдіреді жəне дəл қазіргі жаңа заманға да жаңа, жаңаша өзгерудің мазмұны терең жəне анық екендігі белгілі. Бұл əдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.

1.2 Инновацияның негізгі қағидалары
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
* балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
* оқыту мен тəрбиенің бірлігі;
* баланың танымдық күшін қалыптастыру жəне дамыту;
* баланың өз бетімен əрекеттену əдістерін меңгеру;
* баланың танымдылық жəне шығармашылық икемділігін дамыту;
* əр оқушының даму жүйелері жұмыс істеу; оқу үдерісін оқушының сезінуі.
Білім беру саласындағы инновациялық бағыттың қажеттілігін анықтайтын себептер қазіргі таңда бүкіл халыққа белгілі болып отыр. Оларға төмендегілер кіреді.
- білім беру жүйесінің жаңаруы, яғни жоғарғы оқу орындарының кредиттік оқу жүйесіне көшуі жəне орта білім беру жүйесінің 12 жылдыққа өтетіндігі;
- білім беру мазмұнының ізгілендірілуі;
- мұғалім мен оқушыға қойылатын талаптың жаңа тұрғыдан қарастыруды, яғни оқушы тек тұтынушы ғана емес, ортақ іс-шара субъектісі де. Қазіргі кезде технологияда білімді меңгертудің шығармашылық деңгейіне жету үшін Блум жүйесі пайдаланылады.

1-сурет. Білім жүйесінің сызбасы

Кесте
Білім жүйесінің түсініктері
Рет тəртібі
Оқушы іс-əрекеті
Білу
Тыңдайды, қабылдайды, есте сақтайды, түсінеді, ойлайды.
Түсіну
Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады
Қолдану
Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, ашады, іздейд
Талдау
Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа мəселені шешеді.
Топтау
Ойлап табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады.
Бағалау
Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады.

1.3 Білім берудің инновациялық əдістері мен түрлері
Инновациялық əдіс-тəсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде бағалайды, əрбір білім алушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне білім алушының іс-əрекетін бақылау жатады. Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Əдетте инновация бірнеше өзекті мəселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Масырова Р., Линчевская Т. Жаңару (новшество) дегенімізді былай деп түсіндіреді: Жаңару - белгілі бір адам үшін əділ түрде жаңа ма, əлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.
Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш. Қалановтың, Ж. Қараевтің, Ш. Таубаеваның, Қ. Қабдықайыровтың, С. Лактикованың, М. Жанпейісованың, Ə. Жүніспек пен Қ. Нағымжанованың, С. Көшімбетованың, К. Ж. Бұзаубақованың, Б. Тұрғанбаева мен А. Əлімовтың, т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары жан-жақты қарастырылады. Бұл технологиялар теориялық тұрғыдан дəлелденіп, тəжірибеде жақсы нəтиже көрсетіп жүр. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, еңбегін шəкірттерінің бағалауы, пəндік білім сапасының жоғары болуы ерекше орын алады.
Əдіскер С. Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тəрбие үдерісінде оқытудың инновациялық əдіс-тəсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:
- ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тəжірибеде бала - субъект, бала - объект тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер оның тұрмысының əлеуметтік жағдайы мен іс-əрекетінің əлеуметтік нəтижесінің бірлігінде қарастырады;
- ақпараттық бағдарламалап оқыту - оқытудың мазмұнын пəнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
- қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
- иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда адам-қоғам-табиғат үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мəдениет қалыптасады;
- саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен əдістері шығармашылық ізденіс іс-əрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.
- оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;
- дербес оқыту технологиясы оқу-тəрбие үдерісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның əлеуметтік-психологиялық жауапкершілігін арттырады
Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады.
Модификациялық инновация - бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В. Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жəне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация - бұрын пайдаланылмаған, белгілі əдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пəндерді оқытудың қазіргі кездегі əдістемесі дəлел.
Радикалдық инновация - білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік жəне сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Қазір республика оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сəйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің əртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға жəне тəжірибеге негізделген жаңа идеялар, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бар. Сондықтан əртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны əрбір білім алушының жас жəне жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тəжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Ғылыми-педагогикалық əдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үдерісінің нəтижесін көретін əдіс-тəсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады.

2. Жаңа білім беру технологияларының қажеттілігі және жіктелуі
2.1 Жаңа білім беру технологияларының пайдалану қызметі бойынша топтастырылуы
І. Педагогикалық үдерісте жеке тұлғаның бағыты негізінде педагогикалық технология.
* Педагогикалық қарым-қатынас технологиясы.
* Алтынсариннің педагогикалық технологиясы.
* Амоношвилидің ізгілік технологиясы.
* Ильиннің жүйесі.
ІІ. Оқушының іс-əрекетіндегі белсенділікті арттыру негізіндегі педагогикалық технология.
* Ойын технологиясы.
* Проблемалық оқыту технологиясы.
* Жан-жақты коммуникативті оқыту технологисы.
* Оқыту материалдарын тірек сызбалар, тірек конспектілері жəне модельдеу арқылы қарқындатып оқыту технологиясы (Шатталов).
ІІІ. Оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру жəне басқару негізіндегі педагогикалық технология.
* Миға тұтқиылдан шабуыл жасау технологиясы.
* Перспективті жылдамдата оқыту технологиясы (Лысенкова).
* Деңгейлеп оқыту технологиясы (Қараев).
* Деңгейлеп дифференциялау технологиясы.
* Міндетті нəтиже негізінде деңгейлі-дифференциялап оқытутехнологиясы (Фарсов).
* Бала қызығушылығы арқылы дифференциялап оқудың тəрбиелік технологиясы (Закатова).
* Жекелей оқыту технологисы (Инге Унг жəне Шадриков).
* Бағдарламалық оқыту технологиясы.
* Ұжымдық оқыту технологиясы (Дяченко, Ривин).
* Топтық оқыту технологиясы.
* Компьютерлік оқыту технологиясы.
ІV. Дидактикалық білім көтеру жəне материалды педагогикалық технологиялар.
* Дидактикалық бірліктерді ірілендіру (Эрдниев).
* Ақыл-ой іс-əрекетін сатылай қалыптастыру теориясын игеру технологиясы (Валович).
V. Жеке пəндік педагогикалық технологиялар.
* Сауаттылыққа ерте жəне дамыта оқыту технологиясы(Зайцев).
* Сатылай талдап оқыту технологиясы (Оразақынова).
* Бастауыш мектептің жалпы оқу білігін жетілдірутехнологиясы (Зайцев).
* Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы.
* Математикалық есептер шешу негізіндегі педагогикалықтехнология (Касаткин).
* Сабақтың тиімді жүйелік негізіндегі педагогикалықтехнология (Оқунев).
* Жанпейісованың модульдық оқыту технологиясы.
* Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы.
VІ. Альтернативті педагогикалық технология
* Вольдорф педагогикасы (Штэйнер).
* Еркін еңбек технологиясы (Ферт).
* Ықтималдық білім технологиясы (Лобок).
VІІ. Табиғи байқағыштық технологиялар.
* Табиғи байқағыштық арқылы сауаттылыққа тəрбиелеу.
* Өзіндік дамыту технологиясы (Монтессори).
VІІІ. Дамыта оқыту технологиялары.
* Дамыта оқыту жүйесі.
* Жеке тұлға бағытындағы дамыта оқыту жүйесі (Якиманская).
* Дамыта оқыту технологиясы (Давыдов, Эльконин).
* Өзіндік дамыта оқыту технологиясы (Семеко).
ІΧ. Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары.
* Жүректен жүрекке
2.2 Білім беру жүйесінде қолданылатын жаңа білім беру технологияларның негізгі ұстанымдары
Ғылыми-педагогикалық зерттеулерге жасалынған талдау жаңа педагогикалық технологиялардың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді. Енді солардың ішінен жоғары оқу орындарының оқу үдерісінде қолдануға ұсынылатын бірқатарына тоқталайық. Бүгінгі таңда республикадағы жəне аймақтағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мəселелердің бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында (1999) білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі - жеке адамды қалыптастыруға бағытталған рөлі жəне педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, олардың жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі қарастырылған. Дəстүрлі оқыту технологиясының білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нəтижелерінен көрініс табуда. Осыған орай, оқу-тəрбие үдерісін жетілдірудің қазіргі технологияларын жетілдіріп, мектепте сабақ беруде қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға болатындығына басым бағыт берілуде. Қазіргі кезде мектептің оқу-тəрбие үдерісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мəлім. Бұл технологиялардың бəрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі əрбір пəнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу жəне оны іс-əрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының əрекеті технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.
Бастауыш сатыда Математика пəні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тəсілдері ретінде деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады. Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тəсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-əрекеттік модель ретінде қарастыруға болады. Оқытудан күтілетін нəтижелер тізбесін негізге ала отырып, əртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық жəне еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.
Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-əрекеттік - компетенттік тəсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тəрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді.
Əртүрлі əдістерді қолдану жəне оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы есептің дұрыстығына көз жеткізулеріне болады, дамыта оқыту технологиясы (Л. С. Выготский, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов) дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сəйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған, оқытудың модульдік технологиясы (В. М. Монахов) оқу үдерісін мақсатты жобалап, құруға болады. Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В. Ф. Шаталов) теория жəне практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірекконспект түрінде берілген теориялық, материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып, оза оқыту (С. Н. Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын ала оқыту, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру жəне т.б.
Республикадағы ауыл мектептерінің оқу-тəрбие үдерісінде деңгейлеп оқыту технологиясы (Ж. Д. Қараев) жүйелік негізде оқыту технологиясы (Г. Г. Ғалиев), шоғырландырып-қарқынды оқыту технологиясы (Қ. А. Əбдіғəлиев, Н. Н. Нурахметов), блоктықмодульдық технологиясы (М. Н. Жанпеисова) қолдау табуда. Ғалымдардың пікірінше шағын комплектілі мектептер жағдайында оқу-тəрбие үдерісін ұйымдастыруда жүйелік негізде оқыту мен шоғырландырып оқыту технологияларының оқыту сапасын арттыруда дидактикалық мүмкіндіктері мол. Оқу-тəрбие үдерісінде қолданып, айтарлықтай нəтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: Лысенкованың алдын ала оқыту, Хазанскиннің есептер шығару, Палтышевтың физиканы есептеп шығару, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің мəселелік оқыту оқытудың белсенді əдісі, т.т. Ал, соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясымен Дьяченконың оқытудың ұжымдық тəсілі, сондай-ақ профессор Қараевтің оқытуды дифференциялау жəне білім беру демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр. Мəселен, Л. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтың бірлесе жасаған Дамыта оқыту жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты əрі мынадай ұстанымдардан құралады: Жоғарғы деңгейдегі қиындыққа оқыту
Теориялық білімнің жетекші рөлі
Оқу материалын жеделдете оқыту
Оқу үдерісін оқушының сезінуі
Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу
Л. В. Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның əлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу əрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді. Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың зерттеулері оқу əрекеті жəне оның субъектісін қалыптастыруға бағытталады. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың əр түрлі педагогикалық технологиялары жасальнып, мектеп өміріне енгізілуде. Олар: С. Н. Лысенкованың алдын ала оқыту, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мəселелік оқытудың белсенді əдісі, т.б. Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясымен В. М. Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тəсілі сондайақ, профессор Ж. Қараевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясын еліміздің көптеген мектептерінде қолданып жүр. Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тəжірибелік-сынақ жұмыстарының басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үдерісіне енгізу болып табылады. Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың зерттеулері оқу əрекеті жəне оның субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы төмендегідей: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияның мақсаты бойынша оқытуды ізгілендіру қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушының өздігінен танымдық іс-əрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Əрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік жəне шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға жəне өзін-өзі дамытуда қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті əдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды. Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне жататындар - əрбір оқушының жеке жəне дара ерекшеліктерін ескеру; оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
Жаңа педагогикалық технология: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, проблемалы оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы, түсіндіру, басқарып оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, міндетті нəтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, модельдік оқыту технологиясы, жобалап оқыту технологиясы.
Ынтымақтастық педагогикасы технологиясы
Мақсаты: талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына өту. Балаға ізгілік тұрғысынан қарау. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ
Қанипа Бітібаева - жаңашыл ұстаз
ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ
Педагогикалық технология туралы
Шешендік өнерді оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі
Мектепте Абай шығармашылығын оқыту
Қ.Бітібаева техгологиясы бойынша көркем шығармаларды талдау
Қазақ әдебиеті әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
XXI ғасыр мұғалімі
Пәндер