ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ - ТӘРБИЕСІНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚОСТАНАЙ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ

Ы.Алтынсариннің шығармалары-тәрбиесінің алтын діңгегі тақырыбына
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Ак-31 тобының студенті
Нуртаева Руслана Сериковна орындады
Жетекшісі:Алимбаева Г.Б

Қостанай,2020 ж.
Мазмұны:

1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
I. ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН-ҰЛЫ ПЕДАГОГ
1.1 Ыбырай Алтынсарин - ақын, жазушы, балалар әдебиетінің атасы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Ыбырай Алтынсарин мұраларының зерттелуі және ағартушылық - педагогикалық, аудармашылық қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II. ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ-ТӘРБИЕСІНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ
2.1 Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесінде қолдану әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Ыбырай Алтынсарин еңбектерін оқу процесінде қолдану нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
III. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
IV. Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Өзекітілігі: Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Бұл істі жүзеге асыру үрдісі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырылады.Тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттілікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.Оның ішінде ішінара бөлігі - еңбек тәрбиесі. Еңбектің адам өміріндегі басты маңызы - адамның адам болып қалуында. Үлкендер кішілерді, оларға үлгі болу арқылы еңбекке баулиды. Сонымен қатар әртүрлі көркем әдеби шығармалар да жас қауымды еңбекке шақырады. Осындай мазмұнды, терең мағыналы шығармалардың авторы, әдебиет әлемінің үздік туындысы, қазақ елінің дала қоңырауы атанған тұңғыш педагог Ыбырай Алтынсарин халқымыздың санасында ойып тұрып орын алады. Ыбырай атамыз адамилық қасиет, бірлік, еңбек, жақсылық пен ізгілік, жан мен ар тазалығы жайында көптеп қалам тербеткен. Ыбырай оқу - ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. Ыбырай шығармаларын бастауыш сыныптан бастап оқыту арқылы оқушыларды еңбек сүйгіштікке, өнерге ұмтылушылыққа, өз елін сүюге, талаптылық, жігерлілік, махаббат, іздемпаздық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адамгершілік жинақтылық тағы басқа жақсы мінез - құлықтарға тәрбиелеуді ұсынады.
Ыбырайдың ұғындыруынша оқу, өнер қиындықсыз, оңай түсер тегін нәрсе емес,оған адамды төзімді күрес пен қажырлы еңбек арқылы ғана жетеді. Ыбырай Алтынсарин шығармаларының бүгінгі күнге дейінгі жеткен тәрбиелік мәнінің мазмұны әлі де қолданыста. Курстық жұмыстың мақсаты: Даланың дара ұстазы Ыбырайдың еңбектерін тәрбиелік мәнін дәріптей отырып, ақын шығармаларының көркемдік тілін анықтау, Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын зерттей келе, оның еңбек тақырыбындағы әңгімелерінің мағынасын қазіргі заманмен салыстыру арқылы насихаттау. Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқыта отырып, оқушылардың бойында жақсы қасиеттерді дарыту.
Курсттық жұмыстың міндеттері:
-Шығарма авторы жайлы сынып ерекшеліктеріне қарай түсінік беруді негізге алу.
-Бастауыш сыныпта оқылатын Ыбырай Алтынсарин шығармалары жайлы оқушыларға жүйелі түсініктер беру.
-Әдеби жанр ерекшеліктерін таныта отырып, оқушылардың бойында түсінік қалыптастыру.
-Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын іріктеп, зерттеу арқылы негізгі ұстанатын тәрбиелік мәндерді анықтау. Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: лекциялық, талдау - жинақтау әдісі, бақылау, зерттеу әдістер. Зерттеу пәні: Ыбырай Алтынсариннің шығармаларындағы тәрбелік мәні.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Оқу-тәрбие процесіндегі Ыбырай Алтынсариннің шығармаларынның тәрбиелік әсері.
Курстық жұмыстың гипотезасы: Егер Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын оқу-тәрбие процесінде жүйелі қолданса, онда оның шығармалары арқылы балалар әділ және адал болуды, үлкендерді құрметтеуді, әлсіздерге көмектесуді, қорланғандарды және ренжігендерді қорғауды үйренеді.
Курстық жұмыстың теориялық қолданылымы:Бастауыш сыныптар мен мектептерде ана тілі пәнін оқытуда,пәндерді байланыстыра оқыту әдістемесін жетілдіруде,бастауыш оқу педагогикасы мен әдістемесі факультетінде ана тілін оқыту әдістемесі пәні мен арнайы курстарда әдістемелік құрал ретінде пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден; екі тараудан; қорытындыдан; қолданылған әдебиеттерден тұрады.

I. ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН-ҰЛЫ ПЕДАГОГ
1.1 Ыбырай Алтынсарин - ақын, жазушы, балалар әдебиетінің атасы
Ыбырай Алтынсарин-ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырай қазақтың ағартушылық тарихы мен ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған ақын.Оның қаламынан бойындағы тамаша әрі дарынды талантын танытқан маңызы зор көркем шығармалар туылған болатын. Ол өзінің бар күш-қуатын және уақытын халықты ағарту, жастарды тəрбиелеу қызметіне жұмсаған болатын. Ыбырайдың жазушылық қызметінің сол оқу-өнер, білім мəселесімен сабақтастығы анық көрінеді. Оның ақындық шабытына дем беріп, жазушылық қиялына қанат бітірген зор нысана - қараңғы қазақ халқының көзін ашу, көңілін ояту, оны озық мəдениетті елдердің қатарына қосу болды деп айтуға болады. Бұл бағытта тың бастамалар жасап, соған бүкіл саналы ғұмырын арнаған. Қазақ арасында фольклорлық шығармалардың мол, тұтас сақталуын Ыбырай Алтынсарин халық арасынан шыққан шешен, суырып салма ақындар мен тарихи тұлғалардың ерекше қабілеттілігімен және аса ыстық ықыласымен қастерленген дәстүрімен байланыстыратын ақын. Ыбырай қазақ ішінде халық ағарту жұмысын бірінші болып қолға алған, сол жолда өмірінің ақырына дейін үздіксіз еңбек еткен жалынды нағыз патриот болды. Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының, Затобол ауданында дүниеге келеді. Оның әкесі Алтынсары оқымаған, өз еңбегімен тіршілік еткен қарапайым шаруа адамы болған. Шешесі Айман Арғын руының ішіндегі Шеген деген бидің қызы болатын. Ол халық аузынан жинақталған ертегілер мен жырларды көп білетін сауатты адам болған. Ыбырайдың шешесі халық ертегілері мен жырларын ұлының құлағына жастайынан құйып тəрбиелеген болатын. Үш жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, Ыбырай атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленетін болған.Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болатын. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі атақты кісі болған.Ыбырайдың бүкіл балалық шағы сол атасының қолында өтетің болған.Алтынсарин жасынан өте ынталы бала болатын. Атасы Балғожа Ыбырайды тойларға, жиындарға өзімен ерте жүріп, немересін іскерлікке, білімділікке, сөз сөйлеу шеберлігіне үйрететің болған. Ыбырай Алтынсариннің атасымен бірге жүруі өмірі үшін өте маңызды болды деп айтуға болады. Ал немересінің білімге деген үлкен құштарлығын, ынтасын көрген Балғожа би Ыбырайды Орынборда жаңадан ашылған мектепке 30 баланың біреуі болып берген болатын.Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, оның жалпы мақсаты немересі әкімшілік орындарда жұмыс істеп, орысша оқыған "төре" болып шығуы және ата-анасын асырауы болатын. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін атасы анық байқаған болатын. Мектепте оқып жүргенінде, Шекспир, Гёте, Байрон, Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Фирдоуси, Низами, Навои және тағы басқа сияқты әлемдік әдебиет классиктерінің шығармаларын өз бетімен оқып, Ыбырай зерттеген болатын. Сонда жүріп Шекара комиссиясында қызмет еткен шығыстанушы В.Григорьевпен жақын араласа бастаған. Тіпті, Григорьевтің үйіне жиі барып, оның кітапханасын қолданған болған. Білімге құштар Ыбырай бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналған болатын. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандаған. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынған болатын.1857 жылы оқуын "өте жақсы" деген бағамен бітіріп шығып, 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарған.1860 жылы Орынбордан Торғайға ауысып, мұғалімдік қызметке орналасатын болған. Өзінің тікелей күш салуымен 1864 жылы қазақ балаларына арналған тұңғыш мектебін ашқан. Осыдан бастап оның ағартушылық жəне педагогикалық қызметі басталды. 1860 - 1879 жылдар арасында Алтынсарин мұғалімдік, ағартушылық қызметімен қатар, арагідік басқа да қызметтер атқарды: 1868 - 1874 жылдары Орынбор генерал-губернаторының арнайы тапсыруы бойынша төрт рет Торғайдың уездік судьясы. 1876 - 1879 жылдары Торғай уездік бастығының аға жəрдемшісі болды. Инспекторлық қызметке кіріскен кезден бастап Ыбырай зайырлық мектептер ашуды қолға алған. Орынбордағы әдеби, саяси, мәдени, рухани дүниелермен танысу Алтынсариннің ой-өрісінің өсуіне, өмірге көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етті. Ыбырай Алтынсарин өз халқын да білім нәрімен сусындатып, көкірек көзін ашуды мақсат еткен. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп ашу туралы шешім шыққанда өзі сұранып, Торғай мектебінде мұғалім қызметінде жұмыс жасайды.Ы. Алтынсарин ел ішінде оқудың мәнін түсіндіріп, халықтың білімге ықыласын ояту үшін алғашқы балаларды өз үйінде оқытқан.Торғайдағы Ыбырай мектебі 1864 жылы қаңтарда ашылды.Бастапқыда он төрт бала қабылданаған болатын. Ыбырай Алтынсарин мектептегі оқу-тәрбие жұмысын мүлде жаңа үлгіде құрады. Сабақ ана тілінде-қазақ тілінде жүре тұрып, әр пән негіздерін үйретуді мақсат еткен.Алтынсарин қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі -оқулық деп қарап, мазмұны бала табиғатына жақын, тақырыбы таныс әрі қызықты кітап шығару керек деп түсінген.1876 жылдан Қазақ хрестоматиясын жазуға кіріскен болатын.Хрестоматия 1879 жылы Орынборда басылады.Ал 1881 жылы қараша айында Бөрте болысында бір кластық орыс-қазақ училищесі ашылады. 1882 жылы Ыбырай Алтынсарин барлық мектептеріне ән-күй сабақтарын енгізген. Жергілікті, ауқатты ел азаматтарынан ақша жинап, кітапхана ашқан болатын. 1883 жылы 15 қарашада Торғай қолөнер мектебін ашты.1887 жылы 15 қарашада Ыбырай Алтынсарин Ырғыз қыздар училищесін ашқан. 1888 жылы 28 қазанда қазақ қыздарына арналған 12 орындық мектеп интернат ашқан болатын. Тамыздың 21-ші жұлдызында Қостанайда 1-ші кластық ер балалар үшін орыс мектебі ашылды. Ыбырай Алтынсариннің жазушылық қызметі ХІХ ғасырдың 60-70-жылдарында қазақ халқының өмірінде болған тарихи-əлеуметтік үлкен өзгерістермен сабақтас және солармен тікелей байланысты. Ол өзінің əдеби шығармаларымен тіршіліктің өзекті проблемаларын көтеруге батыл бет бұрған.Ұлы педагог-ғалым қазақтың жазба əдебиетінің, əдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі болды. Əдебиетке тың тақырыптар, озық ойлар енгізген ақын.Ыбырай шиеленіскен тартыстар, соны бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы əдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да өркендетті. Қазақ даласының сұлу табиғаты, ұшан-теңіз байлығы, еңбек пен еңбек адамдары туралы əсем лирикалық өлеңдер, қысқа да əсерлі əңгімелер, сол кездегі қоғам өмірінің сан алуан жайларын шебер сипаттайтын публицистикалық мақалалар жазған болатын. Оның шығармаларында философиялық пайымдаулар мен тұжырымдар молынан келтірілген. Ы.Алтынсарин көптеген өлеңдерді жазған. Өз шығармаларында Отанын, халқын сүюге, оқып білім алуға шақырды. Оның Бұл кім?, Әй, достарым!, Әй, жігіттер!, Жаз, Өзен, Ананың сүйюі және т.б. өлеңдері бар. Ақын Өнер, білім бар жұрттар атты өлеңінде оқу, білім алудағы мақсатты аша түскенің байқуға болады. Балғожа сықылдылардың бала оқытқандағы арманы ата-ананы асырау болса, Алтынсарин оқушылардың білімді адам болғандағы мақсат-міндеттері өз халқының бір керегіне асу, оның прогрестік жолмен ілгерілеуіне жетекшілік жасау, мәдениет жағынан салыстырғанда, басқалардан бірнеше ғасырлық кейін қалған өз елін, Тастан сарай салдырып, айшылық алыс жолдардан, көзіңді ашып-жұмғанша хабар алдыратын елдердің қатарына жеткізу деп білді. Радио, телеграф, телефон, самолет, электр, тағы басқа техника тетіктері қазақ тілінде көп тарламаса да, ақын сол сөздерді ұғындыруға тыңнан жол салып, үлкен шеберлік танытты.Оқып білім алудағы мақсат халықтың қажетіне жарау, өз еліңді өркениетті елдер қатарына қосу деп түсіндірген.
Ыбырай қазақ жастарын оқуға шақырумен қатар, адамгершілікке, махаббат-достыққа, еңбекке, жігерлілікке, тапқырлыққа, халқын сүюшілікке шақырды. Былайынша айтқанда, адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болып шығуды насихаттап, жастарға дұрыс тәрбие бергенде ғана бұл міндеттерді іске асыруға болатындығын ол жақсы ұғынды. Сондықтан өзінің оқытушылық, жазушылық, аудармашылық жұмыстарын осы мақсатқа бағындырды. Ыбырай ақындық өнерін халық ағарту жөніндегі мақсатымен ұштастырды.Ол дін мен дін иелерінің сұрқыялық сырын ашатын Азған елдің молдасы, Лұқпан əкім деген əңгіме мен өлеңдер жазған. Ыбырай дінге, ескілікке қарсы күресе отырып, жастарды оқуға, халықты мəдениетке шақырған болатын. Ыбырай балаларға арнап Кел, балалар, оқылық деген сияқты педагогикалық əдісті жақсы қолданған тамаша өлең жазған ақын. Ыбырай бұл өлеңінде балаларға өнер-білімнің қасиетін түсіндіреді. Бұл өлең қазақ даласына желдей есіп, ауылданауылды қыдырып, бүкіл қазақ елін мəдениетке шақырған ұран болды.Сондай-ақ өлең талай баланы қолынан ұстап, мектепке жетеледі. Ыбырай өнер-техниканы жырлады. Мəдениетті елдердің одан көріп отырған игілік ісін баса баяндады. Ол кеме мен аэропланды, поезд бен телеграфты дəріптеді. Өнер - білім бар жұрттар техниканы өзіне қызметші етті, осыларға таныспай, бізде бекер жатпалық деп халықты солай қарай бастады. Сөйтіп, қазақ əдебиетіне жаңадан өнер, техниканы жырлау сарынан енгізген ақын болатын. Қазақ поэзиясында Ы.Алтынсарин несімен ерекшеленеді деген сұрақ туындаса, ең бастысы, асыл сөздің негізгі міндетін орындап, өлеңдерін оқыған адамның жанына қажетті рухани білім бере білгенінде ерекшеленеді.Яғни ол халықтың дəстүрлі өлең үлгілерін жаңашылдықпен түрлендіріп, байытты.Ыбырайдың өлеңдері көп емес. Бірақ қай-қайсысында да ғибрат бар екенін көруге болады. Ақынның өлеңдерінде өнер, еңбек, кəсіп, адалдық, адамгершілік идея, отырықшылыққа байланысты тұрмыс жаңалықтары кең көтеріліп, еуропалық мəдениет үлгісі уағыздалған. Сонымен қатар өмір мəселелері кейіпкерлер əрекеттері арқылы ашылған болатын. Ыбырай мен Абай қазақ əдебиетінде жыл мезгілдерін өз алдына тақырып етіп жырлаған жаңашыл лирик ақындар болған екенің біз жақсы білеміз. Ыбырай Алтынсариннің бір топ өлеңдері əлеуметтік мəселелерге арналған. Бұл орайда Өсиет өлеңдері, Əй, жігіттер! тəрізді тағы басқа туындыларын атауға болады. Ақынның мұндай өлеңдері биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық-қарлықты, əділетсіздікті сынап, жалқаулықтың, ескі салттардың зияндылығын көрсетіп, адал еңбектің, адамгершілік қасиеттердің артықшылықтарын бейнелейтінің жақсы көруге болады.Əсіресе ақынның Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен деген өлеңінің мəні өте терең. Бұнда ол еңбек салтанаты мен адалдықты, шындықты жырлайды. Халқын берекесіз, жұғымсыз істен аулақ болып, игілікті еңбегімен, өз күшімен күн көруге, шындық үшін жан беруге, адал өмір сүруге шақырады.Алтынсарин жан-жақты білім алған адам. Оның ғылыми қызығушылығы этнографияны да қамтиды. Ол 1868 жылдың наурызында Императорлық орыс географиялық қоғамның Орынбор бөлімінде Орынбор өңіріңінің құдалық және үйлену кезінде ұстанатын салт-дәстүрі туралы атты баяндамасымен сөз сөйлеген болатын. Сөйтіп, мақала жалпы мақұлдау алып, көп ұзамай газет бетіне жарияланған.Алтынсариннің табиғат туралы жазған өлеңдері оның ақындық шеберлігін танытады деп айтуға болады.Өзен,Жаз сияқты пейзаждық шығармалары ақынның нағыз талантты ақын болғанын көрсетеді.Мысалы, Ыбырайдың Өзені табиғат суретін тамаша бейнелейді.Ыбырай - қазақ әдебиетіндегі көркем прозаның негізін са - лушы, демек көркем проза стилін бастаушы.Оның ішінде мектеп оқушыларына арнаған әңгімелер жанры болғандықтан, олардың көлемі шағын, тілі мейлінше түсінікті болуды көздеген.Ол үшін сөйлемдері қысқа болып, ауыр әшекейлі фразалары өте аз келген.Керісінше, Алтынсарин ұсынған бұл стильде халықтың сөйлеу тіліне мейлінше жақындату принципі күштірек болады.Сондықтан да Ыбырай тіліндегі фразеологизмдердің баршасы дерлік халықтың сөйлеу тіліне тән: жұрттан асқан бай болыпты, сөзге семірді, жаны көзіне көрінді, көңіліне жел кірді және тағы басқа.Адамды құстай ұшырды, қорғасын оқтай балқытты, жібектей жапырылған көкорай шалғын дегендердегі теңеулер - Ыбырай туындыла - ры емес, бұрыннан қалыптасқандар болған.Ауызекі сөйлеуде белгілі бір экспрессивтік бояу үшін сөзді қайталап қолдану тәсілі бар, Ыбырай тілінен осы әдісті де табуға болады,мысалы: одырайып қарап тұрып-тұрып. Ыбырай шығармалары тілінің лексика-фразеологиялық құрамы қазақ әдеби тілінің байлығынан алынған болатын.Грамматикалық құрылысында да Ыбырай кітаби тілге тән тұлға-тәсілдерді қолданбайды.Тіпті ол сол кезде қазақтың жазба әдеби тілі ішінара пайдаланған кітаби орфографиялық дәстүрді де қабылдамай, қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарын ескеріп, қазақша жазу принципін ұстаған.Оған Ыбырайдың қазақ жазуы үшін орыс графикасын ұсынуы себепкер болды.Ы.Алтынсарин жазба әдебиетке тән проза жанрының да негізін қалады.Ол -- тұңғыш рет балаларға арнап әңгіме жазған жазушы.Ыбырай әңгімелерінің басты ерекшелігі-жақсы мен жаманды салыстыра отырып әңгімелеу арқылы балалардың санасына ой салу, тәрбиелеу.Еңбекті сүю және қадірлеу - Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы деп айтуға болады.Ыбырай-жаңашыл жазушы.Ол-ең алдымен қазақ әдебиетіне жаңа идея мен тың тақырыптар әкелумен жаңашыл.Яғни,қазақ ақындарынан оқу, тәлім-тәрбие, мәдениет мәселелерін Ыбырайдай арнайы жыр еткен ешкім болған жоқ.Шығармаларда өнер, еңбек, кәсіп, адалдық, адамгершілік идея, отырықшылыққа байланысты тұрмыс жаңалықтары кең көтеріліп,европалық мәдениет үлгісі уағыздалды.Өмір мәселелері кейіпкерлер әрекеттері арқылы ашылып, адам образын жасау қолға алынған болатын.Ыбырай қазақ әдебиетінде ұнамды кейіпкер жасау проблемасын көтерген жазушы деп танылған.Сейітқұл, Үсен, әке мен бала, кәсіпқорлар тағы басқа кейіпкерлер сол кездегі қазақ әдебиетіне, сондай-ақ ақынның Жаз,Өзен деген өлеңдері де кезінде қазақ әдебиетіне жаңалық болып қосылды.Жазушы табиғат лирикасын туғызған кезде оның алдында даяр үлгі - орыс әдебиеті мен батыс поэзиясы болған.Ақын оны шебер меңгерді және оған өзіндік талғаммен қараған болатын.Ол орыс не батыс әдебиетіндегі табиғатты жалаң алып, өмірден оқшау жырлаған символист, пейзажист ақындарды емес,табиғатты адам өміріне байланыстыра жырлаған Байрон, Пушкин, Лермонтов сияқты ақындарды үлгі тұттқан.Сөйтіп, ол әрі мәнді, әрі сұлу суретті табиғат лирикасын жасады.Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейген. Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі еткен.Ы.Алтынсариннің Екі жолдас, Бір уыс мақта, Қисық ағаш, Таза бұлақ, Шеше мен бала, Ақымақ дос, Тазша бала, Қыпшақ Сейтқұл, Киіз үй мен ағаш үй, Талаптың пайдасы, Бақша ағаштары, Асыл шөп, Байұлы, Мейірімді бала, Дүние қалай етсең табылады, Жиренше шешен, Бай мен жарлы баласы, Әке мен бала, Мақта қыз бен мысық және тағы басқа әңгімелері бар.Ы.Алтынсарин балалар үшін көптеген әңгімелер, өлеңдер жазған.Оның шығармалары еңбекті сүюге, жақсы мінезге, халқын сүюге, анаға сүйіспеншілікке, балаға мейірімге, балалардың ата-аналар алдындағы парызын түсінуге шақырады.Жазушының шығармаларында адамгершілік қасиеттер ерекше құрметпен суреттеледі.Кел, балалар, оқылық! өлеңінде жастарды оқуға шақырады.Өнер - білім бар жұрттар өлеңінде сол кездегі ғылым мен техниканың басты жаналықтары айтылып, ғылым мен техникасы дамыған өркениетті елдерді үлгі етеді.Өзен өлеңінде табиғаттың көріністерін суреттейді.Бай баласы мен жарлы баласы әңгімесінде еңбек етуге, зерек болуға шақырады, ал Қыпшақ Сейітқұл әңгімесінде еңбектің бақытқа, жақсы өмірге жеткізетінін суреттеп жазылады.Ыбырай-қазақ балаларын, жалпы қазақ ұрпағын сауатты әрі білімді болуын қалаған адам.Алтынсарин ұлттың бала тәрәбиесінде өз халқының тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сәйкес келу идеясын ұсынған.Сонымен қатар, ол қазақтың жарқын болашағына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін сахналау сайысы
Ыбырай негізін салған қазақ мектептерінен білім алып шыққан белгілі ағартушы қайраткерлер
Қазақтың салт дәстүрлері негізінде оқушыларды тәрбиелеу
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылықтарындағы халықтық идеяның окушы жастарға ұлттық тәрбие берудегі тағылымы
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары
Алтынсариннің педагогикалық идеялары
Ұлттық педагогика
Бастауыш сыныптарда Ы. Алтынсариннің шығармаларын оқытудың маңызы
Ы.АЛТЫНСАРИН ДӘУІРІ – ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ АЛТЫН ҒАСЫРЫ
Қазақ хрестоматиясы оқулығынан
Пәндер