Алақан сүйектерінің сынуы
Астана медицина университеті КЕАҚ
Травматология және ортопедия кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Жоғарғы жақтың(иық және қол сүйектері мен буындарының) жарақаттары
Орындаған: Бектай Н.С
Тобы: 647 ЖПД
Қабылдаған: Байдарбеков М.У
Нұрсұлтан 2020ж.
Жоспары
1. Иық буыны мен иықтың зақымдануы
1.1 Иықтың шығуы
1.2 Иық буыны мен иық аймағындағы жұмсақ тіндердің зақымдануы
1.3 Бұғананың сынуы
1.4 Жауырын сүйегінің сынуы
1.5 Тоқпан жіліктің жоғарғы ұшының сынуы
1.6 Тоқпан жіліктің диафизінің сынуы
2. Шынтақ буыны мен білек сүйектерінің зақымдануы
2.1 Шынтақ өскінінің сынуы
2.2 Монтеджи және Галеаций сынықтары
2.3 Шынтақ сүйегі тәж өсіндісінің дара сынуы
2.4 Кәрі жілік басының және мойын бөлігінің сынуы
2.5 Білек сүйектерінің диафизінің сынуы
2.6 Білек сүйектерінің негізінен сынуы.
2.7 Алақан сүйектерінің сынуы
3. Пайдаланылған әдебиеттер
1.Иық буыны мен иықтың зақымдануы
1.1 Иықтың шығуы
Иықтың шығуы барлық буындардың шығулардың 50-60 % құрайды. Көп кездесуі буынның анатомиялық ерекшелігімен түсіндіріледі:жауырынның буындық ойысы тоқпан жіліктің шар тәрізді басынан 3-4 есе кішірек,буындық қалтасы аумақты және жіңішке. Иық буынның травматикалық шығуы көбінесе тікелей емес күш әсер еткенде пайда болады.(Мыс:қолды алдыға созып құлағанда немесе артқа құлап бара жатып қолды тіреп қалғанда) Бұл кезде қол бүйірге қарай бұрылған күйінде болады. Қолды төмен түсіруге тырысу қатты ауырсынуды тудырады. Зақымдалған иық сау иықпен салыстырғанда ұзарған. Иықтың үйреншікті шығуы бұрын травматикалық шығуы болған адамдарда байқалады. Бұл кішкентай жарақаттан, кейде күніне бірнеше рет пайда болады. Жарақаттың сыртқы белгілері (ауырсыну, ісіну, қан кету) әдетте жоқ. Көптеген науқастарда ол өздігінен реттеледі.
Диагноз нақты белгілер негізінде оңай анықталады. Иықтың шығуын иық мойнының сынуынан ажырату керек, онда иықтың ұзаруы болмайды, қол денеге әкетілген және қолды әкету өткір ауырсынуды тудырады. Науқасты қарау барысында кәрі жілік артериясының пульсациясын және білектің сыртқа қарай бүгу функциясын тексеру керек. Шұғыл көмек: науқас ауырсыну басылатын жағына қарай мәжбүрлі қалыпта болады, иммобилизация жасау үшін үлкен мақта-дәкеден валик салынып, қол денеге байланады. Қол мен білек косынкаға ілінеді. Анальгетиктер енгізіледі(50% анальгин ерітіндісі - 2 мл). Амбулаториялық жағдайда орнына келтіруге тырыспау керек. Ауруханаға жатқызуды кешіктірген кезде анестезиядан кейін түзету керек. Түзетуден 20-30 минут бұрын тері астына морфиннің 1% ерітіндісі - 1 мл және 0,1% атропин ерітіндісі - 0,5 мл енгізіледі. Ұзын инемен иық буынының қуысына 30 мл 1% новокаин ерітіндісі енгізіледі. 10 минуттан кейін жақсы анестезияға жеткенде дислокация түзетіледі. Түзетудің негізгі шарты жәбірленушінің бұлшық еттерін жақсы босаңсыту екенін есте ұстай отырып, ешқандай күштеп түзету жасауға болмайды.
Иықтың шығуын Кохер әдісімен түзету келесі түрде жүзеге асырылады.. Жәбірленушіні арқасымен кушеткаға жатқызып, анестезия жасалады. Оң қолмен науқастың оң жақ иық буынын ұстайды (егер оң жақ иық буыны зақымдалса), ал сол колмен- кәріжілік-білезік буынын ұстап, иықты ақырындап жай күшпен тартады. Сондай-ақ, ол біртіндеп иықты сыртқа қарай бұрады, осылайша науқастың білегі фронтальды жазықтықта болады. Шынтақ алдыңғы жағынан шығарылады. Шынтақтың орнын өзгертпей, иықты ішке қарай бұрап, қолды сол (сау) иыққа қойылады. Түзету кез-келген уақытта орын алуы мүмкін. Иық қалыпты пішінді алады, қозғалыстар еркін және ауыртпалықсыз болады. Түзеткеннен кейін кейін Дезо таңғышын саламыз.
Түзету сәтсіз болған жағдайда травматологиялық бөлімшеге ауруханаға жатқызу көрсетілген.
Иық буыны мен иық аймағындағы жұмсақ тіндердің зақымдануы
Олар көбінесе күнделікті өмірде кездеседі және иық буынының аймағында құлау мен тікелей соққының, ауыр салмақтардың көтерілуінің салдарынан пайда болады. Оларға иық буынының көгеруі, иық буынының байламдарының созылуы және жыртылуы, бицепстің ұзын басының сіңірінің жыртылуы жатады.
Иық буынының көгеруімен жарақат тікелей соққының салдарынан пайда болады. Гематомалар мен терісі сыдырылған аймақтар болады.Байламдардың созылуы мен жыртылуы көбінесе жанама жарақаттан туындайды (шынтаққа, созылған және артқы қолға құлау). Жарақаттың сыртқы көріністері жоқ, иықтың басын пальпациялағанда және қолды бүйірге апарғанда ауырсыну байқалады.
Бицепс ұзын басының сіңірінің жыртылуы ауыр салмақты көтеру кезінде пайда болады. Науқастар иық буынының аймағында "жарықшақты" сезінеді, шынтақ буынындағы иілу күші айтарлықтай төмендейді, бицепс пішіні өзгереді. 3-4 күннен кейін иықтың жоғарғы үштен бірінде сыртқы алдыңғы бетінде кішкентай гематома пайда болады.
Шұғыл көмек. Косынка жасап иммобилизациялау.
Госпитализация травматологиялық бөлімге бицепс сіңірінің жарылуы кезінде көрсетілген.
Бұғананың сынуы
Осы сүйектің сынуы барлық адамдарда кездеседі, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің арасында өте жиі болады. Бұғана сынуы 15-17% шамасында кездеседі. Бұғана көбінесе тікелей ұрынғанда немесе иықпен жерге құлағанда болады. Бұғана сынуы үш түрге бөлінеді: сыртқы жақ үштен бір бөлігі, орта тұсы және ішкі үштен бір бөлігінің тұсынан сынуы мүмкін. Балалардың сүйек құрамында кальций, фосфор қоспаларының аздығынан көбінесе жас шыбық тәрізді жарыла сыну өте жиі болады. Ал, ересек адамдарда тікелей толық, көлденең жарыла толық сынып екіге бөлінеді және кейде тіпті бөлшекке бөлініп кетуі мүмкін.
Бұғана сынығының негізгі белгілері: сынған жері ісіп, үлкейіп тұрады және жай сыртынан қарағанда сынған жері бірден көзге анық білінеді. Сынған жер шодырайып тері астынан томпайып көрінеді. Қолмен басқанда сынықтың бір жақ шеті тері астынан бірден анықталады. Сынған жерден сүйектің сықырлағаны байқалады.Сынған жақ иық бойы сау жақпен салыстырғанда едәуір қысқарып көрінеді. Сынған жақ иық буынында қозғалыс жасау өте қиынға соғады, өйткені иықпен қозғалыс жасаймын дегенде сынған бұғана сынықтарының ұштары айналасындағы басқа жұмсақ еттерді жыртып ауырғаны ұлғая түседі. Сондықтан бұғанасы сынған адам сол жақ иық сүйегін кеудесіне жапсыра сау қолмен қысып ұстайды.
Емдеу: Бұғана сынығын емдеу негізінен екі түрден тұрады. Бұғананың жартылай жарылып сынғанында және сынған жердегі сүйек бөлімдерінің орнынан қозғалмай дұрыс тұрғанында сол жерге 1% 5-10мл новокаин ерітіндісін жіберіп, қолтықтың астына мақтадан кішкентай жастықша жасап қойып, иық сүйегін немесе тоқпан жілікті кеудеге жапсыра қысып, шынтақ буынды 90 градусқа дейін бүгіп, кеудені айналдыра иық бойының үстімен иық буынын қоса бастырып гипс салады. Бұл гипсті Дезо гипсі деп атайды. Үш жұма өткеннен кейін гипсті алып тастайды да, иық, шынтақ буындарында қозғалыс жасап, еттерді уқалап массаж жасайды. Жарақаттанған адам бір, бір жарым айдан соң жұмысқа шығарылады.
Жауырын сүйегінің сынуы
Жауырын сүйегінің сынуы өте сирек, небәрі 5% көлемінде кездеседі. Жауырынның сирек сынуы негізінен оның сырты қалың жауырын еттерімен қоршалып тұруына байланысты. Жауырын сүйегі тек жауырынмен тікелей қатты нәрсеге (темірге, тасқа) соғылғанда және жауырынның иық буынымен қосылған тұсының үстінен ауыр нәрсемен тікелей ұрғанда, ұрылғанда болады. Жауырынның сынуы мынадай түрлерге бөлінеді:
- Жауырынның қалақша басы немесе денесі деп атайтын жерінің сынуы;
- Жауырынның үстіңгі сыртқы шеті, төменгі шеті, етегі, ішкі жақ бөлігінің сынуы;
- Жауырынның қыр сүйек жерінің сынуы.
- Жауырынның құс тұмсық (клювовидный) өскіншегі, жауырын басының өскіншегі (акроминальный), жауырын мойнының сынуы
Емдеу тәсілі: Сынған жерге 1%-30,0 мл новокаин ерітіндісі мен қосымша тері астына 1%-1,0 промедол ерітіндісін жіберіп, ауруды биік столдың жанына орындыққа отырғызып, оныңсынған жақтағы қолын шынтақ буынын 90°-қа дейін жайлап бүгіп, демей төмендеу тартыңқырай тұрып, тоқпан жілікті көлденең фронталдық деңгейге 90-110° шамасына көтеріп, шынтақ сүйегінің бұдырынан бұрғымен бұрғылап сым темір өткізу керек. Ол үшін сол жерге0,5%-15,0мл новокаин ерітіндісін сүйекке дейін жіберіп, содан соң әлгі сымды өткізіп, оны доғашықпен ұстатып керіп тартып тастайды. Қолдың астына, қолтыққа тірей кигізіп ЦИТО таңғышын салып,тоқпан жілікпен шынтақ буынын 30-40˚ артқа қарай тартамыз. 1-1,5 ай осы шинада болады. Содан соң 3-5 күн өткеннен кейін ауруды рентген жасап көреді. Егер сүйек орнында тұрса, оны осы қалыпта 2-2,5 ай бойы ұстау керек немесе 1-1,5 ай өткен соң осы уақыт ішінде сынған жері жартылай кілегейленіп бекиді. Сол уақытта оның таңғышын еппен алып сол қалпында торако-брохиалды гипс салады, гипсті екі ай өткеннен кейін алып тастап, ауруды рентген жасап көреді. Сынық дұрыс бітсе, оның иық еттеріне массаж жасап, жылу емдерін жүргізеді.
Тоқпан жіліктің жоғарғы басының сынуы
Сынықтың орналасу орнына байланысты 2 үлкен топқа бөлінеді:
1. Буынішілік сынық:
- Жілік басының сынуы
- Анатомиялық мойнының сынуы
2. Буынсыртылық сынық:
- Бұдырларының сынуы, үлкен және кіші бұдырының сынуы
- Хирургиялық мойнының сынуы және бұдырлар арқылы сыну
Буынішілік сынықтар көбінесе иық буынына құлағанда, кейде шынтақ буынына, кейде алақанды тіреп құлағанда болады. Мұндай жағдайда хирургиялық мойын немесе анатомиялық мойын шаншылып сынады. Кейде орнынан ығысып кетеді.
Клиникалық көрінісі: буын ішіне қан жиналады (гемартроз) сүйектен аққан қан буын қуысына толады. Сол себептен буын көлемі ұлғайып, сыртқы пішіні өзгереді. Шаншылып сынғанда сықыр болмайды, сырт пішіні онша өзгермейді. Шынтақтан алақанмен соққы бергенде буыны ауырсынатынын айтады. Иық буынында аздаған ерікті қозғалыс сақталады. Ауырған қолды білектен сыртқа қарай бұрағанда күшейеді. Қол қысқармайды.
Емдеуі: Торакоброхиальды гипс салу. Иықты көлденең деңгейде 90˚ көлденең деңгейден 30-40˚ С алға бас бармақты мұрынға қаратып, мықыннан бастап кеуде, иық, білек, алақан, саусақ буынына дейін 1,5-2 айға саламыз. Бұл иық буынына қолайлы қалып. Жасына байланысты қозғалыс гимнастикасы, массаж. 3-4 айдан соң жұмысқа жарамды. Буынішілік сынық болып орнына ығысқан жағдайда әсіресе жілік басы 180˚ -қа бұралып кеткен жағдайда операциялық жолмен емдеу керек. Сүйек бөліктерін айыр тәрізді сыммен бекітіп торакоброхиальды гипс немесе БИОС операциясы жасалады.
Бұдырларының сынуы
Көбінесе үлкен бұдырлары сынады. Ол бұдыр маңына тікелей соққы тигенде немесе жауырынның қырүстілік, қырастылық, кіші дөңгелек бұлшық етінің шектен тыс жиырылуынан жұлынып сынады. Бұдыр сол еттердің жиырылу себебінен жоғары сәл артқа ығысады. Тікелей соққы тигенде кейде акрамион өсіндісі астына кіріп кетеді. Клиникалық көрінісі: иық буынының сыртқы жағы ісінеді, иықты алдына, артына қарай сәл қозғалта алуы мүмкін, көлденең көтере алмайды, қатты ауырады. Қолдың ұзындығы қысқармайды, алақаны ішке артқа қарай бұралып,басбармағы артқа қарай қарап тұрады. Себебі, кіші бұдырға бекитін төстің үлкен қара бұлшық етінің жиырылу себебінен жоғарыдай қалыпта тұрады. Тасымалдауы: Дезо байламы немесе Крамер шинасы үш буынды бекітіп жеткізіледі.
Емдеуі: Сынған жерге 1% -ті 20мл новокаин ерітіндісін енгіземіз, тері астына 2%-ті 1мл промедол енгіземіз. Сөйтіп тоқпан жілікті көлденең деңгейде 90С-қа көтереміз, шынтақты 30-40С артқа апарамыз, қолды 60С жоғары артқа бұрамыз. Өйткені, жалпы сүйекті орнына салу принципі ол әрқашанда шеткі бөлікті орталық бөлікке апару. Торокоброхиальды гипс саламыз. Жоғарыдағыдай қалыпты Дамье қалпы деп атайды немесе(голосующий)қалпы деп атайды. 1,5-2 айға гипс саламыз, тексеріс рентген жасаймыз, егер орнына түспесе операциалық жолмен емдейміз. Сынған жерді ашып бұдырдан 2 тесік жасап, П тәрізді копрон жіппен орнына тігіп бекітеді.Дезо гипс саламыз.
Тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының сынуы Құлаған кезде қолдың қандай қалыпта қалуына байланысты абдукциялық, аддукциялық және шаншылып сыну деп 3-ке бөлінеді. Қолды не шынтақты сыртқа қарай керіп барып құлағанда сынықтың орталық бөлігі қолтыұтың астына төмен қарай ығысады. Шеткі бөлігі сыртына, үстіне қарай ығысады. Мұны абдукциялық сынық деп атайды.
Клиникалық көрінісі: Сырттай қарағанда сол маңның сыртқы пішіні өзгереді, қол қысқарады, тері астынан шеткі бөліктің ұшы шығыңқы тұрады. Оның үстінде сәл ойық болады. Қолтық астынан қарағанда орталық бөліктің ұшы шығыіқы тұрады. Ерікті қозғалыс болмайды. Кейде қолдарының ұюы мүмкін, өйткені орталық ұшы жүйке бағаналарын басуына байланысты. Кейде ұстап көргенде сықыр байқалады. Шынтақ буыны денеден әлдеқайда алшақ тұрады.
Тасымалдауы: Крамер шинасы арқылы.Сау жақ иық буыны үстінен мойынның артымен сынған жақ иық бойы үстімен, қолдың сыртқы жағы, алақан саусақ буынына дейін, қолтық астына жастықша қойып дәкемен мықтап бекітіп қояды. Сөйтіп 3 буынды бекітеді. Жеткізілген соң рентген жасап көреді.
Емдеуі: Сынған жерге 1 % 20мл новокаин ертіндісін енгізеді, сынықты орнына салуға 3 адам қажет. Бірінші көмекші шынтағын 90С-қа бұрып, бір қолмен тоқпан жіліктің айдаршық маңынан ұстайды, екінші қолымен білезік буынын ұстайды. Ал екінші көмекші бір қолымен қолтық астынан екінші қолымен иық үстінен алады. Сөйтіп орталық бөлікті мықтап ұстап тұрады. Бірінші көмекші тоқпан жілік бойымен төмен сәл сыртқа қарай тартады. Осы кезде дәрігер саусағымен шығыңқы тұрған шеткі бөлікті қолмен ұстап қаншалықты төмен ығысқанын байқап тұрады. Қолтық астынан тығыз жастықша қойып шынтағын денесіне жапсыра тиістіруін сұрайды. Осы қалыпта 2-2,5 ай гипстік байлам салады. Тексеріс рентген жасап көреді.
Операция жасауға нақты көрсеткіштер: 1. Ашық сынықтар
2. Сүйек бөліктерінің арасына жұмсақ тіндер ілініп қалса мұндай жағдайда сынған жерді қолмен ұстағанда сықыр болмайды
3. Ірі қан тамырлары, нервтер зақымдалатын болса
4. Жаңқаланып сынып (оскольчатый) жаңқаның бір бөлігі сүйектің өстік бойына көлденең тұрса
5. Жабықтай орнына салынбаса ;
Аддукциялық сынық - ол қолдың денеге жапсыра отырып құлағанда пайда болады. Мұндай жағдайда орталық бөлігі сыртқа, шеткі бөлігі астына ішке қарай ығысады. Клиникасы: иық буыны маңында сыртқы пішіні өзгереді, қолы қысқарады буында ерікті қозғалыс жасай алмайды. Орталық бөлігінің ұшы шодырайып сыртқа қарсы шығып тұрады, оның астында сәл ойық пайда болады. Ұстап көргенде сықыр байқалады. Кейде саусақтары көгеріп, ұюы мүмкін. Оның себебі қан тамыр мен нервті басып тұруына байланысты.
Тасымалдау: Крамер шинасымен жоғарыда айтылған үш буынды қосып аламыз .Емдеу: сынған жері 1 co 20 мл новокаин ерітіндісі 2co 1 мл промедол тері астына енгізіледі. Орнына салу үшін 3 адам керек. Бірінші көмекші шынтағын 90˚1 қолымен тоқпан жілік айдаршығынан ұстап, екінші қолымен білезігінен ұстайды. Екінші көмекші бір қолымен иық үстінен, екінші қолымен қолтық астынан ұстайды. Екеуі де тоқпан жілік бойымен керіп төмен қарай тартады. Біртіндеп қолды көлденең деңгейде 90˚ көтереді. 30˚-40˚ алға қарай осы жерде дәрігер сүйекті орнына салады. Торокоброхиальді гипс салады. Тексеріс рентген жасайды, орнында тұрса 2-2,5 ай гипсте болады. Абдукциялық, аддукциялық сынықтарда орнына түспесе, онда операция жасауға тура келеді. Мұнда көбінесе "Г" тәрізді пластинамен немесе БИОС-пен бекітеді.
Тоқпан жіліктің диафизінің сынуы. 1. Орналасу орнына байланысты жоғарғы 13 бөлігі, төменгі 13 бөлігі, ортаңғы 13 болып бөлінеді. 2. Сынық түрі бойынша: көлденең, қиғаш, бұралып, жаңқаланып сынады. 3. Ығысу түрі бойынша: ұзына бойы, көлденең, бұрышталып, бұралып Тоқпан жілік диафизі көбінесе тікелей соққы тигенде немесе тоқпан жілікті бұраған кезде сынады. Көлденең сынықтар - көбінесе бір заттың қырына құлағанда сынады. Қиғаш сынықтар - көбінесе жалпақ бұдырлы бетке құлағанда болады. Бұралып сыну - атына байланысты бұрағанда сынады. Жаңқалардың болуы әсер етуші күштің жылдамдығына, ауырлығына және көлеміне байланысты.
Клиникалық көрінісі: сүйек сынғанда болатын нақты белгілер.
- Ұзындығының қысқаруы
- Сықырлауы
- Сыртқы пішінінің өзгеруі
- Буынсыз жерде қозғалыстың болуы
- Ерікті қозғалыстың болуы
Жалпы белгілерге: ісіну, қанталау т.б жатады.
Тасымалдау: Крамер шинасымен үш буынды бекіту. Иық, шынтақ, білезік буындарын бекітеді. Салу әдісі жоғарыда айтылған. Емдеу: сынған жерге 1 co 20 мл новокаин ерітіндісін енгізіп, сүйекті орнына салу үшін дәрігер және екі көмекші қажет. Бірінші көмекші бір қолымен шынтақты 90˚ - қа бүгіп, екінші қолымен білезік буынынан ұстайды. Екінші көмекші бір қолымен иық үстінен екінші қолымен қолтық астынан ұстап, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz