Баспа ісі


Қазіргі заманғы Ресейдің кітап басу ісі
Орындаған: Ермекбай Сағыныш
Факультет: Журналистика
Мамандық: Баспа ісі
Алматы 2020 ж
1. Қазіргі заманғы Ресей кітап басу ісі туралы конспект;
Кітап ісіне қатысты «кітаптану» деген термин бар. Бұл терминнің ішіне кітаптың арғы-бергі тарихы, қалыптасуы, кітап ісінің теориясы мен практикасы, зерттеу ұғымы сыйып тұр. Кітаптануға ғалым, профессор Ш. Елеукенов былайша анықтама берген: «Жалпы кітаптану яки кітаптану негіздері - адамзат кітабы дамуының заңдары туралы ғылым. Оның зерттеу объектісіне, айталық, қазақ кітабының тарихы сияқты нақтылы саланың немесе кітап саудасы туралы жалқы ғылымның заңдары жатпақ емес. Жалпы кітаптану яки кітаптануға кіріспе өз аймағындағы арнайы ғылым салаларының, сонымен бірге ұлттық кітаптану деректеріне сүйене отырып, олардың бір-бірімен байланыстарына зер салу негізінде кітаптану теориясын жасайды, түрлі топшылауларға барады. Кітаптану - ғылымның жас бұтағы. XIX ғасырдың аяқ шенін ала тамыр жайып, XX ғасырдың өн бойы толысып мәуеленді. Ол бүгін де үздіксіз өсу, өркендеу үстінде». Сонымен қатар ғалым кітаптану жайлы сөз еткенде ең бірінші Ресей дереккөздеріне сүйенетінімізді атап өткен: «Кітаптану - жас ғылым. Осы аталыммен тұңғыш рет дәріс 1913 жылы 28 қыркүйекте Петербург университетінің студенттеріне оқылған. Мұны еске алу себебіміз, кітаптану ғылымына кіріспе пәні алдымен орыс кітаптанушы ғалымдарының еңбектеріне, тәжірибесіне сүйеніп жасалатынын ескерту еді. Мұның өзі түсінікті де.
Орыс библиографиялық қоғамы (1889-1930)
Қоғам өз қызметін 1889 ж. Мәскеулік библиографиялық үйірме ретінде бастаған, ал 1900 және 1930 ж. аралығында Мәскеу университеті жанындағы Орыс библиографиялық қоғамы ретінде жұмысын жалғастырды. Библиография ісінің және кеңірек - кітап ісінің тарихы, теориясы, әдістемесі мен ұйымдастырылуы қоғам назарының өзегінде болады.
Үйірменің ұйымдастырушысы әрі алғашқы төрағасы кейінірек әйгілі библиография зерттеушісіне айналған Андрей Дмитриевич Торопов (1851-1927) болды. Өз еңбектерінде ол кітап туындыларының мемлекеттік тіркелуін ретке келтіру пробемаларына көп көңіл бөлген.
https://el. kz/news/archive/-_-lemdik_t-zhiribeleri/
Қазіргі заманғы кітап басу ісі КСРО ыдырағаннан кейін бірден нарықтық экономикаға қалыптаса алмай, еркін нарықта бәсекелестігін жойып дағдарысты бірақ бастан кешті. Жер-жерде жеке меншік баспалар ашыла бастаса, жоғары оқу орындарында кішігірім баспалар жұмыс істеді. Олар қайта жазылуға мәжбүр болған, өздеріне қажетті оқулықтар мен монографияларды, анықтамаларды шығарумен айналысты. Сол уақытта кітап шығару 80-жылдармен салыстырғанда, біршама азайды. Ал, ХХ ғасырдың аяғына таман, келе-келе баспа ісіне деген көзқарас мүлде өзгеріп, нарық талабының мүмкіндіктерін баспагерлер толық игере алды. 2000 жылы Ресейде кітап өнімі 50 мыңға көбейді, бұл 1980 жылмен салыстырғанда, 2 есеге артты. Сонымен қатар, аталған көрсеткіш кейінгі жылдары 404 млн. Данаға өсті. Мұндай кітап өнімінің көп шығуына әсер етуші 5 фактор бар:
1) қоғамның өзгеруі;
2) заман талабына сай оқырман талғамының өзгеруі;
3) баспа ісінің технологиялық, техникалық жағынан мүмкіндігінің артуы;
4) бәсекелестік;
5) шығаруға болатын, аудитория алады-ау дейтін кітаптың сүзгіден өтпей, жарық көруіне кеңірек ашылған жол.
Ресей баспалары кітап саудасының дамуын, кітап нарығын үйлестіруді дұрыс жолға қоя білді. Оны 4 кезеңге бөле аламыз.
1985-1991 жылдар аралығы. Бұл кез - қайта құрудың жүріп, саясаттағы цензураның босаңсыған кезі. Сондықтан аяқ-қолдың тұсаудан сәл босауы өзекті мәселелерге, шындыққа сусаған аудиторияның аузына ақиқатты тақырыптарды құя салды. Мәселен, бір ғана 1987-1988 жылдар аралығында кітап 2 млрд. Данаға өскен. Оған бүгінгі ТМД- ның Кремльге қарағанын қосыңыз. Бұл таралым кітап саудасының 2-кезеңге едәуір бой көтерген мемлекеттік емес нарық пен баспалардың ашылуына кең жол ашты.
1991-1994 жж. Кітап саудасында нарықтың инфра құрылымдарының дүнмеге келген кезеңі. КСРО ыдырағаннан кейінгі дағдарыс көп әсерін тигізді. Бұл кезде халық тарихи, махаббат туралы хикаялар, фантастика, детектив, қызықты көркем шығармаға қызықты. 1994 жылы кітап сатылу 1990 жылмен салыстырғанда 4 есе азайды. Осыдан кітап тарату қызыметкерлері 2 есеге қысқарды. Кітап дүкендері КнигаПочта мемлекеттік құрылымдарында жұмыс жүрмеді. Осыған орай, кітап тарату әдіс-тәсілдерін өзгертіп, жазылу арқылы таратуды енгізгендер де болды. Художественная литература баспасы өз дүңгіршектерінде көптомдық кітаптарды сатты. Біраз баспаларда еңбек бөлімі принциптері бұзылды.
1994-1998 жылдар. Кітап саудасы, кітап нарығы субъектілерінің ықпалдасқан кезеңі. 1990 жылы оқырман сұранысын талғамын айқындап берді. Екінші кезеңдегі құлдырау 1995 жылға дейін жалғасты. Осыған орай 1995 жылы 1 желтоқсанда РФ-дағы кітап шығару және БАҚ-ты мемлекеттік қолдау туралы заң қабылдайды. Заң білім, ғылым, мәдениет салаларындағы кітап өніміне салыққа үлкен жеңілдік жасады. Егер айналымға баспа жарнамалық немесе эротикалық өнімдер шығарса, жеңілдік жойылатын болды. Содан соң үкімет 1998 жылы кітап тарату ісіне тағы да қайтып оралды.
Жоғарыдағы кезеңдерден кейін ресей кітап нарығының жандану кезеңі. Бұл кезеңде Ресей баспа ісін барынша жандандыра түсті. Сауда саясатын кітап шығарумен дұрыс үйлестіре білген баспалар аяғынан нық тұрып, нарық талабына бейімделе алмағандар, жаңа талаптарға мүмкіндік аша алмағандар нарық сахынасынан кетуге мәжбүр болды. Бұл кезең Ресей баспалары үшін шешуші кезең саналды. Олар бұл айналымда нық шегедей орын алып, кітап шығарудан қалыпты кітап саласында нықтап орын алды. Бәсекелестікті арттырды. Бұл дегеніміз - Ресей баспа ісіндегі кітап нарығында жаңа жағдайлар туындатты. Баспа ісі экономиканың құрамды бөлігіне айналды. Заман талабына сай маркетинг, менеджмент, PR салаларын дамытты. Одан Ресей баспа ісінің түрлі ерекшеліктері туындады:
1. Қоғам сұранысын білуге ұмтылыс; .
2. кітап тарату мен сатуда ірі өз жүйелері жұмыс істеді ( өз баспа өнімдерін саудалайтын нүктелер ашты. Мысалы, Авант +, АСТ-пресс, Вагриус, терра, Издательский дом, Инфра-М, Панорама, т. б. ) ;
3. баспа, баспахана техникаларын сатуға арналған дүкендері ашылды;
4. кітап саудасында балама пішімдер жолға қойылды (мәселен, БАҚ арқылы жарнамалау) ;
5. жаңа технологиялармен сауда жасау.
Мәселен кітап шығаруда Книгапочта кітап таратудың жаңа жүйесін құрды. Сол жылы библио-глобус мекемесі бірінші орынға шықты. Сол уақытта Ресейде 5000-нан астам кітап дүкендері жұмыс істеді. Ресейлік кітаптардың кеңірек таралуына Книжный мир және Москнига мекемесінің бірігуі үлкен сеп берді.
Мағұлматтарды «Stud. kz »сайтынан алдым,
2. Ресей кітап ісін дамытудағы алғышарттар ;
Алғышарт дегеніміз кітап саудасын, баспа ісін, редакция жұмысын баспа сөз жұмысын дамытуға үлкен үлес қосқан заңдар мемлекеттік үкметтік деңгейдегі жүзейге асырған шаралар. Ресей Федерациясы 1995 жылы 1 желтоқсанда РФ дағы кітап шығару БАҚ ты мемлекеттік қолдау туралы заң қабылдады. Бұл заң ғылым, мәдениет салаларындағы кітап өнімдеріне салықтан қосымша
кіріс және кіріс салығы бойынша жеңілдік жасады. Егер айналымға кітап жарнамалық неме эротикалық өнім шығаратын болса бұл жеңілдік жойылады. Сондықтан 1998 жылы кітап тарату ісіне үкімет қайтаданоралды. Бұл кезеңде аймақтық кітап саудасы кәсіп орындарының қауымдастығы құрылды. Бұл осы салаға тікелей араласты.
(оқылған дәріс бойынша)
3. Ресейдің ірі баспа компаниялары мен медиамагнаттары .
Жалпы, Ресейде кітап басу ісі Иоганн Гутенбергтің жаңалығынан кейін 100 жылдай уақыт өткен соң басталды. Дегенмен әлемдік кітап ісінде Ресей көшбасшы елдер қатарына қосылды. Алғашқы баспа кітап - Апостол. 1564 жылы Мәскеуде басылып шыққан. ХХ ғасырдың басында-ақ Ресей кітап басу ісі алыптарының арасында Германиядан кейінгі екінші орынды иеленді. Баспалық құрылымдар саны Ресейде соңғы онжылдықта айтарлықтай көбейді. Қазіргі кезде онда тіркелген 20 мыңдай ұйым бар. Ресейде кітап ісінде белсенді 5-6 мың баспа бар. Ресейде аса ірі 10 баспа кітап басу ісінде басымдылыққа ие. Олар жыл сайын таралымдарын арттырып, ресейлік кітап нарығының үлкен бөлігін алып отыр. Аталымдық шығарылымдар 30%-ға артты. Ал таралым бойынша кітап өнімдерінің үштен екі бөлігін қамтиды. Ресей федерациясының Орталық және Сқлтүстік-Шығыс аймақтарындағы кітап өндірісі 2002 жылы аталымдық шығарылымдар бойынша 75%-ға, кітаптар мен кітапшалардың таралымдары 90%-ға жеткен. Өткен ғасырдың 20-жылдарында басталған баспаларды мемлекеттендіру баспа ісін мемлекеттің толығымен өз қолына алуына жол ашты. Десек те, қазіргі кезде мемлекеттік емес баспалар осы елдің баспа жүйесін басқарып отыр. Ресей баспасының жыл сайын рейтингісі жасалынады. Соңғы жылдары Ресейде кітап басу ісі көшбасшыларының тізімінде біраз өзгерістер орын алған. Ресейдің кітап басу ісінде бәсекелестік тым жоғары. Себебі, онда кітап басу ісі басталған кезден бастап-ақ нарықтық жүйеге арналып құрылды. Ресей баспаларының рейтингі өзгергенмен, жалпы алғанда 100 ірі баспа нарықта бірқалыпты жұмыс атқарып келеді. Қазіргі Ресей баспа ісінде Эксмо, АСТ, Дрофа сынды аса ірі баспалардың кітап нарығындағы беделі бұрынғыдай.
Ресейдегі ірі баспа компаниялары : « АСТ», «Ақ қала», «Эксмо». Осы компаниялардың арасындағы ең ірісі, ең беделдісі «Эксмо» болып табылады.
1. АСТ - баспа нарықтық, компания жетекші орынға ие. АСТ 1990 жылы өз қызыметін бастады. Жыл сайын баспа үйі шамамен қырық миллион көшірмелерін шығарады. АСТ негізгі бағыттары:
1. Көркем әдебиет
2. Балалар кітаптары
3. Қолданбалы әдебиеті.
2. Ақ қала - баспа өнімдері нарығында ерекше орын алады. Бұл баспа сыйлық бұйымдарын өндіруге маманданған.
3. «Эксмо». Бұл жерде, оның мұқабасына Кітаптар, бренд ел бойынша кітап дүкендерінің сөрелеріне толтырылған. «Эксмо», «Үздік орыс баспасының» тізіміне енгізілген. Шығарылатын кітаптары мынандай жанрларда болады:
1. Оқулықтар.
2. Көркем әдебиет.
3. шет тілдерінде әдебиет.
4. Когнитивті әдебиет.
5. Басты және демалыс.
6. Балалар әдебиеті.
7. Бизнес әдебиеті.
Мағұлматтарды «kk. atomiyme. com» алдым
Тақырып, «Ресей баспаханалар: тізімі, рейтинг, мекен-жайы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz