Кәсіпорынның сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Политехникалық институты
Көлік және инженерлік қорғау жоғары мектебі

5В073200-Стандартизация,сертифика ция мамандығы бойынша
технологиялық тәжірибе
есебі

Орындаған: СС-41 топ студенті Есеналиева Д.А.
Тексерген: оқытушы Сахипова Ш.Б.
+

Орал қаласы
2020 жыл

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кәсіпорынның сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Кәсіптік (технологиялық) практикадан өту туралы есеп ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
Өнім сапасы туралы түсінік, оны жоғарлатудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..8
Сапа қасиетінің көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
Стандарттау мен сертификаттау ─ өнім сапасын басқарудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
Кәсіпорындағы өнім сапасын жоғарлатуға арналған шаралар және оның экономикалық және әлеуметтік тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

КІРІСПЕ
Практика орны: Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Солтүстік өндірістік аймақ , АҚ Ақсайавтотранс
Тәжірибе күндері: 2020 жылдың 01 маусым айынан 06 шілде айына дейін
Менің практикалық жұмысымның мақсаты - алынған теориялық білімді бекіту және сапаны басқару жұмыстарын сертефикаттау,жарамсыздықты талдап үйрену және дипломдық жұмыс жазу үшін қажетті мәліметтерді жинау.
Өндірістік практиканың міндеттері:
Қауіпсіздік ережесімен танысу
Еңбек өнімділігі және құрал-жабдықтар жөніндегі мағлұматтар алу
Өндірісте техникалық бақылау мен өнімнің сапалық көрсеткіштерін зерттеу
Сапаны басқару жұмыстары, сертификаттау және метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
Техникалық бақылау,бас метрология және стандарттау бюросының жұмыстарымен танысу
Стандарттау,метрология,сапа бойынша маманның міндеттері мен құқығын игеру
Жарамсыздықты талдау бойынша жұмыстардың тәртібін анықтау
Бизнес жоспар,қаржылық жоспар,еңбек ақы және ұйымдастыру туралы ақпарат алу
Өнімді өткізу әдістері және түрлері, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін игеру
Өндірісте тіршілік қауіпсіздігін қамту мәселелерімен танысу

ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Соңғы кезде біз өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі-жиі кездесіп, өнімнің сертификациясы туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын талап етеміз.
Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.
Сапаны қамтамасыз ету үшін тек қана тиісті материалдық база мен жоғары білімді персонал жеткіліксіз, сонымен қатар мұнда сапаны басқару өнері де керек. Кәсіпорындар жағынан сапаны басқаруға деген жоғары назар аударатыны да осыдан.
Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Кейбір өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны сапа саласында жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта Жапония экономикасының даму мысалында көруге болады.
Бірақ бәсекеге қабілетті болу міндетті түрде ең жоғары сапалы өнім шығаруды ғана білдіре бермейді. Сапа деңгейі халықтың анықталған деңгейіне арналып, әртүрлі болу мүмкін. Мерседеспен барлық адамдар жүре бермейді, бірақ барлық машиналар эксплуатацияда сенімді және қауіпсіз болу керек. Мұның бәрі сапаны оперативті және икемді басқаруды талап етеді.
Сонымен қатар, сапаны басқару стандарттаумен тығыз байланысты, өйткені оның нормативтік базаның негізі сапаны бағалау, сапаға талаптар қойылған стандарттар болып табылады.
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қойылады. Бұл қазіргі дүниеде кез-келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты ─ баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кәсіпорынның сипаттамасы
АқсайАвтоТранс акционерлік қоғамы
Меншік: жеке.
Қызмет түрі:
Жүк және жолаушылар автомобиль көлігі
Жанармай бекеттері, автотұрақтар, автокөлік қызметі
Тауарларды өндіру және сату, кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға және халыққа қызмет көрсету
Автомобильдер мен моторлы көлік құралдарын (қызметтерін) техникалық байқаудан өткізу және сертификаттау
Жеңіл автомобильдерді сертификаттау және техникалық байқау қызметі

Кәсіпорын өз қызметін келесі лицензиялар негізінде жүзеге асырады:

Лицензия түрі
Қызмет түрі
Берілген күні
Қолданылу мерзімі
Лицензия нөмірі
Ерекше шарттар
1
Мемлекеттік
Қауіпті жүктерді тасымалдау
26.01.2006
Жалпы
016838

2
Мемлекеттік
Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау
17.02.2005
жалпы
0014841

3
Мемлекеттік
Көтергіш құрылымдардың жұмысы
11.01.2001
-
0003042

1997 жылы 30 мамырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің №81 жарғысы негізінде, Қарағашағанақгазпром АҚ-нан бөлу жолымен құрылды.

Ұйымдық-құқықтық нысаны: Акционерлік қоғам. Тәуелсіз балансы, банктік шоттары бар, келісімшарттарды дербес жасайды, салық төлеуші ​​ретінде тіркеледі (РНН 270300007223).

АқсайАвтоТранс АҚ өз қызметін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен қабылданған, Жарғыны және Акционерлік қоғамның жалпы жиналысының және қоғамның басқа органдарының шешімдерін басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.

АқсайАвтоТранс АҚ ABE корпорациясының кәсіпорындарына, шетелдік компанияларға, Қазақстан Республикасының компанияларына, сондай-ақ жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді.

Компанияның Атырау қаласында филиалы болды, оны Атырау қалалық Әділет басқармасы тіркеді (2002 жылғы 5 наурыздағы No 1451-1915-F-l заңды тұлғаның филиалын тіркеу туралы куәлік, РНН No 150100211244). Қазіргі таңда филиал саяхаттау жұмысының тиімсіздігіне байланысты жабылды.

Қызметкерлер саны 2020 жылдың 28 мамыр күні есебімен 415 адам.
Оның ішінде инженерлік-техникалық қызметкерлер 26 адам, AUR 24 адам, негізгі өндіріс жұмысшылары 246 адам, қосалқы 119 адам.

Компания Қазақстан Республикасының аумағында, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласында орналасқан. Кәсіпорынның балансында меншікті жері бар, 0,99 га, онда өндірістік үй-жайлар, жанармай құю станциясы және әкімшілік ғимараттары бар.

АқсайАвтоТранс АҚ жарғылық капиталы 787 281 мың теңге.

Кәсіптік (технологиялық) практикадан өту туралы есеп

2020 жылдың 01 маусым күні таңертеңгі сағат 8.00-де мен Ақсай қаласының Солтүстік аймақ бөлігінде орналасқан АқсайАвтоТранс кәсіпорынының бас ғимаратына келдім, мені (кадрлар жөніндегі бас маман) Амирова А.Ю. қарсы алды, ол тәжірибеме қатысты шағын жиналыс өткізіп, компаниядағы тәртіп ережелерін түсіндірді, содан кейін мен АқсайАвтоТранс-та тағылымдамадан өтуге жазбаша келісімге қол қойдым.

Ең алдымен, мен өрт қауіпсіздігі бойынша брифингке дайындалдым.
Түстен кейін қауіпсіздік техникасы бойынша брифингтен өтіп, жеке рұқсат алдым.

Мені бас ғимаратқа болжау және сапаны бақылау бөліміне жіберді.

Алаңға келіп, мен Ибраимов Серік Баудынбаевичпен кездестім (Болжау және сапаны бақылау бөлімінің басшысы) және болашақ әріптестерімен.

Серік Баудынбаевич кейін Тансыкова Г.Т.-мен (өндіріс инженері) бірге жұмыс жасайтын жұмыс орнымды көрсетті.
Автобустарды тасымалдау бойынша үйлестіруші маған маршрутымды және оның кестесін түсіндірді.

Гүлмира апай маған өзімнің міндеттерімді түсіндірді, маған кәсіби көшіргіштермен және басқа ұйымдармен жұмыс істеудің функционалдығын көрсетті.

Жалпы 1 айлық кәсіптік (технологиялық) практикада приборлардың паспорттары мен сертификаттарын зерттеп, күнделікті тексеру және калибрлеудің орташа өлшеуімен таныстым. Өндіріс инженері Тансыкова Г.Т. жетекшісімен маған АқсайАвтоТранс кәсіпорынының басты қоймасын көрсетіп, ондағы приборлардың, әртүрлі құрылғылардың орналасу мен сақталу тәртібін түсіндірді. Ақсай қаласында орналасқан лабороториямен таныстырып, атқаратын қызметін айқындап, ішкі және сыртқы тәртіпті,қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Әріптестерімнің тапсырысы бойынша актілер толтырып, тексерістен өткізу керек приборлардың тізбесін жазып,нұсқа бойынша документтерді тексерумен айналыстым.
1 айлық практикада өз мамандығым бойынша көп нәрсені меңгердім.

Тәжірибенің соңғы күні күндізгі сағат 10-да практика туралы есепті Ибраимов С.Б. (болжау және сапаны бақылау бөлімінің басшысы) пен Тансыкова Г.Т.-ге (өндіріс инженері) тапсырдым.
Әріптестеріме алғыс айтып, қоштастым.

II.ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
Өнім сапасы туралы түсінік және жоғарлатудың маңызы,
негізгі жолдары

Өнімнің сапасы ─ бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапалығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады.

Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны ─ бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы ─ бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейінің көрінуі.

Өнімнің сапасы ─ өндіріс тиімділігінің жоғарлауының, кәсіпорынның бәсеке қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды факторы, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуінің амалы. Сонымен қатар, ол қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтымына, материалдық ресурстардың үнемделуіне ықпалын тигізеді.
Қоғамдық қажеттіліктің өсуі, ғылыми техникалық процестің жоғары қарқыны сапа мәселесіне күрделі, комплекстік мінездеме береді.

Сапа ─ бұл экономикалық категория, ол тұтынушы құны, құн, тиімділік, баға, пайда, материалдық қызығушылық түсініктерімен тығыз байланысты. Сапаны зерттеу арқылы сапаның өндіріс тиімділігімен байланысын, баға қалыптасудағы сапаның ролі, еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін анықтау, өнімнің өзіндік құнын және тағы басқа мәселелерді түсінуге болады.

Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.

Өнімнің сапасын басқару ─ сапа талаптарын қанағаттандыру, оның ішінде жобалау - конструкторлық және өзара шарттық талаптарға сай келуі үшін пайдаланатын әдістер мен қызметтер жиынтығы.

Сапаны басқарудың нысанына өнімнің сапасына әсер ететін процестер жатады. Олар өнімнің өмір сүру циклының өндіріске дейінгі, өндіріс сатысында және өндірістен кейінгі сатыларында кездеседі.

Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандық өндірушілердің алдына қойылатын негізгі мәселелер, олар:
өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;
тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;
өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерін күшейту.
Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынандай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;
жоғарғы бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;
өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу.

Нарықтық қатынастар дамуы жағдайында өнімдердің сапасын жақсарту ─ басқарылатын процес.

Реформа кезеңінің алдында өнімнің сапасын жоғарлату мәселесіне мүлдем көңіл бөлінбеді деуге болмайды. Өнімді аттестациялау, стандартизация, оны бақылаудың әртүрлі әдістері болды, бірақ тамақ өнеркәсібінде сапаға ықпал ету мүмкіндіктері локальды болды, комплекстік, логикалық қорытындылаумен ерекшеленбеді.

Нарықтық қатынастар жағдайында өнімдер сапасының жоғарлауының бағыттылығы, экономиканың дамуының құрама элементі, ал жоғары сапаға жету ─ өндірістік және әлеуметтік сферадағы қайта қалыптасудың негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.

Бірақ қазіргі уақытқа дейін өнім сапасын жоғарлату мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлінбеді, тұтынушылар сұранысы жоғары сапалы өнім жағына ауыса бастады. Өкінішке орай, өндірушілердің өздері шикізаттың сапасына емес, ең алдымен табысты максимизациялауға, өндіріс көлемінің өсуіне көп көңіл бөлді.

Сонымен қатар, сапасы төмен өнімдер импортының өсуі байқалып жатыр. Қазіргі таңда Қазақстанда көптеген өнімдердің сапасы европаның және әлемдік стандарттардан едәуір артта қалған.

Өнім сапасын жоғарлату өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін де өте маңызды, өйткені жоғары сапалы өнім тек қана сапасы жоғары шикізаттан өндіру мүмкін.
Қойылған мақсатпен байланысты келесі мәселелер анықталады:
өнім сапасы категориясының мәнін және оның нарықтық экономика жағдайындағы пайдаланудың ерекшеліктерін зерттеу;
өнімнің сапасын басқару жүйесінің құрама элементтерінің методологиялық тәсілдерін анықтау;
зерттелетін аймақта қазіргі жағдайдағы өнім сапасын басқару мәселелерін және оның бәсеке қабілеттілігін талдау;
теориялық және тәжірибелік материалдарды анықтау және өнім сапасын басқару механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;
ұсынылған шараларды енгізуден болатын экономикалық тиімділікті анықтау.

Өнім сапасын жоғарлату, оның жоғары деңгейіне жету ─ шаруашылық механизмнің жетілдірудің , өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды элементі, сонымен қатар оның анықтаушы аргументі сапаны басқарудың нақты механизмсіз жоғары сапаға жетуге мүмкін емес болып табылады.

Халықаралық және отандық тәжірибе, сонымен қатар халықтың төмен төлемқабілеттілігімен сипатталатын Қазақстан нарығын зерттеу негізінде зерттеуші сапаға тұтынушы өміріне қауіпсіздік мақсатымен сәйкес келетін мемлекет талаптарын анықтайтын тұтынушы параметрлерінің жиынтығы ретінде қарайды.

Нарықтағы әрбір тауар тұтынушымен бағаланады, ең алдымен бұл ─ сапаның жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын деңгейі.

Өнімнің сапасы түсінігінің объективтік трактовкасы сапаны жақсарту мәселесін қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарлату, қорытынды жақсы қаржылық көрсеткіштерге жету мәселесін шешумен байланыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл өнім сапасы мәселесін нарықтық қатынастардың дамуының және өнім сапасын әлемдік стандарттарға бағыттануы жағынан қарастыруға мүмкіндік береді.

Еуропалық сапа ұйымы (ЕСҰ) сапа түсінігін кеңірек қарастырады. Тұтынушылар және халықшаруашылық көзқарас тұрғысынан жоғары технологиялық, эстетикалық қасиеттерімен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге оның өндіруіне және тасымалдауына аз шығын кетіру маңызды болып табылады. Яғни, өнім сапасының оптималдық деңгейі бұл ─ аз қоғамдық еңбек шығынмен жасалған белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын оның барлық қасиеттерінің жиынтығы.

Белгілі бір қажеттіліктерді толығымен қанағаттандыру позициясынан онім сапасын жоғарылату мәселесін зерттеу өнім сапасы және өндіріс тиімділігінің анализін талап етеді.

Сапа қасиетінің көрсеткіштері

Сапа қасиеттерінің бірнеше көрсеткіштері бар:
Тағайындау көрсеткіштері өнімді белгілі бір бағыт бойынша қолданудан алынған экономикалық пайдалы тиімділікті көрсетеді. Өндірістік-техникалық өнімдер үшін негізгі көрсеткіш ретінде өнімділік көрсеткіші алынады. Ол бағаланатын өнімнің көмегі арқылы шығарылатын өнімнің жалпы көлемін анықтауға қажет.
Сенімділік көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын, жөндеуге жарамдылығын көрсетеді.
Технологиялық көрсеткіштер өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі еңбек өнімділігін арттырудың конструкторлық-технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы жаппай өнім шығаруға, өндірісті технологиялық дайындау, өнімді шығару және сату барысында материалдар мен еңбек құралдарын, уақытты тиімді пайдалануға жағдай жасайды.
Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері шығарылған өнімдердің стандартталған және сәйкестендірілген бөліктерінен тұрады.
Эргономикалық көрсеткіштер адамдар мен заттардың арасындағы арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық, физиологиялық, гигиеналық қасиеттерін көрсетеді. (Температураның, шудың, вибрацияның, газдың, будың және т.б. ылғалдылықтың әсерлері).
Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің сыртқы орындалуын, формасын, тауарлық түрін қамтамасыз етеді.
Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін, шыдамдылығын көрсетеді.
Патенттік-құқықтық көрсеткіштер ─ патенттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның өндірістік шығындары есебінің ақпараттық жүйесі
Бизнес-жоспар, оның үлгісі: Алматы қаласында сұлулық институтын құру ЖШС «Самал»
Қырғыз асханасын жобалау
«ҚазАгроҚаржы» АҚ-на қарыз нысанында қаржыландыру алуға өтінімдерді қарау үшін ұсынылатын инвестициялық жобаларға арналған бизнес-жоспар
Шағын кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесі
Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар
Халық банкінің депозиттер есебінің ақпараттық жүйесі
Өндірістік - шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерін анықтау
Фото жұмыстарын орындау бойынша фирманың бизнес - жоспары
Сұйық әйнек өндірісі бойынша фирманың бизнес - жоспары
Пәндер