Бірнеше кредитор немесе бірнеше борышқордын катысуындағы міндетгеме



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ЗАҢ ПӘНДЕРІНІҢ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: ҚР Азаматтық құқығы. Жалпы бөлім
Тақырыбы: Үлестік, ортақтасқан, субсидиарлық, регрестік міндеттемелер.

Орындаған:
Тексерген:

Нұр - Сұлтан, 2020
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
1.Міндеттеме түрлері
1.1Үлестік міндеттеме ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Ортақтасқан міндеттеме
1.3 Субсидиарлық міндеттеме
1.4 Регрестік міндеттеме

КІРІСПЕ

1.Міндеттемелердің түрлері
1) Міндеттемелерді олардың негіздері бойынша топтастыру міндеттемелік құқықтың құқықтық институттарын шарттық және шарттан тыс деп топтастырумен сәйкес келеді, ол жайында бұрындары айтылған. Бұл тарауда міндеттемелік құқық қатынастарын өзге негіздемелер бойынша топтастыру келтіріледі, ал олар міндеттемелік құқық жүйесінде құқық институттарын бөлумен сәйкес келмейді, бірақ топтастырудың неғүрлым ортақ негіздеріне сүйеніп тұрғызылады.
2) Құқықтар мен міндеттердің ара қатынастары бойынша міндеттемелер былайша бөлінеді:
- біржақты - міндеттеменің бір тарапында тек құқық болады, ал екінші жағында - тек міндеттер (заем, зиян келтіру);
- өзара немесе екіжақты - міндеттеменің әрбір қатысушысында құқық та, міндеттеме де бар, яғни олар борышкердің де, несие берушінің де рөлінде болады (АК-ның 269-бабының 3-тармағы). Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушы тауарды беру міндеттемесі бойынша борышкер және тауарға ақша төлеу мiндеттемесі бойынша несие беруші; ал, сатып алушы - керісінше.
3) Орыңдау нысанының анықтылығы тұрғысынан міндеттемелер былайша бөлінеді:
- белгілі бір мазмұндағы міндеттемелер - дағдылы және көп таралған;
- балама міндеттемелер - борышкер өзі жасауға тиісті бірнеше әрекеттердің ішінен біреуін тандауға құқылы. Мысалы, өсиет қалдырушы мұрагерге бас тартылғанды пәтермен қамтамасыз ету, немесе оның жалдаған пәтері үшін белгілі бір уақыт бойы ақы төлеп тұру құқығын береді. Зиян келтірудегі міндеттемеде борышкер зиянның орнын заттай толтыруға, немесе келген шығынды толық төлеуге міндетті;

- факультативтік міндеттемелер - борышкер белгілі бір әрекет жасауға міндетті, ал ол мүмкін болмаса - басқа әрекет жасайды. Мысалы, борышкер несие берушіге автомобиль беруге міндетті, бірақ ол оны қандай да бір себептермен жасай алмаса, автомобильдің құнын төлеуге немесе сондай мүлік беруге тиіс.
Кейде альтернативтік және факультативтік міндеттемелер арасындағы айырмашылық байқалмайды, дегенмен ол бар. Көбіне, ол, орындау нысаны кездейсоқ жойылғанда пайда болады. Мысалы, автомобиль кездейсоқ жойылса оның салдары әртүрлі болады: альтернативтік міндеттемеде (не автомобиль, не ақша) ақша төлеу міндеті қалады; факультативтік міндеттемеде (автомобиль, егер ол болмаса - ақша) міндеттеме тоқтайды, себебі факультативтік орындау нысанының тағдыры түгелдей негізгі заттың тағдырына байланысты.
Бір-бірімен өзара байланысының сипатына қарай міндеттемелер басты және қосымша (акцессорлық) болып бөлінеді. Мысалы, түрақсыздық айыбын төлеу міндеті негізгімен салыстырғанда акцессорлық міндеттемеге жатады. Акцессорлық міндеттеме негізгімен тығыз байланысты, негізгі міндеттеме тоқтағанда ол да тоқтайды.
4) Міндеттеме нысанының сипаттамасына қарай олар бөлінетін (бөліп орындауға болатындар - заем, дайындап жеткізу) және бөлінбейтін (бөліп орыңдауға болмайды, мысалы - үй құрылысы, сурет салу, т.б.) деп бөлінеді.
Борышкердің жеке басымен байланыс бойынша жеке сипаттағы міндеттеме туындайды, оның борышкердің жеке басымен байланысы соншалықты тығыз, оны басқа адамға тапсыруға тыйым салынған, борышкердің өзі ғана орындайды. Борышкердің немесе несие берушінің қайтыс болуына (заңды тұлғалардың тарауына) байланысты бұл міндеттемелер тоқтайды. Мысалы, ғалымның ғылыми мақала жазу жөніндегі ғылыми журнал алдындағы міндеттемесі. Қатынастардың жеке-сенімдік сипаты кепілдік шарттарына, сенімгерлікпен басқару, жай серіктестік шарттарына, толық серіктестіктердегі қатынастарға және т.б. тән.

1.1Үлестік міндеттеме
Үлестік міндеттеме(ағылш. shared obligation) Бірнеше кредитор немесе бірнеше борышқордын катысуындағы міндетгеме; бұл жағдайда кредиторлардын әрқайсысы міндетгеменің орындапуын талап етуге қақылы, ал борышқорлардың әрқайсысы оны басқалармен теңдей үлеспен орындауға міндетті.
Үлестік міндеттеме борышқордың әрқайсысы тек өзі үшін жауап береді, ал несие берушілердің әрқайсысы борышқордан тек өзіне тиесілі ғана үлесті талап етуге қүқылы. Міндеттеме өзінің үлесіне сәйкес қарызын толық өтеген борышқор үшін тоқтатылады да, өтемеген басқа борышқорлар үшін күшінде қала береді.

Несие берушілердің әрқайсысы, Азаматтық кодекстің 287-бабына сәйкес, борышқорлардан міндеттемені толық атқаруды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы оны толық атқаруға міндетті. Осыңдай көп жақ қатысатын міндеттемені -- ортақтасқан міндеттеме деп атайды.
Ортақтасқан міндеттемелер - несие берушiлердiң əрқай- сысы мiндеттеменi толық атқаруды талап етуге құқылы, ал бо- рышқорлардың əрқайсысы орындауға мiндеттi болуына сəйкес көп жақтар қатысатын мiндеттеме ортақтасқан мiндеттеме деп таныла- ды. Шарттарда немесе заңнамалық актілерде қарастырылған рет- терде ғана туындайды. Атап айтқанда, міндеттеме пəнін бөлінбейтін жағдайда жəне кəсіпкерлік міндеттемелер орын алған ретте пайда болады. Борышқорлар ортақтасып мiндеттi болған жағдайда не- сие берушi барлық борышқорлардан да, жеке-жеке алғанда олардың кез келгенiн де, оның үстiне борышты түгелдей де, бөлшектеп те орындауды талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлардың бiрiнен толық қанағаттанбаған несие берушi алынбағанды ортақтас борышқорлардың қалғандарынан талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлар мiндеттеме толық орындалғанға дейiн мiндеттi болып қала бередi. Борышқорлардың бiрiншi ортақтастық мiндеттi толық орындауы қалған борышқорларды несие берушi үшiн орындаудан бо- сатады.
Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас несие берушiлердiң кез келгенi борышқорға толық көлемiнде талап қоюға құқылы. Ортақтас несие берушiлердiң бiреуiне мiндеттеменi толық орындау борышқорды өзге несие берушiлерге оны орындаудан босатады.
Ортақтасқан міндеттеменің үш түрі болады:

бір несие беруші мен бірнеше борышқорлар қатысқаны - ортақтасқан міндеттеме;

бір борышқор мен бірнеше несие берушілер қатысқаны -- ортақтасқан талап етуші;

3) бірнеше несие берушілер мен бірнеше борышқорлар
қатысқаны -- аралас ортақтасу, -- делінеді.

Егер шарттарда бұлар көзделмесе немесе заң құжаттарында нақтылы көрсетілмесе, сонымен бірге, міндеттеменің мәні бөле-жарып анық нұсқаланбаса - ортақтасқан міндеттеме немесе ортақтасқан талап пайда болады.

Адамдар көптiгi болғанда міндеттеме үлесті және ортақтасқан болып бөлінеді. Жалпы ереже ретінде үлесті міндет пен үлесті талап белгіленеді, ол теңдей үлес принципінен шығады. Мысалы, белсенді көптік міндеттемелерінде (бірнеше несие беруші - бір борышкер), жалпы ереже бойынша әрбір несие беруші борышкерден бірдей үлесте орындауды талап етуге құқылы. Өз орындау бөлігін алған несие беруші (жоғарыдағы мысалда - үйдің өз бөлігіне қоныстанған) міндеттемеден шығып қалады, ал борышкер басқа несие бергендер алдындағы міндетін орындауды жалғастырады (үйдің басқа бөліктеріне қоныстандыру үшін босату). Пәс көптіктің міндеттемелерiнде (бір несие беруші - бірнеше борышкер) міндеттемедегі өз бөлігін орындаған борышкер де (ортақ үйдің өзі тұрған бөлігін босатқан) міндеттемеден шығып қалады. Бірақ соңғысы басқа борышкерлердің міндеттерін орындауы тұрғысынан сақталады (үйдің олар тұратын бөліктерін босату). Сонымен, несие беруші борышкерге басқа борышкерлердің орындамағандығына байланысты қандай да бір талап қоюға құқылы емес, бір несие берушіге мiндеттеменің, бөлігін орындаған борышкер қалған несие берушілерге неге орындау жасалмағаны жайында есеп беруге тиіс емес.

Ортақтас міндеттемеде несие беруші орындауды өз қалауы бойынша кез келген борышкерден талап етуі мүмкін. Субсидиялық міндеттемеде субсидиялық борышкерге талап мұндай талап негізгі борышкерге қойылғаннан кейін қойылуы мүмкін, егер негізгі борышкер талапты толықтай немесе жарым жартылай қанағаттандырмаған болса. Бұл айырмашылықтар кепіл болушылық және кепілдік үғымдарының арасын ашқанда анық байқалады, себебі олардың негізіне жауапкершіліктердің сипаты алынады. Кепіл болушы субсидиялық, ал кепілші - ортақтас жауап береді (АК-ның 329-336 баптары).

Үшінші жақтың міндеттемеде алатын орыны ерекше. Үшінші жақты міңдеттеме шеңберіне кіргізу олардың міндеттемелердің туындау, орындалу және тоқтау процесіндегі алатын ерекше рөлімен байланысты. Үшінші жақтың маңыздылығының арқасында азаматтық құқықта үшінші жақ қатысатын міндеттемелер көзделген.

Міндеттеме тараптарының біреуіне міндеттемелер немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар үшінші жақтар деп саналады (АК-ның 270-бабының 2-тармағы).

Регрестік міндеттеме. Басқа адамның міндеттемесін орындаған борышкер орындалған міндеттеменің мөлшерінде сол адамға кері талап (регресс) қоюға құқылы. [3.,156б.].

Үшінші жақтын әрекеттері салдарынан міндеттемені орындамаған борышкер сол жақтың шығынды төлеуін талап етуге құқылы (АК-ның 289-бабының 1-тармағы).

Регрестік міндеттеме үшінші жақтар қатысатын міндеттемелердің бір түрі болып табылады. Регрестік құқықты, тағы да, кері талап құқығы, ал регрестік міндеттемені - кері міндеттеме деп атайды.

Бұл - заңдық фактылар, яғни құқық нормалары олармен құқықтық қатынастардың туындауын, өзгеруін немесе тоқтауын байланыстыратын мән-жайлар. Заңдық фактылар әрекеттерге (саналы және адамның еркімен жасалынатын) және оқиғаларға (адамдардың ықтиярынсыз болатын, мысалы, баланың тууы, табиғи құбылыстар) бөлінеді.

Әрекеттер занды және заңсыз болып бөлінеді. Барлық заңды әрекеттер заңдық актілерге және қылықтарға топтастырылады. Заңдық актілер, олар - қандай да бір заңдық салдарларға жетуге бағытталған әрекеттер (мысалы, мәмілелер, әкімшілік актілері). Заңдық қылықтар, олар - адамдардың ниетіне байланыссыз заңдық салдарлардың туындауына алып келетін әрекеттер (мысалы, автордың өз шығармасын жариялауы).

271-бапқа сәйкес міндеттеме шарттан, зиян келтіруден немесе 7-бапта көрсетілген өзге де негіздерден туындайды. Міндеттеме туындауының мынадай маңызды негіздерін атауға болады: 1) шарт; 2) әкімшілік акт (заңды әрекеттер); 3) зиян келтіру (деликттер) және басқа заңсыз әрекеттер; 4) интеллектуалдық мешіктің әртүрлі объектілерін құру және пайдалану; 5) азаматтар мен эаңды тұлғалардың өзге әрекеттері; 6) оқиға.

Міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдері, жалпы ереже бойынша, қамтамасыз етілетін міндеттемеге қатысты қосымша (акцессорлық) болып табылады, яғни оның заңдылығына және заңдық күшіне тәуелді болып келеді. Бірақ бұған банк кепілдігі жатпайды, оның қамтамасыз етілетін міндеттеменің заңдылығына тәуелсіздігі заңдастырылған, бұл банк кепілдігін берудің кәсіпкерлік сипатына және соған ілеспе кәсіпкерлік қауіпке негізделген. борышкердің жауапкершілігінiң ауқымын ұлғайту және залалдың барлық мөлшерін немесе оның бір бөлігін өндіруді оңайлату - бұл шараларға мерзімді өткзіп алғандық үшін өсімақы немесе міндеттемені орындамағаңдық немесе тиiсінше орындамағандық үшін айыппұл жатады;
борышкердің жауапкершілігін үшінші жаққа тарату және оларды орындауға жауапты адамдар қатарына тарту - бұл шараларға, атап айтқанда, кепілдік және кепілдік беру жатады;
несие берушіге белгілі бір заттар есебінен өз талаптарын артықшылықпен қанағаттандыруға құқық беру (адамға емес, заттың құнына сенемін) - бұл шараларға, мысалы, кепіл зат жатады;
борышкер міндеттемені орындаудан бас тартқан жағдайда несие берушінің қайтарылмайтын аванс алуы - бұл шараларға кепілақы мен кепілдік жарна жатады;
борышкердің қарсы, әдетте, ақшалай міндеттемені орындағанына дейін несие берушінің затты немесе өзге мүлікті беру жөніндегі міндеттемені орындамауына құқық беру - бұл шараларға мүлікті ұстап қалу жатады.
Міндеттемені қамтамасыз етудің кейбір тәсілдері (тұрақсыздық айыппұлы, кепілақы) бір жағынан заңдық жауапкершілік шаралары да болып табылады, себебі олар міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған адамға қосымша мүліктен айырылуды (ауыртпалық) жүктейді, ол сөзсіз және тікелей міндеттемені орындамаудан туындайды. Басқалары (кепіл зат, мүлікті ұстап қалу, кепілдік және т.б.) жауапкершілік шараларына жатпайды, себебі оларды қолдану олардың туындау негіздерін дәлелдеудің кейбір процедураларымен және қамтамасыз етілген міндеттемеден заңда немесе тараптар келісімінде көзделген тәуелсіз жағдайлардың туындауымен байланысты.Азаматтық кодекстің 269-бабына сәйкес, несие беруші немесе борышқор ретінде міңдеттемеге бір мезгідце бірнеше адам қатыса алады. Мұның аты ~ көп тұлғалармен жасалған міңдеттеме. Мүңдай жағдайда Азаматтық кодекстің 286-288-баптарында көрсетілгендей, үлесті, ортақтасқан немесе субсидиялық (жәрдем берушілік) міндеттеме пайда болады.

Егер міндеттемеде бірнеше тұлға борышқор ретінде көрсетілген болса, міндеттемені орындау жауапкершілігі құжатқа сәйкес, үлесіне қарай немесе ортақ (бірлескен) болуы мүмкін.

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты міндеттеме бойьшша бірнеше борышқордың міндеттері, сол сияқты бірнеше несие берушінің талаптары, егер заң құжаттарында немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, ортақтасқан міндет болып табылады.
Несие беруші ортақтасқан міндетті барлық борышқорлардан да, жеке-жеке алғанда олардың кез келгенінен де, сондай-ақ, түгелдей де, бөлшектеп те борышты талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлардың біріне толық қанағаттанбаған несие беруші алымдарын олардың қалғандарынан талап етуге де құқығы бар.

Ортақтас борышқорлар міндеттеме толық орындалғанға дейін міндетті болып қала береді.[8.,72б.].

Борышқорлардың бірінің ортақтас міндетті толық орындауы қалғандарын несие беруші алдындағы міндеттерінен босатады.

Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас несие берушілердің кез келгені борышқорларға толық көлемінде талап қоюға құқылы.

Ортақтас несие берушілердің біреуіне міндеттемені толық орындау борышқорды өзге несие берушілерге оны орындаудан босатады.

Ортақтасқан міндет болған ретте борышқордың несие берушінің талаптарына қарсы басқа борышқорлардың осы борышқор қатыспайтын несие берушіге осындай қатынастарына негізделген қарсылық білдіруге құқығы жоқ.

Талаптар ортақ болған жағдайда борышқордың ортақтас несие берушілердің біреуінің талабына қарсы осы несие беруші қатыспайтын борышқордың басқа ортақтас несие берушімен осындай қатынастарына негізделген қарсылық білдіруіне құқығы жоқ.

Азаматтық кодекстің 288-бабына сәйкес негізгі борышқор несие берушінің міндеттемені орындау туралы талабын қанағаттаңцырмаған жағдайда бүл талап орындалмаған бөлігінде басқа борышқорға (субсидиялық борышқорға) мәлімдеуі мүмкін екендігі заң құжаттарында немесе несие беруші мен борышқордың арасындағы міндеттеме ережелерінде көзделуі мүмкін.

Сонымен субсидиялық міндеттеме дегенді түсіндіре кетелік, яғни борышқор өзінің алған негізгі міндеттемесіне орай атқаруға тиісті әрекетін мезгілінде орындай алмаса, міндеттемені басқа борышқорға жүктейді. Мысалы, субсидиялық міндеттемеде заңды тұлға құрылтайшысының (меншік иесінің) жауапкершілігі қарастырылады, мүлігінің жетімсіздігіне банкротқа ұшыраған ондай заңды тұлғаның ауыртпалығын негізгі қоғам өзіне көтеріп алады,

Ортақтасқан міндеттеменің үш түрі болады:

1) бір несие беруші мен бірнеше борышқорлар қатысқаны- ортақтасқан міндеттеме;

2) бір борышқор мен бірнеше несие берушілер қатысқаны- ортақтасқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міндеттемелік құқық. Шарт туралы жалпы ережелер
Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау
Міндеттемелерді қамтамасыз ету
Міндеттеменің ұғымы
Азаматтық – құқықтық міндеттемелердің жалпы сипаттамасы
Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау, ұғымы, әдістері
Экономикалық категориялар - жалпы тарихи категориялар
Банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын ролi туралы
Банктiк несие түсiнiгi және оның теориясы
Банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын рөлi жайында
Пәндер