Ақпараттық мәдениет орталығы


Тақырыбы: « Карантин режимінде цифрлы мәдениет қалыптастыру»
Жамбыл облысы , , Тараз қаласы
Ю. Гагарин атындағы №29 орта мектеп
Ғылыми жоба жетекшісі: информатика
пәнінің мұғалімі Исмаилова А. Е.
Бағыты: « Әлемдік жаһандану кезеңіндегі қазақстандық мәдениет »
Аннотация
Оқушы өзінің ғылыми жобасында
Мәліметтерді, деректерді өз жасына лайық таба білген. Деректермен дәлелдеген.
Оқушы бұл жобаны жазу барысында кенінен дайындалғанын байқатты.
Мұғалім: информатика пәнінің мұғалімі А. Е. Исмаилова
Аннотация
В своем научном проекте ученица полностью охватила сведения о
Найденые источники соответствуют возрасту учащейся. Доказано сведениями.
При исследовании этой работы, видно что ученики хорошо подготовлены.
Учитель информатики Исмаилова А. Е.
Мазмұны
Кіріспе . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Үйде болыңыз! Бүгінгі күннің ең басты ұраны осындай. Өйткені, вирустан қорғанудың бірден-бір жолы - оқшаулану. Мемлекет халықты үйде отырып, карантин талабын сақтауға шақыруда. Аталмыш акцияға мен өз үлесімді қосқым келеді. Оқушылардың арасында цифрлы мәдениет қалыптастыру.
Қашықтан оқытуды жүзеге асыруда кездескен техникалық қиындықтарды қоспағанда, оқушылардың бойындағы әлеуметтік құндылықтар кеміп, тәжірибелік дағдылар төмендеп кетуі мүмкін. Осы кезеңде педагогтің міндеті - оқушының тапсырманы өз бетінше орындауына қолдау көрсету, бағалау жұмыстарын басқару, шығармашылықпен айналыстыру.
Жұмыстың мақсаты:
Сыныптан тыс сабақтарда оқушыларды даяр мәтіндер бойынша тапсырмалар мен сұрақтар әзірлеуге төселдіру меңгерген дағдыны қолдана алуға үйретеді. Оқушылардың сөз мәдениетін жетілдіру, интеллектуалдық қабілеттерін арттыруға бағытталған сабақ түрлері қарастырылды.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы таным көкжиегі кең, сөйлеу мәдениеті жоғары, өз ойын сенімді, жігерлі, шешен тілмен жеткізе білетін, көпшілікті өз сөзіне ұйыта алатын дағды, қасиеттерге бейімделген тұлға тәрбиелейміз. Осы мақсаттағы жұмыстар оқушылардың ойын, тіл шеберлігін, сауаттылығын, шығармашылық қабілетін арттыратын, тіл шеберлігінің ұшталуын, тіл ұстартуды көздейді. Себебі, астарлы ойды түсіну қабілеті ұшталған, ойын жүйелі жеткізуге бейімделген, сөз сазына зер салатын, өз шеберлігі мен кемшілігін аңғара білетін, жазба тіл шеберлігі қалыптасқан, айшықты сөйлеуге бейімделген тұлғаның тәрбиеленіп шығуына жол ашу әр мұғалімнің міндеті. Қорыта келгенде, оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда - бүгінгі заман талабы.
\ Күтілетін нәтижені:
- өз пікірін дәлелді қорғауды үйренеді;
- Тақырыпты өз бетінше меңгере алады;
- мәтінге байланысты сұрақ қоюға дағдыланады;
- бірге оқитын құрбыларын тыңдай білуге үйренеді ;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдануды, ақпаратты өңдеуді үйренеді деп қарастырдым.
- Қазақ тілі сабағында оқушының ауызша, жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыру, сөз байлығын молайту;
- Шығармашылықпен жұмыс істеуге, үнемі өз бетімен ізденуге дағдыландыру; - Оқушылардың тілді үйренуге қызығушылықтарын арттыру.
Білім берудің талабына сай әр кезеңдегі білім беру жүйелері өз міндеттерін атқарады. Ал бүгінгі талап басқаша. Мұндағы басты мақсат- келешек ұрпақты жан-жақты қалыптастыру, яғни, терең білімді, рухани шығармашылық қабілеті жоғары, сыни ойлауға мүмкіндігі бар, өз бетімен ізденіп, игерген білімін іс жүзіне асыра алатын тұлға дайындау. Мақсат- айқын. Аталған мақсатқа жетудің тиімді жолы ретінде оқытудың әр алуан технологиясын, әдістемесін пайдалану керектігі сөзсіз. Мұндай жағдайда мен өзімнің де, өзгенің де оқытудағы көзқарасын басқаша қырынан өзгерткен Кембридж тәсілінің мүмкіндігінің зор екеніне еш шүбә келтірмеймін.
Карантин кезінде дағдарыс орталығына тап болған балалар саны да күрт артқан. Мұны психологтар үйдегі зорлық-зомбылықпен және смартфонға тәуелділікпен байланыстырады. Карантин кезінде көмекке жүгінген жандардың арасында балалардың саны басым болғанын айтылуда. Маманның айтуынша, онсыз да телефонға әуес оқушылардың таңертең көзін ашқаннан қайта ұйықтағанша смартфонды тастамауы, әрі WhatsApp-пен сабақ оқуы баланы депрессияға түсіріп, даму процесін тежейді екен.
«Қазіргідей қашықтан сабақ оқыту оқушылардың денсаулығын нашарлатады. Онлайн сабақ өткізудің, қашықтан білім беру тәсілін өзгерту керек. Басқа елдердің тәжірибесін қарау керек. Қашықтан оқытудың құрылымын өзгерту керек. Баламен үнемі коммуникация керек. Бұлай телефонды еріксіз беріп қою оқушының жүйке жүйесіне салмақ салады. Баланың ойлауы мен есте сақтау қабілетін төмендетеді, дамытпайды, әрі тоқырауға ұшыратады. Кез келген сәтте қажетті материалды, сабақты интернеттен алуға болады дегенге әдеттенген бала ізденуге, оқуға, жауабын шешуге талпынбайды, миын жұмыс істетпейді. Адамның миы да осындай ойлау жүйесіне тез бейімделіп алады».
Жұмыстың міндеттері: Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылады:
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі мазмұнын ашатын бірнеше мәселеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің негізі: оқытудың заманауи әдістері, білім беру үрдісіндегі әрекеттік және құзыреттілік тәсілдерін меңгереді.
Зерттеудің болжамы: Қазақ халқының баспанасының түрлеріне қарай, адам әлеуметтік жағдайын анықтау.
Зерттеу пәні: информатика, мәдениеттану.
Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеудің барысында жинактау, талдау, зерттеу әдістері пайдалану.
Зерттеудің объектісі: Қазақ халқының баспанасының бірі, тамаша үлгісі, «киіз үй» адамның өмірінде алған орыны
Жобаның ұсыну формасы: Зерттеушілік
Білім ақпараттық қоғамда, жаһандану заманында құнның негізгі көзіне айналуда. Ғылым мен жаңа технологияларды, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістері:
1. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар.
2. Ақпараттық мәдениет орталығы.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияға интернет, теледидар, электрондық почта, радионы жатқызуға болады. Мұғалім ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы оқушылармен байланысын жеке-дара жақындаса алатындай жолмен жүргізуге мүмкіндік алады. Мультимедия кабинетінде электрондық оқулықпен сабақ берудің тиімділігі көп:
- Мұғалім оқушы білімін бағалауды компьютерге жүктейді. Бұл бағалау көрсеткіштерінің нақты, дәл болуын қамтамасыз етеді.
- Оқушы жеке жұмыс жасайды.
- Мұғалім сыныптағы оқушылардың жағдайын толық көріп, әрбір оқушының қабілетіне қарай онымен жеке жұмыс жасауға мүмкіндігі ашылады. Сонымен қатар пәндерді оқыту әдістемесіне интернет жүйесін қосу сапалы білімнің қайнар көзі болар еді. Интернет жүйесі арқылы оқыту оқушылардың өзара ақпарат алмасуын мүмкін етеді, танымдық қызметін арттырады, білім алуға қызығушылық ұлғайып, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады. Оқушылардың мұндай қабілеттерін ашып, танымдық іс-әрекетін қалыптастыратын әрине, мұғалім екені даусыз. Оқытудың бұл жүйелерінде мұғалім тек басшылық жасайды әрі ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде болады.
І. Кіріспе бөлім.
Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.
Білім - болашақ бағдары, кез-келген оқу орынның басты міндеттерінің бірі - жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет - оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік - оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік - бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық - коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері - білім берудің жаңа нәтижелері. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол - оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты - оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру. Технологияның күн сайын үздіксіз дамып, өзгеріп, жаңарып жатқан ақпарат заманында өмір сүру - күрделі дайындықты талап етеді. Осындай ақпараттық кеңістікке баланы дайындау бүгінгі күні заман талабына айналып отыр. Оқушыларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау үшін оларды ойша ойлауға, талдау жасай білуге, коммуникативтік дағдыларын дамытуға, ақпараттық сауаттылық пен ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу қажет, олардың әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және олардың өзін-өзі жетілдіре отырып, қызмет субъектісі деңгейіне көтеруін қамтамасыз ету керек.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері - жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған басты міндет.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам ақпараттың қажетті кезін сезінуі, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді пайдалануға қабілетті болып, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.
ІІ. Негізгі бөлім
Тәуелсіз елдің негізгі тірегі-білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы туды. Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа білім беру-жаңа ізденіс, тың жаңалықтармен заман сұранысына сай көзқарас арқылы жүзеге асыруды талап етіп отыр.
Мемлекет болашағының кепілі-жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген. Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты-білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Елбасымыз жолдауында айтқандай: «Болашақ өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет». Соған орай оқытудың парадигасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгеруде. Осыған байланысты ұстаздар алдында үлкен жауапкершілік тұрғаны мәлім. Ұстаз болашақ ұрпақ тәрбиелеуші және білім беруші тұлға болғандықтан, көтерер жүгіде ауыр.
Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Қазіргі таңда оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін өмірлік жағдайда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамытудың маңыздылығы арта түскені айқын. Оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру, әлемдік білім кеңістігіне ену-білім беру процесінің негізі болып табылады. Оқушылардың шығармашылығын дамыту педагогикада басымды бағыт болып есептеледі.
Интернеттің кең таралуына байланысты ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процестері де бар. Ондай ақпараттың сапасы көбінесе өте төмен болып келеді, тіпті жалған, әрі зиянды мәліметтер көбейіп барады. Ең қауіптісі осы залалды ақпарат күннен күнге артып бара жатыр және үстірт түрдегі бәрін білушілік әдетімен тығыз байланысты. Кез келген мәліметті керек болмаса да талғамай қабылдай берудің қажеттілігі жоқ екенін, Интернеттегі ақпарат қоқысы, компьютерлік ойындардың зияны, т. б. адам сезіне білуі керек.
Осы мәселелерді шешу шектеулер мен тосқауыл қою арқылы жүзеге аспайды. Ол үшін бізге талғамдық мәдениетті қалыптастыру қажет. Яғни, ақпараттық аймақтағы құндылықтарды бағалай білетін, әр адамның моральдық деңгейін бейнелейтін ақпараттық мәдениет қалыптастыратын тәрбие алуымыз керек және адамда келесі білім меңгеру тәсілдерін қалыптастыру қажет:
Ақпараттың тасымалдануы мен оны сақтау тәсілдерін білу;
Ақпаратты алу үшін ақпараттық қызмет көрсету жүйесінің жұмысын білу;
Алынған ақпараттың сипатын бағалай білу;
Автоматтандырылған және автоматтандырылмаған жүйеден ақпарат іздеу, алу тәсілдерін білу;
Өзіңнің ақпаратыңды жасау және сақтау тәсілдерін білу, т. б.
Ақпараттық мәдениет тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез келген ақпарат көзін - анықтамалықтарды, сөздіктерді. Энциклопедияларды, көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын, т. с. с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Бұл - әңгімелесе білу, теледидар хабарын талғамды түрде қарау немесе қарамау, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және де өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайда өз еркіндігіңді шектей білу. Ақпараттық мәдениет - компьютерлік технологияны пайдалану, ол - Интернет. Интернеттің көмегімен оқу бағдарламаларына қатыса аламыз, әсіресе өнер саласын зерттеуге қолайлы, мысалы мұражайлардың әр түрлі сайттарын пайдалану. Қоғамның қарқынды дамуы оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі - «Білім - бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына өте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.
Қоғамды ақпараттандыру - экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл білім беру ордаларына жүктеледі.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық - коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы мақсатта негiзгi құрал компьютeр болып табылады. Біраз уақыт бұрын тек байланыс көзі болған бұл ұялы телефондар да қазіргі уақытта құрылысы, құрылымы жағынан да кез келген компьютерді басып озбаса кем соқпайды. Қазірде ұялы телефон (смартфон, коммуникатор), компьютер (ноутбук, нетбук, планшеттер) т. б. ақпараттық-коммуникациялық технологияны жүзеге асырушы құралдарды қолданбайтын адам, әсіресе жастар, жасөспірімдер кемде-кем, адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады. Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата-аналар тәулік бойы балаларының тыныс-тіршілігіне бақылау жасай алмай, олар шектен тыс бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор зиянды әсер алады.
Жасөспірімдердің интернетке on-line шығуға басым көпшілігінің мүмкіндігі бар, интернет ресурстарын пайдалану уақыттарын өздері басқара алмайды, кейде күні-түні компьютер немесе ұялы телефон арқылы интернет ресурстарын пайдаланулары мүмкін.
Экранда зорлық-зомбылық көріністеріне (фильмді қызықты қылады, өмірге үйретеді) оң көзқараспен қарайтын балалар түнгі уақытта компьютерлік клубтарда/интернет-кафелерде көп қалады, интернетте зорлық-зомбылыққа, оларды жіберуге, жыныстық сипаттағы ақпараттарға үлкен қызығушылық көрсетеді, бос уақытында кітапты аз оқиды.
Интернеттегі төбелестермен (шынайы оқиғалар), осындай бейнелерді жіберумен қызығатын балалар - бұл түнгі уақытта интернетте отыратын, компьютер ойындарын ойнайтын жəне компьютерлік клубтарда/интернет-кафеде қалатын балалар, ал интернетте оларды ең алдымен, фильмдер мен жыныстық сипаттағы ақпараттар қызықтырады. Олар шытырман жəне жан түршігерлік фильмдерді қарауды ұнатады, бұдан басқа көп уақытын компьютерлік ойындарға бөледі жəне соған қоса қатыгез ойындарға үлкен қызығушылық білдіреді. Балалардың осы санаты өздігінен білім алумен айналыспайды, бос уақытында кітап оқымайды. Көбінесе осы санаттағы балалар ата-аналардың жеткілікті назарсыз қалады.
Ақпараттың қолжетімділігі мен қарым-қатынастың ыңғайлылығы үшін пайдалы болғанымен де, ғаламтордың жасөспірім денсаулығына зияны өте көп:
А) Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды.
Ә) Компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz