Педагогикалық практиканың бағдарламасын құрастыру


1. ЖОО практиканы ұйымдастырудың ерекшеліктері
2. Педагогикалық практиканың бағдарламасын құрастыру
1. Жоғары оқу орындарынан кейінгі білім берудегі педагогикалық
практиканың мақсаты жоғары оқу орындарындағы ғылыми-педагогикалық
іс-әрекетке дайындық, жоғары мектептегі оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру
бойынша практикалық іс-әрекеттің дағдыларын бекіту, сонымен қатар
арнайы пәндерді оқытуды енгізу, оқушылардың оқу іс-әрекетін
ұйымдастыру, пән бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыс болып табылады.
Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері болып:
- оқу материалдарындағы ғылыми білімдердің құрылымы мен қайта
құрылуының, пән материалдарының ауызша және жазбаша жеткізілуін,
қазіргі білім беру технологияларының әртүрлерін, қойылған міндеттердің,
жаттығулардың, тесттердің әдістерін және басқа да ғылыми-педагогикалық
пен оқу-әдістемелік жұмыстырдың негіздерінің дағдыларын меңгеру болып
табылады;
- оқу-тәрбие мақсатын құру бойынша, қойылған педагогикалық
міндеттерге байланысты білім алушылардың оқу іс-әрекетінің әртүрлі
ұйымдастыру формасын пайдалануда сабақ түрлерін, типтерін таңдау
бойынша іскерлік қалыптастыру; оқу іс-әрекетінің тиімділігін
диагностикалау, бақылау мен бағалаудың дағдыларын меңгеру;
- оқу материалын құрылымдау мен көрсетудің әртүрлі тәсілдерімен, оқу
іс-әрекетін белсендендіру тәсілімен, жоғары мектептегі оқытудың кредиттік
технология бойынша білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі
принциптерімен, «студент-оқытушы» жүйесіндегі өзара әрекеттестіктің
спецификасымен танысу.
2. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық практиканың мазмұны ЖОО педагогикалық практика іс-әрекеттің келесі түрлері мен
кезендерінің қарастырады:
- педагогикалық практиканы өткізудің жеке бағдарламасын жасау;
- ғылыми-әдістемелік кеңес беруге қатысу, кафедраның оқу-тәрбие және
әдістемелік жұмысын ұйымдастырумен танысу;
- ғылыми пәндер, аралас ғылымдар сабағына қатысу барысында
университеттің жетекші оқытушылардың тәжірибесін үйрену;
- нормативті және құқықтық құжаттарды үйрену (ҚР «Білім туралы»
заңы, мемлекеттік жалпы міндетті стандарттар, жұмыс оқу жоспары, типтік
бағдарламалар және т. б. ) ;
- магистранттар мен докторанттардың өткізген сабақтарына қатысу және
талдау;
- оқу сабақтарының мазмұнын жеке жоспарлау және өңдеу, оқуәдістемелік материалдарын құрастыру;
- оқу пәндері бойынша оқу сабақтарын өткізу (лекция, семинар,
практикалық және лабороториялық сабақ) ;
- білім алушылардың жеке жұмысы, ғылыми студенттік (магистрлік)
зерттеулерге жетекшілік, студенттік (магистрлік) зерттеу практикасына
жетекшілік;
- магистрантттың оқытушы ретінде оқу процесі мен әдістемелік
жұмысын лекция, семинар, МӨЖ, МОӨЖ және т. б. түрінде әртүрлі әдістер
мен оқыту технологияларын қолдану арқылы жүзеге асыру;
- әрбір магистрант аптада кем дегенде 2 сағаттан 5 лекция немесе 1
сағаттан 10 лекция және 10 сағат семинарлық сабақ өткізуі тиіс, яғни
жүктеменің көлемінен аз болмауы қажет.
3. Педагогикалық практиканы ұйымдастыру және өткізу, өткізудің
мерзімі мен формасы
3. 1. ЖЖО педагогикалық практиканы өткізу факультеттің базасында жүзеге
асады. ЖОО педагогикалық практиканы өткізудің негізгі базасы философия
кафедрасы болып табылады.
3. 2. Практиканың мерзімі, ұзақтығы және мазмұны жалпы білім беру
бағдарламасының жұмыс оқу жоспарымен, академиялық күнтізбе және
практика бойынша университеттің бекітілген бағдарламасымен анықталады.
3. 3. ЖЖО педагогикалық практикасын ұйымдастыру және өткізу
үшін факультет және кафедра басшылығы жасалған келісім шартқа сәйкес
жауапкершілікті алады.
3. 4. Практиканың оқу-әдістемелік жетекшілігін, практиканың
бағдараламасын жасауды және практиканы өткізудің сапасына бақылау
жасауды бітіртуші кафедра жүзеге асырады.
3. 5. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі білім алушының
(магистрант) бағдарламасын және практиканың базасын практиканың
бағдарламасы қамтамасыз етеді.
3. 6. Практикаға бағдарланған білім алушы (практикант) қажетті
жағдайда медициналық бақылаудан өтеді.
3. 7. ЖОО педаггикалық практиканың басталуына дейін бітіруші
кафедра практиканттердың қажетті дайындығын және практика
бағдарламасына сәйкес кеңестер өткізеді.
3. 8. ЖОО педагогикалық практиканың тікелей жетекшілігін талапқа
сәйкес магистранттың жетекшісі жүзеге асырады. Практиканың жетекшісін
факультет деканының бұйрығымен бекітеді.
3. 9. Практиканың жетекшісі:
- практика ұйымдастыруды, жопарлауды және нәтижелерін есепке алуды
қамтамасыз етеді;
- магистранттардың ЖОО педагогикалық практикадан өтуінің жеке
бағдарламасын бекітеді;
- педагогикалық практиканы өткізу үшін база ретінде пән мен оқу
топтарын, кәсіби практиканың базасы ретінде ұйым немесе кәсіпорынды
таңдайды;
- білім алушының кәсіби практикадан өту барысында ғылыми және
әдістемелік көмек көрсетеді;
- практиканың жұмысын бақылауға алады, ұйымдағы және практиканы
өткізудегі кемшіліктерді жоюда шара қолданады;
- кәсіби практиканың нәтижесін талдау және бағалауды жүзеге асырады,
өткізілген практиканың нәтижесі туралы қорытынды пікірін береді;
- практиканың оқу-әдістемелік тәжірибесін жалпылайды, оны ары қарай
жүзеге асыру мен жетілдірудегі ұсыныстарын енгізеді.
3. 10. Педагогикалық практиканы өткізу үшін жалпы және этникалық
педагогика кафедрасы жалпы және этникалық психология кафедраларынан
педагогикалық практиканың әдіскерлері тағайындалады.
3. 11. ЖОО педагогикалық практиканың әдіскерлері:
- жоғары мектептегі оқытушылардың психологиялық-педагогикалық
даярлау шеңберінде жеке және топтық кеңестер ұйымдастырады;
- практиканттардың бағалау сабағына қатысады, олардың
психологиялық- педагогикалық талдауын ашып көрсетеді;
- практиканттардың қорытынды құжаттарының талдауына және
бағалауына қатысады;
- ашылу және қорытынды конференцияларының өткізілуіне қатысады;
- практиканы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді, кафедра
мәжілісінде практиканы ұйымдастырудағы сұрақтарды талқылауға қатысады.
3. 12. Білім алушылардың ЖОО педагогикалық практикасының жалпы
жүктемесінің көлемі магистратурадағы мамандықтың жұмыс оқу
бағдарламасына сәйкес анықталады.
3. 13. Магистранттардың ЖОО педагогикалық практикадан өтуінің
жеке бағдарламасы ғылыми жетекшімен тікелей жасалады және кафедра
меңгерушісі бекіткен кафедрадағы практиканы өткізудің жалпы кестесіне
енгізіледі. Әрбір білім алушы практиканың бекітілген бағдарламасына сәйкес
жеке тапсырмалар алады.
3. 14. Білім алушының ЖОО педагогикалық практикасының нәтижесін
аттестациялау жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламасының
мерзіміне, бекітілген академиялық күнтізбе және практиканы өткізу кестесіне
сәйкес жүзеге асады.
3. 15. Білім алушының практикасының қорытындысы бойыншы
жүргізілген жұмыстың көлемі мен деңгейіне сәйкес есеп дайындалады. ЖОО
педагогикалық практикасы бойынша есепке білім алушыға баға қойылған,
практика жетекшісінің қолымен, деканаттың мөрімен расталған мінездеме
қосылады. Практиканың жетекшісі практиканттың есебі мен оның
қорытындысын негізге ала отырып, практиканың қорытындысы туралы
шешім қабылдайды.
3. 16. Практика бойынша есеп пен жетекшінің қорытындысы кафедра
мәжілісінде тыңдалып, практиканың қорытындысының бағасы туралы шешім
қабылданады. Педагогикалық практика бойынша бағаны қойғанда
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz