Оқушының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе . . . 3 б

І Бөлім. Оқушыларды рухани - адамгершілік тұрғыда тәрбиелеудің теориялық негізі.

  1. Педагогикалық қызмет ретінде рухани - адамгершілік тәрбиесінің мәні мен заңдылықтары . . . 15 б
  2. Рухани - адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны . . . 20 б
  3. Жалпы адамзаттық құндылықтар - тұлғаны қалыптастырудың негізі . . . 25 б

ІІ Бөлім. Бастауыш сынып оқушылары рухани- адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары.

  1. Оқу - тәрбие үрдісінде рухани - адамгершілікке тәрбиелеу . . . 35 б
  2. Сыныптан тыс жұмыстар барысында қазақтың халық педагогикасы арқылы рухани - адамгершілікке тәрбиелеу . . . . . 49 б
  3. Оқушылардың сыныптан тыс уақыттарында танымдық сипатын күшейту . . . 54 б
  4. Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің формалары, әдістері . . . 68 б

Қорытынды . . . 71 б

Қолданылған әдебиеттер . . . 74 б

Қосымшалар . . . 78 б

Кіріспе .

Жұмыстың өзектілігі. Қоғам дамуының кейінгі он жылында ересектердің мінез - құлқында көрініс тапқан кемшіліктер мен тәрбие саласында шиеленіскен жағдайлар, жаңашыл өзгерістерді педагогика аясына шоғырландыра алатын идеялардың жоқтығы бүгінгі таңдағы тәрбиені, соның ішінде оқушылардың адамгершілік тәрбиесін дағдарысқа әкеліп отыр.

“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін- өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп көрсетеді. Осындай күрделі мақсаттың жүзеге асуы білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету жағдайына байланыстылығын да көрсетті. Республикада бұл міндеттердің шешу жолы білім берудің қосымша дамыту бағдарламаларында айқындалады. Сондай -ақ “ҚР тәлім тәрбие тұжырымдамасында” үздіксіз тәрбиенің негізі - ұлттық тәлім тәрбие деп қарастырады. Мұнда әрбір халықтың тәлім -тәрбиелік мұрасы- мәдениеттің құнды бөлігі немесе қазақ халқының педагогикалық ой -пікірлерін бүкіл оқу тәрбие жүйесінің тірегіне айналдыруды көздейді. [1]

Осыған орай, мектепте оқушыларды тек сабақта немесе сыныпта ғана тәрбиелеп және қалыптастырып қана қоймай, сыныптан тыс жұмыстарда да тәрбиелеу қажеттілігі маңызды болып отыр.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген - білім адмазатың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деген ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл -Фарабидың көрегендік сөзі егемен қазақ елі үшін де тәрбие саласындағы бағдарламларды мемлекеттік тұрғыдан қайта көз сүзіп қараудың қажеттілігін алға тартып отыр. Қуана айтар жайт сол, Республика бойынша оқушылардың мектепте, оқу орындарында білім алуы, мектептердің ішкі жағдайының жақсаруы, техникамен, көрнекі-құралдармен, жиһаздармен жабдықталуы біршама шешілген мәселе. Дегенмен тілімізге, дінімізге қайта мойын бұрған кезеңде ұлы көшке тосқауыл болар көп кедергі пайда болғаны анықталып отыр. Олар: болашақ ұрпағымыздың ана-тілін білмеуі, салт-дәстүрді қадірлемеуі, әке-шешесін, баласын тастап кетуі, арақ ішу, наша тарту, ұрлық жасау сияқты жағымсыз қаисеттердің етек алуы.

Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру-біздің негізгі мақсатымыз.

Оқушылардың сабақтан тыс әрекеттеріндегі оқу тәрбие үрдістерін біріктірудің жүзеге асырудың шарттары:

- Ұлттық және жергілікті дәстүрлерді ескере отырып, мектептің тәрбие қызметінің ауыл істерімен, ауыл тіршілігімен байланыстырылуын (мектеп пен ауылдың мерекелері бірлесіп өткізуі, қоршаған ортаны қорғау және оған қамқорлық жасау) қамтамасыз ету;

- Оқушылардың қызығушылығы мен сұраныстарына қарай шығармашылық бірлестіктер, үйірмелер, секциялар ұйымдастыру;

- Оқушылардың мектепте демалыс уақытын (шығармашылық байқаулар, пікір сайыстар, тақырыптық кештер, көңілділер мен тапқырлар клубы, спорттық жарыстар және тағы басқалары жатады) ; ұйымдастыру;

- Оқушылардың клубтық бірлестіктерін, үлкендер мен балалардың шығармашылық ұжымдарын ұйымдастыру үшін жергілікті мамандар мен мұғалімдерді тарту;

- Оқушыларды саналы түрде кәсіп таңдауға, экономикалық білімдерді ауылдағы өндірістік технологияларға меңгеруге дайындау;

- Оқушылар ұжымында өзіндік басқаруды дамыту: оқушылар арасынан үлкен оқушылар мен кішкене оқушылардың ынтымақтастық қатынастарына негізделетін әр-түрлі жастағы топтардың әрекеттерін ұйымдастыруға ықпал етуге қабілетті үздіктерді анықтау;

- Мектептің қоршаған ортамен байланысын кеңейту ауыл оқушыларын қарым-қатынасқа зәрулігін болдырмау.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде соған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде оқушылардың кең көлемде әрі терең, жан жақты тәрбиелік ықпал ете алады.

Сыныптан және мектептен тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие беру мәселелерін әртүрлі бағыттарда қалыптастырып, дамытуды ғалым - педагог- психологтар өз үлестерін қосты. Атап айтсақ, сыныптан тыс жұмыстардың қалыптасу даму тарихындағы ерекшеліктер ( Н. К. Беспятова, Л. П. Матковская, М. Б. Коваль, Б. И. Каюмов, Ф. А. Фрадкин, В. А. Капранова) ;

- Сыныптан тыс жұмыстар қызметін басқаруды жетілдіру (Грекова О)

- Сыныптан тыс жұмыстардағы адамгершілік тәрбиесі (Л. А. Оралова, Қ. Т. Әтемова, И. К. Тен, Н. И. Минибаева, Ж . Сәдірмекова) ;

Сыныптан тыс жұмыстар тарихына қатысты мәселелер Н. И. Қойшыбаева, К. Ж. Қожахметова, И. А. Әділханов., Г. И. Мұханова және т. б. еңбектерінен орын алады.

Қазақстандағы сыныптан тыс тәрбие жұмыстары мәселесін тереңдете қарастыруда және оны қажетті деректермен байытуда Қазақстандағы мәдени ағарту жұмыстары мен мәдени құрылыстарына байланысты белгілі бір жекелеген тарихи кезеңдерге арналған тарихшылардың ( С. Б. Байшиев, Р. Б. Сүлейменова, Х. Бейсенов, М. Абдукадирова, В. Г. Макаров, Б. А. Амантаева, Е. Ш. Қуандықов, А. Ғ. Ибраева және т. б. ) еңбектерінің маңызы зор. Тәрбие теориясы мәселелеріне еңбек жазған Қазақстандық ғалымдардың еңбектері де сыныптан тыс жұмыстары мәселелеріне теориялық - әдіснамалық тұрғыдан зерттеуге (С. А. Ұзақбаева., М. Х. Балтабаев., К. К. Жанпейсова., Л. Керимов., Б. Ы. Мұқанова., Г. К. Нурғалиева т. б. ) үлкен септік жасайды. Сондай - ақ сыныптан тыс жағдайды тәрбие түрлерінің әрбір дара саласына жүргізілген Қазақстандық ғалымдардың (А. Ф. Дайкер, А. И. Бабаков, Ш. А. Әділханов, С. Ешимханов, З. У. Кенесарина, К. Ж. Бұзаубақова, М. Р. Көпжасарова ) еңбектерінде де тұжырымдар кездеседі. Біздің зерттеу тақырыбымызға жақын келетін оқушылардың ұлттық тәрбиесін дамытуда көркем шығармаларды (Е. А. Серегина), музыка өнерін (В. Г. Кезин ), халық білімдерін (Н. Ш. Блягоз), халықтың дәстүрлерін (Ю. Ф. Виноградов., Т. Д. Замбалова ) халық педагогикасын (Н. С. Иванова, З. А. Хусаинов., С. Н. Черябкина., Б. Х. Қойбағарова., А. Б. Айтжанова және т. б. ) пайдалану мәселелері қарастырылған еңбектер де жоқ емес. Сонымен, оқушыларға ұлттық тәрбие беру бағытында орнатылған ғылыми зерттеулерге жасалған талдау сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесі зерттеушілердің назарынан тыс қалғандығын дәлелдейді. Бүгінгі таңда оқушылардың ұлттық тәрбиесін сыныптан тыс жұмыстарда дамытудың қажеттілігі мен мектепте, мектептен тыс ұйымдардың ұлттық тәлім тәрбие берудегі қызметінің жан жақты жүзеге асырылмауы және мектепте сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға арналған ғылыми негізделген әдістеменің тапшылығы арасындағы қарама -қайшылық нақты көрініс алып отырғандығы байқалады. Бұл қайшылықтардың шешімін табу зерттеу жұмысымыздың тақырыбын “Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беру жолдары” деп таңдауға мүмкіндік берді.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларына тәрбие берудің жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеу, тәжірибелік қолданысын көрсету

Зерттеудің объектісі. Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік тәрбиесі.

Зерттеу пәні: мектепте сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Зерттеудің теориялық негізі ретінде «Этика», «мораль», «адамгершілік» - ұғымдарының өзара байланысының мәнін ашып көрсету.
  2. Рухани - адамгершілік тәрбиесінің қайнар көзі, негізгі тірек ретінде оқу-тәрбие үрдісінің мәнімен ерекшеліктеріне мазмұндық сипаттама беру.
  3. Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі мүмкіндіктерін айқындау.

Зерттеудің болжамы: Егер, бастауыш сыныпта оқыту пәнінде оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді тиімді қолданса, онда оқыту пәндері оқушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың бір құралына айналып, дүниетанымдары кеңейгенімен қатар, тәрбие деңгейлері де артар еді, өйткені әр пән оқушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыруда мүмкіншілігі ерекше.

Зерттеу көздері: құжаттарды талдау . Философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау,

Зерттеудің әдістері. әңгіме, сауалнама, сұрақ-жауап, СТО технологиясының әдістері (Ой қозғау, кубизм, сұрақ - жауап, Джиксо, еркін жазу, саралап оқыту, өзін- өзі бағалау)

Зерттеудің нақтылығы мен сәйкестілігі: Жұмыс ғылыми теориялық және практикалық тұрғыда дәлелденуімен, зерттеу мазмұнының ғылыми апаратқа сәйкес келуімен, алынған нәтижелермен тұжырымдардың оқу - тәрбие үрдісінде қолданылуымен қамтамасыз етіледі.

Зерттеудің ғылыми жанашылдығы

  1. Зерттеудің теориялық негізі ретінде «этика», «мораль», «адамгершілік» ұғымдарының өзара байланысының мәні ашылды.
  2. Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі мүмкіндіктері айқындалды.
  3. Оқушыларды оқу-тәрбие үрдісінде рухани - адамгершілкке тәрбиелеудің жолдары көрсетілді.

Зерттеудің практикалық мәні. Бастауыш сынып оқушыларын рухани- адамгершілікке тәрбиелеудің маңыздылығы мен мақсаттылығының бірлігін іс-тәжірибеде қолдану.

Зерттеудің базасы - Семей қаласындағы №39 жалпы орта білім беретін мектебі .

Диплом жұмысының құрылымы - кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

І Бөлім. Оқушыларды рухани- адамгершілік тұрғыда тәрбиелеудің теориялық негізі

1. 1 Педагоикалық қызмет ретінде рухани - адамгершілік тәрбиесінің мәні мен заңдылықтары, принциптері.

Өз бойына алуан түрлі оқиғаларды сиғызған уақыт зымырап өтіп жатыр. Еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуында, жалпы өмірімізге ерекше тарихи орны бар маңызды өзгерістер басталды. Осы кезең кезінеде асқан асуларымыз, алған белестеріміз бен биіктеріміз, қол жеткен табыстарымыз, рухани жетістіктеріміз ұшан- теңіз. Мұның, әсіресе, жас-ұрпақ болашағымыз үшін маңызы зор. Ертеңгі күн табалдырығын ата- бабаларымыз айтқандай «Есіктен келіп төр менікі демей» әдеппен аттаған жөн. Осы тұрғыдан алғанда әр азаматтың өзін - өзі жас ұрпақ алдында жақсы, ұнамды жағынан көрсете білуге ұмтылып, оны жақсылыққа, адамгершіліктің асыл қасиеттеріне баули білуге талпынудың болашағымызға сенімді болуға үлесі мол. Тілімізге, дінімізге қайта мойын бұрған кезеңде ұлы көшке тосқауыл болар көп кедергі пайда болғаны анықталып отыр. Олар: болашақ ұрпағымыздың ең басты мұра- өз ана тілін білмеуі; салт - дәстүрден бірте - бірте қол үзіп бара жатқандығы; әке- шешесін, ата- әжесін, бауыр еті баласын тастап кету, жетімсірету сияқты қатыгездіктің етек алуы; арақ ішу, наша тарту, зорлық зомбылық, ұрлық жасау сияқты жағымсыз қасиеттерге бой алдыруы; өз пікірі жоқтық біреудің айтқанына оңай елігіш, көнгіштік, табансыздық, жар таңдап, отау құруға икемсіздік, жақынға, жарға жұғымсыздық тағы басқа сүреңсіз іс қылықтардың етек жайып, еркінси бастауы. Мұның бәрі, әрине, әдептен ғана емес, адамгершіліктен жұрдай болуға жетелейтін әдеттер.

«Адам - әдебімен көрікті» деген халық даналығы жан - жақты, жарасымды даму арқылы жүзеге асады. Дамудың, өркендеп өсудің ең негізгі көрсеткіштерінің бірі - тіл. Тіл - халықтың өмірі, оның әдет ғұрпы, ойлау жүйесі, дүниетанымы, тарихы. Тіл бала бойына ана сүтімен бірге енеді, айналадағы құбылыстарды байқау, тану үстінде қалыптасады. Тілді ол ойнап отырып та, жылап отырып та, күліп отырып та қабылдап, шым - шымдап сіңіреді, сол арқылы санаға қалыптасады.

Ана тілі - ар өлшемі. Олай болса тілді шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Ана тілінде сөйлей алмайтындар өз халқының әдет ғұрпын, ән - күйін, мақал-мәтелін, алыс- беріс кәдесін, озығы мен тозығын жалпы көңіл - күйін ажырата тани алмайды. [2]

Осы қауіптен құтылудың, жіберілген кемшіліктерден арылудың жолы қалай? Әрине бұл оңай сауал емес. Бірақ бұған негізгі жауап - халқымыздың даналықтан жасаған, ұлттық салт - дәстүр, салттарын тәрбие ісінде кең пайдалану, оларды жас ұрпаққа үлгі етіп ұсыну. Болашақ қамын ойласақ, сол асыл мұраны жандандырып, насихаттап, үйретіп, тәрбие мәселесінде кеңінен пайдаланып отыруымыз қажет.

Өткен - кеткенімізді түгендеп жатқан бүгінгі таңда қазақ тілінде жарық көріп, қолымызға тиген Құранның мынадай ұлағатты сөздеріне құлақ түріңізші:

«Ей адамдар, . . . Тегінде атасы баласына сүйеу бола алмайтын, баласы да атасына көмектесе алмайтын күн болатынынан сақтаныңдар . . . »

. . . «Ананың ақ сүтін арда емген азамат та, сол сүттің бағасын білген пенде де ең алдымен жақсы жүрек, жайдары да жаздай мейірімді жан, таза рух, келісімді мінез - құлық, қасиетке толы қадырмен салт- сана, ақыл парасат, адалдық, инабаттылық, бойына толы адам болып қалыптасады. » Бұл үзінділер инабаттылық имандылық қана емес, жалпы адамгершіліктің қайнар көзі қайда екенін меңзеп тұрған жоқ па?

Тілдің қайта тірілуі, діннің қайтып оралуы - өмірдің әлеуметтік әділдік пен парасат, ізгілік пен әсемдік заңдары бойынша орнатып жатқан идеалық сенімі күшті, рухани дүиесі бай, сөзімен ісі бірлікте болатын шынайы жеке адамда қалыптастыру ісінің қолға алғандығының белгісі. Адамды тәрбиелеу мен қалыптастыру - қайта құрудың аса маңызды мақсаты ғана емес, сонымен бірге оны практикалық іске асырудың сөзссіз шарты. Біз сол шарттың жүзеге асуына аз да болса үлес қосуды бағдар тұтып отырмыз.

Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты ақылгөй даналарымыз, ақын- жазушыларымыз, зиялы адамдарымыз қазақ өмірінің нағыз ортасында болып оның мәні мен маңызын бастан - аяқ баяндап, экономикалық, рухани жағдайларын жұртшылықтың терең ұғынуына көп көңіл бөлген.

Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады. Халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келген ұлттық дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру, оларды имандылыққа, адамгершілікке, ізеттіліке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелуді мақсат етіп қойған.

Халықта « әдепсіз бала - сорлы бала», - деп, әр жастың әдепті, сыпайы, инабатты болуын қалаған. Әдеп сақтау адамдар арасындағы қарым - қатынас ережелерін орындап жүру, яғни әулет, әлеумет қоғам мүшелерін қалыптасқан әдептілікті бұзбауға міндеттейді. Қазақ тәлімінде әдептілікті бұзған адамға рудың, әулеттің атынан сол әулеттің өкілі өз пікірін айтып, тіпті тиым салуға да ерікті болған. Өйткені әдеп сақтау - әлеуметтік дәстүр. Әдеп сақтау халықтық рәсімге, жол - жоралғыға, тәртіпке құлдық етіп, амалсыз бағыну емес, сол заңдылықтарды құрметтеу, қастерлеу, адамгершілік борышты өтеу болып табылады. Әдептілік - ізгілік, кішіпейілділік, көпшілік деген сөз.

Сайф Сараи: «Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскен соң қайран жоқ», -деп ұрпағын жастайынан ата- баба дәстүрімен сусындап, нәр алуына мән берген. «Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені» дейді халық. Әдеп, адамшылдық- амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі - сәлемдесу. Халқымыз осы рәсімге ерекшк мән берген. Расында да, қазіргі кезде жөн жосығымен сәлемдесе білу - үлкен өнер, бұл- адамның кісілік қасиетін көрсетеді.

Үлкен кісілер өз ұрпағының бойына ата - баба дәстүрін сіңіруге, әсіресе жеті атасын білуге үлкен мән берген. Жеті атасына дейін ата тегін, тарихын білмейтін бала болса халық оны «Жеті атасын білмейтін жетесіз деп кіналайды, тіпті жазғырып, жазалайды да. Қазақта жеті атасын білген жеті рулы елдің қамын жейді деген аталы сөз бар. » Жеті атаны білу бұрынғы абзал аталарымыздың аруағына тағзым етіп, құрмет көрсету, жеті рулы ел жұрттың мұң- мұқтажын, асыл арманын бойына жинап жүрген ел жақсыларының кісілік қасиеттерін ерлік келбетін жастарға өнеге етіп ұсынудың бір белгісі. Әдеп сақтауда қазақ мәдениетінде ата - ана мен баланы алдындағы борышын түсінуге, перзенттік парызын орындауға дайындалады.

Бұл мәселенің жоғары қойылғаны сонша, бұл халықтың қасиетіне, ұлттық намысына, қазақтың ұлттық белгісіне, сөйтіп ұлт менталитетіне (ұлттық ерекшелігіне ) айналған деп айтуға болады. Халқымыз жақсы мінез құлқымен, өнегелі ісімен көзге түскен жастарды әдепті бала екен дейді. Әдептілік барлық адамға жарасатын қасиет. Ол - адамның бала жасынан алған тәрбиесіне, өскен ортасына, төңіректегі адамдардың қарым - қатынасына байланысты қалыптасқан қасиет. Олай болса, әдептілік әдеп сақтаудан басталатынын ұмытпағанымыз жөн.

Қазіргі таңда еліміздігі оқу- тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесің бірі - өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық- адамгершілік қасиеті мол, сондай - ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі ұлттық тілін жоғалтпағын, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар жеке басының сапасын көтеру.

Тәрбие - қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара - қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс - әрекетіне байланысты.

Тәрбиенің негізгі міндеті - қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір - қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру.

Қазіргі таңда әсіресе, көп көңіл бөлінетін мәселе - адамгершілік тәрбиені күшейту.

Қазақстан Республиаксының «Ұлттық энциклопедиясында» адамгершілік ұғымына байланысты былай деп анықтама берілген: «Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. » «Кісілік», «Ізгілік», «Имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтық дүниетанымда мінез- құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез - құлық пен іс - әрекеттерде көзге түсетіндей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар- ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық, т. б. [3]

Дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда толық жетілген тұлғаны тәрбиелеу және соған байланысты әлеуметтік - экономикалық, психологиялық мәселелер күннен-күнге күрделене түсуде. Осыған орай біүгіні күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық.

Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері- оқушылардың белсенді өміршілік позициясын, қоғамдық борышқа сапалық көзқарасын, сөз бен істің бірлігін, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру. Ол баланың жеке басын қалыптастыру мен

дамытудың аса маңызды бір саласы .

Бұл арқылы оқушының ата - анаға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан - жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиесінен бастайды. Себебі бұл оның адамгершілік сезімін, сенімін, белгілі бір мақсатқа, бағытқа жетелеу іс - әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді. Сонда ғана ұстаз шәкірттердің ізгі ниеттілігін қалыптастырады.

Адамгершілік қасиеті бірнеше міндеттерді шешуге көмектеседі:

- өмір талабына сай қоғамның моральдық нормасын орындауға лайықты шәкіртттерді тәрбиелеу;

- Оқушының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;

- Оқушының санасына және мінезіне ұстаздық ықпал жасау;

- Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс - әрекетке жауапкершілік сезімін күшейту.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін тәрбие шаралары жас балалардың жас ерекшелігіне, жеке бас ерекшелігіне, қызығушылығына лайықты жасалады.

Адамгершілік тәрбиесі оқу - тәрбие үрдісінің барлық салаларында, яғни оқыту, білм беру барысында және еңбек үрдісінде жүзеге асырылады. Тәрбиелі болу үшін адамгершілік нормаларын құр жаттап алу жеткіліксіз, оны терең ой елегінен өткізу, бастан кешіру және толғануды мінез - құлыққа бекіту керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту барысында оқушыларының адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру
Адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру
Адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу жөнінде халықаралық тәжірибе
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын анықтау
Өскелең ұрпақты адамгершілік тұрғыдан әлеуметтендіру
Патриоттық қасиеттерді қалыптастыруды дене шынықтыруда пайдаланудың педагогикалық жолдары
Этнопедагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Рухани - адамгершілікке тәрбиелеудің шарттары
Қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары
Тәрбиесі қиын, балалармен жүргізілетін жұмыстың әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz