Нейродинамикалық сипаттағы әрекеттер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 622 бет
Таңдаулыға:   
Қ.ЖАРЫҚБАЕВ
О.САҢҒЫЛБАЕВ

Алматы
2011
ЭНЦИКЛОПЕДИЯЛЫҚ СӨЗДІКУДК 159.9(031) ББК 88.3я2 Ж 32

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің
Тіл комитеті
Мемлекеттік тілді және
Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту бағдарламасы бойынша шығарылды

Жоба авторлары:
Қ.Б. Жарықбаев О.С. Саңғылбаев
Пікір жазғандар:
Психология ғылымдарының докторы, профессор Н.С. Ақтаева Педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.С. Оспанов
Ж 32 Психология: Энциклопедиялық сөздік. Бас ред. Б.Ө. Жақып. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011. - 624 б.
ISBN 9965-893-71-3
Төл тілімізде тұңғыш рет жарық көргелі отырған энциклопедиялық сөздік- ке психология ғылымының сан түрлі салалары бойынша қазіргі кезде жиі қолданылып жүрген негізгі атаулары еніп отыр. Осынау әмбебап сөздік жал- пы оқырман қауымға, сондай-ақ орта, арнаулы және жоғары оқу орындарының сту- денттеріне, бакалаврларына, магистранттарына, докторанттарына, оқытушы- ларына, сондай-ақ барша ғылыми қызметкерлер мен зиялы қауым өкілде- ріне, бұқаралық баспасөз қызметкерлеріне арналған.
УДК 159.9(031) ББК 88.3я2
ISBN 9965-893-71-3
(C) Қазақ энциклопедиясы, 2011

АЛҒЫ СӨЗ
Соңғы жылдары әр алуан гылым саласында оқу құралдарымен қатар пәндік сөздіктер құрастыру, ғылыми атаулардың қазақша баламаларын тауып, орнықтыру жолында біршама іс тындырылды. Осынау игілікті істің бастамасы ретінде 50-60 жылдары қазақ тілінде шыққан кейбір психологиялық әдебиеттерге қосымша ретінде берілген жекелеген термин сөздердің тізімі беріліп жүрді. Мәселен, 1960 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының баспасынан Педагогика-психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі (құрастырушылар: Қ.Қойбағаров, Ғ.Рахымбеков) жарық көрді. 1976 жылы Қ.Жарықбаев пен А.Әбдірахмановтың Пси - хология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі, 2005 жылы Ж.Намаз- баева мен О.Саңғылбаевтың Орысша-қазақша психология сөздігі жарияланды. 2006 жылы Қ.Жарықбаев пен О.Саңғылбаевтың Жантану атауларының түсіндірме сөздігі жарыққа шықты. Қырықтан астам саласы бар қазіргі психология ғылымына соңғы кездері жаңадан көпте- ген терминдердің қазақша баламалары күні бүгінге дейін тұрақталып, саралануы да кемшін. Ал осы саладағы ұлттық терминдердің жағдайы өз алдына бір төбе.
Осыған орай, авторлар қазақ тілінде қолданыста жүрген кейбір терминдердің баламаларын қайтадан қарастырып, олардың ғылыми мә- нін саралап, ширата түсу қажет деп санайды. Осы жайттарды ескере ке- ліп, психология терминдерінің энциклопедиялық сөздігін тұңғыш рет оқырман қауымға ұсынып отырмыз.
Сөздікті дайындауда авторлар осы ғылым саласында өздерінің көп жылғы жиған-тергендерін іріктеп, пайдаланумен қатар, басқа әріптесте- рінің де іс-тәжірибелерін барынша ескерді. Мұнда ТМД елдерінде алыстағы шетел тілдерінде психологиялық сөздіктер жасау тәжірибесі мұқият еске алынды.
Оқырмандарға ұсынылып отырған осы сөздікте жалпы психология ғылымының терминдерімен қатар оның жеке салаларының (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық, этникалық т.б.) 1000-ға жуық негізгі ұғымдары қамтылып отыр. Бұлардың біразы кезінде Қазақстан Республи- касы Министрлер Кабинеті жанындағы Мемлекеттік терминологиялық

комиссияның талқысына түсіп бекітілген де болатын. Сөздікте алғаш рет халқымыздың психология ғылымына қатысты төл ұғымдары мен қа- зақ халқының психологиялық ой-пікірлері орын алып отыр. Басылым- ның ендігі бір ерекшелігі - қазақ халқының сан ғасырлық тарихында жан мен тән мәселелері жайлы сөз қозғаған ғұлама ғалымдары мен ақын- жырауларының тағылымды, тәлімгер ғалымдарының түйінді ойлары, сондай-ақ еліміздегі психология ғылымының қалыптасып даму ісіне ша- ма-шарқынша ат салысқан, қазірде арамызда жоқ Қазақстан психологта- рының қысқаша өмірбаяны мен шығармашылық қызметі туралы дерек- тер берілуінде. Мұнда ұлттық психология ғылымы саласында азды-көпті қол жеткен жетістіктерімізді оқырман қауымға паш ету, сөйтіп, хал- қымыздың жантану ілім-біліміне қосқан өзіндік үлесін көрсету, ұлттық мақтаныш сезімімізді оята түсу жағы да көзделген.
Әлемдік психологияның сегіз мыңдай ұғым, түсініктері бар. Оның барлығын осы сөздікке енгізу мүмкін емес. Сондықтан бұған тек пси - хология ғылымының іргелі, басты-басты психология ұғымдары, әсіре- се, қазақша психологиялық ұғымдар қамтылды.

АБАЗИЯ (грек. а-mepic бөлшек + basis-жүріс (көбінесе жүйке ауруы салдарынан жүру қабілетін жогал- ту) истерия немесе ұстамалы жүйке ауруы күйінде жиі кездеседі.
АББРЕВИАТУРА - шартты қыс- қартылған сөздер, мысалы: т.т. - тагысын тагылар; т.б. - тазы бас- қалар; т.с.с. - тагы сол сияқтылар. қысқартылған атаулар; мысалы: пс. г.к. - психология ғылымдарының кан - дидаты; пс.г.д. - психология гылым- дарының докторы; п.г.к. - педагоги - ка гылымдарының кандидаты; п.г.д. - педагогика гылымдарының докто - ры; х.г.к. - химия гылымдарының кан - дидаты; х.г.д. - химия гылымдары - ның докторы;Ж.ж.ж. -жогарыжүй - ке жүйесі.
АБДИКАЦИЯ - лауазымдықтан, басшылықтан безу, іс-әрекет жүйе- сінде белгілі бір әлеуметтік-психо- логиялық статусқа бейімделіп қалу.
АБЕРРАЦИЯ - (лат. aberratio - қаз. қашу, аулақ болу, алжасу) - тұрақты қалыптан ауытқу; агзаның дагдылы қалыптан ауытқуы. Көздің оптика- лық жүйесінің нәрсені күңгірт бейне- леуін түсіндіруде қолданылады. Жа- рық сәулесінің линзадан шағылысып өткенде бір нүктеде қиылыспай, бұр- маланған кескінді көрсетуден тұра- тын құбылыс. Сфералық және хрома- тикалық А. болады: Сфералық А. жағ- дайында жарық сәулелері линзаның перифериялық нүктелері арқылы өт- кенде, оның ол нақ орталық бөлігі- нен өткен сәулелерге қарағанда жа- қын бірігеді. Хроматикалық А. жағда- йында спектрдің қысқа толқынды сәу- лелерінің (әсіресе, көк күлгін түсті) фокусы ұзын толқынды сәулелерінің (қызғылт, сары-қызғылт) фокусына жақын орналасқан. А.-ның түйсіну мен қабылдау процестеріне әсері бар.
АБИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР
(а...+ грек. bios - қаз. өмір) - адамның функционалдық күйіне, оның еңбек қабілетіне, мінез-құлқы мен психи- касына әсер ететін сыртқы орта жағ- дайларының жиынтығы. Атмосфе- ралық қысымның толқуы, жердің маг- ниттік өрісінің өзгеруі, күн сәулесі- нің артуы организмнің физиология- лық және психикалық тұрақтылығын төмендетеді, жұмыс барысында стрес- тің пайда болуына әкеледі.
АБСОЛЮТТІК ЕСТУ - индивид- тің полифониялық дыбыстарды жо- ғарылығы белгілі басқа дыбыстармен қатаң салыстырмай, олардың жоға- рылығын дауыспен дұрыс қайта жаң- ғыртып, анықтай алуы. А.е. - бұл му- зыкалық естудің абсолютті модальды- ғы, оның сипаттамасы емес, ол дыбыс- тарды қабылдаудың айрықша түрі. A. е. жоқ адамдар белгілі бір дыбыстар-
ды өз дауысының ең жоғарғы және ең төменгі дыбыстың ырғақтарын салыстырып, жақсы қабылдап, дұрыс ажыратып, тани алатын индивидтер- дің естуі квазиабсолюттік есту деп аталады. А.е. бар адамдар eшбip қо- салқы акустикалық-жоғарылатқыш байланыстарды қолданбай музыка- лық тондарды дұрыс қабылдап, тани және нақты тауып ала алады. А.е.. әдетте, балалық-жасөспірімдік кезең- де жақсы анықталады.
АБСОЛЮТТІК ШКАЛА - сандар мен объектілердің төрт типті арақа- тынасының 1) эквиваленттік, 2) рет- тік, 3) интервалдарының теңдігі жә - не 4) қатынастарының теңдігі негізін- де объектілердің үздіксіз қасиеттерін өлшеуге арналған шкалалардың бірі (варианты). Мыс., психофизикада - брилдік светлоттың шкаласы.
АБСОЛЮТТІ ТАБАЛДЫРЫҚ (лат. absolutus - қаз. шектелмеген) - А.т.- түйсік табалдырығының шегі. Ол тітіркендіргіштің болмағаны түйсік тудыратын шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі арта тү- седі. Әрбір түйсік түрлері үшін өзі- нің А.т. болады.
Мәселен, қараңғыға бейімделген көз жарықтың 7 квантына жауап береді. Көру арқылы адам қараңғыда көзден 48 км қашықтықта тұрған балауыз шамның жарығын қабылдайды, со- нымен қатар, қолсағаттың жүрісін тыныш бөлмеде 6 м қашықтықта ажы- рата алады. Дәмді сезуде өзінің ерек- шелігі бар. Иіс сезу - бөлмеде бір тамшы әтір сепкенде оның иісі сезі- леді. А.т. жүйке жүйесінің сезімтал- дығының модальдығы ретінде пайда- ланылады.
А.т. тітіркендіргіштің жауап беру реакциясын тудыратын шамасының көрсеткіші болып танылады. Жануар- ларда А.т. тек ағза өмірінің биология- лық жағдайларының ықпалымен ға- на дамиды. Мыс., құстардың көздері көргіш, ит иісшіл және естігіш келеді. Адамның сезгіштігі - биологиялық дамудың ғана нәтижесі емес, соны- мен қатар адамзаттың әлеуметтік та- рихының нәтижесі. Адамға әртүрлі тітіркендіргіштер әсер етеді, бірақ со- ның бәрі түйсік туғыза бермейді. Біз түнде аспандағы жұлдыздардың кө- бін көрмейміз, бірақ олардан сәуле шығып жатады, көрші бөлмеде жай- лап сөйлесіп жатқанды естімейміз, өйт- кені онан біздің, есту аппаратымыз- ға келіп жатқан дыбыс толқындары бізге түйсік туғыза алмайды.
АБСТИНЕНЦИЯ (лат. abstinentia - қаз. ұстамдылық) - шараптық ішім- діктерін немесе есірткі заттарын қол- дануды кенет үзу кезінде осы заттар- дың әсерінің тоқтауынан туындай- тын күй. А. өзіне тән көріністері - бас ауруы, бас айналуы, ауыздағы құр- ғақтық, тахикардия, кейде жүректің айнуы, көбінесе өзін-өзі кінәлау, ке- шірім сұраумен бірге жүретін күйре- ген көңіл күй, кенет болатын физика- лық әлсіздік, жоғары сезгіштік, нарко- тикке қажеттілік және т.б. Сонымен қатар, бұл жағдайда ұйқының бұзы- луы, шошу, мазасыздық, суицидтік тенденция, алкогольдік қояншық ау - руы пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, психологияда адамның жыныс- тық А-сы да бөліп көрсетіледі. Ол - жыныстық қарым-қатынастан айы- рылудан немесе бас тартудан көріне- тін күй. Жыныстық А. екі түрлі бола- ды: тоталды - жыныстық белсенділік- тің барлық түрлерінің жойылуы жә- не парциалды - ұзақ уақыттық үзіліс- пен болатын жыныстық күй.
АБСТРАКЦИЯ (лат. abstractio - қаз. бұру, аудару) - ойлаудың негізгі операцияларының бірі. 1) А. (дерек- сіздендіру) - нақты заттар мен құбы- лыстардың қасиеттерін ой арқылы ажырататын тәсіл. А. нәрселер бейне- сін тікелей сезім арқылы танып білу сатысында қолданыла бастайды. Мыс., заттың түрі мен тұрпаты оның түсі мен реңінен бөлек қарастырылады. А. ең жоғары сатысы заттар мен құбылыстардың белгі қасиеттерін та- нып білуде олардың айрықша мәнді және жалпы белгілерін атап көрсету. А. нақтылау сияқты ой-әрекеттері- мен тығыз байланысты. Затты, құбы- лысты белгісінен, қасиетінен ажыра- ту ой операциясының функциясы;
А. (дерексіз түсінік). А. деп ой опе- рациясын, заттардың бірқатар қасиет- терін ойша дерексіздендіріп, қандай да болса бір бізге керек қасиетін бө- ліп қарауды айтады.
Мыс., күш - сападан маңыздырақ дейміз, бірақ нақты қай күш туралы әңгіме болып отырғанын: адамның кү- ші ме, жануардың, автокөліктің күші ме, жерге тартылу күші ме т.с.с. ол жа- ғын түсіндіріп жатпауымызға болады. Бұл жерде өзіндік қасиеті бар бір нәрседен алшақтап жалпы қасиет ту - ралы айтамыз. A. екі түрге бөлінеді:
а) дифференциалды А. заттардың автономды қасиеттерін, күйін немесе предикаттарын салыстырмалы бөліп көрсететін; б) ресми (формалды) А. заттан тәуелсіз әртүрлі қасиеттері-пре- дикаттары-параметрлері арқылы көр- сететін. А. - шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін ойша бөліп алуға мүмкіндік беретін ой-тәсілдерінің бірі. А. - адам менталдығының субстантив- ті үрдістерінің бірі. Ол адамға объект- тің қасиеттерін, аспектілерін, күйле- рін дербес заттарға, объектіге рефлек- сивті түрде бөліп, ауыстыру. Бұл үр- дістің нәтижесі - А. терминмен атау- ға болатын, ойлау өнімінің (ұғымдар. теориялар және т.б.) қалыптасуы. Абстракциялау деп - заттардың бірқа- тар қасиеттерін ойша дерексізден- діріп, қандай да болса бір бізге керек қасиетін бөліп алып қарауды атайды. Мыс., адамның көзіне жақсы эсер ететін түс ретінде жасыл түс туралы айтып, жасыл түспен боялған нақты затты айтпауымызға болады.
АБУЛИЯ (грек. аЬиІіа - қаз. тар- тыншақтық, ерікті жогалту) - жүй- ке ауруынан туындайтын ерік кеміс- тігі. А. - әрекетті психикалық реттеу- дің патологиялық бұзылуы. Іс-әрекет- ке қызығушылығы және нақты ше- шім қабылдауға қабілеті болмағанда көрініс береді. Психиканың басқарып реттеуші функциясын анықтау арқы- лы А. дәрежесін білеміз. Себебіне байланысты А. қысқа мерзімді неме- се тұрақты күй болуы мүмкін. А.-ның ауыр түрі - шизофренияның катато- никалық түрінің қасиетінен көрінеді. Мидың маңдай бөлімінің ауқымды зақымдануынан пайда болады. А. психоневроз күйінде де жиі кездеседі. А. ауру адамның іс-әрекетке ынта- сының жоқтығымен, қажеттігін сезсе де, шешімді қабылдай алмауы және әрекетті дұрыс жасай алмауында кө- рініс табады. А. тәрбиенің дұрыс болмауынан қалыптасатын ерік-жі- герсіздік сияқты мінез бітісінен ажы- рату қажет, себебі ондай тұлғалық қасиет өзін-өзі реттеуді жүзеге асыру арқылы қайта шынықтыруға келеді. Психопатологияда терең дәрежедегі олигофрения жағдайында кездесетін туа біткен А. және мидың маңдай бөліктерінің қатты зақымдануының немесе психикалық аурудың ауыр түрлерінің (депрессия, шизофрения, психоздар, наркоманияның асқынған түрлері және т.б.) нәтижесі болып та- былатын А. болады.
АБЫРЖУ - адамның қарапайым сезімдерінің жағымсыз бір түрі. Бұл түрлі үрейге бірден сене кететін, ерік- жігері осал, өзінің жан дүниесін дұ- рыс басқара алмайтын, білімі де, өмір тәжірибесі де кемшін адам. Мұндай- лардың жүйке қызметі де баяу, көбін- де тежелуінен қозуы басым келетін индивид.
АВИАЦИЯ ПСИХОЛОГИЯСЫ (лат. avis - қаз. құс) - авиация мамандары- ның іс-әрекеттерінің психологиялық заңдылықтарын зерттейтін психоло - гия ғылымының саласы. А.п. ұшқыш- тарды оқыту мен ұшу кезінде орын- далатын істердің жай-жапсарын жал- пы адам психикасының әуе кеңістігі- не бейімделудегі ерекшеліктерін зерт- теп, жоғары дәрежеде ысылған маман- дарды даярлап шығару мақсаттарын қарастырады. А.п. ұшудың қауіпсіз- дігіне, апаттардың алдын алуға, ұш- қыштардың, сондай-ақ, басқа да авиа - ция мамандарының еңбегі мен демалы- сын тиімді етуге, олардың кәсіби жә- не психологиялық даярлығына назар аударады.
А.п. мақсаты - ұшқыштардың, штур- мандардың, жер үстіндегі қызмет ма- мандарының іс-әрекеті мен дайын- дығының психологиялық ерекшелік- терін зерттеу, ұшу экипажының тиім- ді және қолайлы қызметін қамтама- сыз ету, авиацияда жұмыс істеуге кан- дидаттарды іріктеу, ұшқыштардың психикасына жағымсыз әсерлерді, апат- тарды болдырмауға бағытталған. А.п. ғылыми-практикалық бағыт ретінде XIX және XX ғасырлар тоғысында адамзаттың ұшқыш аппараттарды ойлап табуына және оларды ұтымды да қауіпсіз басқарудағы адам факторы рөлінің арта түсуіне байланысты пай- да болды. А.п. негіздері физиология- ның, жалпы психологияның, эргоно- миканың, инженерлік психология- ның, еңбек психологиясының, меди- цинаның әдіснамалық және әдістеме- лік ережелерінің ықпалымен қалып- тасты.
Қазіргі заманғы А.п.-ның өзекті мә- селелері: авиация мамандары іс-әре- кетінің психологиялық құрылымда- рын; адамның авиациялық, техни- калық өзара әрекеттестігінің психо- логиялық заңдылықтарын зерттеу; ұшу факторының психикалық жағда- йын, ұжымдағы тұлғааралық қарым- қатынастардың дамуына әсерін зерт- теу; кәсіби жарамдылықты, экипаж мүшелерінің өздерінің іс-әрекет жағ- дайларына бейімделуін қалыптасты- ру; апаттылық жағдайларын талдау жә - не т.б. А.п. теориялық және практика- лық міндеттерін шешу үшін психоло - гия мен физиологияда (сұхбат, бақы- лау, құжаттарды зерттеу, зертханалық және табиғи сараптаулар) қарастыры- латын әдістемелер кешені қолданы- лады. Сонымен қатар, қазіргі кезде А.п. іс-әрекетті талдаудың алгоритм- дік әдістемесі, психологиялық модель- деу және т.б. әдістемелері дамуда.
автоматизм (грек. automatus - қаз. өз бетінше әрекет етуші, өздігі- нен қозгалатын) - психологияда сана- ның (бақылауынсыз) тікелей қатысуын- сыз іске асатын әрекет. А. алғашқы туыла берілетін шартсыз-рефлектор- лық бағдарлама негізінде, және екін- ші өмір тіршілігінің барысында қа- лыптасады.
А. адамның өміріндегі қажеті, мүдде- сі мен күш-жігерінің белсенділігіне сәйкес туып, дамып отырады. А. көбі- не әдет пен дағдыға тән. Қимыл-әрекет- ті автоматтандыру адамның жүйке, бұлшық ет қызметін жеңілдетеді, күш- жігерін үнемдеп, шаршап-шалдығуын бәсеңдетеді.
Шартты рефлекс байланыстарының (динамикалық стереотип) тұрақты жү- йесінің пайда болуы автоматизмнің физиологиялық негізіне айналады. Сөйтіп, екінші сигналды жүйенің бір- қатар байланыстарының орнын бірін- ші сигналды жүйе байланыстары ием- денеді. Қалыпты жағдайда А. саналы түрде реттелетін әрекеттің компонен- ті болып табылады. А.-нің бөлектенуі патологияға меңзейді. Олар мотор- лық, тілдік және интеллектуалдық ав- томатизмдерге бөлінеді.
А. жалпы психологияда да (дағды- лардың қалыптасуын зерттеуде), сон- дай-ақ қолданбалы психологияда да (медициналық, инженерлік) зертте- леді. Мыс., ол жестикуляцияда, жүрісте, соматопиялық қалыптардың пайда бо- луында көрініс табады. Генетикалық туа біткен факторлармен себептене- тін шартсыз-рефлекторлық бағдарла- малардың іске асуы болып табыла- тын алғашқы ретті А. және адам- ның ортада тіршілік іс-әрекеті нәти- жесінде қалыптасатын екінші ретті А. ажыратылады. Екінші ретті А. нәтижесінде жағдайлар, эпизодтар, жағдаяттар мен саналы бағдарлауды қажет ететін операция-әрекеттер ие- рархиясы арасында байланыс тұрғы- зылады. Осылайша, болмыста, жағ- даятта және әрекеттерді орындаудың өзінде бағдарлау қажеттілігінің өзі элиминацияланады.
Мыс., мәнді оқиғалардың пайда бо- луы немесе белгілі бір жағдаяттарда сигналды-стимулдық қасиеттердің пайда болуы тура сол сәтте адамда опе- рациялардың бүкіл ретін жібереді. Алайда қандай да бір қате жіберілген күнде немесе бөгеттердің пайда бо- луына деавтоматизация (операция- ның өздігінен орындалмауы) жүзеге асады. А. адамның өміріндегі қажет- тілігі, мүддесі және күш-жігерінің бел- сенділігіне сәйкес туып, дамып оты- рады. А. көбінесе әдеттер мен дағды- ға тән. Қимыл-әрекетті автоматтанды - ру адамның жүйке, бұлшық ет қызме- тін жеңілдетеді, күш-жігерін үнем- деп, шаршап-шалдығуын бәсеңдетеді. Шартты рефлекс байланыстарының тұрақты жүйесінің пайда болуы (ди- намикалық стереотип) А. физиоло- гиялық негізіне айналады. Әдетте, мо- торлық, вербалдық және интеллектуал- дық А. деп бөліп көрсетеді. Бірақ, со- нымен қатар, сезімдік-эмотивті А. бө- ліп шығаруға болады. Олар коммуни - кация, қарым-қатынас жағдайында (әсіресе, әйел мен еркектің кездесуі мен қарым-қатынасы жағдайында) орын алады. Осылайша, А. негізінде автоматтандырылған тізбекті рефлекс немесе өздігінен болатын тізбекті рефлекс жатады. Жүру, жүгіру және т.б. кезіндегі афференттік қозудың алмасып отыруы осыған мысал болады.
АВТОРИТАРЛЫҚ (лат. ctutoritas - каз. ықпал ету, билік) - тұлғаның өзара әрекет пен қарым-қатынас серіктесте- рін өз ықпалына барынша бағынды- руын, өктемдігін бейнелейтін әлеумет- тік-психологиялық сипат. А. мынадай жеке мінез-құлық ерекшеліктерімен тығыз байланысты: агрессивтілік (қ Аг - рессия), өзін-өзі асыра бағалау және талап етудің жоғары деңгейі, таптау- рындылыққа бейімділік, әлсіз рефлек - сия, т.б. А. мінез-құлықта әдетте кез келген тәсілмен топтағы басым орын- ға ие болуға, билік құрылымында ең жоғарғы бағытты ұстауға ұмтылы- сы көрініс табады. Едәуір айқын түр- де А. басшының қол астындағы адам- дарды билік күшімен ұстаудан, бас- қа адамдардың мәнді шешімдерді қа- былдаудан шеттетуден көрінеді. Мұн- дай басшы кез келген тапсырманың шешімін және міндеттің орындалуын қатал қадағалайды, өз еркін көрсет- кен, оның өз беделімен өзі өкілетті биліктің беделіне нұқсан келтіретін топ мүшелерінің ынтасын қатал ба- сып отырады.
АВТОСТЕРЕОТИП (автотаптау- рын) - этностың өз салт-дәстүрі, мі- нез-құлық ерекшеліктері, мәселелер- ді шешу тәсілдері мен сыртқы бет- пішіні жөніндегі тұрақты түсініктері мен бейнелері. Олар көбінесе жағым- ды пікірлер кешенінен тұрады. Әдет - те, жағымды автотаптаурындар сан жағынан басым болады. Сонымен қатар, жағымсыз автотаптаурындар да орын алады және олардың мәні кейбір тарихи кезеңдерде арта түсе- ді. Жағымсыз автотаптаурындардың негізгі функциясы туралы болжам- дар екеу: 1) өз этносын дискреди- тациялау ( өз этносына көңілі толма- ғандардың саны өскенде немесе бұл этностың санасында терең кемістік комплексі болған жағдайда); 2) өзде- рі туралы жағымсыз таптаурындар өзі- не деген сыни көзқарастың қажет- тілігімен және ұлт өкілдерінің өздерін жетілдіру қажеттілігімен байланыс- ты болуы мүмкін. Алайда осындай жағымсыз автотаптаурындардың кө- беюі этностың қорғаныс механиз- мінен айырылуына, оның өзіндік дискредитациясына алып келеді. Кей - де осындай жағымсыз автотаптау- рындарды басым этностың өкілдері жасанды түрде белгілі бір этностың өкілдерінің санасына сіңдіреді. Мұн- дай жағдайларда берілген этностың өкілдері фрустрацияға ұшырап, өзін- дік қадір-қасиеттің жойылуы, өзіндік төмен бағалаудың қалыптасуы, ха- лықтық рухының төмендеуі көрініс табады. Бұл кейде этностардың на- разылығын тудырып, ұлтаралық шие- леністерге алып келеді. Сонымен қа- тар, автотаптаурындардың негізіне сублимация (өз этносын асыра жоға- ры бағалау) механизмі де жатады.
АВТОСУГГЕСТИЯ (өзін-өзі сенді- ру) - сендіру әсерінің объектісі мен субъектісі сәйкес болған жағдайда- ғы өзіне-өзі багытталган сендіру про- цесі мен нәтижесі. А. адамның өзіндік реттелу деңгейін жоғарылатады. А. субъектіде өзінде белгілі бір түйсік- терді, қабылдауларды, сезімдерді ту- дыруға, өзінің ес, зейін, процестерін, эмоциялық соматикалық реакция- ларын меңгеруге мүмкіндік береді. Ырықты А. өзіне бағытталған сөздік (вербалдық) нұсқаулардың немесе та- лап етілетін физикалық немесе пси- хикалық күйдің өзгеруімен байла- нысты болатын жағдаяттарды ойша қайта жаңғырту негізінде жүзеге асады. Оның тиімділігіне психика- лық релаксация мен бай қиял әсер етеді. Ырыцсыз А. субъекттің өз идея- ларына, тұжырымдамаларына, баға- лауларына, олардың дұрыстығы мен шынайылығына күмәннің болмауы- мен, сананың қадағалау функцияла- рының төмендеуімен сипатталады. Мұның салдары кейде психикалық іс-әрекеттің енжарлығына әкеледі. А. өзіндегі белгілі бір аурудың қозуын күту және оның міндетті түрде бола- тынына өзін сендірумен бірге жүре- тін организмнің түрлі жүйелерінің бұзылуында көрініс табуы мүмкін. Ke- рісінше оқиға плацебо-эффект (пре- паратты қабылдағаннан кейінгі) жағ- дайында көрініс табады.
АГГЛЮТИНАЦИЯ ( лат. agglutina- re - қаз. желімдеу) - түбір сөздің соңы- нан қосымшалардың тізбектеле жал- ғану тәсілі. А. (жалғамалылық) жаңа бейнені әртүрлі объектілердің бөлшек- терін біріктіріп жасау тәсілі. Қиялда анализ, синтез әдістері, агглютина - ция, схематизация түрлі схемалар мен суреттердің акцентировка (бейненің типтік басты белгілерін жасау) тәсіл- дері жиі қолданылады. Қиялдағы елес- терді топтастырудың қарапайым тү- рі агглютинация деп аталады. Осы тәсіл арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түр- лі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия-танк, су - дан өте алатын жеңіл танк, аэрошана суға қонып, ұша алатын ұшақ) құрас- тырылады. А. тәсілі ежелгі Мысыр елінде, сондай-ақ Солтүстік Америка индеецтерінің өнер ескерткіштерін- де үлкен орын алған.
АГГРАВАЦИЯ (лат aggravatio - қаз. салмақ түсіру, ауырлату) - белгілі бір аурудың белгі нышандарын асы- ра бағалау. А.-ға истероидтық акцен - туация (мінез-құлық ерекшеліктері- нің шектен тыс айқын көрінісі) сыр- қатына шалдыққандар, психопатия- лық аурулар, сондай-ақ түрінен ай- қын психикалық өзгерістер байқала- тын егде жастағы адамдар бейім ке- леді. А-ны қара басының қамы үшін өзінде жоқ ауруды сылтаурату тәрізді айла-амалдан айыра білу керек.
агнозия (грек. а - қаз. теріс бөл- шек +gnosis - қаз. білім) - бас миы жогаргы бөліктерінің зақымдану сал- дарынан адамның қабылдауында та- нып білу қабілетінің бұзылуы. Таным- дық әрекеттердің (үрдістердің) көру, есту, сипау және басқа түрлерінің зақымдалғанын анық байқауға бола- ды. Мыс., мидың жұлын алабы за- қымдалса, адам өзі көріп тұрған сурет- терінің бейнесін дұрыс пайымдай алмайды. Оның тек жеке бөлшекте- рін ғана қабылдайды. Ол сөйлей алса да нәрселердің мәнді белгілерін мән- сіз белгілерінен ажырата алмайды. Ондай адамдардың ақыл-ойы қалып- ты болып көрінгенімен қабылдау үр- дісінде ақаулық байқалады. Олардың кеңістікті қабылдауы (сипап сезуі, қимыл-қозғалысы) көру тітіркендір- гіштерін күшейту арқылы ғана іске асады.
Мидың желке алабы мен төбе бөлі- гінің төменгі алаптарының зақымдалу салдарынан кеңістікте дұрыс бағдар таба алмайды. Ауру өздігінен киіне алмайды, киімдерінің етек-жеңін, шал- барының балағы мен ышқырлығын, камзолының жағасы мен етегін шатас- тыра береді, өз төсегін де сала алмай- ды. Ұстаған заттарының тік және кө- беу жағдайын ажырата білмейді. Сі- ріңке шырпыларынан құрастырылып көрсетілген геометриялық фигура- ларды өздігінен құрай алмайды, әріп- тердің таңбасын оңды-солды ауыс- тырып жазады, қолының саусақтарын дұрыс атап көрсете алмайды. Есту А.- сына ұшыраган адамдар нәрселерді дыбыстарына қарай ажырата алмай - ды, сагат механизмінің согуын, қоңы- раудың сылдырын, иттің үргенін де ажырата білмейді.
Ондай адамдардың танып білуіндегі кемістіктері мидың самай алабының зақымдалу салдары екендігі анық- талған. Ондай адамның есту қабілеті болғанымен, айтылған сөздерді ол дұ- рыс түсіне алмайды. Ал, сипау сезімде- рі зақымдалган адамдар өздерінің көрген нәрселерін көздерін жұмдырып, сол нәрселерді сипау арқылы байқап көргенде оларды танып біле алмаган. Мұндай кемістік мидың төбелік алабы - ның зақымдалғанын білдіреді. Адам- ның танып білу қабілетінен ажырау себептерін зерттеу нәтижелері ондай адамның зақымдалған мүшелерін ем- деп, оқу-тәрбие істерінде арнайы амал- тәсілдер қолданып, оның қабылдауын қалыпқа түсіруге болатындығын көр- сетеді. А. - ми сыңарларының локал- ды зақымдануы салдарынан адамның бұрын көргенін, естігенін, түйсінгенін қайтадан тани алмауы.
А. төмендегідей жіктеледі: 1) визуал- ды А. - көз өткірлігінің сақталуы- ның өзінде объектілерді, заттар мен олардың кескіндерін тұтас тани ал- мау, оларды бөлшектей алмау; 2) так- тилді А. - заттар мен объектілерді сипап ұстауда оларды тани алмау немесе өз денесінің локустарын тану- дың бұзылуы, соматоагнозия деп ата- латын дене құрылымы жөнінде абер- рациялық, бұрмаланған түсінік; 3) ке- ңістіктік А. - заттар мен олардың кескіндерін қабылдаудың сақталуын- да адамдардың түрлерін тани алмау;
есту А. - естудің фонематикалық қасиеттерінің, яғни сөйлеудегі дыбыс- тарды ажыратудың бұзылуы; 5) әріп- тік А. - оқудың бұзылу түрлерінің бірінің негізінде жататын А. түрі;
симультандық А. - бір мезгілде қабылданатын заттар мен құбылыс- тардың санының күрт азаюы.
АГРАФИЯ (грек. а - қаз. болымсыз- дық қосымшасы және grako - жаза- мын) - сөйлеудің әртүрлі жағдайын- да пайда болатын жазудың бұзылуы не жазу қабілетін толық жоғалтудан немесе сөздерді өрескел бұрмалау- дан, буындар мен әріптерді тастап ке- туден, әріптер мен буындарды сөз етіп қосуға қабілетсіздіктен, т.б. көрінеді. А. балаларда мидың органикалық же- те дамымауымен байланысты тілінің жалпы дамуы кенжелеп қалуының бір көрінісі; нашар естудің немесе са- ңыраулықтың салдарынан сөздерді дыбыстық талдаудағы кінәраттармен байланысты сөйлеудің бұзылуынан көрінуі мүмкін. А. ми сырқатына байланысты сөйлеудің түрлі бұзы- лулары салдарынан пайда болатын жазу қабілетінен айырылуы деп те ай- тады. А. жазу қабілетінен толық айы- рылу немесе сөздерді тұрпайы түрде бұрмалау, буындар мен әріптерді тас- тап кету, әріптер мен буындарды сөз- ге біріктіре алмауда көрініс табады.
АГРЕССИВТІЛІК - қастандылық, өшпенділік. Жеке адамның басқалар- ға және қоршаған әлемге шабуыл, қастандық жасау тенденциясын көр- сететін қасиеті немесе мінезінің бі- тісі. А. - адамның басқа адамдарға, жа- нуарларға және қоршаған өмірге қа- тынасында өшпенділік жағдайында көрінетін мінездің ерекшеліктері. А. әрекеттер моральдық және құқықтық сипаттармен түсіндірілмейтін, ешқан- дай объективті себептерсіз туындай- тын өшпенділік, көбінесе, өзін қорғау немесе басқа адамдарды қорғауда кө- рінетін сипат.
АГРЕССИЯ (лат. aggressio - қаз. шабуыл жасау) - әлеуметтегі адамдар- дың арақатынас тәртібінің талаптары- на қарама-қайшылықты себептенген деструктивтік қылық. А. объектілерге зиян келтіреді немесе психологиялық қолайсыздықтар (қайғыру, қорқыныш, басымдық, басқаның пікірін күшпен басып тастау т.с.с) туғызады. А. бірнеше түрге бөлінеді:
басқаларға күш көрсететін;
вербалдық А. - айқай, шу, қорқы- ту, табалау, ұрысу сияқты вербалды реакцияның мазмұны арқылы жа - ғымсыз сезімдермен танытатын; нега- тивті сезімдерді вербалды реакция- лардың түрлері (ұрыс-керіс, шыңғыру) арқылы да, сондай-ақ мазмұны арқы - лы да (қорқыту, қарғау, балағаттау) шығару;
тікелей А. - нақты объектіге неме- се біреуге бағытталған; жанама А. - басқа адамға жанама жолмен бағыт- талған. А. (жаман өсектер, қалжың- дар және т.с.с.);
А. сондай-ақ бағытсыз, ретсіз жү- зеге асатын әрекеттер - айқай, аяқпен топырлау, үстелді жұдырықпен соғу және т.б. түрінде көрінетін ашу;
инструменталды А. - қандай да бір мақсатқа жетуге құрал ретінде көрі - ніс береді;
аутоагрессия - өзін-өзі кінәлау, өзін- өзі қорлау, өз денесіне физикалық қия- нат жасау, өзін кемсіту, тәнін зақымдау, кейбірде өзін өлтіруге дейін баруы- нан көрінеді;
қастандық (қастық) А. - біреуге әдейі зиян келтіру немесе объектіні за- қымдау мақсатымен жасалады;
альтруистік А. - басқалардың ша- буылынан қорғау мақсатымен си- патталады.
А. - адамдар қауымдастығында бір- лесіп өмір сүру нормалары мен ере- желеріне қарама-қайшы келетін, өзі бағытталған өлі немесе тірі объектіге нұқсан келтіретін, біршама мақсатты түрде жүзеге асатын деструктивті мі- нез-құлық. Әдетте А. салдарынан ті- рі объектілерде қорқыныш, үрей, қы- сылу туады. А. жаман қалжыңдар, өсек, тіптен кісі өлтіру, өзін-өзі өлті- руге дейін және т.б. баратын қиялда- ғы қастық ойдан шығарылған түрлі қиянатты әрекеттер. А. әрекеттер қан- дай да бір мақсатқа жету тәсілі (ин- струменталдық А.), психикалық кер- неуді босату амалы, сана астында тұншыққан қажеттілікті қанағаттан- дыру жолы, өзін-өзі жүзеге асыру жә- не өзін-өзі бекіту түрі ретінде көрініс табады.
АГРЕССИВТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ
(лат. aggressio - қаз. шабуыл жасау) - адам әрекетінің ерекше формасы, мұндай мінез-құлық субъекттің нұқ- сан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсе- туі немесе күш қолдануға тырысуы- мен сипатталады. А.м-қ. қарқынды- лығы мен пайда болу дәрежесі бо- йынша: жеккөрушілік, жақтырмаушы- лықтан - тіл тигізуге (вербалдық агрессия) және дөрекі түрде күш қолдануға (физикалық агрессия) де- йін түрленеді. Әлеуметтік-психология- лық тұрғыдан келгенде: жекелеген адамдардың агрессивті мінез-құлық- тары жиынтығының, бұқаралық си- паттағы құбылыс ұғымының шеңбе- ріндегі тұлғааралық агрессияның - топтық агрессияға айналуының мәні бар. Шетелдік психологияда агрес- сивті мінез-құлықтың пайда болуы- ның, себеп-салдарларының сан алуан түсіндірмелері кездеседі. А.м-қ. нақ- ты көріністерін түсіну үшін тұлғалық және ұжымдық әрекеттің жалпы құры- лымындағы оның орнын айқындап ал- ған жөн. Мыс., агрессивтік акт субъект - тің қорғаныстық жауабына ұқсама- уына, аффекттің салдары еместігіне немесе А.м-қ. өзіндік мақсат-мүдде мен мәнге ие болып, ерекше тұлғалық және ұжымдық іс-әрекетке (ауытқы- ған, теріс мінез-құлық) көшуіне және т.б. баса назар аудару қажеттігі.
АҒЫНАН ЖАРЫЛУ - адамның іш- кі сырын бүкпесіз білдіріп, болмыс- тың шындығын жасырмай ақтарып салатын мінездегі ұнамды қасиет. А.ж. мінезіндегі ақжарқын жайда- рылықты, адал ниет пен ақпейілді, та - за ой мен әділдікті білдіретін ұнам- ды сипаттар. Мінезі ақжарқын адам өзінің ойы мен мақсат-мүддесін, ба- сынан кешірген оқиғаларын, көңіл күйін жасырмай ашық-жарқын біл- діреді. Маңындағы адамдарды да өзіндей деп санап, оларға ақпейіл- дікпен сенеді. Ақкөңіл адал адамның мінез-құлқын қастерлеп, халқымыз Ақкөңіл адамның аты арымас, тоны тозбас деген мәтелмен тұжырымдап түсіндірген. Ағынан жарылып сөй- лейтін ашық мінезді жайдары адам айналасындағыларға ақниетімен қа- райды. Оларға ақпейілі мен көңілшек- тігін танытады. Ақниетті адамның жанашыр дос-жарандары да көп бо- лады. Оны үнемі құрметтеп, өзара сыйласымды қатынас жасайды. Халык таза ойлы да, әділ де адал адамды дос санап, оның турашылдығы мен шын- шылдығына қолдау көрсетіп, оны өзгелерге үлгі-өнеге етеді. А.ж., кіші- пейілділік көрсету - адамның жеке басы мен бойындағы ұнамды да жа- ғымды қасиеттері. Ондай қасиеттер адамның кісілік беделін арттырып, халық арасындағы құрметке ие бо- луына жетелейді.
АДАЛДЫҚ ПЕН АРАМДЫҚ -
адамгершілік құлық талаптары тұр- ғысынан бір-біріне қарама-қарсы мо- ральдық ұғымдар. Адалдық - адам- гершіліктің аса маңызды талаптары- ның бірін бейнелейтін моральдық қа- сиет. Ол шыншылдық, әділдік, прин- циптілік, алған міндеттемелерінен жал- ған сөйлеп, жалтармаушылық, уәдесін- де тұрушылық сияқты қасиеттерді қам- тиды.
А. адам мінезіндегі таза ниет, бағалы да ізгі қасиет. Адамның сана-сезімі- не, ар-ұжданына қайшы келмейтін, адами мақсат-мүддені көздейтін, та- рихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-әрекеттер. Әрбір қоғам- ның адалдығы жайында өзіндік па- йым-түсінігі бар. Қазақ халқы әрқашан да адамгершілік пен адалдық қасиет- терін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолы өнерлі - қазақтың әулиесі сол, - дейді кемеңгер Абай. А. - адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайтын қасиет. А. туғаннан пай- да болмайды. Ол қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбие- сіне, оқып білім алуы мен адал еңбек- тену процесінде қалыптасып оты- ратын ізгі қасиет. А. - жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арт- тыратын ізгі қасиет, адам мінезіндегі аса ұнамды сапа. Адал - араб тілін- де рұқсат етілген, таза деген ма- ғына беретін, білімімізге шариғат қа- ғидалары арқылы енген сөз. Арам- дық - моральдық қасиеттің адалдық- қа қарама-қарсы кесапатты түрі. Оған алдау-арбау, суайттық, жымысқылық, ұрлық, опасыздық, екіжүзділік сияқ- ты жаман қылықтар жатады. Халық арамдық бар жерде - сатқындық; әді- летсіздік бар жерде - жәбір; жалған- дық бар жерде - қиянат болатынын өмір тәжірибесінен анықтаған. Мұсылман халықтарында адал, арам ұғымдарына өте зор мән беріледі. Алғашқысы жақсы адам дегенді біл- дірсе, соңғысы жаман, оңбаған адам дегенді ұқтырады. Адал - ешкімнің ақысын жеп, ала жібін аттамай, өз еңбегімен дүние жинап, күн көріп жатқан, ғайбат сөйлемейтін, кісіге қия- нат қылмайтын жан; арам - дүние- малы еңбексіз; ұрлық-қарлық, қулық- сұмдық, алдау-арбаудан жиналған, сонымен күн көріп жатқан екіжүзді, обал-сауаппен санаспайтын, жымыс- қы адам.
Адамдар саналы түрде бірге өмір сүргенде, өздері орындайтын, басшы- лыққа алатын талаптар жасап, олар - ды әрі қарай да жетілдіріп, толықты- рып отырды. Соның нәтижесінде адам- дар өздерінің іс-қимылына, жеп-ішу- еріне, әдет-қылықтарына қатысты қо- йылатын талаптарды, олардың шека- расын анықтаған. Сондықтан олар жеке басының қалауымен өмір сүріп, ойына келгенін істей алмаған. Өздері мойындаған, өмірде сынақтан өткізіп, пысықтаған, қоғамға сыйымдылығын қамтамасыз ететін шарттар аумағын- да әрекет жасаған.
АДАПТАЦИЯ - агзаның, сезім мү- шелерінің ішкі және сыртқы тітір- кендіргіштерге, орта жагдайына біртіндеп бейімделуі. А. үрдістері биологияның негізгі ұғымдарының бірі - гомеостазды сақтауға бағыт- талады. Биологиялық А. ағзаның барлық деңгейлерін қамтиды: моле- кулярлықтан бастап, іс-әрекетті пси- хикалық реттеуге дейін. Экстремал- ды жағдайларға А. сәттілігінде жат- тығу процестері, индивидтің функ- ционалдық, психикалық және мораль- дық күйі маңызды рөл атқарады.
А. сондай-ақ теориялық ұғым ретін- де гештальтпсихология, швейцар психологі Ж.Пиаже шығарған интел - лект даму теориясындағы индивид пен қоршаған орта арасындағы өзара қатынастың гомеостаздық тепе-те- ңесу процестері ретінде түсіндіретін психологиялық тұжырымдамаларда да кеңінен қолданылады. Талдағыш- тар сезгіштігінің тітіркендіргіштер- дің әсеріне икемделуі.
Нәрселердің бейнесін қабылдау кезін- де көз шағылыстыратын жарықтың әсерлігі біртіндеп бәсеңдейді, немесе қараңғы бөлмеге кірген адамның көзі біртіндеп маңындағыларды кө- ре бастайды. Сол сияқты, құлаққа жа- ғымсыз естілетін дыбыстарға да бе- йімделу түрліше болады. Адамның уақытты түйсініп қабылдауға бейім- делуі де әр қилы болуы мүмкін. А. мерзімі бірнеше секундқа, ондаған минуттарға созылады. А. орталық және шеткі жүйке жүйесінің қыз- меттері арқылы реттеледі. Адамның бейімделуі биологиялық және пси - хологиялық деп екіге бөлінеді: бірін- шісі, ағза функцияларының және құрылымының ортадағы жағдайға, шартқа бейімделуі; екіншісі адамның әлеуметтік ивдивид ретінде, белгі- лі талаптарға, жағдайларға, принцип- терге, әлеуметтегі және қоғамдағы әдептілік ережелеріне, өзіндегі жеке- лік қасиеттерін ескере бейімделу үр- дісі болып танылады.
Әлеуметтік ортаның талаптарына индивидтің белсенді бейімделу үр- дісі психологияда әлеуметтік бе - йімделу (әлеуметтену), әлеуметті аккомодация деп аталады. Қабыл- даудың нәтижелілігін арттыру және рецепторларды шектен тыс жүктеме- ден сақтау мақсатымен сезім мүшеле- рінің әртүрлі стимулдар ерекшелік- теріне сәйкес бейімделу орын алады. Бейімділік - ивдивидтің өзін қызық- тыратын белгілі бір іске таңдамалы бағыттылығы. Өмірде кездесетін жағдайларға, ең жақсы түрде бейім- делуге ықпал ететін адам қылығы.
АДАПТАЦИЯЛЫҚ СИНДРОМ -
адам және жануар ағзасының күшті және ұзақ мерзімді жағымсыз әсер- лерден (стрессорлардан) қорғаныш сипатындағы адаптациялық реакция- ларының жиынтығы. Стрессорлар әре- кеті салдарынан қалыптасатын функ- циялық күйді стресс деп атайды. А.с. ұғымын 1936 жылы канадалық фи - зиолог Г.Селье ұсынған. А.с. негізгі белгілері болып табылатындар: бүй- рек үсті қыртысының ұлғаюы, кей- бір бездердің, көк бауырдың және лимфа түйіндерінің кішіреюі, ыды- рау процестерінің көбеюі салдары- нан зат алмасудың бұзылуы. А.с. да- муында әдетте үш кезеңді бөліп көр- сетеді: Біріншісі - үрей кезеңі - бір- неше сағаттардан басталып, бірнеше тәулікке дейін созылатын күйге қар- сылық кезеңдерінен тұрады. Соңғы- сында организмнің қорғаныс реакция- ларының жинақылығы жүзеге асады. А.с. екіншісі - қарсы тұру кезеңіңде - организмнің түрлі әсерлерге төзім- ділігі артады. Бұл кезең не күйдің тұрақталуына және сауығуына әкеле- ді. А.с-ның үшінші кезеңі - тозуға ауысып, организмнің өлуіне алып ке- луі мүмкін. Сенсорлық А. бірнеше түрлері бар. Олар: ауырсыну адап- тациясы, иіс сезу адаптациясы, есту адаптациясы, көру адаптациясы, қы- сымға адаптация, негативті және позитивті адаптация.
АДЛЕР АЛЬФРЕД (1870-1937) -
австриялық дәрігер және психолог. 1902 жылдан Фрейдті жақтаушы, 1911 ж. онымен байланысын үзіп, өзінің даралық психологиясы кон- цепциясын жасады. Ол АҚШ-та қай- тыс болды, мұнда оның көзқараста- ры психиатрия мен педагогикаға ық- пал етті. А. жетімсіздік, толымсыз- дық сезімнен арылуға ұмтылушы- лықты адам психикасы дамуының негізгі қозғаушы күші деп жора- малдады.
Бұл ұмтылушылық индивидтің шығар- машылық белсенділігінің, оның бел- гілі бір жарымжандығының, әлеумет- тік жағдайындағы кемістіктің және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Марганец пен сынаптың адам организміне түсуінің негізгі жолдары
Шудың адам организміне әсері
Психикалық және физиологиялықтың айырмашылықтары
Шу мен вибрацияның адамға әсері
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тіл дамуының деңгейі
Дірілден қорғану киімдері
Өндірістік шу және оны нормалау
Тұлғаның индивидуалды қасиеттерін зерттеудің стратегиясы
Психикалық дамуы кешеуілдеген балаларға дифференциациялық тұрғынан келу
Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz