Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат



Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк құрылысы
Табиғаты

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат

 Қазақстан Республикасы — Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың орталық
бөлiгiнде орналасқан. Республика жерi батыстан шығысқа 3000 км-ге,
солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Коңыржай белдеудiң негiзiнен
орталық және оңтүстік ендiктерiн, ал қиыр оңтүстігінде субтропикке өтпелi
белдеудi қамтиды. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (ұз. 6467 км),
оңтүстігінде Түрiкменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғызия (980
км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1460 км) шектеседi, батысында
Каспий т. (600 км) орналасқан. Жер аумағы 2724,9 мың км2. Халқы 15 млн.-нан
астам адам. Оның 9 млн-ға жуығы немесе 60%-дайын қазақтар құрайды.
Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады. Астанасы — Астана қаласы.
Әкiмшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан
тұрады. Одан басқа Қазақстанда 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 2237 ауылдық
округке бiрiккен 7719 ауылдық елдi мекендер бар (2003; кестенi қ.).
Мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi. Ұлттық валютасы — теңге, 1993 жылы 15
қарашада енгiзiлген.
Мемлекеттiк құрылысы. Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық
референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзiн демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретiнде орнықтырды. Қазақстан
Республикасы — президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет.
Республиканың ең жоғарғы өкiлдi органы — Парламент. Ол республиканың заң
шығару қызметiн жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс iстейтiн екi
Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады. Сенатқа әр облыстан және
республикалық маңызы бар 2 қаладан екi адамнан сайланады. Сенаттың 7
депутатын Парламент өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi
тағайындайды. Мәжiлiс республиканың әкiмшілік-аумақтық бөлiнiсi ескерiле
отырып құрылған, сайлаушылар саны шамамен тең болатын бiр мандатты аумақтық
сайлау округтары бойынша сайланатын алпыс жетi депутаттан және партиялық
тiзiм бойынша сайланатын 10 депутаттан тұрады. Президент Үкiметтi
Конституцияда белгiленген тәртiппен құрады. Тағайындалғаннан кейiнгi он күн
мерзiм iшiнде Премьер-Министр Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы
республика Президентiне ұсыныс енгiзедi. Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесi жетi мүшеден тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға
созылады. Конституциялық Кеңестiң төрағасын республика Президентi
тағайындайды. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге
асырады. Ол заңмен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғ. Соты және
республиканың жергiлiктi соттары болып табылады. Жергiлiктi мемл. басқаруды
тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты жергiлiктi өкiлдiк (мәслихат)
және атқарушы органдар (әкiмдiк) жүзеге асырады.
Қарулы Күштерi. Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару
органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу
орындары мен ғыл. мекемелердi қамтиды. Соғыс уақытында құрамына қорғаныс
мин-не қарайтын әскер түрлерiнен басқа Iшкi iстер мин-нiң iшкi әскерлерi,
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi,
респ. “Ұлан”, азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары
кiредi. ҚР Қарулы Күштерiнiң басты мақсаты — елдiң егемендiгiн, аумағының
тұтастығын, экономикасын, мемлекеттік институттары мен азаматтарын соғыс
қатерiнен қорғау, жаугершiлiк немесе әскери қақтығыстар туғызудың алдын
алу, Қазақстанның орнықты дамуы үшiн қолайлы жағдай туғызу. Республика
Қарулы Күштерiне бейбiт кезеңде мынандай негiзгi мiндеттердi орындау
жүктелген: әскери күштi, жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз етiп, басқару
органдары мен әскерлердi ел iшiндегi қақтығыстарды, ҚР-ның мемлекеттік
шекарасында немесе аумағының шегiнде туған кез келген заңсыз қарулы күш
көрсетудi тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау; әуе кеңiстiгiн күзету,
сондай-ақ, мемл. шекараның жедел-стратег. тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу;
маңызды әскери нысандарды күзету; елдiң кез келген ауданында жағдайды
тұрақтандыру жөнiндегi батыл iс-қимылға әзiр болу; халықар. мiндеттемелерге
сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге де операцияларға қатысу. Бұл мiндеттердi
орындауды Қарулы Күштер ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарымен
өзара тығыз iс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте ҚР Ұлттық қауiпсiздiк
комитетiнiң шекара қызметiне құрлықта, теңiзде, көлдерде және өзге де су
айдындарында мемл. шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестiкке
(террорға), қару мен есiрткi саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледi. ҚР
Үкiметiнiң 2000 ж. 23 қарашадағы ғ1579 қаулысына сәйкес елiмiзде Оңтүстік,
Батыс, Шығыс, Орталық әскери округтерi құрылған. Оңтүстік әскери окуругiнiң
қорғайтын жер аумағына: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда
облыстары кiредi. Округтiң орт. штабы Тараз қаласында. Шығыс әскери округi
қорғайтын жер аумағына: Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары кiредi.
Округтiң орталық штабы Семей қаласында. Батыс әскери округiнiң қорғайтын
аумағына: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары кiредi.
Округтiң орт. штабы Ақтөбе қаласында. Қазақстанның қалған облыстары Орт.
әскери округiне қарайды. Орталық штаб — Қарағанды қаласында.
Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерiстерге (экстремизм, шекараға таяу
жерлерде әскери қақтығыстардың өршуi, жаңадан ядр. мемлекеттер пайда болуы,
т.б.) ұшырауда. Осыған байланысты ҚР Қарулы Күштерiнiң әскери доктринасы
орташа мерзiмдi кезеңге есептелiп жасалған (1999 — 2005) қорғаныстық
сипатқа ғана ие. Ол әлемдегi және аймақтағы әскери-саяси жағдайды кешендi
бағалауға, мемлекеттiң экон. болмысы мен материалдық қорының
мүмкiндiктерiне сүйенедi. Доктрина Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгi
стратегиясының негiзгi ережелерiн нақтылайды және шабуыл жасалған жағдайда
елдiң қорғанысын ұйымдастыруға, ұжымдық әскери қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
жөнiндегi одақтас мемлекеттермен бiрлескен күш-жiгердi үйлестiруге
бағытталған.
Табиғаты. Қазақстан Республикасының аумағы батысында Едiл өз. алабынан
шығысында Алтай тауы шыңдарына дейiн, солт-нде Батыс Сiбiр жазығынан (Солт.
Қазақстан жазығы) оңт-нде Тянь-Шань тауына дейiн созылып жатыр.
Географиялық зерттелу тарихы. Еуропа мен Азия елдерi арасындағы қарым-
қатынастың көпшiлiгi (керуен жолдары, елшiлiк көштерi, т.б.) ежелгi
заманнан-ақ қазiргi Қазақстан аумағындағы жер арқылы өткен. Осыған
байланысты Қазақстанның кейбiр табиғи нысандары туралы жазба деректер өте
ерте кезден белгiлi болған. Мысалы, Геродот (б.з.б. 5 ғ.) Каспий теңізінiң
шығысында шексiз жазық өңiр жатқандығын және оны массагеттердiң
мекендейтiндiгiн баяндаған. Птолемей (б.з. 2 ғ.) өз еңбектерiнде Жайық
(Dаiх), Жем (Rhymmus) және Сырдария (Jаxаrtеs) өзендерi туралы мәлiметтер
келтiрген. 9 — 10 ғ-ларда араб ғалымдары Арал т-не толық сипаттама берiп,
картаға түсiрдi және гректердiң Әмудария мен Сырдария өзендерi Каспий
теңізіне құяды деген топшылауын терiске шығарып, Арал т-не құятынын
анықтаған. Арабтардың сол кездегi деректерiнде Жайық, Жем, Сағыз өзендерi
аталған. 13 ғ-да Моңғолияға Италия саяхатшысы Плано Карпини және фламанд
саяхатшысы Виллем Рубрук бастап барған елшiлер өздерi жүрген Қазақстан
аумағындағы шөл, шөлейт аймақтардың қысқаша сипаттамасын берген. Олар
өздерiнiң жеке бақылаулары негiзiнде Каспий теңізінiң тұйық алап екендiгi
туралы маңызды геогр. мағлұматтарды жаңартып толықтырған және Алакөл,
Балқаш көлдерi, Тарбағатай, Жетiсу Алатауы (Еренқабырға) жайында алғашқы
деректер келтiрген. 15 — 17 ғасырлардағы Қазақстан туралы географиялық
мәлiметтер Ресей әдебиеттерiнде жинақтала бастаған. Бұл мәлiметтер Мәскеу
мемлекетiн және оған iргелес аумақтарды бейнелеген “Большой чертеж” (“Үлкен
сызба”) картасында жүйеленген. 1627 ж. шыққан “Книга большого чертежа”
(“Үлкен сызба кiтабы”) атты еңбекте қазiргi республиканың батыс, оңт. және
орт. бөлiктерiнiң бiршама жерлерiне нақтылы сипаттама берiлген. 17 ғасырда
Қазақ ордасына және Орта Азия хандықтары жерiне жасалған орыс
саяхатшыларының зерттеулерi жиiлей түскен. Олардың Жайық өз. сыртындағы
дала туралы мәлiметтерi жинақталып, “Чертеж всей земли безводной и
малопроходной каменной степи” (“Бүкiл жерi сусыз, өтуге қиын тастақты дала
сызбасы”) деген атпен жарық көрген (1697). Бұл туынды С.Ремезов жазған
“Чертежная книга Сибири” (“Сiбiрдiң сызба кiтабы”) атты орыстың тұңғыш
геогр. атласы құрамына енген. Мұнда Қазақстан аумағының көпшiлiк бөлiгi
қамтылған. 18 ғ-дыҢ 30-жылдарынан 19 ғ-дыҢ 60-жылдарына дейiн созылған
Ресейдiң Қазақстанды отарлау үрдiсi оның аумағының геогр. зерттелуiнiң
сипаты мен барысына әсерiн тигiзбей қоймады. Бұл кезеңде жаңа қосылған
аумақтарда орыс мемлекетi билiгiн орнату және нығайту мақсатына сай
көптеген арнаулы әскери және ғыл. экспедициялар ұйымдастырылды.
Ертiс өзенінің бойында бекiнiстер салуға және Жоңғар хандығымен
дипломатиялық қарым-қатынас орнауына байланысты Шығыс және Оңт.-Шығыс
Қазақстанды тұңғыш топогр. картаға түсiру iсi жүргiзiлдi. Сонымен қатар
Қазақстанның батысында, Каспий мен Арал т-дерi жағалауында, Сарысу, Шу
өзендерiнiң алаптарында картаға қарапайым түсiрулер iске асырылды. Бұл
түсiрулердiң нәтижесiнде, бiр жағынан, Қазақстанның жеке өңiрлерiнiң тұңғыш
iрi масштабты карталары жасалса, екiншi жағынан, табиғат ерекшелiктерi
туралы ғыл. мәлiметтер жиналды. Қазақстан географиясы туралы алғашқы ғыл.
еңбек П.И. Рычковтың 1762 ж. шыққан “Топография Оренбургская” (“Орынбор
топографиясы”) атты кiтабы болды. Қазақстанның геогр. зерттелу тарихында
1768 — 74 жылдардағы акад. экспедициялар ерекше орын алды. Ресейдiң Ғылым
және көркемөнер академиясының академиктерi мен адъюнктерi Қазақстанның Едiл
мен Жайық өзендерi аралығындағы бөлiгiн, Маңғыстау түбегiн, Ырғыз бен
Торғай өзендерiнiң алабын, Есiл даласын, Ертiс маңы ойпатын, Кендi Алтайды
және Қалба жотасын зерттедi. 1820—21 ж. экспедициялық зерттеулер
нәтижесiнде “Естественная история Оренбургского края” (“Орынбор өлкесiнiң
табиғат тарихы”) атты 3 томдық еңбек жарияланды. Оның 1-бөлiмiнде Бат.
Қазақстанның табиғат жағдайларына жалпы сипаттама берiлдi.
19 ғ-дың 1-жартысында қазiргi Қазақстан аумағын зерттеушi экспедициялардың
саны артты. 1827 жылдан 1872 жылға дейiнгi аралықта Г.С. Карелин өлкенi
картаға түсiрумен бiрге әр түрлi аймақтардың (Каспий т. жағалауы, Алтай,
Тарбағатай, Жетiсу Алатауы тауларының) жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнен
коллекциялар жинады. Атақты немiс ғалымы А.Гумбольдт өзiнiң Алтайға жасаған
саяхаты (1829) нәтижесiнде “Центральная Азия” (“Орталық Азия”) деген
көлемдi еңбегiн шығарды. 19 ғ-дың 30-жылдарына дейiн Қазақстан туралы
жиналған геогр. деректер А.И. Левшиннiң “Описание киргиз-казачьих или
киргиз-кайсацких орд и степей” (“Қырғыз-қазақ не қырғыз-қайсақ ордасы мен
даласының сипаттамасы”) деген кiтабында (1832) қорытындыланды. Бұл кiтап
Қазақстанның жерi туралы берiлген алғашқы толық геогр. сипаттама болды.
1840—50 ж. аралығында Шығыс, Оңт.-Шығыс және Орт. Қазақстан өңiрлерiне
Ресей ботанигi Л.И. Шренк саяхат жасады. Ол Жетiсу Алатауына, Балқаш—Алакөл
ойысының шығыс бөлiгiне физ.-геогр. сипаттама бердi. 19 ғ-дың орта шенiнде
Арал (А.И. Бутаков) және Каспий (К.М. Бэр, Н.А. Ивашинцов) теңiздерi жан-
жақты зерттелдi. 1857 ж. Арал-Каспий атырабына императорлық Санкт-Петербург
ҒА-сы ұйымдастырған экспедицияға И.Г. Борщов пен Н.А. Северцов қатысты.
Экспедиция жұмыстарының қорытынды деректерiнiң маңызы өте зор болды.
Экспедиция жүмысының нәтижесiнде Бат. Қазақстанның жер бетi, геол.
құрылысы, климаты, флорасы және фаунасы туралы нақты деректер кеңейдi.
Борщов “Материалы для ботанической географии Арало-Каспийского края” (“Арал-
Каспий өлкесiнiң ботаникалық географиясына арналған деректер”) деген
классик. монографиясында Бат. Қазақстанды ландшафтылық-геогр. облыстарға
бөлдi.
1856—57 ж. П.П. Семенов (Семенов-Тян-Шанский) Тянь-Шань тауына өзiнiң
әйгiлi саяхатын жасады. Ол бұл сапарындағы зерттеу қорытындысында таулы
өлкенiң орографиясына (таулы жер бедерi) жаңаша сипаттама берiп, тұңғыш рет
биiк тау ландшафтын анықтады. П.П. Семеновтың бұл сапарда ашқан аса маңызды
жаңалықтарының бiрi — Орта Азиядан тау мұздықтарының табылуы. Ғалымның осы
жолғы еңбегi Орта Азия мен Қазақстанның Тянь-Шань сияқты таулы өлкелерiн
жан-жақты зерттеудiң ғыл. негiзiн жасағандығы болды.
19 ғ-дың 50—60-жылдарында Жетiсу Алатауы мен Iле өңiрiн қазақтың ұлы ғалымы
Шоқан Уәлиханов зерттедi. Жетiсу және Тянь-Шаньның табиғатына ғыл.
сипаттама бердi. Балқаш к. мен Алакөлдiң пайда болу және қалыптасу
тарихының өте ұқсастығын дәлелдедi. Жетiсу Алатауы мен Солт. Тянь-Шань
тауын жануарлардың таралуына қарай биiк таулық белдеулерге бөлдi. Сонымен
бiрге осы зерттелген өңiрлердiң маршруттық және жалпы шолулық карталарын
жасады. 19 ғ-дың алғашқы жартысында кен байлықтарын iздеуге байланысты физ.-
геогр. сипаттағы бiрқатар жаңа деректер алынды. Әсiресе, Орт. Қазақстан мен
Тарбағатай тауының және Маңғыстау түбегiнiң геол. құрылысы, орографиясы
туралы нақтылы деректер жиналды. 19 ғ-дың 60-жылдарында Ресейдiң
Қазақстанды отарлаудың тарихи үрдiсi аяқталды. Соған орай кен байлықтары
пайдалануға, т. ж-дың салынуына және егiстiк жер қорының кеңеюiне көп көңiл
бөлiне бастады. Жалпы геогр. зерттеулермен бiрге арнаулы геол.,
топырақтану, ботаника, гидрология, т.б. салалар бойынша жұмыстар
жүргiзiлдi. 1865—79 ж. аралығында А.Татаринов Оңт. Қазақстаннан Ленгер,
Келтемашат, Боралдай, т.б. қоңыр көмiр кен орындарын ашты. Бұрын Маңғыстау
түбегiнен көмiр кенiнiң ашылуына байланысты мұнда одан әрi барлау жұмыстары
жүргiзiлдi. Қазан төңкерiсiне дейiн Маңғыстау түбегiн зерттеу жұмыстарының
ең көрнектiсi — Н.И. Андрусовтың “Мангышлак” (“Маңғыстау”) атты еңбегi.
Мұнда автор түбектiң тектоникасы, стратиграфиясы туралы белгiлi болған
барлық деректердi тұжырымдады. 1865—79 ж. И.В. Мушкетов пен Г.Д.
Романовский Арал маңын, Қаратауды, Тянь-Шаньның солт-н, Балқаштың оңт-н,
Тарбағатайды зерттеп, Түркiстан аймағының алғашқы геол. картасын (1881)
жасады. Онда бүкiл Оңт. Қазақстан өңiрi камтылды. И.В. Мушкетов Орта
Азияның физ. географиясы мен геологиясына арналған “Туркестан”
(“Түркiстан”) еңбегiн жазды (1886—1906). Ол сонымен бiрге 1887 ж.
Верныйдағы (қазiргi Алматы) зiлзаланың себебiн және зардаптарын зерттедi.
19 ғ-дың 90-жылдарында Сiбiр т. ж-н салуға байланысты Солт. Қазақстанда
көрнектi геолог К.И. Богдановичтiң жалпы басшылығымен бiрнеше экспедициялық
зерттеу жүргiзiлдi. Осының нәтижесiнде Солт. және Орт. Қазақстанның геол.
құрылысының негiзгi сипаты анықталып, бiрнеше көмiр кен орындары
(Екiбастұз, т.б.) ашылды. А.Н. Замятин, Н.Н. Тихонович және С.И. Мироновтың
зерттеулерi нәтижесiнде Ембi мұнайлы өңiрiнiң стратиграфиясы мен
тектоникасының жалпы сұлбасы жасалды, мұнайдың жер асты тұз күмбездерiмен
байланыстылығы анықталды. Қоныстандыру басқармасының Н.Г. Кассин, А.А.
Козырев, П.В. Матвеев басқарған экспедициялары Қазақстанның бiрқатар
аудандарының жер асты сулары туралы тұңғыш мәлiметтер бердi. Геол., топырақ
тану, ботан., т.б. экспедициялар өз жүмыстарына қосымша Қазақстанның жер
бедерi және оның ерекшелiктерiнiң жалпы сипаттамасы туралы зерттеулер
жүргiздi. Мыс., Мушкетов өзiнiң геол. зерттеулерiнiң нәтижесiнде Тянь-
Шаньның қазiргi жер бедерiнiң қалыптасу заңдылықтарын ашты және орогр.
құрылысының негiзгi белгiлерiн анықтады. Оның Арал Қарақұмында жүргiзген
бақылаулары Қазақстан мен Орта Азиядағы қуаң өңiрлер жер бетiнiң өзгеруiне
эолдық факторлардың күштi әсер тигiзгенiн дәлелдедi. Д.Л. Иванов Батыс Тянь-
Шаньнның iрi масштабты гипсометриялық картасын жасады. М.В. Баярунас
Маңғыстаудың оңт-не жүргiзген геол. зерттеулерi кезiнде қосымша геоморфол.
бақылаулар жүргiзiп, Қарақия, Қауынды, т.б. тұйық ойыстарға жан-жақты
геогр. сипаттама бердi. Санаулы ғана арнаулы геоморфол. зерттеу
жұмыстарының iшiнде Л.С. Бергтiң еңбегi ерекше. Ол алғашқы болып Солт. Арал
шөлдерiнiң жер бедерi пiшiндерiне геоморфол. сипаттама бердi.
19 ғ-дың 70-жылдарынан Қазақстан аумағында метеорол. бақылаулар жүргiзiлдi,
бiрақ мұнда метеорол. ст-лардың саны өте аз болды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
Шағын жинақталған мектептердегі мәселелерді шешу
Қызметтік хаттарды ресімдеу жолдары
МҮЛІКТІК ЕМЕС ӨЗІНДІК ҚҰҚЫҚТАР
Жеке мүліктік емес игіліктер
Банктің шетел валютасындағы операциялары
Азаматтық құқықтар объектілерінің ұғымы мен түрлері
ҚР Конституциясына ішкі және сыртқы талдау туралы
Конституцияға сәйкес мемл
«Шет елдер экономикасы» пәнінің ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер