Кіріктірілген сабақтың мақсаты



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрлігі
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеҚА
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Математика және математиканы оқыту кафедрасы

Кіріктірілген сабақтарды жобалау, жоспарлау пәнінен

ЖОБА

"Кіріктірілген сабақ. Кіріктірілген сабаққа қойылатын негізгі талаптар"

Дайындаған: 5В010900 Математика-401топ студенттері
Нұрлыбекқызы А.
Абезова А.
Қуанышев Д.
Сәбидуллаев А.
Сұлташ Ж.
Ғылыми жетекші: п.ғ.д қауымдастырылған профессор Барсай Б.Т.

Атырау-2020
Мазмұны

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1.1 Кіріктірілген сабақтың мақсаты
1.2 Кіріктірілген сабақтың жүзеге асырылатын дидактикалық шарттары
1.3 Кіріктірілген сабақтардың негізгі құрылымы
ІІІ. Қорытынды

Кіріспе
Кіріктірілген сабақ. Жалпы Кіріспеміз Білім - елдің зияткерлік капиталын қалыптастырушы стратегиялық ресурс болып табылады. Осыған байланысты білім Қазақстанның барлық даму стратегияларында аса маңызды басымдықтардың бірі ретінде айқындалған. Бүгінгі күні барлық дамыған елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Дамыған елдердің көшінен қалмау үшін біздің елімізде де жоғары сапалы білім жүйесіне көшуге бағытталған білім мазмұнын жаңарту шаралары іске асырылуда. Өйткені, бүгінгі таңда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес өркендеп, дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой - өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл процестің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады.
Осы бағытта білім сапасын арттыру ісіне ерекше мән беру қажеттілігі артады. Сапалы білім беру педагогтердің, яғни, ұстаздардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Ал педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамытуда жаңа технологияны қолданудың маңызы аса зор. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы - оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын, кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға, сын тұрғысынан ойлана алуға, теория мен практиканы ұштастыра алуға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №455 бұйрығына сәйкес Жаңартылған білім мазмұны Мектепте не үшін оқу керек? деген сұрақ аясында болып, білім мазмұны күтілетін нәтижеге және баланың бойындағы түрлі дағдыларды, қабілеттерді қалыптастыруға бағытталады. Сондықтан да қазіргі заманның ұстаздар қауымына қояр маңызды талабы - ақпараттандырылған, жан - жақты, дүниетанымы кең, дарынды, білімді, тәрбиелі әрі саналы шәкірт тәрбиелеу. Сондықтан, сапалы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек. Әрбір ұстаз оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруімен қатар ұтымды қолдана білуі шарт. Осы технологиялардың бірі кіріктірілген білім беру бағдарламасы болып табылмақ.
Р. Декарттың Барлық ғылымдардың байланыстылығы сондай,олардың бәрін бірден оқыту - олардың біреуін басқасынан бөліп оқытудан оңай деген пікірін еске алсақ, пәнаралық байланыс білім берудің кіріктірілген технологиясының құрамына енеді.
Жалпы кіріктірілген оқу дегеніміз не? Кіріктірілген оқу бағдарламасының артықшылығы неде? Кіріктірілу - бұл бір оқу мазмұнының пәндік концепцияларға сай әртүрлі саладағы жан-жақты білімдермен тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.
Кіріктіру ұстанымының басты қағидасы - ғылыми-жаратылыстану және қоғамдық-гуманитарлық білімдерді жеке білім аймағында шартты түрде қарастыра отырып, оқушыларға әлемнің біртұтастығы жайлы ғылыми - синтездік білім беру болып табылады.
Кіріктіріп оқыту ұстанымдары кіріктіріп оқытудың басты мақсатына - оқушылардың сыни ойлау қабілетінің дамуына тікелей бағытталған. Оқушының бірнеше пәндерден алған ақпараттарын синтездей алуға дағдыландырады. Оқу пәндерінің бірігуі төмендегі шарттарға байланысты:
- зерттеу нысандарына сәйкес келуі немесе өзара жақын болуы;
- кіріктірілген оқу пәндерінде зерттеу әдістерінің бірегейлігі немесе ұқсастығы;
- кіріктірілген оқу пәндерінің жалпы заңдылық, жалпы теориялық тұжырым негізінде құрылуы.
Кіріктіріп оқытудың басты мақсаты
Білімдердің синтезі;
Оқу материалын тереңдету;
Мәселенің өзектілігі, немесе мәселенің практикалық маңыздылығы;
Баламалы шешім;
Шешімнің дәлелдігі.
1. Білімдердің синтез дегеніміз оқу материалын тұтас, жинақталған, жүйеленген түрде қабылдау оқушының ой-өрісінің кеңдігін қамтиды. Кіріктіру әдістерімен зерделенетін мәселені шешу ойлау қабілетін белсенділігі мен мақсаттылығын дамытады.
2. Оқу материалын тереңдету-оқу материалын терең ұғыну кең ауқымды ойлауға ықпал етеді.
3. Мәселенің өзектілігі, немесе мәселенің практикалық маңыздылығы- оқу материалын меңгеру барысында практикалық мәселені шешу оқытудың тәжірибелік бағытын күшейтеді, оқушының сын тұрғысынан ойлауын, теория мен практиканы салыстыра алу қабілетін дамытады.
4. Баламалы шешім-белгілі жағдайда жаңа тәсілдерді қолдана алу, мәселені ерекше шеше алу, шешу жолдарын таңдай алу, ойлау ерекшелігін дамытуға ықпал етеді. Шешімдерді салыстыру ой ұшқырлығын, сын тұрғысынан ойлауды, ойдың жинақтығын, жүйелілігін дамытады. Оқушылардың дұрыс шешімді, мақсатқа жетудің қысқа жол жолын таңдау барысында ұтымды, тиімді, мақсатты ойлау қабілеттері арта түседі.
5. Шешімнің дәлелдігі- мәселені дәлелді шешу ойлау қабілетін дамытады.
Кіріктірілген білім бағдарламасының алға қойған мақсаты айқын, бағдары жүйелі.
Оқу процесінде пәндерді кіріктіріп оқытудың оқушыға берері
- ерекше дарынды оқушыларға мәнді де саналы оқуға;
- сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға;
- жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге;
- оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға;
- білім берушілік, дамытушылық және танымдық процестерді ұстаздың шексіз шығармашылығы тұрғысынан жүзеге асыруға;
- танымдық әрекетін белсендіруге, шаршағандары мен қажуларын азайтуға;
- сабақ процесінде өтілетін тақырыптың күнделікті өмірмен тікелей байланысына мән беруге;
- оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға;
- олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі
Кіріктірілген сабақтар жүзеге асырылатын дидактикалық шарттар
- пәнаралық байланыстың зерттеу объектісі дұрыс есептелуі, оның өзекті болуы;
- сабаққа дайындалу кезінде мұғалімдердің өзара тығыз ынтымақтаста болуы;
- сабақтың әр кезеңінде ойлау әрекетінің белсенділігін артуы және міндетті түрде кері байланыстың болуы;
- жалпы әдісті қолдану негізінде сабақтың әр бөліктерінің арасында сабақтастықтың болуы.
Оқыту үдерісі барысында осы шарттар жүзеге асырылғанда ғана кіріктірілген сабақ өз нәтижесіне жетеді.
Мұғалім оқушыларының мүмкіндігін, жас ерекшеліктерін және сыныптағы психологиялық ахуалды жақсы білуі керек. Бұл мұғалімге пәнаралық байланысты қандай әдіс-тәсілдер арқылы іске асыруға болатынын шешуге көмек болады.
Кіріктірілген сабақтың құрылымы:
Кіріспе бөлім. Бұл бөлімде сабақтың мақсаты, міндеті, негізгі білім анықталады.
Негізгі бөлім. Негізгі бөлімінде оқу материалының мазмұны ашылады. Сабақтың бұл бөлігі вариативті, өйткені оқытудың түрлі әдіс-тәсілін, оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастыру формаларын қолдануды және мұғалім тарапынан педагогикалық шеберлікті талап етеді.
Қорытынды бөлім. Сабақты қорытындылау, оқушылардың жұмысын бағалау, үй тапсырмасын белгілеу, кері байланыс жасау. Мұғалім сабақты жоспарламас бұрын мақсатын анықтап алады, сол мақсатқа қол жеткізу үшін сабақта қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерді іріктеп алады.
Назарларыңызға өзім сабақ беретін 7 сыныптарға жасалған физика пәні мен математика пәнінің кіріктірілген бір сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.

Ұзақ мензімді жоспар бөлімі
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Денелердің көлемін анықтау
(физикалық және математикалық әдіспен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіріктірілген сабақ түсінігі
КІРІКТІРІЛГЕН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқытудың жүйелік сипаты
Пәнді және тілді кіріктіріп оқытудың негізгі сипаттамалары
Кіріктірілген оқыту принциптері
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Кіріктірілген сабақ
Интеграцияланған оқыту тұжырымдамасы
Аралас оқыту технологиясы әдістеріне шолу
Білім беруді цифрландыру
Пәндер