КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 111 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Ажиев Қанат Өмірзақұлы

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ. АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТОБЫНЫҢ

СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН

Оқу құралы

Алматы

АЭжБУ

2020

ӘОЖ

КБЖ

Пікір берушілер:

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты

М. Қ. Нұрмаханова ,

Филология ғылымдарының кандидаты, Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің доценті, Phd докторы

М. М. Аймағамбетова,

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты

К. С. Ниязбекова

Алматы энергетика және байланыс университетінің Ғылыми кеңесі басуға ұсынды (??. ??. 20?? ж. № ?) . АЭжБУ 2020 ж. ведомостік әдебиеттер басылымдарын шығарудың тақырыптық жоспары бойынша басылады, реті ?

Ажиев Қ. Ө.

Кәсіби қазақ тілі. Ақпараттық технологиялар білім беру бағдарламалары тобының студенттеріне арналған: Оқу құралы (жоғары оқу орындарының «Ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламалары тобының студенттеріне арналған) /Қ. Ө. Ажиев - Алматы: АЭжБУ, 2020. - 107 б. Библиограф. - 25 атау.

ISBN

Алғы сөз

Ұсынылып отырған «Ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламалары тобының студенттеріне арналған оқу құралы таңдау компоненті болып саналатын «Кәсіби қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

Оқу құралының негізгі мақсаты - білім алушының кәсіби, тілдік, коммуникативтік және сандық құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Оқу құралында білім алушылардың пән бағдарламасын игеруіне қажетті кесте түрінде берілген теориялық мәліметтер мен кәсіби бағытталған оқу мәтіндері және жеке, жұптық, топтық, өздік жұмыстар арқылы орындалатын тапсырмалар мен жаттығулар кешені берілген. Ол студенттердің оқу үдерісі барысында, болашақ мамандықтары бойынша өндіріс орындарындағы кәсіби қарым-қатынаста қолдануға қажетті білім, білік, дағдыны жүйелі түрде меңгеруіне бағытталған. Сондай-ақ, бағдарламалық оқу материалдарымен қоса ұсынылған мәдени-танымдық мәтіндер ақпараттық технология саласы мамандарының қазақша ойлауын дамытуға, кәсіби салада сауатты сөйлеу әдебі мен мәдениетінің деңгейін көтеруді көздейді.

Оқу құралындағы IT саласына қатысты мәтіндермен жұмыс жасау (талдау, аудару, сұрақтарға жауап беру т. б. ) және лексика-грамматикалық жаттығулар, шығармашылық тапсырмалар мен іскерлік ойын түріндегі тапсырмаларды орындау барысында білім алушылар креативті ойлау қабілетін дамыту, кәсіби қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру, академиялық хат негіздерін игеру, ауызша және жазбаша ғылыми қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырумен қатар желі этикетін меңгеру мүмкіндіктеріне қол жеткізе алады.

Мамандық, кәсіп, шеберлік

Мамандық - қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы. Ол лауазымнан өзгеше түрде белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқып-үйрену немесе жұмыс тәжірибесін жинақтау барысында алған еңбек машықтарын талап ететін еңбек қызметінің тегін сипаттайды. Лауазымдық міндеттердің шеңберін айқындайды. Мамандық қызметкер еңбегінің бүкіл шеңберін қамтығанда ол кәсіп ұғымына сай келеді.

Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі.

Кәсіп - кәсіптік оқу және тәжірибе жинақтау нәтижесінде игерілетін, белгілі бір білім мен машықтарды талап ететін еңбек қызметінің түрі. Қолданылатын еңбек құралдарына қарай (машинист, автоматшы), еңбек заттарына қарай (машина жасаушы, кенші), еңбек затына әсер ету тәсіліне қарай (бұрғылаушы, қалыптаушы) немесе өндіріс үдерісінде орындалатын жұмыстың мазмұны мен сипатына, атқарылатын міндетіне қарай бөлінеді. Көптеген кәсіптер мамандықтарға ажыратылады: аспапшы-слесарь, инженер-механик, тағы басқа.
Шеберлік - кәсіби немесе әуесқойлық білім-білік дағдыларын қандай да бір түрдегі істі терең түсініп, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді әрекеттерді жүзеге асырушылық.
Біліктілік, квалификация - адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті.

1-тапсырма . Мəтінді оқып, таныс емес сөздердің түсіндірме сөздігін жасаңыз.

Кәсіп дегеніміз не?

Қазақтың ерте заманнан елес беретін ертегілері мен аңыз әңгімелерінде, мақал-мәтелдерінде дәстүрлі қазақ қоғамының тіршілігінен хабар беретін мәліметтерді көптеп кездестіруге болады. Сондай мәліметтердің бірі -аңшылық. Аңшылар жайлы сөз болғанда, олардың аулайтын аңдарының атымен, түр-түсімен таныса аламыз. Сонымен қатар ондай мәтіндерден аңшылықпен немесе басқа кәсіппен айналысатын адамдардың әлеуметтік жағдайы, не себепті айналысатыны, қалай айналысатыны жайлы да білуге болады.

Қазақ халқы ежелден көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Күнделікті тіршілікке қажетті заттар мен құрал-жабдықтарды әркім өзіне керекті мөлшерде жасап ала берген. Олар киюуге қажетті киім-кешек, ер-тұрман, теріден, ағаштан, сүйектен, алтын мен күмістен, қола мен темірден жасалған заттар. Енді кейбір кісілер дәстүрлі мал шаруашылығымен қатар, «мал табудың» басқа да түрімен айналыса бастады. Ол кәсіпшілік еді.

Барлық адам, әрбір затты бірдей қылып жасай алмаған. Бірте-бірте көпшіліктің ішінен өзінің ұсынықтылығы мен ептілігінің арқасында, аталған заттарды басқалардан әдемірек, ыңғайлырақ, берігірек жасайтын адамдар шығады. Оларды халық арасында «шебер» деп атай бастады. Істейтін кәсіптеріне қарай, халық оларға темірші немесе ұста, етікші, ерші, егінші деген ат берді. Осы атаулар кейіннен жеке кәсіп атауларына айналды. Әрбір кәсіп шеберлері құпияларын ұрпағына ғана үйретіп, олар оны ұрпақтан ұрпаққа ұластырып отырған. Атасынан қалған кәсіп иелерін ата кәсіппен айналысушылар деп атаған. Бертін келе басқалардан дәулеттірек кісілер, тіршілікке қажетті бұйымдардың бәрін өздері жасамай, осы шеберлерден, көбінесе малға айырбастап алатын болған.

Бұл кезеңде шеберлер әлі де болса мал шаруашылығымен айналысудан қол үзіп кете қойған жоқ еді. Олар әр түрлі кәсіпке қосымша табыс көзі ретінде ғана қарайтын. Уақыт өте келе жекелеген шеберлердің өзіндік ерекшелігі айқын біліне бастады. Ондай шеберлердің айналасында үйренушілер яғни шәкірттер пайда болды. Ол шәкірттер белгілі бір іске маманданып, шебердің басқаруымен жұмыс істеді. Осылайша жекелеген мамандықтар дүниеге келді. Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың дамуының арқасында еңбек бөлінісі күрделене түсті. Кәсіпкерлер үлкен өндіріс орындарын, завод, фабрикалар ашып мамандықтың түрлері көбейе берді. Осы үрдіс әлі күнге дейін жалғасып келеді.

2-тапсырма . Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Дәстүрлі қазақ қоғамының тіршілігінен хабар беретін мәліметтерді қайдан кездестіруге болады?

2. «Кәсіпшілік» деген не?

3. Халық арасында «шебер» деп кімді атаған?

4. «Ата кәсіппен айналысушылар» деп кімді атаған?

5. Жекелеген мамандықтар қалай пайда болды?

3-тапсырма . Сөздерді және сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз:

кәсіп -

кәсіпшілік -

ата кәсіп -

шебер -

шәкірт -

мал табу -

қосымша табыс көзі -

мамандықтың түрлері -

4-тапсырма . Мақал-мәтелдерді кестенің екінші бағанындағы сөздер арқылы толықтырыңыз:

Кесте 1 Мақал-мәтелдер

Толықтыратын мақал-мәтелдер
Анықтама сөздер
№: 1
Толықтыратын мақал-мәтелдер: Істегенің еліңе жақсы, үйренгенің өзіңе . . .
Анықтама сөздер: есінеумен өтеді
№: 2
Толықтыратын мақал-мәтелдер: Кәсіп, кәсіп түбі - . . .
Анықтама сөздер: ырысы
№: 3
Толықтыратын мақал-мәтелдер: Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, . . .
Анықтама сөздер: айрыласың
№: 4
Толықтыратын мақал-мәтелдер: Еріншектің күні . . .
Анықтама сөздер: жақсы
№: 5
Толықтыратын мақал-мәтелдер: Етік тіге алмаған біз . . .
Анықтама сөздер: нәсіп
№: 6
Толықтыратын мақал-мәтелдер: Мың кәсіпке талпынсаң, бір кәсіптен . . .
Анықтама сөздер: таба білмейді
№: 7
Толықтыратын мақал-мәтелдер: Қимылдаған қыр . . .
Анықтама сөздер: байлықтың
№: 8
Толықтыратын мақал-мәтелдер: Шеберді саусағы . . .
Анықтама сөздер: асырайды
№: 9
Толықтыратын мақал-мәтелдер: Бейнет қыл да . . . қыл
Анықтама сөздер: талап қыл
№: 10
Толықтыратын мақал-мәтелдер: Малды баға білмеген пайданы . . .
Анықтама сөздер: зейнет
№: 11
Толықтыратын мақал-мәтелдер: Жұмысы жоқтың . . . жоқ.
Анықтама сөздер: нәсіп
№: 12
Толықтыратын мақал-мәтелдер: Еңбектің көзін тапқан, . . . өзін табады.
Анықтама сөздер: асады
№: 13
Толықтыратын мақал-мәтелдер: Ата кәсіп балаға . . .
Анықтама сөздер: таяғы
№: 14
Толықтыратын мақал-мәтелдер: Қойшыны . . . асырайды, қасқырды аяғы асырайды.
Анықтама сөздер: таңдайды

5-тапсырма . Жоғарыдағы мақал-мәтелдердің тақырыбы қандай? Олардың орыс тілінде баламасы бар ма?

6-тапсырма . Мәтінді оқып, атау беріңіз.

Мақал адам өмірінің барлық саласын қамтыған. Алайда заман талабына сай өзгеріске ұшырап отырған. Мысалы, еңбек туралы айтылған мақалдардан халықтың оған деген көзқарасын білуге болады. «Еңбегі бардың - өнбегі бар», «Еңбек түбі - мереке», «Бейнет түбі - зейнет», «Бейнетсіз рахат жоқ», «Еріншекке ошақтың екі бұты айшылық жер». Сонымен қатар мал сырын жақсы білетін қазақ төрт түліктің өзіне тән қасиетін де атап өткен. «Мал бақсаң қойдан бақ, май кетпейді шараңнан», «Ат шаппайды, бап шабады». «Жатқанға жан жуымас, жалқауға мал жуымас», «Ұрыға мал құтаймас», «Жортуылшының басы жолда қалады». «Жылқы - малдың патшасы», - деп ойын анық аңғартып отырған. Бір айта кетерлігі, қазақ мақал-мәтелдерінің басты ерекшелігі: олар қанша уақыт өтсе де мәнін жоймаған, ескірмеген.

Мақал мен мәтелдің айырмашылығы мазмұнында. Мақал - өмірде болған елеулі оқиғаға берілген даналық қорытынды. Ал мәтелде сөз айшықты, көркем теңеу қолданылады. Оны «Көппен көрген ұлы той», «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» деген мәтелдерден аңғаруға болады, яғни, мақалдағыдай дәлелдеу, қорытынды пікір болмайды. Тек ойды жанамалап жеткізеді. Қалай дегенмен, «Мақал да, мәтел де - халықтың қазынасы, тіл майданындағы басты қаруы», - дейді ғалым Дандай Ысқақ.

(Мақал-мәтелдердің қазақ өміріндегі орны. - URL: https://informburo. kz/kaz/maal-mtelderd-aza-mrndeg-orny-olardy-alay-ayyrua-bolady. html)

7-тапсырма . Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Бейнет, зейнет, жортуылшы, еріншек, ошақ, айшылық жер, төрт түлік, шара, көркем теңеу, айшықты сөз, ойды жанамалап жеткізу, жанамалау.

8-тапсырма . Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Мақал адам өмірінің қандай саласын қамтыған?

2. Мақалдар уақыт өте келе өзгеріске ұшырауы мүмкін бе?

3. Еңбек туралы қандай мақалдар кең тараған? Олардан қазақ халқының еңбекке деген қандай көзқарасын байқауға болады?

4. Неге қазақ мақал-мәтелдерінің мәні уақыт өтсе де жойылмайды?

5. Жекелеген мамандықтар қалай пайда болды?

6. Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіз?

9-тапсырма . Мәтінді оқып, мазмұнын баяндаңыз.

Қазақ даласындағы кәсіптің түрлері

Қазақтардың көмекші кәсібі аң, құс, балық аулау болса, негізгі кәсібі - мал өсіру еді. Қазақтың күнделікті тіршілігіне қатысты төрт түліктің ішінде қой малы маңызды орын алды. Оның еті мен сүті тамақ болса, жүні мен терісінен киім, киіз үй мен тұрмысқа қажетті әртүрлі заттар жасаған. Мал шаруашылығында қой малының қандай орын алатындығын «Малды бақсаң қойды бақ, май кетпейді шарадан», «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір», «Қойың болмаса, байлықта ойың болмасын» деген мақалдардан байқауға болады. Қазақы өмірде ерекше бағаланған қой малын бағатындарды қойшы деп атаған. Қойшы кәсібінің бағасын «Қой семізі - қойшыдан» деген мақалдан көруге болады. Сүті мол сиыр малын табындап бағатындарды «сиыршы», түйе малын бағушыларды «түйеші», төрт түліктің ішіндегі ең қадірлісі жылқыны үйірлеп бағатындарды «жылқышы» деп атаған.

Ал енді халқымыздың осы негізгі кәсіптерімен қатар, кейбір кісілер қосалқы кәсіптермен де айналысқан. Ондай істерін өз ісінің шеберлері өнер дәрежесіне дейін көтерген. Өз ісінің шебері бола білген өнер иелерін, тері илеп тон, тымақ, етік т. б. жасайтындарды «көншілер (ишілер) » немесе басқаша айтқанда «терішілер», «тігіншілер» десе, халықтың күнделікті тұрмысқа қажетті киім-кешектерін, шаруашылыққа қажетті құрал-жабдықтарды жасап темірмен айналысатындарды «теміршілер», «ұсталар», әшекей бұйымдарын жасайтындарды «зергерлер» деп атаған. Қазақтың құрастырмалы, көшіп-қонуға ыңғайлы киіз үйінің қаңқасын жасайтындарды «үйші» деген.

Елдің рухани сұранысын қанағаттандырып өлең шығаратындарды «өлеңші» немесе «ақын», ән айтатындарды «әнші», ұзақ өлең, жыр шығаратындарды «жырау» деп атаған. Ал жыраулардың жырын жаттап алып, ел аралап жүріп жырлайтындарды «жыраулар»деп атаған. Үйге қажетті ыдыс-аяқтар көбінесе ағаштан жасалған. Ағаштан ойып оқтау, қасық, ожау, шелек, табақ, тостаған, тегене, астау, сандық, кебеже, әбдіре, т. б. жасайтындарды «ағашшы» немесе «ағаш ұстасы» деп атаған.

Адам денсаулығы сыр берсе немесе кенеттен жарақаттанса ем-дом жасайтын кісілер шаман діні үстемдік құрған кезде, сол заманның таным-түсінігі деңгейіне сәйкес пайда болса керек. Ондай емшілерді «бақсы» деп атаған. Бақсылар әртүрлі музыкалық аспаптардың үнімен бірге билей отырып, қорқынышты қимылдар жасап, «жынын шақырып» адам санасына әсер ету арқылы емдеген. Қазақ даласында бақсылардан басқа да, табиғат берген ерекше қасиетіне сүйеніп емдейтін емшілер де болған. Оларды бақсылардан бөлектеп, «емшілер» деп атаған. Қазақ даласында, ел ішіндегі дауларды күшпен шешуге маманданған, көп жағдайда жасырын әрекет жасайтын топтар да болды. Оларды «барымташылар» деп атаған. Іс-әрекеті қазіргі рэкеттерге ұқсас.

Кейінірек келе, қазақ даласына сауда капиталының енуімен бірге айырбас саудамен айналысатын саудагер мамандығы пайда болды. Оларды «делдалдар» деп атаған. Сонымен қатар ауылдан қалаға жүк тасуға маманданғандарды «кірешілер» деп атады. Олар кіре тартты.

Су тапшылығына байланысты Маңғыстау өңірінде «құдықшы» деген мамандық болған. Құдықшылықпен кедей, шағын ауылдар айналысқан.

10-тапсырма . Мәтіннен жеке кәсіп атауларын тауып, мағынасын түсіндіріп беріңіз.

11-тапсырма . Мәтінді оқып, таныс емес сөздердің сөздігін жасаңыз.

Ақотты-нар аңызы

Ең соңғы су шығатын күнінде құдықшы судың көзін ашпай кетеді. Жол жөнекей ашып қойса, ары қарай қаза алмайды. Ол құдық тайыз болады, тайыз болған құдық таңқы болады. Судың қоры көп жиналу үшін су ашылған жерден ары қарай тереңдетіп, күші жетсе, екі-үш құлаштай қылып қазады. Астынан қазған сайын, шығатын көзі де көбейе береді. Сол кезде су үстін жауып кетпес үшін оның бәрін жолдан жауып, сылап, саналы түрде бітеп отырады. Енді қайтуға болады, судың дәмін сақтап қалатын, дәмін бұзбайтын, қатты сазды паласқа келген кезде құдықшы ары қарай қазуын тоқтатып, енді қайтадан төменнен жасырып келген су көздерінің бетін шұқып ашып, жан-жақтан шүмектеп құйылып, аға бастаған судан өзі қашып шығады (құдықты бітірген соң) . Осындай бүкіл технологияны білетін құдықшылардың көлігі түйе болатын. Таңертең құдыққа түседі, түсте шығады, қайта түсіп, кешке шығады. Осының барлыған сыралға көлігі түйе арқылы жасайды. Ақотты-нарды қазған құдықшы су шығатын, жиналатын көзге әлі де екі күнен кейін жетем деп есептеген. Бірақ су жиналатын көз көбірек болған көрінеді. Көзді бірнеше жерден жарған. Судың астында қалатын болған соң, арқанмен белгі берген.

Құдықтың сыртындағылар: «Ол бүгін бола алмаймын, шықпаймын деген», - деп, оған мән бермейді. «Екіндіге дейін жайылсын», - деп, күнде шығырға жегіп жүрген түйені аяғын тұсап, жайылысқа жіберген. Енді шыдатпайтын болған соң, қасындағы қосымша жұмысқа жегіп жүрген нарды алып келеді. Бұрын шығырға түспеген түйе үркіп-қашып, құдықтың ішіне олай соғып, бұлай соғып, құдықшының мылжа-мылжасын шығарып алып шыққан. Содан соң құдықтың атында «нар» деген сөз қалып қойған. Сол оқиғадан кейін, ел қорқып, қасына көп қонбайды екен. Малын содан суарып, ауыз суды басқа құдықтан алатын болған.

12-тапсырма . Мәтінге атаулы сөйлемдерден тұратын жоспар құрастырып, мазмұнын баяндаңыз.

13-тапсырма . Мәтінді оқып, таныс емес сөздердің түсіндірме сөздігін жасаңыз.

Үй кәсіпшілігі

Қазақ қоғамындағы өндірістің тағы бір түрі - үй кәсіпшілігі. Үй кәсіпшілігінің негізгі қызметі шаруашылықты қажетті құрал-жабдықтармен, тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз ету. Қазақ қоғамының шаруашылығы мен кәсіпшілігі, негізінен, табиғи болды. Яғни, шаруашылықтан алынатын өнім де, кәсіпшілік арқылы өндірілетін құрал-сайман, тұрмыс жабдығы, қолөнер туындылары да, негізінен, қауымның өз қажеті үшін шығарылды. Сондықтан да Қазақстан Ресей құрамында капиталистік қарым-қатынасқа, тауарлы өндіріс жүйесіне кіргенге дейін қазақ қауымының шаруашылығы табиғи болды, ал кәсіпшілігі үлкен өндірістік, тауарлық мақсатқа құрылмай, негізінен, ауыл-үй, қауымдастықтар сұранысын өтеуге бағытталды. Кәсіпшіліктің бұл деңгейдегі түрі үй кәсіпшілігі деп аталды. Қазақ ұсталарының, зергерлерінің қолынан шыққан заттар ешбір елдің өндірістік деңгейде ұйымдастырылған қолөнер заттарынан кем болмаған. Көшпелі тұрмысқа ыңғайланып жасалған түркі-моңғол халықтарының, қазақтың киіз үйі өзінің сәулеттік, құрылымдық, ішкі-сыртқы жабдықтары жағынан адамзат баласы ақыл-ойының, өнерінің ең бір шырқау шегі болып табылады.

Малдың жүні қазақ тұрмысында кеңінен қолданылды. Оның ішінде қой және түйе жүндері ерекше орын алды.

Киіз басу. Киіз басуға қойдың күзде кырқып алынған күзем жүнін пайдаланған. Алдымен, киізге арналған жүнді тазалайды. Ол үшін жүнді тулаққа салып, сабау ағашпен тулақтың жан-жағынан отырып алып сабаған. Сонда жүн шаң-тозаңнан, шөп-шаламнан арылады және ұйысы жазылады. Тулақ дегеніміз - сиырдың иленбеген, керіп кептірген қатты терісі. Ал сабауды бұтақсыз түзу талдан, жыңғылдан, тобылғыдан жасаған. Жүн сабау, әдетте, ойын-сауықпен өтеді. Жүн сабалып болған соң «тулақ шашу» деген ырым жасалады. Қазақта оюлы киізді «текемет», «сырмақ» деп екіге бөледі. Текеметтің жай киізден айырмашылығы бір түсті (ақ немесе қара) жүнді шиге төсеген соң бетіне бояған жүннен ою салады. Қазақ киізді үйдің жабулары үшін, жерге салу үшін, тұсқа ілу үшін жасаған. Тұсқа ілінетін өрнектеліп жұқалау қылып жасалған киізді тұскиіз деп атаған. Киізден бұдан басқа да тұрмыстық заттар киіз кебенек, киіз қалпақ, байпақ, кесеқап, шәйнекқап, кірқап, сандыққап, жер жастық, асмалдық (түйенің жабуы), тоқым, жабу т. б. істеген.

Кілем тоқу. Қазақ әйелдерінің қолөнерінің бір түрі - кілем тоқу. Кілемнің екі түрі - түкті кілем және тақыр кілем болады. Түкті кілем көбінесе оңтүстік аймақтарда таралса, солтүстік өңір, негізінен, тақыр кілем тоқыған.

Ши, өрмек тоқу. Қазақта ерте заманнан-ақ ши тоқу өнері қалыптасқан. Шиді кереге сыртына тұту үшін, үйдің аяқ-табақ, саба тұратын бөлігін қоршап қою үшін, киіз үйдің есігіне ұстау үшін және төсеніш ретінде киіздің астына да төсеген, киіз басу үшін де, құрт жаю үшін де пайдаланған. Тұтылатын шиге боялған жүн орап, өрнектеп безендірген. Мұны «шым ши» деп атаған. Қазақтың үй кәсіпшілігінде өрмек тоқу кең таралған. Өрмек арқылы бау-басқұрлар, алаша токылады. Арқан, жіп, баулар, негізінен, түтіп, шүйкелеп, есіп, бұрау арқылы, кейде жіптен өру, тоқу тәсілдерімен жасалады. Бұл заттарға көбіне шетпұшпақ өлі жүндер, жабағы жүн, жылқы қылы, түйе жүні пайдаланылады. Арқан, жіп есілу тәсіліне қарай екі түрге бөлінеді. Есіп жасалатын жіптер арқан, желі, ноқта, құрық бау, бұйда, шылбыр, тізгін тағы басқаларды жасаған. Тоқып және өріп жасалатын жіптер басқұр, таңғыш, туырлық бау, жел бау, тең таңғыш, құр жіп, құлын ноқта, нар ноқта, тағы басқалар. Арқанның түрлері арқан, қосақ арқан, сүйретпе арқан, жел арқан, тарту арқан, матау арқан, ат арқан, белдеу арқан, шом арқан, қом арқан, тең арқан, желі арқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби қазақ тілінде сөйлеу дағдылары
Қазақ тілін кәсіби мамандыққа сәйкес оқыту
Термин сөздер мен кәсіби сөздердің қолданылу ерекшеліктерін оқыту
Әдеби тіл лексикасының салалары
Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесі
Қазақ тілінің практикумы
Оқушының сауаттылығын арттырудағы тілдік ұғымды меңгерту.
Кәсіби тіл, оның ерекшеліктері. Кәсіби тілдің стильдік ерекшеліктері
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытуда жобалау әдісін қолданудың тиімділігі
Кәсіби қазақ тіліндегі базалық категориялы - түсініктік аппаратты қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz